-------------------Бұйрықтан үзінді---------------- Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi: 39. "Жеке тұлғалардың табыс салығын есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" N 40 Нұсқаулығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 1999 жылғы 5 мамырдағы N 457 V990778_ бұйрығы. ----------------------------------------------------- "Жеке адамдардың табыс салығын төлеуі мен есептеу тәртібі туралы" N 40 V950073_ Нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы №ІІ тарау 6-тармақта: мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: "Табыс салығын төлеушiлер өздерi тұрған жер бойынша салық төлеудi жүзеге асырады". 4-абзацта "Ескерту" деген сөз алып тасталсын; мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын: "Резидент емес - осы Нұсқаулықтың 4-абзацына сәйкес резидент болып танылмайтын жеке адам.". III тарау 15-тармақта: м) тармақшаның екiншi абзацында "бағалы қағаздар жөнiнде" деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы "н" тармақшасымен толықтырылсын: "н) экспорттау кезiнде төмендетiлген құны бойынша сатылған қаражаттардан түскен кiрiстер". IV тарау 17-тармақта:
д) тармақшасында "түпкiлiктi 15% ставкасында салынатын" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы төлем көзiне бұрын салынған" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы "ж" тармақшасымен толықтырылсын:
"ж) Қазақстан Республикасындағы төлем көзiне бұрын салынған жеке адамдар алған сыйақы (мүдде).".
18-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке адамдардың жылдық жиынтық кiрiсiнен оны алумен байланысты барлық шығыстар, соның iшiнде табыс салығы салынатын еңбекақы төлеу, қызметкерлерiне материалдық және әлеуметтiк игiлiктер беру (негiзгi қаражаттарды сатып алу, оларды белгiлеу жөнiндегi шығындар және күрделi сипаттағы басқа да шығындардан басқа) жөнiндегi шығыстар, сондай-ақ зейнетақы жинақтау қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары шегерiледi. Іссапарлар шығыстары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалар шегiнде шегерiледi.".
Мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"Шегерiмдер кәсiпкерлiк қызмет кiрiсiн алумен байланысты шығыстарды растайтын құжаттар болған жағдайда жүргiзiледi.".
20-тармақта:
"есептi кезең үшiн" деген сөздер "есептелген" деген сөздiң алдында жазылсын.
бiрiншi абзац мынадай сөйлеммен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ставкасы мен Лондон банкаралық рыногының ставкасы кредит (займ) алу сәтiнде қолданылады.".
26-тармақта:
а) тармақшасында "28 және 29-тармақтары" деген сөздер "28, 29 және 32" деген сөздермен ауыстырылсын.
30-тармақта:
мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"Оларды қаржыландыру көзi болған жағдайда, қарызға алынған
қаражаттарды қоса алғанда, өндiрiстiк мақсаттағы объектiлер салуға (құрылыс салуға берiлген кредит бойынша сыйақыны (мүдде) қоса алғанда) салық төлеушi жұмсаған нақты шығыстар өндiрiстiк мақсаттарға арналған меншiктi құрылысы бойынша шығыстар болып табылады. Шегеруге қабылданған құрылыс салуды аяқтау кезiнде өндiрiстiк мақсаттарға арналған меншiктi құрылысы бойынша шығыстар сомасы топтың құндық балансын арттыруға жатпайды.". 34-тармақта: Ескертуде: "кезеңде" деген сөздiң алдында "(бiр жылдан астам)" деген сөздермен толықтырылсын. 35-тармақта: а) тармағында "салықтардың" деген сөзден кейiн "есептелген шегiнде" деген сөздермен толықтырылсын; б) тармақшасында "тұрақсыздық төлемi" деген сөздердiң алдында "есептелген шегiнде" деген сөздер жазылсын, ал "және мемлекеттiк бюджеттен тыс қорлар" деген сөздер алып тасталсын. 37-тармақта: бiрiншi абзацта "жылдық жиынтық" деген сөздер "салық салынатын" деген сөздермен ауыстырылсын. V тарау 45-тармақта: 3) тармақшада "15" цифры "20" цифрымен ауыстырылсын; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) 65 еселенген жылдық есептiк көрсеткiш және одан жоғарыдан 65 еселенген жылдық жиынтық есептiк көрсеткiштiң салық сомасы + одан асатын сомадан 30 процент";
"5" және "6" тармақшалары алып тасталсын.
Мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:
"Жеке адамдарға табыс салығы ставкасының өзгеруiне байланысты 1999 жылғы 1 сәуiрден бастап жеке адамдарға табыс салығы бойынша салық жылы екi кезеңге бөлiнедi: 1999 жылдың 1 қаңтарына 1999 жылдың 1 сәуiрiне дейiн және 1999 жылдың 1 сәуiрiнен 2000 жылдың 1 қаңтарына дейiн. Мұның өзiнде салық кезеңдерiнде шегерiмдерге жатқызылатын коэффициенттер мен айлық есептiк көрсеткiштердiң мөлшерi жеке есептеледi. 1999 жылғы 1 тоқсан үшiн есептелген табыс салығы сомасын түзету есептi кезеңде жүргiзiледi. 10-Б қосымшада 1999 жылғы жеке адамдарға табыс салығын есептеу мысалы көрсетiлген, 10-В қосымшада 1999 жылға арналған жеке тұлғалардан табыс салығын есептеу кестесi тiркеледi."
46-тармақта:
мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке адамдарға төленетiн заңды тұлға-резидентке қатысу үлесiн сатудан түскен кiрiс, сондай-ақ жеке адамдарға төленетiн дивидендтер төлем көзiнде 15 проценттiк ставка бойынша салық салуға жатады және осы салықты төлем көзi ұстап қалғанын растайтын құжаттар болған жағдайда одан әрi салық салуға жатпайды.";
49-тармақта:
г) тармақшасында "жарақат алуы мен басқа да денсаулығына зиян тиюi нәтижесiнде еңбек ету қабiлетiнен айрылуына байланысты және асыраушысынан айрылуына байланысты" деген сөздер "жазатайым оқиға немесе еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындау кезiнде кәсiптiк ауруының нәтижесiнде зардап шеккен қызметкерге жұмыс берушiнiң тигiзiлген зиян үшiн жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандырушылық өтеу сомасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
ж) тармақшасы "сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың бағалы қағаздары бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы "е-1" тармақшамен толықтырылсын:
"е-1) табыс салығы салынған еңбекақы аударымдарынан құралған кәсiподақ бюджетi қаражатынан кәсiподақ мүшелерi үшiн материалдық көмек.";
мынадай мазмұндағы л) тармақшасымен толықтырылсын:
"л) олардың әскери қызмет мiндеттерiн атқаруына байланысты алатын ақшалай үлестер, ақшалай сыйақылар және әскери қызметшiлерге басқа да төлемдер.";
50-тармақта:
"жылдық жиынтық" деген сөздер "салық салынатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
а) тармақшасы алып тасталсын;
б) тармақшасында "Ақмола" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 50а тармақпен толықтырылсын:
"50а. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттік агенттiгi жасаған келiсiм-шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларына инвестициялар жүзеге асырған жағдайда салық төлеушiлерге стандартты салық жеңiлдiктерi (бұдан әрi - жеңiлдiктер) берiледi.
Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторлары Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк агенттiгiнің 1998 жылғы 07.08. N 131 1 қосымша қаулысымен бекiтiлген.
Инвестициялар бойынша жеңiлдiктер табыс салығын төлеуден толық және iшiнара босату түрiнде берiледi.
Өндiрiстiк инфрақұрылым, өңдеу өнеркәсiбi, ауыл шаруашылығы салаларында инвестициялық қызмет жүзеге асырылса, инвестициялардың жалпы көлемiне қарай келiсiм-шарт жасалған сәттен бастап 5 жыл мерзiмге дейiн қоса алғанда, салық салығын төлеуден 100 % босатылады және Астана қаласының объектiлерiне, тұрғын үй, әлеуметтiк сала мен туризм объектiлерiне инвестициялар жүзеге асырса - 4 жыл мерзiмге дейiн. Келесi кезеңдерде 10 жылға дейiн қоса алғанда, салық төлеушiлерге жеңiлдiктер табыс салығы ставкасын 50 %-ке дейiн төмендету түрiнде жеңiлдiк берiледi.
Табыс салығы бойынша жеңiлдiк берудің нақты мерзiмi мен мөлшерi әрбiр салық төлеушiге жеке белгiленедi және жобаның басымдығы, уақыты мен өтелу шарттарына қарай келiсiм-шартта айтылады.
Келiсiм-шартта айтылған стандартты жеңiлдiктердің күшiнде болу мерзiмi осы Нұсқаулықтың осы тармағында көрсетiлген мерзiмнен аспауы тиiс.
Табыс салығын есептеу кезiнде мыналар жеңiлдiктi айқындау базасы болып табылады:
а) мақсаты - жаңа өндiрiс құру болып табылатын қызметiн жаңа бастаған салық төлеушi үшiн:
салық салынатын алынған табыс;
б) жұмыс iстеушi салық төлеушi үшiн:
келiсiм-шарт жасалған жылдың алдындағы соңғы үш күнтiзбелiк жылдың бiрiнде алынған салық салынатын ең жоғары табыс салығының тиiстi орташа жылдық инфляция индексiне (Қазақстан Республикасы Ұлттық статистикалық агенттiгiнің мәлiметтерiне сәйкес) түзету енгiзiлген салыстырылған салық салынатын табыс салығының өсiмi. Егер салық төлеушi үш жылдан аз жұмыс iстесе - жұмыс iстеген кезеңдегi (күнтiзбелiк жылдар) салық салынатын ең жоғары табыс салығымен салыстырылған салық салынатын табысының өсiмi.
Жұмыс iстеушi салық төлеушi үшiн салық салудан босатылатын салық салынатын табыс өсiмiн айқындау кезiнде келiсiм-шарт жасалғаннан кейiн туындаған қызметтi жүзеге асырудан алынған табыс ескерiлмейдi.
Жеңiлдiктер айқындалатын базаны есептеудi салық төлеушi тiркелген жердегi салық органдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнің нормативтiк актiлерiне сәйкес жүргiзедi.
Егер жеңiлдiк алуға өтiнiш берiлген жылдың алдындағы соңғы үш жылда салық төлеушi залал шеккен болса, жеңiлдiк берiлмейдi.
Аталған жеңiлдiк берiлген келiсiм-шарт бұзылған жағдайда табыс салығы қолданыстағы заңдардың негiзiнде қаржы санкцияларын қолдану арқылы салық төлеушінiң бүкiл қызметi кезеңi үшiн бюджетке енгiзiліп, есептелуге жатады.".
Мынадай мазмұндағы VIа тараумен толықтырылсын:
"VIа тарау. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк агенттiгiмен (бұдан әрi - Агенттiк) келiсiм-шарт бойынша стандартты жеңiлдiк беру кезiнде салық салудан босатылатын салық салынатын табыстың мөлшерiн айқындау"
"1. Күнтiзбелiк жылдың басынан бастап келiсiм-шарт күшiне енген және
алдыңғы үш жыл бойынша мәлiметтер болған жағдайда. Келiсiм-шарт күшiне енген алғашқы жылы салық салынатын табыстың ең жоғары сомасы мына формула бойынша есептеледi: Н-ДхР, мұнда Н - салық салынатын табыстың ең жоғары сомасы; Д - келiсiм-шарт жасалған жылдың алдындағы үш жылдың бiрiндегі салық төлеушiнiң салық салынатын ең жоғары табысы; Р - келiсiм-шарт жасалған жылдың алдындағы үш жылдық кезеңдегi орташа жылдық инфляция индексi; салық салынбайтын табыс сомасын есептеу: НД-Х-Н мұнда, НД - салық салынбайтын табыс сомасы; Х - есептi кезеңдегi салық салынатын табыс сомасы; Н - салық салынатын табыстың ең жоғары сомасы. Келiсiм-шарттың келесi жылдары үшiн салық салынатын табыс келiсiм-шарт жасалған жылдың алдындағы жылдың салық салынатын ең жоғары сомасын салық салынатын табыс айқындалатын жылдағы инфляция индексiне көбейту арқылы инфляция индексiне түзетіледi. Н - есептi жылдың алдындағы салық салынатын табыстың ең жоғары сомасы; Рi - есептi жылдағы орташа жылдық инфляция индексi. 1 мысал. Жеке кәсіпкер А.Әубәкiрұлы салық органында 1994 жылы 01.12. тiркелген. Агенттiкпен жасалған келiсiм-шартқа сәйкес жеңiлдiк 1998 жылғы 1.01. берiледi. Кәсіпкер А.Әубәкiрұлының салық салынатын табысы мынадай: 1995 жылы - 100 шартты бiрлiк (ш.б.) 1996 жылы - 130 ш.б. 1997 жылы - 160 ш.б. Келiсiм-шарт жасалған жылдың алдындағы үш жылдағы орташа жылдық инфляция коэффициентi: 1995 жылы - 179,2 % (1,393х1,174х1,096) 1996 жылы - 128,7% (1,174х1,096) 1997 жылы - 109,6% (1,096) Сонда, салық салынатын табыстың ең жоғары сомасы 179,2 ш.б. (100х179,2 %).
Егер А.Әубәкiрұлы 1998 жылы 200 ш.б. сомасында салық салынатын нақты табыс алса, яғни 1998 жылы 20,8 ш.б. сомасында (200-179,2) салық салынатын табыстың бөлiгiне салық салынбайды.
Егер А.Әубәкiрұлы 1999 жылы 300 ш.б. сомасында салық салынатын нақты табыс алса, 1999 жылы орташа жылдық инфляция 108% құраса, яғни 1999 жылы 106,5 ш.б. сомасында (300-179,2х108%) салық салынатын табыстың бөлiгiне салық салынбайды.
2. Егер келiсiм-шарт күнтiзбелiк жылдың басынан күшiне енiп, салық
төлеушi үш жылдан аз жұмыс iстесе. Салық салынатын табыстың ең жоғары сомасы 1-тармақта келтiрілген есептеуге сәйкес жүргiзiледi, бiрақ жұмыс кезеңi (күнтiзбелiк жылдар) үшiн. 2 мысал. Жеке кәсiпкер А.Әубәкiрұлы салық органында 1995 жылы 01.07. тiркелген. Агенттiкпен жасалған келiсiм-шартқа сәйкес жеңiлдiк 1998 жылғы 1.01. берiледi. Кәсiпкер А.Әубәкiрұлының салық салынатын табысы мынадай: 1996 жылы - 130 ш.б. 1997 жылы - 160 ш.б. Келiсiм-шарт жасалған жылға қарай орташа жылдық инфляция коэффициентi: 1996 жылы - 128,7% 1997 жылы - 109,6% Сонда, салық салынатын табыстың ең жоғары сомасы қызметiнiң алдыңғы екi жылында 175,3 ш.б. (160х109,6 %) құрайды.
Егер А.Әубәкiрұлы 1998 жылы 200 ш.б. сомасында нақты табыс алса, онда 1998 жылы 24.7 ш.б. сомасында (200-175,3) салық салынатын табыс бөлiгiне салық салынбайды.
3. Егер келiсiм-шарт күшiне күнтiзбелiк жылдың басынан басқа уақытта енсе және алдыңғы үш жыл бойынша салық салынатын ең жоғары табыс мәлiметтерi болған жағдайда жеңiлдiктi кезеңнің (q) айлары санының күнтізбелік жылдағы айлар санына қатынасы ретiнде айқындалған коэффициентке (V) түзетiледi, яғни (V)-(q)/12.
Салық салынбайтын табыс өсiмi салық салынатын табыстың келiсiм-шарт жасалған сәттен бастап кезеңдегi салық салынатын табыс сомасы мен түзетiлген салық салынатын ең жоғары табыс табыс арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
3 мысал.
Жеке кәсіпкер А.Әубәкiрұлы салық органында 1994 жылы 01.12. тiркелген. Агенттiкпен жасалған келiсiм-шартқа сәйкес жеңiлдiк 1998 жылғы
01.08. берiледi.
Мұның өзiнде А.Әубәкiрұлы 1998 жылдың 5 айында 100 ш.б. мөлшерiнде салық салынатын табыс алды.
Алдыңғы үш жылдағы салық салынатын ең жоғары табыс - 179,2 ш.б. құрайды. Осы сома жеңiлдiктi кезеңнің ай саны ескерiлiп, айқындалған коэффициентке түзетiледi, яғни 5/12-0,417. Сонда, салық салынатын орташа табыс 74,7 ш.б. (179,2х0,417) құрайды. Табыс салығы салынбауы тиiс табыс өсiмi 1998 жылы 25,3 ш.б. (100-74,7) құрайды.
4. Егер келiсiм-шарт күшiне күнтiзбелiк жылдың басынан басқа уақытта енсе және жеке кәсiпкер үш жылдан аз жұмыс iстесе.
Жұмыс кезеңiндегi (күнтiзбелiк жылдар) салық салынатын ең жоғары табыс жеңiлдiктi кезеңнің (q) айлары санының күнтiзбелiк жылдағы айлар санына қатынасы ретiнде айқындалған коэффициентке (V) түзетiледi, яғни (V)-(q)/12. Салық салынбайтын табыс өсiмi салық салынатын табыстың келiсiм-шарт жасалған сәттен бастап кезеңдегi сомасы мен жұмыс кезеңiндегi (күнтiзбелiк жылдар) салық салынатын табыстың түзетiлген ең жоғары сомасы арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
4 мысал.
Жеке кәсіпкер А.Әубәкiрұлы салық органында 1994 жылы 01. 12. тiркелген. Агенттiкпен жасалған келiсiм-шартқа сәйкес жеңiлдiк 1998 жылғы
01.08. берiледi.
Мұның өзiнде А.Әубәкiрұлы 1998 жылдың 5 айында 100 ш.б. мөлшерiнде салық салынатын табыс алды. Алдыңғы екi жылдағы салық салынбайтын ең жоғары табыс 175,3 ш.б. құрайды. Осы сома жеңiлдiктi кезеңдегi ай саны ескерiлiп айқындалған коэффициентке түзетiледi, яғни 5/12-0,417. Сонда
салық салынатын ең жоғары табыс 73,1 ш.б. (175,3х0,417) құрайды. Салық салынбайтын табыс өсiмi 1998 жылы 26,9 ш.б. (100-73,1) құрайды. 5. Егер салық төлеушi алдыңғы үш жылдың бiрiнде немесе екеуiнде залал шексе. 5 мысал. Жеке кәсіпкер А.Әубәкiрұлы салық органында 1994 жылы 01.12. тiркелген. Агенттiкпен жасалған келiсiм-шартқа сәйкес жеңiлдiк 1998 жылғы 01.08. берiледi. А.Әубәкiрұлының салық салынатын табысы: 1996 жылы - (+100) ш.б. 1997 жылы - (-130) ш.б. 1998 жылы - (-160) ш.б. Келiсiм-шарт жасалған жылға қатысты орташа жылдық инфляция индексi: 1996 жылы - 179,2 % 1997 жылы - 128,7 % 1998 жылы - 109,6 %. Сонда, салық салынатын табыстың ең жоғары сомасы 179,2 ш.б. құрайды. 179,2-(100х17,2%) Егер салық төлеушi 1998 жылы 200 ш.б. нақты табыс алса, онда 1998 жылы 20,8 ш.б. мөлшерiнде (200-179,2) салық салынатын табыс бөлiгiне салық салынбайды. VIII тарау 65-тармақта: мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Мұның өзiнде қаражаттардың құны тауарлар (жұмыстар, көрсетiлген қызметтер) атаулары бойынша бөлмей есептi кезең үшiн тұтас айқындалады.";
Мынадай мазмұндағы 65-1 тармақпен толықтырылсын:
"65-1. Үйлер, ғимараттар, құрылыстарды (бұдан әрi - құрылыстар) сату кезiнде құнының өсiмiнен табыс осы құрылыстарды сату мен осы Нұсқаулықтың 24-тармағына сәйкес айқындалатын амортизация сомасына (инфляция түзетуiн ескерiп) кемiтiлген құны арасындағы оң айырма болып табылады.
Құрылысты сатудың залалы осы құрылыстарды сату мен осы Нұсқаулықтың 24-тармағына сәйкес айқындалатын амортизация сомасына кемiтiлген құны арасындағы терiс айырма болып табылады.".
"65-2. Ұзақ мерзiмдi қаражаттардың құнына оларды сатып алу, өндiру,
салу, монтаждау мен қондыру жөнiндегі, сондай-ақ салық төлеушi шегерiм алуға құқығы бар шығындардан басқа олардың құнын арттыратын шығындар енгiзiледi. Лизингке алынған (қаржы жалы) мүлiк үшiн сыйақы (мүдде) осы мүлiктiң құнын арттыруға жатады. Егер ұзақ мерзiмдi қаражаттардың бiр бөлiп ғана сатылса, онда ұзақ мерзiмдi қаражаттың құны сату кезiнде сатылған және қалған бөлiгi арасында бөлiнедi.". 66-тармақта: б) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "б) бюджетке енгiзiлуi тиiс айыппұл санкциялары"; ІХ тарау 67-тармақта: "рыноктарда тауарларды сату құқығы үшiн бiржолғы алым төлеу" деген сөздер алып тасталсын. 71-тармақ 71-1 тармақ болып өзгертiлсiн. 71-1-тармақта бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"71-1. Жылдық жиынтық табыс туралы декларацияны салық қызметi органдарына салық тiркелген жерi бойынша есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызына дейiн мынадай салық төлеушiлер тапсырады:"
д) тармақшасы алып тасталсын.
е) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Парламентi мен мәслихаттарының депутаттары, сондай-ақ мемлекеттiк қызметшiлер үшiн көзделген заңдар нормалары қолданылатын адамдар, мерзiмдiк әскери қызмет өткерушi әскери қызметшiлерден басқа.".
ж) тармақшасында "босатылғаннан кейiн" деген сөздерден кейiн "тұрғылықты жерi бойынша салық органына" деген сөздермен толықтырылсын;
з) тармақшасы "тұрғылықты жерi бойынша салық органына" деген сөздермен толықтырылсын;
Мынадай мазмұндағы тармақтармен толықтырылсын:
"71-2. Салық салу объектiлерi болып табылатын, оларға меншiк құқығымен тиесiн табыстар мен мүлiк туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Парламентi мен мәслихаттарының депутаттары сайланған кезiнде, сондай-ақ мемлекеттік қызметшiлер үшiн көзделген заңдар нормалары қолданылатын адамдар, мемлекеттiк қызметке түскен, мемлекеттiк лауазымдарға тағайындалған, мемлекеттiк қызмет бойынша жылжыған мерзiмдiк әскери қызмет өткерушi әскери қызметшiлерден басқа.
71-3. Қызметiн тоқтатқан немесе Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары кеткен кезде салық қызметi органдарына жиынтық табыс салығы туралы декларацияны кез келген он екi айлық кезеңнiң iшiнде Қазақстан Республикасында 30 күннен астам уақыт болған немесе қазақстандық көзден 500 айлық есептiк көрсеткiштен артық табыс алған жеке резидент емес тұлғалар тапсырады."
"71а" тармағы "71-4" тармағына өзгертiлсiн.
71-4 тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"71-4. Мемлекеттiк лауазымға не мемлекеттік немесе оған теңестiрiлген қызметтi атқарумен байланысты лауазымға кандидат болып табылатын адамдар, осы тармақта аталған адамдардың жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жерi бойынша салық органына декларацияны тапсырады.";
71б тармағы 71-5 тармағы болып өзгертiлсiн.
72-тармақта:
Бiрiншi абзацта "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Салық комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.
Мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын, табыс салығын салудан босатылған және (немесе) әртүрлi ставкалар бойынша салық салынатын табысы бар жеке адамдар олар бойынша жеке есеп жүргiзiп, жиынтық жылдық табыс туралы декларация мен жүргiзілген шегерiмдердi қоса берiп, Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлеген нысанда осындай табыстар бойынша жеке есеп тапсыруға мiндеттi.". Х тарау 76-тармақта: а) тармақшасында "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын. 77-тармақта: г тармақшасы алып тасталсын; д тармақшасында соңғы сөйлем алып тасталсын. 77-1 тармақпен толықтырылсын: "77-1. Салық салу мақсатында тауарлардың (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтердiң) бағасын белгілеу принциптерi
1. Салық салу мақсатында тауарлардың (жұмыстар, көрсетілетiн қызметтердiң) егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, тараптар көрсеткен бағасы қабылданады.
2. Салық органдары мынадай жағдайларда ғана мәмiлелер бойынша бағалардың дұрыс қолданылуын бақылауға құқылы:
а) байланысты тараптар арасында;
б) тауар айырбасы бойынша (баспа-бас айырбасы);
в) ұқсас (бiртектес) тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) бойынша салық төлеушi қолданатын баға деңгейiнiң (кез келген жағына 20 проценттен астам) тоқсан шегiнде едәуiр ауытқыған жағдайда.
г) резидент еместер импорттайтын тауарлар, көрсететiн қызметтер, орындайтын жұмыстар баға деңгейiнiң ұқсас (бiртектес) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) рыноктағы баға деңгейiнен едәуiр асқан (20 проценттен астам) жағдайда.
3. 2-тармақтың а), б), в) тармақшаларында аталған жағдайларда мәмiлелер тараптары қолданған тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) бағалары кез келген жағына ұқсас (бiртектес) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) рыноктағы баға деңгейiнен 20 проценттен астам ауытқыса, салық органы осы мәмiлелердiң нәтижесi рыноктағы баға ескерiлiп есептелген салықтар мен айыппұл санкцияларын жеткiзе есептеу туралы шешiм шығаруға құқылы. Мәмiленiң рыноктағы бағасын белгiлеу үшiн 77- тармақтың 4-13 тармақшаларында көзделген шарттар ескерiледi.
Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң) рыноктағы бағасы болып ұқсас (олар жоқ болса - бiртектес) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) рыногында салыстырмалы экономикалық (коммерциялық) жағдайларда ұсыныс пен сұраныстың өзара ұштасуынан қалыптасқан баға танылады.
4. Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң) рыногы болып осы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердің) Қазақстан Республикасының аумағындағы немесе Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi сатып алушыға қатысты жақын жерде тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлген қызметтердi) сатып алушының нақты және қосымша едәуiр шығындарсыз сатып алу мүмкiндiгi ескерiлiп айқындалатын айналыс аясы танылады.
5. Салық салу мақсаттарында байланысты тараптар болып мыналар танылады:
Олардың арасындағы өзара қатынас олардың қызметiнің немесе олар өкiлдiгiн бiлдiрген тұлғалардың қызметiнiң жағдайларына немесе экономикалық нәтижелерiне тiкелей әсер ететiн жеке адамдар және (немесе) заңды тұлғалар, атап айтқанда:
а) бiр тұлға екiншi тұлғаның мүлкiне қатысып, бұл қатысудың үлесi 33 проценттен асса;
б) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес адамдар неке қатынастарында, туыстық немесе жекжаттық, асыраушы мен асыралушы, сондай-ақ қамқоршы мен қамқорлыққа алынушы қатынастарында болса.
6. Оларға тән бiрдей белгілерi бар тауарлар (жұмыстар, көрсетiлген қызметтер) ұқсас деп танылады.
Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң) ұқсастығын айқындау кезiнде олардың физикалық сипаттамалары, рыноктағы сапасы мен беделi, шығарған елi мен өндiрушi ескерiледi.
7. Ұқсас болмаса да, сипаттамалары ұқсас және ұқсас бөлiктерден құралуы нақ сондай қызметтердi атқарып, коммерциялық жағынан бiрiн бiрi ауыстыра алатын тауарлар (жұмыстар, көрсетiлген қызметтер) бiртектес тауарлар (жұмыстар, көрсетiлген қызметтер).
Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң) бiртектiлiгiн айқындау кезiнде олардың физикалық сипаттамалары, рыноктағы сапасы мен беделi, шығарған елi мен өндiрушi ескерiледi.
Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң) рыноктағы бағасы болып ұқсас (олар жоқ болса - бiртектес) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) рыногындағы мәмiлелердiң экономикалық (коммерциялық) жағдайлары салыстырмалы болып танылады, егер осындай жағдайлар арасындағы айырмашылық бағаға әсер етпесе немесе 10 тармақшаға сәйкес түзетiлуi мүмкiн болса.
8. Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң) рыноктағы бағасын айқындау кезiнде бiрi-бiрiмен байланысы жоқ тараптар арасындағы мәмiлелер назарға алынады. Байланысты тараптар арасындағы мәмiлелер олардың байланыстылығы осы мәмiлелердiң нәтижесiне әсер етпесе ғана назарға алынады.
9. Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң) рыноктағы бағасын айқындау кезiнде осы тауарларды (жұмыстар, көрсетiлген қызметтердi) сату кезiнде салыстырмалы жағдайларда ұқсас (бiртектес) тауарлармен (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтермен) жасалған мәмiлелер туралы ақпарат ескерiледi.
Ұқсас (бiртектес) тауарлармен (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтермен) жасалған мәмiлелер жағдайларының салыстырмалылығын айқындау кезiнде мәмiлелердің мынадай шарттары ескерiледi: жiберiлген тауарлардың (мысалы, тауар партиясының көлемi) (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердің) саны (көлемi), әдетте осындай мәмiле түрлерiнде қолданылатын мiндеттемелердiң орындалу мерзiмi, төлем шарттары, сондай-ақ бағаға әсер ете алатын өзге де шарттар ескерiледi.
10. Салық төлеушi ұқсас (бiртектес) тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) бойынша қолданған тоқсан шегiнде баға деңгейiнің едәуiр ауытқуын айқындау кезiнде байланысты емес тараптардың арасындағы мәмiлелер жасау кезiнде әдеттегi тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) рыногындағы ұсыныс пен сұраныс факторларын ескеретiн бағаға үстеме немесе шегерiмдер ескерiледi.
Егер аталған шегерiмдер жарамдылық мерзiмi (күнi тақап қалса) аяқталуымен немесе тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) олар үшiн жаңа рынокқа жылжуы кезiнде, аналогы жоқ жаңа бұйымдардың рынокқа жылжуы кезiндегi тауар, маркетинг (баға) саясатын iске асырудан, сондай-ақ оларды тұтынушылармен таныстыру мақсатында тауарлардың тәжiрибелiк модельдерi және үлгiлерiн сату мен байланысты туындаса, 3 тармақшада көзделген ережелер мәмiле тараптары көрсеткен тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) бағасына қолданылмайды.
11. Тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) тиiстi рыногында ұқсас (бiртектес) тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) бойынша мәмiлелер болмаса немесе осы рынокта осындай тауарларға (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтерге) ұсыныс болмаса, сондай-ақ ақпарат көздерiне қол жеткiзiлмесе не жоқ болғандықтан, тиiстi бағаны айқындау мүмкіндігі болмағандықтан, рынок бағасын айқындау үшiн мынадай әдiстер пайдаланылуы мүмкiн:
1) Кейiн сату баға әдiсi, мұнда тауарлардың (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтердiң) рыноктағы бағасы осындай тауарларды (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтердi) сатып алушы кейiн сату (қайта сату) кезiнде сатқан баға мен сатып алушының расталған шығындарының, сондай-ақ үстемесінің айырмасы ретiнде айқындалады. Үстеме осы қызмет саласында қалыптасқан орташа пайда нормасын қамтамасыз ететiндей етiп белгiленедi;
2) Шығын әдiсi, мұнда тауарлардың (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтердiң) рыноктағы бағасы жұмсалған шығын мен үстеменiң сомасы ретiнде белгiленедi. Мұның өзiнде тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) өндiрiсiне (сатып алуға) және (немесе) тауарларды (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтердi) сату, тасымалдау, сақтау, сақтандыру жөнiндегi және өзге де расталған тура және жанама шығындар ескерiледi. Үстеме осы қызмет саласында қалыптасқан орташа пайда нормасын қамтамасыз ететiндей етiп белгiленедi.
12. Тауарлардың (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтердің) рыноктағы бағасын айқындау және тану кезiнде тауарларға (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтерге) рыноктағы баға және биржа котировкалары туралы ресми ақпарат көздерi, мемлекеттiк өкiмет органдарының ақпараттық базасы және салық төлеушiлер салық органына беретiн ақпарат пайдаланылады.
13. Іс қаралған кезде сот осы тармақтың 4-13 тармақшаларындағы мән-жайлармен шектелмей iс үшiн мәнi бар кез келген мән-жайларды ескеруге құқылы.
14. Осы тармақтың ережелерi жиынтық жылдық табысы 100 000 айлық есептiк көрсеткiштен асатын салық төлеушiлерге қолданылады.
Осы шектеу акциздеуге жататын тауарларды өндiретiн және (немесе) сататын және (немесе) тауарларды экспорттайтын салық төлеушiлерге, сондай-ақ осы Нұсқаулықтың 2-тармағы г) тармақшасында көрсетiлген жағдайда қолданылмайды.".
81-тармақта:
а) тармақшасында "100" цифры "50" цифрымен ауыстырылсын.
Мынадай мазмұндағы "е" тармақшаларымен толықтырылсын:
"е) табыс төленген кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғалар
мен жеке адамдардың табыс салығы сомаларының төлем көзiнде ұсталмағаны үшiн тиесiлi салық сомасының 100 процентi мөлшерiнде айыппұл салынады;" 4 қосымшада: үшiншi абзацта "сондай-ақ тұрғын үй (саяжай) салуға" деген сөздер алып тасталсын; "Салық инспекциясына" деген сөздер "Салық органына" деген сөздермен ауыстырылсын; "салық инспекциясы" деген сөздер "салық органы" деген сөздермен ауыстырылсын; "Анықтама N" нысанында соңғы абзацында "салық инспекциясы" деген сөздер "салық органы" деген сөздермен ауыстырылсын; 7 қосымшада: "салық инспекциясы" деген сөздер "салық органы" деген сөздермен ауыстырылсын; "инспекция атауы" деген сөздер "салық органы" деген сөздермен ауыстырылсын. 8 қосымшада: соңғы абзацында "салық инспекциясының бастығы" деген сөздер "салық органының басшысы" деген сөздермен ауыстырылсын; "инспекция атауы" деген сөздер "салық органы атауы" деген сөздермен ауыстырылсын. 11 қосымшада: "бөлім" деген сөз "орган" деген сөзбен ауыстырылсын. 12 қосымшада: "салық бөлімі" деген сөздер "салық органы" деген сөздермен ауыстырылсын. "салық бөлімінің басшысы" деген сөздер "салық органының басшысы" деген сөздермен ауыстырылсын. 14 қосымшада: "салық комитеті" деген сөздер "салық органы" деген сөздермен ауыстырылсын. 14А қосымшада: "салық комитеті" деген сөздер "салық органы" деген сөздермен ауыстырылсын. 10-Б қосымша Төлем көзінде ұсталатын және тұлғалардың бірқалыпты есептелген табыс салығы бойынша есеп айырысу __________________________________________________________________________ | Салық | Алынған табыс сомасы | Айлық есептік | Салық |Қайта | Салық | |жылының| |көрсеткіштер |салынатын|есеп. |салынатын |айлары | |шегерімдері |кірістің |теу |табыстың| | |______________________|________________|нақты |коэф. |жылдық | | | ағымдағы | жыл |ағымдағы|жыл |сомасы |фициен|сомасы | | | ай үшін | басынан | ай үшін|басынан| |ті | | | | | бері | |бері | | | | | | | | | | | | | | | | | | |3-топ- | |6-топ х | | | | | | |5-топ | |7-топ | | | | | | | | | | |_______|__________|___________|________|_______|_________|______|________| | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | |_______|__________|___________|________|_______|_________|______|________| |қаңтар |39800,00 |39800,00 |660,00 |660,00 |39140,00 |3,00 |117420,00| |_______|__________|___________|________|_______|_________|______|________| |ақпан |39800,00 |79600,00 |660,00 |1320,00|78280,00 |1,50 |117420,00 |_______|__________|___________|________|_______|_________|______|________| |наурыз |39800,00 |119400,00 |660,00 |1980,00|117420,00|1,00 |117420,00 |_______|__________|___________|________|_______|_________|______|________| |_______|__________|___________|________|_______|_________|______|________| |жиынты.|119400,00 |238800,00 |1980,00 |3960,00|117420,00| |352260,00 |тығы | | | | | | | | |_______|__________|___________|________|_______|_________|______|________| |_______|__________|___________|________|_______|_________|______|________| |сәуір |39800,00 |39800,00 |715,00 |715,00 |39085,00 |9,00 |351765,00 |_______|__________|___________|________|_______|_________|______|________| |мамыр |39800,00 |79600,00 |715,00 |1430,00|78170,00 |4,50 |351765,00 |_______|__________|___________|________|_______|_________|______|________| |маусым |39800,00 |119400,00 |715,00 |2145,00|117255,00|3,00 |351765,00 |_______|__________|___________|________|_______|_________|______|________| |шілде |39800,00 |159200,00 |715,00 |2860,00|156340,00|2,25 |351765,00 |_______|__________|___________|________|_______|_________|______|________| |тамыз |39800,00 |199000,00 |715,00 |3575,00|195425,00|1,80 |351765,00 |_______|__________|___________|________|_______|_________|______|________| |қыркүй.|39800,00 |238800,00 |715,00 |4290,00|234510,00|1,50 |351765,00 |ек | | | | | | | | |_______|__________|___________|________|_______|_________|______|________| |қазан |39800,00 |278600,00 |725,00 |5015,00|273585,00|1,29 |352937,00 |_______|__________|___________|________|_______|_________|______|________| |қараша |39800,00 |318400,00 |725,00 |5740,00|312660,00|1,13 |353317,10 |_______|__________|___________|________|_______|_________|______|________| |желтоқ.|39800,00 |358200,00 |725,00 |6465,00|351735,00|1,00 |351745,00 |сан | | | | | | | | |_______|__________|___________|________|_______|_________|______|________| |_______|__________|___________|________|_______|_________|______|________| |жиынты.|597000,00 | |6465,00 | |351735,00| |3168589,| |тығы | | | | | | | 65 |_______|__________|___________|________|_______|_________|______|________| |_______|__________|___________|________|_______|_________|______|________| |барлығы|716400,00 | |8445,00 | | | | | |_______|__________|___________|________|_______|_________|______|________| таблицаның жалғасы _________________________________________________________________________ | Жылдық | Табыс салығының |1999 жылдың |қосымша |Барлығы | |табыс есебі.| сомасы |1-тоқсанында |ұсталуға|ұсталуға| |мен ставка. | |нақты ұстал. |тиісті |тиісті | |лар бойынша | |ғаны | |табыс | |табыс салығы| | | |салығы | |(кесте бо. |____________________________|_____________|________|________| |йынша) |өткен |өткен | ағымдағы | | | | | |кезең. |кезеңде|айда ұста. | | | | | |дегі |ұстал. |луға тиіс. | | | | | |кіріс. |ғаны |10-топ- | | | | | |тен | |11-топ | | | | | |9-топ: | | | | | | | |7-топ | | | | | | |____________|______ |_______|___________|_____________|________|________| | 9 | 10 | 11 | 12 | | | | |____________|______ |_______|___________|_____________|________|________ |13158,00 |4386,00 | |4386,00 | | | | |____________|_______ |_______|___________|_____________|________|________ |13158,00 |8772,00 |4386,00|4386,00 | | | | | ____________|______ |_______|___________|_____________|________|________| |13158,00 |13158,00|8772,00|4386,00 | | | | |____________|_______ |_______|___________|_____________|________|________| |____________|_______ |_______|___________|_____________|________|________| |13158,00 | | | |12863,00 |295,00 |13158,00 | |____________|_______ |_______|___________|_____________|________|________| |____________|_______ |_______|___________|_____________|________|________| |46109,00 |5123,22 | |5123,22 | | | | |____________|_______ |_______|___________|_____________|________|________| |46109,00 |10246,44|5123,22|5123,22 | | | | |____________|_______ |_______|___________|_____________|________|________| |46109,00 |15369,67|10246, |5123,22 | | | | | | |44 | | | | | |____________|_______ |_______|___________|_____________|________|________| |46109,00 |20492,89|15369, |5123,22 | | | | | | |67 | | | | | |____________|_______ |_______|___________|_____________|________|________| |46109,00 |25616,11|20492, |5123,22 | | | | | | |89 | | | | | |____________|_______ |_______|___________|_____________|________|________| |46109,00 |30739,33|25616, |5123,22 | | | | | | |11 | | | | | |____________|_______ |_______|___________|_____________|________|________| |46340,93 |35923,00|30739, |5183,87 | | | | | | |33 | | | | | |____________|_______ |_______|___________|_____________|________|________| |46417,16 |41077,13|35923, |5153,93 | | | | | | |20 | | | | | |____________|_______ |_______|___________|_____________|________|________| |46103,00 |46103,00|41077, |5025,87 | | | | | | |13 | | | | | |____________|_______ |_______|___________|_____________|________|________| |____________|_______ |_______|___________|_____________|________|________| | | | | | | |46103,00| |____________|_______ |_______|___________|_____________|________|________| |____________|_______ |_______|___________|_____________|________|________| | | | | | | |59261,00| |____________|_______ |_______|___________|_____________|________|________| 10-В қосымша Жеке тұлғалардан 1999 жылда табыс салығын ұстау жөніндегі кесте 1999 жылғы 1 қаңтардан 1999 жылдың 1 сәуірге дейін __________________________________________________________________________ | | Табысқа салынатын салық мөлшері | Салық ставкалары | |__|__________________________________|___________________________________| |1 | 2 | 3 | |__|__________________________________|___________________________________| |1.|15-еселенген жылдық есепті |Салық салынатын кіріс сомасынан | | |көрсеткішіне дейінгі |5 процент (1 485 теңгеге дейін) | | |(29 700 теңгеге дейін) | | |__|__________________________________|___________________________________| |2.|15-еселенгеннен 30-еселенгенге |15-еселенген жылдық есептікөрсеткі.| | |дейінгі жылдық есепті көрсеткіші |шімен одан асқан сомасына +10 про. | | |(29 700-ден 59 400-ге дейін) |цент салық сомасы | | | |(1 485 теңге 29 700 теңгеден асқан | | | |сомаға + 10 процент) | |__|__________________________________|___________________________________| |3.|30-еселенгеннен 65-еселенгенге |30-еселенген жылдық есепті көрсеткі. | |дейінгі жылдық есепті көрсеткіші |шімен одан асқан сомасына +15 про. | | |(59 400-ден 128700-ге дейін) |цент салық сомасы | | | |(4 455 теңге 59 400 теңгеден асқан | | | |сомаға + 15 процент) | |__|__________________________________|___________________________________| |4.|65-еселенгеннен 130-еселенгенге |65-еселенген жылдық есепті көрсеткі. | |дейінгі жылдық есепті көрсеткіші |шімен одан асқан сомасына +20 про. | | |(128 700-ден 257400-ге дейін) |цент салық сомасы | | | |(14850 теңге 128700 теңгеден асқан | | | |сомаға + 20 процент) | |__|__________________________________|___________________________________| |5.|130-еселенгеннен 350-еселенгенге |130-еселенген жылдық есепті көрсеткі | |дейінгі жылдық есепті көрсеткіші |шімен одан асқан сомасына +25 про. | | |(257 400-ден 693 000-ға дейін) |цент салық сомасы | | | |(40 590 теңге 257 400 теңгеден асқан | | |сомаға + 25 процент) | |__|__________________________________|___________________________________| |6.|350-еселенген жылдық есепті |350-еселенген жылдық есепті көрсеткі | |көрсеткішінен және жоғары |шімен одан асқан сомасына +30 про. | | |(693 000-нан және жоғары) |цент салық сомасы | | | |(149 490 теңге 693000 теңгеден асқан | | |сомаға + 30 процент) | |__|__________________________________|___________________________________| 1999 жылғы 1 сәуірден 2000 жылдың 1 қаңтарына дейін _________________________________________________________________________ |1 | 2 | 3 | |__|__________________________________|___________________________________| |1.|15-еселенген жылдық есепті |Салық салынатын кіріс сомасынан | | |көрсеткішіне дейінгі |5 процент (4 849 теңгеге дейін) | | |(96 975 теңгеге дейін) | | |__|__________________________________|___________________________________| |2.|15-еселенгеннен 30-еселенгенге |15-еселенген жылдық есепті көрсеткі. | |дейінгі жылдық есепті көрсеткіші |шімен одан асқан сомасына +10 про. | | |(96 975-ден 193 950-ге дейін) |цент салық сомасы | | | |(4 849 теңге 96 975 теңгеден асқан | | | |сомаға + 10 процент) | |__|__________________________________|___________________________________| |3.|30-еселенгеннен 65-еселенгенге |30-еселенген жылдық есепті көрсеткі. | |дейінгі жылдық есепті көрсеткіші |шімен одан асқан сомасына +20 про. | | |(193 950-ден 420 225-ке дейін) |цент салық сомасы | | | |(14 546 теңге 193 950 теңгеден асқан | | |сомаға + 20 процент) | |__|__________________________________|___________________________________| |4.|65-еселенген жылдық есепті |65-еселенген жылдық есепті көрсеткі. | |көрсеткішінен және жоғары |шімен одан асқан сомасына +30 про. | | |(420 225-тен және жоғары) |цент салық сомасы | | | |(59 801 теңге 420 225 теңгеден асқан | | |сомаға 30 процент) | |__|__________________________________|___________________________________| Ескерту: "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1998 жылғы 16 желтоқсандағы N 318-І Z980318_ Қазақстан Республикасы Заңы белгілеген 1999 жылға айлық есепті көрсеткіштер мынадай мөлшерде: І тоқ.-660 теңге, ІІ тоқ. -715 теңге, ІІІ тоқ.-715 теңге, ІV тоқ.-725 теңге. Жылдық есепті көрсеткіші: І-салық кезеңі-1980 теңге. ІІ салық кезеңі -6465 теңге. Оқығандар: Умбетова А.М. Нарбаев Е.А.
"Жеке адамдардың табыс салығын төлеуі мен есептеу тәртібі туралы" N 40 Нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Күшін жойғанБекітілді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрі 1999 жылғы 5 мамыр N 457. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 28 мамырда тіркелді. Тіркеу N 778. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз