Алкоголь өнімімен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасаудың тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Бұйрық Мемлекеттік Кіріс Министрлігінің 1999 жылғы 9 тамыз N 204 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 20 тамызда тіркелді. Тіркеу N 872. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 24 қыркүйектегі N Кап-1/6719 хатымен.

      "Этиль спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 429-1 Z990429_ Заңын орындау үшін бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Алкоголь өнімімен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасаудың тәртібі бекітілсін.
      2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
 
      Министр
Мемлекеттік кіріс
министрінің бұйрығымен бекітілген 1999 жылғы 9 тамыз N 204
 
 
                    Алкоголь өнiмiмен (сырадан басқа)
                      бөлшек сауда жасаудың тәртiбi
 
                        1. Жалпы Ережелер
 
      1. Осы Ереже "Этиль спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрленген және алкоголь өнiмiн бөлшек сатуды тәртiпке келтiруге бағытталған.
      2. Алкоголь өнiмiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауды жүзеге асыру бөлшек сауда және қоғамдық тамақтандыру мекемелерiне берiл етiн жеке меншiк түрiне байланыссыз қалалық, аудандық әкiм аппараттары бекiткен тәртiппен алкоголь өнiмiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауға берген лицензиясы болғанда ғана босатылады.
 
                        2. Негiзгi ұғымдар
 
      3. Алкоголь өнiмiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасаудың осы Ережесiнде келесi ұғымдар пайдаланылады:
      1) алкоголь өнiмi - тамақтық өсімдік шикізатынан өндірілген этиль спиртінің 1,5 пайызынан астам көлемдік үлесіндегі тамақ өнімі;
      2) көтерме сату - өкiлеттi орган бекiткен құжаттарға сәйкес, қойма жайларынан шектеусiз көлемдерде алкоголь өнiмiн одан ары сату үшiн босату;
      3) бөлшек сауда - алкоголь өнiмiн оны фискальдық жады бар бақылау-кассалық аппараты болуы кезiнде стационарлық жайлардың жабдықталған сауда алаңдарында, сондай-ақ стационарлық жайлардың жанындағы жазғы алаңдарында тұтыну және коммерциялық емес пайдалану үшiн сату;
      4) сақтау - алкоголь өнiмдерiн қойма жайларында орналастыру (жинақтау);
      5) стационарлық үй-жайлар - су жабдығымен, энергия және канализациямен жабдықталған, iргетасы және оларды ұстап тұрған құрастырмалы залал келтірусіз орнынан қозғау мүмкiн емес iргелi құрылыс, ғимарат не оның бiр бөлiгi;
      6) бөлшек сауданы ұйымдастыру - алкоголь өнiмiнiң бөлшек саудасымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар.
 
                         3. Алкоголь өнiмдерiн сату
 
      4. Алкоголь өнiмiн бөлшек сату белгiленген тәртiппен берiлген лицензиясы болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
      5. Алкоголь өнiмiн сату тек лицензияда көрсетiлген орында ғана сатылады.
      6. Сатып алушыға лицензияның нөмірi осы лицензияны берген орган туралы (сату залына iлу жолымен немесе басқа тәсiлмен), сондай-ақ меншiк иесi немесе ұйым басшысы орнатқан өндiрiстiң жұмыс тәртiбi туралы ақпарат берiлуi керек.
      7. Жекеменшiк формасына байланыссыз, бөлшек сауданы ұйымдастырушылар және қоғамдық тамақтандыру орындары сапасыз алкоголь өнiмдерiн сатқаны үшiн белгіленген тәртiппен жауапкершілікке тартылады.
      8. Сапасына мiндеттi талап қойылған стандартқа сәйкес, техникалық жағдайлары, дәрiгерлiк-биологиялық талаптар мен гигиеналық қорытындысы (сертификат) бар алкоголь өнiмдерi сатылуға жатады. Осы өнiмдердi, соның iшiнде шет елдiк өнiмдердi сатушыда, сертификатты берушi орган мен оның қызмет ету мерзiмi, есептегi және тiркелген нөмірi көрсетiлген, әрбiр өнiмнiң атауына сәйкестiк сертификаты жөнiнде мәлiметтер мазмұндалған меншiк иесiнiң қолы және мөрiмен расталған көлiк жөнелтпе құжаты болуы керек.
      9. Алкоголь өнiмдерiн бөлшектеп сататын ұйымның мiндетi:
      1) фискальды жады бар бақылау кассалық аппараттарын пайдалана отырып, алкоголь өнiмдерiн сатуды жүзеге асыруға;
      2) құқықтық нормативтiк актiлердi басшылыққа ала отырып, адам өмiрiне қауiпсiздiк талаптарын қамтамасыз ету және тұтынушылардың денсаулығын қорғау мақсатында алкоголь өнiмiмен бөлшек сауда жасаумен айналысатын кәсiпорындардың әрекетiн ретке келтiру (орам ада алкоголь өнiмдерiн қабылдау және сақтауға тазалық нормасы мен тәртiбi, ГОСТ - белгiлеген талаптарға сәйкестiгi, өрт қауiпсiздiгiнiң нормасы мен тәртiбi, қоршаған ортаны қорғау, және с.с.);
      3) алғашқы бухгалтерлiк есептi жүргiзу және алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган формада көлiк жөнелтпе құжаттарын ресiмдеуге;
      4) сақтау кезiнде алкоголь өнiмдерiнiң сапасын жоғалтпауына жол бермейтiн өнiмнiң тиiстi түрiне арналған нормативтi құжаттар талаптарына сәйкес сақтау шарттарын сақтау;
      10. Алкоголь өнiмiн бөлшек сатуға мына жағдайда тиым салынады:
      1) пайдалану мерзiмi өткен, сондай-ақ пайдалану мерзiмi көрсетiлмеген алкоголь өнiмдерi;
      2) этикеткасы жоқ, лас (iшi немесе сырты), шытынаған белгiсi бар (аузы сынық, жарықшағы бар), тығыны бүлiнген, қалдығы, бөгде қоспасы бар, жалпы лайланған шөлмектер (коллекциялық шараптардан басқа);
      3) шығу тегi белгiсiз;
      4) акциздiк алым маркалары жоқ (сырадан басқа);
      5) он сегiз жасқа толмағандарға;
      6) балалар, оқу мен емдеу - сауықтыру мекемелерi және оған жақын жататын радиусы 100 метрден кем емес аумақтарда;
      7) базарларда, көтерме сауда базарына, дүңгiршiктерде, шатырларда, ларектерде, қолда, лотоктарда, автомашиналарда, сонымен бiрге басқа да белгiленбеген орындарда;
      8) қазiргi стандартқа сәйкес, мемлекеттiк және орыс тiлiндегi таңбалары жоқ болса;
      9) акциздiк алым маркалары жоқ болса;
      11. Алкоголь өнiмiн сатуда сатушы үлгi ретiнде сатылуға қойылған тауарға өнiмнiң атауы, шөлмектiң бағасы мен өлшенген құны енгiзiлген баға көрсеткiштi iледi. Шарап пен сыраны құйып сатқанда баға көрсеткiшке атауы және 1 литрлiк, 0,1 литрлiк (шарапқа қатысты) құны көрсетiледi.
      12. Қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындарында алкоголь өнiмдерi прейскуранттарында сусынның атауы, шөлмектiң сиымдылығы, шөлмектегi бүкiл сиымдылықтың құны, сондай-ақ 100 не 50 грамдық (сырадан басқа) құны.
      13. Сатушылардың, буфетшiлердiң, бармендердiң және алкоголь өнiмiн құйып сатуды жүзеге асыратын басқа да адамдардың жұмыс орны талапқа сай сауда құрал жабдықтарымен, өлшеуiш инвентарьмен, ыдысаяқпен жабдықталған болуы керек.
      14. Сатушы алкоголь өнiмiн сатуды жүргiзгенде алушыға төлеген кассалық чектi мiндеттi түрде беруi керек.
      15. Алкоголь өнiмiмен бөлшек сауда жасаушы мекемелер бөлшек сауда жасауға арналған сауда алаңдарында алкоголь өнiмiнiң көтерме саудасын жасауға құқығы жоқ.
      16. Алкоголь өнiмiмен бөлшек сауда жасаушы мекемелер алкоголь өнiмiн тек, сақтауға және көтерме сатуға лицензиясы бар мекемелерден сатып алуға мiндеттi. Алкоголь өнiмiн өндiрушiлер өздерiне жататын зауыттардан алынған алкоголь өнiмiн мiндеттi түрде арнаулы фирмалық магазиндерiнде сатуы керек.
      17. Бөлшек сауда жасаушы мекемелер алкоголь өнiмiн сақтауға және көтерме сатумен айналысатын мекемелерден алкоголь өнiмiн сақтауға және сатуға арналған сатушы-мекеменiң бiрiншi басшысының қолымен және мөрмен расталған лицензияның көшiрмесiн мiндеттi түрде талап етуi қажет.
      18. Алкоголь өнiмiмен бөлшек сауда жасаушы мекемелер алған өнiмдерiн тек қана магазиннiң аймағында орналасқан қойма жайларында сақтауына болады.
 
           4. Бақылау және осы Ереженi сақтамағаны үшiн жауапкершілiк
 
      19. Алкоголь өнiмiнiң бөлшек саудасының осы Ережесiн бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының қазiргi заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
      20. Қазақстан Республикасының белгiленген заңдарына сәйкес Осы Ережедегi талаптардың сақталуына бақылау жасауды өкiлеттi органдар, сонымен бiрге белгiленген тәртiппен салық қызметiндегiлер, iшкi iстер, әкiмшiлiк аппараты жүзеге асырады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады