1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кіріс министрлігінің Салық
полиция комитетінің Салық полиция академиясына қабылдау Ережесі бекітілсін. 2. Осы Ереже талаптары Қазақстан Республикасының Кеден комитетінің органдарына таратылсын. 3. Салық полициясы комитетінің кадрлар аппаратына осы бұйрықты зерделеуді ұйымдастыруды және оқуға түсушілерге дер кезінде мәліметтер берілсін. 4. Салық полициясы академияның бастығына бекітілген Ережелерге байланысты кандидаттарды оқуға қабылдау қамтамасыз етілсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Салық полициясы академиясының бастығына (М.Ч. Қоғамов) жүктелсін. Мемлекеттік кіріс Министрінің бірінші орынбасары Салық полициясы комитетінің Төрағасы салық полициясы генерал-майоры
Бекітілген
Салық полициясы Комитетінің бұйрығымен ҚР МКМ N 90 7 қыркүйек 1999 ж.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс
Министрлiгiнiң Салық полициясы Комитетiнiң Салық
полиция Академиясына қабылдау
Ережелерi
1. ҚР МКМ Салық полициясы Академиясына орта және орта арнайы бiлiмi бар(жоғары-екiншi жоғары бiлiм алу тәртiбi бойынша сырттан) Салық полициясының қызметкерлерiне қойылатын талаптарына сай келетiн, әскери Қызметке және оқуға денсаулығы жарайтын, түсу емтихандарды табысты тапсырған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс Министрлігінің салық полициясы академиясының сырттай оқу бөліміне ақылы негізде, толық мерзімді орта немесе арнайы орта білімі бар және Академияның мамандықтарына сай арнайы орта немесе қысқартымды мерзімді жоғары кәсіпқой білім бар Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдана алады. Көрсетілген категориялардың оқу ісінің жұмысын дайындау Академияда жүргізіледі. Оқуға түсушілер мынандай құжаттарды өткізеді: өтініш, 086 - У формалы дәрігерлік анықтама, Академияның қабылдау комиссиясы куәландырған білімі жөніндегі құжаттың көшірмесі, 3х4 көлемді үш фотосуреті. Құжаттарды қабылдау оқуға түсушінің жеке куәлігінің негізінде іске асырылады. <*>
Ескерту: 1-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - Мемлекеттік кіріс
министрлігі Салық полициясы комитетінің 1999 жылғы
2 желтоқсан N 138 Бұйрығымен. V990996_
2. Күндiзгi оқуға түсу емтихандары 1-10 тамыз аралығында, сырттан оқуға-Академия бастығы белгiлеген мерзiмде өтедi.
3. Қабылдау ережелерi туралы, қабылдауды ұйымдастыру және өткiзу бойынша қабылдау комиссия шешiмдерi, дер кезiнде мәлiметтеу мақсатында ақпараттық стенттерге iлiнедi.
4. Академия бастығының-қабылдау комиссиясы төрағасының тәртiп бұзғаны үшiн және басқа да себептi мiндеттемелер бойынша оқуға түсушiнi iрiктеу органының өкiмiне жiберуге құқылы.
5. Академияда кандидаттар арнайы ұйымдастырылған медициналық комиссияның қосымша медициналық және психофизиологиялық куәландыруын өтедi.
6. Академияға күндiзгi оқуға түсушiлер дене шынықтырудан белгiленген көрсеткiштерге сәйкес сынақ тапсырады. Қанағаттанғысыз бағалар алған жағдайда кандидаттар келесi сынақтарға жiберiлмейдi. Сырттан оқуға түсушілер дене шынықтырудан көрсеткiштерiн тапсырудан босатылады.
7. Кандидаттар Академияда түсу емтихандарын мемлекеттiк тiлде немесе
ресми қолданылатын тілде тапсырады. 8. Түсу емтихандар(тестер ) орта жалпы бiлiм беретiн мектептердiң бағдарламасы бойынша жүргiзiледi. Сырттай оқу бөліміне салық полициясы Комитетінің қызметкерлері тарапынан келген, сонымен бірге Академияның мамандықтарына сай арнайы орта немесе жоғары кәсіпқой білімі бар басқа да азаматтар арнайы әңгімелесудің нәтижесінде қабылданады. <*> Ескерту: 8-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - Мемлекеттік кіріс министрлігі Салық полициясы комитетінің 1999 жылғы 2 желтоқсан N 138 Бұйрығымен. V990996_ 9. Мамандар бойынша тест сынақтары үшiн келесi пәндер белгiленген: N 0216 маманы - "Құқық тану ғылымы" 1. Дүние жүзiлiк тарихы - (мамандыққа тән) 2. Математика. 3. Қазақстан тарихы. 4. Қазақша немесе орыс тiлi. N 0801 маманы - "Кеден iсi" 1. Дүние жүзiлiк тарихы - (мамандыққа тән) 2. География. 3. Қазақстан тарихы. 4. Қазақша немесе орыс тiлi. Әр пән бойынша тест тапсырмалары 30 сұрақтан тұрады, олардың жалпы саны 120 болады. Дұрыс жауап бiр баллмен бағаланады. Пәндерден жинақ тестi бойынша оқуға түсушiнiң жауаптарының жалпы саны 40 баллдан кем болса, жауабы "екiге" бағаланады, ал оқуға түсушi сайысқа қатысудан босатылады. 10. Үш пән бойынша жинақ тестiне үш астрономиялық сағат бөлiнедi. 11. Себептi жағдаймен емтиханға (тест) келмегендер сол емтиханды пәндерi сәйкес келетiн келесi топтың кестесiнде болған жағдайда ғана тапсырылады. 12. Емтихандардың қорытындысы жинақ тестi өткiзiлгеннен кейiн бiр тәулiк iшiнде оқуға түсушiлерге мәлiметтеледi.
13. Дұрыс жауаптардың кодтары баллдарда санау нұсқаумен бiрге тест сынақтары өткеннен кейiн ақпараттық стендке бiрден iлінедi.
14. Алынған бағаны (тест баллын) көтермелеу мақсатында емтиханды қайта тапсыруға үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады. Тестiң қорытындысы жария болғаннан кейiн шағым арыз бiр тәулiк iшiнде берiледi және қаралады. Алынған бағаны (тест баллы) қабылдау комиссиясының дәлелденген шешiмiмен өзгертуi болады.
15. Оқуға алыну қабылдау комиссиясының ашық отырысында сайыс негiзiнде мамандар және тiл бөлiмiне түсу емтиханда қорытындылары, медициналық куәландыру мәлiметтерi бойынша бөлiнген қабылдау орындарын есепке ала отырып жүргiзiледi.
16. Ерекше үлгi аттестат немесе төске тағатын "Алтын белгiсiмен" марапатталғандар түсу емтихансыз оқуға қабылданады.
17. Жиған баллдарына сәйкес түсу емтихандарын табысты тапсырған басқа кандидаттар оқуға жалпы сайыс бойынша қабылданады:
- жетiмдер және ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балалар;
- үзiктi аттестаты немесе үзiктi арнайы бiлiм дипломы барлар;
- қаза болған немесе қызмет бабымен мүгедек болған Салық полициясының комитетiнiң және Кеден комитетiнiң қызметкерлерiнiң балалары;
- Салық полиция комитетiнiң және Кеден комитетiнің қызметкерлерi;
- оқушылардың халықаралық пәндер олимпиядасының жүлдегерлерi және ағымдағы оқу жылының оқушылардың республикалық пәндер олимпиядасының жеңiмпаздары, I, II және III дәрежелер дипломдарының иелерi - тиiстi мамандық бойынша түсу кезiнде;
- мамандыққа тән пәннен ең жоғарғы балл бар адамдар;
- ауыл тұрғындары.
18. Оқуға қабылданғаны туралы қабылдау комиссиясының шешiмi Академия бастығының бұйрығымен жасалады. Бұйрықтың үзiндiсi оқуға өндiрiстен қабылданғандар үшiн және сырттан оқуға түскендер үшiн демалыс және басқа жеңiлдiктер берiлуге негiздеме болып табылады.
19. Оперативтiк статистикалық есеп беру оқу орындарына қабылдау қорытындысы туралы бекiтiлген форма бойынша МКМ-ның кадрлар аппаратына, Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары бiлiм Министрлiгiне және Астана қаласының бiлiм департаментіне күндiзгi оқуға қабылдау жөнiнде 25 тамыздан кешiкпей, сырттан оқуға-сайыстық қабылдаудан 10 күн өткеннен кейiн.
20. Сайыстан өтпеген оқуға түсушiлер Салық полициясының және Кеден
комитетiнiң бөлiмшелерiнiң өкiмiне жеке iстерiмен және қабылданбаған себептерi көрсетiлiп қайта жiберiледi. 21. Түсу емтихандарын тапсырған, бiрақ Академияға түспеген оқуға түсушiлердiң тiлегi бойынша белгiленген үлгiде емтихандардың қорытындылары (пәндер бойынша балл) берiледi. 22. Бiрiншi курсқа түскен тыңдаушылар 10 күн iшiнде себепсiз сабаққа кiрiспеген, Академиядан шығарылады. Шығарылғандардың орнына қабылдау комиссиясы сабақ басталғаннан 1 айдың iшiнде сайыстан өтпегендердi осы Ереженiң 17 п. негiзiнде қабылдауға құқы бар. Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.