"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 12, 40, және 43 баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
1. 3 тараудың 17 тармағындағы "Сайлау учаскесінде дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау жөніндегі нұсқаулықты" "дауыстарды санау кезінде" деген сөзден кейін: "сайлау бюллетеніне енгізілген жекелеген кандидатты "жақтаймын" немесе "қарсымын" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі тіркеген сәттен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
төрайымы