Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 11.09.2004 № 3/740 қаулысымен.
Бала бақшада тэрбиеленетін балалар үшін алынатын төлемақы жүйесін тәртіпке келтіру мақсатында Алматы қаласы Әкімі
шешті:
1. 1999 жылдың 15 ақпанына дейін экономика Комитеті (Васильева Л.А.), нақты монополияны реттеу және Алматы қаласы бойынша конкуренцияны қорғау Комитеті (Жангаскин К.К.), қалалық әкімшіліктің білім,ғылым және мәдениет бөлімі (Мельникова Н.Н.), және Қалалық білім басқармасы коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып қайта құрылған бала бақшаларда балаларды тәрбиелеу үшін алынатын төлемақыны үсыну, келісу, бекіту және қабылдау үшін уақытша тәртіп жүйесін әзірлесін.
2. Жоғарыдағы Тәртіп жүйесі бекітілгенге дейін, бала бақшаларында балаларды тәрбиелеу үшін алынатын бір айлық төлемақы мөлшері, Қазақстан Республикасы зандылығымен белгіленген 1999 жылдың бірінші тоқсанындағы айлық есеп айрысу көрсеткішінің 10- еселенген мөлшерінен артық емес сомада тағайындалсын. Әрбір кәсіпорын үшін ата-аналар төлейтін ақы мөлшерін қүрылтайшы (өкілетті үйым) бекітеді.
3. Шешімнің орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А.Ж. Ыбраевқа жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі В. Храпунов