"Әкімшілік персоналға жататын қызметкерлер лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 1999 жылғы 7 сәуірдегі N 56-ә-ө бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 20 ақпандағы N 42-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 21 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5146 болып енгізілді.

       Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз.

      Еңбек нарығындағы өзгерістерге байланысты, әкімшілік персоналға жататын қызметкерлер лауазымдарын сыныптауды жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әкімшілік персоналға жататын қызметкерлер лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 1999 жылғы 7 сәуірдегі N 56-а-б  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 761 тіркелген, "Әкімшілік персоналға жататын қызметкерлер лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 1999 жылғы 7 сәуірдегі N 56-а-б бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 2 желтоқсандағы N 307-ө   бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3961 тіркелген, Заң газетінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы N 329(973) жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрыққа қосымшада:

      әкімшілік персоналға жататын қызметкерлер лауазымдары атаулары Тізбесінің 1-тармағында:
      жиырмасыншы абзац: ", теміржол стансасының, разъез бойынша, стансалық орталықтандыру постының, теміржол стансасы паркі бойынша, сұрыптау төбесінің, бөлімше бойынша кезекшіден, бақылау посты агентінен (кірме жолдар бойынша (аға агентті қоса алғанда) басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
      қырқыншы абзац "теміржол саласында істейтін: көтеру жабдығында, гидропневматика, өрт құбырын жөндеу және өрт техникасына, газдан, түтіннен қорғау қызметіне қызмет көрсету, автокөлікті жөндеу жөніндегі механикалық шеберханаларды (автокөлікті жөндеу жөніндегі учаскені), электрмен жабдықтау учаскесін, рельс жылтырату вагонын жөндеу жөніндегі, мостовой, тоннелдік учаскелердің (жөндеу-құрылыс жұмыстары), цехының (рельстік дефектоскопия) машиналары мен механизмдерін пайдалану және жөндеу жөніндегі мастерлер" деген сөздермен толықтырылсын;
      қырық алтыншы абзацта:
      "сондай-ақ" деген сөз алынып тасталсын;
      ", (қалпына келтіру поезінің, өрт поезінің, бөлімшенің (қарауылдың), жол машинасының, мотосынақ зертханасының, сұрыптау төбесінің, рельс жылтырату поезінің, рельс жылтырату вагонының бастықтарын, сондай-ақ стансалар мен цехтардың бастықтарын, егер өндірістік процестерді тікелей атқару олардың функционалдық міндеттеріне кіретін болса" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Еңбек және халықты жұмыспен қамту департаменті (Рахымбергенов Е.М.) бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады