Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 3 мамырдағы N 177 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 14 қыркүйектегі N 496 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 4 қазанда тіркелді. Тіркеу N 919. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2005 жылғы 12 наурыздағы N 78 Бұйрығымен (V053497)

      Бұйырамын: 
      1. "Ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан, демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуден алынатын қаражаттарды, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің депозиттік сомаларын қалыптастыру, пайдалану және есепке алу тәртібі туралы қағиданы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 3 мамырдағы N 177  бұйрығына  мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан, демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуден алынатын қаражаттарды, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің депозиттік сомаларын қалыптастыру, пайдалану және есепке алу тәртібі туралы қағидада: 
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "15. Ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан алынатын қаражаттар бойынша кірістер мен шығыстар сметасын Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі немесе жергілікті қаржы органының басшысы 4 данада бекітеді. 
      Бекітілген сметаның бір данасы сметаны бекіткен ұйымда (Қаржы министрлігі, жергілікті қаржы органы), үш данасы бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне жіберіледі. 
      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекітілген сметаның бір данасын өзінде қалдырады және біреуін тиісті Қазынашылық органына жібереді. 
      Бекітілген сметаға сәйкес Қазынашылық органдары ағымдағы шоттардың және ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан алынатын қаражаттармен жасалатын операциялардың іс-әрекетін ашуды және мерзімін ұзартуды жүзеге асырады."; 
      21-тармақтағы "аумақтық" деген сөз "жергілікті" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "24. Демеушілік және қайырымдылық көмек үшін шоттар ұлттық валютада сияқты шетел валютасында да: (ашылған шоттардың әрекет ету мерзімі ұзартылады) 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті берген рұқсат негізінде; республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мемлекеттік мекемелерге - қазынашылықтың аумақтық органы берген рұқсат негізінде ашылады. Рұқсат тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтініштері және демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетушілердің жазбаша өтініштері негізінде беріледі (бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне, сол сияқты және оның ведомостволық мемлекеттік мекемелеріне. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінішінде оған сәйкес мемлекеттік мекеме демеушілік және қайырымдылық көмек құралдарын пайдаланатын нормативтік құқықтық акті көрсетіледі. Жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге демеушілік және қайырымдылық көмек үшін шоттар 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті қаржы органдарының негізінде ашылады (немесе ашылған шоттардың әрекет ету мерзімі ұзартылады).". 
      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "29. Депозиттік шоттар мемлекеттік мекемелердің уақытша иелігіне түсетін және белгілі бір шарттар туындаған кезде мемлекеттік бюджетке есептелуге немесе қолданылып жүрген заңдарға сәйкес енгізушілерге, сондай-ақ борышкерлерден, үшінші тұлғалардан, борышкерлердің тәркіленген мүлкін сатудан алынатын атқарушы құжаттарды төлеу мақсатында сот атқарушыларының ақшалай сомаларды қабылдауы үшін және оларды өндіріп алушыларға беру үшін аумақтық (облыстық, қалалық, аудандық) органдарға қайтаруға жататын қаражатты есептеу үшін мемлекеттік мекемелердің жұмсау құқығынсыз ашылады. 
      Депозиттік шоттар мемлекеттік мекемелерге мемлекеттік бюджеттің кірісіне тікелей есептеуге жататын және енгізушілерге қайтаруға жатпайтын қаражат үшін ашылады. 
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне сотталғандардың жеке ақшасын есептеу үшін және сотталғандардың заң актілерімен көзделген мынадай шығыстарға: 
      азық-түлік өнімдерін, бірінші кезектегі заттарды сатып алуға; 
      жақын туыстарына және өзге тұлғаларға ақша аударуды жіберуге; 
      халықаралық телефонмен сөйлесуге ақы төлеуге; 
      сауда желісі арқылы әдебиет сатып алуға, газеттер мен журналдарға жазылуға арналған осы қаражатты пайдалану үшін депозиттік шоттар ашылады. 
      Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге ұлттық валютада қаражат есептеу үшін депозиттік шот 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің рұқсаты негізінде Қазынашылық комитетінің аумақтық органдарында ашылады (ашылған шоттың әрекет ету мерзімі ұзартылады). 
      Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге ұлттық валютада қаражат есептеу үшін депозиттік шот 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті қаржы органдарының рұқсаты негізінде Қазынашылық комитетінің аумақтық органдарында ашылады (ашылған шоттың әрекет ету мерзімі ұзартылады). 
      Шетел валютасындағы депозиттік шоттар республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің рұқсат негізінде екінші деңгейдегі банктерде ашылуы мүмкін. 
      Шетел валютасындағы депозиттік сомаларды сақтаудың және пайдаланудың тәртібін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келісімі бойынша тиісті мемлекеттік мекемелер-бағдарламалардың әкімшілері белгілейді. 
      Депозиттік шоттарға Қазынашылық органдары бақылау жасайды. Депозиттік сомалардың тиісті алушыға дұрыс аударылуына мемлекеттік мекеменің басшылары жауап береді. Депозиттік сомалар бойынша смета жасалынбайды.". 
      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "35. Қолма-қол ақшаны депозиттік шотқа есепке алу жөніндегі және депозиттік шоттан қайтару жөніндегі банктік қызмет көрсетуге ақы төлеу мынадай жағдайларды: 
      заттай дәлел ретінде алынған ақшалай қаражаттың және тәркіленген мүлікті сатудан алынған ақшалай қаражаттың депозиттік шотына есептеген кезде және оларды қайтарған кезде банктік қызмет көрсетулерге ақы төлеу прокуратура, алдын ала тергеу, жауап алу және сот сараптамасы органдарының, сондай-ақ салық қызметі органдарының шығыстар сметасы есебінен жүргізіледі; 
      атқарушылық құжаттар бойынша сомаларды өндіріп алушының өтеуі үшін борышкерден алынған сомаларды есепке алу, өндіріп алушының депозиттік шотынан сомаларды беру және қалған сомаларды борышкерге қайтару кезінде, банктік қызмет көрсетуге ақы төлеу борышкердің есебінен жүргізіледі."; 
      көрсетілген Қағиданың 1-қосымшасында: 
      4-ақылы қызмет көрсету коды бойынша: 
      8-баған мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Мемлекеттік білім беру мекемелеріне жататын электр двигателдері мен қазандықтары беретін жылу электр энергияларын босатқаны үшін ақы төлеу"; 
      9-бағандағы "двигателдерінің" деген сөзден кейін "және қазандықтарының" деген сөздермен толықтырылсын; 
      көрсетілген Қағиданың 3-қосымшасындағы "Қазынашылық департаментінің Директоры" және "Басқарма бастығы" деген сөздер тиісінше "Қазынашылық комитетінің Төрағасы" және "Республикалық бюджет бойынша бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының бастығы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      көрсетілген Қағиданың 4 және 5-қосымшалары 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді. 

    Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрінің 
     орынбасары - Қаржы министрі 

                                          Қазақстан Республикасы 
                                           Қаржы Министрлігінің 
                                           1999 жылғы 3 мамырдағы 

                                              N 177 бұйрығына 
                                                  1-қосымша

        Ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан, демеушілік және 
    қайырымдылық көмек көрсетуден алынатын қаражаттарды, сондай-ақ 
     мемлекеттік мекемелердің депозиттік сомаларын қалыптастыру,
          пайдалану және есепке алу тәртібі туралы қағидаға 

                                                      N 4-қосымша

________________________________________________

(ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті, 

Қазынашылықтың аумақтық органы 

жергілікті қаржы органы) 

_______ жылғы " ___ " ________________ N __________ 

     

           Демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету үшін
               шот ашуға (әрекет ету мерзімін ұзартуға) 
                               Рұқсат

_______________________________________________________ бюджетте тұратын 

              (бюджеттің атауы) 

     

________________________________________________________________________ 

                  (мемлекеттік мекеменің атауы) 

     

________________________________________________________________________ 

                       (пайдалану бағыты) 

бағытталатын 

________________________________________________________________________ 

                   (қаражаттардың түсу көздері) 

     

___________________________________________ есептеу үшін демеушілік және 

(валютаның атауы (теңге немесе шет. валютаның түрі) 

қайырымдылық көмек көрсету үшін шот ашуға (демеушілік және қайырымдылық 

көмек көрсету үшін шоттың әрекет ету мерзімін ұзартуға) рұқсат етіледі.

Рұқсат _____________________________________________ ____________ " __ " 

        (бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы) 

_______________________________ N _______ өтініші негізінде берілді және 

__________________________________ дейін әрекет етеді.

      (мерзімі көрсетіледі) 

     

     ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің Төрағасы 

     (Қазынашылықтың (қаржы органының) 

     аумақтық органының басшысы)      ___________________________ (қолы) 

     

     Банктік операциялар бойынша бухгалтерлік 

     есеп және есептілік басқармасының бастығы 

     (қаржы және жиынтық баланстар бөлімінің 

     бастығы (бас бухгалтері)         ___________________________ (қолы) 

     

                      Қазынашылықтың белгілері 

     Шот ашылды ______________________ " __ " _____________ N __________ 

     Операциялық стол бастығы  __________________________________ (қолы) 

     

                                                 Қазақстан Республикасы 

                                                    Қаржы Министрлігінің 

                                                    1999 жылғы _________

                                                               бұйрығына 

                                                               2-қосымша 

 

              Ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан, демеушілік және 

     қайырымдылық көмек көрсетуден алынатын қаражаттарды, сондай-ақ 

        мемлекеттік мекемелердің депозиттік сомаларын қалыптастыру,

                  пайдалану және есепке алу тәртібі туралы қағидаға 

                                                        N 5-қосымша 

     

________________________________________________

(ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті, 

Қазынашылықтың аумақтық органы 

жергілікті қаржы органы))                    ___________________________ 

______ жылғы "___" ______________ N ______   (екінші деңгейдегі банктің, 

                                              Қазынашылықтың аумақтық 

                                              органының атауы) 

     

           Депозиттік шот ашуға (әрекет ету мерзімін ұзартуға) 

                               Рұқсат 

_______________________________________________________ бюджетте тұратын 

     

     

________________________________________________________________________ 

                  (мемлекеттік мекеменің атауы) 

     

________________________________________________________________________ 

                           (бағыты) 

аударуға жататын 

________________________________________________________________________ 

                   (түсетін қаражат түрінің атауы) 

     

____________________________________________ есептеу үшін депозиттік шот 

(валютаның атауы (теңге немесе шет. валютаның түрі) 

ашуға (депозиттік шоттың әрекет ету мерзімін ұзартуға) рұқсат етіледі. 

     

Рұқсат ___________________ дейін әрекет етеді.

      (мерзімі көрсетіледі) 

     

     ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің Төрағасы 

     (жергілікті қаржы органының) 

     басшысы)                         ___________________________ (қолы) 

     

     Банктік операциялар бойынша бухгалтерлік 

     есеп және есептілік басқармасының бастығы 

     (бас бухгалтері)                 ___________________________ (қолы) 

     

                      Қазынашылықтың белгілері 

     Шот ашылды ______________________ " __ " _____________ N __________ 

     Операциялық стол бастығы  __________________________________ (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады