Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы 1999 жылғы 17 мамыр N 32. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 шілдедегі N 264 қаулысымен (V032484).

     "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының заңына  өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы заңының  қабылдануына байланысты және Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) нормативтiк құқықтық актiлерiн аталған заңның нормаларына сәйкес келтiру мақсатында Ұлттық комиссия қаулы етеді:
      1. Ұлттық комиссияның мынадай нормативтiк құқықтық актiлерiне өзгерiстер енгізiлсiн:
      1) Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 29 тамыздағы N 133 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 10 қыркүйекте 365 нөмiрмен    тiркелген Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызмет туралы есеп берудiң тәртiбi және нысандары туралы ережеге :
      12-тармақта:
      төртiншi бөлiктегi "ақша қаражаттарының" деген сөздер "ақшаның" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-қосымшада:
      1.5 жолдағы "Ақша қаражаттары" деген сөздер "Ақшалар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-қосымшада:
      1.4 жолдағы "Ақша қаражаттары" деген сөздер "Ақшалар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 12 қарашада 641 нөмiрмен тiркелген Мемлекеттiк зейнетақы жинақтау қорының инвестициялық қызметтi жұзеге асыру қағидаларына :
      2-тармақта:
      3) тармақшадағы "мемлекеттiк" деген сөз алып тасталсын;
      11 және 12-тармақтар алып тасталсын;
      3) Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 12 қарашада 642 нөмірмен тіркелген Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына :
      14-тармақ алып тасталсын.
      2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген сәттен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін.
      3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің назарына жеткізсін.
      4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлімі осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.    

      Ұлттық комиссияның Төрағасы
      Комиссияның мүшелері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады