"Қамаудағыларды соттардың, тергеу органдарының талап етуі бойынша айдап алып жүру, сотталғандар мен қамауға алынғандарды және жүйкесі ауыратын адамдарды тасымалдау туралы" Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 1999 жылғы 26 наурыздағы N 146 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 7 маусымда тіркелді. Тіркеу N 796. Күші жойылды - ҚР Iшкi Iстер Министрлiгiнің 2004 жылғы 25 желтоқсандағы N 713 Бұйрығымен.

----------------Бұйрықтан үзінді----------------------

     Ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестендiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң мынадай:
     Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде 1999 жылғы 7 маусымда N 796 болып тiркелген "Қамауға алынғандарды соттардың, тергеу органдарының талап етуi бойынша айдауылдау, сотталғандарды, қамауға алынғандарды және жүйкесі ауыратын адамдарды тасымалдау туралы" нұсқаулықты бекiту туралы" 1999 жылғы 26 наурыздағы N 146 бұйрығы.     

     Министрдiң міндетін атқарушы
     полиция генерал-лейтенанты

__________________________________

     1. "Қамаудағыларды соттардың, тергеу органдарының талап етуі бойынша айдап алып жүру, сотталғандар мен қамауға алынғандарды және жүйкесі ауыратын адамдарды тасымалдау туралы" Нұсқаулық бекітілсін және күшіне енгізілсін (N 1 қосымша).

     2. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Ішкі әскерлері қолбасшысының бас басқармасы, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, Астана қаласының ІІБ мен Алматы қаласының ІІББ, облыстық және көліктегі ІІББ-ІІБ бастықтары осы Нұсқаулықты оқып-үйренуді және бұлжытпай орындауды қамтамасыз етсін.

     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Ішкі әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары генерал-майор Б.Б. Жаңасаевқа жүктелсін.

    Қазақстан Республикасының
     Ішкі істер министрі -
     Ішкі істер қолбасшысы
     генерал-лейтенант

Қазақстан Республикасы   
Ішкі істер министрлігінің  
1999 жылғы 26 наурыз N 146
бұйрығына N 1 қосымша   

Қамаудағыларды сот, тергеу органдарының талап
етуі бойынша айдап алып жүру, сотталғандар мен
қамауға алынғандарды және жүйкесі ауыратын
адамдарды тасымалдау туралы
Нұсқаулық

     1. Қамауға алынғандарды тергеу изоляторларынан, түрмелерден, түзеу және тәрбиелеу колонияларынан, уақытша ұстау изоляторларынан сотқа айдап алып жүру, оларды сот мәжілісі кезінде күзету және қамау орнына кері айдап әкелу:
     1) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына, облыстық және оларға теңестірілген соттарға, солардың тапсырысы бойынша көшпелі отырыстарына, егер осы мақсаттар үшін жауынгерлік қызмет атқару пункттерінде айдап алып жүру үшін арнайы тағайындалған ішкі әскер бөлімшелері болса - ішкі әскер қарауылдарымен, аудандық, қалалық және оларға теңестірілген соттарға - қалалық, аудандық ішкі істер органдарымен;
     2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының әскери алқа отырысына, Қазақстан Республикасы әскерлерінің әскери сотына, гарнизондардың әскери соттарына - Қазақстан Республикасының Ішкіісмин Ішкі әскерлерінің айдауылдық бөлімшелерімен, ерекше жағдайларда ішкі әскерлер айдауылдық бөлімшесі жоқ аймақтарда айдап алып жүруді әскери соттар жанында қызмет атқарушы әскери бөлімдермен;
     3) ерекше жазалау шарасын қолдануға үкім шығарылған сотталғандарды Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының кассациялық инстанция отырысына - қабылдау пунктінен тиісті пунктке дейін және кері қарай ерекше қарауылдармен жүзеге асырылады.
     Жоғарғы соттың отырысына Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына қызмет көрсетуші әскери бөлім жүзеге асырады.
     2. Соттарды әскерлік қызмет көрсету үшін қабылдау туралы тапсырыстар Қазақстан Республикасы Ішкіісминнің Ішкі әскерлер қолбасшысының бас басқармасына (ІӘҚББ) беріледі. Соттарды қызмет көрсету үшін қабылдау туралы өкімді құрамалар мен жеке бөлімдерге Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі - Ішкі әскерлер қолбасшысы береді. Ішкі әскерлер қызмет көрсетпейтін облыстық, қалалық және аудандық соттар қызмет көрсету үшін облыс ІІБ бастықтарының шешімдеріне сәйкес қабылданады.
     3. Сотты, тұрақты сот көшпелі отырысын қызмет көрсету үшін қабылдау туралы өкім алу бойына құрамына әскери бөлімдер мен құрамалардың (ІӘҚББ), қалалық, аудандық ішкі істер органының және соттың өкілдері кіретін ведомствоаралық комиссия құрылады. Оның жұмыс нәтижелері бойынша: сот (әскери сот) атауы мен әскери бөлімнің нөмірі; сот ғимаратында және оның маңайында құқық тәртібін сақтау үшін жасауыл бөлетін қалалық, аудандық ішкі істер органы, сот отырысы залдарының, сотталушыларға арналған камералардың, көшпелі сот (әскери сот) отырысының сот процесін жүргізу кезінде жеке құрамының орналасуы үшін бөлінетін жайлардың қысқаша сипаттамасы; байланысты ұйымдастыру, сот әкімшілігімен, аумақтық ішкі істер органдарымен, ішкі әскерлер бөлімшесімен өзара іс-қимыл жасау тәртібі көрсетілген акт жасалады. Акт тиісті мүдделі органдармен келісіліп, әскери бөлім командирімен және соттың (әскери соттың) төрағасымен бекітіледі. Актінің бір данасы Қазақстан Республикасы Ішкіісминнің ІӘҚББ ұсынылады.
     Облыстық соттың (әскери соттың) көшпелі отырысының уақытша жұмыс орындарын осы соттың төрағасы анықтайды. Оларды қабылдау туралы акт жасалмайды.
     4. Сотқа айдап алып жүру жөніндегі міндеттерді орындауға әскери бөлім сот әкімшілігімен (әскери сотпен) залдар жабдықталып, ведомствоаралық комиссияның актілерінде көрсетілген шаралар орындалған соң кіріседі.
     5. Сотқа айдап алып жүру сот (әскери сот) төрағасы бөлім командирі мен қалалық, аудандық ішкі істер орган бастығын жазбаша түрде хабардар өткеннен кейін тоқтатылады. Сотқа айдап алып жүрудің тоқтатылғандығы туралы бөлім командирі өмір бойынша баяндайды және бұйрық шығарады.
     6. Сотталушыларды (сотталғандарды) ұстауға арналған жайлар сот органымен ерлер мен әйелдерді, кәмелетке толмағандар мен ересектерді бөлек- бөлеу орналастыру, сондай-ақ өзара қатысуларына тыйым салынған адамдарды жеке дара ұстау қамтамасыз етілуі ескеріле отырып бөлінеді.
     7. Барлық соттардың қызметтік ғимараттары мен олардың сыртқа өтетін тұрақты отырыстары өткізілетін орындарда сот органдарының күш-құралдарымен қамауға алынған және сотталған адамдарды ұстауға арналған камералар, сот мәжілісіне арналған залдар, қарауылдың жеке құрамы орналасуына арналған жайлар жабдықталады. Барлық қызметтік жайлар белгіленген тәртіпте ұсталып, уақытында жөнделуі, және жеткілікті жарықпен қамтамасыз етілуі керек.
     8. Сотталушыларды ұстауға арналған камералар еденге бекітілген орындықтармен, металл торлы терезелермен, берік құлыпталатын есіктермен жабдықталады. Есіктерге қарауыл жайларына тартылған күзет-дабылдық белгі беру қондырғылары орнатылады. Есіктерінде металл торлармен жабдықталған, диаметрі 10 см. қарау терезешелері қондырылады. Жайлар желдеткіштермен, жарықпен жабдықталады. Ажыратқыштар камералардың сыртында, кірер есік жанында орнатылады. Жарық беру нүктелері ұсақ және ірі торкөздермен қоршалады. Сот отырысы залдары сотталушыларды сот құрамы мен қатысушы азаматтардан бөліп тұратын арнайы тұрақты орнатылған металл қоршаулармен жабдықталады. Металл қоршаудағы сотталушыларды ұстауға арналған орын еденге бекітілген орындықтармен жабдықталады. Арнайы жабдықталған сот отырысы залдарының терезелерінде олардың орналастырылған орнына қарамастан торлар орнатылады. Көшпелі сот отырыстары бір-ақ рет өткізілетін пункттерде сотталушыларды орналастыруға арналған орын еденге бекітілген көшірілмелі бөгетпен жабдықталады. Күрделі процестер кездерінде көшпелі отырыстар жабдықталған сот залдарында өткізіледі.
     9. Қарауылдың жеке құрамы үшін бөлініп берілген жайларда жиһаз (стол, орындықтар, отырғыштар, сырт киім ілгіштері, ыдыс және азық-түлік шкафы, қол жуғыш, ауыз су құйылған кіші бөшке) қойылады, бөлімшемен (бөліммен) телефон байланысы, сот залдарындағы бекеттермен сотталғандардың камералары алдында, қарауылдардың қозғалыс бағыттарында және қосалқы есіктер алдында, баспалдақ бөлігі бойымен екі жақты қоңыраулық белгі бергіштері орнатылады. Одан басқа, қарауылдың жүріп ету жолындағы баспалдақ бөліктері мен терезе көздері "рабица" үлгісіндегі торкөзбен қоршалады. Қарауылдың жеке құрамына бөлінген жайларын жабдықтау және қажетті мүлікпен қамтамасыз ету сот әкімшілігіне жүктеледі.
     10. Түзеу колонияларында ұсталушы сотталғандарды соттардың сот отырыстарына айдап алып жүру: түзеу колонияларынан сот орналасқан пункттердегі тергеу изоляторларына (ұсталғандарды қысқа уақытқа ұстауға арналған орындарына) дейін - айдап алып жүру үшін арналған әскери бөлімшемен, осы орындардан сот отырысына - қалалық, аудандық ішкі істер органдары күштерімен, ішкі әскерлер қарауылымен жүзеге асырылады. Сот отырыстары тікелей түзеу колонияларында өткізілгенде құқық тәртібін сақтау және сот құрамы мен басқа қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету түзеу колониясының бастығы мен әскери бөлімше командиріне жүктеледі.
     11. Әрбір сот үшін бөлім штабымен, қалалық аудандық ішкі істер органымен күзету жоспары (күзету сызбасы, күзету орындары табелдері, қарауыл жеке құрамының жауынгерлік есепті тобы) әзірленіп, бекітіледі. Жекелеген жағдайларда сот бөлім штабынан алшақ орналасқан пункттерде бір-ақ рет өтетін көшпелі сот отырыстарының процестерін қамтамасыз етілгенде күзет жоспары осы пунктке қарауылмен бірге келетін бөлім (бөлімше) штабының офицерімен, бірақ міндетті түрде сот процесі басталғанға дейін дайындалады. Бұл жағдайда жоспар бөлім командирінің бекітуінсіз күшіне енеді.
     Ірі және айрықша маңызы бар сот процестерін, әсіресе көшпелі сот отырыстарын қамтамасыз ету үшін бөлім штабымен (қалалық, аудандық ішкі істер органымен) аға жедел ұйымдастырушы бастықпен және сот төрағасымен келісілетін арнайы күзет жоспары дайындалады. Қажет болғанда бұл жоспарда сот отырысы кезеңіне ҰҚК, Ішкіісминнің жедел өкілетті қызметкерлері мен жеке құрамын бөлу көзделеді.
     12. Қамауға алынған адамдармен мен сотталғандарды сотқа айдап алып жүру жөніндегі міндеттерді әскери бөлім (бөлімше), қалалық, аудандық ішкі істер органы соттың, қамау орындары бастықтарының, тергеушілер мен анықтаушылардың жазбаша тапсырыстарының негізінде орындайды.
     13. Қамауда алынған адамдармен мен сотталғандарды сот отырысына айдап алып жүру туралы сот тапсырысы тиісті қамау орнының (тергеу изоляторының, түрменің, түзеу, тәрбие колонияларының, уақытша ұстау изоляторының) бастығына, Қазақстан Республикасы ішкіісминінің ІӘҚББ, әскери бөлім командиріне, қалалық, аудандық ішкі істер органының бастығына оны сот процесі басталғанға дейін 5 тәуліктен кешіктірілмей және кезекті қарауылды жоспарлы теміржол (автожол, әуе) бағыты бойынша жөнелткенге дейін 5 тәуліктен кешіктірілмей алынуы ескеріліп жолданады. Сот отырысы ауыстырылғанда сотталушыларды қайта жеткізу туралы тапсырыс қарауыл бастығы арқылы беріле алады.
     14. Әскери бөлім (бөлімше), қалалық, аудандық ішкі істер органы қызмет көрсетуші сот пен қамауға алынған адамдар мен сотталушыларды ұстау орыны өз араларында жоспарлы бағыттар бойынша қарауыл қозғалысы белгіленбеген әр түрлі елді мекендерде орналасқандарында қамаудағыларды жеткізу туралы сот тапсырысы ТИ, ТМ, УҰИ бастығына, әскери бөлім (бөлімше) командиріне немесе қалалық, аудандық ішкі істер органының бастығына көрсетілген адамдарды сот отырысына жеткізу үшін қажетті уақыт ескеріле отырып жолданады. Бөлім командирінің (қалалық, аудандық ішкі істер орган бастығының) атына берілген тапсырыс қарауыл бөлу үшін негіз, ал ТИ, ТМ, УҰИ бастығының атына берілген тапсырыс қамауға алынған адамдар мен сотталғандарды қарауылға беру үшін негіз болып табылады.
     15. Сот, әскери сот төрағасымен (іс бойынша төрағалық етуші судьямен) қол қойылған және соттың елтаңбалы мөрімен бекітілген айдап алып жүру туралы тапсырыста:
     1) сотталушының тегі, аты және әкесінің аты, туылған жылы, қылмыстық кодекстің қай бабы бойынша айыпталып отырғандығы;
     2) қамаудағыны, сотталғанды ұстау орны, тергеу изоляторының, түрменің, түзеу, тәрбиелеу колониясының, уақытша ұстау изоляторының атауы;
     3) сот ісінің қаралу орны, сот органының атауы және оның орналасу пункті;
     4) сотталушыларды сотқа жеткізу мерзімі (датасы, уақыты), ал Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен көшпелі отырыс үшін, іс ұзақ қаралатын жағдайда сотқа айдап алып жүру мерзімі қараудың әр күніне арналып берілген жаңа тапсырысқа сәйкес ұзарады.
     Егер сот отырысына куә немесе айыпкерлер қатарында басқа іс бойынша қамауда ұсталушы адамдар шақырылатын болса, онда бұл да тапсырыста көрсетіледі.
     16. Сот қарауылы бөлімнен, қалалық, аудандық ішкі істер органынан сотталушыларды тергеу изоляторында (түрмеде, колонияда, УҰИ) қабылдап алу және оларды сотқа сот процессі басталуына 30 минут қалғанға дейін жеткізу мүмкіндігіне ие болуы есептеле отырып шығып кетуге тиіс.
     17. Қарауыл бастығының сот отырысында төрағалық етушіге сотталушылардың сотқа жеткізілгендігі туралы баяндаған сәттен бастап сот отырысы аяқталғанға дейін төрағалық етушінің сотталушыларды ұстау және оларды айдап алып жүру (сот тергеуін өткізудің жаңа орнына, жерді, заттай дәлелдемелерді және с.с. қосымша қарау үшін) жөніндегі барлық нұсқаулары қарауыл бастығы үшін міндетті болып табылады. Бұл жағдайда қарауыл бастығы бөлімше командиріне қалалық, аудандық ішкі істер органы бастығына қарауылды күшейту қажеттілігі туралы баяндайды және уақытша қарауылдың келуімен белгіленген орынға айдап алып жүруді ұйымдастырады.
     18. Сот отырысында жаңа бір адамды қамауға алу бұл туралы соттың үкімі немесе шешімі жарияланғаннан кейін төрағалық етушінің өкімі бойынша қарауыл бастығымен жүзеге асырылады.
     19. Сотталғандарды, соның ішінде жаңадан қамауға алынған адамдарды сот отырысы аяқталғаннан кейін қамау орындарына айдап алып жүруді сот үкімі немесе шешімінің көшірмесі негізінде қарауыл бастығы жүзеге асырады.
     Сотталғандарға, оның ішінде сот отырысы кезінде қамауға алынғандарға қатысты шығарылған үкімнің (шешімнің) резолюциялық бөлімінің көшірмесін дайындау соттағы қарауылды кешіктіретіндей жағдайда, анықталған деректер көрсетілген, мөрмен расталған сот үкімінің (шешімінің) жазбасы төрағалық етушіден алынған соң бұл адамдар қамау орындарына жөнелтіледі.
     20. Төрағалық етушінің ауызша рұқсаты бойынша сот отырысы кезінде қарауыл бастығы сотталушының қорғаушысы, сарапшы, прокурор және сотталушыны куәландырылған дәрігерімен сөйлесуіне рұқсат береді, бірақ сотталушы қамаудан босатылмайды. Көрсетілген адамдардың сотталушымен сөйлесуі кезкелген тілде жүре алады және ережеде белгіленгендей, бос камерада, сот отырысына үзіліс берілген уақытта өтеді.
     Сот қарамағында болған кезеңде сотталушының (сотталғанның) жақын туыстарымен кездесуі ережеде белгіленгендей, қамауға алынғанның тергеу изоляторында, түрмеде немесе колонияда ұсталған уақытында ғана сот төрағасымен немесе сот мәжілісінде төрағалық етушімен, рұқсат етіледі. Сот мекемелерінде сотталушылар үшін сауқат қабылданбайды.
     21. Сотпен ақтау үкімі шығарылғанда немесе сотталушыға қатысты оның күзеттен босатылуымен алдын алу шаралары өзгертілгенде қарауыл бастығы бұл адамды сот залында дереу босатады, бұл жағдайда төрағалық етуші айдап алып жүру тапсырысына мөрмен бекітілген тиісті жазба жасайды.
     22. Сот отырысында төрағалық етушіден алынған сотталушылар мен құжаттарды ұстау орындарына тапсырғанда, қарауыл тапсырысы тергеу изоляторы (түрме, колония, қалалық, аудандық ішкі істер органы) бойынша кезекшінің қолхатымен ресімделеді және мөрмен бекітіледі. Сот процесі кезінде қамауға алынған сотталушылардың (сотталғандардың) тегі тапсырысқа енгізіледі.
     23. Сот отырысы үшін көшпелі комиссия жұмыс істеу пунктіне келген соң, қарауыл бастығы қалалық, аудандық ішкі істер органы бастығынан сотталғандарды қысқа мерзімде ұстау орындарын, оларды айдап жүру үшін көлік құралдарымен қамтамасыз ету, жеке құрамның қаруын уақытша сақтай тұруға қабылдау және қарауыл құрамының дем алуы мен түнеуге орналастырылуына байланысты мәселелерді сондай-ақ, сот отырыстарын өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі шараларды анықтайды. Сот отырысында төрағалық етушіге сотталушылар арнайы көліктен шығарылмай тұрып олардың жеткізілгендігі туралы баяндайды, сот отырысына, қарауылдың жеке құрамына және сотталушыларды ұстауға бөлінген жайды қарап шығады. Сот отырысы залында күзету шарттары мен айдап алып жүру бағыттарын анықтайды. Күзету жоспарына сәйкес қарауылдың жауынгерлік қызметін ұйымдастырады.
     24. Сот процесінің көшпелі отырыс мерзімі өзгертілген жағдайда, сот отырысының аралығындағы үзілістер кезінде сотталушылар ең жақын тергеу изоляторына, түрмеге немесе УҰИ, қалалық, аудандық ішкі істер органына қолхат алу арқылы тапсырылады. Мұндай мүмкіндік болмағанда күзет қарауылмен сот процесі өтіп жатқан ғимаратта белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
     Егер сотталушылар соттардың көшпелі отырыстарын өткізу пункттеріне жоспарлы бағыттар бойынша қарауылдармен жеткізіліп, қалалық, аудандық ішкі істер органының УҰИ-на тапсырылып, сот қарауылы жеке келетін болса, ондай жағдайда сотталушылардың сотқа жеткізілуі үшін арнайы көлік пен қарауылды қалалық, аудандық ішкі істер органы бөледі.
     25. Сот процесі аяқталған соң, айдап алып жүру үшін алынған сотталғандарды қарауыл алдын ала қамауға алу орындарына тапсырады. Қарауыл іс қарау үшін басқа аудандарға көшпелі сот отырысы мен бірге барғанда, сотталғандарды әрі қарай айдап алып жүру үшін жақын жердегі ішкі істер органдарының тергеу изоляторына, түрме немесе уақытша ұстау изоляторына тапсырады. Ерекше жаза шарасы - өлім жазасына сотталғандар - оларға үкім шығарылып жарияланғаннан кейін облыс орталықтарында орналасқан тергеу изоляторлары мен түрмелерге, ал жекеленген жағдайларда, осы санаттағы сотталғандарды ұстауға мүмкіндігі бар болса, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің басқа мекемелеріне айдап апарылады.
     26. Көшпелі сот отырысының іс қараған кезеңінде қарауылдың жеке құрамы мен сот есебіндегі сотталушыны және сот қарауын өткізу орнына барар жолда оларды орналастыру қамауға алынған адамдар мен сотталғандарды ұстау орындарының әкімшілігіне, ал УҰИ-нда болу кезеңінде қалалық, аудандық ішкі істер органына жүктеледі.
     27. Сот үкімі (қаулысы) көшірмелерін сотталғандар үкімі шығаратын күні ұсталатын қамау орындарының әкімшілігіне жолдайды.
     Егер үкім (қаулы) үзіндісі 120 сағат ішінде табыс етілмесе қамау орнының әкімшілігі тиісті сот төрағасына дереу хабарлауға міндетті.
     28. ТИ жедел режимдік аппараты, әскери бөлімдердің штабы сот қарауылын сотталушылар (сотталғандар) арасындағы криминогендік жағдай туралы ұдайы хабардар етуге тиіс. Қашып кету, сот құрамына немесе қарауылға шабуыл жасау немесе басқа кісілердің сотталушыларды босату әрекеттері әзірленіп жатқандағы туралы дерек алғанда сот төрағасымен және ТИ (түрме) әкімшілігімен бірлесіп айдауылды күшейту және сотта іс тыңдау немесе ТИ (түрмеге) ауыстыру туралы мәселелерді шешулері қажет.
     Әйелдерден, мүгедектік белгілері айқын адамдар мен кәмелетке толмағандардан басқаларды УҰО камераларынан, арнайы автомобильден сот мәжілісі залындағы тұрақты темір қоршауларға дейін және кері айдап алып жүргенде қол кісендері пайдаланылады.
     29. Сотталғандарда жаза өтеу үшін тергеу изоляторларынан түзеу колонияларына, түрмелер мен тәрбиелеу колонияларына, сондай-ақ түзеу мекемелеріне тергеу изоляторларына анықтау, тергеу, прокуратура, сот органдарының қарауына айдап алып жүру Қазақстан Республикасы ішкі әскерлерінің темір жол, автомобиль жолдары, әуе қатынастары бағыттары бойынша айдап алып жүруге арналған әскери бөлімдерімен жүргізіледі.
     30. Сотталғандарды жоспарлы бағыттардың облыс орталықтарындағы алмастыру орындарынан 50 километрге дейінгі қашықтықта орналасқан түзеу мекемелеріне айдап алып жүру тәуліктің күндізгі уақытында тергеу изоляторларына апармастан, ал қала көлемі шегінде тәулік бойы жүргізіледі.
     31. Сотталғандарды жаза өтеу орындарынан айдап алып жүруге және оларды ТИ (түрмелерде) ұстау үшін:
     1) ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарында тиісінше ұлттық қауіпсіздік комитетінің басқарма және бөлім бастығымен, ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық басқармасы бастығымен, ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери әуе күштері, әуе қарсы қорғаныс, шекара және ішкі әскерлер бойынша әскери қарсы барлау бөлімінің бастығымен, олардың орынбасарларымен бекітіліп, қадағалаушы прокурормен санкцияланған;
     2) ішкі істер органдарында тиісінше Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің басқарма (бөлім) бастығымен, облыстық Ішкі істер басқармасының бастығымен немесе олардың орынбасарларымен бекітіліп, қадағалаушы прокурорымен санкцияланған;
     3) прокуратура органдарында тиісінше Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының басқарма (бөлім) бастығымен, облыс прокурорымен, Бас әскери прокурорымен, оған бағынышты әскери прокурорлармен немесе көрсетілген адамдардың орынбасарларымен бекітілген дәлелді қаулы негіз болып табылады.
     32. Айдап алып жүру жөніндегі Ішкі істер ұлттық қауіпсіздік комитеті, салық полициясы мен прокуратура органдарының қаулылары, сондай-ақ сот ұйғарымдары тікелей сотталғандарды ұстау орындары бойынша екі дана етіп жолданады; бір данасы қамаудағыны қарауылға беру үшін негіз болып табылып, қамау орындарындағы істерде қалады, ал екіншісі сотталғанның жеке ісіне тігіліп, қамаудағыны арнаулы орынға тапсыру үшін негіз болады.
     33. Қамау орнының әкімшілігі сотталғанды айдап алып жүруге берілген құжат алғанда оны белгіленген тәртіпте арнаулы орынға дереу жөнелтуді ұйымдастырады. Егер қамаудағыны қамау орнының әкімшілігіне қатысты емес себептермен белгіленген мерзімде жөнелту мүмкін болмаса, бұл туралы қамаудағы қарауына жеткізілуі тиіс анықтау, тергеу, прокуратура немесе сот органдарын, сондай-ақ қарауыл бөлінетін әскери бөлім командирін дереу хабардар етеді.
     34. Анықтау, тергеу, прокуратура және сот органдардың тапсырысы бойынша қамауға алынғандарды ұшақпен айдап алып жүру:
     а) аса шұғыл;
     б) басқа қозғалыс құралдарын пайдалануға мүмкіншілік болмаған және тым қашық болған жағдайда.
     Қамауға алынғандарды ұшақпен айдап алып жүру Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі-Ішкі әскерлер қолбасшысының рұқсаты бойынша жасалады.
     35. Анықтау, тергеу, прокуратура немесе сот органдарының шақыртуы бойынша тергеу изоляторына түскен сотталғандар, қажеттілігі өткен соң келген жаза өтеу орындарына қайта жіберілуі керек, ал сот режимнің түрін өзгерткен жағдайда, белгіленген тәртіпте, тиісті режим түріндегі түзеу колониясына (түрмеге) жіберіледі.
     36. Еріксіз түрде емделуге жататын психикалық ауруларды және психикасы уақытша бұзылған адамдар соттың шешімі және прокурордың қаулысы бойынша тергеу изоляторы мен түрмелерден және сотталғандар үшін түзеу колониясының психиатриялық ауруханаларынан тасымалданады:
     а) Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау комитетінің интенсивті бақылауындағы мамандандырылған типті республикалық психиатриялық ауруханаға жоспарлы теміржол бағыты бойынша - жөнелтуші мекемелердің медициналық қызметкерлерінің алып жүруімен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлер қарауылдарымен; жөнелтуші ауруханалардан алмастыру пунктіне дейін және алмастыру пункттерінен-ауруханаларға дейін жөнелтуші және қабылдаушы мекемелердің күш құралдарымен;
     б) психиатриялық ауруханаларға жалпы негізде әдеттегідей бақылаумен жөнелтуші-мекемелердің күш құралдарымен жүзеге асырылады.
     37. Әдеттегідей бақылаудағы психиатриялық ауруханаларда ұсталатын, аурушаң күйде қоғамға қауіпті әрекеттер жасаған, сот шешімі бойынша мәжбүрлі емдеуге жатқызылған психикалық ауруларды қатаң бақылаудағы психиатриялық ауруханаларға тасымалдау жөнелтуші-ауруханалардың орналасқан жеріне ішкі істер органдары қызметкерлерінің алып жүруімен жүзеге асырылады.
     38. Қатаң бақылаумен ауруханалардан психикалық ауруларды ТМД мемлекеттерінің Денсаулық сақтау министрліктерінің келісуімен, ұқсас типті психиатриялық ауруханаларға тасымалдау жөнелтуші-ауруханалардың күш- құралдарымен, осы ауруханаларды күзететін ішкі істер органдары қызметкерлерінің алып жүруімен жүзеге асырылады:
     а) ауруханалардың орналасқан жеріндегі тергеу изоляторына дейін жөнелтуші-ауруханалардың күш-құралдарымен, осы ауруханалар күзетін жүзеге асыратын ішкі істер органдарының қызметкерлерінің еріп жүруімен, одан ары, жоспарлы сапар желістері бойынша - медицина қызметкерлерінің еріп жүруі арқылы Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігінің ішкі әскерлер қарауылдарымен жүзеге асырылады.
     39. Психикалық ауруларды қатаң бақылаудағы психиатриялық ауруханалардан тұрғылықты жерінде орналасқан әдеттегі бақылаудағы психиатриялық ауруханаларға тасымалдау жөнелтуші - ауруханалардың күш-құралдарымен жүзеге асырылады.
     40. Тұрғылықты орны мен қамқоршысы жоқ психиялық ауруларды тасымалдау Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау комитетінің келісімі бойынша жөнелтуші - ауруханалардың күш - құралдарының қатысуымен жүзеге асырылады.

    Қазақтсан Республикасы
     Ішкі істер министрлігінің
     Қылмыстық атқару жүйесі
     департаменті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады