Бюджеттік ұйымдарда кассалық операцияларды жүргізудің уақытша тәртібіне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық Департаменті 1998 жылғы 22 қыркүйек N 433. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 28 қараша N 648 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Төрайымының 2005 жылғы 10 маусымдағы N 28 Бұйрығымен.

  -------------Бұйрықтан үзінді-----------------

        БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлген тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық департаментi директорының, Қазынашылық комитетi төрайымының кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын...      
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Төрайым

Қазақстан Республикасы Қаржы  
Министрлiгiнiң Қазынашылық   
комитетi төрайымының      
2005 жылғы 10 маусымдағы    
N 28 бұйрығына қосымша     

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
Қазынашылық департаментi директорының, Қазынашылық
комитетi төрайымының күшi жойылған кейбiр
бұйрықтарының тiзбесi

      2. "Бюджеттiк ұйымдарда кассалық операцияларды жүргiзудiң уақытша тәртiбiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық департаментi директорының 1998 жылғы 22 қыркүйектегi N 433 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 648 болып тiркелген)...

-------------------------------------

                             Бұйырамын: 
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1997 жылғы 8 қыркүйектегі N 298  V970385_  бұйрығымен бекітілген Кассалық операцияларды жүргізудің уақытша тәртібіне қоса беріліп отырған N 1 толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін. 

      Департамент директоры 

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрлігінің    
Қазынашылық департаментінің
директорының         
1998 жылғы 22 қыркүйектегі 
N 433 бұйрығымен бекiтiлген

Бюджеттік ұйымдарда кассалық операцияларды жүргізудің
уақытша тәртiбiне N 1 толықтырулар мен өзгерiстер 

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық департаментiнiң 1997 жылғы 8 қыркүйектегi N 298  V970385_  бұйрығымен бекiтiлген Бюджеттiк ұйымдарда кассалық операцияларды жүргiзудiң уақытша тәртiбiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1. "Жалпы ережелер" I бөлiмге: 
      1) 1.2.-тармақтың екiншi абзацындағы "айына 50 еселенген есептi көрсеткiштен аспайтын мөлшерде" деген сөздер алынып тасталсын: 
      "159 "Өзге де ағымдағы шығыстар" деген сөздерден кейiн "бiр ай ішінде 
      - бюджеттiк қаражаттар үшiн - 50 еселенген есептi көрсеткiштен; 
      - арнайы қаражаттар үшiн - 100 еселенген есептi көрсеткiштен аспайтын мөлшерде. 
      131 "Тамақ өнiмдерiн сатып алу" ерекшелiгі бойынша Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң оқу орындарында студент-жетiмдердiң тамақтануының өтемақысына жұмсалатын шығыстар бойынша, 134 "Жұмсақ жабдық пен құрал-саймандар сатып алу" ерекшелiгi бойынша заттай мүлiктердiң орнына әскери қызметшiлерге ақшалай өтемақы және 131 "Тамақ өнiмдерiн сатып алу" ерекшелiгi бойынша азық-түлiк сыбаға төлеуге жұмсалатын шығыстар бойынша қолма-қол ақша алуға шектеулер белгiленбейдi."; 
      соңғы екi сөйлем алынып тасталсын; 
      мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын: 
      "Ерекше жағдайларда, лимиттен тыс арнайы қаражаттар бойынша бюджеттiк және бюджеттен тыс шоттардан қолма-қол ақшаларды пайдалануға: 
      - республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын ұйымдардың министрлiктiң (ведомствоның) ұсынымымен берiлген Қазынашылық департаментiнiң жазбаша рұқсаты бойынша және Бюджеттiк департаменттiң келiсiмi бойынша рұқсат етiледi; 
      - лимиттiң өсуiн тиiсті қаржы органымен келiсу арқылы жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдар жүзеге асырады."; 
      2) 1.3.-тармақтағы "қаржы жылына арналған шығыстардың сметасын" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ бюджеттен тыс қаражат көздерi бар ұйымдардың арнайы қаражаттары бойынша кiрiстер мен шығыстар сметасын" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "шығыстар сметасын бекiтумен бiрге бекiтiледi" деген сөздер "бюджеттен жұмсалатын шығыстардың бекiтiлген сметасы, сондай-ақ арнайы қаражаттар бойынша өрiстер мен шығыстар сметасының негізiнде расталады"; 
      3) 1.4.-тармақта: 
      "Жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен ұсталатын" деген сөздерден кейiн және арнайы қаражаттары бар" деген сөздермен толықтырылсын;
      "ақша қалдығының" деген сөзден кейiн "лимиті" деген сөзбен толықтырылсын;
      бұдан әрi мәтiн бойынша "бекiтедi" деген сөз "растайды" деген сөзбен ауыстырылсын:
      "шығыстар сметасын" деген сөздерден кейiн "және арнайы қаражаттар бойынша кiрiстер мен шығыстар сметасын" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 1.5.-тармақтың бiрiншi абзацындағы "бюджеттен бөлiнетiн қаржының бекiтiлген жылдық сомасын" деген сөздерден кейiн "және арнайы қаражаттар бойынша шығыстарын жылдық сомасын" деген сөздермен толықтырылсын;
      "мынадай шекте айқындайды" деген сөздерден кейiн мәтiн:
      "1.5 млн. теңгеден - 10 мың теңге;
      2.5 млн. теңгеден 10 млн. теңгеге дейiн - 30 мың теңге;
      3.10 млн. теңгеден 20 млн. теңгеге дейiн - 50 мың теңге;
      4.20 млн. теңгеден жоғары - 100 мың теңге.";
      мынадай мазмұндағы мәтiнмен ауыстырылсын:
      "1.5 млн. теңгеден - 20 мың теңге;
      2.5 млн. теңгеден 10 млн. теңгеге дейiн - 40 мың теңге;
      3.10 млн. теңгеден 20 млн. теңгеге дейiн - 100 мың теңге;
      4.20 млн. теңгеден жоғары - 150 мың теңге.";
      мынадай мазмұндағы мәтiнмен ауыстырылсын:
      "Егер алдағы жылдың басына қарай арнайы қаражаттар бойынша кiрiстер мен шығыстар сметасы бекiтiлмеген болса, онда бюджеттiк ұйымға сметаны бекiткенше, бiрақ 1 сәуiрден кешiктiрмей кассадағы қолма-қол ақшалардың лимитiн есептеу үшiн 1 тоқсанға арналған сметада көзделген шығыстар сомасын пайдалануға рұқсат етiледі. Қаржы жылының iшiнде 136 және 137 ерекшелiктер бойынша бекiтiлген арнайы қаражаттардың кiрiстер мен шығыстар сметасы өзгерген жағдайда, тиiсiнше кассадағы қолма-қол ақша қалдығының лимитi нақтыланады және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға жеткiзiледi."; 
      5) мынадай мазмұндағы 1.6. және 1.7.-тармақтармен толықтырылсын: 
      1.6. "Бюджеттiк ұйымдар өздерiнiң кассаларында екiншi деңгейдегi банктердiң чегi бойынша алынған қолма-қол ақшаларды ақшаның қызмет көрсететiн банктен алған күнiн есептемегенде, 3 жұмыс күнiнен артық емес күн сақтауға құқығы бар." 
      1.7. "Бюджеттiк ұйымның кассасына тiкелей түсетiн бюджеттен тыс қызмет жөнiндегi қолма-қол ақшалар тиiсті бюджеттен тыс шотқа алдағы уақытта есепке алу үшiн қабылдаған күннен бастап 3 күннен кешiктiрiлмей қызмет көрсететiн банкке тапсырылуы керек. 
      Мұндай қаражаттарды бюджеттен тыс шоттарға оларды алдын ала тапсырмай пайдалануға рұқсат етiлмейдi." 
      2. II бөлiм "Уәкiлеттi банктерде қолма-қол ақша алу тәртiбi": 
      1) 2.1.-тармақта: 
      "чек кiтапшасының мұқабасында жазылған чек кiтапшасын толтыру ережелерiне сәйкес" деген сөздер "Қазынашылықта қызмет көрсететiн бюджеттiк ұйымның шотынан Қазынашылықтың транзиттік шотына ақшаларды аудару төлем тапсырысында көрсетiлген сомада" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      ", оған өзiнiң қолын қояды, басшыға қол қоюға бередi және мөр басады. Реквизиттердiң бәрi толтырылмайынша чекке қол қойып, мөр басуға тыйым салынады." деген сөздер "және оны төлем тапсырысымен бiрге Қазынашылықтың тиiстi органының жауапты атқарушысына бередi." деген сөздермен ауыстырылсын. 
      2) 2.2.-тармақта: 
      "республикалық бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын бюджеттiк ұйымдар тиiстi қазынашылық органдарға, ал жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен ұсталатын бюджеттiк ұйымдар - Бюджеттiк банктің қызмет көрсетушi бөлiмшесiне" деген сөздер "мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын бюджеттiк ұйымдар тиiстi қазынашылық органдарға" деген сөздермен ауыстырылсын, бұдан әрi мәтiн бойынша "қолма-қол ақша" деген сөздердiң алдынан "бюджеттiк және бюджеттен тыс шоттардан" деген сөздермен толықтырылсын; 
      "өтiнiм" деген сөзден кейiн "жекелеген бюджеттiк және бюджеттен тыс қаражаттар бойынша" деген сөздермен толықтырылсын: 
      "(немесе Бюджеттiк банктiң)", "(Бюджеттiк банктiң)" деген сөздер алынып тасталсын; 
      "Қазынашылықтың" деген сөзден кейiн "қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету жөнiндегi" деген сөздермен толықтырылсын; 
      "өтiнiм" деген сөзден кейiн ", төлем тапсырысы" деген сөздермен толықтырылсын; 
      "сонан соң чектi төлеу үшiн банктiң жауапты атқарушысына бередi" деген сөздер мынадай мазмұндағы мәтiнмен ауыстырылсын: "Олардың ресімделуінің дұрыстығын, сондай-ақ әрбiр құжаттың сомалар мен ерекшелiктер бойынша сәйкестiгiн тексерiп, жауапты атқарушы чек берiлген соманы чек түбiртегiнiң бет жағында көрсетiлген сомамен салыстырады және чектiң бет және артқы жағына қол қояды. Тексерiлген және қол қойылған төлем тапсырысы чектер тiзiлiмiн қалыптастыру үшiн операциялық бөлiмнiң жауапты атқарушысына берiледi. 
      Чектердiң тiзiлiмi басшының, жауапты атқарушының қолымен және Қазынашылық мөрiмен расталған чектермен бiрге төлеу үшiн қызмет көрсететiн банкке жiберiледi."; 
      мынадай мазмұндағы абзац енгiзiлсiн: "Бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын және арнайы қаражаттары бар ұйымның есеп айырысу-ақша құжаттарын жүзеге асырған кезде. Қазынашылықтың жауапты атқарушысы бюджеттік және арнайы қаражаттардың есебiнен алатын қолма-қол ақшаның лимиттi сақтауын тексередi (жалпы сомасы 131, 132, 133, 139, 151, 159 ерекшелiктерi бойынша)." Бақылау функцияларын жүзеге асырған кезде Қазынашылық әрбiр бюджеттiк ұйымға айына алатын қолма-қол ақшаларды тiркеу жөнiнде талдама карточка ашады. 
      Қолма-қол ақшаларды бюджеттік ұйымның кассасына уақытылы кiрiске алуға бақылау жасау мақсатында қолма-қол ақшаларға қызмет көрсету жөнiндегi бөлiмнiң жауапты атқарушысы қолма-қол ақшаларды кiрiске алу туралы төленген чектердiң тiзiлiмiмен чек кiтапшасының артқы жағында жазбаларды салыстыруды жүргiзедi. Чек кiтапшасының артқы жағындағы жазбаларға бөлiмнің жауапты атқарушысы қол қояды."; 
      3) 2.3.-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын: 
      4) 2.5.-тармақтағы "(N КО-1 нысаны)" деген сөздер "(N ҚО-3а)" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      мынадай абзацпен толықтырылсын: "Бұдан басқа, чек кiтапшасының артқы жағында 2.2.-тармаққа сәйкес Қазынашылықтың жауапты атқарушысының қолымен расталатын бас бухгалтердiң қолы қойылған кiрiс ордерiнiң нөмiрi мен күнi көрсетiлiп, қолма-қол ақшаларды кассаға кiрiске алу туралы жазба жүргiзiледi." 
      3. III бөлiмде "Қолма-қол ақшаларды қабылдау мен берудiң және кассалық құжаттарды ресiмдеудiң тәртiбi": 
      1) 3.2.-тармақта "ордерлерi" "(N ҚО-2 нысаны)" деген сөздермен толықтырылсын: 
      2) 3.3.-тармақта ескертуде "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң" деген сөздер алынып тасталсын. 
      4. IV бөлiмде "Кассалық кiтапты, ақшаны пайдалану кiтабын жүргізу тәртiбi және ақшаны сақтау ережелерi": 
      1) 4.5.-тармақта "кiтабын" деген сөз "кiтаптарын" деген сөзбен ауыстырылсын; бұдан әрi мәтiн бойынша "нысаналы мақсатқа" деген сөздiң алдынан "бюджеттiк қаражаттар үшiн жекелеген" деген сөздермен толықтырылсын; "бақылау үшiн" деген сөздерден кейiн "және бюджеттен тыс қаражаттар үшiн (N 3-қосымша)" деген сөздермен толықтырылсын: 
      "Барлық ерекшемелер бойынша қолма-қол ақша қалдығының сомасы" деген сөздер "Екi кiтап бойынша қолма-қол ақша қалдығы жиынының сомасы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2) 4.6.-тармақта "Кассалық кiтап пен" деген сөздердiң "орнына Кассалық кiтаптардың дұрыс және уақытылы енгiзiлуiне және" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "бақылау" деген жалғаудан кейiнгi "кiтабын" деген сөз "кiтаптарын" деген сөзбен толықтырылсын; 
      "бақылау кiтабын" деген сөздерден кейiн "(N 2 және N 3-қосымша)" деген сөздермен толықтырылсын. 
      5. V бөлiмде "Кассаны тексеру және кассалық тәртiптiң сақталуын бақылау": 
      1) 5.3.-тармақтың бiрiншi абзацындағы "қаржы бақылау органдары" деген сөздер "Қазынашылық органдары" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2) екiншi абзацтағы "республикалық" деген сөзден кейiн "бюджеттен" деген сөз алынып тасталсын және "және жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген қолма-қол ақшаның, сондай-ақ бюджеттен тыс көздерден түскен ақшалардың", деген сөздермен толықтырылсын. 
      6. Бюджеттiк ұйымдарда кассалық операцияларды жүргiзудiң уақытша тәртiбiнiң қосымшасына өзгерiстер мен толықтырулар 
      N 1-қосымшаға мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      1) 3-бағанның орнына "Жылдық сома" жалпы атауымен 3, 4 және 5-бағандар енгiзiлсiн; 
      3-бағанның атауы "бюджеттен қаржыландыру", 4-бағанның атауы "арнайы қаражаттардан", 5-бағанның атауы "Жиыны" енгiзiлсiн. 
      2) бюджеттен қаржыландырудың және арнайы қаражаттардың жылдық жиын сомасына байланысты "Ел iшiндегi iссапарлар мен қызмет бабындағы жүрiп-тұрулар" 136 және "Елден тысқары iссапарлар мен қызмет бабындағы жүрiп-тұрулар" 137 ерекшелiгi бойынша лимит мөлшерлерi өзгертiлсiн. 
      3) Есеп айырысудың соңындағы "бекітемін" деген сөз жауапты атқарушының аты-жөні мен оның қол көрсетіле отырып, "өзім тексерген сметалардың негізінде растаймын" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      4) "Бюджеттен тыс көздерден түсетін қолма-қол ақшаларды нысаналы мақсат бойынша пайдалануды бақылау кітабы" N 3-қосымшасы енгізілсін. 

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрлігінің    
Қазынашылық департаментінің
1998 жылғы 22 қыркүйектегі
N 433 бұйрығымен бекітілген
Бюджеттік ұйымдарда    
кассалық операцияларды   
жүргізудің уақытша тәртібіне
толықтырулар мен өзгерістерге
N 1-қосымша          

            Кассадағы қолма-қол ақшалардың қалдық лимитін 
                            Есептеу
                   ____________________________
                   (бюджеттік ұйымның атауы) 

  

__________________________________________________________________________
|N|      Ерекшелігі                       |            Жылдық сома         
| |                                       |________________________________
| |                                       | бюджеттен  |   арнайы    |Жиыны
| |                                       |қаржыландыру|қаражаттардан|     
|_|_______________________________________|____________|_____________|_____
|1|                    2                  |     3      |      4      |   5 
|_|_______________________________________|____________|_____________|_____
| |"Ел ішіндегі іссапарлар мен қызмет     |            |             |     
| |бабындағы жүріп-тұрулар" 136           |            |             |     
|_|_______________________________________|____________|_____________|_____
| |"Елден тысқары іссапарлар мен қызмет   |            |             |     
| |бабындағы жүріп-тұрулар"               |            |             |     
|_|_______________________________________|____________|_____________|_____
| |Жиыны                                  |            |             |     
|_|_______________________________________|____________|_____________|_____

   Кассадағы қолма-қол ақшаның қалдық лимиті шығыстар сметасында көзделген 
жылдық сомаға байланысты мынадай мөлшерде белгіленеді:

     1. 5 млн теңгеге дейін          - 20 мың теңге;
     2. 5-тен 10 млн. теңгеге дейін  - 40 мың теңге;
     3. 10-нан 20 млн. теңгеге дейін - 100 мың теңге;
     4. 20 млн. теңгеден жоғары      - 150 мың теңге;

     Министрліктің (ведомствоның),
     бюджеттік ұйымның басшысы:        _____________    _____________
                                        (қолы)            (аты-жөні)     

     199__ жылғы _____________ ________________ мөлшердегі кассадағы
                                (сомасы)
     қолма-қол ақшаның қалдық лимиті өзім тексерген сметалардың негізінде 
     растаймын:     

                         _________________ ________________________________
                            (қолы)         (жауапты атқарушысының аты-жөні)

      Күні 199___ жылғы "___"_____________

     

                                                 Қазақстан Республикасы
                                                   Қаржы министрлігінің
                                               Қазынашылық департаментінің
                                               1998 жылғы 22 қыркүйектегі
                                               N 433 бұйрығымен бекітілген
                                                    Бюджеттік ұйымдарда
                                                  кассалық операцияларды
                                              жүргізудің уақытша тәртібіне
                                             толықтырулар мен өзгерістерге
                                                      N 3-қосымша          

 
                Бюджеттен тыс көздерден түсетін қолма-қол
                    ақшаларды нысаналы мақсат бойынша
                           пайдалануды бақылау
                                 Кітабы

     Ұйымның атауы __________________________________________
     199___ жылғы ________________________ ай     

 __________________________________________________________________________
|N| Операцияның |Күні|Құжат.|Ерекшеліктер бойынша банктен чек бойынша      
| |   мазмұны   |    |тың   |түсетін (шығындалған) қолма-қол ақша          
| |             |    |нөмірі|                                              
| |             |    |      |_____________________________________________
| |             |    |      |111|112|113|121|131|132|133|136|137|139|151|15
|_|_____________|____|______|___|___|___|___|___|___|___|___|___|___|___|9_
|1|      2      |  3 |   4  | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10| 11| 12| 13| 14| 15|16
|_|_____________|____|______|___|___|___|___|___|___|___|___|___|___|___|__
| |Ай басындағы |                                                          
| |қалдық       |
|_|_____________|
| |Кіріс        |                                                          
| |_____________|                                                          
| |Кіріс бойынша|                                                         
| |жиыны        |                                                          
| |_____________|                                                         
| |Шығыс        |                                                         
| |_____________|                                                          
| |Шығыс бойынша|                                                          
| |жиыны        |                                                          
|_|_____________|                                                          
| |Ай аяғындағы |                                                          
| |қалдық       |                                                          
|_|_____________|__________________________________________________________

 таблицаның жалғасы          

                                                                   (теңге) _________________________________________________________________________
|     |Есепке алуға жататын бюджеттен тыс көздерден|Жиынында түскен (банкке
|     |кассаға түскен қолма-қол ақшаны бюджеттен   |тапсырылған) қолма-қол 
|     |           тыс шоттардан                    |        ақша           
|_____|____________________________________________|                       
|жөн с|  "арнайы   |"депозиттерден"| "тапсырыстар" |                       
|т.б. |қаражаттар. |               |    бойынша    |                       
|     |дан"        |               |    сомалар"   |                       
|_____|____________|_______________|_______________|_______________________
|  17 |    18      |       19      |       20      |           21          
|_____|____________|_______________|_______________|_______________________
|_____|____________|_______________|_______________|_______________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады