Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ембі полигонын пайдалану мен жалдау шарттары туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шілдедегі N 81-ІІ Заңы.

      Мәскеуде 1995 жылғы 20 қаңтарда жасалған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ембі полигонын пайдалану мен жалдау шарттары туралы келісім бекітілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ембі полигонын пайдалану және жалға беру шарттары туралы
Келісім

2003 жылғы 7 мамырда күшіне енді (Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрлігінің ресми сайты)

Ескерту. "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Ембі полигонын пайдалану және жалға беру шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі № 283 ҚР Заңын қараңыз.

Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1992 жылғы 25 мамырдағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Шарттың, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери ынтымақтастық туралы Шарттың, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1993 жылғы 22 қаңтардағы сынақ полигондарын пайдалану тәртiбi туралы Келiсiмнiң қағидаларына сүйене отырып,

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы Келiсiмдi басшылыққа ала отырып,

жылжымалы және тұрақты мүлкiмен Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан Ембі полигонының объектiлерi Қазақстан Республикасының меншiгi екендiгiн ескере отырып, Тараптардың қорғаныс қабілетiн қамтамасыз ету мақсатында және ғылымын дамыту мүддесi үшiн Ембі полигонын сақтау мен дамыту қажеттiлігiн мойындай отырып, Тараптардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде Ембі полигонының маңызды ролiн және қару-жарақ пен әскери техниканың алдыңғы үлгiлерiн сынауда эксперименталды-сынау базасын сақтау және дамыту қажеттiлiгiн ескере отырып,

төмендегiлер жөнiнде келiстi:

1-бап

Осы Келiсімнiң тақырыбы, әрi қарай Полигон деп аталатын Ембі полигоны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясына Полигонның жер учаскелерiн, жылжымалы және тұрақты мүлігін уақытша пайдалануға жалға беру шартымен беру тәртібі болып табылады. Полигонның жылжымалы және тұрақты мүлкінің тізбесі мен құрамы, жалға беру ұзақтығы, жалға беру ақысының мөлшері мен оны енгізу мерзімі, осы Келісімге қол қойылғаннан кейiн үш ай мерзiм iшiнде жасалатын Полигонды жалға берудің жеке шартымен анықталады.

Полигон Қазақстан Республикасының Актөбе облысы аумағында орналасқан. Полигон жер алаңының шекарасы болып осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын қосымшада координаталары келтiрiлген, геодезиялық белгiлер мен тұрғылықты жердегi негiзгi нүктелердi жалғастыратын сызық болып табылады.

2-бап

1. 1991 жылдың 31 тамызына дейiн жасалынған және қондырылған Полигонның жылжымалы және тұрақты мүлкi Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылады.

2. Полигонда 1991 жылдың 31 тамызынан кейiн жасалған, алынған және қондырылған жылжымалы және тұрақты мүлiкке деген меншiк құқығы Полигонның жылжымалы және тұрақты мүлкiн ұстауға, пайдалануға және кезектi жөндеуге кеткен шығындарды есептемегенде, оны құруды, алуды және жеткiзудi қаржыландыруды жүзеге асырушы Тарапқа берiледi. Осыған орай Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасымен мұндай мүлiктi жасауды және жеткiзудi, сондай-ақ жалға беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн Тараптардың тұрақты мүлiктi пайдалануын келiседi.

Барлық жағдайларда жобалық шешiмдердiң экологиялық және басқа да қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, Полигон басшылығының Қазақстан Республикасының тиiстi министрлiктерi мен ведомстволарына талқылау мен сарап қорытындысы үшiн керектi мәлiметтердi беру жолымен жүзеге асырылады.

3-бап

1. Қазақстан Республикасы 1991 жылғы 31 тамыздағы жағдайға сәйкес Ресей Федерациясына жалға беру жағдайымен, келісілген түгендеу ведомствосы бойынша Полигонның жылжымалы және тұрақты мүлкiн бередi. Тараптар осы Келiсiмге қол қойылған күннен кейiн аталған мүлiктi жалға беру шартын дайындау үшiн бiрлескен комиссия құрады. Бірлескен комиссия жалға беру шартында жыл сайынғы жалға беру ақысының мөлшерiн, сондай-ақ 1992-1994 жылдары Ресей Федерациясының Полигонды пайдалануына байланысты Қазақстан Республикасының әрбiр жылға жылдық жалға беру ақысы деңгейiнде мүлiктiк шығын және шығындар мөлшерiн бағалайды. Екi мемлекеттiң Үкiметтерi ақы беру механизмiн жалға беру шартына сәйкес анықтайды.

Осы мақсаттарда Тараптар бiрлескен Комиссияға, оның құрылуы кезiнде, аталған жұмыстарды жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттарды бередi.

2. Казақстан Республикасы жалға беру жағдайымен уақытша пайдалануға Ресей Федерациясына Полигонның жер учаскелерiн бередi. Ресей Федерациясы жалға беру (тұрақты немесе мезгiлдi) кезеңiнде Ресей Федерациясының мүддесi үшiн Полигонның пайдаланатын жерлерi үшiн ақы төлейдi.

4-бап

Ресей Федерациясына жалға беру шартымен берiлетiн жылжымалы және тұрақты мүлiк, осы Келiсiмге қосымшада көрсетiлген тиiстi жер учаскелерi тек қана Полигон алдында тұрған тапсырмаларды орындауды қамтамасыз ету үшiн мақсатты бағытта пайдаланылуға тиiс. Бұл мүлiк пен жер учаскелерi Тараптардың және үшiншi елдердiң заңды және жеке адамдарына субарендаға берiлмейдi.

5-бап

Жалға беру мерзiмi бiткенде, сондай-ақ осы Келiсiмнiң күшi тоқтағанда жалға беру шартымен берiлген жекелеген объектiлерде жұмыстар уақытынан бұрын тоқтаған жағдайда Ресей Федерациясы олардың амортизациялануын есептей отырып, әрi қарай пайдаланатындай жағдайда жер учаскелерін, жалға алған жылжымалы және тұрақты мүлікті Қазақстан Республикасына қайтарады.

Барлық жағдайларда мүлік пен жер учаскелерін қабылдау-беру Тараптардың өкілетті өкілдерінен құралған бірлескен комиссиямен жүзеге асырылады.

6-бап

1. Полигонның Ресей Федерациясына берiлген объектiлерiн, жылжымалы және тұрақты мүлігін пайдалануды қамтамасыз ететін әскери құрамалар Ресей Федерациясы Қарулы Күштерiнiң құрамына кiредi. Уақытша Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан Ресей Федерациясы әскери құрамаларының статусы Тараптардың жеке келiсiмiмен анықталады.

2. Әскери құрамалардың штаттық құрылымдары мен саны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiмен бекiтiледi.

Полигон бастығын тағайындау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң келiсiмiмен, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Президентiмен келiсiле отырып, Ресей Федерациясының Президентiмен жүзеге асырылады.

3. Полигон орындайтын тапсырмалар көлемi өзгергенде, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен келiсу бойынша Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгi Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери құрамаларының құрылымдары мен штаттық санында өзгертулердi жүзеге асырады.

7-бап

Ресей Федерациясына жалға берiлген Полигонның қызметi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен келiсiлген Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгi бекiтетiн ол туралы ережемен реттеледi және:

- күрделi құрылыс жоспарларын қоса есептегенде, Полигонды дамыту жоспарлары;

- ғылыми-зерттеу және сынақ жұмыстарының жылдық жоспарлары;

- Тараптар әскерлерi ұрыс ракеталарын ұшыратын тактикалықжаттығулардың жылдық жоспарлары;

- қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану және жөндеудің жылдық жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.

Жылдық жоспарлар мен кестелер Тараптарлың Қорғаныс министрліктерімен жоспарланып отырған жылдың 1 желтоқсанына дейін бекітіледі.

8-бап

Ресей Федерациясы өзiне жалға берiлген Полигонның жылжымалы және тұрақты мүлкiн пайдалану кезiнде:

- Полигонның инфрақұрылымын қалпына келтiрудi және ұстауды;

- Тараптардың қару-жарақ және әскери техника үлгiлерiн сынауды белгiленген шекараларда өткiзудi;

- жүргiзiлетiн жұмыстар қауiпсiздiгi мен ракеталарды Полигон шеңберiнде ұшыруды;

- Тараптардың қорғаныс министрлiктерiнiң келiсуiмен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң мүддесi үшiн Полигонды ұрыс атыстарын орындау үшiн пайдалануды;

- Полигонның ғылыми-техникалық сынақ кешенi мен инфрақұрылымын сақтауды және оларды жұмыс бабында ұстауды;

- ракеталар мен нысаналар қалдықтарын iздеудi, көшiрудi және пайдалануды, ұрыс алаңдарын уақытылы тазалауды;

- апаттар салдарын уақытылы жоюды және Қазақстан Республикасына келтiрiлген зиянның орнын толтыруды;

- Полигонның экологиялық жағдайын табиғатты қорғаудың ұзақ мерзiмдi және жылдық бағдарламасын жасау және iске асыру жолымен қалпына келтiрудi қамтамасыз етудi мiндеттенедi.

Полигонның ұрыс алаңдарынан тыс нысаналар, ұшу аппараттары, ракеталар немесе олардың бөлшектерi құлаған жағдайда, Ресей Федерациясы бұл жайында жиырма төрт сағат iшiнде Қазақстан Республикасына ресми ақпарат бередi. Бұл оқиға жөнiнде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясына тергеу материалдарын берiп, үш күн мерзiм iшiнде құрылатын тергеу жөнiндегi Тараптардың бiрлескен комиссиясы тергеудi жүргiзедi.

Полигон басшылығы жергiлiктi өкiмет және басқару орындарымен бiрлесе отырып, маусымды ауылшаруашылық жұмыстарын жүргiзу кезiнде Полигон аумағының учаскелерiн пайдалану тәртiбiн анықтайды.

Полигонның ішкі байланыс жүйелерін, автомобиль және темір жолдарын пайдалану, ұстау және жетілдіру осы құралдарды пайдаланатын Полигонның әскери құрылымдарымен жүзеге асырылады.

Полигонның аумағын басқа мақсаттарда пайдалану кезінде оның жоспарлы жұмыстарын уақытша тоқтату немесе шектеу Тараптар қорғаныс министрліктерінің бірлескен шешімдері негізінде жүргiзіледi.

9-бап

Полигон пайдаланатын жер учаскелерiнде адамдар, өсiмдiк және жан-жануарлар өмiрiне қауiп төндiретiн радиоактивтi, улы заттар, ядролық және химиялық қару-жарақ, сондай-ақ басқадай өнiмдердi пайдалануға және көмуге тиым салынады.

10-бап

Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының экологиялық нормативтерiн, су мен жердi пайдалану ережелерiн және нормаларын орындауға мiндеттi. Полигонның қызметi салдарынан келтiрiлген экологиялық зиян Ресей Федерациясымен жойылады. Осыған орай, зиянды өтеу тәртiбi мен зиянның мөлшерi арнайы құрылған мемлекетаралық комиссиямен анықталады.

11-бап

Ресей Федерациясының мекемелерi мен ұйымдарына, әскери ведомстволарына, жеке адамдарына Полигон аумағында геологиялық барлау жүргiзуге, пайдалы қазбаларды өңдеуге, аңдарды аулау кәсiбiмен айналысуға, балық аулау мен жабайы өсiмдiктердi жинауға тиым салынады.

12-бап

Әскери қызметшiлер, олардың отбасы мүшелерi, өнеркәсiп мамандары Ресей Федерациясынан Полигонға жаңа қызмет немесе жұмыс орнына және керi қарай жiберiлгенде, алынуы кедендiк органдарға жүктелген кедендiк баж салығын, акциздердi және басқа да салықтарды төлеусiз кеден шекаралары арқылы өз жүктерін алып өтеді.

13-бап

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Полигонда өңдеуден өткен жаңа қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа түрлерiн, соның iшiнде жалдық ақы есебiнен, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери ынтымақтастық туралы Шартта бекiтiлген тәртiппен алуға басым құқығы бар.

14-бап

Осы Келiсiмнiң қосымшасында шекарасы анықталған, Полигон аумағының әуе кеңiстiгi оның жұмысын қамтамасыз етуге пайдаланылады.

Полигон аумағының әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңы және басқа да нормативтi актiлерiмен анықталады.

15-бап

Полигон үшiн Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекаралары арқылы жүктердi жiберу Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының кедендiк заңына сәйкес алынуы кедендiк органдарға жүктелген кедендiк баж салығын, акциздердi және басқа да салықтарды төлеусiз жүзеге асырылады.

16-бап

Техникалық нормаларға сәйкес шығынға жазылуға тиiстi жылжымалы және тұрақты мүлiкке иелiк ету, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiктi басқаруға өкiлденген мемлекеттiк органымен Тараптардың қорғаныс министрлiктерiнiң келiсiлген ұсыныстары бойынша жүзеге асырылады.

17-бап

Полигон аумағында қамтамасыз етудің, соның ішінде сауда-тұрмыстық, әлеуметтік, сондай-ақ медициналық қызмет көрсетудің барлық түрлері Ресей Тарабымен жүзеге асырылады.

Полигонның қызметшiлер мен жұмысшылар қызметтерiне Ресей Федерациясының азаматтарымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтары да қабылданады. Осыған орай, оларға, азаматтығына қарамастан Ресей Федерациясының еңбек заңына сәйкесті барлық еңбек ақы төлеу шарттары таратылады.

18-бап

Полигонда орналасқан Ресей Федерациясының әскери құрамаларын, сондай-ақ Полигонның инфрақұрылымын ұстауды Ресей Федерациясы қаржыландырады.

Полигон аумағындағы әскери қызметшiлер мен әскери құрылымдардың тiршiлiк әрекетiн қамтамасыз ету мақсатында, Тараптардың ұлттық валюта айналымы мәселелерi Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi мен Ресей Федерациясының Орталық банкiсi арасындағы Келiсiмге сәйкес реттеледi.

19-бап

Полигон режимдi объект болып табылады. Оның барлауға қарсы қамтамасыз етiлуi Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Қазақстан Республикасы аумағында уақытша орналасқан Ресей Федерациясының әскери құрамалары мен олардың құрамына кiретiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық және әрекеттестiк туралы Келiсiмге сәйкес жүзеге асырылады.

Полигондағы режимдiк шаралар Ресей Федерациясы Қарулы Күштерiнде қабылданған тәртiппен Полигонның басшылығымен ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.

Полигон объектiлерiне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi және Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери бөлiмдерi, сондай-ақ Тараптардың өнеркәсiп ұйымдарының өкілдерін жiберу-келісілген тәжірибе-конструкторлық, ғылыми-зерттеу жұмыстарының тiзбелерi, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң тактикалық жаттығуларының жоспарлары және аталған бөлiмдер мен ұйымдардың шектелген сұранымдары негiзiнде жүзеге асырылады.

Полигонға Қазақстан Республикасының ресми адамдарын олардың қызмет міндеттерін орындау үшін жіберу Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі нормативті актілерімен, сондай-ақ Полигон туралы Ережемен анықталған тәртіпте іске асырылады.

Полигон үшінші елдер азаматтарының болуы Тараптардың белгіленген тәртібімен келісіледі.

20-бап

Қазақстан Республикасы арнайы органдар құра алады және қажетболғанда, Полигонда шартты жалға беру жөніндегі шартты орындауға байланысты барлық мәселелердi шешу үшiн олардың өкiлдерiн Полигонға жiбере алады.

21-бап

Осы Келiсiмдi орындау бойынша Тараптардың қызметiн үйлестiру Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери ынтымақтастық туралы Шартқа сәйкес құрылатын Бiрлескен комитетпен жүзеге асырылады. Осыған орай Бiрлескен комитет пайда болатын даулы мәселелер бойынша өз өкiлдiгi шеңберiнде шешiмдер қабылдайды. Басқа жағдайларда ол Тараптар Үкiметтерiне тиiстi ұсыныстар енгiзедi.

22-бап

Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсуi негiзiнде өзгертулер мен түзетулер енгiзiлуi мүмкiн.

Келiсiм он жыл мерзiмге жасалады. Оның күшi, егерде бiр Тарап екiншi Тарапқа әрбiр он жылдық мерзiмнiң бiтуiне алты ай қалғанға дейiн оның қызметiн тоқтату туралы өз тiлегiн жазбаша түрде хабарламаса, оның қызметi кейiнгi он жылға өзiнен-өзi ұзартылады.

Егерде Тараптар жалға беру шарттары туралы келiсiлген шешiмге келмесе немесе Тараптар бұл Шарттарды орындамаса осы Келiсiмнiң қызметi тоқтатылады.

Осы Келiсiм қол қойылған күннен бастап уақытша қолданылады және Тараптардың оның күшiне енуiне қажеттi мемлекетаралық рәсімдерді орындағаны туралы соңғы мәлімдемесінен кейінгі күні күшіне енеді.

1995 жылы 20 қаңтарда Мәскеуде әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі дана болып жасалынды, сондай-ақ екі текстің күші бірдей.

Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясы
үшін үшін

  Қазақстан Республикасы мен
Ресей Федерациясы арасындағы
Ембі полигонын пайдалану және
жалға беру шарттары туралы
Келісімге
Қосымша

"Ембі" Полигонының жер учаскелерінің шекарасын
анықтайтын геодезиялық белгілер мен негізгі нүктелер
координаталарының
Тізбесі

Негізгі нүкте номері

Геодезиялық белгінің аты

Тікбұрышты координаталар
X (м)
У (м)

Географиялық координаталар солтүстік ендік
(град.мин.)
шығыс бойлық
(град.мин.)

1

2

3

4

27


5 409 131
10 582 487

48 49
58 08

1


5 404 450
10 583 230

48 46
58 08

2

234 белгі

5 400 655
10 583 320

48 44
58 08

3


5 398 020
10 586 990

48 42
58 11

4

299 белгі
Лопуховый

5 395 665
10 588 169

48 41
58 12

5

266 белгі
Вытянутый

5 368 749
10 584 115

48 36
58 08

6

253 белгі
Қарағандымола

5 369 062
10 583 062

48 27
58 07

7

316 белгі Арыстан

5 340 141
10 597 401

48 11
58 19

8


5 326 600
10 589 700

48 04
58 12

9

313 белгі Ақтөркөл қ.

5 280 440
10 601 500

47 39
58 21

10


5 273 200
10 603 900

47 35
58 23

11


5 264 100
10 604 200

47 30
58 26

12

287 белгі Бес Балка

5 259 695
10 603 867

47 28
58 23

13


5 259 610
10 584 000

47 28
56 06

14


5 180 000
10 584 000

46 45
58 06

15


5 180 000
10 560 000

46 45
57 47

16


5 247 200
10 564 400

47 21
57 51

17


5 318 900
10 535 800

48 00
57 29

18


5 333 500
10 535 850

48 08
57 29

19


5 344 280
10 540 620

48 14
57 33

20


5 370 080
10 582 165

48 28
57 42

21


5 378 380
10 564 050

48 32
57 52

22

232 белгі Обрыв

5 386 921
10 569 280

48 36
57 56

23


5 392 900
10 573 670

48 40
58 00

24


5 393 100
10 570 090

48 40
57 57

25


5 394 580
10 570 355

48 41
57 57

26


5 407 395
10 578 460

48 48
58 04

27


5 409 131
10 582 487

48 49
58 08




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады