Бажсыз сауда жасайтын дүкеннің қызметін ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Бұйрық Мемлекеттік Кіріс Министрлігі Кеден комитеті 1999 жылғы 27 желтоқсан N 634-Б Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 20 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1053. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001.02.09. N 46 бұйрығымен. ~V011444

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Z952368_ Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бұйырамын:
      1. Мыналар бекітілсін:
      1) Бажсыз сауда жасайтын дүкеннің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулық (N 1 қосымша).
      2) Бажсыз сауда жасайтын дүкендегі тауарларды есепке алу кітабінің нысаны (N 2 қосымша).
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Кеден комитетінің "Бажсыз сауда жасайтын дүкен туралы ережені бекіту туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы N 144-П V950137_ бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      3. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (Мұхамедиева Г.) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Кеден режимдерін және кедендік ресімдеуді бақылауды ұйымдастыру бас басқармасы (Байболов М.) осы бұйрықтың іске асырылуын қамтамасыз етсін.
      5. Баспасөз қызметі (Исахан Г.) осы бұйрықтың жариялануын қамтамасыз етсін.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті Төрағасының орынбасары Б. Жұмабаевқа жүктелсін.
      7. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға
                                             Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 1999 жылғы "___"___________N___бұйрығына N 1 қосымша


                 Бажсыз сауда жасайтын дүкеннің қызметін
                       ұйымдастыру туралы нұсқаулық

      1. Жалпы ережелер

      1. Бажсыз сауда жасайтын дүкен - "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Z952368_ Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі - Кеден ісі туралы заң) 50-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін тауарлар, осындай тауарлар Қазақстан Республикасының кеден аумағынан кейін әкетілу шартымен кеден баждары, салықтар алынбай және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай бөлшек саудада сатылатын кеден режимі.
      2. Бажсыз сауда жасайтын дүкенге тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тауарларды қоспағанда кез-келген тауарлар орналастырылуы мүмкін.
      3. Бажсыз жасайтын сауда дүкеннің кеден режиміне орналастырылған тауарлар Қазақстан Республикасының кеден аумағында халықаралық қатынас үшін ашық әуежайларда, кемежайларда және шекара өткелдерінде, сондай-ақ халықаралық тасымалдарды орындайтын әуе және теңіз кемелерінің борттарында кеден бақылауында сатылады.
      4. Бажсыз сауда жасайтын дүкеннен сатып алынған тауарлар Қазақстан республикасының кеден аумағынан тысқары әкетілуге тиіс.
      5. Бажсыз сауда жасайтын дүкенді Қазақстан Республикасының кеден органдары белгілеген жерлерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің (бұдан әрі - Кеден комитеті) лицензиясын алғаннан кейін оның иесі болып табылатын отандық тұлға құра алады.
      6. Бажсыз сауда жасайтын дүкеннің аумағы кеден бақылауының аймағы болып табылады.
      7. Бажсыз сауда жасайтын дүкеннің кеден режимін пайдалану ережелерінің сақталуы, кеден төлемдері мен салықтардың төленуі үшін бажсыз сауда жасайтын дүкеннің иесі жауап береді.

      2. Бажсыз сауда жасайтын дүкенді жайғастыруға және жабдықтауға
                       арналған талаптар

      8. Бажсыз сауда жасайтын дүкенді жайғастыруға және жабдықтауға қойылатын талаптар бажсыз сауда жасайтын дүкеннің кеден режиміне орналастырылған тауарлардың кеден бақылауын және кедендік ресімдеуін жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында белгіленеді.
      9. Бажсыз сауда жасайтын дүкенді құруға арналған үй-жай өртке қарсы қауіпсіздіктің, санитариялық және техникалық нормалардың талаптарына сәйкес келуге және мына талаптарға жауап беруге тиіс:
      1) кеден бақылау желісінен кейін орналасуға (жеке тұлғалардың, осы тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы өткен кезде әкететін тауарларды кедендік ресімдеуді жүргізу үшін белгіленген орыннан тысқары)
      2) осы үй-жайларға Қазақстан Республикасының аумағына келетін жеке тұлғалардың кіру мүмкіндігі болмайтындай етіп орналасуға;
      3) өртке қарсы және қорғаныстың механикалық қажетті құралдарымен, сондай-ақ дабыл берумен жабдықталуға;
      4) бажсыз сауда жасайтын дүкеннің кеден режиміне орналастырылған тауарлардың кеден бақылауынан тыс алыну мүмкіндігін болдырмауға;
      5) бажсыз сауда жасайтын дүкеннің үй-жайындағы тауарлардың сақталуын және бөгде адамдардың оларға қол жеткізуін болдырмауды қамтамасыз етуге.
      10. Бажсыз сауда жасайтын дүкеннің аумағында сауда операцияларын, тауарларды сақтауды жүзеге асыруға, осы Нұсқаулыққа көзделген талаптарды ескере отырып бажсыз сауда жасайтын дүкеннің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін операцияларды жүзеге асыруға арналған орындар болуға тиіс. Осы мақсаттар үшін бажсыз сауда жасайтын дүкеннің аумағында қоршалған орындар:
      1) сауда залы (сауда залдары);
      2) бажсыз сауда дүкенінің қоймасы;
      3) қосалқы үй-жайлар болуға тиіс.
      Сауда залында бажсыз сауда жасайтын дүкеннің кеден режиміне орналастырылған тауарларды сату жүзеге асырылады.
      Бажсыз сауда жасайтын дүкеннің қоймасында тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету, тауарларды сатуға дайындау жөніндегі операциялар (орауларды ашу, тарадан босату және т.б.) жүргізіледі.
      Қосалқы үй-жайларды тауарларды сатуға дайындау жөніндегі операциялар жүргізіледі.
      Көрсетілген операциялар кеден бақылауында жүргізіледі.
      Бажсыз сауда жасайтын дүкеннің сауда залы, қоймасы мен қосалқы үй-жайлары бажсыз сауда жасайтын дүкеннің кеден режимінің шеңберінде ғана пайдаланылуы мүмкін. Көрсетілген орындарды өзге мақсаттар үшін пайдалануға жол берілмейді.

            3. Бажсыз сауда жасайтын дүкеннің кеден режиміне
            орналастырылатын тауарларды кедендік ресімдеудің тәртібі

      11. Бажсыз сауда жасайтын дүкеннің кеден режиміне орналастырылған

тауарларды кедендік ресімдеу Кеден ісі туралы заңына сәйкес жүзеге 
асырылады.
     Бажсыз сауда жасайтын дүкеннің кеден режиміне орналастырылған 
тауарларды кедендік ресімдеудің орны тек бажсыз сауда жасайтын дүкеннің 
қоймасы ғана болып табыла алады.
     12. Тауарлар бажсыз сауда жасайтын дүкеннің қоймасына кеден органының 
уәкілетті лауазымды тұлғаларының қатысуымен немесе оларға таныстырылып 
орналастырылады.
     13. Малдәрігерлік, санитариялық, экологиялық және мемлекеттік 
бақылаудың басқа да түрлеріне жататын тауарларды кедендік ресімдеу, оның 
ішінде сертификаттау, осындай тауарлар қатысында заңдарда көзделген 
мемлекеттік бақылау түрлері жүзеге асырылғаннан кейін ғана аяқталуы 
мүмкін.
     14. Бажсыз сауда жасайтын дүкеннің қоймасына орналастыру мақсатымен 
уақытша сақтау орындарындағы тауарларды тасымалдау тауарларды жеткізудің 
ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
     
          4. Бажсыз сауда жасайтын дүкенде тауарларды сату

     15. Бажсыз сауда дүкенінің кеден режиміне орналастырылған тауарларды 
сату бөлшек саудада және Қазақстан Республикасының кеден аумағынан шығатын 
тек жеке тұлғаларға ғана қолма-қол ақшамен немесе несие карточкаларымен 
жүзеге асырылады.
     16. Бажсыз сауда жасайтын дүкеннің кеден режиміне орналастырылған 
тауарларды үлгілер бойынша, алдын ала тапсырыстар бойынша, үйге 
жеткізумен, төлемді кейінге қалдырумен сатуға, сондай-ақ қосымша қызметтер 
көрсетуге (сауда алдындағы дайындықты, орауды, көрсетуді, қайта орауды 
және осындай операцияларды қоспағанда) жол берілмейді.
     
          5. Бажсыз сауда жасайтын дүкенге келіп түсетін және сатылатын
                 тауарларды есепке алу және олар туралы есеп беру 
     


      17. Бажсыз сауда жасайтын дүкеннің иесі және кеден органы бажсыз сауда жасайтын дүкеннің кеден режиміне орналастырылған тауарларды міндетті түрде есепке алуға тиіс.
      18. Бажсыз сауда жасайтын дүкеннің иесі есепке алуды жүргізеді және бажсыз сауда жасайтын дүкеніне келіп түсетін және орналастырылған сатылатын тауарлар туралы кеден органдарына есеп береді. Бұл ретте есепке алу жүйесіне мыналар кіреді:
      1) есепке алу кітабы;
      2) кедендік есепке алу құжаты.
      19. Есепке алу кітабі есепке алудың басқа да, оның ішінде, автоматтандырылған жүйелерінің пайдаланылуына қарамастан белгіленген нысанда жүргізіледі. Есепке алу кітабтарын жүргізудің тәртібін кеден органы белгілейді.
      Есепке алу кітабі күнтізбелі жылдар бойынша жүргізіледі. Есепке алу кітаптары алдын ала тігілуі, нөмірленуі, брошюралануы, қызмет аймағында бажсыз сауда жасайтын дүкен құрылған кеден органы бастығының немесе кеден органы бастығын алмастыратын адамның қолымен және кеден органының мөрімен бекітілуі тиіс.
      Соңғы жазу енгізілгеннен кейін есепке алу кітабі кеден органына тексеруге беріледі. Тексеру аяқталғаннан кейін есепке алу кітабі бажсыз сауда жасайтын дүкеннің иесіне сақтауға қайтарылады. Тексеруден кейін кітапқа қосымша жазулар немесе түзетулер енгізуге жол берілмейді.
      Кеден органының келісімі бойынша есепке алу кітабының нысанын, бұл нысанда осы үлгіде көрсетілген барлық мәліметтер болу шартымен өзгертуге жол беріледі.
      Тауарларды есепке алу кітабі кеден органының лауазымды тұлғаларына олардың бірінші талабы бойынша табыс етіледі.
      20. Кеден органдары бажсыз сауда жасайтын дүкенге орналастырылатын және бажсыз сауда жасайтын дүкеннен сатылатын тауарлардың есебін кедендік есепке алу құжатының нысанында жүргізеді. Кедендік есепке алу құжаты ретінде кедендік жүк мағлұмдамасы пайдаланылады.
      21. Бажсыз сауда жасайтын дүкендегі тауарларды есепке алу құжаттары бес жылдан кем емес сақталады.
      22. Бажсыз сауда жасайтын дүкен иелерінің бажсыз сауда жасайтын дүкендегі тауарлар туралы есептерді табыс ету кестесін қызмет аймағында орналасқан кеден органдары белгілейді. Бұл ретте есеп кеден органдарына белгіленген есепке алу нысанында үш айдан бір реттен кем емес табыс етілуге тиіс.
      23. Кеден органы жеткілікті негіздер болған кезде кезектен тыс есеп табыс етуге міндеттеуге құқылы. Мұндай есеп кеден органы бастығының немесе оның орынбасарының жазбаша түрде талабы алынған күннен бастап жеті күн ішінде белгіленген нысанда табыс етілуге тиіс.
      24. Кеден органы бажсыз сауда жасайтын дүкеннің сауда залдарында, қосалқы үй-жайларында және қоймаларындағы тауарларды түгендеуді жүргізуге құқылы.

           6. Бажсыз сауда жасайтын дүкенді тарату

      25. Бажсыз сауда жасайтын дүкенді тарату туралы шешім Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және Кеден комитеті бұйрығының нысанында қабылданады.
      26. Бажсыз сауда жасайтын дүкенді тарату туралы шешім қабылданған күннен бастап бажсыз сауда жасайтын дүкендегі барлық тауарлар уақытша сақтауда болып саналады және таңдалған кеден режиміне сәйкес кедендік ресімдеуге жатады.
      Көрсетілген күннен бастап жаңа тауарларды бажсыз сауда жасайтын дүкеннің кеден режиміне орналастыруға және осы режимге орналастырылған тауарларды сатуға жол берілмейді.
      27. Бажсыз сауда жасайтын дүкеннің иесі бажсыз сауда жасайтын дүкенді тарату туралы шешім қабылданған күннен бастап үш күндік мерзімде кеден органына осы Нұсқаулықта көзделген тәртіппен қоймадағы тауарлар туралы есеп табыс етуге міндетті.
      Кеден органы жеті күндік мерзімнен кешіктірмей таратылатын бажсыз сауда жасайтын дүкендегі тауарларды түгендеуді жүргізеді.
                                         Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 1999 жылғы "__"__________N______бұйрығына N 2 қосымша


     Бажсыз сауда жасайтын дүкеннің қоймасына орналастырылатын тауарларды
                               есепке алу кітабы
     
---------------------------------------------------------------------------
р/с   Тауар бажсыз      Есепке алу     Тауарды        Тауар 
      сауда жасайтын    кеден          бажсыз         көлік
N     дүкенге           құжаты.        сауда          құжаттары.
      орналастырылған   ның нөмірі     жасайтын       ның
      күн                              дүкенге        нөмірлері
                                       орналастыр.
                                       ған тұлға   
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:

---------------------------------------------------------------------------
Тауардың атауы,      Орын  Салмағы      Тауарды           Тауар қоймадан
тауардың мәртебесі   саны  брутто (кг)  бажсыз сауда      бажсыз сауда
(отандық, шетелдік)                     жасайтын дүкенге  жасайтын дүкенге
                                        қабылдаған        орналастырылған
                                        тұлғаның          күн
                                        қолы
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
     

            Бажсыз сауда жасайтын дүкеннен сатылатын тауарларды
                           есепке алу кітабы  

---------------------------------------------------------------------------
р/с   Тауар бажсыз сауда   Есепке алу кітабы Тауар         Тауардың  Орын
N     жасайтын дүкеннің    бойынша нөмірі    сатылған күн  атауы     саны
      қоймасынан сауда     
      залына
      орналастырылған
      күн  
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
     
таблицаның жалғасы:

---------------------------------------------------------------------------
Салмағы брутто (кг)   Тауарды бажсыз сауда жасайтын дүкеннен   Ескерту
                             берген тұлғаның қолы
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
         


    Оқығандар:
              Омарбекова А.Т.
              Қасымбеков Б.А.
                     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады