------------Бұйрықтан үзінді-------
"Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1119 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ереженiң 18-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Салық есебіне тұрман әрекетсіз ұйымдар мен заңды тұлғаларды анықтау үшiн бiрлесiп iс қимыл жасау туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 1999 жылғы 26 мамырдағы N 38 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнің 1999 жылғы 26 мамырдағы N 563 бiрлескен бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде N 779 тiркелген) күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы бұйрық оған қол қойған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
-----------------------------------
Заңды тұлғалармен мемлекеттiк бюджетке салық, алым және төлемдер мiндеттемелерi бойынша төлемге бақылау, сонымен бiрге заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiн жүргiзуiне бақылауды күшейту мақсатында, бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне заңды тұлғалар мәлiметтерiнiң электронды банкiн құру және ақпарат беру жұмысын бiрлесiп ұйымдастыру.
Осы мақсатқа жұмсалатын қаржы шығыны екi жақпен төленедi.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң салық комитеттерiне және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдары басқармасына салық есебiнде тұрған және заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiне енгiзiлген заңды тұлғаларға 1999 жылдың 14 маусымына дейiн салыстыру жүргiзiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң салық комиттеттерiне:
1) Салық және басқа бюджет төлемдерi бойынша қарыздар және қарызы жоқ, әрекетсiз заңды тұлғалар тiзiмiн анықтау;
2) Әрекетсiз заңды тұлғалар тiзiмi негiзiнде, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен (жалпы бөлiм) K941000_ қарастырылмаған ұйымдастыру-құқықтық нысандағы әрекетсiз заңды тұлғалар мен салық және басқа да бюджетке мiндеттi төлемдерi бойынша қарыздары жоқтарды салық есебiнен алып тастау;
3) Әрекетсiз заңды тұлғалар тiзiмi негiзiнде және "Банкроттық туралы" Z970067_ Қазақстан Республикасының Заңының 94 бабымен белгiленген тәртiп бойынша, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен (жалпы бөлiм) қарастырылмаған, ұйымдастыру-құқықтық нысандағы әрекетсiз заңды тұлғалар мен салық және басқа да бюджетке мiндеттi төлемдерi бойынша қарыздары барларға, сот органдарына тарату туралы талап арыздарын беру;
4) Әдiлет органдарымен тiркелген және салық есебiнде тiркелмеген заңды тұлғалар тiзiмiн, тиiстi шаралар қолдану үшiн, салық полиция органдарына ұсыну.
4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетiне Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнде тiркеуден (қайта тiркеуден) өткен заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi салыстыру үшiн ұсыну.
5. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Сот жұмысын ұйымдастыру департаментiне Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдар басқармасына жоғарыда аталған талап арыздарын қарастыру негiзiндегi соттармен iс жүргiзу мерзiмдерiн сақтауын бақылауға алу.
6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң салық комиттерiне және Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлiгiнiң аумақтық органдар басқармасына Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне салыстыра тексеру нәтижелерi туралы бiрлескен ақпаратты 1999 жылдың 1 шiлдесiне ұсыну.
7. Осы келсiмнiң орындалуына бақылау жүргiзу Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс Вице-Министрi У.Байжанов пен Әдiлет Вице-Министрi М.Уәйiсовке жүктелсiн.
8. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс Министрі Әділет министрі