Банктерде сақталуға тиісті құжаттарды ресімдеудің және есепке алудың тәртібі және оларды сақтауды ұйымдастарудың талаптары жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қаулысы 1999 жылғы 25 желтоқсан N 445. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 7 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1045. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 320 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

        Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 320   қаулысымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін   3-тармақтан   қараңыз ).
________________________________  

      Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктерде сақталуға тиісті құжаттарды ресімдеудің және есепке алудың тәртібі және оларды сақтауды ұйымдастырудың талаптары жөніндегі нұсқаулық туралы" 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 351  V960434_ қаулысымен бекітілген Банктерде сақталуға тиісті құжаттарды ресімдеудің және есепке алудың тәртібі және оларды сақтауды ұйымдастырудың талаптары жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енгізілсін. 
      2. Банктерді қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.К.): 
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 351 қаулысымен бекітілген Банктерде сақталуға тиісті құжаттарды ресімдеудің және есепке алудың тәртібі және оларды сақтауды ұйымдастырудың талаптары жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап екі апта мерзімде осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 351 қаулысымен бекітілген Банктерде сақталуға тиісті құжаттарды ресімдеудің және есепке алудың тәртібі және оларды сақтауды ұйымдастырудың талаптары жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсін.    

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының                  Қазақстан Республикасы
Орталық мемлекеттік архивімен            Ұлттық Банкі Басқармасының
келісілген                              1999 жылғы 25 желтоқсандағы
1999 жылғы 9 қараша                      N 445 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы
Орталық мемлекеттік
архивімен директоры

Қазақстан республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 351 қаулысымен бекітілген
Банктерде сақталуға тиісті құжаттарды ресімдеудің және
есепке алудың тәртібі және оларды сақтауды ұйымдастырудың
талаптары жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар

      1. "I-тарау", "ІІ-тарау", "ІІІ-тарау", "IV-тарау", "V-тарау" сөздері тиісінше "1-тарау", "2-тарау", "3-тарау", "4-тарау", "5-тарау" деп жазылсын.
      2. Нұсқаулықтың мәтініндегі "архив қызметінің тиісті аумақтық бөлімшесінің", "Қазақстан республикасының мемлекеттік Орталық архиві (Мемортаархив) және оның тиісті аумақтық бөлімшелері", "Мемортаархивтің тиісті аумақтық бөлімшелеріне", "Мемортаархивтің тиісті аумақтық бөлімшелері", "архив қызметінің аумақтық бөлімшесінің", "Мемортаархивті" деген сөздер тиісінше "тиісті мемлекеттік архив мекемесінің", "тиісті мемлекеттік архив мекемелері", "тиісті мемлекеттік архив мекемесіне", "тиісті мемлекеттік архив мекемелері", "тиісті мемлекеттік архив мекемелеріне", "тиісті мемлекеттік архив мекемелерін" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      3. 13-тармақ мынадай мазмұндағы азатжолдармен толықтырылсын: 
      "Қойма ыс баспайтындай, жәндіктер мен кеміргіштер пайда болмайтындай және шаң (0,15 мг/м-нан көп) жиналып қалмайтындай ұқыпты әрі таза ұсталуы тиіс. 
      Қоймада жәндіктер мен кеміргіштер байқалған жағдайда тез арада оларды жою шаралары қолданылады. Жәндіктер зақымдаған құжаттар бөлек жерге қойылып, дезинфекция жасалады. 
      Ыс басқан құжаттар мен қораптар байқалған жағдайда, тез арада құжаттарды, бөлмелерді өңдеу жөнінде шаралар қабылдануы тиіс. Ыс басып зақымданған құжаттар бөлек жерге қойылып, дезинфекция жасауға беріледі. Ыс басқан құжаттар сақталған сөрелер, шкафтар, қораптар су қосылған формалин ертіндісімен (3-5%) сүртіледі және кептіріледі: қойманың қабырғалары, едені,төбесі көгерген жағдайда зақымданған жерлер формалин ертіндісімен (3-5%) сүртіледі". 
      3. 27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "27. Тарату комиссиясы сақталуға тиісті, оның ішінде осы тараудың талаптарын ескере отырып, комиссия қызметіне байланысты құжаттарды есепке алу, ресімдеу мен сақтауды қамтамасыз ету мәселелері жөнінде банктерге қойылатын барлық талаптарды қамтамасыз етуге міндетті. 
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өтініші бойынша банк қызметін тоқтату туралы сотта іс қозғалған жағдайда арнайы басқарушы банктің уақытша әкімінен істі қабылдап алады. 
      Сот банкті тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін тарату комиссиясы арнайы басқарушыдан істі қабылдап алады. 
      Тарату комиссиясы банк құжаттарын сақтауды ұйымдастыруға жауапты кісіні тағайындауға міндетті". 
      5. 30-тармақтағы "тиісті облыстық басқармасына" деген сөздер "тиісті филиалына" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      6. Мынадай редакциядағы 30-1 тармақпен толықтырылсын: 
      "30-1. Соттың шешімі бойынша таратылатын банктің уақытша (ұзақ уақытқа) сақталуға тиісті банктің таратылуы толық аяқталған кезге сақталу мерзімі бітпеген құжаттардың бұдан былай сақталатын орнын архивтерді және құжаттаманы басқаратын жергілікті уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті филиалы белгілейді. Осы санаттағы құжаттар тек қабылдау-өткізу актісімен өткізіледі". 
      7. 31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "31. Таратылатын банктің, оның ішінде сот шешімі бойынша тұрақты сақталуға жататын құжаттар тиісті түрде ресімделіп, тиісті мемлекеттік архив мекемесіне сақталуға берілуге тиіс. 
      Таратылатын банктің құжаттарын өткізер алдында іс қағаздарының санын және жағдайын, сондай-ақ құжаттардың өңделу сапасы тексеріледі. Құжаттар тізімдеме бойынша өткізіледі және актімен ресімделеді. 
      Егер таратылатын банк құжаттарының жағдайы және өңделу сапасы ойдағыдай болмаса, онда тарату комиссиясы оларды реттеуді ұйымдастыруға міндетті. 
      Таратылатын банктің, оның ішінде сот шешімі бойынша таратылатын банктің құжаттарын сақтауды ұйымдастыруға жұмсалатын шығыс, банктің қаражаты есебінен төленеді.
      Соттың шешімі бойынша таратылатын банктің іс қағаздары мен құжаттарын тұрақты сақтау орнына өткізуге қаражаты болмаған жағдайда олардың сақталуын сот белгілейді.
      Банктің іс қағаздары мен құжаттарын архивке уақытша (ұзақ уақытқа) және/немесе тұрақты сақтауға өткізу туралы мәліметтер тарату комиссиясының есебінде көрсетіледі".     

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады