Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі адамдарының қадағалауындағы кәсіпорындардың қызметкерлеріне әкімшілік тәртіппен айыппұл салу және төлету тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар Жөніндегі Агенттігінің 1999 жылғы 22 желтоқсандағы N 280 БҰЙРЫҒЫ. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 3 ақпанда тіркелді. N 1038. Күші жойылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2005 жылғы 20 мамырдағы N 469 бұйрығымен.

  ------------Бұйрықтан үзінді---------

      "Заңға тәуелдi актiлердi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкiмiне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Өнеркәсiптегі жұмыстардың қауiпсiз жүргiзiлуiн қадағалау және тау-кен қадағалау комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi төрағасының кейбір шешімдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      Министр

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы
Өнеркәсiптегi жұмыстардың қауiпсiз жүргізілуін қадағалау
және тау-кен қадағалау комитетiнiң, Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттiк комитетiнiң,
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi
төрағасының күші жойылған кейбiр шешімдерінің тізбесі

       4. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi тұлғаларының қадағалауындағы кәсiпорындар қызметкерлеріне әкiмшілiк тәртiппен айыппұлдар салу және олардан оны өндiру тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 22 желтоқсандағы N 280 бұйрығы...

------------------------------------

      Қазақ ССР-нің әкімшілік құқық бұзушылық туралы 1984 жылғы 22 наурыздағы Кодексінің сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылдың 7 шілдесіндегі N 1068  P971068_  қаулысымен бекітілген, көрсетілген Кодекске енгізілген өгерістермен толықтырулар "Төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою жөніндегі Мемлекеттік инспекция туралы Ережесінің", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылдың 27 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің мәселелері" туралы N 481  P990481_  қауылысының негізінде және "Нормативті құқықтық актілері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  Z980213_  38 тармағын орындау барысында БҰЙЫРАМЫН: 
      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің адамдары қадағалауындағы кәсіпорындардың қызметкерлеріне әкімшілік тәртіппен айыппұл салу және төлету туралы" қоса беріліп отырған Нұсқаулық бекітілсін. 
      2. Нұсқаулықтың орындалуына бақылау жасау төтенше жағдайларды мемлекеттік кадағалау, техникалық және тау-кен қадағалауы жөніндегі Департаментіне жүктелсін. 

 
      Агенттіктің Төрағасы 

                                         Қазақстан Республикасы Төтенше
                                         жағдайлар жөніндегі Агенттігінің
                                              бұйрығымен бекітілді
                                          22 желтоқсан 1999 ж. N 280

 
               Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі 
             Агенттігі адамдарының қадағалауындағы кәсіпорындардың 
                қызметкерлеріне әкімшілік тәртіппен айыппұл салу 
                          және төлету тәртібі туралы 
                               Н Ұ С Қ А У Л Ы Қ  

                              1. Бөлім. Жалпы ережелер 

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің лауазымды адамдарына (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының ТЖА) Қазақ ССР-нің 1984 ж. 22 наурыздағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 41, 94, 95, 225 баптарының, Қазақстан Республикасының "Қазақ ССР-нің әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 12 сәуірдегі "Қазақ ССР-нің әкімшілік құқық бұзушылық туралы N 2122-ХП және 1993 жылғы 28 қазандағы Қазақ ССР-нің әкімшілік құқық бұзушылық туралы N 2492-ХП Кодексінде қаралған айыппұл мөлшерін қайта есептеу тәртібі туралы Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 10 наурыздағы "Қазақстан Республикасының еңбек мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер енгізу туралы" Заңының 2 тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қантардағы "Қазақстан Республикасы Үкіметтің құрылымы туралы" N 6  U990006_  Жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкіметтің 1997 жылы 7 шілдеде бекіткен "Төтенше жағдайлардың алдын-алу және оны болдырмау жөніндегі Мемлекеттік инспекцияның Ережелері туралы" N 1068  P971068_  қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің мәселелері туралы" N 481  P990481_  қаулысының негізінде ведомстволық бағынаштылығына, меншік нысанына қарамастан, қадағаулаындағы кәсіпорындардың қызметкерлеріне, кісі өліміне әкеп соқтыратын еңбек туралы заңды және еңбекті қорғау туралы Ережені бұзса, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға құқық беріледі. 

                2. Бөлім. Айыппұл салу үшін құжаттарды ресімдеу 

      2. Айыппұл салу үшін құжаттарды ресімдеу құқы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің төтенше жағдайлардың алдын-алу және оны жою жөніндегі Мемлекеттік инспекциясының лауазымды адамдарына беріледі (бұдан әрі - Меминспекция). 
      Айыппұл салу үшін құжаттарды ресімдеуге мыналар қажет: 
      1) қоса беріліп отырған нысан бойынша хаттама жасалады. Осы хаттамамен тәртіп бұзған кінәлі адам таныстырылуы тиіс, оның құқы туралы түсіндіріліп айтылады және ол адамнан жазбаша түрінде түсімдірме талап етіледі, ол хаттамаға қоса тіркеледі, егер кінәлі адам хаттамаға қол қоюдан және түсімдірме беруден бас тартса, инспектор оны хаттамада көрсетуі қажет; 
      2) хаттама тәртіп бұзғаны туралы ұйғарымды ауыстара алмайды; 
      3) хаттама бір сөткенің ішінде лауазымды адамның қарауына жіберілуі немесе берілуі керек, егер хаттамада көрсетілгендей мөлшерде айыппұл салуға құқы болса; 
      4) тәртіптің бұзылуы туралы хаттама алған лауазымды адам, оны 5 күннің ішінде қарап, айыппұл салу туралы үш данада қаулы ресімдеп, шешім қабылдауы керек және оған қол қойып, мөрмен куаландыруы керек (N 1 қосымшаны қараңыз); 
      5) тәртіп бұзылған уақыттан бастап, айыппұл бір айдың ішінде салынуы керек. Қаулының бір данасы 3 күннің ішінде айып салынған адамға тапсырылуы немесе хатпен жіберілуі керек; 
      6) егер қаулы тапсырылғаннан кейін 15 күннің ішінде ол өзінің кәсіпорнының бухгалтериясына айыбын төлемесе (тәртіп бұзушы), онда қаулының екінші данасы айып тәлеушінің жұмыс істеп жүрген жерінің бухгалтериясына тәртіп бойынша айыбын төлеттіру үшін жіберіледі; 
      7) айып төлеу туралы қаулы, айыпкер жұмыс істейтін кәсіпорынның бухгалтериясынан (N 2 қаулыны қараңыз) хабар түскенде ғана тексеруден алынап тасталады; 
      8) іс сотта немесе Қазақстан Республикасы ТЖА жоғарғы органдарында қаралған жағдайда қаулының шыққанына 3 ай  болғанға дейін (сол мерзім көрсетіледі), сонымен қатар айыпкер  еңбек ақысын ала алмаған жағдайда, айып төлеттірілмейді.
      9) лауазымды адамдарға салынған айыпты кәсіпорын мен  ұйымның есебінен төлеуге тиым салынады.     

                3. Бөлім. Айып салу туралы қаулыға шағым айту

      3. Айып салу туралы қаулы 10 күндік мерзім ішінде  Қазақстан Республикасы ТЖА жоғарғы органдарына - төтенше жағдайларды мемлекеттік қадағалау, техникалық және тау-кен қадағалауы жөніндегі (бұдан әрі - Департамент) Департаментіне немесе тұрған жері бойынша аудандық (қалалық) сотқа шағым беруіне болады. Айып төлеу туралы қаулыны орындағанда ғана шағым беру тоқтатылады. 
      4. Жоғарғы орган Департамент Директоры ретінде - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторы хатты (арызды) алысымен, бір айдың ішінде оны қарап шешім қабылдауы керек. Егер айып салу туралы іс жергілікті сотқа жіберілсе, онда жергілікті соттың хат (арыз), бойынша қабылдаған шешімі соңғы шешім болып саналады. 

               4. Бөлім. Салынған айыпты есепке алу және тексеру 

       5. Мемлекеттік инспектор айып төлеуге ресімделген құжаттарды (хаттама мен қаулыны) Төтенше жағдайлардың алдын-алу және оны жою жөніндегі (бұдан әрі - ТЖ Меминспекциясы) Мемлекеттік инспекция бөлімінде арнайы журналға және өзінің қадағалау-сақтандыру жұмыстарын есепке алатын күнделігіне тіркейді, айыпты уақытында төлеттіруді талап етуге жауапты және ай сайын бөлім және аймақтық инспекция бастықтары алдында есеп береді. 
      6. ТЖ жөніндегі Меминспекция бөліміндегі айыпты есепке алу және тіркеу бойынша арнайы журнал жүргізетін адам, жұма сайын айып төлеудің қалай жүріп жатқандығы жөніндегі мәліметті белгіленген нысан бойынша инспекция (бөлім) бастығына ұсынуға міндетті, айыпты уақытында төлеттіру жөнінде бақылауды жүзеге асырады, ол жөнінде айып салатын әрбір мемлекеттік инспекторға хабарлайды.
      7. Меминспекцияның бөлім бастығы жұма сайын Астана, Алматы қалалары мен облыстарындағы ТЖ Меминспекция бастығының жедел мәжілісінде айып салу жөніндегі Қаулының орындалу барысы жөнінде баяндайды.     

             5 Бөлім. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі     
            Агенттігінің айыппұл салуға құқы бар, лауазымды адамдарының 
                                     тізбесі

      8. Айыппұл салу туралы қаулыға қол қоюға:
      1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің Төрағасы мен оның орынбасарларының;
      2) Департамент директоры мен оның орынбасарының;
      3) бөлім бастықтарының, Департаментің бас мамандарының-мемлекеттік инспекторлардың;
      4) Облысаралық, Теңіз және Астана, Алматы қалалары мен облыстарының бастықтары, ТЖ жөніндегі Меминспекциясының бастықтары мен олардың орынбасарлары; ТЖ жөніндегі аймақтық (салалық) Меминспекцияның бастықтары немесе олардың орнын басушы адамдардың қол қоюға құқы бар.
      9. Саланытын айып мөлшері:
      1) Қазақстан Республикасы ТЖА Төреағасы мен оның орынбасарлары:
      азаматтарға 8-ден 10 айлық есептік көрсеткішке дейін;
      лауазымды адамдарға 8-ден 10 айлық есептік көрсеткішке дейін;
      2) Департамент директоры мен оның орынбасарлары:
      азаматтарға 6-дан 10 айлық есептік көрсеткішке дейін;
      лауазымды адамдарға 6-дан 10 айлық есептік көрсеткішке дейін;
      3) Департаменттің бөлім бастықтары мен бас мамандары:
      азаматтарға 4-тен 10 айлық есептік көрсеткішке дейін;
      лауазымды адамдарға 4-тен 10 айлық есептік көрсеткішке дейін;
      4) Облысаралық, Теңіз облыстық және Астана, Алматы қалаларының ТЖ Меминспекцияның бастықтары мен олардың орынбасарлары:
      азаматтарға  6-дан 10 айлық есептік көрсеткішке дейін;
      лауазымды адамдарға 6-дан 10 айлық есептік көрсеткішке дейін;
      5) ТЖ жөніндегі аймақтық (салалық) Меминспекцияның бастықтарымен немесе олардың орнын басушылармен:
      азаматтарға 4-тен 10 айлық көрсеткішке дейін;
      лауазымды адамдарға 4-тен 10 айлық есептік көрсеткішке дейін.     

                      6 Бөлім. Айыппұл төлеу тәртібі, оларды
                            аудару және пайдалану

      10. Қадағалауға алынған кәсіпорындар мен нысандардың қызметкерлеріне, әкімшілік тәртіппен салынған айыппұлдан түскен қаржы, жергілікте бюджеттің кірісіне аударылады. 
      11. Әкімшілік тәртіппен салынған айыппұлдың жергілікті бюджеттің кірісіне толығымен және уақытында аударылуын тексеру Астана, Алматы қалаларының және облыстық ТЖ жөніндегі басқармаларының бухгалтерияларына жүктеледі. 
      12. Қазақ ССР-нің 1984 жылғы 22 наурыздағы (301, 302 баптары) Әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы Қазақ ССР-нің Кодексіне және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 12 сәуірдегі "Қазақ ССР-нің әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 2122-ХП Заңына сәйкес айыппұл көрсетілген мерзім ішінде ерікті түрде төленбесе, заң белгілеген тәртіппен айыппұл салынған адамның жұмыс орнындағы бухгалтериясынан даусыз тәртіппен өндіртіп алынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады