Бюджеттік ұйымдарда кассалық операцияларды жүргізудің уақытша тәртібіне толықтырулар мен өзгерістер

Күшін жойған

Бұйрық Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті 1999 ж. 10 мамыр N 195. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Төрайымының 2005 жылғы 10 маусымдағы N 28 Бұйрығымен.

-------------Бұйрықтан үзінді-----------------

        БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлген тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық департаментi директорының, Қазынашылық комитетi төрайымының кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын...      
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Төрайым

Қазақстан Республикасы Қаржы  
Министрлiгiнiң Қазынашылық   
комитетi төрайымының      
2005 жылғы 10 маусымдағы    
N 28 бұйрығына қосымша     

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
Қазынашылық департаментi директорының, Қазынашылық
комитетi төрайымының күшi жойылған кейбiр
бұйрықтарының тiзбесi

      3. "Бюджеттiк ұйымдарда кассалық операцияларды жүргiзудiң уақытша тәртiбiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi төрайымының 1999 жылғы 10 мамырдағы N 195 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 797 болып тiркелген)...

-------------------------------------

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1997 жылғы 8 қыркүйектегі N 298  V970385_  бұйрығымен бекітілген Кассалық операцияларды жүргізудің уақытша тәртібіне қоса беріліп отырған Толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін. 

      Төрайым 
                                         Қазақстан Республикасы 
                                         Қаржы министрлігі 
                                         Қазынашылық комитетінің 
                                         1999 ж. 10 мамыр N 195 
                                         бұйрығымен бекітілді 

 
        Бюджеттік ұйымдарда кассалық операцияларды жүргізудің 
            Уақытша тәртібіне толықтырулар мен өзгерістер 

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1997 жылғы 8 қыркүйектегі N 298 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік ұйымдарда кассалық операцияларды жүргізудің Уақытша тәртібіне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 22 қыркүйектегі N 433  V980648_  бұйрығымен бекітілген N 1 толықтырулар мен өзгерістерді ескере отырып, мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      1. Уақытша тәртіптің атауындағы, бұдан әрі мәтін бойынша және оған қосымшалардағы "Уақытша тәртіп" деген сөздер "Қағида" деген сөзбен, барлық септеулердегі көпше түрінде болсын және жекеше түрінде болсын пайдаланылатын "бюджеттік ұйымдар", "ұйымдар" деген сөздер ауыстырылатын сөздердің септеуіне және жекеше/көпше түріне сәйкес "мемлекеттік мекемелер" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. "Жалпы ережелер" І бөліміндегі: 
      1) 1.2 тармақта: 
      - екінші азатжолдағы "Дәрі-дәрмектер мен таңу құралдарын сатып алу" деген сөздер "Дәрі-дермектерді және медициналық мақсаттағы басқа да құралдарды сатып алу" деген сөздермен ауыстырылсын; "Тауарларды сатып алуға жұмсалатын басқа да шығыстар" деген сөздерден кейін "және қызметтер" деген сөздер алып тасталсын; "арнайы құралдар" деген сөздер "ақылы қызметті сатудан түсетін қаражат" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      - үшінші азатжолдағы "Тамақ өнімдерін сатып алу" 131 ерекшелік бойынша Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің оқу орындарындағы жетім-студенттердің тамақтануын өтеуге жұмсалатын шығыстар бойынша" деген сөздер алып тасталсын; "заттай мүліктік нәрселердің орнына" деген сөздер "пішімді киім-кешектер орнына" деген сөздермен ауыстырылсын; "азық-түлік сыбағасы" деген сөздер "мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін темекі бұйымдарының орнына ақшалай өтемақы төленетін шығыстар" деген сөздермен ауыстырылсын, "Тағам өнімдерін сатып алу" 131 ерекшелік бойынша деген сөздерден кейін мынадай сөздермен толықтырылсын: 
      "Ерекше шығыстар" 157 ерекшелік бойынша күш-қуат және құқық қорғаудағы ерекше шығыстар бойынша; "Басқа да ағымдағы шығыстар" 159 ерекшелік бойынша сайлау өткізуге жұмсалатын шығыстар бойынша; "Көліктік қызмет көрсетулерін төлеу" 143, "Үйлерге қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді төлеу" 146, "Басқа да қызмет көрсетулер" 149, "Жабдықтарды және құрал-саймандарды ұстау және ағымдағы жөндеу" 151, "Үйлерді, үй-жайларды және ғимараттарды ұстау және ағымдағы жөндеу" 152, "Басқа да ағымдағы шығыстар" 159 және "Жеке тұлғалар көрсететін қызметтер" 163 ерекшеліктерінің жасасқан шарттар бойынша консультанттардың еңбегіне ақы төлеу және еңбек шарты бойынша штаттан тыс қызметкерлерге жалақы төлеуге жұмсалатын шығыстар бойынша және одан әрі мәтін бойынша; 
      - төртінші азатжолдағы "және арнайы құралдар бойынша бюджеттік тыс шоттар" деген сөздер "шоттарының және "Ақылы қызметтерден алынатын қаражат" ағымдағы шоттарының" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2) 1.2-тармақтағы және одан әрі Уақытша тәртіптің мәтіні бойынша барлық септеулердегі көпше түрде болсын және жекеше түрде болсын пайдаланылатын "министрлік (ведомство)" деген сөздер аустырылатын сөздің септеуіне және жекеше/көпше түріне сәйкес "республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      3) 1.3-тармақтағы "бюджеттен тыс қаражат көздері бар" деген сөздер алып тасталсын; 
      4) 1.3-тармақта, одан әрі мәтін бойынша және N 1 қосымшада барлық септеулердегі көпше түрде болсын және жекеше түрде болсын пайдаланылатын "арнайы қаражаттар" деген сөздер ауыстырылатын сөздің септеуіне және жекеше-көпше түріне сәйкес "ақылы қызметтерді сатудан алынатын қаражаттар" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      5) 1.7-тармақта: 
      - бірінші азатжолдағы "бюджеттен тыс қызмет бойынша" деген сөздер "ақылы қызметтерді сатудан түсетін, демеушілік және қайырымдылық көмек, депозиттік сомалар және Алматы қаласы Әкімнің бюджеттен тыс қорлары" деген сөздермен ауыстырылсын, "бюджеттен тыс" сөздері алып тасталсын; 
      - екінші азатжолдағы "бюджеттен тыс" деген сөздер "тиісті" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3. "Уәкілетті банктерде қолма-қол ақшаны алудың тәртібі" ІІ бөліміндегі 2.2-тармақта: 
      - бірінші сөйлемдегі "бюджеттен тыс шоттар" деген сөздер "Ақылы қызметтен түсетін қаражат" ағымдағы шоты", демеушілік және қайырымдылық көмекке арналған шоттар және депозиттік шот" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      - екінші сөйлем мынадай редакциямен ауыстырылсын: 
      "Қолма-қол ақшаны алуға өтінім бюджеттік қаражаттар, ақылы қызметтерді сатудан алынатын қаражаттар, демеушілік немесе қайырымдылық көмек, депозиттік сомалар түріндегі қаражаттар және Алматы қаласы Әкімнің бюджеттен тыс қоры қаражаттары бойынша ақшалай чекпен бірге тапсырылады. Бұл орайда демеушілік және қайырымдылық көмек депозиттік сомалар және Алматы қаласы Әкімінің бюджеттен тыс қоры түріндегі алынатын қаражаттар бойынша бюджеттік сыныптама коды толтырылмайды."; 
      4. "Кассалық кітапты, ақша қаражатын пайдалану кітабын жүргізу тәртібі және ақша қаражатын сақтау қағидасы" IV бөлімінде: 
      1) 4.1-тармақтағы "және бюджеттен тыс қаражаттар" деген сөздер "қаражаттар және ақылы қызметтерді сатудан, демеушілік немесе қайырымдылық көмек және депозиттік сомалар түрінде алынатын қаражаттар" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2) 4.4-тармақтағы "республикалық" деген сөз "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      3) 4.5-тармақтағы "және бюджеттен тыс қорлар үшін" деген сөздер "және ақылы қызметтерді сатудан, демеушілік немесе қайырымдылық көмек және депозиттік сомалар түрінде алынатын қаражаттар үшін" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      5. "Касса ревизиясы және кассалық тәртіпті сақтауға бақылау жасау" V бөлімінде 5.3-тармақта: 
      - екінші азатжолдағы "бюджеттен тыс көздерден" деген "ақылы қызметтерді сатудан, демеушілік және қайырымдылық көмектен, депозиттік сомадан" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      6. "Бюджеттен тыс көздерден түсетін қолма-қол ақшаны мақсатқа сай пайдалануға бақылау кітабы" N 3 қосымшасында: 
      - қосымшаның атауындағы "бюджеттен тыс көздерден" деген сөздер "ақылы қызметтерді сатудан, демеушілік және қайырымдылық көмектен, депозиттік сомадан" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      - 18, 19, 20-бағанның үстіндегі "бюджеттен тыс шоттарға аударуға жататын бюджеттен тыс көздерден кассаға қолма-қол ақша қаражаты түсті" мәтіні мынадай редакцияда жазылсын: "Мынадай шоттарға есепке алу үшін кассаға қолма-қол ақша қаражаты түсті."; 
      - 18-бағандағы "арнайы қаражаттар бойынша" деген сөздер "ақылы қызметтерден түсетін қаражаттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      - 19-бағандағы "депозиттер бойынша" деген сөздер "депозиттік" деген сөзбен ауыстырылсын;
      - 20-бағандағы "тапсырмалар бойынша сома" деген сөздер "демеушілік және қайырымдылық көмек" деген сөздермен ауыстырылсын;
      - 21-баған 22-баған болып саналсын;
      - "Кассаға мынадай шоттарға есепке алу үшін қолма-қол ақша қаражаты түсті" бағанына "Алматы қаласы Әкімнің бюджеттен тыс қоры" 21-бағаны енгізілсін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады