1-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат; N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180, 181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15, 281-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997 ж., N 4, 51-құжат; N 7, 82-құжат; N 10, 112-құжат; N 11, 144-құжат; N 12, 184, 188-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 20, 263-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 45-құжат; N 14, 197, 201, 202-құжаттар; N 23, 425-құжат; N 24, 436, 442, 445-құжаттар; 1999 ж., N 6, 192, 193-құжаттар; N 20, 731-құжат; N 21, 786-құжат; N 23, 928-құжат; N 24, 1067-құжат; 2000 ж., N 3-4, 65, 66-құжаттар) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1. 128-бапта: 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "2. Жүк автомобильдері: жүк көтерімділігі 1,5 тоннаға дейін 9,0 жүк көтерімділігі 1,5 тоннадан 5,0 тоннаға дейін 12,0 жүк көтерімділігі 1,5 тоннадан жоғары 15,0"; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Пайдаланылу мерзімі 6 жылдан асатын жеңіл автокөлік құралдары бойынша салық төлеудің белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін мынадай түзету коэффициенттері қолданылады: ТМД елдері шығарған машиналар үшін: 6 жылдан 20 жылға дейін - 0,3; 20 жылдан 30 жылға дейін - 0,2; 30 жылдан астам - 0,1; двигателінің көлеміне қарай қалған машиналар үшін: 3000 текше сантиметрге дейін - 0,5; 3000-нан 4000 текше сантиметрге дейін - 0,7; 4000-нан және одан да жоғары - 1,0.". 2. 129-бапта, 9) тармақшадағы "адамдар" деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылсын және "босатылады" деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын: "10) ауылшаруашылық құрамасынан шығу нәтижесінде пай ретінде алған жүк автомобильдері мен автобустар бойынша жеке адамдар босатылады.". 2-бап. Осы Заң 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Оқығандар: Икебаева А.Ж. Багарова Ж.А.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына автокөлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 5 шілде N 65-ІІ
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз