Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы шартты бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 23 маусым N 60-II.


     Астанада 1999 жылғы 2 қыркүйекте жасалған Қазақстан Республикасы мен 
Армения Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы шарт 
бекітілсін. 
     
     
     Қазақстан Республикасының 
            Президенті 
     
            Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы
               арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы
                                 Шарт* 
     
     * (2001 жылғы 23 мамырдан бастап күшіне енді - ҚР халықаралық 
            шарттары бюллетені, 2002 ж., N 2, 20-құжат) 
     
     Бұдан әрi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан 
Республикасы мен Армения Республикасы, 
     қазiргi бар достық байланыстарға және өз халықтарының арасындағы 
дәстүрлi өзара сыйластыққа сүйене отырып,


      олардың арасындағы өзара тиiмдi ынтымақтастықты ұдайы дамыту әрi нығайту екi мемлекет халықтарының мүдделерiне жауап бередi деп санай отырып,
      екi мемлекеттiң тарихи тағдыры мен игiлiгi Еуроазия кеңiстiгiнде де, сондай-ақ дүние жүзiнде де бейбiтшiлiктi, қауiпсiздiктi және тұрақтылықты нығайтумен тығыз байланысты екенiн түсiне отырып,
      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы шеңберiнде ынтымақтастыққа ұмтыла

отырып және ТМД шеңберiнде екi мемлекет қол қойған құжаттарды iс жүзiнде 
жүзеге асыруға белдi бекем буып,
     саяси, экономикалық, мәдени және басқа да салалардағы қатынастарды 
дамытуға және тереңдетуге тiлек бiлдiре отырып, 
     халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған ережелерi мен принциптерiн 
сақтауға өздерiнiң адалдығын қуаттай отырып,
     екi мемлекеттiң халықаралық ұйымдар мен аймақтық бағдарламалардағы 
тығыз ынтымақтастығының маңыздылығын тани отырып,
     төмендегiлер туралы уағдаласты: 
                             1-бап 
     


      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар қарым-қатынастарын өзара құрмет тұтуға, сенiмге және келiсiмге негiздейдi, бұл ретте БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ның негiзге алынатын принциптерiн, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған ережелерiн басшылыққа алады.

                              2-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың егемендiгiне, тәуелсiздiгiне және аумақтық тұтастығына қарсы бағытталған қандай да бiр iс-әрекеттерге немесе iс-шараларға, сондай-ақ одақтарға және блоктарға қатысуда ұстамдылық танытуға және де екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тарапқа қарсы шабуыл немесе өзге де күш қолдану қимылдары мақсатында өз аумақтарын пайдалануға жол бермеуге мiндеттенедi.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өз аумақтарында екiншi Уағдаласушы Тараптың мемлекеттiк егемендiгiне, тәуелсiздiгiне және аумақтық тұтастығына қарсы бағытталған ұйымдар мен топтарды құруға және олардың қызметiне, сондай-ақ жекелеген адамдардың қызметiне тыйым салады әрi жолын кеседi.
      Бұл ретте Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы аумағындағы қауiпсiздiк мәселелерi бойынша өзара консультациялар өткiзетiн болады.

                                3-бап

      Ұлттық қауiпсiздiктi және әскери құрылысты қамтамасыз ету мәселелерiн дербес түрде шеше отырып, Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар осы салаларда тығыз ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады және осы Шарт пен басқа да тиiстi келiсiмдердiң негiзiнде өзара iс-қимылдың нысандарын белгiлейдi.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар дүние жүзiлiк шаруашылық қатынастары жүйесiне мақсатты түрде тарту мақсатында өздерi мүдделiлiк бiлдiретiн халықаралық, аймақтық қауiпсiздiк және экономикалық кооперация мәселелерi бойынша түрлi деңгейлерде консультациялар өткiзетiн болады.
                                4-бап 




      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар құқық бұзушылыққа, оның iшiнде ұйымдасқан қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа, халықаралық терроризмге, заңсыз қаржылық операцияларға, есiрткiлердiң, жүйкеге әсер ететiн, радиоактивтi, жарылғыш заттардың, улы химикаттардың, қару-жарақтың заңсыз айналымына, көлiктiң барлық түрлерiндегi қозғалыстың қауiпсiздiгiне бағытталған iс-әрекеттерге, контрабандаға, мәдени құндылықтарды заңсыз әкетуге қарсы күрестегi iс-шараларда ынтымақтасатын болады.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар осы салаларда тәжiрибе және жедел

ақпарат алмасуды жүзеге асыратын болады, осыған байланысты халықаралық 
ынтымақтастық шеңберiнде бiрлескен iс-шараларды жүргiзедi.
     
                               5-бап 
     Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өзiнiң аумағында тұрып жатқан екiншi 
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың азаматтарының азаматтық, саяси, әлеуметтiк, 
экономикалық және мәдени құқықтары мен негiзгi жеке бас бостандықтарын 
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың ұлттық заңдарына және халықаралық 
құқықтың жалпы жұрт таныған ережелерiне сәйкес сақтауды қамтамасыз ететiн 
болады.
                              6-бап
     
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар саяси, сауда-экономикалық, 
ғылыми-техникалық, гуманитарлық және басқа салаларда тең құқықты және 
өзара тиiмдi ынтымақтастықты дамытатын болады.
      Жоғарыда аталғандармен қатар мынадай бағыттарға басымдық берiледi:   
      халықаралық ұйымдарда түрлi бастамаларды жүзеге асыруда Мәртебелi 
Уағдаласушы Тараптардың мүдделерiне қайшы келмейтiн ынтымақтастық,  
      - негiзге алынатын халықаралық құжаттарға сәйкес адам құқығын 
қамтамасыз ету,
      - екi мемлекетте де тұрақтылықты, бейбiтшiлiктi және азаматтық 
келiсiмдi нығайтудың аса маңызды факторы болып табылатын демократиялық 
қайта жаңғыртуларды дәйектi түрде жүзеге асыру, 
      - қоршаған ортаны қорғау, 
      - ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және есiрткi заттарының заңсыз 
айналымына қарсы күрес.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар екi жақты және көп жақты құжаттардың 
негiзiнде осы салаларда ынтымақтастықты дамытатын және тереңдететiн 
болады. 
                              7-бап
     
     Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар олардың арасындағы парламенттiк 
байланыстарды одан әрi кеңейтуге жәрдемдесетiн болады.
     
                              8-бап
     Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар ұлттық экономикалардың әлеуетiн 
тұрақты дамыту мен тиiмдi пайдалануға ерекше маңыз бере отырып, екi 
мемлекет арасындағы экономикалық интеграцияны тереңдетуге жәрдемдесетiн 
болады.


      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тарапқа экономикалық зиянын тигiзуге қабiлеттi iс-әрекеттен тартынатын болады.

                                9-бап

     Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өз аумақтарында екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың кәсiпорындарының, ұйымдарының және кәсiпкерлерiнiң қызметiне, оның iшiнде өндiрiстiк кооперация, тiкелей инвестициялар және оларды қорғау саласында қолайлы жағдайлар туғызуға жәрдемдесетiн болады; бiрлескен трансұлттық бiрлестiктердi, сондай-ақ ынтымақтастың басқа да нысандарын ұйымдастыруға және олардың қызметiне жәрдемдеседi.

                                10-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар көлiк пен байланыстың, теле- және радиокоммуникациялардың, информатиканың ұлттық жүйелерiн дамытудағы, осы салаларда қалыптасқан кешендер мен бiрыңғай жүйелердi сақтауға және ұтымды пайдалануға жәрдемдесе отырып, ынтымақтастықты кеңейтетiн болады.
      Екi мемлекет арасында темiржол, әуе, автомобиль көлiгімен жүктердi және жолаушыларды тасымалдау, сондай-ақ мемлекеттердің аумақтарынан транзиттiк өту оның iшiнде жекелеген келiсiмдермен белгіленетiн тәртiпте тиiстi инфрақұрылымдарды пайдаланумен жүзеге асырылатын болады.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар қозғалыстың, жолаушылардың және тасымалдаушылардың қауiпсiздiгiн, бiр-бiрiнiң аумағында көлiктiк тасымалдау кезiнде жүктер мен көлiк құралдарының сақталуын қамтамасыз ету үшiн тиiстi шаралар қабылдайды.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар TRACECA және INOGATE бағдарламаларының шеңберiндегi ынтымақтастықты жүзеге асыру кезiнде өздерiнiң iс-қимылдарын келiсiп алатын болады.

                               11-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар оқу орындарының, ғылыми-зерттеу орталықтарының арасындағы тiкелей байланыстарды көтермелеп, бiлiм, денсаулық сақтау, ғылым және техника саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ өздерiнiң халықаралық мiндеттемелерiн ескере отырып, интеллектуалдық меншiк құқығын қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамытатын болады, бiрлескен бағдарламалар мен әзiрлемелердi, әсiресе озық технологиялар саласында, жүзеге асыратын болады.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау саласында бiрлесiп жұмыс iстейтiн болады, сондай-ақ ғалымдармен, оқытушылармен, стажерлермен, аспиранттармен және студенттермен алмасып отыруды көтермелейдi.

                                12-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар мәдениеттiң түрлi салаларындағы ынтымақтастықты одан әрi дамытуға барынша жәрдемдесетiн болады, шығармашылық одақтар мен бiрлестiктердiң, мәдениет мекемелерiнiң, әдебиет, өнер, туризм мен спорт қайраткерлерiнiң арасындағы iскерлiк байланыстарды кеңейтуге және осы салалар үшiн кадрлар даярлауға мүмкiндiк туғызады.
                                13-бап




      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар қоршаған ортаны қорғау саласында, ресурсты үнемдей отырып табиғатты пайдалануда, экологиялық таза өндiрiс саласын кеңейтуде ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар экологиялық қауiпсiздiктi тегiс қамти

алатын халықаралық жүйенi құруда және табиғи сондай-ақ техногендiк 
сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде бiр-бiрiне көмек көрсетуге 
ұмтыла отырып, осы салада аймақтық және ғаламдық деңгейлерде 
ынтымақтасатын болады.
     
                                  14-бап
 
     Осы Шарттың ережелерi олар қатысушылары болып табылатын басқа да 
халықаралық шарттар мен келiсiмдерден туындайтын Мәртебелi Уағдаласушы 
Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiне ықпал етпейдi.
     
                                  15-бап
     
     Осы Шарттың ережелерін түсіндіру мен қолдануға қатысты пікір 
алшақтықтары Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар арасындағы консультациялар мен 
келіссөздер арқылы шешілуі тиіс.
     
                                   16-бап
     
     Мәртебелі Уағдаласушы Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Шартқа 
өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Шарттың ажырамас 
бөлігі болып табылатын жеке Хаттамамен ресімделеді.
            
                                    17-бап
     Осы Шарт бекітілуге жатады және бекіту грамоталарымен алмасқан күні 
күшіне енеді.
                                    18-бап  
     


      Осы Шарт он жыл мерзімге жасалады және егер Мәртебелі Уағдаласушы Тараптардың бірі екінші Мәртебелі Уағдаласушы Тарапқа Шарттың қолданысының тиісті мерзімі аяқталғанға дейін кем дегенде бір жыл бұрын оның қолданысын тоқтату ниеті туралы жазбаша нысанда мәлімдесе, Шарт әрбір жолы келесі

бесжылдық кезеңдерге өздігінен ұзартылатын болады.
     Астана қаласында 1999 жылғы 2 қыркүйекте әрқайсысы қазақ, армян және 
орыс тілдерінде екі дана болып жасалды және де барлық мәтіндердің күші 
бірдей.
     Осы Шарттың ережелерін түсіндіру кезінде пікір алшақтығы туындаса 
Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын 
болады.
     
       Қазақстан Республикасы үшін      Армения Республикасы үшін 
     
     Оқығандар:
       Икебаева А.Ж.
       Омарбекова А.Т.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады