Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 сәуiрдегi "Акцизделетiн тауарлардың жеке түрлерiн акциздiк алым маркiлерiмен таңбалау туралы" N 431 P990431_ қаулысын жүзеге асыру мақсатында бұйырамын:
1. 1997 жылғы үлгідегi акциздiк алым маркiлерiмен таңбаланған отандық алкоголь өнiмiн қаттауды жүргiзудiң ұсынылған қаулысы бекiтiлсiн.
2. Алматы және Астана қалаларының, облыстардың салық комитеттерi тиiстi аймақтарда 1999 жылдың 1 шiлдесiне дейiн орналасқан кәсiпорындар мен мекемелердегi отандық өндiрушiлердiң алкоголь өнiмдерiн қаттауды жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң кеден комитетiне:
1997 жылғы үлгiдегi акциздiк алым маркілерiмен таңбаланған импорттық алкоголь өнiмдерiн қаттауды жүргiзудiң нұсқауын бiр апта iшiнде министрдiң бекiтуiне әзiрлеп, ұсынсын;
1999 жылдың 1 шiлдесiне дейiн жаңа үлгідегi акциздiк алым маркiлерiмен таңбалауға жататын импорттық өндiрiстiң, сондай-ақ Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер өндiрiсiнiң алкоголь өнiмдерiн қаттауды жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң заң департаментi (Дүйсенбек М.Д.) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң әкiмшiлiк департаментi осы бұйрықты Кеден комитетiнiң, салық полициясы комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алматы және Астана қалаларының, облыстардың салық комитеттерiнiң бiрiншi басшыларына жеткiзсiн полициясы Комитетінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс
министрлігінің Алматы және Астана қалаларының, облыстардың салық комитеттерінің бірінші басшыларына жеткізсін. 6. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Мемлекеттік кіріс министрлігінің вице-министрі У.С. Байжановқа жүктелсін. 7. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді. Министр Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 1 маусым 1999 жылғы N 592 бұйрығымен бекітілген 1997 жылғы үлгiдегi акциз маркiлерiмен таңбаланған отандық алкоголь өнiмiн қаттауды жүргізу туралы Нұсқаулық 1. Жалпы ережелер
1. Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 19.04.99 ж. "Акцизделетiн тауарлардың жеке түрлерiн акциздiк алым маркiлерiмен таңбалау туралы" N 431 P990431_ қаулысына сәйкес әзiрлендi.
2. Жаңа үлгiдегi алкоголь өнiмiнiң акциздiк маркiлерi үш түрге бөлiнедi: арақ, күшейтiлген сусындар және шараптар.
3. Жаңа үлгiдегi акциздiк алым маркiлерiмен таңбалануға жататын алкоголь өнiмдерiн қаттау бiр реттiк сипатқа ие, оларды ары қарай сату үшiн көрсетiлген тауарларды Қазақстан Республикасы аумағында таңбалауға қажет маркiлердi, таңбалануға жататын тауарлардың санын анықтау мақсатында аталған өнiмдердi өндiрудi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың өз күштерiмен жүргiзiледi.
2. Қаттауды жүргiзу тәртiбi
4. Әрбiр кәсiпорында (мекемелерде) тауарларды қаттауды жүргiзу үшiн мына құрамда комиссия құрылады: комиссия төрағасы-бiрiншi басшы немесе оның орынбасары; материалды жауапты адам және басқа қызметкерлер.
5. Комиссия қаттауды жүргiзу тәртiбiнiң сақталуына және уақтылы өткiзiлуiне, заттай тапсырылуының нақты қалдықтары бойынша тауарлар туралы қаттау тiзiм-актiлерiне енгiзiлген мәлiметтердiң толықтығына және дәлдiгiне, қаттау актiлерiнде көрсетiлген тауар атауларының дұрыстығына жауап бередi.
6. Тауарлар туралы мәлiметтер (тауар түрi, саны, данасы) екi данада жасалатын қаттау тiзiм-актiлерiне жазылады. Заңды немесе жеке тұлғалар тiркелген тиiстi салық комитетiне тiзiм-актiнiң бiр данасы жiберiледi.
7. Заңды және жеке тұлғалар жаңа үлгiдегi акциздiк маркаларды алу үшiн тиiстi салық комитетi төрағасының атына өтiнiш бередi.
8. Салық комитетiнiң лауазымды тұлғалары қаттау тiзiм актiлерiнде көрсетiлген кез-келген мәлiметтердiң дұрыстығын тексеруге құқығы бар, сондай-ақ қоймадағы тауарлардың бар болуын таңдай отырып жүзеге асырады.
Тексеру қаттау комиссиясы мүшелерiнiң қатысуымен жүргiзiледi.
9. Тiзiм актiлерде көрсетiлген мәлiметтердiң алкоголь өнiмiнiң нақты қалдығы мен айырмашылығы (сәйкес болмауы) анықталған жағдайда салық комитеттерi қызметкерлерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да төлемдер туралы" 24.04.95 ж. N 2235 Z952235_ Заң күшi бар Жарлығының 3 тармағының 163-бабына сәйкес акт жасайды, есептеу операциясы бойынша есептеу құжаттарында көрсетiлмеген өнiмдердiң құнының 100% мөлшерiнде айыппұл салынады.
Анықталған алшақтықтар түзелгеннен кейiн әрбiр бетте жазылған барлық тауарлардың жалпы санын әрбiр бетке жазбаша көрсете отырып (заттық көрсеткiш) тiзiм-актiнiң әр бетiне қаттау комиссиясының барлық мүшелерi қол қояды.
3. Өтiнiштердi қабылдау және марклердi беру тәртiбi
10. Қазақстан Республикасы аймағында маркiленуге жататын тауарлардың
қаттау тiзiм-актілерi және жаңа үлгiдегi акциздiк маркiлердi алу туралы өтiнiштер заңды немесе жеке тұлғалар тiркелген тиiстi салық комитеттерiне ұсынылады. Содан кейiн жергiлiктi салық комитеттерi жиналған тiзiм-актiлердi ресiмдейдi де жаңа үлгідегi акциздiк маркiлердi алу үшiн тиiстi облыстық салық комитеттерiне жiбередi. 11. Заңды және жеке тұлғаларға акциздiк алым маркiлерiн берудi салық комитеттерi келесi құжаттарды ұсынғанда жүргiзедi: акциздiк алым маркiлерiн алу туралы өтiнiш; заңды және жеке кәсiпкер ретiндегi мемлекеттiк тiркеу куәлiгi (көшiрме); салық комитетiнен салық төлеушi ретiнде тiркелгенi туралы анықтама; тиiстi қызмет түрiне лицензия (көшiрме); 1999 жылдың 1 шiлдесiндегi алкоголь өнiмiн қаттау тiзiм-актiсi; акциздiк марка үшiн қаржы аударылғаны туралы төлем тапсырмасы; акциздiк маркiлердi алу үшiн сенiм хаттар; маркiлердi беру журналында тiркелген акциздiк алым маркiлерiн алушы адамның жеке тұлғасын куәландыратын құжаттар.
12. Салық полициясы Комитетiнiң басқармалары тәркiлеген алкоголь өнiмiн таңбалау үшiн акциздiк алым маркiлерiн беру, ұсынылған өтiнiш негiзінде, сондай-ақ келесі құжаттарды көрсеткен жағдайда жүргiзiледi:
акциздiк алым маркiлерiнiң көрсетiлген санын алу үшiн мөрмен
расталған, бiрiншi басшы және бас есепшi қол қойған салық полициясы Комитетiнiң басқармалары маркi алушының атына берген сенiм хаттың түпнұсқасы; тәркiленген алкоголь өнiмдерiн сату үшiн салық полициясы Комитеттерi басқармаларымен келiсiмдер; 1999 жылдың 1 шілдесiне дейiнгi заңда және жеке тұлғалардың тәркiленген алкоголь өнiмiн қаттау тiзiм-актiсi; РМК-ның есеп шотына акциздiк алым маркiлерiнiң төлемдерi бойынша қаржының түскенi туралы белгi қойылған төлем тапсырмасының көшiрмесi; акциздiк алым маркiлерiн алушы тұлғаның қызметтiк куәлiгi; акциздiк алым маркiлерiн алушы тұлғаның куәлiгi немесе төлқұжаты. 13. Салық комитеттерi заңды және жеке тұлғаларға акциздiк алым маркiлерiн берудi ұсынылған өтiнiштерге сәйкес қатаң түрде жүзеге асырады. 4. Акциздiк алым маркiлерін жою тәртiбi 14. Кәсiпорындар мен мекемелерде маркiлеу процесiнде пайдаланылмаған 1997 үлгідегi акциздiк маркiлер бар болса оларға жеке тiзiм-актiлер жасалады. 15. Пайдаланылмаған 1997 үлгiдегi акциздiк маркiлер жағу арқылы жоюға жатады. 16. Пайдаланылмаған акциздiк маркiлер тиiстi салық комитетiнiң бiрiншi басшысының бұйрығымен белгiленген орында, комиссияның қатысуымен жойылады.
17. Пайдаланылмаған акциздiк маркiлердi жою комиссиясының құрамын тиiстi салық комитетiнiң бiрiншi басшысы бекiтедi, құрамы бес адамнан кем болмауы тиiс.
18. Пайдаланылмаған 1997 үлгiдегi акциздiк маркiлердi жою комиссиясының құрамына мiндеттi түрде бiрiншi басшысы немесе ол өкiлеттiк берген адам, бас есепшi және марканы берген аймақтық салық комитетiнiң материалды жауапты адамы және акциздiк алым маркiлерiн алушы - мекеме өкiлi кiруi керек.
19. Маркiлердiң нақтылы жойылғаны туралы екi данада нөмiрi және жойылған маркiлер саны көрсетiлген жою актiсi құрылады (1-қосымша). Актiнiң әрбiр данасына комиссия мүшелерi қол қояды және тиiстi салық комитетiнiң мөрiмен расталады.
Актiнiң бiр данасы тиiстi салық комитетiнде қалады, актiнiң екiншi данасы екi күн iшiнде Қазақстан Республикасының кiрiс министрлiгiне жiберiледi.
20. Тауарлар маркiленуге жататын қаттау жүргiзбеген тұлғалардан марка алу туралы өтiнiштерiн салық комитеттерi қабылдамайды.
21. 1999 жылдың 1 шiлдесiнен бастап алкоголь өнiмдерiн өндiрудi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар жаңа үлгiдегi акциздiк алым маркiлерiнсiз тауар босатуға құқығы жоқ.
1-қосымша
Төраға _________________________
(салық комитетінің атауы)
________________________________
________________________________ (Аты-жөні)
Акциздік маркілерді алуға
өтініш __________________________________________________________________________ (мекеменің атауы, адресі, банктік реквизиті) __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ акциздік маркаларды мыналарға босатуды сұрайды: __________________________ саны ____________________________________ дана (маркінің типі) (жазбаша) __________________________ саны ____________________________________ дана (маркінің типі) (жазбаша) __________________________ саны ____________________________________ дана (маркінің типі) (жазбаша) Тауарларды шығару үшін қажетті көрсетілген маркілердің саны: __________________________________________________________________________ (өнімнің түрі) Маркіні сатып алу үшін керек ақша Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорын "ҚазАлкоОрталықтың" _____ есеп шотына 1999 жылғы "___" ___________ N ___ төлем тапсырмамен Мына мөлшерде ____________________________________________________________ (мөлшері жазбаша жазылады) енгізілді "Акциздік маркілерді есепке алу, сақтау және сату ережесімен" таныстым. Егер акциздік маркілер жоғалғанда, ұрланғанда және тағы басқа жағдайларда орнатылған акциз мөлшерін бюджетке төлеуге міндеттенемін. Мекеме басшысы ___________________________________________________________ Бас есепші _______________________________________________________________ М.О. РМК "ҚазАлкоОрталықтың" маркі ақшасының түскені туралы белгісі, жауапты адамның қолы, күні
2-қосымша
Акциздік маркілерді жою Актісі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 сәуірдегі "Акцизделетін тауарлардың жеке түрлерін акциздік алым маркаларымен таңбалау туралы" N 431 P990431_ қаулысына сәйкес, біз мына құрамды комиссия: __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ мына мөлшерде _______________________________________________________ дана жағу арқылы жойылуға жататын 1997 жылғы үлгідегі акциздік маркілер жойылды. Соның ішінде: арақтан _____________________________________________________________ дана (маркінің типі, саны) N ________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ күшейтілген сусындар _____________________________________________________________________ дана (маркінің типі, саны) N ________________________________________________________________________ шараптан ____________________________________________________________ дана (маркінің типі, саны) N ________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ Төраға 1) ___________________________________ __________________________________ (қызметі, аты-жөні) (қолы) Комиссия мүшелері: 2) ___________________________________ __________________________________ (қызметі, аты-жөні) (қолы) 3) ___________________________________ __________________________________ (қызметі, аты-жөні) (қолы) 4) ___________________________________ __________________________________ (қызметі, аты-жөні) (қолы) 5) ___________________________________ __________________________________ (қызметі, аты-жөні) (қолы) Оқығандар: Умбетова А.М. Нарбаев Е.А.
Алкоголь өнімін қаттауды жүргізу туралы
Күшін жойғанБұйрық Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Кіріс министрлігі 1999 жылғы 1 маусым N 592 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 15 маусымда тіркелді. Тіркеу N 806. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 846 бұйрығымен. ~V011558
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз