"Сот-сараптамалық қызметті лицензиялау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы Ережені" бекіту туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 1999 жылғы 8 маусым N 41 бұйрық. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрлінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 82 Бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Әділет министрлінің 2010.03.12 № 82 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Сот сараптамасы туралы" Заңның 17, 18 - баптарының талаптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қазандағы N 1021 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау Ережесінің 15 тармағына сәйкес Бұйырамын:
      Ұсынып отырған "Сот-сараптамалық қызметті лицензиялау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы Ереже" бекітілсін.

      Министр

                                           Қазақстан Республикасы
                                            Әділет министрлігінің
                                           1999 жылғы 8 маусымдағы
                                          N 41 бұйрығымен бекітілген

            Сот-сараптамалық қызметті лицензиялау
         жөніндегі комиссияның жұмысы туралы Ереже

      1. Сот-сарамалық қызметтi лицензиялау жөнiндегi комиссия Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 9 қарашадағы N1021 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметiн лицензиялау Ережесiнiң 15 тармағына сәйкес құрылады (одан әрi - Ереже). Z100240
      2. Сот-сараптамалық қызметтi лицензиялау жөнiндегi комиссия (одан әрi комиссия) лицензияны беру, лицензияны керi қайтарып алуға, сондай-ақ тоқтатуға және оның жұмысын қайтадан жаңартуға байланысты мәселелердi шешу мақсатында құрылады.
      3. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N2200 "Лицензиялау туралы" Жарлығын және Ереженi басшылыққа алады.
      4. Комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң сот-сараптама Орталығының өкiлдерi кiредi. Комиссия құрамы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiледi.
      5. Комиссия мына мiндеттердi атқарады:
      лицензиатқа ұсынған мәлiмдеушiнiң талаптарына сәйкес ұйғарымды анықтау;
      лицензияны беру немесе қарсы болу жөнiнде қабылданған шешiм; лицензияны толтыру және беру;
      мәлiмдеушiге лицензия берудiң қабыл алынбауы әрi оның себебiн көрсетiп хабарлау;
      лицензиаттың талаптарына сәйкес бақылауды нығайту Қазақстан Республикасының Заңдарымен Ережелерiнде қамтылған;
      қабылданған шешiмдi қайтарып алу, жедел түрде оның жұмысын тоқтату, сонымен қатар лицензия қызметiн тоқтату әрi жаңарту; лицензиатқа лицензия қызметiн тоқтатқаны (себептерiн анықтай отырып) және қайтадан жаңартқаны жөнiнде хабарлау;
      лицензиялық құжаттардың бланкiлерiн есепке алу және сақтау, лицензия көшiрмесiн және оны тiркеу;
      6. Комиссия мәжiлiсiнiң мерзiмдiлiгi Ереженiң 17 тармағымен белгiленедi.
      7. Комиссия лицензияны беру, лицензияны қайтарып алу жөнiндегi шешiңдi, сонымен қатар оның жұмысын тоқтатып қою, тоқтату және оның қызметiн қайтадан жаңарту iсiн жинақталған құжаттардың непзiнде қабылдайды.
      8. Комиссияның шығарған шешiмiне сәйкестi сот-сараптамалық қызметтi жүзеге асыруға байланысты құқықтық лицензия Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Орталық аппаратында жүргiзiледi, немесе лицензиаттың арызы бойынша оның мекен-жайына сәйкес облыстық Әдiлет басқармаларында жүргiзiледi.
      9. Комиссия жеке тұлғаның сот-сараптамалық қызметiнiң лицензиясы болуы негізiнде iске асырылуына, сараптамалық қорытындыларды рецензиялаудың мерзiмдiлiгiн (кемiнде 1 жылда бiр реттен) анықтауды ұйымдастыру, сондай-ақ сот сараптамалары жөніндегі шағымдарға байланысты бақылауды жүзеге асырады. сараптамалары жөнiндегi шағымдарға байланысты бақылауды жүзеге асырады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады