Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау үшін партиялық тізімдер ұсынған саяси партияның сенім білдірген адамдары мен бастамашыл топтарының мүшелері туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 1999 жылғы 13 шілде N 15/216. Күші жойылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 110/134 қаулысымен.

       "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"  Конституциялық заңның 12, 30 және 31-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: 
      1. Партиялық тiзiмдерiн тiркеген саяси партиялар сайлау науқанын жүргiзген кезде тиiстi саяси партияның өкiлi болып табылатын әрбiр облыста, Астана және Алматы қалаларында сенiм бiлдiрген бiр-бiр адамы болуына құқылы деп белгiленсiн. 
      2. Партиялық тiзiмдерiн тiркеген саяси партиялар сайлау науқанын жүргiзген кезде барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында саяси партиялардың бастамашыл топтарын құрады. Бастамашыл топтардың саны мен олардың сандық құрамын саяси партиялардың өздерi дербес белгiлесiн. 
      3. Партиялық тiзiмдерiн тiркеген саяси партиялардың сенiм бiлдiрген адамдары мен бастамашыл топтарының мүшелерiн тiркеудi және оларға тиiстi куәлiктер берудi облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары жүзеге асырсын.        
      4. Осы қаулы оны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi тiркеген сәттен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
 Орталық сайлау комиссиясының 
           төрайымы   

    Қазақстан Республикасы
 Орталық сайлау комиссиясының
            хатшысы     

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады