Сайлау бюллетеніне саяси партиялар атауларын енгізу туралы жеребе өткізудің Ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 13 шілдедегі N 15/214 қаулысы

      Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 37-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 23.12.2015 № 45/78 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Сайлау бюллетеніне саяси партиялар атауларын енгізу туралы жеребе өткізудің ұсынылған Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі тіркеген сәттен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      төрайымы

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      хатшысы


                          Қазақстан Республикасы Орталық
сайлау комиссиясының 1999 жылғы
13 шілдедегі N 15/214 қаулысымен
бекітілген        

Сайлау бюллетеніне саяси партиялар атауларын
енгізу туралы жеребе өткізудің
Ережесі

      1. Саяси партиялар үшін дауыс беруге арналған сайлау бюллетеніне саяси партиялардың атаулары жеребе арқылы анықталған ретпен енгізіледі.
      2. Жеребе тарту Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (бұдан әрі – Орталық сайлау комиссиясы) отырысында өткізіледі.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 23.12.2015 № 45/78 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Жеребе өткізілген кезде партиялық тізімдер ұсынған саяси партиялардың өкілдері қатысады.
      4. Жеребе өткізудің төмендегі тәртібі белгіленеді:
      1) Орталық сайлау комиссиясының мүшесі (келісім бойынша) мөлшері мен түсі бірдей конверттерге тіркелген партиялардың санымен тең реттік нөмірлер жазылған парақтарды салады. Бір конвертте нөмір жазылған бір ғана парақ болады;
      2) конверттер мөрленіп, араластырылып барлық қатысушылардың көз алдындағы стол үстіне орналастырылады;
      3) әр саяси партияның өкілі кезекпен столдағы кез келген конвертті алып оны ашады, парақта жазылған нөмірді көпшілікке жария етеді;
     4) конверт ішіндегі нөмір - саяси партияның сайлау бюллетеніне енгізілетін нөмірі болып табылады.
     5. Жеребені өткізудің нәтижесі хаттамаға енгізіліп, оған қатысып отырған Орталық сайлау комиссиясының мүшелері қолдарын қояды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады