-------------------Бұйрықтан үзінді---------------- Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
43. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi әкiмшiлiк ережелер туралы" N 43 Нұсқаулығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 1999 жылғы 4 тамыздағы N 929 V990889_ бұйрығы. -----------------------------------------------------
Бүкiл мәтiн бойынша:
"Салық және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер туралы" "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы" деген сөздер "Салық және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Жарлық", "Жарлықтың", "Жарлықпен", "Жарлықта", "Жарлыққа" деген сөздер тиiсiнше "Заң", "Заңның", "Заңмен", "Заңда", "Заңға" деген сөздермен ауыстырылсын
III бөлiмде:
2-тармақта "Салық комитетiнiң органдары" деген сөздер "Салық органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
ІҮ бөлiмде:
1 тармақтағы екiншi, үшiншi және төртiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке меншігiнде немесе жер пайдалану құқығында жер учаскелерi бар шаруа (фермерлiк) қожалықтары бiрыңғай жер салығын төлеушiлер болып табылады.
Олар үшiн жер ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрудiң негiзгi құралы болып табылатын немесе қызметi ауыл шаруашылық өнiмiн өндiру үшiн жер пайдаланумен байланысты, сондай-ақ өз өндiрiсiнiң ауыл шаруашылық өнiмiн қайта өңдейтiн заңды тұлғалар салықтарды патент негiзiнде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша белгiлейтiн тәртiп бойынша төлей алады.
Патент құнын есептеу кезiнде бюджетке төлеуге жататын салықтар сомасы олар үшiн жер ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрудiң негiзгi құралы болып табылатын немесе қызметi ауыл шаруашылық өнiмiн өндiру үшiн жер пайдаланумен байланысты заңды тұлғалар үшiн 80 процентке азайтылады.";
V бөлiмде:
1 тармақта екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық төлеушiлердi салық есебiне тiркеу мен одан шығаруды Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлейдi.";
4-тармақта:
"Аумақтық салық органы" деген сөздер "аумақтық салық органы" деген сөздермен ауыстырылсын.
"Басқа салық төлеушiлер" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ тұрақты мекеме құрмай Қазақстан Республикасы аумағында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын;
VІII бөлiмде:
2-тармақта:
"Салық төлеушi мыналарға мiндеттi:" деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"- салық есебi бойынша құжаттарды Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң актiлерiне сәйкес жүргiзуге. Салық есебi тек салық салу мақсатында ғана жүргiзiледi және бухгалтерлiк есептiң алғашқы құжаттары мен тiркелiмдерiнiң деректерiне және (немесе) салық салуға жататын немесе салық салумен байланысты объектiлер туралы құжатпен расталған өзге де деректерге негiзделедi.
Салық төлеушi салық есебiндегi есеп айырысуды түзетуге бухгалтерлiк жазба жасамайды;";
екiншi абзац "ол бiткенге дейiн" деген сөздермен толықтырылсын;
төртiншi абзац мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Осы ереже акциздеуге жататын өнiмдердi сататындардан, сондай-ақ Астана, Алматы қалаларында және халқы 100000-нан астам облыстық маңызы бар қалаларда тұрақты орналастырылған үй-жайларда бөлшек сауданы жүзеге асыратындардан басқа, бекiтілген жиынтық салықты патент негiзiнде төлей отырып қызметiн жүзеге асыратын жеке тұлғаларға қолданылмайды.";
Х бөлiмде:
1-тармақта:
төртiншi абзацта "құнды қағаздардың эмиссиясы" деген сөздерден кейiн "және мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрегейлендiру нөмiрiн беру" деген сөздермен толықтырылсын;
жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
роялти бойынша - есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-ы күнiне дейiн. Егер тоқсан үшiн орташа айлық төлемдер 1000 айлық есептi көрсеткiштен аз болатын болса, онда есептi кезең болып тоқсан табылады. Егер тоқсан үшiн орташа айлық төлемдер 1000 айлық есептi көрсеткiштен артық болатын болса, онда есептi кезең болып ай табылады.";
мынадай мазмұндағы сегiзiншi және тоғызыншы абзацтар енгiзiлсiн:
"- жаздырып алынатын бонус бойынша - есептi айдан кейiнгi айдың 10-ы күнiне дейiн;
- коммерциялық табылған бонус бойынша - коммерциялық табу жасалған жылдан кейiнгi жылдың 10 сәуiрiне дейiн;";
1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
бiрыңғай жер салығы бойынша - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлеген нысан бойынша есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызына дейiн;
- әлеуметтiк салық бойынша - ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 15 күнiнен кешiктiрмей;";
мынадай мазмұндағы 2-1 тармағымен толықтырылсын:
"2-1 Әлеуметтiк салық бойынша заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның филиалдары, өкiлдiктерi мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi өзiнiң тұрған жерi бойынша аумақтық салық органына декларация бере алады және салықты өз бетiмен төлеудi жүзеге асыра алады.";
ХI бөлiмде:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) жеткiзiп берудi және (немесе) тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн ақы төлеуді жүзеге асыратын салық төлеушілер салық Қызметінің талабы бойынша жеткiзiп берiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) құны және (немесе) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актiлерiмен белгiленген нысандар бойынша орындаушыға төленген сомалар туралы ақпарат беруге мiндеттi.";
үшiншi абзацтағы "салық комитетi" деген сөздер "аумақтық салық органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
ХІІІ бөлiмде:
үшiншi абзацтағы "салық қызметi органдары" деген сөздер "аумақтық салық органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық төлеушiнiң банк шоттарында теңгемен қаражаты болмаған жағдайда салықтар, айыппұлдар мен өсiмдер бойынша берешектi өндiрiп алу, шетел валюталарына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейтiн теңге бағамын қолдана отырып сол шоттарға аумақтық салық органдарының инкассалық тапсырмалары (өкiмдерi) негiзiнде, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген тәртіп пен шарттарда салық төлеушiнiң банк шоттарындағы шетел валютасындағы қаражаттардан жүргiзiлсiн.";
ХҮІ бөлімде:
1-тармақта:
в) тармақшасындағы екiншi абзацта "үшiншi" деген сөз "оныншы" деген сөзбен ауыстырылсын;
г) тармақшасында "құнды қағаздардың эмиссиясы" деген сөздерден кейiн "және мемлекеттiк тіркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бiрегейлендiру нөмiрiн беру" деген сөздермен толықтырылсын;
з) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"з) көлiк құралдарына салық бойынша төлем үстiдегi жылдың 1 шiлдесiне дейiн жүргiзіледi, ал көлiк құралдарын тiркеген және қайта тiркеген жағдайларда салық төлеу көлiк құралдарын тiркеу және есепке алу орны бойынша аталған iс-әрекеттер жасалғанға дейiн жүргiзiледi. Үстiдегi жылы иесiнiң өзгеруiне немесе Қазақстан Республикасы аумағында тұратын жерiнiң ауысуына байланысты көлiк құралдары қайта тiркелген кезде салық екiншi рет төленбейдi.";
мынадай мазмұндағы л), м) тармақшаларымен толықтырылсын:
"л) таза кiрiске салық:
- резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесi жиынтық жылдық табыс және есептi жыл үшін жасалған шегерiмдер туралы декларацияны табыс еткен күннен бастап 10 күн iшiнде, бiрақ есептi жылдан кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмей төлейдi.
м) бiрыңғай жер салығы:
- бiрыңғай жер салығы есептi жыл үшiн екi мерзiмде, төлемдер аумақтық салық органдарымен келiсiм бойынша бөлiне отырып есептi жылдың 1 қазанына дейiн және есептi жылдан кейiнгi жылдың наурызына дейiн төленедi;
ХYІІІ бөлімде:
1, 2, 3, 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Салық төлеушiден негiзделген жазбаша өтiнiш алғаннан кейiн аумақтық салық органының басшысы тиiстi қаржы органының басшысымен келiсiм бойынша жергiлiктi бюджетке толық көлемiнде төлеуге жататын салықты және (немесе) айыппұл санкцияларын төлеудiң заңдарда белгiленген мерзiмдерiн бiр салық жылынан асырмай ұзартуға құқылы.
Мысал:
Салық төлеушi мүлiкке салық төлеу мерзiмiн 1997 жылғы 20 тамыздан 1997 жылғы 20 қарашаға дейiн көшiру туралы жазбаша нысанда өтiнiш бередi. Өтiнiште көрсетiлген себептердi салық және қаржы органдары төлемдi төлеу мерзiмiн ұзарту үшiн негiздеген деп тапты.
Бұл ретте төлемдi ұзарту кезеңi 1998 жылғы 31 желтоқсаннан кеш белгiлене алмайды.
Салық төлеушiнiң тiркелу орны бойынша жергiлiктi атқарушы органның өтiнiшiн алғаннан кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталмаған салықты және (немесе) айыппұл санкцияларын төлеудiң заңдарда белгiленген мерзiмдерiн бiр салық жылынан асырмай ұзартуға құқылы.
Салықтарды және (немесе) айыппұл санкцияларын төлеудiң мерзiмiн ұзарту тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
2. Салықтарды төлеу мерзiмiн ұзарту салық төлеушiнi осы тармақтың екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджетке салықты уақтылы енгiзбегенi үшiн өсiм төлеуден босатпайды.
Қызметiнiң жалғыз түрi өндiрiс, жылу тарату мен тасымалдау салаларында қызмет көрсету болып табылатын заңды тұлғаларға салықтарды және (немесе) айыппұл санкцияларын төлеудiң мерзiмдерiн ұзарту кезiнде ұзарту беру кезеңiне өсiм есептелмейдi.
Мысал:
Айталық, жоғарыда айтылған мысалдағыдай фактiлер бар. Алайда, салық төлеушi ұзартудың бүкiл кезеңi iшiнде есептелетiн өсiм төлеуден бюджетке салықты төлеу сәтiне дейiн босатылмайды.
3. Төлеу көзiнен ұсталған, заңды тұлғалардың кiрiстерiнен табыс салығын төлеуге салық төлеушiлерге ұзарту берiлмейдi.
4. Салықтарды және (немесе) айыппұл санкцияларын төлеудiң мерзiмiн ұзарту құқығы құқықты басқа бiреуге берген кезде басқа тұлғаға берiлмейдi.
Мынадай мазмұндағы 4-1 тармағымен толықтырылсын:
"4-1. Салықты және (немесе) айыппұл санкцияларын төлеудiң мерзiмiн ұзарту салық төлеушi оларды төлеу жөнiнде өзiнiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ететiн кепiлдiк бергеннен кейiн берiледi.
Салық органдары мен салық төлеушiлер арасындағы кепiлдiк қатынастарға кепiлдiк туралы жалпы ережелердiң заңмен реттелмеген бөлiгi қолданылады.";
7-тармақтағы мысалда "аудандық инспекцияның" деген сөздер "аумақтық салық органының" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
"9. Акцияларды қосымша эмиссиялау туралы сот шешімi күшiне енген күннен бастап қосымша эмиссияланған акцияларды орналастыру аяқталғанға дейiн салықтар бойынша мерзiмi өткен берешек сомасы бөлiгiнде өсiм есептелмейдi.";
ХХ тарауда:
2 және 3-тармақтар "салық төлеушiлердiң банк шоттары" деген сөздерден кейiн "(заңды және жеке тұлғалардың айырбас бағамының еркiн айналысы режимiне көшумен байланысты теңге депозиттерiн қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
ХХYІІI тарауда: Бесiншi абзацтағы "мынадай мөлшердегi - ағымдағы төлемдер" деген сөздерден кейiн "100" деген сан "50" деген санмен ауыстырылсын; ХХIХ тарауда: 1-тармақтағы "декларация берiлген" деген сөздер "тексеру жүргiзiледi" деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтың мысалындағы, 2, 5, 6 тармақтардағы "100" деген сандар "50" деген сандармен ауыстырылсын. Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.
"Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша әкімшілік ережелер туралы" N 43 Нұсқауға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Күшін жойғанБекітілді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыздағы N 929 бұйрығымен. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 13 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 889. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз