Салық органдарына соңғы 9 ай ішінде салықтар бойынша декларациялар табыс етпеген ұйымдардан салықтар және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешектердi өндiру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Респуликасының Мемлекеттік кіріс министрлігі 1999 жылғы 10 ақпандағы N 52 Бұйрық. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылы 19 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 693. Бірлескен бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі N 340, ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 255 Бірлескен бұйрығымен.

       Ескерту: Бірлескен бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі N 340, ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 255 Бірлескен бұйрығымен.

----------------Бұйрықтан үзінді---------------------- 

      1. "Салық органдарына соңғы 9 ай ішінде салықтар бойынша декларациялар табыс етпеген ұйымдардан салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектерді өндіру туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 1999 жылғы 10 ақпандағы N 52 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 19 ақпандағы N 12 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 693 болып тіркелген) бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын...
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі 

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі

------------------------------------------------          

      Салық органдарына соңғы 9 ай iшiнде салықтар бойынша декларациялар табыс етпеген ұйымдардан салықтар және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешектердi өтеу мақсатында бұйрық өтеміз: 
      1. Облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша салық комитеттерi: 
      1) салық органдарына соңғы 9 ай iшiнде салықтар бойынша декларациялар табыс етпеген және бюджет алдындағы несиелiк берешегі 2500 айлық есептi көрсеткiштен асатын ұйымдардың тiзiмiн 1-қосымшаға сәйкес нысанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне 10 күн iшiнде табыс етсiн; 
      2) тiзiмдер табыс етiлгеннен кейiн 30 күннен кешiктiрмей несиелiк берешектi сот тәртiбiмен өндiрiп алу туралы мәселелердi шешуге кiрiссiн; 
      3) сот шешiмдерi заңды күшiне енгеннен кейiн үш күн iшiнде олардың көшiрмелерiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Салық полициясы комитетінiң аумақтық басқармаларына жiберсiн. 
      2. Облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша әдiлет басқармалары: 
      1) талаптарды табыс етумен бiр мезгiлде талаптарды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдану туралы арыздарды соттарға жiбере отырып, бюджет алдындағы берешектердi өндiру туралы талаптар мен талап арыздарды әзiрлеуде салық комитетiнiң аумақтық органдарына жәрдем көрсетсiн; 
      2) несиелiк берешектердi өндiру туралы заңды күшiне енген сот шешiмдерi бойынша олардың заңдарда белгіленген тәртiп бойынша орындалуы жөнiнде салық полициясы органдарымен бiрден бiрлескен iс-қимыл қолдансын; 
      3) жоғарыда аталған талап арыздарды қарау кезiнде соттардың iс қарау мерзiмдерiн сақтауын бақылауға алсын. 
      3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің Тергеу департаментi мен оның аумақтық органдары берешек иелерiнің сот шешiмдерiн орындаудан қысастық жалтаруы туралы материалдар бойынша қылмыстық істер қозғау туралы мәселелерді бірден шешетін болсын. 
      4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Салық полициясы комитеті мен оның аумақтық басқармалары: 
      1) бюджетке несиелік берешектерді өндіру туралы сот шешімдерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында мүлікті, ақшалай, материалдық және өзге де құндылықтарды табу жөнінде жедел-іздестіру шараларын жүргізсін; 
      2) несиелік берешектерді өндіру туралы заңды күшіне енген сот шешімдері бойынша олардың заңдарда белгіленген тәртіп бойынша орындалуы жөнінде әділет органдарымен бірден бірлескен іс-қимыл қолдансын; 
      3) несиелік берешектерді өтеуден қысастық жалтару туралы материалдар бойынша қылмыстық істер қозғау туралы мәселелерді бірден шешетін болсан;
      4) жұмыс нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі мен тиісті әділет органдарына ай сайын 5-не қарай ақпарат беріп отырсын.
      5. Бірлескен бұйрықтардың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс Вице-министрі Б.Тәжияқовқа.
      Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министрі ____________ жүктелсін.
      6. Бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының           Қазақстан Республикасының 
     Мемлекеттік кіріс министрі                 Әділет министрі

                                                      Қосымша N 1

--------------------------------------------------------------------N !Ұйымның!Басшының!Қай уақыттан бастап!Бюджеттің алдында 
қ.!атауы  !аты-жөні! жұмыс істемей тұр !берешек 
б.!       !        !                   !---------------------------
  !       !        !                   !салық!айыппұл!өсім!барлығы  
--------------------------------------------------------------------

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады