Щучье ауданындағы Қотыркөл селолық округінің, Қотыркөл селосының, Қотыркөл көлінің атауларының транскрипциясы өзгертіліп "Қатаркөл" деп жазылуы туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 1999 жылғы 10 қаңтардағы N 4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 1999 жылғы 8 ақпанда N 59 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996.05.03. N 281 қаулысын , "Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы" Заңның 19-бабын басшылыққа ала отырып облыс әкiмi ШЕШIМ ШЫҒАРДЫ :
      1. Қатаркөл селолық округiнiң азаматтар жиынының өтiнiштерiн, аудандық мәслихат сессиясының және Шучье ауданы әкiмiнiң шешiмдерiн ескере отырып,
      Қотыркөл көлi - Қатаркөл көлi,
      Қотыркөл селосы - Қатаркөл селосы,
      Қотыркөл селолық округi - Қатаркөл селолық округi деп атауларының транскрипциясы өзгертiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнен Солтүстiк Қазақстан облысы Щучье ауданының Қотыркөл көлi - Қатаркөлi,
      Қотыркөл селосы - Қатаркөл селосы,
      Қотыркөл селолық округi - Қатаркөл селолық округi деп атауларының транскрипциясы өзгертiлуi туралы осы шешiмнiң бекiтiлуi сұралсын.

      Әкім облысы
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады