Кредиттік серіктестіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ай сайын баланс пен пруденциалдық нормативтерді және басқа сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді есептеу үшін қосымша мәліметтер беру тәртібі туралы нұсқаулыққа толықтыруларды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қаулысы 1999 жылғы 25 желтоқсан N 436. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқарамасының 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 508 қаулысымен.

      Кредиттік серіктестіктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 17 шілдедегі N 217 қаулысымен  бекітілген Кредиттік серіктестіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ай сайын баланс пен пруденциалдық нормативтерді және басқа сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді есептеу үшін қосымша мәліметтер беру тәртібі туралы нұсқаулыққа толықтырулар бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енгізілсін.
      2. Банктерді қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.К.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Кредиттік серіктестіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ай сайын баланс пен пруденциалдық нормативтерді және басқа сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді есептеу үшін қосымша мәліметтер беру тәртібі туралы нұсқаулыққа толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын.
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап екі апта мерзімде осы қаулыны және Кредиттік серіктестіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ай сайын баланс пен пруденциалдық нормативтерді және басқа сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді есептеу үшін қосымша мәліметтер беру тәртібі туралы нұсқаулыққа толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына және кредиттік серіктестіктерге жіберсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жұктелсін. 

     Ұлттық Банк
       Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 25 желтоқсандағы
N 436 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 17 шілдедегі N 217 қаулысымен бекітілген Кредиттік
серіктестіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
ай сайын баланс пен пруденциалдық нормативтерді және басқа
сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді есептеу үшін қосымша мәліметтер беру тәртібі туралы нұсқаулыққа
толықтырулар

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 17 шілдедегі N 217 қаулысымен  бекітілген Кредиттік серіктестіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ай сайын баланс пен пруденциалдық нормативтерді және басқа сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді есептеу үшін қосымша мәліметтер беру тәртібі туралы нұсқаулыққа қосымшаның кестесі мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
--------------------------------------------------------------------
8   005   Талап ету сомаларына қатысты 2229  есепшотына есептелетін
          ақша сомасы     
--------------------------------------------------------------------
8   006   Орындау мерзімі көрсетілмеген міндеттемелерге қатысты
          2552  есепшоты
--------------------------------------------------------------------
8   007   Орындау мерзімі көрсетілмеген міндеттемелерге қатысты
          2851  есепшоты
--------------------------------------------------------------------
8   008   Орындау мерзімі көрсетілмеген міндеттемелерге қатысты
          2852  есепшоты
--------------------------------------------------------------------
8   009   Орындау мерзімі көрсетілмеген міндеттемелерге қатысты
          2854  есепшоты    
--------------------------------------------------------------------
8   010   Орындау мерзімі көрсетілмеген міндеттемелерге қатысты
          2855  есепшоты
--------------------------------------------------------------------
8   011   Орындау мерзімі көрсетілмеген міндеттемелерге қатысты
          2856  есепшоты
--------------------------------------------------------------------
8   012   Орындау мерзімі көрсетілмеген міндеттемелерге қатысты
          2860  есепшоты
--------------------------------------------------------------------
8   013   Орындау мерзімі көрсетілмеген міндеттемелерге қатысты
          2870  есепшоты
--------------------------------------------------------------------

      Ұлттық Банктің
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады