Банктерге аудит жүргізу жөніндегі есеп беруге қойылатын талаптар туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 18 маусымдағы N 129 Қаулысы. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 229 қаулысымен.

      Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы   N 229   қаулысымен .
________________________________

      Ескерту: Атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен .
      Банктiк аудит мәселесiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы  қаулы етеді
      1. Банктерге аудит жүргізу жөніндегі есеп беруге қойылатын талаптар туралы ереже бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзген күннен бастап күшiне енгiзілсін.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен .
      2. Банктерге аудит жүргізу жөніндегі есеп беруге қойылатын талаптар туралы ереже күшiне енген күннен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 346 қаулысымен бекiтiлген Аудиторлық (банк қызметiн) тексеруге уәкiлеттi аудиторлардың қорытындысына қойылатын негiзгi талаптар туралы және аудиторлар жасайтын қорытындылардың түрлерi туралы ереженiң күшi жойылды деп танылсын.
       Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен
      3. Заң департаментi (Сизова С.И.) Банктiк қадағалау департаментiмен (Жұмағұлов Б.Қ) бiрлесiп осы қаулыны және Банктерге аудит жүргізу жөніндегі есеп беруге қойылатын талаптар туралы ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен
      4. Банктiк қадағалау департаментi (Жұмағұлов Б.Қ.) осы қаулыны және Банктерге аудит жүргізу жөніндегі есеп беруге қойылатын талаптар туралы ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзген күннен бастап екi апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдарына, екiншi деңгейдегi банктерге, аудиторлық ұйымдарға және тәуелсiз аудиторларға, Қазақстан Республикасының Аудиторлар палатасына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бухгалтерлiк есеп және аудит методологиясы департаментiне жiберсiн.
       Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен .
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсiн. 

       Ұлттық Банк Төрағасы  

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 18 маусымдағы 
N 129 қаулысымен    
бекітілген      

  Банктерге аудит жүргізу жөніндегі есеп
 беруге қойылатын талаптар туралы
Ереже 

       Ескерту: Ереженің атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен .

       Ескерту. Барлық мәтін бойынша "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банктің", "Ұлттық Банкке" деген сөздер "уәкілетті орган", "уәкілетті органның", "уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 454  қаулысымен
       Мәтін бойынша "немесе банктік емес ұйымдар", "және банктік емес ұйымдар", "не банктік емес ұйыммен", "немесе банктік емес ұйыммен" деген сөздер алып тасталды  -  ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен

  

                       1-тарау. Жалпы ережелер 

      1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметі  туралы", " Аудиторлық қызмет туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына, басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және банктерге аудит жүргізуге уәкілетті аудитордың және аудиторлық ұйымның (бұдан әрі - аудитор және аудиторлық ұйым) есебіне қойылатын негізгі талаптарды айқындайды.
       Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен

      2. Банк заңдарына сәйкес аудиторлар және аудиторлық ұйымдар банктерге аудитті былайша жүргізеді:
      1) банктердің қаржылық есеп беруін қосқандағы жылдық есепті растау үшін; 
      2) қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) бағалы қағаздар акцияларының эмиссиясының проспекттерiне және бағалы қағаздарды шығару және орналастыру қорытындылары туралы олардың есептерiне сараптама жүргiзу тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын ескере отырып, банктердің бағалы қағаздарын шығару және орналастыру қорытындысы туралы есептердi бекiту үшiн; <*>
      3) банктегi iшкi бақылауды бағалау үшiн. 
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 454  қаулысымен ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен .

      3. Банктерге: 
      1) банк пен аудитордың, аудиторлық ұйымның арасындағы аудит жүргiзу шартында көзделген аудиттің нақты мiндеттерi, мерзiмi және көлемi ескерiле отырып банктің талабы бойынша; 
      2) уәкілетті органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген басқа жағдайларда аудит өткiзiледi. <*>
       Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 454  қаулысымен ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен

      4. Жүргізілген аудит қорытындысы бойынша аудиторлар және аудиторлық ұйымдар банктерде аудит жүргізу туралы есеп (бұдан әрі - есеп) жасайды.
       Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды -   ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен .

      5. Есеп қаржылық есеп беру аудитінің және банкте жасалған барлық аудит түрлерінің қорытындысы бойынша жасалады. Есеп Директорлар кеңесіне және тексеріліп отырған банктің Басқармасына ұсынылады.
      Бухгалтерлік есептің тиісті стандартымен көзделген басқа есептерді ашу түсіндірме жазбада көрсетіледі.
      Қажет болған жағдайда аудиторлық ұйым немесе аудитор аудит бойынша тиісті ұсынымдар жасауы мүмкін.
       Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды -   ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен .

      6. Аудиторлық ұйым немесе аудитор қаржылық есептіліктен басқа осы Ереженiң талаптарына сәйкес мыналарды аудиттейдi: 
      1) банктiң пруденциалдық нормативтердi орындағаны туралы есеп; 
      2) банктiң ең аз резервтiк талаптарды орындағаны туралы есеп; 
      3) активтердiң жiктелуi туралы және шартты мiндеттемелер мен провизияларды қалыптастыру мәлiметтер; 
      4) банктер мен банктiк емес ұйымдардың жылдық есебiне енгiзiлетiн есептілік және мәлiметтер. 

      7. Банктер аудитi оның жоспарлануын қоса алғанда өкiлеттiк берiлген орган бекiткен аудиттiң стандарттарына сәйкес жүргiзiледi, осы Ережемен тiкелей көзделген жағдайлар бұған жатпайды. 
       Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен .

      8. <*>
       Ескерту: 8-тармақ алынып тасталды -   ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен .

      9. Уәкілетті орган нанымсыз мәлiметтер анықталған кезде не есептi қолданылып жүрген заң ережелерiн бұзып жасаған кезде есептi қараудың нәтижесi бойынша аудиторлық ұйымға немесе аудиторға тиiстi ескертпе жiберуге құқылы. 
      Аудитор, аудиторлық ұйым тиiстi ескертпелердi алғаннан кейiн екi апта мерзiм iшiнде банкпен келiсе отырып есептi уәкілетті органға қайта жiберуге мiндеттi.
       Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен

  2-тарау. Есептi жасау тәртiбi 

       Ескерту. 2-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен .

      10. <*>
       Ескерту. 10-тармақ алынып тасталсын - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен .  

      11. Банктер аудитi аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың мына мәселелердi қарауын талап етедi: 
      1) есепке алудағы және есептiлiктегi өткiзiлген банк операцияларының уақтылығын, толықтығын және дәлдiгiн бағалау; 
      2) өткiзiлген банк операцияларының оларды өткiзудiң жалпы шарттарына сәйкес келуiн бағалау, сондай-ақ банк операцияларын өткiзу тәртiбiнiң банктiң iшкi ережелерiне сәйкес келуi; 
      3) банктiң iшкi аудитiнiң (бақылауының) тиiмдiлiгiнiң бағасы; 
      4) жарғылық капиталды қалыптастырудың уақтылығы мен толықтығын тексерудi қоса алғанда пруденциалдық нормативтер мен ең аз резервтiк талаптарды есептеп шығаруға арналған, банк беретiн деректердiң нанымдылығы; 
      5) активтер мен шартты мiндеттемелердiң өткiзiлген жiктелуi мен провизияларды қалыптастырудың барабарлығының бағасы; 
      6) банктiң кастодиандық және сенiмгерлiк (трастық) қызметiн өткiзу;
      7) тәуекелдерді басқару жүйесінің болуын бағалау. <*> 
       Ескерту. 11-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 454  қаулысымен ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен .

      12. Есепке алудағы және есептiлiктегi өткiзiлген банк операцияларының уақтылығын, толықтығын және дәлдiгiн бағалау дегенiмiз қаржылық есептiлiк пен уәкілетті органға тапсырылатын жылдық есептiң аудитiн өткiзу болып табылады. 

      13. Жүргiзiлген банк операцияларының оларды жүргiзудiң жалпы талаптарына сәйкес келуiн, сондай-ақ банк операцияларын жүргiзу тәртiбiнiң банктiң iшкi ережелерiне сәйкес келуiн бағалау барысында: 
      1) банк операцияларын жүргiзудiң жалпы талаптарының және банктің iшкi ережелерiнiң қолданылып жүрген банк заңдарының талаптарына сәйкес келу-келмеу мәселесi тұрғысынан анықтайтын ережелер тексерiледi; 
      2) жоғарыда аталған ережелердiң жүргiзiлетiн банк операцияларына сәйкес болуы тексерiледi. 

      14. Банктiң iшкi аудитiнiң (бақылаудың) тиiмдiлiгiн бағалау банкте жүргiзiлетiн iшкi аудитiнiң (бақылаудың) уәкілетті орган белгiлеген барлық талаптарына сәйкес келуiн тексерудi көздейдi. 

      15. Пруденциальдық нормативтер мен ең аз резервтiк талаптарды есептеу үшiн банк беретiн деректердiң нанымдылығын анықтау барысында: 
      1) пруденциальдық нормативтер мен ең аз резервтiк талаптардың құрамдас бөлiктерi болып табылатын көрсеткiштердiң есебiнiң дұрыстығы тексерiледi; 
      2) пруденциальдық нормативтер мен ең аз резервтiк талаптардың көрсеткiштердiң дұрыстығы анықталады; 
      3) пруденциальдық нормативтердiң және/немесе ең аз резервтiк талаптардың көрсеткiштерiнiң түзетiлуiне негiз болатын сома көрсетiледi. 

      16. Активтер мен шартты мiндеттемелердiң жiктелуiнiң барабарлығын және провизияларды қалыптастыруды бағалаған кезде: 
      1) тексеру банктiң активтерi мен шартты мiндеттемелерiнiң 80 %-тен астамы қамтылуға тиiс; 
      2) актив пен шартты мiндеттеменiң жiктелетiн әрбiр түрi уәкілетті органның активтердi жiктеу мәселесiн оларды реттеуші нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес келу-келмеу мәселесi оларға қатысты тексерiлуге тиiс. 
      Жүргiзген жiктеуге банк түзету енгiзген жағдайда түзетудiң сомасы мiндеттi түрде есепте көрсетiледi.
       Ескерту. 16-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен .

      16-1. Тәуекелдерді басқару жүйесінің болуын бағалау банктің уәкілетті орган белгілеген тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптарға сәйкес тексерілуін көздейді.
      Тәуекелдерді басқару жүйесінің болуын бағалаған кезде:
      1) тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын негізгі және қосымша талаптардың толық тізбесі;
      2) банктің тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын негізгі және қосымша талаптардың әрқайсысына сәйкес келуі бойынша, оның ішінде банктің жан-жақты айқындайтын талаптарға сәйкес келуін қадағалау;
      3) банкті басқару жүйесіндегі, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын негізгі және қосымша талаптар бойынша кемшіліктер;
      4) тәуекелдерді басқару жүйесіндегі кемшіліктерді жою бойынша қажетті іс-шаралар көрсетіледі. <*>
       Ескерту. 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 454  қаулысымен

      17. Аудитор, аудиторлық ұйым тексерудiң нәтижесi бойынша аудит барысында байқалған кемшiлiктердi түзету жөнiнде банктiң басшылығына ақыл-кеңесiн беруге құқылы.

      18. Аудиттi аудиторлық ұйым жүргiзген жағдайда есепке аудиторлық ұйымның бiрiншi басшысы және орындаушы аудиторлар қол қояды, олар аудиторлық ұйымның мөрiмен куәландырылып, датасы қойылады.
      Аудиттi аудиторлар жүргiзген жағдайда Есепке тексеру жүргiзген аудиторлар қол қояды, олар солардың жеке мөрiмен куәландырылып, датасы қойылады.
       Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен .

      19. Есеп тігіледі, соңғы беттiң сыртына "Тiгiлген, нөмiрленген және бет мөрмен бекiтiлген" деген жазба жасалады.
       Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен .   

  3-тарау. Есептiң негiзгi элементтерi       

     20. Есеп үш бөлiмнен тұрады: кiрiспе бөлiм, жалпы бөлiм және қорытынды бөлiм.

     21. Кiрiспе бөлiм мынадай мәлiметтердi қамтуға тиiс:
     1) құжаттың мынадай редакциядағы атауы: "199 ___ жылғы _______
бастап 199___ жылдың _____ жылға дейiнгi жұмыстың қорытындысы 
бойынша .... (банктiң атауы) тексерудiң  нәтижесi жөнiндегi аудитордың есебi";
     2) тексеру жүргiзген аудиторлық ұйым немесе аудитор туралы жалпы мәлiметтер:
     аудиторлық ұйымның атауы немесе тексеру жүргiзген аудитордың аты-жөнi;
     аудиторлық тексеру жүргiзу мерзiмi (аудиторлық тексерудiң басталған және аяқталған күнi);
     уәкілетті органның банкке аудит жүргiзуге арналған лицензиясының нөмiрi және датасы;
     аудиторлық есепке қол қоюға өкiлеттiк берілген адамның аты-жөнi;
     аудиторлық тексеруге қатысқан барлық аудиторлардың аты-жөнi (өкілеттiк берiлген аудиторлар және уәкілетті органның тиiстi лицензиясы жоқ аудиторлар көрсетiле отырып);
     3) тексерiлетiн банк туралы жалпы мәлiметтер:
     банктің атауы;
     мемлекеттiк тiркеуден өткен күнi және тiркеу нөмiрi;
     банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензияның нөмiрi және берiлген күнi;
     филиалдардың саны және олардың орналасқан жерi.
      Ескерту: 21-тармаққа өзгерту енгізілді -   ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен .

     22. Жалпы бөлiмде аудит жүргiзiлген мәселелер тiзiлiмi және аудиторлық ұйым немесе аудитор атқарған жұмыстың сипаттамасы болуға тиiс.

     23. Қорытынды бөлiмде аудиторлық ұйымның немесе аудитордың  тексерiлген есептiлiк бойынша қорытындылары және осы есептiлiкке енгiзiлген барлық түзетулердiң сипаттамасы болуға тиiс.     

  

                  4-тарау. Қорытынды ережелер       

     23. Банк аудит жүргiзуден жалтарған, оған кедергi келтiрген жағдайда уәкілетті орган банк заңдарында көзделген ықпал етудiң шектеулi шаралары мен санкция қолдануға құқылы.

     24. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларына сәйкес шешiлуге тиiс.     

     Қазақстан Республикасы
     Ұлттық Банкінің Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады