Зейнетақы активтерiнiң есебiнен сатып алуға рұқсат етiлген қаржы құралдарының тiзбесiн кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) қаулы етеді:
1. Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 12 қарашада 641 нөмiрмен тiркелген Мемлекеттiк зейнетақы жинақтау қорының инвестициялық қызметтi жүзеге асыру
қағидаларына
мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
2-тармақ мынадай мазмұнды 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары шығарған мемлекеттiк бағалы қағаздар (оның iшiнде басқа мемлекеттердiң заңдарына сәйкес эмиссияланған), осы бағалы қағаздардың "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның сауда жүйелерiнде айналысқа жiберу және зейнетақы активтерiнiң есебiнен сатып алуға Ұлттық комиссия Директоратының рұқсат ету шартымен, - 5%-тен көп емес;".
2. Осы Қаулының қабылданған күннен бастап күшiне енетiндiгi белгiленсiн.
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Заң басқармасы осы Қаулыны мемлекеттiк тiркеу мақсатында Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне жiберсiн.
4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлiмi:
1) осы Қаулыны "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетiнiң назарына жеткiзсiн;
2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны "Қазақстанның қор биржасы" ЖАҚ-ның (оған осы Қаулыны өзінің мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей отырып) және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның назарына жеткізсін.
Ұлттық комиссияның Төрағасы
Комиссяиның мүшелері