"Тұрғын үйді ұстау жұніндегі шығындарға тұлем мұлшерін белгілеу туралы" Алматы қаласы әкiмiнiң 1997 жылғы 25 тамыздағы № 442 шешiмiне толықтырулар мен ұзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімінің шешімі 1999 жылғы 30 наурыздағы N 307. Алматы қаласының әділет басқармасында 1999 жылғы 3 желтоқсанда N 83 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімінің 2001 жылғы 14 тамыздағы N 1/129 қаулысымен.

     Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімінің 14.08.2001 N 1/129 қаулысымен.

      Алматы қаласындағы тұрғын үйлердегi газ қондырғыларының апаты жөнiндегi төтенше сипаттағы жағдайдың көбеюiне байланысты, қызмет көрсету ұйымдарының дұрыс деңгейдегi бiлiктiлiгiнiң және апат жағдайын жедел басу қимылдарының жоқтығы, мұның барлығы халықтың өмiрiнiң, денсаулығының, мүлкiнiң қауiпсiздiгiне қауiп туғызады, қоршаған ортаға зиян тигiзедi, осылардың алдын алып ескерту шараларды қабылдау мақсатында Алматы қаласының Әкiмi

                       ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы қаласы Әкiмiнiң 1997 жылғы 25 тамыздағы N№442  "Тұрғын үйдi ұстау жөнiндегi шығындарға төлем мөлшерiн белгiлеу туралы" шешiмiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      - 1 тармақ "инженерлiк жүйелер" сөзiнен кейiн "сондай-ақ iшкi үйдегi газ қондырғыларына техникалық қызметке әрбiр газ қондырғысына қосымша 15 теңге төлем белгiленсiн", бұдан әрi мәтiн бойынша;
      - 2 тармақ мына мазмұнда мәтiнмен толықтырылсын: "Табиғи газды пайдалануды үйлерге "Алматықалагаз" ҚКК (С.Х. Имажанов), толтырылған газды пайдаланушы үйлерге "Облгаз" ЖШС (Е.Ф. Валтер) iшкi үйлердегi газ қондырғыларына техникалық қызмет көрсетсiн";
      - Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына сәйкес 6 тармақ алынып тасталсын;
      - Шешiмнiң 4-тармағында қызмет көрсетудiң осы түрiне ақы төленбейдi деп белгiленсiн;
      - 2, 3, 4, 5 тармақтары тиiсiнше 3, 4, 5, 6 тармақтар болып есептелсiн;
      - N 1 қосымшада;
      - 2 тармақ мына сөздермен толықтырылсын - "жасыл желектердi және үй аулаларын суғару";
      - 5 тармақ мына бөлiммен толықтырылсын;
      - "газ жүйелерiн техникалық қамтамасыз ету" (N№1 қосымшаға толықтыру).

      Алматы қаласының
            Әкiмi                             В.Храпунов

                                           Алматы қаласы Әкімінің
                                          1999 жылғы 30 сәуірдегі
                                                         N 307 N
                                          1 қосымшасына толықтыру


5 т.

Ішкі үйлердегі газ қондырғыларына техникалық қызмет көрсету
1. Газ жабдықтаудан алып тастамай жылдық тексеру қалыпты жұмыстарын жүргізу
1.1. Ішкі тексеру жұмыстары:
а) газ приборларымен, газ өткізгіштерін монтаждау талаптарына сәйкес "Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік Ережесі",
б) газ қондырғыларының жағдайымен жұмыс төзімділігі,
в) үйдегі ыс тартатын және қондырғылардың болуы (газ аппараттары орналастырылған жерлерде ыс тартатын қондырғылардың болуы).
1.2. Көрсеткіштер алдындағы крандардың   жабылуының болуы
1.3. Барлық крандарды майлау және жұмысын қадағалау және сыртқы ғимараттың крандарын жұмысқа әзірлеу (ескі типтегі тұрғын үйлердегі пәтерлердің қабаттарындағы аталған крандар).
1.4. Ішкі үйлердегі газ өткізгіштердің және олардағы арматуралардың (крандардың) жабдықтардың көрсеткіштері арқылы (газ индикаторлары) немесе сабын эмульсиясының қоспасымен жұмыс төзімділігін тексеру.
1.5. Жабдықтарды майлау, тазалау және жөндеу:
- крандарды, газ приборлары алдындағы (тетіктері);
- крандар, газ приборларының қондырғыларындағы (аппараттарындағы).
1.6. Газда жағу арқылы оның жұмысын тексеру. Газ аппаратының тетіктері толық жануы тиіс және жұмысқа төзімді болуы керек.
1.7. Тұрмыстық газ аппараттарының жұмыс  төзімділігін тексеру, олардың газ қондырғыларының автоматтылығын реттеу және тазалап, жұмысқа әзірлеу.
1.8. Барлық жұмыс істемейтін тетіктерді  анықтау, істен шыққан газ аппараттарының бөлшектерін жөндеу, істен шыққандарын алмастыру.

15 теңге (әрбір газ қондырғысынан)

           Алқа хатшысы                           К.Тәжиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады