Тауарларды және көлік құралдарын уақытша сақтаудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Бұйрық Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті 1999 жылғы 5 қараша N 532-Б Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 12 қарашада тіркелді. Тіркеу N 974. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы бұйрығымен. ~V011442


     "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы"  

Z952368_

  Қазақстан 
Республикасының Заңына сәйкес Бұйырамын:
     1. Мыналар бекiтiлсiн:
     1) Уақытша сақтау орындарына қойылатын мiндеттi талаптар туралы 
нұсқаулық (1-қосымша);
     2) уақытша сақтау орны деп тану туралы шешiмнің нысаны (2-қосымша);
     3) Қысқаша декларацияны толтыру жөнiндегi нұсқаулық (3-қосымша);
     4) қысқаша декларацияның нысаны және қысқаша декларацияларына есеп 
жүргiзу журналы (4, 5-қосымшалар);
     2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (Мұхамедиева Г.) осы бұйрықтың 
мемлекеттiк тiркеуiн қамтамасыз етсiн.
     3. Кеден режимдерiн және кедендiк ресiмдеудi бақылауды ұйымдастыру 
бас басқармасы (Байбұлов М.) осы бұйрықтың iске асырылуын қамтамасыз етсiн.
     4. Баспасөз қызметi (Исахан Г.) осы бұйрықтың баспасөзде жариялануын 
қамтамасыз етсiн.
     5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның орынбасары Б.Жұмабаевқа 
жүктелсiн.
     6. Бұйрық мемлекеттiк тiркеу сәтiнен бастап 10 күн өткеннен кейiн 
күшiне енедi.
     
     Төраға


                                             Қазақстан Республикасы

Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнің 1999 жылғы 3 қарашадағы N 532-П бұйрығына 1-қосымша

     Уақытша сақтау орындарына қойылатын
     мiндеттi талаптар туралы нұсқаулық



                 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық тауарларды және көлiк құралдарын уақытша сақтайтын орындарға қойылатын талаптарды белгiлейдi.
      2. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) 171-бабына сәйкес кедендiк бақылау аймағындағы арнайы бөлiнген және жасақталған үй-жайлар, ашық алаңдар, көлiк құралдары немесе басқа да орындар (уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймалары, бос қоймалар) уақытша сақтау орындары болып табылады.
      3. Уақытша сақтау орындарын белгiлеу мақсатында кедендiк бақылау аймақтарын құру және кедендiк бақылау аймақтарының шекараларын белгiлеу Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнің (бұдан әрi - комитетi):
      мүдделi тұлғалармен келiсiм бойынша - ашық алаңдарға;
      мүдделi тұлғалардың өтiнiшi бойынша - арнайы бөлiнген және жасақталған үй-жайларға арналған кедендiк бақылау аймақтары туралы бұйрығына сәйкес белгiленген тәртiппен кеден органдары жүзеге асырады.
      Арнайы бөлiнген және жасақталған үй-жай мен ашық алаңның уақытша сақтау орындары болып танылуының қуаттамасы - олардың осы Нұсқаулық белгiлейтiн талаптарға сәйкестiгi туралы, қызмет аймағында осындай үй-жайлары мен алаңдары бар кеден органының қорытындысының негiзiнде қабылданған Кеден комитетiнің тиiстi шешiмi болып табылады. Уақытша сақтау орындарын тану туралы шешiм Кеден комитетi бекiткен нысанда қабылданады. Кеден комитетi уақытша сақтау орындарының, оның iшiнде уақытша сақтау қоймаларының есебiн жүргiзедi.
      Көлiк құралдарын уақытша сақтау орындары болып танылған ашық алаңдарға кейiннен қою шартымен қысқаша декларация негiзiнде тауарларды және көлiк құралдарын кеден органына ұсынған сәтте аталған көлiк құралдары кеден органдарымен уақытша сақтау орны деп танылады. Қысқаша декларацияның нысаны Кеден комитетiнiң бұйрығымен бекiтiледi.
      4. Уақытша сақтау орны мен рәсiмi тауарлардың пайдалануы мен кедендiк ресiмдеу мерзiмiне орай Қазақстан Республикасы мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнің бұйрығымен белгiленген тәртiппен айқындалады.
      5. Уақытша сақтау орындарына қойылатын талаптар тауарлар мен көлiк құралдарын кеден органына ұсынған сәттен бастап және оларды босату немесе таңдаулы кеден режимiне сәйкес тұлғалардың қарауына беруге кедендiк бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында қажеттiлiк және жеткiлiктiлiк өлшемiне байланысты белгiленедi.

           2. Уақытша сақтау орындарына қойылатын талаптар

      6. Уақытша сақтау қоймасы - Заңның 171-бабына сәйкес тауарларды және көлiк құралдарын уақытша сақтауға арналған арнайы қойма.
      Уақытша сақтау қоймасы (бұдан әрi - УСҚ):
      1) кедендiк бақылаудан тысқары жерде тауардың, көлiк құралдарының келуiн және олардың УСҚ-нан алып қою мүмкiндiгiн болдырмауын;
      2) УСҚ орналасқан тауарлар мен көлiк құралдарының сақталуын қамтамасыз ету;
      3) бөтен адамдардың тауарлар мен көлiк құралдарына қол жеткiзуiне жол бермеу;
      4) айналасындағы жүк түсiру алаңдарын қоса алғанда УСҚ аумағын барлық периметрi бойынша белгiлеу және қоршау;
      5) УСҚ аумағында УСҚ бөлiгi болып табылмайтын құрылыстар мен ғимараттардың орналаспауы;
      6) УСҚ тиiстi кiрме жолдармен жабдықтау;
      7) өрт қауiпсiздiгi талаптарына сәйкестендiру;
      8) санитарлық-тұрмыстық және техникалық нормаларға сәйкестендiру;
      9) қажеттi жүк тиеу-түсiру техникасы болған жағдайда Заңның 180-бабында көзделген УСҚ орналасқан тауарларға байланысты операцияларды iске асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз ету;
      10) кеден органдарының қызметкерлерi үшiн УСҚ қажеттi қызметтiк және тұрмыстық үй-жайлардың, жабдықтар мен байланыс құралдарының болуын қамтамасыз ету;
      11) тауарлар мен көлiк құралдарына автоматтандырылған есеп жүйесi мен бақылауды қамтамасыз ету арқылы жабдықталуы және жасақталуы тиiс.
      7. Арнайы бөлiнген және жасақталған үй-жай - өзiнің тауарларын уақытша сақтайтын тауар иесiнің үй-жайы.
      Арнайы бөлiнген және жасақталған үй-жай (бұдан әрi - үй-жай) жүк тиеу-түсiру техникасы туралы талаптарды қоспағанда осы Нұсқаулықтың 6-тармағына сәйкес уақытша сақтау қоймаларының құрылысы мен жабдықталуына қойылатын талаптарға сәйкес болуы керек.
      8. Уақытша сақтау орны ретiнде пайдаланылатын ашық алаңдар - тауарларды және көлiк құралдарын уақытша сақтауға арналған аэропорттар, теңiз және өзен порттары, темiр жол станциялары аумағында немесе кеден органдары орналасқан жерлерге iргелес аумақтардағы алаңдар.
      Ашық алаң барлық периметрi бойынша қоршалуы (белгiленуi), кедендiк бақылауды жүзеге асыру үшiн жеткiлiктi техникалық құралдармен қамтамасыз етiлуi тиiс, сондай-ақ осы нұсқаулықтың 6-тармағының 1-7-тармақшаларында белгiленген санитарлық нормаларға, талаптарға сәйкес болуы керек.
      9. Уақытша сақтау орны ретiнде пайдаланылатын көлiк құралы тасымалдау және тауарларды уақытша сақтау үшiн пайдаланылатын көлiк құралы.
      Көлiк құралдары, оның жүк бөлiмдерi:
      1) уақытша сақтауға қойылған тауарларды көлiк құралдарынан алуға немесе оларға көлiк құралдары үшiн мiндеттi кедендiк қамтамасыз етудi бұзбай тауарлар қойылған жағдайда;
      2) кедендiк мөрлер мен пломбаларды алуға оңтайлы болғанда, құрастырылған және жабдықталған жағдайда ғана уақытша сақтау орны ретiнде пайдалануға жол берiледi.
      10. Кеден қоймасы мен бос қойманы уақытша сақтау орны ретiнде пайдалану - кеден қоймасы мен бос қоймаға қатысты кеден режимдерiне сәйкес тауарлар мен көлiк құралдарын қоюға арналған арнайы қоймалар. Сонымен қатар кедендiк және бос қоймаларға берiлетiн лицензияларда осы қоймалардың уақытша сақтау орны ретiнде пайдаланылу мүмкiндiгi көрсетiлуге тиiс.
      Кедендiк қойма мен бос қойма үй-жайдың уақытша сақтауға арналған

бөлігі оқшауланған және жеке кірме жолдармен жабдықталған жағдайда уақытша 
сақтау орны ретінде пайдаланылуы мүмкін.
     
                  3. Қорытынды ережелер
     
     11. Арнайы бөлінген және жасақталған үй-жайлар, ашық алаңдар көлік 
құралдары, уақытша сақтау қоймалары, кедендік қоймалар және бос қоймалар 
оларды уақытша сақтау орны ретінде пайдаланылған барлық мерзім ішінде 
белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.
     
     Оқығандар:
              Омарбекова А.Т.
              Икебаева А.Ж.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады