Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғарғы оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 1999 жылғы 18 маусым N 316 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 28 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 860. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі N 548 бұйрығы. ~V011577

      Қазақстан Республикасының  Z990389_  "Бiлiм туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 24 сәуiрдегi N 464  P990464_  "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк жоғары оқу орындарына студенттер құрамын қалыптастырудың жаңа үлгiсi туралы" қаулысына сәйкес бұйырамын: 
      1. Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiнiң жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерi қосымшаға сай бекiтiлсiн. 
      2. Ішкi iстер министрлiгінiң жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң Академиясының N 2, N 3 және N 4 факультеттерiне оқуға қабылдауды ұйымдастыруға таралады деп белгiленсiн. 
      3. ІІББ, ІІБ, КІІБ бастықтары осы ережелердi жеке құрамға оқытуды ұйымдастырсын және оқуға талапкерлермен таныстырсын. 
      4. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жоғары оқу орындарының басшылары қабылдау емтиханын ұйымдастыру және талапкерлердi оқуға қабылдауда осы Ережелердiң талаптарын қатаң сақтасын. 
      5. Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiнiң 1998 жылғы 7 мамырдағы N 140  V980611_  бұйрығының күшi жойылды деп саналсын. 

      Қазақстан Республикасы 
      Ішкі істер министрі - 
      Ішкі әскер қолбасшысы 
      генерал-лейтенант 

                                          Қазақстан Республикасы
                                         Ішкіісминінің 18 маусымдағы
                                          N 316 бұйрығына қосымша

               Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiнiң 
                   жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерi 

      1. Қазақстан Республикасы Ішкiiсминiнiң жоғары оқу орындарына орта немесе арнайы орта бiлiмi бар, iшкi iстер органдары қызметкерлерiне қойылатын талаптарға жауап беретiн, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. 
      2. Тесттiк сынақ талапкердiң қалауы бойынша қазақ немесе орыс тiлдерiнде жалпы бiлiм беретiн орта мектептердiң оқу бағдарламасының көлемiнде төрт пән бойынша жүргiзiледi. Соның iшiнде қазақ немесе орыс тiлi және Қазақстан тарихы пәндерi болуы мiндеттi. 
      3. Қазақстан Республикасы Ішкiiсминiнiң жоғары оқу орындарына түсушiлер, қабылдау емтиханының алдында, Қазақстан Республикасының  Үкiметiнiң 1999 жылғы 24 маусымдағы N 774 "Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру дайындығының Президенттiк тесттерi туралы" қаулысымен бекiтiлген нормативтерге сәйкес дене шынықтыру дайындығынан сынақ тапсырады. 
      Дене шынықтыру дайындығынан сынақ тапсыра алмағандар, тесттiк сынаққа жiберiлмейдi.           
      4. Қабылдау емтихандары тесттiк сынақ түрiнде мына пәндер бойынша жүргiзiледi:             
     N 0216 "Құқықтану" мамандығы бойынша:
     - жалпы тарих;
     - Қазақстан тарихы; 
     - қазақ немесе орыс тiлi;
     - Математика.
     Негiзгi пән болып Жалпы тарих есептеледi.
     N 3602 "Автоматика, телемеханика және байланыс", N 0713 "Кәсiпорындардағы экономика және менеджмент", N 3004 "Жол қозғалысын ұйымдастыру" мамандықтары бойынша:
     - Физика;
     - Математика;
     - Қазақстан тарихы;
     - Қазақ немесе орыс тiлi.
     Негiзгi пән болып Физика есептеледi.
      Оқу орындарының қабылдау комиссиясы қызметтен қол үзбей оқудың түсу емтихандарының тiзiмi мен өткiзу түрiн белгiлейдi. 
      5. Тест сұрақтарының саны әр пән бойынша - 30. Дұрыс жауап бiр ұпаймен бағаланады. Кешендi тестiлеу пәндерiнен алған талапкердiң жауабының жалпы ұпай саны 40 ұпайдан аз болса "екiге" бағаланады және оқуға қабылдауға жiберiлмейдi. 
      Кешендi тестiлеуге астрономиялық үш сағат берiледi. 
      6. Жоғары оқу орындарының күндiзгi оқу түрiне қабылдау емтихандарының мерзiмi тамыздың 1-нен 10 дейiнгi кезеңде, сырттай оқу түрiне қыркүйектiң 5-нен 15-дейiнгi кезеңде жүргiзiледi. 
      7. Белгiленген үлгіде жоғары оқу орындарына қабылдаудың қорытындысы бойынша статистикалық есеп ІІМ Кадр және тәрбие жұмысы департаментiнiң Оқу орындары басқармасына күндiзгi оқу бойынша тамыздың 20-дейiн, сырттай оқыту бойынша қыркүйектiң 15-дейiн жiберiледi. 
      8. Жоғары оқу орындарына қабылдау мамандықтар және оқу тiлдерi бойынша бөлек, ІІМ, ІІББ, ІІБ, КІІБ бөлген қабылдау орындарын ескере отырып, қабылдау емтихандарының нәтижелерi, медициналық куәландыру мәлiметтерiн ескере отырып конкурстық негiзде жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының ашық жиналысында жүргiзiледi. 
      9. Емтихансыз: 
      - ерекше үлгiдегi аттестат пен кеудеге тағатын белгi "Алтын белгi" иегерлерi оқуға қабылданады.
     10. Ұпайларының көрсеткiштерi бiрдей болған жағдайда оқушылар  қатарына қабылдауға басымдылық құқыққа ие:
     - жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар;
     - қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде қаза тапқан немесе мүгедек болған iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң балалары;
     - iшкi iстер органдары қызметкерлерi, iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi;               
     - жалпы бiлiм беретiн орта мектептi үздiк аттестат пен арнайы орта оқу орындарын үздiк дипломмен бiтiргендер;
     - түсетiн мамандығына сәйкес келген жағдайда, халықаралық  олимпиадалардың, республикалық пән олимпиадалардың сол ағымдағы жылдың жеңiмпаздары - I, II, III дәрежелi дипломмен марапатталғандар;
     - негiзгi пәннен өте жоғары ұпай жинағандар;
     - ауыл тұрғындары.
     Осы ережелерге сәйкес оқуға қабылдануға жеңiлдiк құқығы бар талапкерлер тиiстi құжаттарын тапсыруға мiндеттi.
     11. Қабылдау емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етiлмейдi.
     12. Дұрыс жауаптардың кодтары кешендi тест өткiзiлгеннен кейiн iлiнуi тиiс. Кешендi тест өткiзiлгеннен кейiн бiр тәулiк iшiнде талапкерлердiң назарына тест нәтижелерi берiледi. 
      13. Қабылдау емтихандарының аппеляциясы тест нәтижелерiн жариялағаннан кейiн бiр тәулiк iшiнде берiлуi қажет. Алынған баға қабылдау комиссиясының дәлелдi шешiмiмен ғана өзгертiледi. 
      14. Қабылдау ережелерi, және де қабылдау комиссиясының оқуға қабылдауды ұйымдастыру және өткiзу, емтихандардың кестесi, қабылдау мерзiмi туралы мәлiметтер талапкерлер назарына уақытында берiлуi қажет. 
      15. Қабылдау комиссиясының оқуға қабылдау туралы шешiмi жоғары оқу орны бастығының бұйрығымен ресiмделедi. Қызметтен қол үзiп оқуға қабылданған адамдарды iссапарға жiберуге және сырттай оқуға түскен адамдарды демалыс, басқа да жеңiлдiктер беруге бұйрықтың көшiрмесi негiз болып табылады. 
      16. Конкурстан өтпеген талапкерлер iшкi iстер органдарына, iшкi әскерлердiң әскери бөлiмдерiнiң қарамағына жiберiлiп, қабылданбаған себебi көрсетiлген жеке iстерi қайтарылады.
      17. Оқу орындарында сабақтар жоғары оқу орындарының оқу жоспарында және оқу процесiнiң кестесiнде белгiленген мерзiмдерде басталады. Сабаққа себепсiз 10 күн қатыспаған тыңдаушылар оқудан шығарылады.
     Оқудан шығарылғандардың орнына қабылдау комиссиясы сабақ басталған күннен бастап 1 айдың iшiнде конкурстан өтпеген адамдарды қабылдай алады.

     Қазақстан Республикасы 
     Ішкi iстер министрлiгi
     Кадр және тәрбие жұмысы
       Департаментiнiң
     Оқу орындары басқармасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады