Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 855 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктік қызметке аудит жүргізу туралы есеп беруге және банктік қызметке аудит жүргізуге өкілеттік берілген аудитордың, аудиторлық ұйымдардың қорытындысына қойылатын талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" 1999 жылғы 18 маусымдағы N 129 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 454 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 31 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2668. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 229 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы   N 229   қаулысымен .
________________________________

      Қазақстан Республикасының банк заңдарын жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктік қызметке аудит жүргізу туралы есеп беруге және банктік қызметке аудит жүргізуге өкілеттік берілген аудитордың, аудиторлық ұйымдардың қорытындысына қойылатын талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" 1999 жылғы 18 маусымдағы N 129  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 855 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2001 жылғы 19 шілдеде және 2001 жылғы 1 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктік қызметке аудит жүргізу туралы есеп беруге және банктік қызметке аудит жүргізуге өкілеттік берілген аудитордың, аудиторлық ұйымдардың қорытындысына қойылатын талаптар туралы ережеде:
      2-тармақтың 2) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер "қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың 2) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк)" деген сөздер "уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақтағы және бұдан әрі барлық мәтін бойынша "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банктің", "Ұлттық Банкке" деген сөздер "уәкілетті орган", "уәкілетті органның", "уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) тәуекелдерді басқару жүйесінің болуын бағалау.";
      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
      "16-1. Тәуекелдерді басқару жүйесінің болуын бағалау банктің уәкілетті орган белгілеген тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптарға сәйкес тексерілуін көздейді.
      Тәуекелдерді басқару жүйесінің болуын бағалаған кезде:
      1) тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын негізгі және қосымша талаптардың толық тізбесі;
      2) банктің тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын негізгі және қосымша талаптардың әрқайсысына сәйкес келуі бойынша, оның ішінде банктің жан-жақты айқындайтын талаптарға сәйкес келуін қадағалау;
      3) банкті басқару жүйесіндегі, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын негізгі және қосымша талаптар бойынша кемшіліктер;
      4) тәуекелдерді басқару жүйесіндегі кемшіліктерді жою бойынша қажетті іс-шаралар көрсетіледі.".

      2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.

      3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына, Қазақстан аудиторларының палатасына және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығына жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) және Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау басқармасы (Жерембаев Е.Е.) осы қаулыны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басылымдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      5. Операция басқармасы (Төлеутаева Ә.Қ.) қабылданған шешім туралы ақпаратты жариялауға байланысты шығыстарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасының шығыстар сметасының бюджеті есебінен төлейтін болсын.

      6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап төрт күндік мерзімде оны екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады