Уақытша мағлұмдау тәртібін қолдану арқылы шетке шығарылатын тауарларды кедендік ресімдеу туралы

Күшін жойған

Бұйрық Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті 1999 жылғы 5 шілде N 274-Б Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 8 қазанда тіркелді. Тіркеу N 929. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы N 51 бұйрығымен. ~V011441

      Қазақстан Республикасынан шетке әкетілетін тауарларды кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Z952368_ Жарлықтың 193, 201-баптарына сәйкес
      Бұйырамын:
      1. Уақытша мағлұмдау тәртібін қолдану арқылы шетке шығарылатын тауарларды кедендік ресімдеу туралы Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Аталған бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс Министрлігі Кеден комитеті Төрағасының орынбасары Б.Т. Жұмабаевқа жүктелсін.

      Төраға
                                           Мемлекеттік кіріс министрлігі

Кеден комитеті төрағасының 1999 жылғы 5 шілдедегі N 274-Б бұйрығымен бекітілді


      Уақытша мағлұмдау тәртібін қолдану арқылы экспортталатын
                  тауарларды кедендік ресімдеу туралы
                              Нұсқаулық

      1. Осы нұсқаулық кедендік жүк мағлұмдамасын тапсырған күнінен тауарлардың кедендік құнын анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда экспорттың кедендік тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасы кеден аумағынан экспортталатын тауарларды кедендік ресімдеу тәртібін белгілейді.
      2. Тауарларды кедендік жүктің уақытша мағлұмдамасымен (бұдан әрі - КЖУМ) тапсыру жолымен кедендік ресімдеу Қазақстан Республикасынан тауарды экспорттау жүзеге асырылатын кеден органының қызметі жүргізілетін аймақтағы бұл үшін арнайы белгіленген орындарда жүргізіледі.
      3. КЖУМ қатар Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс Министрлігі Кеден комитетінің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген, кедендік экспорт тәртібіне сәйкес кедендік ресімдеу өндірісі және кедендік бақылауды өткізуге қажетті құжаттар мен мәліметтер тапсырылады.
      4. КЖУМ кедендік жүктің мағлұмдамасы (бұдан әрі - КЖМ) толтыру тәртібіне сәйкес толтырылады және төмендегі ерекшеліктер ескеріледі:
      1 бағанның "мағлұмдау түрі" атты үшінші бөлімшесінде "уақытша мағлұмдау" - "УМ" әріптік индексі көрсетіледі;
      мағлұмдаушы сатып алу-сату мәмілесіндегі сыртқы экономикалық бағаны есепке ала отырып тауардың құнын көрсетеді. Егер өзарашартта (шартта) тауардың тұрақты (нақты соңғы) бағасы көрсетілмеген болса және тек оларды анықтаудың шарттары ғана белгіленсе (мысалы, белгіленген уақытқа анықталған есеп айырысу формуласы негізінде немесе тауардың сатылу уақытына биржалық баға белгілеу), ондай жағдайда аталған тауардың шартты (уақытша) бағалануы үшін өзарашартта белгіленген алдын-ала (бағдарламаны) баға қолданылады, немесе өзарашартта келісілген есеп айырысу шарттарына сәйкес КЖУМ тапсырылған уақытқа анықталған есеп айырысу бағасы қолданылады.
      Егер мұндай есеп айырысу мүмкін болмаған жағдайда әкетілетін тауардың шартты (уақытша) бағасын кеден органында бар бағалық ақпараттар негізінде анықтауға болады.
      5. КЖУМ парақтарының таратылуы төмендегідей жүзеге асырылады:
      бірінші және екінші даналары кеден органында қалдырылады;
      үшінші данасы мағлұмдаушыға қайтарылады;
      төртінші данасы мағлұмдаушыға қайтарылады және Қазақстан Республикасы кеден аумағынан тауарды әкетуге негіз болады.
      6. КЖУМ-ға хабарланған тауар әкелінгеннен кейін, 10 күннен кешіктірмей мағлұмдаушы КЖУМ-ға хабарланған тауарды кедендік ресімдеуді жүргізуші кеден органына кедендік жүктің толық мағлұмдамасын тапсырады.
      Белгіленген мерзім коносаменттің, қабылдап-тапсыру актісінің немесе басқа құжаттың ресімделген күнінен бастап саналады, ол мерзім КЖУМ ресімделген уақытынан бастап 30 күннен аспауы керек.
      Тек айрықша жағдайларда ғана (қуаттайтын құжаттар тапсырған жағдайда коносаменттің, қабылдау-өткізу актісінің ресімделмеуі) КЖМ тапсырылу мерзімі кеден органының бастығының рұқсатымен тек 10 күнге ғана ұзартылады.
      7. КЖМ-ді мағлұмдаушы толтырады және тапсырады, кеден органының КЖУМ қабылдаған күнінен қолданылып жүрген Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс Министрлігі Кеден комитетінің нормативтік актілеріне сәйкес кеден органы оны қабылдап, ресімдейді. КЖМ-ге КЖУМ-ға берілген анықтама нөмірі беріледі, бұл жағдайда олар бір-бірінің ажырамас бөлігі болып табылады.
      КЖМ-ді толтыруда төмендегідей ерекшеліктер есепке алынады:
      "Мағлұмдау түрі" бағанының үшінші бөлімшесінде "толық мағлұмдама" - "ТМ" әріптік индексі қойылады;
      КЖМ-нің "Жөнелтуші" 2 бағанында тауардың өндірушісі тікелей көрсетіледі: мұнай, мұнай өнімдері және т.с., егер тауарды жөнелтуші оның шығарушысы болмаған жағдайда, тауардың жүктеме қызметін және Қазақстан Республикасы кеден аумағынан әкету үшін тасымалдаушыға тапсыруды жүзеге асырушы тұлға жайындағы мәліметтер көрсетіледі;
      "Жалпы мағлұмдама/ізашар құжат" 40-бағанында КЖУМ-ның анықтама нөмірі көрсетіледі;
      "Кедендік бақылау" атты Д бағанында кеден органының лауазымды тұлғасы тауардың түпкілікті бағасы анықталған құжаттың күнін көрсетеді. Бұл жазба мөртаңбамен, кеден органының лауазымды тұлғасының қолымен және жеке нөмірлі мөрімен расталады.
      КЖМ парақтары төмендегідей үлестіріледі:
      бірінші данасы кеденде қалтырылады;
      екінші данасы кедендік статистикада қолданылады;
      үшінші және төртінші даналары мағлұмдаушыға қайтарылады.
      8. Тарифсіз реттеу шаралары мен КЖУМ тапсыру жолымен мағлұмдалатын тауарларға қатысты шектеулерді сақтау шетел валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеу бағамын қоса, кеден органының көрсетілген уақытша мағлұмдаманы қабылдаған күнге әрекет етуші нормаларға сәйкес іске асырылады.
      9. Кедендік төлемдер КЖУМ-ді қабылдағанға дейін немесе қабылдаумен қатар төленеді. Кеден төлемдерін төлеу мерзімін ұзарту мен мәулеттік төлеу Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс Министрлігі Кеден комитетінің нормативтік актілеріне сәйкес беріледі. Төлемдер мерзімін ұзарту немесе мәулеттік беру күні ретінде кеден органының КЖУМ-ді қабылдаған күні есептеледі.
      10. Егер төленуге тиісті кедендік баждар, алымдар және салықтар сомасы КЖУМ-ге хабарланған сомадан жоғары болған жағдайда, оларға қосымша төлемдер жасалады, егер төмен болса - кедендік ресімдеуді жүргізуші кеден органы төлеушіге қайтарады немесе артық төленген сомаларды болашақ төлемдер шотына аударады. Төлеушінің қосымша төлемдері Қазақстан Республикасы кеден органының КЖМ-ді тапсырған күніне дейін немесе тапсырумен қатар төленеді.
      11. Кедендік және валюталық бақылауды Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасының валюталық заңдылығына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс Министрлігі Кеден комитетінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдары жүргізеді. КЖУ тапсыру жолымен тауарларды мағлұмдау кезінде кеден органының аталған мағлұмдаманы тапсырған күніне әрекет етуші нормалар қолданылады.
      12. Валюталық түсімнің түсу мерзімі тауардың түпкілікті бағасы белгіленген құжат күнін кеден органының лауазымды тұлғасының КЖМ-нің "Д" бағанында қосымша көрсетуімен есептеледі.
      13. КЖМ тапсырғанға дейін КЖУМ тапсыру жолымен тауарларды мағлұмдау кезіндегі бақылау үшін экспорттаушының, сонымен қатар Қазақстан Республикасы кеден органының талабы бойынша тасымалдаушы немесе қолында көрсетілген құжаттар яки тауарлардың саны мен сапасы туралы мәліметтерге ие басқа тұлғалар тапсырған коммерциялық, оперативтік және көліктік құжаттар қолданылады.
      14. Тауарларға қатысты өкілеттігі бар тұлғалар тауарлардың бағасын,

санын және олардың сапасын анықтауды жүргізуге міндетті.
     15. Тауардың саны мен сапасының олардың бағасына сәйкестігін бақылау 
үшін кеден органдары кедендік зертханалар жүргізетін эксперттік 
бағалауларды қолдана алады.
     16. Сыртқы сауданың кеден статистикасында және валюталық бақылауды 
жүзеге асыру үшін тек толық кедендік жүк мағлұмдамасы есепке алынады.
     17. Кедендік ресімдеудің аталған тәртібі құбыртасушы көліктермен және 
электртасымалдау желілерімен тасымалданатын тауарларға таралмайды.
     
     
     Оқығандар:
          Омарбекова А.Т.
          Икебаева Ә.Ж.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады