Мәскеуде 2006 жылғы 4 сәуірде қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Ембі полигонын пайдалану және жалға беру шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті |
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы
1995 жылғы 20 қаңтардағы Эмба полигонын пайдалану және жалға
беру шарттары туралы келісімге өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА
(2007 жылғы 3 тамызда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Эмба полигонын пайдалану және жалға беру шарттары туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келісті:
1) атауындағы және кіріспенің төртінші мен бесінші абзацтарындағы "Эмба полигонын", "Эмба полигонының" деген сөздерден кейін "(5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы)" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 1-бапта:
бірінші абзацта "Эмба полигоны" деген сөздерден кейін "(5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы)" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацта "қосымшада" деген сөздің алдынан "N 1" деген цифрмен толықтырылсын;
бап мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Полигонның әскери объектілерінің тізбесі осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын N 2 қосымшада келтірілген.
Ресей Федерациясына Полигонда жалға берілген Қазақстан Республикасы мүлкінің тізбесі осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын N 3 қосымшада келтірілген.";
3) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы жер учаскелерін жалға беру шартымен Полигонның онда орналасқан жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектілерімен бірге Ресей Федерациясына уақытша пайдалануға береді.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Эмба сынақ полигонын жалға беру туралы 1996 жылғы 18 қазандағы шартқа сәйкес жер учаскелерінің, оның ішінде онда орналасқан жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектілерімен бірге жер учаскелерінің жалға берілу кезеңінде Ресей Федерациясының мүддесінде Ресей Федерациясы Полигонды пайдаланғаны үшін ақы төлеуді жүзеге асырады.";
4) 6-баптың 1-тармағында "статусы Тараптардың жеке келісімімен" деген сөздер ", олардың құрамына кіретін адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі, сондай-ақ Ресей Федерациясының құзыретті органдарының Полигон аумағындағы заңдық құзыры мәселелері Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан Ресей Федерациясының әскери құрамаларының мәртебесі туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келісіммен және Тараптардың басқа да келісімдерімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 7-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Полигон қызметі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрімен келісім бойынша Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі бекітетін Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік орталық түраралық полигонының құрылымдық бөлімшелері, объектілері және ұрыс алаңдары туралы ережемен (бұдан әрі - Полигон туралы ереже) регламенттеледі және:";
6) 8-бапта:
екінші абзацтағы "қалпына келтіруді және" деген сөздер алып тасталсын;
тоғызыншы абзацтағы "қамтамасыз етуді міндеттенеді." деген сөздер ";" деген белгімен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"нысаналар мен ракеталар құлаған алқаптарды қайта өңдеуді (қажет болған жағдайда Тараптардың келісімі бойынша айқындалатын тәртіппен) қамтамасыз етуді міндеттенеді.";
бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Осы Келісімнің 7-бабында көзделген ғылыми-зерттеу және сынақ жұмыстарының жылдық жоспарлары негізінде Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының мүддесіне, сынақ жұмыстарын жүргізу кезінде Полигонының жер учаскелері мен әуе кеңістігін пайдалануға жол беріледі.";
7) 9-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Полигонның аумағында жер кадастрын және мониторингті жүргізуді, жердің мақсатты пайдаланылуын бақылауды Полигонның қолбасшылығымен келісілген тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы жүзеге асырады.";
8) Келісімге қосымша N 1 қосымша деп есептелсін және мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Эмба полигонының (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) жер учаскелерінің шекарасы
Нүкте нөмірі | Географиялық координаталары | |
солтүстік ендік | шығыс бойлық | |
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы мына координаталармен шектелген N 1 учаскесі (солтүстік учаске): | ||
1 | 48 0 26' 00" | 57 0 39' 00" |
2 | 48 0 26' 00" | 57 0 47' 00" |
3 | 48 0 25' 00" | 57 0 56' 00" |
4 | 48 0 24' 00" | 58 0 03' 00" |
5 | 48 0 23' 00" | 58 0 09' 00" |
6 | 48 0 11' 00" | 58 0 19' 00" |
7 | 48 0 04' 00" | 58 0 12' 00" |
8 | 47 0 58' 00" | 58 0 14' 00" |
9 | 48 0 00' 00" | 57 0 29' 00" |
10 | 48 0 08' 00" | 57 0 29' 00" |
11 | 48 0 14' 00" | 57 0 33' 00" |
мына координаталармен шектелген N 2 учаскесі (оңтүстік учаске): | ||
1 | 47 0 02' 00" | 58 0 06' 00" |
2 | 46 0 45' 00" | 58 0 06' 00" |
3 | 46 0 45' 00" | 57 0 47' 00" |
4 | 47 0 02' 00" | 57 0 50' 00" |
алаңы 2 га N 3 учаскесі
елді мекендегі тұрғын үйлер және өндірістік объектілер
(Эмба-5 әскери қалашығы)";
9) Келісім мынадай редакциядағы N 2 қосымшамен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының аумағына қоныс аударылған Эмба полигоны (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) әскери объектілерінің ТІЗБЕСІ
Бөлімшенің, объектінің атауы | Қоныс аудару орны |
5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы | Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі кенті"; |
10) Келісім мынадай редакциядағы N 3 қосымшамен толықтырылсын:
"Ресей Федерациясына Эмба полигонында (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) жалға берілген Қазақстан Республикасы мүлкінің ТІЗБЕСІ
Мүліктің атауы | Саны (бірлік) | Бас жоспар бойынша нөмірі | |
1. | Кешенді ғимарат | 1 | 86 |
2. | Тұрғын үй | 1 | 25 |
3. | "Россиянка" жатақханасы | 1 | 42" |
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру және қолдану кезінде туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер өзара консультациялар мен келіссөздер жолымен шешіледі.
Тараптардың біреуінде бірлескен шешімді талап ететін мәселелер туындаған кезде осы Тарап екінші Тарапты келіссөздер басталғанға дейін 30 күннен кешіктірмей ол туралы жазбаша хабардар етеді.
Осы Хаттама Тараптар оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар бойынша алған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы Хаттама өз қолданысын Келісімнің қолданысы тоқтатылған кезде бір мезгілде тоқтатады.
Мәскеу қаласында 2006 жылғы 4 сәуірде әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
ҮШІН ҮШІН
Осымен 2006 жылғы 4 сәуірде Мәскеу қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Эмба полигонын пайдалану және жалға беру шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттаманың бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы | |
Сыртқы істер министрлігінің | |
Халықаралық-құқық департаментінің | |
Халықаралық шарттар басқармасы | |
Бастығы |