Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 25 қарашадағы N 17 қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған қаржы тұрақтылығының өлшемдерін (нормативтерін) есептеудің және қолданудың тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы 1999 жылғы 30 қыркүйек N 45. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 маусымдағы № 75 қаулысымен

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.06.01 № 75 қаулысымен.

      Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың өзін-өзі реттейтін ұйымдарының өтініштерін назарға ала отырып және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Z970077_ Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы заңының 10-бабының және Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 U973755_ жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы ереженің 4-тармағының 9) тармақшасының негізінде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады)
 
            қаулы етеді:
 
      1. Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 25 қарашадағы N 17 қаулысымен бекітілген және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 12 қаңтарда 663 V980663_ нөмірмен тіркелген Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған қаржы тұрақтылығының өлшемдерін (нормативтерін) есептеудің және қолданудың тәртібі туралы нұсқаулыққа мынадай өзгерісер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 2-тармақта:
      1) тармақша "клиенттің ақшаларын шегере отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақша "клиенттің ақшаларын шегере отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, оның ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес эмиссияланған:
      АҚШ долларына номинацияланған - дисконтсыз баланстық құны бойынша;
      теңгеге номинацияланған - үш пайыздық дисконтпен баланстық құны бойынша;";
      6) тармақшадағы "жиырма пайыз" деген сөздер "үш пайыз" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұнды 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) Қазақстан Республикасыны өз капиталдары 5 000 000 000 теңгеден асатын ұйымдарының өзге де мемлекеттік емес бағалы қағаздары (оның ішінде басқа елдердің заңдарына сәйкес эмиссияланған), отыз пайыздық дисконтпен баланстық құны бойынша."
      7) тармақшадағы "жиырма" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
      8) тармақшадағы "отыз" деген сөз "он бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
      9) тармақшадағы "жетпіс" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
      10) тармақшадағы "сексен" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "10-1) жиырма пайыздық дисконтпен бухгалтерлік баланс бойынша негізгі қаражаттың қалдық құны;";
      2) 3-тармақтың 3) тармақшасы "клиент алдындағы міндеттемелерді шегеріп" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін.
      3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны және жоғарыда аталған Нұсқаулықты (ол күшіне енгізілгеннен кейін) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушылары қауымдастықтарының (оларға осы Қаулыны және жоғарыда аталған Нұсқаулықты өз мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей отырып) назарына жеткізсін.
      4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының лицензиялау және қадағалау басқармасы:
      1) осы Қаулыны және жоғарыда аталған Нұсқаулықты (ол күшіне енгізілгеннен кейін) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын және "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушылары қауымдастықтарының мүшелері болып табылмайтын ұйымдардың назарына жеткізсін;
      2) осы Қаулыны және жоғарыда аталған Нұсқаулықты (ол күшіне

 

енгізілгеннен кейін) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік

қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына

жеткізсін;

     3) осы Қаулының және жоғарыда аталған Нұсқаулықтың орындалысына

бақылау жасасын.


     Комиссияның Төрағасы


     Комиссияның мүшелері



     Оқығандар:

           Омарбекова А.Т.

           Икебаева Ә.Ж.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады