--------Үзінді-------
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығы
__________________ (жасалған орны) | 20__жылғы "____" __________ |
_________________________________________________________________,
(заңды тұлғаның толық атауы)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің _________________________ қаулысына сәйкес ________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының күні мен нөмірі)
аккредиттеу жөніндегі органмен айқындалған, бұдан әрі "Аккредиттеу жөніндегі орган" деп аталып, ________________ негізінде әрекет ететін _________________
(құжат атауы)
__________________________________________________________________
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
тұлғасында бір тараптан және ___________________________________________,
(өтінім берушінің атауы)
бұдан әрі "Өтінім беруші" деп аталып ________________________________
(құжат атауы)
негізінде әрекет ететін ______________________________________________
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
тұлғасында екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп аталып, "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес, мына төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1. Шарт мәні
1.1. Аккредиттеу жөніндегі орган ___________________________________ (сәйкестілікті бағалау саласындағы қызметтің бағыты) ретінде аккредиттелуге үміткер Өтінім берушінің _____________________________________________ (стандарттау жөніндегі құжаттың (құжаттардың) атауы) өтінімді сараптау, орналасқан жері бойынша тексеру нысанында, сондай-ақ қайта сараптау және тексеру қажет болған жағдайда, ал өтініш беруші өз кезегінде заңның, осы Шарттың талаптарын орындауға, өтініш берушінің құзыреттілігін ресми тану рәсімін жүргізу жөніндегі жұмыстарға ақы төлеуге сәйкестікті бағалаудың белгілі бір саласында жұмыстарды орындауға міндеттенеді.
1.2. Жұмыс жүргізу тілі: _______________________________________.
(қазақ немесе орыс тілі)
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2.1. Өтінім беруші:
1) сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қажетті мәліметтерді қамтитын аккредиттеуге арналған өтінімге (бұдан әрі – өтінім) сараптау нәтижелері бойынша аккредиттеу жөніндегі орган айқындаған ақпараттық жүйеде бұдан әрі – ақпараттық жүйе) сарапшы-аудитор қорытындысын алуға;
2) орналасқан жерінде тексеріп қарау нәтижелері бойынша ақпараттық жүйеде тексеріп қарау жөніндегі топ есебін алуға;
3) орналасуына байланысты тексеріп қарау нәтижелері бойынша, тиісті себептері бар болған жағдайда, ақпараттық жүйеде сәйкессіздікті жою мерзімін ұзарту туралы, бірақ 2 (екі) айдан артық емес, Аккредиттеу жөніндегі органға жүгінуге;
4) орналасуына байланысты зерттеу нәтижесі бойынша, зерттеу есебін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде аккредиттеу жөніндегі органға ақпараттық жүйе арқылы атқарылған жұмыстар бойынша өз ескертулерін беруге;
5) Аккредиттеу жөніндегі органға оның қызметкерлерінің әрекеттеріне шағымдануға;
6) Аккредиттеу жөніндегі органның бас тарту туралы шешіміне апелляция жөніндегі комиссияға шағымдануға;
7) даулар туындаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сотқа дейінгі рәсімдер жүргізілгеннен кейін сотқа жүгінуге;
8) кез келген уақытта бір жақты тәртіпте бұл туралы Аккредиттеу жөніндегі органға шартты бұзу күніне дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын жазбаша немесе ақпараттық жүйеде хабарлай отырып, Шартты бұзуға;
9) аккредиттеуден бас тартқан жағдайда, ақпараттық жүйеде дәлелді шешімін алуға құқылы.
2.2. Өтінім беруші:
1) электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, ақпараттық жүйеде тіркелуге;
2) тұрақты негізде ақпараттық жүйеде жеке кабинетті бақылау және тексеруге;
3) нормативтік құқықтық актілердің, стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарын мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес орындауға.";
2.3. Өтінім беруші Шартпен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген басқа да құқықтарды пайдаланады және өзге де міндеттемелерді атқарады.
2.4. Аккредиттеу жөніндегі орган:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шартты бұзуға;
2) шарт бұзылған жағдайда өтінім беруші төлеген сомалардан нақты орындалған жұмыстардың құнын ұстап қалуға;
3) өтінімдерді қарау кезінде өтінім беруші ұсынған мәліметтерді растау, нақтылау немесе түсіндіру үшін қажетті қосымша ақпаратты сұратуға.
2.5. Аккредиттеу жөніндегі орган:
1) Заңда белгіленген тәртіппен шарт жасалған және төлем жасалған сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінімге сараптама жүргізуге;
2) өтінімді сараптау нәтижелері бойынша сараптама бойынша шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Өтінім берушіге аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитордың қорытындысымен қабылданған шешім туралы хабарлама жолдауға;
3) Өтінім берушінің өтінімін сараптау кезінде сәйкессіздіктер анықталған және Өтінім беруші оларды жою туралы хабарлама алған жағдайда, мұндай хабарламаны алған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қажет болған жағдайда және тараптардың келісімі бойынша өтінімге қайта сараптама жүргізу және өтінімді сараптау нәтижелері бойынша Өтінім берушіге аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитордың қорытындысымен қабылданған шешім туралы хабарлама сараптама бойынша шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жолдауға;
4) заңда белгіленген тәртіппен тексеру жөніндегі топ Өтінім берушінің немесе оның құрылымдық бөлімшесінің орналасқан жеріне келген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде орналасқан жері бойынша Өтінім берушіге тексеру жүргізуге;
5) Өтінім берушінің орналасқан жері бойынша тексеру нәтижелері бойынша тексеру аяқталған күні есеп беруге міндетті. 5 (бес) жұмыс күні ішінде Өтінім берушінің ескертулерін ескере отырып, тиісті шешім қабылдау (олар болған жағдайда) және Өтінім берушіге қабылданған шешім туралы хабарлама жолдауға;
6) сәйкессіздіктер анықталған және Өтінім берушінің оларды жою туралы хабарламасы алған кезде, қажет болған кезде және Тараптардың келісуі бойынша оны қайта зерттеп-қарауды жүргізуге міндетті. Өтінім берушіні немесе оның құрылымдық бөлімшесін қайта тексеру мерзімі тексеру жөніндегі топ Өтінім берушінің орналасқан жеріне келген сәттен бастап есептелетін 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды;
7) заңда белгіленген тәртіппен жиналған материалдар аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссияға келіп түскен сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдауға;
8) Өтінім берушіні аккредиттеу туралы шешім қабылданған жағдайда соңғысымен аккредиттеуден кейінгі шарт жасасуға және шартқа қол қойылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде аккредиттеу саласын айқындайтын құжатты бекітуге;
9) аккредиттеуден бас тартылған жағдайда шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Өтінім берушіге ақпараттық жүйеде дәлелді бас тартуды жолдауға;
10) өтінімді қараудың немесе бағалауды жүргізуді бастаудың барлық кезеңдерінде, егер алдау мінез-құлық куәлігі пайда болса немесе Өтінім берушінің жалған ақпаратты әдейі ұсынғаны, сондай-ақ ақпаратты жасырғаны үшін, аккредиттеу жөніндегі орган өтінімді қабылдамауға немесе бағалау процесін тоқтатуға және осы Шартты бұзуға;
11) өтінімді алған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде Өтінім берушіге шарттың жобасын, есеп айырысулардың калькуляциясын (сұрау салынған жағдайда) жолдауға;
12) Өтінім берушіні аккредиттеу туралы шешім қабылданған жағдайда жеті жұмыс күні ішінде Өтінім беруші туралы ақпарат аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізуге;
13) ақпараттық жүйенің жұмыс істеуінде техникалық ақаулар болған жағдайда, тараптардың келісімі бойынша аккредиттеу материалдарын коммуникацияның басқа тәсілдері арқылы қарауды қамтамасыз етуге міндетті.
2.6. Аккредиттеу жөніндегі Орган Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды пайдаланады және өзге де міндеттерді атқарады.
2.7. Тараптардың ешқайсысы шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес.
2.8. Тараптар осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізілуге жататындарды қоспағанда, Шарттың және оны орындау барысында алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
3. Жұмыстың құны
3.1. Жұмыстарды төлеу кезекті кезеңді орындау алдында кезең-кезеңмен төлеу шоты ұсынылған күннен бастап 5 (бес) операциялық банктік күн ішінде келесі тәртіппен жүзеге асырылады:
1) Өтінім сараптамасы қосылған құн салығын есепке алып немесе есепке алмай _________________________________ (сома санмен және жазбаша) теңге;
2) орналасқан жері бойынша тексеру қосылған құн салығын есепке алып немесе есепке алмай, _________________________________ (сома санмен және жазбаша) теңге.
3.2. Өтінімге қайта сараптама және (немесе) оның орналасқан жері бойынша қайта зерттеп-қарау жүргізілген жағдайда, оның төлемі төлемге шот берілген күннен бастап 5 (бес) операциялық банктік күн ішінде жүзеге асырылады, бұл ретте, мұндай сараптаманың немесе зерттеп-қараудың құнын құн калькуляциясын қоса бере отырып, Тараптар жасасатын қосымша келісіммен (сұрау салынған жағдайда) айқындайды. Қосымша келісімге Өтінім беруші оны аккредиттеу жөніндегі органнан ақпараттық жүйеде оны алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қол қояды.
4. Тараптардың жауапкершілігі
4.1. Уақытылы төлемегені үшін Өтінім беруші Аккредиттеу жөніндегі органға мерзімді кешіктірудің әр жұмыс күні үшін төленуі тиісті сомадан 0,1 (оннан бір) % мөлшерінде, бірақ көрсетілген сомадан 25 (жиырма бес) % аспайтын өсімпұл төлейді.
4.2. Өтінім берушінің кінәсінен тыс, жұмыстарды орындау мерзімін бұзғаны үшін Аккредиттеу жөніндегі орган Өтінім берушіге мерзімін кешіктірудің әр жұмыс күні үшін орындалатын жұмыс құнынан 0,1 (оннан бір) % мөлшерінде, бірақ көрсетілген сомадан 25 (жиырма бес) % аспайтын өсімпұл төлейді.
4.3. Өсімпұлды төлеу Тараптарды Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
4.4. Өтінім беруші ақпараттық жүйеде аккредиттеу жөніндегі органға ұсынылған өтінімдегі деректердің дұрыстығы мен өзектілігі үшін жауапты болады.
4.5. Тараптардың осы Шартта көзделмеген жауапкершілік шаралары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнама нормаларына сәйкес қолданылады.
4.6. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
5. Еңсерілмейтін күш (форс-мажор) жағдайлары
5.1. Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін, егер ол еңсерілмес күш мән-жайларының (су тасқыны, жер сілкінісі) салдары болып табылса, осы жағдайлар Тараптардың кез келгенінің осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда, жауапкершіліктен босатылады.
5.2. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш жағдайлары, сондай-ақ осы жағдайлармен туындаған салдар әсер еткен уақыт ішінде сәйкес уақытқа кейін шегеріледі.
5.3. Еңсерілмес күш жағдайлары туындаған кезде Тараптардың кез келгені олар басталған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде екінші Тарапқа осы жағдайлардың басталғаны туралы хабарлайды.
5.4. Еңсерілмес күш мән-жайларының жасалу фактісін растайтын құжаттар еңсерілмес күш мән-жайлары орын алған Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары немесе ұйымдары берген тиісті құжаттар (анықтамалар, актілер және басқалар) болып табылады.
5.5. Егер еңсерілмес күш жағдайлары 3 (үш) айдан астам қолданыста болса және оларды тоқтату күні туралы міндетті өтінім жасауға мүмкіндік болмаса, онда әрбір Тарап осы Шартты бұзуға құқылы және бұл жағдайда аккредиттеу жөніндегі Орган нақты орындалған жұмыстардың құнын шегере отырып, өтінім берушіге төленген соманы қайтаруға міндетті.
5.6. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген кез келген жағдайға сілтеме жасау құқығынан айырады.
6. Шартты өзгерту, тоқтату және бұзу
6.1. Өтінім беруші осы Шарттың талаптарын бұзған және оның осы Шартта белгіленген мерзімдерде қосымша келісімге қол қоюынан негізсіз бас тартқан жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган бұл туралы Өтінім берушіні бұзудың болжамды күніне дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын хабардар ете отырып, осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Бұл жағдайда хабарламада көрсетілген күн осы шартты бұзу күні болып есептеледі.
6.2. Осы Шарт мынадай:
1) Өтінім беруші таратылған;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес осы шарт бұзылған;
3) өтінімті сараптаған немесе Өтінім берушіні орналасқан жері бойынша тексеріп қарау кезінде айқындалған сәйкессіздіктер Аккредиттеу жөніндегі орган белгілеген мерзімде жойылмаған;
4) Аккредиттеу жөніндегі орган өтінімті қайта сараптаған немесе Өтінім берушіні орналасқан жері бойынша қайта тексеріп қарау кезінде аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитордың бастапқы қорытындысын немесе тексеріп қарау жөніндегі топтың есебінде көрсетілген сәйкессіздіктер айқындалған;
5) Аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдаған;
6.3. Осы Шарт бұзылған кезде өтінім беруші төлеген сома (тоқтатылған жағдайдан бөлек) Аккредиттеу жөніндегі органның нақты шығындарын есептен шығара отырып, қайтарады.
7. Дауларды шешу тәртібі
7.1. Осы Шартты iске асыру процесінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды келіссөздер жолымен шешуге міндеттенеді.
7.2. Келіссөздер жолымен келіспеушіліктер реттелмеген жағдайда, ол Аккредиттеу органының орналасқан жері бойынша сот органына қарауға берiлуi мүмкiн.
8. Қорытынды ережелер
8.1. Осы Шарт Тараптар оған қол қойған күнінен бастап жасалған деп есептеледі, егер осы Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органында тіркелуге жатса - тіркелген күнінен бастап және ол бойынша міндеттемелерін Тараптардың толық орындағанына дейін қолданыста болады.
8.2. Осы Шарт ақпараттық жүйеде электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде жасалды.
8.3. Тараптар ақпараттық жүйеде жүзеге асырылатын Тараптар арасында ақпарат алмасу ресми болып табылады деп келісті.
Ақпараттық жүйедегі хабарлама аккредиттеу жөніндегі органнан өтінім берушінің ақпаратты алғанын растау болып табылады.
8.4. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар олар осы Шарт сияқты нысанда жасалған және тараптар қол қойған жағдайда ғана жарамды болады.
8.5. Осы Шартта көзделмеген барлық өзге жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
9. Тараптар деректемелері
Өтінім беруші: _____________________________ (толық атауы, заңды және нақты мекенжайы, банктік деректемелері, телефон нөмірі, лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)) | Аккредиттеу жөніндегі орган: ______________________________ (толық атауы, заңды және нақты мекенжайы, банктік деректемелері, телефон нөмірі, лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)) |
Өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойған күні мен уақыты Өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасындағы тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Аккредиттеу жөніндегі органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойған күні мен уақыты Аккредиттеу жөніндегі органның электрондық цифрлық қолтаңбасындағы тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) |
Аккредиттеу алдындағы үлгілік шартқа қосымша |
Кері байланыс сауалнамасы
Өтінім берушінің атауы: _______________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(өтінім беруші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы)
Аккредиттеу жөніндегі орган орындайтын жұмыс сапасын бағалаңыз (5-өте керемет, 4-өте жақсы, 3-жақсы, 2-қанағаттанарлық, 1-нашар).
Тиісті санды белгілеңіз.
Жұмыс түрі: __________________________________________________
Сұрақ атауы | Баға | ||||
Жауап нұсқалары | 5 | 4 | 3 | 2 | 1 |
Сізге шынайы жауаптар үшін алғыс айтамыз!
Сіздің ескертулеріңіз бен тілектеріңізді біз міндетті түрде қарастырамыз. Біз бірлескен ынтымақтастығымыздың одан әрі тиімді және жемісті болғанын қалаймыз!