"Қазақстан Республикасы аумағына әкелінетін тауарларға қатысты акциздер мен қосылған құн салығын қолдану тәртібі туралы" ҚР МКМ 1999 жылғы 14 сәуірдегі N 243 нұсқауына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекіту туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі 1999 жылғы 3 қыркүйек N 1086. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 21 қазанда тіркелді. Тіркеу N 946. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.

-------------------Бұйрықтан үзінді---------------- Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
 
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
                                БҰЙЫРАМЫН:
      Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
      44. "Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн тауарларға қатысты акциздер мен қосылған құн салығын қолдану тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 1999 жылғы 14 сәуiрдегi N 243 Нұсқаулығына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегi N 1086 V990946_ бұйрығы. -----------------------------------------------------
 
      "Қазақстан Республикасының салық салу мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 440-1 Z990440_ Заңының қабылдануымен байланысты
               Бұйырамын:
 
      1. "Қазақстан Республикасы аумағына әкелінетін тауарларға қатысты акциздер мен қосылған құн салығын қолдану тәртібі туралы" ҚР МКМ-ің 1999 жылғы 14 сәуірдегі N 243 V990743_ бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Нұсқауына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. ҚР МКМ Әдістеме департаменті (Н.Д.Үсенова): - аталған Нұсқауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келіссін; - келісілген Нұсқау Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберілсін. Министр Бекітілді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрі 1999 ж. 3 қыркүйек N 1086 "Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларға қатысты қосылған құн салығы мен акциздерді қолдану тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 ж. 14.04 N 243 Нұсқауына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Бүкіл мәтін бойынша:
      "Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы" деген сөздер "Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы" деген сөздермен тиісті септіктерде ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы" деген сөздермен тиісті септіктерде ауыстырылсын;
      "орны" деген сөз "елді" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "қазақстандық тауар" деген сөздер "отандық тауар" деген сөздермен тиісті септіктерде ауыстырылсын;
      "ЭКЮ" деген сөз "ЕВРО" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақтың екінші бөлігінде "1 қосымша" деген сөздерден кейін "осы Нұсқаудың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың бірінші бөлігінде "үшінші баптың 5" деген сөздер "екінші баптың 6" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтың үшінші бөлігінде "тауарлар" деген сөзден кейін ", соның ішінде акцизделетін" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақта:
      бiрiншi бөлiгiнде "арналған жерi бойынша" деген сөздер "арналған елi" принципi бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiгiнде "арналған жерi бойынша" және "шығарылған жерi бойынша" деген сөздер "арналған елi" принципi бойынша" және "шығарылған елi" принципi бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiгiнiң екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы мақсатта импорттаушы мiндеттi түрде мыналарды тапсыруы тиiс:
      экспорттаушы елде ресiмделген тауарлардың кедендiк жүк декларациясының көшiрмесiн;
      егер экспорттаушы елде тауарлар кедендiк жүк декларациясын көрсетусiз оңайлатылған тәртiппен жарияланса, жоғарыда аталған көшiрменiң орнына онымен саудада жанама салықтар "шығарылған елi" принципi бойынша қолданылатын ТМД-ға қатысушы мемлекеттен тауардың шығарылғанын және жiберiлгенiн растайтын экспорттаушы мемлекетте ол бойынша тауар ресiмделген құжат тапсырылады.";
      11-тармақта:
      үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Төленбеген салықтарды кеден органдары мынадай жағдайларда өндiрiп алады:
      өсiмдер мен жауапқа тарту шараларын қолданусыз кедендiк құны түзетiлуi себептi сомаларды қайта қарау кезiнде;
      тауарлардың мақсатына сай пайдаланылмауы не жеңілдiктi салық салынуына құқық беретiн кедендiк ресiмдеу кезiнде расталмаған құжаттар тапсыруына байланысты. Мұның өзiнде өсiм республиканың салық заңдарына сәйкес, ал айыппұлдар республиканың кеден заңдарына сәйкес төленедi.";
      12-тармақта:
      үшiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Импорт операциялары тұрақты түрде жүзеге асырылған кезде (тоқсанына 3 немесе 3 реттен артық) кеден органына салық органының анықтамасы тапсырылады, ол тоқсанына бiр рет жаңартылады.";
      оныншы бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жоғарыда аталған тауарлар сатылуына қарай, сондай-ақ тауарлар салық төлеушiге оның кәсiпкерлiк қызметi мақсатында берiлсе, бiрақ жеке мақсатында қайтарылмай пайдаланылса немесе шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң қызметi тоқтатылса, тауарлар құнына республиканың салық заңдарына сәйкес қосылған құн салығы салынуға жатады ";
      13-тармақта:
      бiрiншi бөлiгiнде "акциздер төлеу" деген сөздер "акциздер салу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшаның үшiншi сөйлемiнде:
      "Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi" деген сөздердiң алдында "Қазақстан Республикасының" деген сөздер жазылсын;
      "қаржы" деген сөз "мемлекеттiк кiрiстер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "оларға Қазақстан Республикасы қатысқан халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес кедендiк ресiмдеу кезiнде акциз төлеуден босатуға жататын Қазақстан Республикасы кеден аумағына әкелiнген тауарлар импорты;";
      14-тармақта:
      1) тармақшаның екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "көлiк және/немесе тауардың iлеспе құжаттары және/немесе Елшiлiктiң, Консулдықтың немесе халықаралық ұйым өкiлдiгiнiң әкелiнген тауар мәртебесi көрсетiлген растамалары;";
      2) тармақшаның екiншi бөлiгi екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "шет елдер мемлекеттерi мен үкiметтерi және халықаралық ұйымдар бойынша қайырымдылық мақсатында әкелiнген тауарлар үшiн:
      көлiк және/немесе тауардың iлеспе құжаттары және/немесе Елшiлiктiң, Консулдықтың немесе халықаралық ұйым өкiлдiгiнiң әкелiнген тауар мәртебесi көрсетiлген растамалары;
      қайырымдылық мақсатында әкелiнетiн тауарларды белгiлейтiн тиiстi келiсiмдер, шарттар;";
      үшiншi абзацтың екiншi бөлiгiнде "көлiк және тауардың iлеспе құжаттары" деген сөздер "көлiк және/немесе тауардың iлеспе құжаттары және/немесе Елшiлiктiң, Консулдықтың немесе халықаралық ұйым өкiлдiгiнiң әкелiнген тауар мәртебесi көрсетiлген растамалары;" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) республикалық және жергiлiктi бюджеттер, сондай-ақ мемлекеттiк сыртқы займдар есебiнен сатып алынатын технологиялық жабдық импорты.
      Мұның өзiнде қосылған құн салығын төлеу жөнiнде мынадай тәртiп белгiленедi:
      республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен сатып алынатын технологиялық жабдық бойынша мiндеттi түрде мынадай құжаттар тапсырылуы тиiс:
      бюджет қаражатының бөлiнуi туралы бiрiншi басшы қол қойған ұйымның анықтамасы;
      Қазынашылық басқармасының (бұдан әрi - Қазынашылық) облыстық, қалалық (Алматы, Астана қалалары бойынша) басқармаларының растамасы:
      ұйымның бюджеттiк шотынан алынатын технологиялық жабдықтың төленгенi туралы анықтама;
      не технологиялық жабдық мемлекеттiк сатып алу туралы Шартқа сәйкес әкелiнсе, - мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыруға конкурс жеңiмпазы тендер жеңiмпазы болған ұйымның шотына республикалық бюджет есебiнен ұсталатын ұйымның бюджеттiк шотынан нақты аударым туралы анықтама. Мұның өзiнде "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ресiмделген конкурс қорытындысы туралы хаттама тапсырылады, онда: сатып алынатын технологиялық жабдықтың қысқаша сипаттамасы; онымен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалған берушiнiң атау мен орналасқан жерi және шарттық бағасы,
      сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Заңда белгiленген өзге де мәлiметтер болады;
      мемлекеттiк сыртқы займдар (Қазақстан Республикасы атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Ұлттық Банкi заемшы болып табылады) есебiнен сатып алынған технологиялық жабдық бойынша - Кредит Келiсiмiнiң (Займ туралы Келiсiмнiң) нөмiрi мен күнi көрсетiлiп, тауарлар импорты мемлекеттiк сыртқы займ шеңберiнде сатып алынғанын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi растамасы негiзiнде.".
      мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы қатысшысы болып табылатын халықаралық шарттар ережелерiне сәйкес кедендiк ресiмдеу кезiнде қосылған құн салығынан босатылуға жататын Қазақстан Республикасы кеден аумағына әкелiнетiн тауарлар импорты;".
      16-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде "ЕЭА" сөзiнен кейiн "еркiн кеден аймағы режимiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      17-тармақтың екiншi бөлiгiнде "өндiрiстiк немесе өзге де коммерциялық" деген сөздер "кәсiпкерлiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "24. Салық салынатын импорттың мөлшерiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалатын тауарлардың кедендiк құны, сондай-ақ Қазақстан Республикасына тауарларды импорттау кезiнде төленуге тиiстi алымдар сомасы енгiзiледi. Салық салынатын импорттың мөлшерiне акциздер мен кеден баждарының төленген сомалары енгiзiлмейдi."; 25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "25. Әкелiнген тауарларды кедендiк ресiмдеу кезiнде төленуге тиiс салық мөлшерi мынадай формулалар бойынша есептеледi: 1) тауарлар импорты кезiнде алым алынуы тиiс тауарлар бойынша: Нс=(С+Сс)* Н/100, 2) тауарлар импорты кезiнде алым алынуға жатпайтын тауарлар бойынша: Нс=С*Н/100, мұнда Нс - қосылған құн салығының мөлшерi; С - кедендiк құны; Сс - тауарлар импорты кезiнде төленуге тиiстi алымдар сомасы; Н - қосылған құн салығының ставкасы."; 26-тармақ алып тасталсын; 29-тармақта: алтыншы бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: "Қосылған құн салығы сомасын есептеу үшiн 45-бағанда көрсетiлген импортталатын тауарлардың кедендiк құны негiз болып табылады, оған кедендiк ресiмдеу кезiнде төленетiн, осы декларацияға сәйкес есептелген және төленген алымдар сомасы қосылады."; жетiншi бөлiгi алып тасталсын; 34-тармақта: 1) және 2) тармақшалар мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Өтiнiштiң үшiншi данасы салық төлеушiде қалады." 35-тармақтағы сегiзiншi бөлiгiнiң екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мұның өзiнде оған сәйкес салықтар есептелген және төленген, тауарларды кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кеден органы куәландырған мемлекеттiк салық декларациясының көшiрмесi қоса берiледi.";
      38-тармақтың үшiншi бөлiгiнде "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң нормативтiк құқықтық құжаттарына сәйкес кедендiк сүйемелдеусiз автомобиль көлiгiмен қозғалатын басқа да акцизделетiн тауарлар" деген сөздер "не "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген өзге де жағдайларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      39-тармақтың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кеден қоймасы арқылы өтетiн тауарларға қатысты қосылған құн салығы мен акциздер төлеу жөнiнде жауапкершiлiк декларантқа жүктеледi. Кеден қоймасына сақтауға тауарлар қойған тұлға декларантпен бiрге жауап бередi. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабында белгiленген талаптар орындалмаған жағдайда кеден төлемдерi мен салықтарын төлеу жөнiндегi жауапкершiлiк кеден қоймасы иесiне жүктеледi.";
      41-тармақта:
      екiншi бөлiгiнiң бiрiншi сөйлемiнде "кеден органының депозиттiк шотына енгiзiледi" деген сөздер "декларанттың таңдауымен оларды төлеу не уәкілеттi банктiң кепiлi түрiнде немесе Қазақстан Республикасының кеден органының депозиттiк шотына тиесiлi сома енгiзілуiмен төлем қамтамасыз етіледi."
      екiншi сөйлемде "әкелу кезiнде енгiзілген қосылған құн салығы мен акциздер кеден органының депозиттiк шотынан қайтарылуға жатады" деген сөздер "әкелу кезiнде төленген немесе енгiзілген қосылған құн салығы мен акциздер қайтарылуға жатады не уәкiлеттi банктiң кепiлiнiң күшi тоқтатылады";
      үшiншi бөлiгiнiң бiрiншi және екiншi абзацтарында "ретiнде енгізiлген" деген сөздердiң алдында "төленген немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      бесiншi абзац алып тасталсын;
      44-тармақта:
      үшiншi бөлiгiнде "өндiрiс процесiнде толық қолданылатын жабдықтар, тауарлар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген жеткiлiктi ұқсату өлшемдерiне сәйкес ұқсатуға арналған (спирттен басқа) тауарлар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген жеткiлiктi ұқсату өлшемдерiне сәйкес ұқсатуға арналған (спирттен басқа) тауарлар, сондай-ақ, жабдықтар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы төртiншi және бесiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "ұқсатуға арналған тауарлар, сондай-ақ, жабдықтардың еркiн кеден аймақтарында орналастыруға рұқсат беріледi.
      ұқсатуға арналған (спирттен басқа) тауарлар, сондай-ақ, жабдықтарды еркiн қоймаларға орналастыруға рұқсат берiледi."
      төртiншi және бесiншi бөлiктер тиiсiнше алтыншы және жетiншi бөлiктер болып саналып, мынадай редакцияда жазылсын:
      "Егер мұндай тауарлармен мыналар:
      ұқсату (спирттен басқа) бойынша өндiрiстiк операциялар.
      Мұның өзiнде ЕЭА аумағында ұқсату жеткiлiктi ұқсату өлшемдерiне сәйкес жүзеге асырылуы тиiс;
      өзге де коммерциялық операциялар жүргiзiлсе, "Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерден аталған тауарлар әкелiнген кезде тауарлардың қай елде шығарылғанына қарамастан не шетелдiк тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағының басқа бөлiгiнен ЕЭА аумағына әкелiнген кезде оларды еркiн кеден аймақтарында немесе бос қоймаларға орналастыруға қосылған құн салығы мен акциздер алынбайды.
      Егер мұндай тауарлармен мыналар:
      ұқсату бойынша өндiрiстiк операциялар;
      өзге де коммерциялық операциялар жүргiзiлсе, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерден аталған тауарлар әкелiнген кезде тауарлардың қай елде шығарылғанына қарамастан не шетелдiк тауарларды кеден аумағының басқа бөлiгiнен әкелген кезде қосылған құн салығы мен акциздер алынбайды."
      сегiзiншi бөлiгiнде (қолданыстағы редакцияда алтыншы):
      қайталанып қолданылған "жағдайда" деген сөздер алып тасталсын;
      "алкоголь өнiмдерi өндiрiсiнде пайдаланылатын тауарларды ұқсату, не тауарларды бөлшек саудада сату" деген сөздер "осы тармақта көзделмеген операцияларды жүзеге асыру " деген сөздермен ауыстырылсын;
      тоғызыншы (қолданыстағы редакцияда жетiншi) алып тасталсын;
      он бесiншi бөлiгiнде (қолданыстағы редакцияда он төртiншi) "еркiн кеден аймағы немесе" деген сөздер алып тасталсын.
      47-тармақта:
      екiншi және төртiншi бөлiгiнде "алты" деген сөз "екi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Акцизделген тауарлардың нақты реэкспорты уәкiлеттi банкiнiң кепiлi немесе Қазақстан Республикасының кеден органының депозитiне тиесiлi сома енгiзiлсе не кеден сүйемелдеуi түрiнде қосылған құн салығы мен акциздердi төлеу қамтамасыз етiлген жағдайда жүзеге асырылады. Қосылған құн салығы мен акциздердi төлеудi қамтамасыз етiлуiн қайтару тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден аумағынан нақты тысқары шығарылуы расталғаннан кейiн жүзеге асырылады."; төртiншi бөлiгiнде "олардың процентi ресми проценттiк ставка бойынша" деген сөздер "1,5 еселенген ресми ставка мөлшерiнде өсiм" деген сөздермен ауыстырылсын. 3,4 қосымшаларда "1998" цифры "199-" цифрымен ауыстырылсын; 9 қосымшада: 28 тауар тобы бойынша "тауар атауы" бағанында "органикалық" деген сөз "органикалық емес" деген сөзбен ауыстырылсын; 30, 3407 00 000 тауар топтары бойынша "СЭҚ ТН коды" бағанында ескерту "(**)" алып тасталсын; 37 тауар тобы бойынша "СЭҚ ТН коды" бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "3701 10 100 (*)" "3702 10 100 (*)" "3707 90 110"; 38 тауар тобы бойынша "СЭҚ ТН коды" бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "38 топтан: 3802 10 000 3822 00 000 (*) 3824 90 600"; 8421 19 910 және 9022 тауар позициялары бойынша "СЭҚ ТН коды" бағанында ескерту "(*,**)" мынаған "(*)" ауыстырылсын; Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады