Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және Әлеуметтік даму министрінің 2014.08.20 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту: Бұйрықтың кіріспесіне өзгерту енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2005 жылғы 2 желтоқсандағы N 307-ө бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).
БҰЙЫРАМЫН :
1. Әкімшілік қызметшілерге жататын қызметкерлер лауазымдары атауларының ұсынылып отырған Тізбесі бекітілсін.
2. Әкімшілік қызметшілерге жататын қызметкерлер лауазымдарының жаңаларының енгізілуіне және ескілерінің алынып тасталуына қарай аталған Тізбеге өзгерістер енгізілсін.
3. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі М.Қ. Ауановқа жүктелсін.
Министр
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау Министрінің
1999 жылғы 7 сәуірдегі
N 56-ә-ө бұйрығына қосымша
Әкімшілік қызметшілерге жататын қызметкерлер
лауазымдары атауларының тізбесі
Ескерту: Тізбе жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2005.12.02. N 307-ө (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2008.02.20. N 42-ө (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрықтарымен.
1. Қазақстан Республикасының ұйымдары мен олардың құрылымдық бөлімшелері қызметкерлері лауазымдарының мынадай атаулары әкімшілік қызметшілерге жатады:
Әкімші, сауда және қоғамдық тамақтандыру, қонақүй ұйымдарының әкімшілерінен басқа
Әкімші көмекшісі
Әкімші хатшысы
Актуарий
Талдаушы
Төреші
Аудитор
Бухгалтер барлық атаудағы: (бухгалтер-аудитор, бухгалтер-сарапшы және тағы басқалар)
Жетекші маман (агроном, бухгалтер-сарапшы, геодезист, гидрогеолог, инспектор, қазынашы, бақылаушы-ревизор, мелиоратор, эколог, экономист, сарапшы, заңгер және жобалау, құрылыс, ғылыми-зерттеу, технология және тағы басқа осыған ұқсас жұмыстарды орындаумен тікелей айналысатын жетекші мамандардан басқа)
Вице-президент
Дәрігер
Бас директор
Бас конструктор
Бас продюсер
Бас әкімші
Бас маман (агроном, төреші, архитектор, бактериолог, банкир, биохимик, бухгалтер, вирусолог, герболог, геодезист, гидрогеолог, диспетчер, инженер, инспектор, қазынашы, кеңесші, бақылаушы-ревизор, мелиоратор, миколог, микробиолог, референт, балық өсіруші, фитопатолог, штурман, экономист, сарапшы, энтомолог, заңгер, және тағы басқалар) жобалау, құрылыс, ғылыми-зерттеу, технология және осыған ұқсас басқа жұмыстарды орындаумен тікелей айналысатын бас мамандардан (жобалардың бас инженері, жобалардың бас конструкторлары, жобалардың бас архитекторлары, бас конструкторлар, бас ғылыми қызметкерлер, бас технологтар және тағы басқалар) және театр-сауық кәсіпорындарында (бас режиссер, бас дирижер, бас хормейстер, бас балетмейстер және тағы басқалар), теле- және киностудияларда бас суретшілер болып істейтін бас мамандардан басқа
Мемлекеттік патенттік сарапшы
Факультет (курс) деканы
Кезекші (оперативтік, вокзал бойынша, қабаттар бойынша, пункт және тағы басқа), теміржол стансасының, разъез бойынша, стансалық орталықтандыру постының, теміржол стансасы паркі бойынша, сұрыптау төбесінің, бөлімше бойынша кезекшіден, бақылау посты агентінен (кірме жолдар бойынша (аға агентті қоса алғанда) басқа
Іс жүргізуші
Дизайнер
Директор (агенттік, департамент, топ, қызмет, станса, орталық сауда үйі, мұражай, интернат, кешен, коммерция және тағы басқа) жобалау, конструкторлық, ғылыми-зерттеу, технология және осыған ұқсас басқа жұмыстарды орындаумен тікелей айналысатын директорлардан басқа
Меңгеруші (мұрағат, база, бюро, топ, кеңсе, кафедра, клуб, магистратура, бөлім, қабылдау бөлмесінің, хатшылық, сектор, қызмет, орталық және тағы басқалар) жобалау, конструкторлық, ғылыми-зерттеу, технология және осыған ұқсас басқа жұмыстарды орындаумен тікелей айналысатын меңгерушілерден басқа, емдеу мекемелеріндегі бөлімшелер, медициналық пункттер меңгерушілері
Инженер, конструкторлық, жобалық, технологиялық, геодезиялық, маркшейдерлік, жүргізу-жөндеу, шефмонтаждық жұмыстарда істейтін, құралдарды, машиналарды, жабдықтар мен компьютерлік (есептеу) техникасы құралдарына қызмет көрсетумен, жөндеумен, іске қосумен тікелей айналысатын, бөлімшелерде, цехтарда, фермаларда, ауыл шаруашылығы учаскелерінде істейтін инженерлерден, патенттік, өнертапқыштық, рационализаторлық жұмыстармен, ғылыми-техникалық ақпаратпен айналысатын инженер-гидротехниктерден, инженер-мелиораторлардан басқа
Инспектор
Нұсқаушы (физкультура және спорт нұсқаушыларынан, мәдени-көпшілік жұмыстар нұсқаушыларынан, өндірістік оқыту нұсқаушыларынан басқа, аға нұқсаушы)
Атқарушы директор (хатшы, продюсер және тағы басқалар)
Кассир, жалақы беруді және төлем құжаттарын банктік ұйымдарға жеткізуді жүзеге асырушы
Капитан (барлық атаудағы)
Кодификатор
Командир (барлық атаудағы)
Комендант (аэродромның, тұрғын үйлердің, қызмет ғимараттарының лагерьдің, жатақхананың және тағы басқалар)
Авариялық комиссар (төтенше жағдайлар кезіндегі және тағы басқалар)
Консультант (банкир, инспектор, қазынашы, бақылаушы-ревизор, референт, сарапшы және тағы басқалар)
Контролер (жинақ кассалары контролерларынан, билет кассалары контролерларынан және контролер-жұмысшылардан басқа)
Координатор
Курьер
Маркетолог
Мастер, мастер-жұмысшылардан басқа (тау-кен шеберлері, бұрғылау шеберлері, орман шеберлері, балық аулау және өңдеу шеберлері, өндірістік оқыту шеберлері), теміржол саласында істейтін: көтеру жабдығында, гидропневматика, өрт құбырын жөндеу және өрт техникасына, газдан, түтіннен қорғау қызметіне қызмет көрсету, автокөлікті жөндеу жөніндегі механикалық шеберханаларды (автокөлікті жөндеу жөніндегі учаскені), электрмен жабдықтау учаскесін, рельс жылтырату вагонын жөндеу жөніндегі, мостовой, тоннелдік учаскелердің (жөндеу-құрылыс жұмыстары), цехының (рельстік дефектоскопия) машиналары мен механизмдерін пайдалану және жөндеу жөніндегі мастерлер
Менеджер (экономиканың түрлі салаларындағы барлық атаулары)
Метрдотель
Әдіскер (оқу орындарының, мәдениет ұйымдарының, әдістеме кабинеттерінің әдіскерлерінен басқа)
Метролог
Механик, мыналарда: конструкторлық, жобалау, технологиялық, геодезиялық, маркшейдерлік, жүргізу-жөндеу, шефмонтаждық жұмыстармен айналысатындардан, құралдарды, машиналарды, жабдықтар мен компьютерлік (есептеу) техникасы құралдарына қызмет көрсетумен, оларды жөндеумен, іске қосумен тікелей айналысатындардан, бөлімшелерде, цехтарда, ферамаларда, ауыл шаруашылығы учаскелерінде жұмыс істейтіндерден басқа
Бастық (авиация, бюро, топ, дирекция, департамент, депо, инспекция, кабинет, курстар, зертхана, шеберхана, мұражай, бөлім, бөлімше, төлқұжат беретін орын, питомник, баспасөз орталығы, пункт (линиядағы, жылжымалы) хатшылық, сектор, ауысым, қызмет, қойма, станса, басқарма, торап, учаске (патрульдік), әскери бөлім, штаб, орталық, цех, экспедиция және тағы басқалар), жобалау, конструкторлық, ғылыми-зерттеу, технологиялық, патенттік-лицензиялық, өнертапқыштық және тағы басқа жұмыстарды орындаумен тікелей айналысатын бастықтардан, қызмет көрсету бөлімшелерінің, техникалық бақылау (сапа), маусымдық партиялардың бастықтарынан басқа, (қалпына келтіру поезінің, өрт поезінің, бөлімшенің (қарауылдың), жол машинасының, мотосынақ зертханасының, сұрыптау төбесінің, рельс жылтырату поезінің, рельс жылтырату вагонының) бастықтарын, сондай-ақ стансалар мен цехтардың бастықтарын, егер өндірістік процестерді тікелей атқару олардың функционалдық міндеттеріне кіретін болса
Нарядшы
Нотариус
Офис-менеджер
Аңшылықтанушы
Паспортшы
Аудармашы
Көмекші (кеңесші)
Төраға
Президент
Оқытушы
Баспасөз хатшысы
Провизор
Продюсер
Жұмыстарды өндіруші (прораб)
Проректор
Психолог
Басқарушы
Ревизор
Редактор (бас, жауапты және тағы басқалар)
Ректор
Репетитор
Референт
Риэлтор
Басшы (департамент, инспекция, зертхана, кабинет, мұражай, бөлім, бөлімше, төлқұжат беретін орын, питомник, қосалқы шаруашылық, бөлімше, баспасөз орталығы, пункт (линиядағы, жылжымалы), хатшылық, қойма, басқарма, торап, учаске, әскери бөлім, штаб, топ, сектор, қызмет, орталық, бюро, депо, шеберхана, ауысым, және басқалары), жобалау, конструкторлық, ғылыми-зерттеу, технологиялық және тағы басқа жұмыстарды тікелей орындаумен айналысатын басшылардан басқа
Хатшы (отырыстың, алқаның хатшысы, басқарманың, президиумның, соттың, шығармашылық одақтың, федерацияның, қордың және тағы басқа жауапты хатшылары)
Медициналық бике
Қараушы
Кеңесші
Социолог
Спектроскопист
Маман (контролер-ревизор, қазынашы, бухгалтер-сарапшы және тағы басқалар), жобалау, контрукторлық, ғылыми-зерттеу, технологиялық және тағы басқа жұмыстармен айналысатын мамандардан басқа
Аға маман (бухгалтер-сарапшы, контролер-ревизор, инспектор-ревизор, нұсқаушы, қазынашы, оператор, жұмыстар өндіруші (прораб), штурман және тағы басқалар), жобалау, конструкторлық, ғылыми-зерттеу, технологиялық және тағы басқа жұмыстармен тікелей айналысатын аға мамандардан басқа
Статистик (медициналық статистиктерді қоса алғанда)
Стивидор
Супервайзер
Есепші
Табельші
Таксалаушы
Тарифтеуші, әуе қатынастары агенттіктерінің тарифтеушілерінен басқа
Техник, барлық түрлері, зоотехниктер, мал дәрігерлері техниктері, тіс техниктері, сондай-ақ жобалау, конструкторлық, технологиялық жұмыстарды орындайтын, және құралдарды, жабдықтарды, компьютерлік (есептеу) және басқа да техника құралдарына қызмет көрсетумен, оларды жөндеумен, іске қосумен тікелей айналысатын техниктерден басқа
Уәкіл (өкіл)
Басқарушы (концерн, база, трест, бөлімше, станса, сенімгер басқарушы, іс басқарушы және тағы басқалар)
Есеп жүргізуші
Мұғалім
Фельдегерь
Хронометражшы
Штурман
Экономист (барлық атаудағы, жобалау, конструкторлық, ғылыми-зерттеу, технологиялық және тағы басқа жұмыстарды орындаумен тікелей айналысатын экономистерден, инженер-экономистерден басқа)
Экскурсовод
Заң кеңесшісі
Жоғарыда тізілген лауазымдарға теңестірілген басқа да лауазымдар
2. Мемлекеттік мекемелерде (мемлекеттік органдарда) техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік мекемелердің (мемлекеттік органдардың) жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлерден басқа, басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер қатарындағы қызметкерлердің барлық лауазымдары әкімшілік қызметшілерге жатады.
3. Мемлекеттік мекемелерде және басқа ұйымдарда конструкторлық, жобалау, технологиялық қызметтермен айналысатын немесе конструкторлық, жобалау, технологиялық жұмыстарды орындайтын қызметкерлердің лауазымдары әкімшілік қызметшілерге жатпайды.
4. Өзінің қарамағында екі немесе одан да аз әкімшілік қызметшілерге жатпайтын қызметкерлері бар құрылымдық бөлімшелердің басшылары да бұл қызметшілерге жатпайды.