Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс Министрлігінің салық полициясы Комитеті төрағасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс Министрлігінің салық полициясы Комитетінің Академиясына қабылдау Ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 7 қыркүйектегі N 90 V990911_ бұйрығына төмендегідей толықтырулар енгізу:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс Министрлігінің салық полициясы Академиясына қабылдау Ережесіне:
1-тармақты төмендегідей мазмұнды абзацпен толықтыру:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс Министрлігінің салық полициясы академиясының сырттай оқу бөліміне ақылы негізде, толық мерзімді орта немесе арнайы орта білімі бар және Академияның мамандықтарына сай арнайы орта немесе қысқартымды мерзімді жоғары кәсіпқой білім бар Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдана алады. Көрсетілген категориялардың оқу ісінің жұмысын дайындау Академияда жүргізіледі. Оқуға түсушілер мынандай құжаттарды өткізеді: өтініш, 086-У формалы дәрігерлік анықтама, Академияның қабылдау комиссиясы куәландырған білімі жөніндегі құжаттың көшірмесі, 3х4 көлемді үш фотосуреті. Құжаттарды қабылдау оқуға түсушінің жеке куәлігінің негізінде іске асырылады".
8 тармақты төмендегідей мазмұнды абзацпен толықтыру:
"Сырттай оқу бөліміне салық полициясы Комитетінің қызметкерлері тарапынан келген, сонымен бірге Академияның мамандықтарына сай арнайы орта немесе жоғары кәсіпқой білімі бар басқа да азаматтар арнайы әңгімелесудің нәтижесінде қабылданады."
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс Министрлігінің Салық
полициясы Академиясына қабылдау туралы Ережесінде бекітілген толықтыруларға қатысты Салық полициясы Академиясының бастығы оқуға түсушілерді қабылдауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың іске асырылуын бақылау салық полициясы Академиясының бастығына (Қоғамов М.Ч.) жүктелсін. Комитет Төрағасы салық полициясының полковнигі Оқығандар: Багарова Ж.А. Икебаева А.Ж.