"Әйелдер еңбегін қолдануға тыйым салынатын еңбек жағдайы ауыр және зиянды өндірістердің, мамандықтар мен жұмыстардың Тізімін" бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 1999 жылғы 20 қыркуйектегі N 184-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасы 1999 жылғы 21 қазанда тіркелді. Тіркеу N 948. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2005 жылғы 15 ақпандағы N 44-ө (V053443) бұйрығымен.

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қаңтардағы N 89 "Қазақстан Республикасының экономика салаларындағы еңбек жағдайын және еңбек қорғауды жақсарту жөніндегі 1997-2000 жылдарға арналған негізгі бағыттары туралы" қаулысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі N 394 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы Ережеге сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
     1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Денсаулық сақтау комитетімен келісілген "Әйелдер еңбегін қолдануға тыйым салынатын еңбек жағдайы ауыр және зиянды өндірістердің, мамандықтар мен жұмыстардың Тізімі" (бұдан әрі - Тізім) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
     2. Тізімде көзделген еңбек жағдайы ауыр және зиянды өндірістерде, мамандықтар мен жұмыстарда, ұйымдардағы мұндай өндірістер, мамандықтар мен жұмыстар экономиканың қандай саласына жататындығына қарамастан әйелдер еңбегін қолдануға тыйым салынатын болсын.
     3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының бастықтары осы Бұйрықтың жұмыс берушілер мен еңбек ұжымдарына жеткізілуін және оның ұйымдарда орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
     4. Еңбек қорғау басқармасы (Р.Ж.Үмбетқұлов) осы Бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Вопросы труда" бюллетенінде жариялауды ұйымдастырсын.
     5. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 1997 жылғы 30 қазандағы N 185-П "Әйелдер еңбегін қолдануға тыйым салынатын еңбек жағдайы ауыр және зиянды өндірістердің, мамандықтар мен жұмыстардың Тізімін бекіту туралы" бұйрығы күші жойылды деп танылсын.    

     Министр    

    Қазақстан Республикасы              Қазақстан Республикасы
    Денсаулық сақтау, білім             Еңбек және халықты әлеу.
    және спорт министрлігінің          меттік қорғау министрінің
    Денсаулық сақтау комитетімен       1999 жылы 20 қыркүйектегі
    келісілген                             N 184-ө бұйрығымен
    1999 жылы 13 тамызда N 07-4419              бекітілген

Әйелдер еңбегін қолдануға тыйым салынатын
еңбек жағдайы ауыр және зиянды өндірістердің,
мамандықтар мен жұмыстардың
ТІЗІМІ

      1. Металл өңдеу
     Құю жұмыстары
     Ваграншы
     Қолмен шығарумен айналысатын қорытпаны шығарып алушы
     Шихтаны қолмен тиеумен айналысатын вагранкалар мен пештерге шихта толтырушы
     Қорытпаны қайнатушы
     Металды құюшы
     Пневматикалық құралдарда жұмыс істейтін кесуші
     Металдар мен балқымаларды қорытушы
     Конвейерге ыстық қорытпа ілумен және тоннельдердегі құю цехтарында жабдықтарға қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын жұмысшылар
     Дәнекерлеу жұмыстары
     Жабық ыдыстарда (цистерналарда, қазандарда және т.б.), сондай-ақ биіктігі 10 метрден асатын байланыстың биік құрылыстарында (мұнараларда, діңгектерде) және жоғары өрмелейтін жұмыстарда қолмен атқарылатын газбен және электрмен дәнекерлеуші
     Қазандық, салқынмөртабандық, сым тарту және сығу жұмыстары    
     Қол жұмысымен айналысатын сығушы
     Қазандықшы
     Пневматикалық қол аспаптары жұмысында істейтін нақыштаушы
     Ұстаулық-престеу және термиялық жұмыстар
     Ыстық жұмыстарда істейтін құрсаушы
     Металл жылытушы (дәнекерлеуші)
     Диаметрі 10 мм асатын сымнан серіппе орау кезінде ыстық жұмыстарда істейтін серіппеші
     Ыстық күйінде шығыршықты домалатумен айналысушы
     Ыстық металды өңдеумен айналысатын рессоршы
     Металл қаптау және сырлау
     Кессон-бактардың ішкі саңлауларын бітеумен айналысатын саңлау бітеуші
     Ыстықтай тәсілмен (гальвандық емес) қорғасындаумен ұдайы айналысушы қорғасындаушы    
     Слесарлық және слесарлық құрастыру жұмыстары    
     Діріл әсері қолға берілетін пневматикалық аспаптармен жұмыс істейтін бұрандашы-пневматик
     Мыналармен айналысатын жөндеуші слесарь:
     - ыстық прокаттау, өрнектеу, эмальдау, кабель өндірісінде органикалық кремний лактарын қолданып айыру, қорғасындау цехтары мен бөлімшелерінде жабдықтарды реттеу;
     - органикалық кремний лактарын және 40 процент және одан да астам толуол, ксилол түзетін лактарды әзірлеу және қолдану цехтары мен бөлімшелерінде жабдықтарды реттеу;
     - ыстық күйінде құрыш құятын қалыптарды реттеу және жөндеу;
     - селенді және шоопирлі аппараттарды (жабдықтарды) ыстықтай жөндеуде;
     - майдалау, жағынды, қалыптау, құю, түтік толтыру, түйіртпектерді араластыру және қорғасынды аккумуляторлар өндірісінің тікелей құрастыру цехтарында;
     - түсті металдар және балқымалар өндірісінде ватержакет пештеріне қызмет көрсетумен;
     - жылу электр станцияларындағы отын және мұнай шаруашылықтарының жабық қоймаларында жабдықтарды жөндеумен, сондай-ақ тоннельдердегі және жылу жүйелеріндегі камераларға жылу беретін жабдықтарды жөндеумен;
     - этил бензинімен жұмыс істейтін және бокстарға орналасқан мотор сынау станцияларында технологиялық жабдықтарды жөндеумен;
     Қорғасынмен жұмыс
     Қорытумен, ағызумен, прокаттаумен, тартумен, қалыптаумен, қорғасын бұйымдарымен, кабельдерді қорғасындаумен және қорғасын аккумуляторларды дәнекерлеумен айналысатын жұмысшылар
     2. Құрылыс, монтаждау және құрылыс-жөндеу жұмыстары
     Игіш қол станоктары мен қайшыларды қаңқа тіректерді қолмен орнатумен айналысатын арматуршы
     Асфальт бетондаушы
     Қайнатушы-асфальттаушы
     Гидромониторшы
     Жер үңгіп-қазушы
     Тас қашаушы
     Тас қалаушы
     Су астындағы камерада (кессон) жұмыс істейтін аппаратшы, жер қазушы, слесарь, электрмонтаждаушы
     Шиыршықталған жабынды мен және басқа бөлек материалдармен үй төбесін жабушы
     Автогудронаттар машинисі
     Автогрейдер машинисі
     Бетон-сорғы қондырғысының машинисі
     Битум ерітетін жылжымалы қондырғы машинисі
     Бульдозер машинисі
     Грейдер-элеватор машинисі
     Жылжымалы асфальт-бетон араластырғыш машинисі
     Асфальт-бетон төсегіш машинисі
     Бір ожауы экскаватор машинисі, роторлы экскаватор машинисі
     Қуаты 150 а.к. және одан да астам двигателі іштен жанатын электр станцияларында жұмыс істейтін жылжымалы электр станциясының машинисі
     Двигателі іштен жанатын жылжымалы электрмен дәнекерлеу агрегатының машинисі
     Болат және темір-бетон құрылғыларын монтаждауда биікте және жоғары өрмелейтін жұмыстармен айналысатын монтажшы

    Биікте жұмыс істейтін антеннашы-байланыс монтажшысы
    Пештерді ыстықтай жөндеумен және қазанға отын жағумен айналысатын отқа төзімді жұмысшы
    Қорғасынмен дәнекерлеуші
    Ағаш шабу жұмыстарының барлық түрімен айналысушы ағаш шебері
    Мына жұмыстармен айналысушы жұмысшылар:
    - түбірлерді тамырымен жою;
    - құрылыс-монтаж тапаншаларын қолданып құрылғылар мен бөлшектерді бекіту;
    - бетон, темір-бетон және тас (кірпіш) құрылғыларды қолмен және пневматикалық құралдарды қолданып тесу (қуыс ж.б.);
    - тақталарды сындыру, ғимараттар мен құрылыстарды бұзу жұмыстары.

    Өнеркәсіптік темір-бетон құбырларын төсейтін құбыр төсеуші
    Өнеркәсіптік кірпіш құбырларын төсейтін құбыр төсеуші    
    3. Тау-кен жұмыстары
    Кен өндіру өнеркәсібінің жерасты құрылыстарын салуда қара жұмыспен айналыспайтын басшылар мен мамандар жұмысынан басқа барлық жерасты жұмыстары
    Ашық кен жұмыстары және жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан шахталар мен кеніштердің үсті, байыту, агломераттау, брикеттеу
    Кен және күрделі тау-кен жұмыстарының жалпы мамандықтары
    Скважина бұрғылаушысы, бұрғылау станогының машинисі, шпур бұрғылаушысы
    Қопарғыш Өрттің алдын алу және сөндіру жөніндегі тау-кен жұмысшысы
    Шахтаға бекіту материалдарын жеткізуші
    Бұрғылау қондырғысының машинисі
    Бекітуші
    Ұста-бұрғы майлаушы
    Тиеу машинасының машинисі
    Шахта оқпандарын өн бойымен толық бұрғылау жөніндегі қондырғы машинисі
    Экскаватор машинисі
    Вагонеткаларды қолмен жылжытып сырғытумен айналысатын аударушы
    Қазба жүргізуші
    Ствол орнатушы
    Тазалаушы
    Тау-кен жұмыстарындағы су және әуе магистралдарына қызмет көрсететін жабдықтарды, тетіктерді жөндеумен айналысатын жабдықтар жөндеу жөніндегі және кезекші электр слесары
    Байыту, агломерация, брикеттеудің жалпы мамандықтары
    Сазбалшық өндірісінде ыстықтай күйдірілген күйде ұсатумен, брикеттеумен айналысатын ұсатушы
    Сынап өндіруде шикізатпен материалдарды күйдірумен айналысатын күйдіруші
    Байыту және ұнтақтау-сұрыптау фабрикаларының, кеніштердің, шахталар мен металлургия кәсіпорындарының жұмысты атқару кезінде шаң-тозаң шығаратын, 10 процент және одан да астам қос қышқылды кремний түзілетін қара, түсті және сирек металдарды, балқыма шпатын және көмірді ұнтақтау, ұсақтау майдалау және шихтілеу жөніндегі жұмыстармен айналысатын жұмысшылар мен шеберлер
    Қорғасын байыту цехтарында істейтін жұмысшылар
    Ниобий (лопарит) кендерін байытумен айналысатын жұмысшылар мен шеберлер
    Арнаулы бағыттағы метрополитендер, тоннельдер мен жерасты құрылыстарын салу
    Тау-кен жабдықтарын құрастырушы
    Үстіңгі қабаттардағы жұмыстарды жер қазушы    
    4. Геологиялық барлау және топографиялық-геодезиялық жұмыстар
    Қопарғыш
    геодезиялық белгілерді құрастырушы
    Дала жағдайында жұмыс істейтін кезекші және жабдықтарды жөндеу жөніндегі электр слесары    
    5. Скважиналарды бұрғылау
    Мұнай мен газды пайдалану және барлау скважиналарын бұрғылайтын бұрғылаушы
    Мұнара құрастырушы, мұнара құрастырушы-дәнекерлеуші, мұнара құрастырушы электр монтері
    Бұрғылау қондырғысының машинисі
    Скважинаны цементтеу жөніндегі машинист
    Цементтеу агрегатының моторисі
    Цемент-құм араластырғыш агрегат моторисі
    Құбырларды престеуші
    Мұнай мен газ (бірінші және екінші) пайдалану және барлау
скважиналарын бұрғылайтын бұрғылаушы көмекшісі
    Бұрғылау қондырғысы (бірінші және екінші) машинисінің көмекшісі
    Қолмен ерітінді әзірлеумен айналысатын бұрғылау ерітіндісін әзірлеуші
    Бұрғылау жабдықтарын жөндеумен айналысатын жөндеуші слесарь
    Тікелей бұрғылаумен айналысатын бұрғыларға қызмет көрсету жөніндегі слесарь
    Бұрғы құлыптарын орнатушы
    Технологиялық жабдықтарға қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр монтері және электр жабдықтарына қызмет көрсететін электр монтері    
    6. Мұнай және газ өндіру    
    Теңізде жүзетін бұрғылау агрегатының бұрғылаушысы
    Скважиналарды күрделі жөндеуден өткізетін бұрғылаушы
    Парафиннен тазартатын жылжымалы бу қондырғысының машинисі
    Жылжымалы компрессор машинисі
    Көтергіш машинисі
    Жуу агрегатының машинисі
    Қат-қабат қыртыстарды гидравликалық тәсілмен жару операторы
    Скважиналарды жер астында жөндеуші оператор
    Скважиналарды күрделі және жер астында жөндеуге дайындау жөніндегі оператор
    Скважиналарды химиялық өңдеу жөніндегі оператор
    Теңізде жүзетін бұрғылау агрегаты бұрғылаушысының көмекшісі
    Скважиналарды күрделі жөндеу бұрғылаушысының көмекшісі
    Жер астында мұнай өндірумен ұдайы айналысатын жұмысшылар, басшылар мен мамандар
    Теңіз бұрғылары мен көпірлерінің негіздіктерін құрастыру және жөндеу жөніндегі слесарь
    Мұнай кәсіпшілігінің жабдықтарын құрастырумен, қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын жөндеуші слесарь
    Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр монтері және электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі, мұнай кәсіпшілігінің жабдықтарына қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын электр монтері
    7. Қара металлургия    
    Қара металлургияның жалпы мамандықтары
    Балқыған металдармен жұмыс істейтін ожаушы Прокат және құбыр өндірісінің камералық пештері мен құдықтарында әдістемелік жұмыстармен айналысатын металл қыздырушы
    Пневматикалық құралдармен жұмыс істейтін металдың сыртқы кеселдерін өңдеуші
    Домна өндірісі
    Домна пешіннің үстін қараушы
    Домна пешіннің су құбыршысы
    Домна пешіннің көрікшісі
    Вагон-салмақ машинисі
    Скиповой
    Болат балқыту өндірісі
    Үйінді машинасының машинисі
    Миксерші
    блоктарды қағушы
    Қышқыл жойғыштарды балқытушы
    Конверттерде, темірді бірден қалпына келтіретін мартен пешінде, электр қалдықтарын қайта балқыту қондырғысында, электр пешінде болат қорытушы
    Болат құюшы
    Конвертерде, темірде бірден қалпына келтіретін мартен пешінде, электр қалдықтарын қайта балқыту қондырғысында, электр пешінде болат қорытушы
    Прокат өндірісі
    Ыстық прокат станының біліктеушісі
    Балқыма қайнатушысы
    Қаптаған болат бөлуші
    Ыстық прокат станының қолғанат біліктеушілері
    Рельстерді бекітетін қыстырғыш-престеуші
    Сортты прокат өндірісінде істейтін өткізуші слесарь
    Құбыр өндірісі
    Калибрлеу станының, құбырларды ыстық прокаттау станының, құбырларды пеште дәнекерлеу станының, құбырларды салқын прокаттау станының, құбырларды қалыптау станының біліктеушісі
    Механикаландырылмаған стандарда істейтін құбырлар тартушы
    Престе құбырларды калибрлеуші
    Балға мен пресс ұстасы
    Құбырларды ыстық прокаттау, құбырларды салқын прокаттау стандарының қолғанат біліктеушісі
    Ферросплав өндірісі
    Ферросплав пештерінің көрікшісі
    Балқытушы, ферросплав балқытушысы
    Алюминді-термиялық әдіспен балқымаларды ұстайтын металл хром алумен айналысатын жұмысшылар
    Ашық иінді пештерде кремний балқыламарын балқытумен айналысатын жұмысшылар
    Химиялық кокс өндірісі
    Барий құюшы
    Есікте тұрушы
    Ұсақтаушы
    Люкте тұрушы
    Бензол өндірісінде, оны су қуатымен тазартумен және аршумен тікелей айналысатын қызметкерлер
    Кокстендірілетін өнімдерді аулау цехында фенольды қондырғыға күтім көрсетумен айналысатын скрубберші-насосшы
    Кокс батареяларына қызмет көрсетумен айналысатын слесарь-жөндеуші
    8. Түсті металлургия
    Түсті металлургияның жалпы мамандықтары
    Алюминий, силумин және кремний өндірісінде анодтарды астыңғы секцияларға құюмен айналысатын анод құюшы
     Алюминий, силумин және кремний өндірісінде катод өзектерінің астын тереңдете бұрғылаумен айналысатын ванна жөндеп-орнатушы
    Балқытушы Қыздырушы
    Қатты балқымаларды жымдастырушы
    негізгі металлургия цехтарында металлургиялық жабдықтарға қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын, металлургия және цемент жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь, слесарь-жөндеуші
    Қалайы өндірісінде пеште жұмыс істейтін шихташы
    негізгі металлургия цехтарында металлургиялық жабдықтарға қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын, электр жабдықтарды жөндеу жөніндегі электр монтері, электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электр монтері
    Түсті және сирек металдар өндірісі,
    түсті металдардан ұнтақ жасау өндірісі
    Алюминий, магний өндірісіндегі анодшы
    Титан ысқыштарды қағып шығарушы
    металды құйып төгуші
    Катодшы
    Конвертерші
    Конденсаторшы
    Ванналар мен пештерді құрастырумен және бұзумен айналысатын реакциялық аппараттардың құрастырушысы
    Сынапты шыңдаушы
    Титан мен сирек металдарды қалпына келтіріп тазартумен айналысатын пешші
    Активті никель ұнтақтарын қалпына келтіру жөніндегі пешші
    Мырыш тозаңы өндірісіндегі пешші
    Вельцпештерде мырыш окистерін алуда істейтін пешші
    Титан түзетін және сирек топырақ материалдарын қайта өңдеу жөніндегі пешші
    Төрт хлорлы титан (тетрахлорид) өндірісінде істейтін жұмысшылар мен шебелер
    Металды титан өндірісінде тетрахлоридті қалпына келтіру және металды тарту цехтарында (бөлімшелер мен учаскелерде) істейтін жұмысшылар мен шеберлер
    Лопарит концентратын хлорлау цехтарында істейтін жұмысшылар мен шеберлер
    Титан шикізатын (шлактарды) хлорлау және аршу бөлімшелерінде (учаскелерінде) істейтін жұмысшылар мен шеберлер
    Фьюминг қондырғысында шлакты возгон тәсілімен қайыра өңдеу бөлімінде істейтін жұмысшылар
    Ванналарды қолмен тазартатын, электролит ванналардағы қойыртпақ қалдықтарды тазартушы
    Балқытылған тұздарды электролиздеуші
    Түсті металдарды қысыммен өңдеу
    Түсті металдарды және олардың балқымаларын прокаттаумен айналысатын ыстық металл прокаттаушы
    Түсті металдарды электролиттеу әдісімен өндіру
    Электролиттеу әдісімен түсті металдар өндірумен айналысатын жұмысшылар мен шаберлер
    Сазбалшық өндірісі
    Өтуі қиын орындарда жөндеу жұмыстарымен айналысатын жүк тиеуші машинисі
    9. Электр станциялары мен желілер жабдықтарын жөндеу
    Қорғасын өзекті кабель тартпаларын жөндеумен және қорғасын кабель муфталары мен сыртқы қабатын дәнекерлеумен айналысатын, кабельді желілерді жөндеу және құрастыру жөніндегі электр монтері
    Жоғарғы вольтті электр таратқыш желілерді биікте жөндеу жұмыстарымен айналысатын, электр таратқыш әуе желілерін жөндеу жөніндегі электр монтері
    10. Түрпілеу өндірісі
    Түрпілі бұйымдарға қорғасын құюмен айналысатын, түрпілі шеңберлерді баланстап құюшы
    Түрпілеу өндірісінде кедергілік пешін ыстықтай бұзумен айналысатын бульдозер машинисі
    Түрпілі материалдардың балқытушысы Корунд цехында істейтін
    подинщик Кремний карбидін өндіру цехында істейтін, кедергілік пешін таратушы
    11. Электротехника өндірісі
    Слесарлық жинау және электротехникалық өндірістегі жалпы кәсіптер
    Сынап тазартушы
    Сынапты түзеткіштерін қалыпқа құюшы
    Электрлі көмір өндірісі
    Пеште балқытумен айналысатын жұмысшылар
    Кабель өндірісі
    Қорғасынды ыстықтай құю әдісімен айналысатын, кабельдерді қорғасынмен немесе алюминиймен престеуші
    Тек қана қорғасын қабықтарды сыдырумен айналысатын, кабель бұйымдарының сыртқы қабатын сыдырушы
    Химиялық ток көздерін өндіру
    Қорғасын балқыма бұйымдарын құюшы
    Құрғақ массаны (қорғасын аккумуляторлар үшін) айластырушы
    Қорғасын балқымалар мен қорғасын түзетін қалдықтарды қорытушы
    Қалыптағы қорғасын пластиндерді штампылап бөлумен айналысатын аккумуляторлық пластиндерді бөлшектеуші
    12. Радиотехникалық және электрондық өндіріс
    Электрондық техниканың жалпы мамандықтары
    Кристалдаушы пештерде магнит қорытпаларды құюшы
    Термобарокамераларда 28 градус С және 60 градус С және одан төмен температурадағы жағдайда приборларды тікелей сынақтан өткізумен айналысатын, электрондық техника бөлшектері мен приборларды сынақтан өткізуші
    Шоопбалқымалар мен висмутты қорытушы
    13. Ұшатын аппараттарды жөндеу
    Кессон-бактардың ішкі жұмыстарымен айналысушы герметизаторшы
    Этилді бензимен жұмыс істейтін моторлар мен агрегаттарды жөндеумен айналысатын, агрегаттарды жөндеу жөніндегі слесарь, авиадвигательдерді жөндеу жөніндегі слесарь
     14. Кеме жасау және кеме жөндеу
     Вибростолдарда, виброалаңдарда, кассеталық қондырғыларда және қол вибраторларында жұмыс істейтін, темір-бетон кемелердің арматуршысы
     Ыстықтай июмен айналысатын кеме июшісі
     Кеме қазаншысы
     Цистерналарда, екінші түп аумағында, жылы жәшіктерде және басқа кеменің ауыр учаскелерінде сырлау жұмыстарымен, сондай-ақ кемелердің көрсетілген учаскелерінде ескі сырларды тазарту жұмыстарымен айналысатын кемені оқшаулаушы, сыршы
     Ыстық жұмыстармен айналысатын, кеме бұйымдарын дайындау жөніндегі мысшы
     Кеменің жабық бөліктерінде жұмыс істейтін кеме балташысы
     Арқандап байлау, зауттық және мемлекеттік сынақтарда тапсыру командасының қызметкерлері
     Пневматикалық қол құралдарымен жұмыс істейтін кеме бұтақтаушысы
     Өз жұмыстарын электрмен тарту, газбен кесу және металды пневматикалық қол құралдарымен өңдеумен, сондай-ақ кемелерді жөндеумен ұдайы байланыстыратын, су үстіндегі кемелерді секция бойынша, блокта және арнаулы алаңда құрастырумен айналысатын металл кемелерді құрастырушы
     Жабық орындарда және кемелердің ішінде кеме дизельдерін реттеп, сынақтан өткізумен айналысатын, қондырғылар мен аппаратураларды сынақтан өткізу жөніндегі слесарь-механик
     Жөндеу кезінде кеме ішінде құрастырумен айналысатын, кеменің
слесарь-құрастырушысы
     Кеме ішіндегі жұмыстармен айналысатын, кеме жөндеуші-слесарь
     Кеме корпусын жөндеуші
     Кеме құралдарын жинаушы
     Кеменің құбыр жүргізушісі
     15. Химия өндірісі
     Қауіптілігі 1-2 сыныпты химиялық заттарды пайдалануға байланысты бала туатын жастағы әйелдерге тыйым салынатын жұмыстардың бәрі
     Химия өндірісінің жалпы мамандықтары
     Балқытуда және бабымен пісіруде істейтін балқыту аппаратшысы
     Каучукты көлденең қысыммен сүргілеумен айналысатын еселеп булаушы
     Органикалық емес өнімдер өндірісі
     Кальций карбидінің өндірісі
     Пештерде және карбидті қолмен ұнтақтаумен айналысатын жұмысшылар, басшылар мен мамандар
     Фосген өндірісі
     Негізгі технологиялық процесінде істейтін жұмысшылар, басшылар мен мамандар
     Сынап және оның қоспаларын өндіру
     Дистанциялық басқару өндірісінен басқа негізінен технологиялық өндіру процесінде істейтін жұмысшылар, басшылар мен мамандар  
     Сары және қызыл фосфор өндірісі және олардың қосындылары  
     Шахталы саңлаулы пештерде, күйдіргіш және агломерациялық пештерге, фосфорды электрмен айдау бөлімшелерінде ұсақтарды қырлау қондырғыларына қызмет көрсетумен, фосфор ыдыстарды толтырумен, қоймалардағы фосфор, фосфор тұнбаларының ыдыстарына қызмет көрсетумен, қоймалжың қалдықтарды тазартумен және отқа жанатын сұйық қалдықтарды қайта еңдеумен тікелей айналысатын, жұмысшылар, басшылар мен мамандар
    Үш хлорлы фосфор және бес күкіртті фосфор өндірісі
    Негізгі өндірістегі технологиялық процесте істейтін жұмысшылар, басшылар мен мамандар
    Хлорды сынап тәсілімен өндіру
    Негізгі өндірістегі технологиялық процесте істейтін жұмысшылар
    Сұйық хлор және қос қышқылды хлор өндірісі
    негізгі өндірістегі технологиялық процесте істейтін жұмысшылар
    Күкіртті көміртегін өндіру
    Сұйықтарды қайнататын, ажырататын ыдыс (реторта) және конденсация бөлімдерінде істейтін жұмысшылар, басшылар және мамандар
    Фтормен, фторлы сутегімен және фторидтермен жұмыс
    Технологиялық сатыларда істейтін (еріткіш қышқылдар мен фторидтерді қолданатын лабораториялық жұмыстардан басқа) жұмысшылар, басшылар, мамандар
    Мышьяк қосындыларын өндіру
    Негізгі технологиялық процесте істейтін жұмысшылар, басшылар мен мамандар
    Төрт хлорлы кремнийді өндіру
    негізгі технологиялық процесте істейтін жұмысшылар, басшылар мен мамандар
    Техникалық иодты өндіру
    Иодты сығымдаумен айналысатын жұмысшылар
    Органикалық өнімдер өндірісі
    Бензатрон және оның хлор мен бром өндіру вилонтрон өндірісі
    Технологиялық процесте айналысатын жұмысшылар, басшылар мен мамандар
    Анилин, паранитроанилин, анилин тұзы мен флюс өндіру
    Негізгі технологиялық процесте істейтін жұмысшылар, басшылар мен мамандар
    Бензидин және оған ұқсас заттарды өндіру
    Негізгі технологиялық процесте істейтін жұмысшылар, басшылар мен мамандар негізгі технологиялық процесте және сол өнімдерді ерітетін станцияда істейтін жұмысшылар, басшылар мен мамандар
    Төртхлорлы көміртегі, головакс, рематол, совол өндірісі
    Негізгі технологиялық процесте істейтін жұмысшылар, басшылар мен мамандар
    Хлорпикінді өндіру
    Негізгі технологиялық процесте істейтін жұмысшылар, басшылар мен мамандар
    Құрамында мышьягі бар катализаторларды өндіру
    Негізгі технологиялық процесте істейтін жұмысшылар, басшылар мен мамандар
    Цирам және құрамында сынап, мышьягі бар пестицид өндіру
    Негізгі технологиялық процесте істейтін жұмысшылар, басшылар мен мамандар
    Хлоропрен өндіру
    Негізгі технологиялық процесте істейтін жұмысшылар, басшылар мен мамандар
    Хлоропрен каучугі мен латекс өндіру
    Өнімді полимерлеу және бөлу технологиялық сатыларында істейтін жұмысшылар
    Этил сұйығын өндіру
    Негізгі технологиялық процесте істейтін жұмысшылар, басшылар мен мамандар
    Бензол, толуол, ксилол өндіру
    Негізгі технологиялық процесте істейтін жұмысшылар, басшылар мен мамандар
    Лак-сыр өндірісі
    Қорғасын глет пен жоса, қорғасынды крон, ақ сыр,
    қорғасын көкшілі және жасыл бояу өндірісі
    Негізгі технологиялық процесте істейтін жұмысшылар, басшылар мен мамандар
    Химиялық талшық және жіп өндірісі
    Регенерация аппаратшысы
    Синтетикалық смола негізінде шыны-пластик бұйымдарын өндіру
    (фенолды-формальдегидті, эпоксидті, смола сіңірілмеген)
    Аумағы 1,5 кв.м. және одан да астам ірі габаритті бұйымдарды біріктіріп қалыптастырумен айналысатын аппаратшылар
    Дәрі-дәрмек, витаминдер, медициналық, бактериялық, биологиялық, препараттар мен материалдар өндірісі
    Антибиотиктер өндірісі
    Көлемі 500 мм астам рамалы сүзгі престерді қолмен таратып жинаумен айналысатын сүзгі аппаратшысы
    Андрогендер өндірісі
    Тестостеронмен және оның өндіру препараттарымен айналысатын синтетикалық гормондар алу аппаратшысы
    Апиын шикізатынан морфин алу
    Көлемі 500 мм астам сүзгі престерді қолмен бұзып жинаумен айналысатын сүзгі аппаратшысы
    16. Резинаны қайта өңдеу
    Резина қоспалары мен оларды қайта өңдеу өндірісінің жалпы мамандықтары
    Ұзындығы 6 метрден астам қазандарда бұйымдарды тиеп-түсірумен, ескек біліктерін вулканизациялаумен айналысатын вулканизаторшы
    Резина араластырғыш
    Салқын вулканизация, радол мен фактис шығару бөлімшелерінде істейтін жұмысшылар
    Ірі габаритті резина бөлшектер мен бұйымдар дайындауда және жөндеуде, арматура бөлшектерді вулканизациялауда (ірі қақпақтар, резина отын бактер, резервуарлар, транспортер ленталары және т.б.)  істейтін резина бұйымдарды жөндеуші
     Шина өндіру, қалпына келтіру және жөндеу
     Вулканизаторшы
     Покрышкаларды (ауыр жүктілер) жинаушы
     17. Мұнайды, газды, сланецті және көмірді қайта
     өңдеу, синтетикалық мұнай өнімдерін, мұнай майларын өндіру
     Кокс түсіруші
     Кокс тазалаушы
     Хош иісті көмір сутегі өндірісінің экстракт цехтары мен бөлімшелерінде істейтін жұмысшылар
     Күкірт түзетін мұнай газын тазарту кезінде мышьяк ерітінділерін дайындаумен айналысатын жұмысшылар
     Бензинді этилдейтін технологиялық қондырғылармен айналысатын жұмысшылар, басшылар мен мамандар
     18. Ағаш дайындау жұмыстары, сал ағызу, ағаш шырынын алу
     Ағаш дайындау жұмыстары
     Ағаш дестелеуші қол құралдарының көмегімен ағаштардың қисығын түзетіп, ұзынын кесіп, ағаш жарып, ағаштарды дестеге салумен айналысатын ағаш кесуші
     Ағаштарды, шыбықтарды және басқа жұмыр ағаш материалдарын (теңделген, кеніш тіреулерінен және ұзындығы 2 метрге дейінгі отын ағаштарынан басқа) ағаш таситын жылжымалы составқа салып толтырушы және түсіру жұмыстарын қолмен атқарушы, операциялар мен маусым аралығында шыбықтар мен ағаштар қорын жасаумен айналысатын ағаш кесуші
    Жұмыр материалдарды (баланстардан, кеніш тіреулерінен және ұзындығы 2 метрге дейінгі отын ағаштардан басқа тиеумен және түсірумен айналысатын жұмысшылар
    Чокеровщик
    Жұмыр ағаш материалдарын (баланстардан, кеніш тіреулерінен және ұзындығы 2 метрге дейінгі отын ағаштардан басқа қатарлап жинаумен айналысатын қатарлаушы
    Сал ағызушы
    Сал ағызуда апат қаупімен, кептеліп, тығылып қалған ағаш бөренелерді ажыратумен, тығындарды ашумен айналысатын сал ағызушы
    Кеме жабдықтар жинағын тиеп түсіретін жұмысшы (такелажшы)     
    Сал жасаушы
    19. Целлюлоза, қағаз, картон және олардан бұйым жасау өндірісі
    Коррозияға қарсы және ингибитор қағаздары өндірісімен айналысатын сорғызу аппаратшысы
    Хлор ерітумен айналысатын, химиялық ерітінділер дайындау аппаратшысы
    Целлюлоза қайнатушы
    Талшық шикізатын қайнатушы
    Ағаш булаушы
    Колчедан ұнтақтаушы
    Сульфат тиеуші
    Колчедан, күкірт пештерді тері мен турм тиеуші
    Дефибрерге баланстарды (қабығы аршылған материал) тиеуші
    Қышқылдаушы
    Миксовщик
    Қышқылды резервуарларды кірпішпен айналдыра қалаушы
    Фибрлерді кесуші
    Коррозияға қарсы және ингибитирленген қағаз өндірісінде істейтін қағаз және қағаз бұйымдарына дымқыл сіңіруші
    Күкірт қышқылын қалпына келтіруші
    Содовщик
    Сульфитті целлюлоза және күкірт қышқылы өндірісінде істейтін жөндеуші-слесарь, жөндеу жөніндегі электромонтері, электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электромонтері, майлаушы, өндірістік орындарда еден жуушы
    Минутына 400 метр және одан да астам жылдамдықта жұмыс істейтін, жылдам жүретін қағаз жасайтын және картон жасайтын машиналармен айналысатын, қағаз жасаушы (картон жасаушы) машиналардың құрғатушысы
    Хлоршы
    20. Цемент өндірісі
    Қоймалжың тұнбалар бассейндері мен қойыртпақтарды тазалайтын жұмысшылар
    21. Тас өңдеу және тастан құйылатын бұйымдар өндірісі
    Тастан құйылатын бұйымдарды құюшы
    Тас қашаушы
    Тас қайнатушы
    Диабаз қиыршық тастарын тартып ұнтақ жасайтын диірмен машинисі
    Тас өңдейтін жабдықтарды реттеуші
    Тас кесуші
    Фрезамен тас өңдеуші
    22. Темір-бетон және бетон бұйымдары мен құрылғылар өндірісі
    Бетон және темір-бетон бұйымдарын кесуші
    23. Жылу сақтағыш материалдар өндірісі
    Битумшы
    Ваграншы
    24. Жұмсақ жабындылар мен су өткізбейтін материалдар өндірісі
    Қайнатқыш қазандарды толтырушы
    25. Шыны және шыны бұйымдар өндірісі
    Кварцедуб (диаметрі 100 мм дейінгі және қабырға қалыңдығы 3 мм дейінгі бұйымдар дайындайтындардан басқа)
    Сынап қолданылатын жұмыста істейтін айна сырлаушы
    Кварц балқытушы
    Қорғасын жосаны пайдаланатын қол жұмыстарымен айналысушы шихта құрастырушы
    Хальмовщик
    26. Тоқыма және жеңіл өнеркәсіп
    Тоқыма өндірісінің жалпы мамандықтары
    Біліктерді механикаландырмай көтеріп-түсірумен айналысатын шихталандыру жабдықтарының операторы
    Канализация орлары мен құдықтарын тазартумен айналысатын апат зардаптарын қалпына келтіру жұмыстарының слесары
    Түту аппараттарын тазартып-қайраушы
    Мақтаны алғашқы өңдеу
    Шикізатты және талшықты престеуші
    Зығыр және кендір-талшық өндірісі
    Талшық дайындаушы
    Жүн өндірісі
    Шұға өндірісіндегі тоқыма цехында істейтін шебер
    Техникалық шұға жуумен айналысатын жұмысшы
    Киіз басу өндірісі
    Қалың киіздер дайындаумен айналысатын киіз басушы
    Қол жұмыстарымен айналысатын аяқ киім саптаушы
    Қол жұмыстарымен айналысатын аяқ киімдерді қалыптан шығарушы
    Тері илеу және тері шикізаты өндірісі
    Ірі тері шикізатын шелдеумен және бөлумен айналысатын тері шелдеуші
    Қатты және ірі терілерді қыртысын жазып тегістеумен айналысатын тері прокаттаушы
    Ірі тері шикізаттары мен жартылай фабрикаттарды илеу, бояу және май сіңіру барабандарына тиеп-салумен және шығырып-түсірумен айналысатын жұмысшылар
    Ірі тері шикізаттарымен жартылай фабрикаттарды қолмен тасымалдау, тиеп-түсірумен айналысатын тері зауытының су бүрку-күлдеу цехтарының жұмысшылары
    Қалыптағы ірі терілерді қолмен көмкерумен айналысатын тері шикізатын пішуші
    Ірі тері шикізатын сұрыптаумен айналысатын, бұйымдарды, жартылай фабрикаттарды және материалдарды сұрыптаушы
    Жиналған ірі терілер мен тері шикізаттарын тазалаумен айналысатын, бұйымдарды, жартылай фабрикаттарды және материалдарды қолмен тазалаушы
    Былғары аяқ киім өндірісі
    "Анклепф" үлгісіндегі машиналарда істейтін аяқкиім қалыптаушы
    Тері илеу-сығындылау өндірісі
    Терінің түгін сыдырумен айналысатын жұмысшы    
    27. Тамақ өнеркәсібі
    Тамақ өнімдері өндірісінің жалпы мамандықтары
    Қолмен тиеуде мерзімімен іске қосылатын диффузорларға қызмет көрсететін кіріктіргіш аппаратшысы
    Су айдындарда мұз дайындаумен және оны бунтқа салумен айналысатын мұз дайындаушы
    Сүйек желімін дайындаушы
    Сепараторларды қолмен бұзып-таратумен айналысатын, тазарту машинасының машинисі
     Гофронді-ыдыс өндірісінің қалдықтарын тайлаумен айналысатын жұмысшылар
     Ет өнімдері өндірісі
     Ірі және ұсақ мүйізді малдарды және шошқаларды естен тандыра құлату, шыншырға ілу, қанын сорғызу; мүйізді ірі қараны сұрыптап қолмен терісін сыдыру, сұраптау; ұшасын бөлшектеп кесу; шошқаның ұшасы мен басын үйту; мүйізді ірі қара малдың ұшасын көлденең әдіспен өңдеу операцияларымен айналысатын мал жығушы қасапшы
     Терілерді шелдеуші
     Терілерді өңдеуші
     Балық өндіру және қайта өңдеу
     "Теңіз және өзен көлігі" бөлімінде аталған жұмыстар мен кәсіптерді (лауазымдарды) қоспағанда әйелдердің жұмыс істеуіне жол берілетін теңізде жүретін краб, балық консерві заводтарынан, балық өңдеуші базалардан, үлкен тоңазытқыш балық траулері мен теңіз рефрижератор кемелерден басқа балық аулау, іздеу және қабылдау-көлік теңіз көмелеріндегі жұмыстардың барлығы
     Консервілі торларды автоклавтарға (қазан) қолмен тиейтін, тамақ өнімдерін тиеп-түсіруші
    Мынадай жұмыстармен айналысушы балық өңдеуші:
    - қораптардан, күбілерден, кемелерден, кесіктерден және басқа сарқынды су ыдыстарынан қолмен балықтарды алып тиеу;
    - тұздау қораптарындағы балықтарды қолмен аударыстыру;
    - қызыл балықтың басын кесу. Бөшкелердегі балықтарды қолмен престеумен (сығымдаумен) айналысатын, тамақ өнімдерінің престеуші-сығымдаушысы
    Жүзу құралдарын қабылдаушы
    Балығы бар бөшкелерді домалатып таситын жұмысшылар
    Мынадай жұмыстармен айналысып, жағалаудан балық аулайтын балықшы:
    - қолмен лақтырып аулайтын қармақтар;
    - су астында қол қармақтармен, құрылатын аумен және сүзгілермен балық аулау.
    Нан пісіру өндірісі
    Сыйымдылығы 330 литрден астам нан ашытатын сырғымалы ағаш кеспегі бар қамыр илейтін машиналарда қамырды қолмен аударыстыратын қамыр илеуші
    Темекі-қисары және ферментациялау өндірісі
    Тайланған темекілерді тасымалдаумен айналысатын қосалқы жұмысшы
    Парфюмерия-косметика өндірісі
    Амидті-хлорлы сынапты тартумен айналысатын жұмысшылар
    Ас тұзын шығару және өндіру
    Бассейндерде тұзды тиеуші
    Бассейндерді дайындаушы
    Көлдегі жұмысшы
    28. Темір жол көлігі және метрополитен
    Паровоздардың от жағушысы Дизельді поезд, тепловоз, электропоезд машинистері Кең табанды темір жол желілерінде жұмыс істейтін мотовоз машинисі, мотовоз машинисінің көмекшісі, қол арба жүргізушісі, қоларба жүргізушісінің көмекшісі
     Жол монтері
     Багажды және қол жүгін орналастырумен айналысатын тасушы
     Вагондарды қараушы
     Дизельді поезд, тепловоз, электропоезд машинистерінің көмекшісі
     Құбырларды желдетіп аршу
     Паровоздар қазандарын жуушы
     Ашық жылжымалы составта жүктерді ілесе жүріп орналастырумен айналысатын, жүктерді орналастыру жөніндегі жолсерік
     Ағаш бұйымдар мен арамен кесілетін материалдарға майлы антисептиктер сіңірумен айналысушы
     Асбест қалдықтарының балласт карьерінде тұрақты жұмыс істейтін, асбест қалдықтарын тиейтін жұмысшы
     Вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуші
     Мынадай жұмыстарды орындайтын, жылжымалы составты жөндеу жөніндегі слесарь:
     - паровоз гарнитураларын жөндегенде оларды жылытып жуу;
     - отты және түтін қорапшаларын тазалау;
     - электр берілістері бар жылжымалы электр составтар мен тепловоздардың астын және астауларын үрлеп аршу;
     - мұнай өнімдері мен химия өнімдері цистерналарындағы ағыту құралдарының қалпақтарын қарау және толтыру кезінде ағыту құралдары мен сақтандырғаш қалпақтарды тарату, жөндеу және құрастыру;
     Поездарды құрастырушы, поездарды құрастырушының көмекшісі;
     Электрлендірілген темір жолдарда биікте жұмыс істейтін түйісу желілерінің электр монтері
     29. Автомобиль көлігі
     Орын саны 11-ден асатын автобуста (зауыт ішінде, қала ішінде, қала маңында тасымалда және ауылдық жерде автобусқа техникалық қызмет көрсетуге және жөндеу жұмысына тартылмаған жағдайда күндізгі бір ауысым шеңберінде тасымалда істейтіндерден басқа) істейтін автомобиль жүргізуші
     Жүк көтерімділігі 2,5 т астан автомобильде істейтін (зауыт ішінде, қала ішінде, қала маңындағы ауылды жерде жүк автомобиліне техникалық қызмет көрсетуге және жөндеу жұмысына тартылмаған жағдайда күндізгі бір ауысым шеңберінде тасымалда істейтіндерден басқа) автомобиль жүргізушісі
     Этил бензинімен жұмыс істейтін автомобиль двигателінің бөлшектерін қолмен жуумен айналысатын жуу машиналарының машинисі
     Этил бензинін қолданатын двигательді жүргізіп жаттықтырумен айналысатын автомобиль жөндеуші слесарь
     Автошаруашылықтарда этилді бензинмен жұмыс істейтін карбюраторлы двигательдердің отын аппаратураларын жөндеумен айналысатын отын аппаратураларының слесары
     30. Теңіз көлігі
     Жағалаудағы боцман, жағалаудағы матрос, жағалаудағы аға матрос (жергілікті және қала маңындағы су жолдарының жолаушы айлақтарында жұмыс істейтіндерді қоспағанда)
     Қазандарда жағылатын отын түрлеріне қарамастан кемелердің қазандарына және жүк көтергіш крандарға қызмет көрсетумен айналысатын кемеде от жағушы, кемедегі қазандықшы
     Жүзбелі кранда істейтін кран машинисі (краншы)
     Флоттағы барлық түрдегі кемелердің машинадағы команда құрамы (механиктер, электромеханиктер және басқалар) және машиналық командасы (барлық атаудағы машинистер, мотористер, электриктер, токарьлар мен слесарьлар және басқалар)
     Барлық түрдегі флот кемелерінің, сондай-ақ жүзбелі тазартқыш станцияларының, доктардың, астықты, цементті, көмірді және басқа тозаңды жүктерді жүзбелі қайта тиегіштердің палубалық командасы (боцман, шкипер, шкипердің көмекшісі, барлық атаудағы матростар)
     Порттар мен айлақтардағы тиеу-түсіру жұмыстарымен айналысатын кешенді бригадалардың жұмысшылары мен жүкшілері
     Палуба және машина құрамындағы лауазымдарды қоса атқаратын флоттың барлық түріндегі экипаж мүшелері  
     31. Өзен көлігі
     Жүкші, докер-механизатор (тұрақты краншы, порт ішіндегі көлік жүргізушісі болып жұмыс істейтін докер-механизатордан және қауіптілігі 1 және 2 сыныпқа жататын заттарды қоспағанда жүктерді қайта өңдеумен үздіксіз айналысатын машиналар мен тетіктерге қызмет көрсететін жұмысшылардан басқа)
     Қатты отынмен жұмыс істейтін кемелердің от жағушысы
     Жолаушы, жүк-жолаушы кемелерінің, топырақ сорғыш земснарядтардың және өзен-теңізде қатар жүзетін кемелердің барлық атаудағы матростары (су асты қанаты бар кемелерін, сондай-ақ қала ішінде және қала маңындағы бағыттарда жұмыс істейтін кемелерден басқа)
     Жүзгіш кранда жұмыс істейтін кран машинисі (краншы)
    32. Азаматтық авиацияның пайдаланылатын, ұшу-оқу
    кәсіпорны (ұйымдары) мен ұшу-сынақ станциялары  
    Ұшу аппараттарына этилді бензин құюмен, сондай-ақ мамандандырылған машиналарға этилды бензин құюмен айналысатын, жанар және жағар май құюшы
    Ұшақтарға (тікұшақтарға) техникалық қызмет көрсететін планер және двигательдер жөніндегі инженер, авиация технигі, авиация механигі (техник)
    Әуежайларға багажды және қол жүктерін орналастырумен айналысатын тасушы
    Газотурбинді ұшақтардың отын бактарының ішін тазартып, жөндеумен айналысатын жұмысшылар
    Аэродромдарда ұшу-қону алаңдары мен жүгізу жолдарына (жарыққа құю үшін) битум әзірлеумен және жөндеумен айналысатын жұмысшылар
    33. Байланыс
    Биіктігі 10 м асатын, басқыштармен жабдықталмаған биік құрылыстарда (мұнараларда, мачталарда) радиожабдықтар мен байланыс аппаратураларына пайдалану-техникалық қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлер
    34. Полиграфия өндірісі
    Қорғасын балқымаларын пайдалануға байланысты жұмыстар
    Таптауырын, қаріп, теру және ашық жер материалдарын құю учаскелерінде істейтін полиграфия жабдықтарын реттеушісі
    Құюшы
    Құю операцияларында және таптауырындарды бөлуде істейтін жұмысшылар
    Таптауырыншы
    Ойық басылымдар цехтары
    Ойық басылымның баспа бөлімшесінде жұмыс істейтін жұмысшылар (дайын өнімдерді қабылдау мен ораудан басқа)
    Ойық басылым қалыптарын өрнектеуші
    35. Саз аспаптарының өндірісі
    Үрмелі аспаптар үшін бөлшектер дайындау
    Түрпілі шеңберлерде пианино мен рояльдың шойын рамаларын шырлаумен және тазартумен айналысатын жұмысшылар
    36. Ауыл шаруашылығы
    Құдықтарға, қоймалжың тұнбаларда және цистерналарда, сүрлем қоймаларында және пішендеме мұнараларында істейтін жұмысшылар
    Мал өліктерін, конфискаттор мен патологиялық материалдарды тиеумен және түсірумен айналысатын жұмысшылар
    Мүйізді ірі қара малдың, жылқының терісін түсірумен және ұшаларын бөлумен айналысатын жұмысшылар
    Улы химикаттарды тасымалдаумен, тиеумен және түсірумен айналысатын жұмысшылар
    Топырақ бетін құрғататын құбырларды қолмен төсеумен айналысатын жұмысшылар
    Улы химикаттармен жұмыс кезінде тозаңдатқыштармен және бүріккіштермен жабдықталған тракторларда жұмыс істейтін ауылшарушылық өндірісінің тракторшы-машинисі
     37. Экономиканың барлық салаларына ортақ жұмысшы мамандықтары
     Антеннашы-діңгекші
     Битум қайнатушы
     Аэрошана жүргізуші
     Су астындағы жұмыс маманы
     Газдан құтқарушы
     Өрт десантнигі, өрт парашютшісі
     Ашық сынапты қолмен мөлшерлеп бөлуші
     Қол жұмысымен айналысатыын ағаш жарушы
     Ыстық қазандарды жөндеумен айналысатын қазаншы
     Қазан тазалаушы
     Қолмен қорғасын, сыр әзірлеумен айналысушы сыр езуші
     Қорғасын, хош иісті және хлорлы көміртегі түзетін лак-сыр материалдарын қолданып ыдыстардың ішін сырлаумен, сондай-ақ жабық камераларда бүріккіштермен осы лак-сыр материалдарын қолданып ірі габаритті бұйымдарды сырлаумен айналысатын сыршы
     Теңізде жұмыс істейтін кран машинисі (краншы)
     Қолмен атқарылатын кезде бумен және сумен жылытылатын қазандарға қызмет көрсетумен айналысатын қазандық машинисі (от жағушы)
     Жүзбелі крандар машинисі командасының қызметкерлері
     Мына жұмыстармен айналысушы қызметкерлер:
     - ашық түрдегі металл сынаптармен (жұмыс орнында тиімді ауа жаңартқышпен қамтамасыз етілген қондырғылар мен жартылай автоматтарда істейтіндерден басқа)
     - Мына жұмыстармен айналысатыын жұмысшылар:
     - күкіртті мұнай, оның қайта өңделетін өнімдері мен күкірт түзетін мұнайлы газдың ыдыстарын (резервуарлар, өлшеуіштер, цистерналар, барждар ж.б.) тазартумен;
     - тікелей өрт сөндіруге байланысты жұмыстармен;
     - кеме және темір жол цистерналарында, сұйық отынды кеме танкерінде және мұнай құятын көмелерде, коффердамдарда, фор және ахтер пиктерде, тіркемелі жәшіктерде, түптердің арасындағы және борттардың арасындағы кеңістіктерде және басқа өтуі қыйын орындарда тазалау, қож шығару және сырлау жұмыстарымен;
     - бензиннің этилді сұйық қоспасын жасаумен;
     - 4 м асатын өсімтал ағаштар тұқымын жинаумен;
     - сыныпты түзеткішті тазалаумен;
     - түйісетін желілерді, сондай-ақ 10 м асатын биіктігі жұмыс кезінде электр берілістерінің әуе желілерін құрастырумен, жөндеумен және қызмет көрсетумен;
    - жүзбелі құралдарға, кемедегі такелаждық (жабдықтар жинағы) жұмыстарды орындаумен қатар топырақ снарядтарына қызмет көрсетумен.
    Канализация желілерін тазарту жөніндегі жұмыстармен айналысатын аппатық-қалпына келтіру жұмыстарының слесары
    Көпір слесары
    Жабдықтарды құрастырумен және таратумен айналысушы такелажшы
    Тазалаушы   

    Ескерту:
    Еңбек жағдайлары ауыр әрі зиянды өндірістер, кәсіптер және жұмыстар пайда болған жағдайда, Тізім басқа қадағалаушы және бақылаушы органдардың келісімі бойынша толықтыратын болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады