Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы 1999 жылғы 11 маусым N 34. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 шілдедегі N 264 қаулысымен (V032484).

      Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған бағалы қағаздар 1-бабының он екінші бөлігіне сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздар ретінде айқындалған "Бюджеттік жүйе туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 01 көкектегі заңының  қабылдануына байланысты, сондай-ақ зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін кеңейту және зейнетақы активтерін инвестициялау кезінде тәуекелдерді төмендету мақсатында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) қаулы етеді:
      1. Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекітілген және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 12 қарашада 642 нөмірмен тіркелген Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына  мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 2-тармақта:
      1) тармақша "эмиссияланған)" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған бағалы қағаздарды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Қағидалардың 3-1 тармақтарының шарттарына сәйкес айқындалған екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге және осы Қағидалардың 3-1 тармақтарының шарттарына сәйкес келетін екінші деңгейдегі банктер шығарған депозиттік сертификаттарға және/немесе бағалы қағаздары "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның ресми тізіміне "А" санаты бойынша енгізілгендердің - 20%-тен көп емес (осы Қағидалардың 5 және 6-тармағымен белгіленген шектеулермен қоса);";
      мынадай мазмұнды 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) осы Қағидалардың 3-1 тармақтарының шарттарына сәйкес келетін шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздары, - 5%-тен көп емес;";
      4) тармақшадағы "Қазақстан қор биржасының" деген сөздер "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 3-1, 3-2 тармақтармен толықтырылсын:
      "3-1. Депозиттік сертификаттарына (ондағы депозиттерге) Компаниялардың инвестициялық басқаруындағы Қордың зейнетақы активтері орналастырылатын банкті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерді (өз капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін бірінші топтағы банктерді қоспағанда) халықаралық стандарттарға өткізу туралы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірінші топқа жатқызу керек не оған аталған нормативтік құқықтық актілердің талаптары қолданылмау керек.
      3-2. Компания рейтингтік бағалауы "АА" ("Standart & Poor's және "Fitch IBCA жіктелу бойынша) немесе "Аа" ("Moody's" жүктелу бойынша) төмен болмайтын шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздарын сатып алуға құқылы.";
      3) 5-тармақта "банктік" деген сөз алып тасталсын;
      4) 6-тармақта:
      "банктік" деген сөз алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Компанияның өз активтерін және оның инвестициялық басқарудағы Қордың зейнетақы активтерін депозиттік сертификатқа (екінші деңгейдегі депозитке) орналастыру мерзімі үш айдан аспау керек. Осы мерзім аяқталғанға дейін Қор (Қордың Басқарушысы) депозиттік сертификатты өтеуге (осы екінші деңгейдегі банктің депозиттік сертификаттарын шығарудың, айналысының және өтеудің шарттарына сәйкес) ұсыну немесе есептелген сомаларды Қордың кастодиандағы инвестициялық шотқа есептеп сала отырып сату керек, ал Қордың кастодиандағы инвестициялық шотқа депозит бойынша депозит сомасындай болып та ол бойынша сыйақы (мүдде) сомасы болып та есептеліп салыну керек.";
      5) 8-тармақта:
      1) тармақша "өз мүдделерінде" деген сөздерден кейін "және Қордан басқа, өзге тұлғалардың мүдделерінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) мынадай мазмұндағы 11-1 тармақпен толықтырылсын:
      "11-1. Осы Қағидалардың 11-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген өтінішті Ұлттық комиссия Осы Қағидалардың 11-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес айқындалған мерзім ішінде алу керек. Егер, осы мерзімнің аяқталуына кемінде екі жұмыс күні қалса, өтініште оның кешіктіріліп ұсынылу себептері болу керек.";
      2. Осы Қаулының қабылданған күннен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін.
      3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Заң басқармасы осы Қаулыны мемлекеттік тіркеу мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
      4. Осы Қаулы күшіне енгізілгеннен кейін үш айдың ішінде зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялар олардың инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерін Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекітілген және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 12 қарашада 642  нөмірмен тіркелген Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларының  (осы Қаулымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) 2-тармағы 3) тармақшасының, 3-1-тармағының және 6-тармағы екінші бөлігінің шарттарына сәйкес келтіруге міндетті екендері белгіленсін.
      5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлімі:
      1) осы Қаулыны зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің назарына жеткізсін;
      2) осы Қаулыны зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін;
      3) осы Қаулыны орындалысына бақылау жасасын.
      6. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны "Қазақстанның қор биржасы" ЖАҚ-ның (оған осы Қаулыны өзінің мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей отырып) және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның назарына жеткізсін.    

     Ұлттық комиссияның Төрағасы    

     Комиссияның мүшелері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады