Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
"Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2-тармағына, 16-бабының 3-тармағына және 20-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Преамбула жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 08.06.2021 № 398-НҚ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу құжаттарының нысандары;
2) осы бұйрыққа 4, 5-қосымшаларға сәйкес аккредиттеу алдындағы және аккредиттеуден кейінгі шарттардың үлгілік нысандары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 08.06.2021 № 398-НҚ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қ аза қ стан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Ғ.М. Мұхамбетов) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он
күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Министр | В. Школьник |
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 05.06.2020 № 134-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 18.08.2023 № 320-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Аккредиттеуге өтінім
________________________________________________________________________________
(өтініш берушінің немесе оның құрылымдық бөлімшесінің атауы)
Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде ___________________________________
(сәйкестікті бағалау саласындағы қызмет бағыты)
____________________________________________ талаптарына сай мәлімделген аккредиттеу
(стандарттау жөніндегі құжаттың атауы)
саласына сәйкес аккредиттеуді/қайта аккредиттеуді сұраймыз.
Аккредиттеу аттестатының қолданысы кезеңінде аккредиттеу (қайта аккредиттеу)
рәсімін өткізгенде аккредиттеу сұратылатын немесе ұсынылатын салаларда аккредиттеуге
қойылатын талаптарды орындауға және оған сәйкес келуге міндеттенеміз.
1. Өтініш берушінің заңды мәртебесі:
Бизнес сәйкестендіру нөмірі | Ұйымдастыру-құқықтық нысаны | Толық атауы | Есептік шоты (IBAN) | Банктік сәйкестендіру коды (БСК) | Байланыс нөмірі | Веб-сайт | Электрондық поштасының мекенжайы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
2. Басшы туралы мәліметтер:
Жеке сәйкестендіру нөмірі | Тегі | Аты | Әкесінің аты (бар болса) | Лауазымы | Байланыс нөмірі | Электрондық пошта мекенжайы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
3. Өтініш берушінің құрылымдық бөлімшесінің заңды мәртебесі (құрылымдық бөлімшесінің аккредиттеуге өтінім берген жағдайда):
Бизнес сәйкестендіру нөмірі | Ұйымдастыру-құқықтық нысаны | Толық атауы | Есептік шоты (IBAN) | Банктік сәйкестендіру коды (БСК) | Байланыс нөмірі | Веб-сайт | Электрондық поштасының мекенжайы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
4. Өтінім берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы туралы мәліметтер:
Жеке сәйкестендіру нөмірі | Тегі | Аты | Әкесінің аты (бар болса) | Лауазымы | Байланыс нөмірі | Электрондық пошта мекенжайы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Ескерту:
Өтініш беруші құрылымдық бөлімше басшысының өкілеттігін растайтын құжатты қоса береді.
5. Өтінім берушінің мекенжай деректері
Заңды мекенжайы | Нақты мекенжайы | ||||
Аккредиттеу субъектісі орналасқан жылжымайтын мүлік нысанының кадастрлық нөмірі | Орналасқан орны (жылжымайтын мүлік нысанының бұрылу нүктелерінің координаталары) | Аккредиттеу субъектісі орналасқан жылжымайтын мүлік нысанының кадастрлық нөмірі | Орналасқан орны (жылжымайтын мүлік нысанының бұрылу нүктелерінің координаталары) | ||
ендік | ұзындық | ендік | ұзындық | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
6. Аккредиттеу жөніндегі органмен байланысқа жауапты қызметкердің деректері:
Жеке сәйкестендіру нөмірі | Тегі | Аты | Әкесінің аты (бар болса) | Лауазымы | Байланыс нөмірі | Электрондық пошта мекенжайы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
7. Аккредиттеу аттестатының деректері (қайта аккредиттеу және (немесе) аккредиттеудің шетелдік жүйесінде аккредиттеу орын алған жағдайда толтырылады):
Аккредиттеу аттестатының нөмірі | Аккредиттеу аттестатының берілген күні | Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі |
1 | 2 | 3 |
8. Қосымша: _______________________________________________________________
(менеджмент жүйесінің құжаттары және басқалар, оның ішінде
оларды орындау жөніндегі дәлелдер қоса тіркеледі)
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы
хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға,
сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және
пайдалануға келісім беремін.
Өтінім беруші 20__ жылғы "__" ______ __:__ сағатта қол қойып берді.
Өтінім берушінің ЭСҚ алынған деректер: _______
Өтінім берушінің ЭСҚ қол қойған күні мен уақыты: ___
Өтінімнің ақпараттық жүйеде автоматтық тіркелуі туралы хабарлама:
20__ жылғы "__" ______ __:__ сағатта қабылданды.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына 2-қосымша |
Сәйкестікті бағалау саласындағы қызметтің мәлімделген бағыты бойынша паспорт
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 08.06.2021 № 398-НҚ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 18.08.2023 № 320-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
1-кесте. Өтініш берушінің немесе аккредиттеу субъектісінің уәкілетті тұлғасының мәліметтері
Жеке сәйкестендіру нөмірі | Тегі | Аты | Әкесінің аты (бар болса) | Байланыс нөмірі | Электрондық пошта мекенжайы | Лауазымы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
2-кесте. Стационарлық зертханалық үй-жайлар туралы мәліметтер
№ т/т | Үй-жайдың арналуы | Иелену негізі | Өткізілетін сынақтардың, зерттеулердің, тексерулердің, калибрлеулердің түрлері | Ауданы, шаршы метр | Температура, 0 С | |
Қалыпты | Нақты | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Кестенің жалғасы:
Салыстырмалы ылғалдылық, пайыз | Жұмыс орындарындағы жарықтандыру, люкс | Шу деңгейі, децибел | Электромагниттік өрістердің деңгейі, килоампер/метр, киловольт/метр | Газдану деңгейі, пайыз/ миллиграмм/ текше метр | |||||
Қалыпты | Нақты | Қалыпты | Нақты | Қалыпты | Нақты | Қалыпты | Нақты | Қалыпты | Нақты |
8 | 10 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 16 | 17 |
Кестенің жалғасы:
Арнайы жабдықтың болуы (желдету, кедергіден қорғау) | Үлгілерді қабылдау және сақтау шарттары | Өндірістік орта факторларын өлшеу қорытындысы және (немесе) хаттамасы | ||
Құжат түрі | Құжат нөмірі | Құжаттың берілген күні | ||
18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
Кестенің жалғасы:
Өндірістік орта факторларын өлшеу қорытындысы және (немесе) хаттамасы | |||||
Беру органы | |||||
Бизнес сәйкестендіру нөмірі | Толық атауы | Аккредиттеу және (немесе) лицензия аттестатының нөмірі | Аккредиттеу аттестатының және (немесе) лицензияның берілген күні | Аккредиттеу аттестатының және (немесе) лицензияның қолданылу мерзімі | Нақты мекенжайы (ел, облыс, аудан, көше) |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
Ескерту:
1) Стационарлық зертханалық үй-жайлар туралы мәліметтерді сынақ зертханалары/орталықтары, тексеру/калибрлеу/медициналық зертханалар, өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар, инспекциялық органдар және біліктілікті тексеру провайдерлері толтырады;
2) 2-бағанда үй-жайдың мақсаты (Арнайы немесе бейімделген) көрсетіледі;
3) 3-бағанда иеленудің негізі (сатып алу-сату шарты, жалдау шарты немесе сенімгерлік/жедел басқару шарты) көрсетіледі;
4) 20-бағанда құжаттың түрі (қорытынды немесе хаттама) көрсетіледі;
5) кесте аккредиттелген зертхана мамандары орындаған өндірістік факторлар деңгейлерін өлшеу хаттамаларының негізінде толтырылады. Патогендігі I-IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істейтін зертханалар үшін нысанға эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының электрондық көшірмесі қоса беріледі;
6) кестеге бекітілген сканерленген схема/еден/ғимарат жоспары қоса беріледі;
7) далада сынақтар жүргізетін сынақ зертханалары үшін өндірістік орта факторларын өлшеу қажет емес (қажет болған жағдайда).
3-кесте. Сынақ жабдығымен жарақтандырылуы жөніндегі мәліметтер
№ | Аккредиттеу жөніндегі орган беретін жабдықтың бірегей нөмірі (ақпараттық жүйе генерациялайды) | Жабдығының санаты | Анықталатын сипаттамалары (көрсеткіштері) | Атауы | Түрі (маркасы) | Өндіруші, ел | Зауыттық нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Кестенің жалғасы:
Түгендеу нөмірі | Негізгі техникалық сипаттамалар | Шығарылған жылы | Пайдалануға берілген жылы | Аттестаттау туралы сертификат (куәлік) | Иелену негізі | Жабдықтың орналасқан нақты мекенжайы (облысы, ауданы, көшесі) | ||
Нөмірі | Күні | Жарамдылық мерзімі | ||||||
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
Ескертпе:
1) сынақ жабдығымен жарақтандырылуы жөніндегі мәліметтерді сынақ зертханалары/орталықтары, тексеру/калибрлеу/медициналық зертханалар және инспекциялық органдар толтырады.
2) 2-бағанды аккредиттеу жөніндегі орган өтінім қабылданғаннан дауылдан кейін толтырады
3) 3-бағанда жабдықтың санаты (стационарлық немесе мобильді) көрсетіледі.
4) 17-бағанда иелену негізі (сатып алу-сату шарты, жалдау шарты немесе сенімгерлік/жедел басқару шарты) көрсетіледі.
5) Егер жабдық аттестаттауға жатпаса, "Аттестаттау сертификаты" бағаны толтырылмайды.
4-кесте. Өлшеу құралдары туралы мәліметтер
№ р/с | Аккредиттеу жөніндегі орган беретін жабдықтың бірегей нөмірі (ақпараттық жүйе генерациялайды) | Өлшеу құралының санаты | Өлшем құралының түрі | Шығарылған жылы | Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесіндегі нөмірі | Өнімнің анықталатын сипаттамаларының (параметрлерінің) атауы /Мақсаты | Атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Кестенің жалғасы:
Түрі (маркасы) | Зауыт-әзірлеуші, ел | Зауыттық нөмірі | Түгендеу нөмірі | Өлшеу диапазоны / өлшеу шегі | Дәлдік классы | Разряд | Қателігі | Кеңейтілген белгісіздік |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
Кестенің жалғасы:
Салыстырып тексеру/калибрлеу/метрологиялық аттестатау туралы құжатты | |||||
Нөмірі | Күні | Қолданылу мерзімі | берген орган | ||
Бизнес-сәйкестендіру коды | Толық атауы | Аккредиттеу аттестатының нөмірі | |||
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
Кестенің жалғасы:
Салыстырып тексеру/калибрлеу/метрологиялық аттестатау туралы құжатты | Пайдалануға берілген жылы | Иелену негізі | Өлшеу құралдарының орналасқан нақты мекенжайы (елі, облысы, ауданы, көшесі | |
берген орган | ||||
Аккредиттеу аттестатының күні | Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі | |||
24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
Ескертпе:
1) Өлшеу құралдары туралы мәліметтерді сынақ зертханалары/орталықтары, тексеру/калибрлеу/медициналық зертханалар, өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар және инспекциялық органдар толтырады.
2) 2-бағанда өлшеу құралдарының санаты (стационарлық немесе мобильді) көрсетіледі.
3) 3-бағанда өлшеу құралының түрі (өлшеу құралы немесе өлшеу тиесілігі) көрсетіледі.
4) 27-бағанда иелену негізі (сатып алу-сату шарты, жалдау шарты немесе сенімгерлік/жедел басқару шарты) немесе негізгі құралдардың/тауар-материалдық қорлардың болуы туралы ведомость және басқа да растайтын құжат көрсетіледі.
5-кесте. Зертхананың заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерімен жабдықтандырылуы жөніндегі мәліметтер
№ | Қолданылатын стандартты үлгінің/біліктілікті тексеру үлгісінің мақсаты | Стандарттық үлгіні қолдану тәртібі белгіленген нормативтік құжаттың белгіленуі және атауы | Стандартты үлгі/біліктілікті тексеру үлгісінің атауы | Стандартты үлгінің нөмірі | Стандартты үлгіні / біліктілікті тексеру үлгісін бекіту деңгейі | Стандартты үлгінің / біліктілігін тексеру үлгінің аттестатталған сипаттамалары | Стандартты үлгінің аттестатталған сипаттамаларын белгілеудің қателігі / кеңейтілген белгісіздіктің мәні | Стандартты үлгі данасының жарамдылық мерзімі | Біліктілігін тексеру үлгісінің жарамдылық мерзімі | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | ||
Аттестаттау туралы құжатты | |||||||||||
Нөмірі | Күні | Қолданылу мерзімі | берген орган толық атауы, бизнес-сәйкестендіру коды | ||||||||
11 | 12 | 13 | 14 |
Ескертпе:
1) Мәліметтер бойынша жарақтандыруды зертхана стандарттық үлгілерімен құрамы мен қасиеттері заттар мен материалдар толтырады сынақ зертханалар/орталықтар, инспекциялық органдар, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханалары мен біліктілігін тексеру провайдерлері толтырады.
2) 2-бағанда қолданылатын стандартты үлгі/үлгінің біліктілігін тексеру (градуирлеу аспаптарының дұрыстығын бақылау өлшеу нәтижелерін аттестаттау үлгілерін басқа да санаттары) мақсаты көрсетіледі.
3) 6-бағанда бекітілген стандартты үлгі/үлгінің біліктілігін тексеру (мемлекетаралық, мемлекеттік, салалық, кәсіпорын) деңгейі көрсетіледі.
4) 10-бағанды біліктілікті тексеру провайдерлері толтырады.
6-кесте. Арнайы көлік құралымен жарақтандыру жөніндегі мәліметтер
№ | Аты | Типі | Маркасы | Шығарылған жылы | Пайдалануға берілген жылы | Мақсаты | Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі | Иелену негізі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
7-кесте. Біліктілікті тексеру үлгілерін іріктеу, буып-түю, сақтау үшін қолданылатын жабдықпен жарақтандыру жөніндегі мәліметтер
№ | Жабдықтар санаты | Атауы | Типі (Маркасы) | Өндіруші | Ел | Зауыт нөмірі | Түгендеу нөмірі | Негізгі техникалық сипаттамалары | Ескерту | Иелену негізі | Жабдықтың орналасқан нақты мекенжайы (обласы, ауданы, көше) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
8-кесте. Лицензиялар және рұқсат беру құжаттары туралы мәліметтер
№ | Әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды | Санаты | Мәртебесі | Лицензиар | Лицензиат | Қызмет түрі | Берілген күні | Қолданылу кезеңінің соңы | Елді мекені |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Ескертпе:
Лицензиялар мен рұқсат беру құжаттары туралы мәліметтерді барлық өтініш берушілер/аккредиттеу субъектілері осындай құжаттар болған және сәйкестікті бағалау саласындағы қызметке қатысты болған жағдайда толтырады.
9-кесте. Пайдаланылатын эталондардың тізбесі
№ | Аккредиттеу жөніндегі орган беретін жабдықтың бірегей нөмірі (ақпараттық жүйемен жасалады) |
Эталон | Шығарылған жылы | Атауы | Типі | Зауыт нөмірі | Түгендеу нөмірі | Өлшеу диапазоны/өлшеу шегі | Дәлдік класы | Разряд | Қате | Кеңейтілген белгісіздік | Қазақстан Республикасының өлшем құралдарын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесіндегі нөмір |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Кестенің жалғасы:
Тексеру/калибрлеу/метрологиялық аттестаттау туралы құжат | Пайдалануға берілген жылы | Аккредиттеу саласына сәйкес тағайындау | Иелену негізі | Эталондардың нақты мекенжайы (ел, облыс, аудан, көше) | Өлшеу түрі | |||
Құжат типі | Құжат нөмірі | Құжаттың күні | Жарамдылық мерзімі | |||||
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
Ескертпе:
1) Пайдаланылатын эталондар тізбесі тексеру және калибрлеу зертханаларын толтырады.
2) 2-бағанда эталонның түрі (бастапқы, бағынышты) көрсетіледі.
3) 4-баған калибрленетін эталондар үшін толтырылмайды.
4) 14-бағанда құжаттың типі (куәлік, сертификат) көрсетіледі.
5) 20-бағанда иеленудің негізі (сатып алу-сату шарты, жалдау шарты немесе сенімгерлік/жедел басқару шарты не негізгі құралдардың/тауар-материалдық қорлардың болуы ведомосы және басқа да растайтын құжат) көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына 3-қосымша |
|
Нысан |
Сапа жөніндегі нұсқаулық
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 08.06.2021 № 398-НҚ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Сапа жөніндегі нұсқаулық |
Ескертпе:
Сапа жөніндегі нұсқаулықтың құрылымы мен мазмұнын өтініш беруші аккредиттелетін нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес әзірлейді.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына 4-қосымша |
Аккредиттеу алдындағы үлгілік шарты
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 08.06.2021 № 398-НҚ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының - Сауда және интеграция министрінің м.а. 30.03.2023 № 124-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.08.2023 № 320-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
__________________ | 20__жылғы "____" __________ |
_________________________________________________________________,
(заңды тұлғаның толық атауы)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің _________________________ қаулысына сәйкес ________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының күні мен нөмірі)
аккредиттеу жөніндегі органмен айқындалған, бұдан әрі "Аккредиттеу жөніндегі орган" деп аталып, ________________ негізінде әрекет ететін _________________
(құжат атауы)
__________________________________________________________________
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
тұлғасында бір тараптан және ___________________________________________,
(өтінім берушінің атауы)
бұдан әрі "Өтінім беруші" деп аталып ________________________________
(құжат атауы)
негізінде әрекет ететін ______________________________________________
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
тұлғасында екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп аталып, "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес, мына төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1. Шарт мәні
1.1. Аккредиттеу жөніндегі орган ___________________________________ (сәйкестілікті бағалау саласындағы қызметтің бағыты) ретінде аккредиттелуге үміткер Өтінім берушінің _____________________________________________ (стандарттау жөніндегі құжаттың (құжаттардың) атауы) өтінімді сараптау, орналасқан жері бойынша тексеру нысанында, сондай-ақ қайта сараптау және тексеру қажет болған жағдайда, ал өтініш беруші өз кезегінде заңның, осы Шарттың талаптарын орындауға, өтініш берушінің құзыреттілігін ресми тану рәсімін жүргізу жөніндегі жұмыстарға ақы төлеуге сәйкестікті бағалаудың белгілі бір саласында жұмыстарды орындауға міндеттенеді.
1.2. Жұмыс жүргізу тілі: _______________________________________.
(қазақ немесе орыс тілі)
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2.1. Өтінім беруші:
1) сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қажетті мәліметтерді қамтитын аккредиттеуге арналған өтінімге (бұдан әрі – өтінім) сараптау нәтижелері бойынша аккредиттеу жөніндегі орган айқындаған ақпараттық жүйеде бұдан әрі – ақпараттық жүйе) сарапшы-аудитор қорытындысын алуға;
2) орналасқан жерінде тексеріп қарау нәтижелері бойынша ақпараттық жүйеде тексеріп қарау жөніндегі топ есебін алуға;
3) орналасуына байланысты тексеріп қарау нәтижелері бойынша, тиісті себептері бар болған жағдайда, ақпараттық жүйеде сәйкессіздікті жою мерзімін ұзарту туралы, бірақ 2 (екі) айдан артық емес, Аккредиттеу жөніндегі органға жүгінуге;
4) орналасуына байланысты зерттеу нәтижесі бойынша, зерттеу есебін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде аккредиттеу жөніндегі органға ақпараттық жүйе арқылы атқарылған жұмыстар бойынша өз ескертулерін беруге;
5) Аккредиттеу жөніндегі органға оның қызметкерлерінің әрекеттеріне шағымдануға;
6) Аккредиттеу жөніндегі органның бас тарту туралы шешіміне апелляция жөніндегі комиссияға шағымдануға;
7) даулар туындаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сотқа дейінгі рәсімдер жүргізілгеннен кейін сотқа жүгінуге;
8) кез келген уақытта бір жақты тәртіпте бұл туралы Аккредиттеу жөніндегі органға шартты бұзу күніне дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын жазбаша немесе ақпараттық жүйеде хабарлай отырып, Шартты бұзуға;
9) аккредиттеуден бас тартқан жағдайда, ақпараттық жүйеде дәлелді шешімін алуға құқылы.
2.2. Өтінім беруші:
1) электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, ақпараттық жүйеде тіркелуге;
2) тұрақты негізде ақпараттық жүйеде жеке кабинетті бақылау және тексеруге;
3) нормативтік құқықтық актілердің, стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарын мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес орындауға.";
2.3. Өтінім беруші Шартпен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген басқа да құқықтарды пайдаланады және өзге де міндеттемелерді атқарады.
2.4. Аккредиттеу жөніндегі орган:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шартты бұзуға;
2) шарт бұзылған жағдайда өтінім беруші төлеген сомалардан нақты орындалған жұмыстардың құнын ұстап қалуға;
3) өтінімдерді қарау кезінде өтінім беруші ұсынған мәліметтерді растау, нақтылау немесе түсіндіру үшін қажетті қосымша ақпаратты сұратуға.
2.5. Аккредиттеу жөніндегі орган:
1) Заңда белгіленген тәртіппен шарт жасалған және төлем жасалған сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінімге сараптама жүргізуге;
2) өтінімді сараптау нәтижелері бойынша сараптама бойынша шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Өтінім берушіге аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитордың қорытындысымен қабылданған шешім туралы хабарлама жолдауға;
3) Өтінім берушінің өтінімін сараптау кезінде сәйкессіздіктер анықталған және Өтінім беруші оларды жою туралы хабарлама алған жағдайда, мұндай хабарламаны алған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қажет болған жағдайда және тараптардың келісімі бойынша өтінімге қайта сараптама жүргізу және өтінімді сараптау нәтижелері бойынша Өтінім берушіге аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитордың қорытындысымен қабылданған шешім туралы хабарлама сараптама бойынша шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жолдауға;
4) заңда белгіленген тәртіппен тексеру жөніндегі топ Өтінім берушінің немесе оның құрылымдық бөлімшесінің орналасқан жеріне келген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде орналасқан жері бойынша Өтінім берушіге тексеру жүргізуге;
5) Өтінім берушінің орналасқан жері бойынша тексеру нәтижелері бойынша тексеру аяқталған күні есеп беруге міндетті. 5 (бес) жұмыс күні ішінде Өтінім берушінің ескертулерін ескере отырып, тиісті шешім қабылдау (олар болған жағдайда) және Өтінім берушіге қабылданған шешім туралы хабарлама жолдауға;
6) сәйкессіздіктер анықталған және Өтінім берушінің оларды жою туралы хабарламасы алған кезде, қажет болған кезде және Тараптардың келісуі бойынша оны қайта зерттеп-қарауды жүргізуге міндетті. Өтінім берушіні немесе оның құрылымдық бөлімшесін қайта тексеру мерзімі тексеру жөніндегі топ Өтінім берушінің орналасқан жеріне келген сәттен бастап есептелетін 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды;
7) заңда белгіленген тәртіппен жиналған материалдар аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссияға келіп түскен сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдауға;
8) Өтінім берушіні аккредиттеу туралы шешім қабылданған жағдайда соңғысымен аккредиттеуден кейінгі шарт жасасуға және шартқа қол қойылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде аккредиттеу саласын айқындайтын құжатты бекітуге;
9) аккредиттеуден бас тартылған жағдайда шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Өтінім берушіге ақпараттық жүйеде дәлелді бас тартуды жолдауға;
10) өтінімді қараудың немесе бағалауды жүргізуді бастаудың барлық кезеңдерінде, егер алдау мінез-құлық куәлігі пайда болса немесе Өтінім берушінің жалған ақпаратты әдейі ұсынғаны, сондай-ақ ақпаратты жасырғаны үшін, аккредиттеу жөніндегі орган өтінімді қабылдамауға немесе бағалау процесін тоқтатуға және осы Шартты бұзуға;
11) өтінімді алған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде Өтінім берушіге шарттың жобасын, есеп айырысулардың калькуляциясын (сұрау салынған жағдайда) жолдауға;
12) Өтінім берушіні аккредиттеу туралы шешім қабылданған жағдайда жеті жұмыс күні ішінде Өтінім беруші туралы ақпарат аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізуге;
13) ақпараттық жүйенің жұмыс істеуінде техникалық ақаулар болған жағдайда, тараптардың келісімі бойынша аккредиттеу материалдарын коммуникацияның басқа тәсілдері арқылы қарауды қамтамасыз етуге міндетті.
2.6. Аккредиттеу жөніндегі Орган Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды пайдаланады және өзге де міндеттерді атқарады.
2.7. Тараптардың ешқайсысы шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес.
2.8. Тараптар осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізілуге жататындарды қоспағанда, Шарттың және оны орындау барысында алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
3. Жұмыстың құны
3.1. Жұмыстарды төлеу кезекті кезеңді орындау алдында кезең-кезеңмен төлеу шоты ұсынылған күннен бастап 5 (бес) операциялық банктік күн ішінде келесі тәртіппен жүзеге асырылады:
1) Өтінім сараптамасы қосылған құн салығын есепке алып немесе есепке алмай _________________________________ (сома санмен және жазбаша) теңге;
2) орналасқан жері бойынша тексеру қосылған құн салығын есепке алып немесе есепке алмай, _________________________________ (сома санмен және жазбаша) теңге.
3.2. Өтінімге қайта сараптама және (немесе) оның орналасқан жері бойынша қайта зерттеп-қарау жүргізілген жағдайда, оның төлемі төлемге шот берілген күннен бастап 5 (бес) операциялық банктік күн ішінде жүзеге асырылады, бұл ретте, мұндай сараптаманың немесе зерттеп-қараудың құнын құн калькуляциясын қоса бере отырып, Тараптар жасасатын қосымша келісіммен (сұрау салынған жағдайда) айқындайды. Қосымша келісімге Өтінім беруші оны аккредиттеу жөніндегі органнан ақпараттық жүйеде оны алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қол қояды.
4. Тараптардың жауапкершілігі
4.1. Уақытылы төлемегені үшін Өтінім беруші Аккредиттеу жөніндегі органға мерзімді кешіктірудің әр жұмыс күні үшін төленуі тиісті сомадан 0,1 (оннан бір) % мөлшерінде, бірақ көрсетілген сомадан 25 (жиырма бес) % аспайтын өсімпұл төлейді.
4.2. Өтінім берушінің кінәсінен тыс, жұмыстарды орындау мерзімін бұзғаны үшін Аккредиттеу жөніндегі орган Өтінім берушіге мерзімін кешіктірудің әр жұмыс күні үшін орындалатын жұмыс құнынан 0,1 (оннан бір) % мөлшерінде, бірақ көрсетілген сомадан 25 (жиырма бес) % аспайтын өсімпұл төлейді.
4.3. Өсімпұлды төлеу Тараптарды Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
4.4. Өтінім беруші ақпараттық жүйеде аккредиттеу жөніндегі органға ұсынылған өтінімдегі деректердің дұрыстығы мен өзектілігі үшін жауапты болады.
4.5. Тараптардың осы Шартта көзделмеген жауапкершілік шаралары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнама нормаларына сәйкес қолданылады.
4.6. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
5. Еңсерілмейтін күш (форс-мажор) жағдайлары
5.1. Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін, егер ол еңсерілмес күш мән-жайларының (су тасқыны, жер сілкінісі) салдары болып табылса, осы жағдайлар Тараптардың кез келгенінің осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда, жауапкершіліктен босатылады.
5.2. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш жағдайлары, сондай-ақ осы жағдайлармен туындаған салдар әсер еткен уақыт ішінде сәйкес уақытқа кейін шегеріледі.
5.3. Еңсерілмес күш жағдайлары туындаған кезде Тараптардың кез келгені олар басталған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде екінші Тарапқа осы жағдайлардың басталғаны туралы хабарлайды.
5.4. Еңсерілмес күш мән-жайларының жасалу фактісін растайтын құжаттар еңсерілмес күш мән-жайлары орын алған Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары немесе ұйымдары берген тиісті құжаттар (анықтамалар, актілер және басқалар) болып табылады.
5.5. Егер еңсерілмес күш жағдайлары 3 (үш) айдан астам қолданыста болса және оларды тоқтату күні туралы міндетті өтінім жасауға мүмкіндік болмаса, онда әрбір Тарап осы Шартты бұзуға құқылы және бұл жағдайда аккредиттеу жөніндегі Орган нақты орындалған жұмыстардың құнын шегере отырып, өтінім берушіге төленген соманы қайтаруға міндетті.
5.6. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген кез келген жағдайға сілтеме жасау құқығынан айырады.
6. Шартты өзгерту, тоқтату және бұзу
6.1. Өтінім беруші осы Шарттың талаптарын бұзған және оның осы Шартта белгіленген мерзімдерде қосымша келісімге қол қоюынан негізсіз бас тартқан жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган бұл туралы Өтінім берушіні бұзудың болжамды күніне дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын хабардар ете отырып, осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Бұл жағдайда хабарламада көрсетілген күн осы шартты бұзу күні болып есептеледі.
6.2. Осы Шарт мынадай:
1) Өтінім беруші таратылған;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес осы шарт бұзылған;
3) өтінімті сараптаған немесе Өтінім берушіні орналасқан жері бойынша тексеріп қарау кезінде айқындалған сәйкессіздіктер Аккредиттеу жөніндегі орган белгілеген мерзімде жойылмаған;
4) Аккредиттеу жөніндегі орган өтінімті қайта сараптаған немесе Өтінім берушіні орналасқан жері бойынша қайта тексеріп қарау кезінде аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитордың бастапқы қорытындысын немесе тексеріп қарау жөніндегі топтың есебінде көрсетілген сәйкессіздіктер айқындалған;
5) Аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдаған;
6.3. Осы Шарт бұзылған кезде өтінім беруші төлеген сома (тоқтатылған жағдайдан бөлек) Аккредиттеу жөніндегі органның нақты шығындарын есептен шығара отырып, қайтарады.
7. Дауларды шешу тәртібі
7.1. Осы Шартты iске асыру процесінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды келіссөздер жолымен шешуге міндеттенеді.
7.2. Келіссөздер жолымен келіспеушіліктер реттелмеген жағдайда, ол Аккредиттеу органының орналасқан жері бойынша сот органына қарауға берiлуi мүмкiн.
8. Қорытынды ережелер
8.1. Осы Шарт Тараптар оған қол қойған күнінен бастап жасалған деп есептеледі, егер осы Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органында тіркелуге жатса - тіркелген күнінен бастап және ол бойынша міндеттемелерін Тараптардың толық орындағанына дейін қолданыста болады.
8.2. Осы Шарт ақпараттық жүйеде электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде жасалды.
8.3. Тараптар ақпараттық жүйеде жүзеге асырылатын Тараптар арасында ақпарат алмасу ресми болып табылады деп келісті.
Ақпараттық жүйедегі хабарлама аккредиттеу жөніндегі органнан өтінім берушінің ақпаратты алғанын растау болып табылады.
8.4. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар олар осы Шарт сияқты нысанда жасалған және тараптар қол қойған жағдайда ғана жарамды болады.
8.5. Осы Шартта көзделмеген барлық өзге жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
9. Тараптар деректемелері
Өтінім беруші: |
Аккредиттеу жөніндегі орган: |
Өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойған күні мен уақыты |
Аккредиттеу жөніндегі органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойған күні мен уақыты |
Аккредиттеу алдындағы үлгілік шартқа қосымша |
Кері байланыс сауалнамасы
Өтінім берушінің атауы: _______________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(өтінім беруші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы)
Аккредиттеу жөніндегі орган орындайтын жұмыс сапасын бағалаңыз (5-өте керемет, 4-өте жақсы, 3-жақсы, 2-қанағаттанарлық, 1-нашар).
Тиісті санды белгілеңіз.
Жұмыс түрі: __________________________________________________
Сұрақ атауы | Баға | ||||
Жауап нұсқалары | 5 | 4 | 3 | 2 | 1 |
Сізге шынайы жауаптар үшін алғыс айтамыз!
Сіздің ескертулеріңіз бен тілектеріңізді біз міндетті түрде қарастырамыз. Біз бірлескен ынтымақтастығымыздың одан әрі тиімді және жемісті болғанын қалаймыз!
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына 5-қосымша |
Аккредиттеуден кейінгі үлгілік шарты
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 08.06.2021 № 398-НҚ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 18.08.2023 № 320-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
__________________ | 20__жылғы "____" __________ |
_____________________________________________________________,
(заңды тұлғаның толық атауы)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің _______________________________ __________________________________________________ қаулысына сәйкес
(Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының күні мен нөмірі) аккредиттеу жөніндегі органмен айқындалған, бұдан әрі "Аккредиттеу жөніндегі орган" деп аталып, ___________________________________ негізінде әрекет ететін
__________________________________________________________________
(құжат атауы)
__________________________________________________________________
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
тұлғасында бір тараптан және ________________________________________,
(аккредиттеу субъектінің толық атауы)
бұдан әрі "Аккредиттеу субъекті" деп аталып ___________________________
(құжат атауы)
негізінде әрекет ететін _______________________________________________
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) тұлғасында екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп аталып, "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) және
___________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының заңнамасының атауы)
сәйкес төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1. Шарттың мәні
1.1. Осы Шарт аккредиттеуден кейінгі кезеңде аккредиттеу жөніндегі орган мен аккредиттеу субъектісі арасындағы қатынастарды реттейді:
1.1.1. аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу;
1.1.2. аккредиттеу материалдарын өзектендіру;
1.1.3. жоспарлы бағалау;
1.1.4. куәгерлердің бағалары;
1.1.5. аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу;
1.1.6. аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтату;
1.1.7. аккредиттеу аттестатының күшін жою;
1.1.8. аккредиттеу аттестатын тоқтата тұру;
1.1.9. аккредиттеу аттестатынан айыру және аккредиттеу белгісін пайдалану.
1.2. Жұмыс жүргізу тілі ________________________. (қазақ немесе орыс тілі)
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2.1. Аккредиттеу субъектісі:
1) аккредиттеу жөніндегі органға аккредиттеу жөніндегі орган айқындаған ақпараттық жүйеде аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, аккредиттеу материалдарын өзектендіру, аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу және қолданылуын тоқтату туралы өтінішпен (бұдан әрі-ақпараттық жүйе) жүгінуге;
2) осы Шарттың талаптары мен Аккредиттеу жөніндегі органының құжаттарына сәйкес мыналарды:
аккредиттеу белгісін;
ILAC (International Laboratory Accreditation Cooperation - Зертханаларды аккредиттеу жөніндегі халықаралық ынтымақтастық) MRA (Mutual Recognition Arrangement - Өзара тану туралы келісім) (сынақ және калибрлык зертханалар және (немесе) қосарлы белгімен) IAF (International Accreditation Forum - Аккредиттеу жөніндегі халықаралық форум) MLA (Multilateral Recognition Agreement - Өзара тану туралы көпжақты келісім) (өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі орган) қосарлы белгісін (бұдан әрі - қосарлы белгі) қолдануға. Аккредиттеу белгісі Аккредиттеу жөніндегі органның логотипін және Аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу аттестатының нөмірін қамтиды. Аккредиттеу субъектісіне Аккредиттеу жөніндегі органның логотипін жеке пайдалануға рұқсат етілмейді. Аккредиттеу белгісі Аккредиттеу субъектісінің хаттамаларында, сертификаттарында және сәйкестікті бағалау жөнінде қызмет нәтижелері бойынша тек аккредиттеу саласы шегінде және аккредиттеу аттестатының қолданыс мерзімінде берілетін құжаттарға пайдаланыла алады. Егер Аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу белгісі пайдаланылатын көрсетілген құжаттарында аккредиттеу саласына кірмейтін сәйкестікті бағалау бойынша қызмет нәтижелері қамтылған жағдайда, онда осы құжаттарда аккредиттеу белгісінің қолданыс шегі туралы ескертпе қамтылуы тиіс. Аккредиттеу белгісі Аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу аттестаты қолданыс кезеңінде фирмалық бланктерде, интернет-ресурста, жарнамада пайдаланылуы мүмкін. Аккредиттеу белгісін аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу, тоқтата тұру кезеңінде, сондай-ақ осы Шарт тоқтатылған жағдайда пайдалануға рұқсат етілмейді. Аккредиттеу субъектісі қолданатын аккредиттеу белгісі аккредиттеу белгісінің техникалық сипаттамасына сәйкес болуы тиіс. Қосарлы белгіні пайдалану тәртібі Тараптар арасында жасалатын Қосарлы белгіні пайдалану жөніндегі шартпен айқындалады;
3) жүргізілген жұмыстар бойынша ақпараттық жүйе арқылы аккредиттеу жөніндегі органға өз ескертулерін ұсынуға;
4) Аккредиттеу жөніндегі органға оның қызметкерлерінің әрекеттеріне шағымдануға;
5) Аккредиттеу жөніндегі органының аппеляция жөніндегі комиссиясына аккредиттеу материалдары бойынша теріс шешімдерін шағымдануға;
6) даулар туындаған жағдайда сотқа жүгінуге құқылы.
2.2. Аккредиттеу субъектісі:
1) ақпараттық жүйеде жеке кабинетті тұрақты негізде бақылауға және тексеруге;
2) нормативтік құқықтық актілердің, стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарын орындауға міндетті;
3) аккредиттеу өлшемшарттарының талаптарын үздіксіз орындауға;
4) құзыреттілікті бағалау және аккредиттеуді сақтау үшін қажетті ақпаратқа, құжаттарға және есептерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
5) тіркелген, берілген, айналысқа енгізілген, күші жойылған және күші жойылған, оның ішінде сәйкестікті бағалау саласындағы ресми құжаттарды беруден бас тарту туралы деректердің электрондық есебін жүзеге асыруға;
6) осы Шартқа қосымша келісімдерге қол қоюға не субъект аккредиттеуді алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде дәлелді бас тартуды ақпараттық келісімге жолдауға;
7) ақпараттық жүйеде аккредиттеу жөніндегі органмен коммуникация құралдарын қолдауға және бақылауға;
8) сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға және аккредиттеу саласы шегінде аккредиттеу аттестатына сілтеме жасауға;
9) аккредиттеуден тыс жұмыстарды жүргізу кезінде аккредиттеуге кез келген сілтемелерді алып тастауға;
10) сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру кезінде аккредиттеу саласына кіретін объектілерге ғана сертификаттар беруге;
11) осы Шартқа сәйкес аккредиттеу белгісін және бірлескен белгіні пайдалануға;
12) заңды тұлға таратылған немесе аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылған кезде сәйкестікті бағалау жөніндегі басқа аккредиттелген органға беруге, не сәйкестікті бағалау жөніндегі барлық берілген құжаттарды кері қайтарып алуға;
13) ұлттық заңнамаға сәйкес аккредиттеу жөніндегі орган белгілеген мерзімдерде аккредиттеу өлшемшарттарына анықталған сәйкессіздіктерді жоюға;
14) Аккредиттеу жөніндегі органына инспекциялық тексеру және орында тексеру жүргізуді, оның ішінде үй-жайға (үй-жайларға), жабдықтарға, ақпаратқа қол жеткізуді, Аккредиттеу субъектісі персоналдарының қатысуын, куәгерлік бағалау жүргізуді, инспекциялық тексеру жүргізу бойынша жұмыстардың құнын төлеуді, сондай-ақ өзге қажетті көмек көрсетуді қамтамасыз етуге;
15) аккредиттеу жөніндегі органның сұрау салуы бойынша аккредиттеу субъектісі тарапынан негізді бас тарту болмаған кезде сәйкестілікті бағалау бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде олар белгілеген тұлғалардың қатысуына рұқсат беруге;
16) салыстырмалы сынақтарға қатысуға (өлшем құралдарын тексеру (калибрлеу) нәтижелерін салыстыруға) (зертханалар үшін);
17) аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылған, күші жойылған, тоқтатыла тұрған не одан айырылған жағдайда аккредиттеу аттестатына сілтеме жасауды тоқтатуға;
18) аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алған жағдайда, уақытша жарамсыз деп танылған аккредиттеу аттестатына немесе аккредиттеу саласына сілтеме жасауды тоқтатуға;
19) осы Шартта белгіленген тәртіпте, мерзімдерде және сомада жұмыстарға ақы төлеуге;
20) Заңның 23-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлардың бірі туындаған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде аккредиттеу жөніндегі органға өзектендіруге арналған материалдар жолдауға;
21) Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының және сынақ зертханаларының бірыңғай тізілімінің Ұлттық бөлігін қалыптастыру және жүргізу үшін деректерді ұсынуға;
22) аккредиттеу жөніндегі органға осы Шартқа қосымшаға сәйкес ақпараттық жүйеде толтырылған кері байланыс сауалнамасын ұсынуға;
23) аккредиттеу жөніндегі органның аккредиттеу материалдарын өзектендіру, инспекциялық тексеру, куәгерлік бағалау жөніндегі қызметтеріне ақы төлеуге;
24) аккредиттеу жөніндегі органмен даулы мәселелерді шешудің сотқа дейінгі тәртібін сақтауға;
25) аккредиттеу жөніндегі органды бекітілген аккредиттеу саласындағы қызметті тоқтату немесе алдағы тарату туралы, аккредиттеуге, субъектінің мәртебесіне немесе қызметіне қатысы бар өзгерістер туралы осындай шешім қабылданған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде хабардар етуге;
26) аккредиттеу субъектісінің заңсыз іс-әрекеттері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша бұзушылықтар расталған жағдайда аккредиттеу жөніндегі органның құжаттарды сараптау және кезектен тыс инспекциялық тексеру жөніндегі шығыстарын өтеуге міндетті.
2.3. Аккредиттеу субъектісі:
1) аккредиттеу жөніндегі органға ұсынылған деректердің дұрыстығы;
2) аккредиттеу саласы шеңберінде аккредиттеу белгісін және бірлескен белгіні дұрыс пайдалану;
3) өз қызметінің нәтижелері үшін, бірақ осымен ғана шектелмей, сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде аккредиттеу белгісін пайдалана отырып, сәйкестікті бағалау жөніндегі заңсыз берілген құжаттар үшін жауапты.
2.4. Аккредиттеу субъектісі Шартпен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге құқықтарды және өзге міндеттерді атқарады.
2.5. Аккредиттеу жөніндегі орган:
1) аккредиттеу субъектісі ұсынған құжаттарда қамтылған мәліметтерді растау, нақтылау немесе түсіндіру үшін өз құзыреті шегінде қосымша ақпаратты сұратуға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шартты бұзуға;
3) Шартты бұзған жағдайда, Аккредиттеу субъектісі төлеген сомадан нақты орындалған жұмыстар құнын ұстап қалуға;
4) өтінімдерді, шағымдарды қарау, бағалау және мониторинг жүргізу кезінде осы аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу өлшемшарттарына сәйкестігі және/немесе осы Шарттың талаптарын орындау мәніне мәліметтерді растау, нақтылау немесе түсіндіру үшін қажетті қосымша ақпаратты сұратуға құқылы.
2.6. Аккредиттеу жөніндегі орган:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
2) аккредиттеу субъектісінің өтінімі бойынша бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуге;
3) заңда көзделген негіздер туындаған жағдайда аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға;
4) аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы шешімнің көшірмесін пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен және ақпараттық жүйеде тиісті хабарламамен жолдауға;
5) негіз пайда болған сәттен бастап аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне мәліметтерді жеті жұмыс күні ішінде енгізуге;
6) өзектендіру материалдарына сараптама және қайта сараптама (негізделген қажеттілік жағдайында) жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті. Орындаушы ауыстырылған жағдайда бастапқы сараптама кезінде анықталған сәйкессіздіктерді жою бөлігінде ғана қайта сараптама жүргізу. Өзектендірілген материалдарды қарау мерзімі олар келіп түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайды;
7) 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінімді қарауға және аккредиттеу саласын кеңейтуге сараптама жүргізуге міндетті.
2.7. Аккредиттеу жөніндегі орган осы Шартпен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге құқықтарды және өзге міндеттерді атқарады.
2.8. Тараптардың бірде біреуі Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
2.9. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа, осы Шарттың және оны орындау барысында алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
3. Жоспарлы бағалау жүргізу, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, аккредиттеу материалдарын өзектендіру мерзімдері.
3.1. Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, аккредиттеу материалдарын өзектендіру және аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу Заңда көзделген негіздемелер, мерзімдер және тәртіп бойынша жүргізіледі.
3.2. Жоспарлы бағалау жоспарлы тексеру жүргізудің нақты күні айқындалатын Тараптар арасында жасалатын қосымша келісім негізінде Заңда көзделген мерзімдерде жүргізіледі.
4. Жұмыстар құны
4.1. Осы Шарттың 4.2-тармағында көзделгендерді қоспағанда, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу өтемсіз жүргізіледі.
4.2. Заңның 22-бабының 4-тармағында көзделген негіздемелер бойынша аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу құны Тараптардың қосымша келісім немесе жеке шарт жасасуы жолымен анықталады.
4.3. Жоспарлы бағалау құнын Тараптар қосымша келісім жасасу жолымен айқындайды.
4.4. Орындалған жұмыстарға төлеу төлемге қойылған шоттар негізінде жүргізіледі.
4.5. Аккредиттеу жөніндегі орган басқа өңірлерден техникалық сарапшыларды тартқан жағдайда, аккредиттеу субъектісі Тараптар жасасатын қосымша келісімдерге сәйкес аккредиттеу жөніндегі органның есеп айырысу шотына аудару жолымен көрсетілген сарапшыларға жол жүру, тұру құнын және тәуліктік шығыстарды қосымша төлейді.
5. Салыстырма сынақтарды жүргізу және (немесе) өлшем құралдарын салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салғастыру тәртібі
5.1. Аккредиттеу субъектілерінің техникалық құзыреттілігін бағалау (мониторингілеу) мақсатында Аккредиттеу жөніндегі орган Аккредиттеу субъектісінен салыстырмалы сынақ нәтижелерін (өлшем құралдарын салыстырып тексеру (калибрлеу) нәтижелерін) сұрай алады.
5.2. Зертханалардың техникалық құзыреттілігін растау стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес біліктілікті тексеруді аккредиттелген провайдер ұйымдастырған және жүргізген салыстырмалы сынақ (өлшем құралдарын салыстырып тексеру (калибрлеу) нәтижелері) нәтижелері болып табылады.
6. Тараптардың жауапкершілігі
6.1. Аккредиттеу субъектісі:
1) аккредиттеу жөніндегі органға ұсынылған деректердің дұрыстығы;
2) аккредиттеу саласы шеңберінде аккредиттеу белгісін және бірлескен белгіні дұрыс пайдалану;
3) аккредиттеу жөніндегі органға оның кінәсінен келтірілген залалдар;
4) аккредиттеу өлшемшарттарының талаптарын орындаудың үздіксіздігі;
5) аккредиттеу жөніндегі органның қызметтеріне ақы төлеу мерзімдері үшін жауапты болады.
6.2. Уақтылы төлемегені үшін Аккредиттеу субъектісі Аккредиттеу жөніндегі органға мерзімді кешіктірудің әр жұмыс күні үшін төленуі тиісті сомадан 0,1 (оннан бір) пайыз мөлшерінде, бірақ көрсетілген сомадан 25 (жиырма бес) пайыздан аспайтын өсімпұл төлейді.
6.3. Жұмыстарды орындау мерзімін бұзғаны үшін, егер бұл Аккредиттеу субъектісінің әрекетінен немесе әрекетсіздігіне байланысты болмаса, Аккредиттеу жөніндегі орган Аккредиттеу субъектісіне мерзімін кешіктірудің әр жұмыс күні үшін орындалатын жұмыс құнынан 0,1 (оннан бір) пайыз мөлшерінде, бірақ көрсетілген сомадан 25 (жиырма бес) пайыздан аспайтын өсімпұл төлейді.
6.4. Өсімпұлды төлеу Тараптарды Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
6.5. Тараптардың осы Шартта көзделмеген жауапкершілік шаралары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнама нормаларына сәйкес қолданылады.
6.6. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
7. Шартты өзгерту, тоқтату және бұзу
7.1. Аккредиттеу субъектісі осы Шарттың талаптарын бұзған және оның осы Шартта белгіленген мерзімдерде қосымша келісімге негізсіз қол қоймаған жағдайда, аккредиттеу жөніндегі Орган бұл туралы аккредиттеу субъектісін бұзудың болжамды күніне дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын хабардар ете отырып, осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Бұл жағдайда хабарламада көрсетілген күн осы шартты бұзу күні болып есептеледі.
7.2. Аккредиттеуден кейінгі шарт мынадай:
1) заңды тұлға таратылған;
2) аккредиттеу аттестатының қолданыс мерзімі аяқталған;
3) аккредиттеу аттестатынан айырған;
4) аккредиттеу аттестаты жойылған;
5) аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу үшін негіз болып табылған сәйкессіздіктер жойылмаған, бұл жағдайда аккредиттеуден кейінгі шарттың тоқтатылу күні сәйкессіздіктерді жою мерзімі өткен күннен кейінгі күн болып есептеледі;
6) осы Шартты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бұзу.
7.3. Осы Шартты бұзған кезде (тоқтатуды қоспағанда) Аккредиттеу субъектісінің төлеген сомасы Аккредиттеу жөніндегі орган шеккен нақты шығындары шегеріліп, қайтарылады.
8. Еңсерілмейтін күш (форс-мажор) жағдайлары
8.1. Тараптар, егер олар еңсерілмейтін күш (су тасқыны, жер сілкінісі) жағдайларының салдары болып табылса, Тараптардың кез келгеніне осы Шарт бойынша бұл жағдайлар өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндік бермеген жағдайда өз міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
8.2. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш жағдайлары, сондай-ақ осы жағдайлармен туындаған салдар әсер еткен уақыт ішінде сәйкес уақытқа кейін шегеріледі.
8.3. Еңсерілмес күш жағдайлары туындаған кезде Тараптардың кез келгені олар басталған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде екінші Тарапқа осы жағдайлардың басталғаны туралы хабарлайды.
8.4. Еңсерілмейтін күш жағдайларының болу фактісін растайтын құжаттар еңсерілмейтін күш болған жерлерде Қазақстан Республикасының оған уәкілетті мемлекеттік органдары немесе ұйымдары берген тиісті құжаттар (анықтамалар, актілер және басқалары) болып табылады.
8.5. Егер еңсерілмейтін күш жағдайлары 3 (үш) айдан артық жалғасатын болса және оларды тоқтату күні туралы міндетті өтінім жасау мүмкін болмаса, онда Тараптардың әрқайсысы осы Шартты бұзуға құқылы және бұл жағдайда Аккредиттеу жөніндегі орган Аккретитеу субъектіге нақты орындалған жұмыстар құнын шегере отырып, төленген соманы қайтаруға міндетті.
8.6. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тараптарды осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауаптылықтан босататын негіз ретінде кез келген жоғарыда көрсетілген жағдайларға сілтеме жасау құқығынан айырады.
9. Дауларды шешу тәртібі
9.1. Осы Шартты iске асыру процесінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды келіссөздер жолымен шешуге міндеттенеді.
9.2. Келіссөздер жолымен келіспеушіліктер реттелмеген жағдайда, ол Аккредиттеу органының орналасқан жері бойынша сот органына қарауға берiлуi мүмкiн.
10. Қорытынды ережелер
10.1. Осы Шарт Тараптар оған қол қойған күнінен бастап жасалған деп есептеледі, егер осы Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органында тіркелуге жатса - тіркелген күнінен бастап және ол бойынша міндеттемелерін Тараптардың толық орындағандарына дейін қолданыста болады.
10.2. Осы Шарт ақпараттық жүйеде электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде жасалды.
10.3. Тараптар ақпараттық жүйеде Тараптар арасында жүзеге асырылатын ақпарат алмасу ресми болып табылады деп уағдаласты.
Ақпараттық жүйедегі хабарлама аккредиттеу жөніндегі органнан өтініш берушінің ақпаратты алғанын растау болып табылады.
10.4. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар осы Шарт сияқты нысанда жасалған және тараптар қол қойған жағдайда ғана жарамды болады.
10.5. Осы Шартта көзделмеген барлық өзге жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
11. Тараптар деректемелері
Өтініш беруші: |
Аккредиттеу жөніндегі орган: |
Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойған күні мен уақыты |
Аккредиттеу жөніндегі органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойған күні мен уақыты |
Аккредиттеуден кейінгі үлгілік шартқа қосымша |
Кері байланыс сауалнамасы
Аккредиттеу субъектісінің атауы:
__________________________________________________________
(аккредиттеу субъектінің толық атауы)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(Аккретитеу субъекті басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы)
Аккредиттеу жөніндегі орган орындайтын жұмыс сапасын бағалаңыз (5-өте керемет, 4- өте жақсы, 3-жақсы, 2-қанағаттанарлық, 1-нашар).
Тиісті санды белгілеңіз.
Жұмыс түрі: ______________________________________________________
Сұрақ атауы | Баға | ||||
Жауап нұсқалары | 5 | 4 | 3 | 2 | 1 |
Сізге шынайы жауаптар үшін алғыс айтамыз!
Сіздің ескертулеріңіз бен тілектеріңізді біз міндетті түрде қарастырамыз.
Біз бірлескен ынтымақтастығымыздың одан әрі тиімді және жемісті болғанын қалаймыз!
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына 6-қосымша |
Салыстырып тексеру/калибрлеу зертханасының аккредиттеу саласы
Ескерту. 6-қосымша алып тасталды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 08.06.2021 № 398-НҚ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына 6-1-қосымша |
Біліктілікті тексеру провайдерінің
аккредиттеу саласы
Ескерту. 6-1-қосымша алып тасталды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 05.06.2020 № 134-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына 6-2-қосымша |
Инспекциялық органның аккредиттеу саласы
Ескерту. 6-2-қосымша алып тасталды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 05.06.2020 № 134-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына 6-3-қосымша |
Медициналық зертхананың (орталықтың) аккредиттеу саласы
Ескерту. 6-3-қосымша алып тасталды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 05.06.2020 № 134-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына 7-қосымша |
Біліктілікті тексеру провайдерінің аккредиттеу саласы
Ескерту. 7-қосымша алып тасталды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 08.06.2021 № 398-НҚ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына 8-қосымша |
Инспекциялық органның аккредиттеу саласы
Ескерту. 8-қосымша алып тасталды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 08.06.2021 № 398-НҚ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына 9-қосымша |
Медициналық зертхананың аккредиттеу саласы
Ескерту. 9-қосымша алып тасталды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 08.06.2021 № 398-НҚ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына 10-қосымша |
Парниктік газдарды валидтеу және верификаттау жөніндегі органның аккредиттеу саласы
Ескерту. 10-қосымша алып тасталды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 08.06.2021 № 398-НҚ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына 11-қосымша |
Сәйкестікті растау жөніндегі органдарға, сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханаларына (орталықтарына), медициналық зертханаларға, өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, инспекциялық органдарға, парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органдарға, біліктілікті тексеру провайдерлеріне арналған паспорт
Ескерту. 11-қосымша алып тасталды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 08.06.2021 № 398-НҚ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына 12-қосымша |
Персонал туралы мәліметтер
Ескерту. 12-қосымша алып тасталды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 08.06.2021 № 398-НҚ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына 13-қосымша |
Аккредиттеу алдындағы үлгілік шарты
Ескерту. 13-қосымша алып тасталды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 08.06.2021 № 398-НҚ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына 14-қосымша |
Аккредиттеуден кейінгі үлгілік шарты
Ескерту. Бұйрық 14-қосымшамен толықтырылды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 05.06.2020 № 134-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); алып тасталды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 08.06.2021 № 398-НҚ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.