Кредиттік серіктестіктер қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Кредиттік серіктестіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне пруденциалдық нормативтерді және басқа сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуге қажетті ай сайын баланс пен қосымша мәліметтер беру тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енгізілсін.
2. Заң департаменті (Шәріпов С.Б.) Банктік қадағалау департаментімен (Жұмағұлов Б.Қ.) бірлесіп осы қаулыны және Кредиттік серіктестіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне пруденциалдық нормативтерді және басқа сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуге қажетті ай сайын баланс пен қосымша мәліметтер беру тәртібі туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізсін.
3. Банктік қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап екі апта мерзімде осы қаулыны және Кредиттік серіктестіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне пруденциалдық нормативтерді және басқа сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуге қажетті ай сайын баланс пен қосымша мәліметтер беру тәртібі туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына және кредиттік серіктестіктерге жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 17 шілдедегі
N 217 қаулысымен бекітілген
Кредиттік серіктестіктердің
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкіне күн сайынғы баланс
пен пруденциалдық нормативтерді
және басқа сақталуға міндетті
нормалар мен лимиттерді есептеу
үшін қосымша мәліметтер беру
тәртібі туралы
Нұсқаулыққа
N 1 Қосымша
Ескерту: Қосымшаның кестесі толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 436 қаулысымен .
--------------------------------------------------------------------
PR ! BS ! Атауы
--------------------------------------------------------------------
8 001 Несиелер, овердрафтар, вексельдер, факторинг, форфейтинг,
жедел депозит және бір клиент немесе өзара байланыстағы
клиенттер тобы ұсынған қаржы лизингі плюс осы клиенттің
немесе өзара байланыстағы клиенттер тобына байланысты
берілген баланстан тыс міндеттемелер сомасы минус
клиенттің осы кредиттік серіктестіктегі депозиттегі
ақшасы, мемлекеттік құнды қағаздар,Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кепілдігі, сондай-ақ тізбесін Ұлттық Банктің
Басқармасы бекіткен кез-келген рейтингтік агенттіктердің
"А" санатынан төмен түспейтін ұзақ мерзімді, қысқа
мерзімді және/немесе жеке рейтингке ие банктер мен қаржы
ұйымдарының кепілдігі түріндегі міндеттемелері бойынша
қамтамасыз ету сомасы бойынша кредиттік серіктестіктер
алдындағы борыштардың жиынтық сомасы
--------------------------------------------------------------------
8 002 Несиелер, овердрафтар, вексельдер, факторинг, форфейтинг,
жедел депозит және кредиттік серіктестіктің
акционерлерінің қатысушыларының) қаржы лизингіне
ұсынылған плюс осы клиенттерге байланысты берілген
баланстан тыс міндеттемелер сомасы минус клиенттің осы
кредиттік серіктестіктегі депозиттегі ақша, мемлекеттік
құнды қағаздар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кепілдігі, сондай-ақ тізбесі Ұлттық Банктің Басқармасы
бекіткен кез-келген рейтингтік агенттіктердің "А"
санатынан төмен түспейтін ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді
және/немесе жеке рейтингке ие банктер мен қаржы
ұйымдарының кепілдігі түріндегі міндеттемелері бойынша
қамтамасыз ету сомасы бойынша кредиттік серіктестіктер
алдындағы борыштардың жиынтық сомасы
--------------------------------------------------------------------
8 005 Талап ету сомаларына қатысты 2229 есепшотына есептелетін
ақша сомасы
--------------------------------------------------------------------
8 006 Орындау мерзімі көрсетілмеген міндеттемелерге қатысты
2552 есепшоты
--------------------------------------------------------------------
8 007 Орындау мерзімі көрсетілмеген міндеттемелерге қатысты
2851 есепшоты
--------------------------------------------------------------------
8 008 Орындау мерзімі көрсетілмеген міндеттемелерге қатысты
2852 есепшоты
--------------------------------------------------------------------
8 009 Орындау мерзімі көрсетілмеген міндеттемелерге қатысты
2854 есепшоты
--------------------------------------------------------------------
8 010 Орындау мерзімі көрсетілмеген міндеттемелерге қатысты
2855 есепшоты
--------------------------------------------------------------------
8 011 Орындау мерзімі көрсетілмеген міндеттемелерге қатысты
2856 есепшоты
--------------------------------------------------------------------
8 012 Орындау мерзімі көрсетілмеген міндеттемелерге қатысты
2860 есепшоты
--------------------------------------------------------------------
8 013 Орындау мерзімі көрсетілмеген міндеттемелерге қатысты
2870 есепшоты
--------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 17 шілдедегі
N 217 қаулысымен
Бекітілген
Кредиттiк серiктестiктердiң Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкiне ай сайын баланс пен
пруденциалдық нормативтердi және басқа сақталуға
мiндеттi нормалар мен лимиттердi есептеу үшiн қосымша
мәлiметтер беру тәртiбi туралы
Нұсқаулық
Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Президентiнiң " Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы ", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Заң күшi бар Жарлықтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жасалған. Нұсқаулық кредиттiк серiктестiктердiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне (бұдан әрi - Ұлттық Банк) ай сайын баланс пен пруденциалдық нормативтердi және басқа сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi есептеу үшiн қосымша мәлiметтер беру тәртiбiн белгiлейдi.
1-тарау. Кредиттiк серiктестiктердiң ай сайын баланс
және қосымша мәлiметтер беру тәртiбi
1. Кредиттiк серiктестiктер есеп берiп отырғаннан кейiнгi әрбiр келесi айдың бiрiнен кешiктiрмей Ұлттық Банкке:
1) N 1 нысан бойынша бухгалтерлiк балансты;
2) N 1 "Кiрiс және шығыс" нысанына N 1 қосымшаны;
3) N 1 "Шартты және ықтимал талаптар мен мiндеттемелер" нысанға N 2 қосымшаны;
4) N 1 "Балансқа меморандум есепшоты" нысанына N 3 қосымшаны;
5) N 2 нысан бойынша қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есептi;
6) пруденциалдық нормативтердi және басқа сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi есептеу үшiн мәлiметтердi (осы Нұсқаулыққа қосымша) берiп отырады.
2. Кредиттiк серiктестiктер өздерiнде бар электрондық байланыс құралы (шақыруы "аlм statistika" Х-400) арқылы баланстарды, оларға қосымшалар мен балансқа толықтыру мәлiметтерiн (бұдан әрi - баланс) тiкелей Ұлттық Банктiң Есептеу жұмысы департаментiне (бұдан әрi - Есептеу жұмысы департаментi) бередi.
Электрондық байланыс құралдары болмаған жағдайда аймақтық кредиттiк серiктестiктер балансты жоғарыда көрсетiлген мерзiмде тұратын жерi бойынша Ұлттық Банктiң облыстық филиалына берiледi.
Ұлттық Банктiң облыстық филиалы осы ақпаратты өздерiнде бар электрондық байланыс құралы арқылы жергiлiктi уақыт бойынша келесi жұмыс күнi сағат 16-ға дейiн Есептеу жұмысы департаментiне жiбередi.
3. Қағазға жазылып, бiрiншi басшы мен бас бухгалтер (немесе олардың қол қоюға құқығы бар орынбасарлары) қол қойған және кредиттiк серiктестiк мөрмен куәландырған баланс электронда жазылған баланспен бiр мезгiлде арнайы (фельдъегерлiк) байланыс немесе шабарман арқылы Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментiне (бұдан әрi - Банктiк қадағалау департаментi), сондай-ақ кредиттiк серiктестiктердiң тұратын орны бойынша Ұлттық Банктiң облыстық филиалына жiберiледi.
Алматы қаласының және Алматы облысының аумағында орналасқан кредиттiк серiктестiктер, Талдықорған аймағынан басқасы, қағазға жазылған балансты тiкелей Банктiк қадағалау департаментiне жiбередi.
Алматы облысының Талдықорған аймағына орналасқан кредиттiк серiктестiктер қағазға жазылған балансты Ұлттық Банктiң Алматы филиалына жiбередi.
4. Есептеу жұмысы департаментi кредиттiк серiктестiктер электрондық байланыс арналары арқылы ұсынған ақпаратты қабылдайды және өңдейдi. Кредиттiк серiктестiктер Ұлттық Банкке балансты электрондық байланыс құралдары бойынша ұсынғаннан кейiн Есептеу жұмыстары департаментi келесi күнгi сағат 11-ден кешiктiрмей электрондық байланыс арналары бойынша алынған ақпаратты өңдеудiң нәтижелерiн Банктiк қадағалау департаментiне жiбередi.
5. Банктiк қадағалау департаментi қағазға жазылған ақпараттың дұрыс ресiмделуiн және толықтығын тексередi, қағазға жазылған баланстарды Есептеу жұмысы департаментiнен алынған мәлiметтердi өңдеудiң нәтижелерiн ескере отырып, олардың сәйкестiгiн кредиттiк серiктестiктер электрондық байланыс құралдары арқылы жiберген мәлiметтермен тексередi. Кемшiлiктер (сәйкес келмеу) байқалған немесе басқа ескертпелер болған жағдайда Банктiк қадағалау департаментi бұл туралы кредиттiк серiктестiкке хабарлайды. Кредиттiк серiктестiк ескертпелердi ескере отырып, оларды түзету үшiн Банктiк қадағалау департаментi белгiлеген мерзiмде балансты Ұлттық Банкке жiберуге мiндеттi.
6. Кредиттiк серiктестiк бұрынғы ұсынылған ақпаратты нақтылау және толықтыру үшiн кредиттiк серiктестiктiң бiрiншi басшысы және бас бухгалтерi (немесе олардың қол қоюға құқығы) бар орынбасарлары) қол қойған мәлiметтердiң сипаты мен өзгерiстерiн көрсете отырып, шабарман немесе қолда бар байланыс арнасы бойынша Банктiк қадағалау департаментiне хат жiбередi.
2-тарау. Қорытынды ережелер
7. Кредиттiк серiктестiк балансты бермеген немесе осы Нұсқаулықтың 2 тармағында көрсетiлген мерзiмдi бұзған, сондай-ақ ақпараттар толық және/немесе дәл жiберiлмеген жағдайда кредиттiк серiктестiкке банк заңдарында белгiленген ықпал етудiң шектеулi шаралары мен сакциялар қолданылуы мүмкiн.
8. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен реттеледi.
Ұлттық Банк
Төрағасы