Екiншi деңгейдегi банктердің банктің тұрған жерiнен тыс жерлердегi есеп айырысу-кассалық бөлiмдерi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 444 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 197 (V043034) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заң актiлерiне сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң банктің тұрған жерiнен тыс жерлердегi есеп айырысу-кассалық бөлiмдерi туралы" ереже жөнiнде" 1997 жылғы 29 тамыздағы N 311 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердiң банктiң тұрған жерiнен тыс жерлердегi есеп айырысу-кассалық бөлiмдерi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.

      2. Банктердi қадағалау департаментi (Жұмағұлов Б.К.): 
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 29 тамыздағы N 311 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердiң банктiң тұрған жерiнен тыс жерлердегi есеп айырысу-кассалық бөлiмдерi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 29 тамыздағы N 311 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердің банктің тұрған жерiнен тыс жерлердегi есеп айырысу-кассалық бөлiмдерi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің облыстық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсін.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстаң Республикасының   
Ұлттық Банкi Басқармасының  
1999 жылғы 25 желтоқсандағы  
N 444 қаулысымен       
бекiтiлген          

  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының
1997 жылғы 29 тамыздағы N 311 қаулысымен бекiтiлген
Екiншi деңгейдегi банктердiң банктiң тұрған жерiнен тыс
жерлердегi есеп айырысу-кассалық бөлiмдерi туралы ережеге
өзгерiстер мен толықтырулар

      1. Ереженiң атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Екiншi деңгейдегi банктердің есеп айырысу-касса бөлiмдерiн (жинақ кассаларын) құру, жұмыс iстеу және жабу тәртiбi туралы ереже".

      2. Ереженің кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлығына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінің есеп айрысу-касса бөлiмдерiн (жинақ кассаларын) құру, жұмыс iстеу және жабу тәртiбiн анықтайды".

      3. "Осы Ереже" сөздерi қазақша мәтiн бойынша өзгермейдi.

      4. 1-бөлiм мынадай редакцияда жазылсын: "1-тарау. Жалпы ережелер".

      5. 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Банктің есеп айырысу-касса бөлiмi (жинақ кассасы) (бұдан әрi - есеп айырысу-касса бөлiмi) - Ұлттық Банктiң келiсiмi негiзiнде құрылған, заңды тұлға болып табылмайтын, не осы Ережеге сәйкес және банк берген сенiмхат негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын филиал не өкiлдiк мәртебесi жоқ екiншi деңгейдегi банктің ерекшеленген аумақтық бөлiмшесi (бұдан әрi - банк)".

      6. 3-тармақтың 2 азатжолындағы "Әдiлет органдары" деген сөздер "Әдiлет министрлiгінiң органдары" деп жазылсын.

      7. 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Есеп айырысу-кассалық бөлiм банктiң өзi орналасқан немесе оның филиалы бар жердегi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк (облыс) шегiнде ғана құрылады".

      8. II бөлiмнің атауы мынадай редакцияда жазылсын: "2-тарау. Есеп айырысу-касса бөлiмдерi орындайтын банк операцияларының негiзгi түрлерi және олардың жұмысын ұйымдастыру тәртiбi".

      9. 6-тармақтың: 
      1) 2-азатжолындағы "қабылдауға," деген сөзден кейiн "беруге," деген сөзбен толықтырылсын; 
      2) мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын: 
      "Есеп айырысу-касса бөлiмi аударым операциялары шеңберiнде заңды және жеке тұлғалардаң ақша қабылдап алып, бұдан кейiн оны осы тұлғалардың банктiк есепшотына есептеу үшiн банкке не оның филиалына аударуға құқылы". 
      Есеп айырысу-касса бөлiмi қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргiзген кезде, сонымен қатар Қазақстан Республикасының валюталық заңдарының талаптары ескерiле отырып, банктің есеп айырысу-касса бөлiмi Ұлттық Банктiң филиалында айырбастау пунктi ретiнде тiркелуi керек".

      10. 8-тармақтағы "ашуға" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, банктiк есепшоттарын ашуға және жүргiзуге" деген сөздермен толықтырылсын.

      11. III бөлiмнің атауы мынадай редакцияда жазылсын: "3-тарау. "Есеп-айырысу-касса бөлiмiн ашу және жабу тәртiбi".

      12. 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Банк есеп-айырысу-кассалық бөлiмнің қаржы жағдайы тұрақты болса, есеп-айырысу-касса бөлiмiн ашу туралы өтiнiш берiлген күнге дейiн үш ай бойы пруденциалдық нормативтердi және сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi, сондай-ақ банктiң жарғылық және меншiктi капиталдарының ең аз мөлшерiне қатысты Ұлттық Банк белгiлеген талаптарды сақтаса, Ұлттық Банкке есеп айырысу-касса бөлiмiн ашуға келiсiм беру туралы өтiнiш беруге құқылы".

      13. 11-тармақтың: 
      1) 2-азатжолындағы "банк басқармасы" деген сөздер "банктің Директорлар кеңесi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) 4-азатжолындағы "облыстық басқармасының" деген сөздер "аумақтық филиалының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 11-тармақтың 5-азатжолы алынып тасталсын.

      14. IV бөлiмнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын: "4-тарау. Есеп айырысу-кассалық бөлiмдi тiркеудi ресiмдеу және олардың ашылуына берiлген келiсiмдi есепке алу".

      15. V бөлiм мынадай редакцияда жазылсын: "5-тарау. Қорытынды ережелер".

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады