Қазақстан Республикасы мен Тәжiкстан Республикасының арасындағы табыс пен мүлiкке (капиталға) қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 21 қазан N 88-II

      Душанбеде 1999 жылғы 16 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасы мен Тәжiкстан Республикасының арасындағы табыс пен мүлiкке (капиталға) қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы келісім бекітілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы мен Тәжiкстан Республикасының арасындағы табыс пен мүлiкке (капиталға) қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы
КЕЛIСIМ

(2000 жылғы 7 қарашада күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Қазақстан Республикасы мен Тәжiкстан Республикасы екi Мемлекет  арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықты дамыту мен нығайту ұмтылысын басшылыққа ала отырып және табыс пен мүлiкке (капиталға) салынатын қосарланған салық салуды болдырмау мақсатында осы Келiсiмдi жасауды ұйғарды және төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап Келiсiм қолданылатын тұлғалар

      Осы Келiсiм Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де резидентi болып табылатын тұлғаларға қолданылады.

2-бап Келiсiм қолданылатын салықтар

      1. Осы Келiсiм салық алу әдiстерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттiң немесе оның әкiмшiлiк бөлiмшелерiнiң немесе жергiлiктi өкiмет органдарының атынан алатын табыс пен мүлiкке (капиталға) салынатын салықтарға қолданылады.
      2. Табыс пен мүлiкке (капиталға) салынатын салықтар деп жылжитын немесе жылжымайтын мүлiктi шеттетуден алынған табыстарға салынатын салықтарды, кәсiпорындар төлейтiн ырыздықақының немесе жалақының жалпы сомасынан алынатын салықтарды, сондай-ақ капитал құнының өсiмiне салынатын салықтарды қоса алғанда, табыстың жалпы сомасынан, капиталдың жалпы сомасынан немесе табыстың немесе капиталдың жекелеген элементтерiнен алынатын салықтардың барлық түрлерi саналады.
      3. Осы Келiсiм қолданылатын қазiргi салықтар атап айтқанда, мыналар болып табылады:
      а) Қазақстан Республикасында:
      - заңды және жеке тұлғалардың табысынан алынатын салық;
      - заңды және жеке тұлғалардың мүлкiнен алынатын салық;
      (бұдан әрi - "қазақстан салығы" деп аталады);
      б) Тәжiкстан Республикасында:
      - заңды тұлғалардың табысынан (пайдасынан) алынатын салық;
      - азаматтардан алынатын табыс салығы;
      - заңды және жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық;
      (бұдан әрi - "тәжiк салығы" деп аталады).
      4. Осы Келiсiм сондай-ақ оған қол қойылған күннен кейiн қолданылып жүрген салықтарға қосымша немесе солардың орнына алынатын кез келген ұқсас және iс жүзiндегi осындай салықтарға қолданылады. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары өздерiнiң тиiстi салық заңдарындағы кез келген елеулi өзгерiстер туралы бiр-бiрiн хабардар етiп отырады.

3-бап Жалпы анықтамалар

      1. Егер тұпнұсқа мәтiннен өзгеше туындамаса, осы Келiсiмнiң мақсатында:
      а) "Уағдаласушы Мемлекет (Мемлекет)" және "басқа Уағдаласушы Мемлекет (басқа Мемлекет)" терминдерi мәтiнге байланысты Қазақстан Республикасын немесе Тәжiкстан Республикасын бiлдiредi;
      б) "Қазақстан" терминi Қазақстан Республикасын білдiредi. Географиялық мағынасында пайдаланғанда "Қазақстан" терминi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк аумағын және Қазақстан заңдарына және халықаралық уағдаластықтарға сәйкес өзiнiң егемендi құқықтары мен заңдық хұкiмiн жүзеге асыратын және оның салық заңдары қолданылатын аймақтарды қамтиды;
      в) "Тәжiкстан" терминi Тәжiкстан Республикасын бiлдiредi және географиялық мағынасында пайдаланғанда, оның аумағын, кезде Тәжiкстан Республикасы халықаралық құқық нормаларына сәйкес жер қойнауы мен табиғи ресурстарды пайдалану жөнiндегi құқықтарды қоса алғанда, егемендi құқықтары мен заңдық хұкiмiн жүзеге асыра алатын және Тәжiкстан Республикасының заңдары қолданылатын оның аумағын, iшкi суларын, оның үстiндегi әуе кеңiстiгiн қамтиды;
      г) "тұлға" терминi жеке тұлғаны, заңды тұлғаның филиалын және заңды тұлғаның өкiлдiгiн және (немесе) заңды тұлғаны бiлдiредi;
      д) "Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны" және "басқа Уағдаласушы мемлекеттiң кәсiпорыны" терминдерi тиiсiнше бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқаратын кәсiпорынды және басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқаратын кәсiпорынды бiлдiредi;
      е) "халықаралық тасымал" терминi теңiз немесе әуе кемесi, темiр жол немесе автомобиль көлiгi басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң пункттерi арасында ғана пайдаланылатын жағдайларды қоспағанда, Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны пайдаланатын теңiз немесе әуе кемесiмен, темiр жол немесе автомобиль көлiгiмен жүзеге асырылатын кез келген тасымалды бiлдiредi.
      ж) "кәсiпорынды басқарудың нақты орыны" терминi осы кәсiпорынның қызметiн нақты жүзеге асыру және осы кәсiпорынға жоғарыдан бақылау жасайтын органдардың орналасқан жерiне және өз қызметiнен кәсiпорынның табыс табатын орнына қарамастан осы кәсiпорынды күн сайын басқару орынын бiлдiредi.
      з) "ұлттық тұлға" терминi:
      (I) Уағдаласушы Мемлекеттiң азаматтығы бар кез келген жеке тұлғаны;
      (II) Уағдаласушы Мемлекеттің қолданылып жүрген заңдарына сәйкес өз мәртебесiн алған кез келген заңды тұлғаны бiлдiредi;
      и) "капитал" терминi жылжымайтын және жылжымайтын мүлiктi қолда бар ақша қаражатын, акцияларды, облигацияларды немесе мүлiктiк құқықты растайтын басқа да құжаттарды, вексельдердi немесе басқа борыштық мiндеттемелердi, сонымен қатар патенттердi, тауар белгiлерiн, авторлық құқықтарды немесе басқа да осындай құқықтарды немесе мүлiктi бiлдiредi, бiрақ, бұлармен шектелмейдi.
      к) "құзыреттi орган" терминi:
      (I) Қазақстан Республикасында - Қаржы министрлiгiн немесе оның уәкiлеттi өкiлiн;
      (II) Тәжiкстан Республикасында - Қаржы министрлiгiн немесе оның уәкiлеттi өкiлiн бiлдiредi.
      2. Уағдаласушы Мемлекет осы Келiсiмдi қолданғанда, онда айқындалмаған кез келген термин, егер мәтiннен өзгеше мағына туындамаса, осы Келiсiм қолданылатын салықтарға қатысты осы Мемлекеттiң заңдары бойынша ол қандай мағынада пайдаланылса, сондай мағынаға ие болады. Уағдаласушы Мемлекеттiң қолданатын салық заңдары бойынша кез келген мағына осы Мемлекеттiң басқа заңдары бойынша терминге берiлетiн мағынадан жоғары тұрады.

4-бап Резидент

      1. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн "Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi" терминi Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық салық заңдарына сәйкес резидент мәртебесiн алған кез келген тұлғаны бiлдiредi.
      Термин сондай-ақ Уағдаласушы Мемлекеттiң әкiмшiлiк бөлiмшесiн немесе жергiлiктi өкiмет органдарын қамтиды.
      Алайда бұл термин осы Мемлекеттегi көздерден алынатын табыстарға қатысты немесе онда орналасқан мүлiкке (капиталға) қатысты ғана осы Мемлекетте салық салынуға тиiс кез келген тұлғаны қамтымайды.
      2. Егер, осы баптың 1-тармағының ережелерiне сәйкес жеке тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болып табылса, оның мәртебесi былай анықталуға тиiс:
      а) ол өзiнiң иелiгiндегi тұрақты баспанасы орналасқан Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi; егер оның Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнде де тұрақты баспанасы болса, ол барынша тығыз жеке және экономикалық байланыстары (өмiрлiк мүдделер орталығы) бар Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi;
      б) егер оның өмiрлiк мүдделер орталығы бар Мемлекетi анықтау мүмкiн болмаса не егер оның осы Мемлекеттердiң бiреуiнде де өзiнiң иелiгiнде тұрақты баспанасы болмаса, ол өзi әдетте тұрып жатқан Мемлекеттің резидентi болып есептеледi;
      в) егер ол әдетте Мемлекеттердiң екеуiнде де тұратын болса не олардың бiреуiнде де тұрмаса, ол азаматы болып табылатын Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi;
      г) егер резиденттiң мәртебесi а) - в) тармақшаларына сәйкес анықталмаса, Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары осы мәселенi өзара келiсiм бойынша шешедi.
      3. Егер осы баптың 1-тармағының ережелерiне сәйкес жеке тұлға болып табылмайтын тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болып табылса, онда ол өзiнiң iс жүзiндегi басқару орны орналасқан Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi. Егер тұлғаның iс жүзiндегi басқару орны қайда орналасқанын анықтау мүмкiн болмаса, онда Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары осы мәселенi өзара келiсiм бойынша шешуге тырысатын болады. Егер құзыреттi органдар өзара келiсiмге келе алмаса, онда осы Келiсiмдi қолдану мақсаттары үшiн мұндай тұлға Уағдаласушы екi Мемлекеттердiң бiреуiнiң де резидентi болып есептелмейдi.

5-бап Тұрақты мекеме (өкiлдiк)

      1. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн "тұрақты мекеме (өкiлдiк)" терминi өзi арқылы кәсiпорынның экономикалық (кәсiпкерлiк) қызметi толық немесе iшiнара жүзеге асырылатын тұрақты қызмет орнын бiлдiредi.
      2. "Тұрақты мекеме (өкiлдiк)" терминi атап айтқанда, мыналарды қамтиды:
      а) басқару орнын;
      б) бөлiмшенi;
      в) кеңсенi;
      г) фабриканы;
      д) шеберхананы;
      е) шахтаны, мұнай немесе газ скважинасын, карьер немесе табиғи  ресурстар өндiрiлетiн кез келген басқа орынды;
      ж) тауарларды сату мақсатында пайдаланылатын қойма немесе кез-келген басқа ғимараттар.
      3. Сондай-ақ "тұрақты мекеме" терминi мыналарды қамтиды:
      а) құрылыс алаңын немесе құрылыс, монтаждау немесе құрастыру объектiсiн немесе осы жұмыстардың орындалуын қадағалауға байланысты қызметтердi, егер мұндай алаң немесе объект 6 айдан астам уақыт кезеңi бойы болса немесе мұндай қызметтер 6 айдан астам уақыт кезеңi бойы көрсетiлетiн болса ғана;
      б) табиғи ресурстарды барлау үшiн пайдаланылатын қондырғыны немесе ғимаратты немесе осы жұмыстардың орындалуын қадағалауға байланысты қызметтердi немесе табиғи ресурстарды барлау үшiн пайдаланылатын бұрғылау қондырғысын немесе кеменi, егер мұндай пайдалану 6 айдай астам уақыт кезеңi бойы созылса немесе мұндай қызметтер 6 айдан астам уақыт кезеңi бойы көрсетiлетiн болса ғана;
      в) консультациялық қызметтердi қоса алғанда, резиденттердiң қызметшiлер немесе осындай мақсаттар үшiн резидент жалдаған персонал арқылы қызмет көрсетулерiн, бiрақ егер осындай сипаттағы iс-әрекет ел шегiнде 6 айдан астам уақыт кезеңi бойы жалғасса.
      4. Осы баптың алдыңғы ережелерiне қарамастан, "тұрақты мекеме (өкiлдiк)" терминi:
      а) құрылыстарды және жабдықтарды кәсiпорынға тиесiлi тауарлар мен бұйымдарды тек сақтау, көрсету немесе жеткiзу мақсаттары үшiн ғана пайдалануды;
      б) кәсiпорынға тиесiлi тауарлар мен бұйымдардың қорларын тек сақтау, көрсету немесе жеткiзу мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
      в) кәсiпорынға тиесiлi тауарлар мен бұйымдардың қорларын тек басқа кәсiпорынның қайта өңдеу мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
      г) тұрақты қызмет орнын тек тауарларды немесе бұйымдарды сатып алу не кәсiпорын үшiн ақпарат жинау мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
      д) тұрақты қызмет орынын тек кәсiпорын үшiн жарнама немесе ғылыми зерттеулер сияқты дайындық немесе көмекшi сипаттағы кез келген басқа қызметтi жүзеге асыру үшiн ғана ұстауды;
      е) а)-дан е)-тармақшасына дейiнгiлерде санамаланған қызмет түрлерiнiң кез келген амалын, осындай амал нәтижесiнде туындайтын тұрақты қызмет орынының жиынтық қызметi дайындық немесе көмекшi сипатта болған жағдайда, жүзеге асыру үшiн ғана тұрақты қызмет орнын ұстауды қамтымайды.
      5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерiне қарамастан, егер осы баптың 6-тармағы қолданылатын тәуелсiз мәртебесi бар агенттен өзге тұлға кәсiпорынның атынан әрекет етсе және Уағдаласушы Мемлекетте кәсiпорынның атынан келiсiм-шарттар жасауға өкiлеттiгi болса және оны әдетте пайдаланып жүрсе, онда бұл кәсiпорын осы тұлға кәсiпорын үшiн қолданатын кез келген қызметке қатысты, егер оның қызметi осы баптың 4-тармағында көрсетiлгенмен шектелiп қалмайтын болса және егер тұрақты қызмет орны арқылы жүзеге асырылса да осы тұрақты қызмет орнын тұрақты мекемеге айналдырмайтын болса, осы Мемлекетте тұрақты мекемесi (өкiлдiгi) бар кәсiпорын ретiнде қарастырылады.
      6. Кәсiпорын делдал, комиссиялық агент не тәуелсiз мәртебесi бар басқа агент арқылы осы Мемлекетте экономикалық (кәсiпкерлiк) қызметтi жүзеге асыратындықтан ғана, осындай тұлғалар өздерiнiң әдеттегi қызмет шеңберлерiнде әрекет еткен жағдайда, Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi (өкiлдiгi) бар болып есептелмейдi.
      7. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын заңды тұлғаның басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын заңды тұлғаны бақылау немесе өзiнiң бақылану немесе осы басқа Мемлекетте (не тұрақты мекеме (өкiлдiк) арқылы не басқа жолмен) экономикалық (кәсiпкерлiк) қызметтi жүзеге асыру фактiсi осы заңды тұлғалардың бiрiн басқасының тұрақты мекемесiне (өкiлдiгiне) айналдыра алмайды.

6-бап Жылжымайтын мүлiктен алынатын табыс

      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен алатын табысқа (ауыл және орман шаруашылығынан алынатын табысты қоса алғанда) сол басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. "Жылжымайтын мүлiк" терминi қаралып отырған мүлiк орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттiң заңы бойынша қандай мағынаға ие болса, сондай мағынаға ие болады. Осы термин кез келген жағдайда жылжымайтын мүлiкке қатысты қосалқы мүлiктi, ауыл және орман шаруашылығында пайдаланылатын мал мен жабдықтарды, жер меншiгiне қатысты заңда көзделген құқықтарды, жылжымайтын мүлiк узуфруктын (зиян келтiрмей басқаның меншiгiн және одан түсетiн табысты пайдалану құқығы), сондай-ақ, минералдық ресурстарды, көздердi және басқа да табиғи қазбаларды әзiрлегенi немесе әзiрлеу құқығы үшiн өтемақы ретiндегi өзгермелi немесе тiркелген төлемдерге арналған құқықтарды қамтиды. Теңiз және әуе кемелерi, темiр жол және автомобиль көлiктерi жылжымайтын мүлiк ретiнде қарастырылмайды.
      3. Осы баптың 1-тармағының ережелерi жылжымайтын мүлiктi тiкелей пайдаланудан, жалға беруден немесе қандай да бiр басқа нысанда пайдаланудан алынған табысқа қолданылады.
      4. Егер кәсiпорынның акцияларын немесе басқа да құқықтарын иелену осы акциялардың немесе құқықтардың иесiне кәсiпорынға тиесiлi мүлiктi пайдалануға мүмкiндiк беретiн болса, онда тiкелей пайдаланудан, жалға беруден немесе кез келген басқа нысанда осындай құқықтарды пайдаланудан түсетiн табыстарға осы жылжымайтын мүлiк орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      5. Осы баптың 1 және 3-тармақтарының ережелерi сонымен қатар кәсiпорынның жылжымайтын мүлкiнен алынатын табысқа және тәуелсiз жеке Қызметтер көрсету үшiн пайдаланылатын жылжымайтын мүлiктен алынатын табысқа қолданылады.

7-бап Экономикалық (кәсiпкерлiк) қызметтен алынатын пайда

      1. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме (өкiлдiк) арқылы экономикалық (кәсiпкерлiк) қызметпен айналыспаса, осындай кәсiпорынның пайдасына тек осы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер кәсiпорын, жоғарыда айтылғанындай, өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын немесе жүзеге асырған болса, кәсiпорынның пайдасына басқа Мемлекетте салық салынуы, бiрақ мыналарға:
      а) осындай тұрақты мекемеге (өкiлдiкке);
      б) тұрақты мекеме (өкiлдiк) арқылы сатылатын тауарлармен немесе бұйымдармен бiрдей немесе ұқсас тауарларды немесе бұйымдарды осы басқа Мемлекетте сатуға; немесе
      в) өзiнiң сипаты жөнiнен осындай тұрақты мекеме (өкiлдiк) арқылы жүзеге асырылатын кәсiпкерлiк қызметпен келетiн немесе осы басқа Мемлекетте жүзеге асырылатын ұқсас кәсiпкерлiк қызметке қатысты бөлiгiнде ғана салынуы мүмкiн.
      2. Осы баптың 3-тармағының ережелерiн ескере отырып, Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме (өкiлдiк) арқылы экономикалық (кәсiпкерлiк) қызметтi жүзеге асыратын немесе жүзеге асырған болса, онда осы тұрақты мекеме (өкiлдiк) нақ осындай немесе осыған ұқсас жағдайларда дәл осындай немесе оған ұқсас қызметпен айналысқан, өзi тұрақты мекемесi (өкiлдiгi) болып табылатын кәсiпорыннан мүлдем дербес әрекет жасағанда алуы мүмкiн пайда Уағдаласушы Мемлекетте осы тұрақты мекемеге жатқызылады.
      3. Тұрақты мекеменiң пайдасын анықтау кезiнде осы шығындар тұрақты мекеме (өкiлдiк) орналасқан Мемлекетте немесе одан тысқары жерде жұмсалған-жұмсалмағанына қарамастан басқару және жалпы әкiмшiлiк шығындарын қоса алғанда, тұрақты мекеменiң мақсаттары үшiн жұмсалған шығындарды шегерiп тастауға болады.
      Тұрақты мекеменiң оның бас кәсiпорнына немесе резиденттiң басқа кәсiпорындарының кез келгенiне патенттер және басқа құқықтарды пайдаланғаны үшiн роялти, қаламақы немесе басқа да ұқсас төлемдер төлеу жолымен немесе нақты қызметтер көрсеткенi немесе менеджмент үшiн комиссиялықақы төлеу жолымен немесе тұрақты мекемеге (өкiлдiкке) берiлген заем үшiн проценттер төлеу жолымен төленген сомаларды тұрақты мекемеге шегерiп тастауға болмайды.
      4. Кәсiпорын үшiн осы тұрақты мекеме (өкiлдiк) жасайтын тек қана тауарлар немесе бұйымдар сатып алу негiзiнде ғана осы тұрақты мекемеге (өкiлдiкке) қандай да бiр пайда есептелмейдi.
      5. Алдағы тармақтардың мақсаты үшiн тұрақты мекемеге (өкiлдiкке) қатысты пайда, егер белгiленген тәртiптi өзгерту үшiн нақты және жеткiлiктi негiз болмаса жыл сайын сол және сондай тәсiлмен айқындайды.
      6. Егер пайда осы Келiсiмнiң басқа баптарында жеке қаралатын табыстың элементтерiн қамтитын болса, онда осы баптардың ережелерi сол баптың ережелерiн қозғамайды.

8-бап Халықаралық тасымал

      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi халықаралық тасымалдарда теңiз және әуе кемелерiн, темiр жол және автомобиль көлiктерiн пайдаланудан алатын табысқа тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.
      2. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi халықаралық тасымалдарда пайдалану үшiн көлiк құралдарын, сондай-ақ контейнерлердi және оларға қатысты жабдықтарды жалға беруден алатын пайда, егер осындай жалға беру, жағдайға қарай, халықаралық тасымалдарда көлiк құралдарын пайдалануға қатысты екiншi дәрежелi болып табылса, тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерi сондай-ақ, бiрлескен кәсiпорынға не көлiк құралдарын пайдалану жөнiндегi халықаралық ұйымға бiрiккен қызмет көрсетуге қатысудан Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi алатын пайдаға қолданылады.

9-бап Қауымдастырылған кәсiпорындар

      1. Егер:
      а) Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысса; немесе
      б) белгiлi бiр тұлғалар Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын, сондай-ақ басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын басқаруға, бақылауға немесе мүлкiне (капиталына) тiкелей немесе жанама түрде қатысса, әрбiр жағдайда екi кәсiпорынның арасында олардың коммерциялық немесе қаржылық өзара қатынастарында тәуелсiз кәсiпорындардың арасында орын алуы мүмкiн жағдайлардан өзгеше жағдайлар жасалса немесе орнықса, онда солардың бiрiне есептелуi мүмкiн, бiрақ осы жағдайлардың орын алуына байланысты оған есептелмеген кез келген пайда осы кәсiпорынның пайдасына қосылып, оған тиiсiнше салық салынуы мүмкiн.
      2. Егер Уағдаласушы Мемлекет басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны осы басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынатын пайданы осы Мемлекет кәсiпорынның пайдасына қосып, тиiсiнше салық салса және осылай қосылған пайда алғашқы аталған Мемлекеттiң кәсiпорынына есептелуi мүмкiн пайда болса, егер екi кәсiпорынның арасындағы өзара қатынастар тәуелсiз кәсiпорындардың арасындағы жағдайлардай болса, онда осы басқа Мемлекет осы пайдадан алынатын салық сомасына тиiстi түзетулер жасауы тиiс. Осындай түзетулердi анықтау кезiнде осы Келiсiмнiң басқа ережелерi қаралуға тиiс, ал Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыретті органдары қажет болған жағдайда бiр-бiрiне консультация бередi.

10-бап Дивидендтер

      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын заңды тұлға басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төлейтiн дивидендтерге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Алайда, осындай дивидендтерге сондай-ақ резидентi осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес дивидендтер төлейтiн заңды тұлға болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер дивидендтердiң iс жүзiндегi иесi басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса онда алынатын салық:
      а) егер iс жүзiндегi иесi дивидендтер төлейтiн заңды тұлғаның жарғылық капиталының 30 процентiн тiкелей иемденетiн заңды тұлға болып табылса, дивидендтердiң жалпы сомасының 10 процентiнен аспауға тиiс;
      б) қалған барлық жағдайда дивидендтердiң жалпы сомасының 15 процентiнен аспауға тиiс;
      Осы тармақтың ережелерi дивидендтер төленетiн пайдаға қатысты заңды тұлғаға салық салуды қозғамайды.
      3. "Дивидендтер" терминi осы бапта акциялардан немесе борыш талаптары болып табылмайтын басқа да құқықтардан алынатын табысты, пайдаға қатысудан алынатын табысты, сондай-ақ резидентi пайданы бөлетiн заңды тұлға болып табылатын Мемлекеттiң заңдарына сәйкес акциялардан алынатын табысқа салық салуға қатысты теңестiрiлген басқа да корпоративтiк құқықтардан алынатын табысты бiлдiредi.
      4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резиденті болып табылатын дивидендтердiң iс жүзiндегi иесi дивидендтердi төлейтiн заңды тұлға резиденті болып табылатын басқа Уағдаласушы Мемлекетте онда орналасқан тұрақты мекеме (өкiлдiк) арқылы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын немесе жүзеге асырған болса не осы басқа Уағдаласушы Мемлекетте онда орналасқан тұрақты базаға тәуелсiз жеке қызметтер көрсететiн немесе көрсеткен болса немесе төленiп жүрген дивидендтерге қатысты холдинг шын мәнiнде осындай тұрақты мекемеге (өкiлдiкке) немесе тұрақты базаға қатысты болса, осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретiне қарай 7-баптың /Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда/ немесе 14-баптың /Тәуелсiз жеке қызметтер/ ережелерi қолданылады.
      5. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын заңды тұлға басқа Уағдаласушы Мемлекеттен пайда немесе табыс алатын болса, осы басқа Мемлекет, егер осындай дивидендтер осы басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн немесе өзiне қатысты дивидендтер төленетiн холдинг шын мәнiнде осы басқа Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемеге (өкiлдiкке) немесе тұрақты базаға қатысты болатын жағдайды қоспағанда, заңды тұлға төлейтiн дивидендтердi салықтан босата алады, сондай-ақ егер төленетiн дивидендтер немесе бөлiнбеген пайда осындай басқа Мемлекетте туындайтын пайдадан немесе табыстан толық не болмаса iшiнара тұрған күннiң өзiнде де заңды тұлғаның бөлiнбеген пайдасына салық салынбайды.
      6. Осы Келiсiм ережелерiнiң ешқайсысы да Уағдаласушы Мемлекетке осы Мемлекеттiң тұрақты мекемесiне (өкiлдiгiне) жататын заңды тұлғаның пайдасына осы Мемлекеттiң ұлттық тұлғасы болып отырған заңды тұлғаның пайдасына есептелген салыққа, егер осылай есептелген кез келген қосымша салық бұрынғы салық салынатын жылдары мұндай қосымша салық салынбаған мұндай табыс сомасының 10 процентiнен аспаса, қосымша салық салуға бөгет ретiнде түсiнiлмейдi. Осы тармақтың мақсаттары үшiн пайда тұрақты мекеме мекемесi (өкiлдiк) орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте өндiрiп алынатын осы тармақта айтылған қосымша салықтан өзгеше барлық салықтарды шегерiлгеннен кейiн анықталады.

11-бап Проценттер

      1. Бiр Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн проценттерге тек осы басқа Мемлекетте ғана салық салынуы мүмкiн.
      2. Алайда, осындай проценттерге, сондай-ақ олар пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер алушы проценттердiң iс жүзiндегi иесi басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, онда осылай алынған салық проценттердiң жалпы сомасының 10 процентiнен аспайтын болады.
      3. Осы баптың 2-тармағының ережелерiне қарамастан:
      а) Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнде туындаған және облигацияларға, борыштық мiндеттемелерге немесе осы Мемлекеттiң Yкiметiнiң, осы Мемлекеттiң Ұлттық банкiнiң, оның әкiмшiлiк бөлiмшелерiнiң немесе жергiлiктi өкiмет органдарының басқа да ұқсас мiндеттемелерiне қатысты төленетiн проценттер осы Мемлекетте салық салудан босатылады;
      б) Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнде туындайтын және облигацияларға, борыштық мiндеттемелерге немесе басқа Мемлекеттiң Үкiметiне, басқа Мемлекеттiң Ұлттық банкiне, оның әкiмшiлiк бөлiмшелерiне немесе жергiлiктi өкiмет органдарына басқа да ұқсас мiндеттемелерге қатысты төленетiн проценттер бiрiншi аталған Мемлекетте салық салудан босатылады.
      4. "Проценттер" терминi осы бапта пайдаланғанда кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген немесе қамтамасыз етiлмеген, борышкерлердiң пайдасына қатысу құқығын беретiн немесе бермейтiн борыштық талаптардың кез келген түрiнен түсетiн алынатын табысты және атап айтқанда, үкiметтiк бағалы қағаздардан алынатын табысты және бағалы қағаздар, облигациялар немесе борыштық мiндеттемелер бойынша сыйлықақылар мен ұтыстарды қоса алғанда, облигациялардан немесе борыштық мiндеттемелерден алынатын табысты бiлдiредi. Төлемдердi уақытылы жасамағаны үшiн салынатын айыппұлдар осы баптың мақсаттары үшiн проценттер ретiнде қарастырылмайды.
      5. Егер бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын проценттердiң iс жүзiндегi иесi проценттер туындайтын басқа Уағдаласушы Мемлекетте онда орналасқан тұрақты мекеме (өкiлдiк) арқылы экономикалық (кәсiпкерлiк) қызметтi жүзеге асыратын болса немесе осы басқа Уағдаласушы Мемлекетте онда орналасқан тұрақты базадан тәуелсiз жеке қызметтер көрсететiн және оның негiзiнде проценттер төленетiн борыштық талап осындай тұрақты мекемеге (өкiлдiкке) немесе тұрақты базаға шын мәнiнде жататын болса осы Баптың 1 және 2-тармағының ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретiне қарай 7-баптың /Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда/немесе 14-баптың /Тәуелсiз жеке қызметтер/ ережелерi қолданылады.
      6. Егер төлеушi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiмше, жергiлiктi өкiмет органы немесе осы Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, проценттер Уағдаласушы Мемлекетте туындайды деп есептеледi. Егер, алайда, проценттер төлеушi тұлға Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатындығына немесе табылмайтындығына қарамастан, Уағдаласушы Мемлекетте олар бойынша проценттер төленiп жатқан берешектiң туындауына байланысты тұрақты мекемесi (өкiлдiгi) немесе тұрақты базасы болса және осындай проценттердi осындай тұрақты мекеме (өкiлдiк) немесе тұрақты база төлейтiн болса, онда мұндай проценттер тұрақты мекеме (өкiлдiк) немесе тұрақты база орналасқан Мемлекетте пайда болады деп есептеледi.
      7. Егер проценттердi төлеушi мен оның iс жүзiндегi иесi арасында немесе сол екеуi мен қандай да бiр үшiншi тұлғаның арасындағы ерекше қатынастардың салдарынан, оның негiзiнде төленетiн борыштық талапқа жататын проценттердiң сомасы проценттердi төлеушi мен оның iс жүзiндегi иесi арасында мұндай қатынастар болмаған кезде келiсiле алатындай сомадан асып кетсе, онда осы баптың ережелерi тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемнiң басы артық бөлiгiне осы Келiсiмнiң басқа ережелерiн ескере отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуға жатады.
      8. Егер оған қатысты проценттер төленетiн борыштық талаптарды құруға немесе беруге байланысты кез келген тұлғаның негiзгi мақсаты немесе негiзгi мақсаттарының бiрi борыштық талаптарды құру немесе беру жолымен осы баптан пайда табу болса, осы баптың ережелерi қолданылмайды.

12-бап Роялти

      1. Бiр Уағдаласушы Мемлекетте туындайтын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн роялтиге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Алайда, мұндай роялтиге, олар туындайтын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ алушы роялтидiң iс жүзiндегi иесi бола отырып басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, онда мұндай әдiспен алынатын салық роялтидiң жалпы сомасының 10 процентiнен аспауы тиiс.
      3. "Роялти" термині осы бапта пайдаланғанда әдебиет, өнер және ғылым шығармаларына (кино, теле, бейнефильмдер немесе радио хабарлары мен теледидар үшін жазбалар, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз ету), кез келген патентке, сауда маркасына, дизайнға немесе модельге, жоспарға, құпия формулаға немесе процеске немесе өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми тәжiрибеге қатысты ақпарат үшiн (ноу-хау) сыйақы ретiнде алынған төлемнiң кез келген түрiн және өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми жабдықтарды пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергенi үшiн төленетiн төлемдердi бiлдiредi.
      4. Егер роялтидiң iс жүзiндегi иесi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi бола отырып роялти туындайтын басқа Уағдаласушы Мемлекетте онда орналасқан тұрақты мекеме (өкiлдiк) арқылы экономикалық (кәсiпкерлiк) қызметтi жүзеге асырса немесе сол басқа Мемлекетте орналасқан тұрақты базамен тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және оған қатысты роялти төленетiн құқық немесе мүлiк Тұрақты мекемемен (өкiлдiкпен) немесе тұрақты базамен iс жүзiнде байланыста болса, осы Баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда, ретiне қарай осы Келiсiмнiң 7-бабының /Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда/ немесе 14-бабының /Тәуелсiз жеке қызметтер/ ережелерi қолданылады.
      5. Егер төлеушi әкiмшiлiк бөлiмше, жергiлiктi өкiмет органы немесе осы Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, роялти Уағдаласушы Мемлекетте туындады деп есептеледi. Егер, алайда, роялти төлеушi тұлғаның Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатындығына немесе табылмайтындығына қарамастан, Уағдаласушы Мемлекетте роялти төлеу мiндеттемесiнiң туындауына байланысты тұрақты мекемесi (өкiлдiгi) немесе тұрақты базасы болса және мұндай роялти осы тұрақты мекемемен (өкiлдiкпен) немесе тұрақты базамен байланысты болса, онда мұндай роялти тұрақты мекеме (өкiлдiк) немесе тұрақты база орналасқан Мемлекетте туындады деп есептеледi.
      6. Егер проценттердi төлеушi мен оның iс жүзiндегi иесi арасында немесе сол екеуi мен қандай да бiр үшiншi тұлғаның арасындағы ерекше қатынастардың салдарынан, оның негiзiнде төленетiн пайдалануға, құқыққа немесе ақпаратқа жататын роялтидiң сомасы роялти төлеушi мен оның iс жүзiндегi иесi арасында мұндай қатынастар болмаған кезде келiсiле алатындай сомадан асып кетсе, онда осы баптың ережелерi тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемнiң басы артық бөлiгiне осы Келiсiмнiң басқа ережелерiн тиiсiнше ескере отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуға жатады.
      7. Егер оған қатысты роялти төленетiн құқықтарды құруға немесе беруге байланысты кез келген тұлғаның негiзгi мақсаты немесе негiзгi мақсаттарының бiрi құқықтарды осындай құру немесе беру жолымен осы баптан пайда табу болса, осы баптың ережелерi қолданылмайды.

13-бап Мүлiктi иелiктен айырудан түсетiн табыстар

      1. Осы Келiсiмнiң 6-бабында /Жылжымайтын мүлiктен түсетiн табыс/айтылған және басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктi иелiктен айырудан Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi алатын табыстарға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiнiң:
      а) басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен тiкелей немесе жанама құнын немесе оның құнының үлкен бөлiгiн алатын ресми танылған биржада нақты және тұрақты негiзде сататын акцияларды, акциялардан өзгелердi, немесе
      б) мүлкi, негiзiнен, басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен немесе жоғарыдағы (а) тармақшасында аталған акциялардан тұратын серiктестiктегi немесе сенiмгерлiктегi үлесті;
      иелiктен айырудан алған табыстарына осы басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      3. Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте иеленiп отырған тұрақты мекеменiң (өкiлдiктiң) өндiрiстiк мүлкiнiң бөлiгiн құрайтын жылжымалы мүліктi иелiктен айырудан немесе тәуелсiз жеке қызметтер көрсету мақсаттары үшiн басқа Уағдаласушы Мемлекеттегi Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң иелiгiнде орналасқан тұрақты базаға қатысты жылжымалы мүлiктен алынған табыстарға, мұндай тұрақты мекеменi (өкiлдiктi) (жеке өзiн немесе барлық кәсiпорынмен бiрге) немесе мұндай тұрақты базаны иелiктен айырудан алынатын мұндай табыстарға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      4. Халықаралық тасымалдарда пайдаланатын теңiз, әуе кемелерiн, темiржол және автомобиль көлiктерiн немесе мұндай көлiк құралдарын пайдалануға байланысты жылжымалы мүлiктi иелiктен айырудан Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi алған табыстарға тек осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салынады.
      5. Осы Баптың 123 және 4-тармақтарында айтылмаған қандай да бiр мүлiктi иелiктен айырудан алынатын табыстарға иелiктен айыратын тұлға резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.

14-бап Тәуелсiз жеке қызметтер

      1. Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң кәсiби немесе тәуелсiз сипаттағы басқа қызметiне қатысты табысына, егер мұндай қызмет көрсетулер басқа Уағдаласушы Мемлекетте көрсетiлмесе немесе көрсетiлмеген болса осы Мемлекетте ғана салық салынады; және
      а) табыс жеке тұлғада басқа Мемлекетте тұрақты түрде бар немесе болған тұрақты базаға қатысты болса; немесе
      б) мұндай жеке тұлға тиiстi салық жылында басталатын немесе аяқталатын кез келген он екi айлық кезеңде жалпы алғанда 183 күннен асатын кезеңнiң немесе кезеңдердiң iшiнде осы басқа Мемлекетте болса немесе болған болса ғана.
      Мұндай жағдайда, қызмет көрсетуге байланысты табысқа пайданың сомасын анықтау және кәсiпкерлiк пайданы тұрақты мекемеге (өкiлдiкке) жатқызу үшiн осы Келiсiмнiң 7-бабында /Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда/ айтылған принциптерге, ұқсас принципке сәйкес осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. "Кәсiби қызмет көрсетулер" терминi, атап айтқанда, тәуелсiз ғылыми, әдеби, артистiк, бiлiм беру немесе педагогикалық қызметтi, сондай-ақ дәрiгерлердiң, заңгерлердiң, инженерлердiң, сәулетшiлердiң, тiс дәрiгерлерiнiң, бухгалтерлер мен аудиторлардың тәуелсiз қызметiн қамтиды.
      3. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн "тұрақты база" терминi ол арқылы тәуелсiз жеке қызмет көрсететiн жеке тұлғаның қызметi толық немесе iшiнара жүзеге асатын кабинет, офис сияқты кез келген тұрақты орынды бiлдiредi.

15-бап Тәуелдi жеке қызметтер

      1. Осы Келiсiмнiң 16 /Директорлардың сыйақылары/, 18 /Зейнетақы және басқа осы сияқты төлемдер/, 19 /Мемлекеттiк қызмет/ баптарының ережелерiн ескере отырып, жалдау бойынша жұмысқа байланысты Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi алатын жалақы және басқа да осы сияқты сыйақы, егер тек жалдау бойынша жұмысқа басқа Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырылмаса, осы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер жалдау бойынша жұмыс осылайша жүзеге асырылса, осыған байланысты алынатын сыйақыға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерiне қарамастан, басқа Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырылатын жалдау бойынша жұмысқа байланысты Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi алатын сыйақыға алғашқы айтылған Мемлекетте ғана салынады, егер:
      а) алушы тиiстi салық жылында басталатын немесе аяқталатын кез келген он екi айлық кезеңде жалпы алғанда 183 күннен аспайтын кезеңнiң немесе кезеңдердiң iшiнде басқа Уағдаласушы Мемлекетте жүрсе, және
      б) сыйақыны басқа Мемлекеттiң резидентi болып табылмайтын жалдаушы немесе жалдаушының атынан төлесе, және
      в) сыйақы жалдаушының басқа Мемлекеттегi тұрақты мекемесi (өкiлдiгi) немесе тұрақты базасы төлемесе.
      3. Осы баптың бұның алдындағы ережелерiне қарамастан, халықаралық тасымалдарда пайдаланылатын көлiк құралдарының бортында жүзеге асырылатын жалдау бойынша жұмысқа байланысты сыйақыға көлiк құралын пайдаланатын кәсiпорын резидент болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.

16-бап Директорлардың сыйақылары

      Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi директорлар кеңесiнiң мүшесi немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын заңды тұлғаның оған ұқсас органы ретiнде алған директорлық және оған ұқсас төлемдерге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.

17-бап Артистер мен спортшылар

      1. Осы Келiсiмнiң 14-бабының /Тәуелсiз жеке қызметтер/ және 15-бабының /Тәуелдi жеке қызметтер/ ережелерiне қарамастан, өнер қызметкерi (театр, кино, радио, теледидар, сазгер секiлдi) мен спортшының жеке қызметiнен алған табысына олардың қызметi жүзеге асырылған Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Егер өнер қызметкерi мен спортшының жеке қызметiнен алған табысы өнер қызметкерiнiң немесе спортшының өзiне емес, басқа адамға есептелсе, онда бұл табысқа, осы Келiсiмнiң 7 /Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда/, 14 /Тәуелсiз жеке қызметтер/ және 15 /Тәуелдi жеке қызметтер/ баптарының ережелерiне қарамастан, өнер қызметкерi немесе спортшы өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      3. Осы баптың 1-2-тармақтарының ережелерiне қарамастан, бiр Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң өнер қызметкерi немесе спортшы ретiнде өзiнiң жеке қызметiнен алған табысына, егер қызмет Yкiметаралық Келiсiмдердiң негiзiнде мәдени немесе спорттық алмасу бойынша бағдарламаның шеңберiнде басқа Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырылса тек осы Мемлекетте салық салынады.

18-бап Зейнетақылар мен басқа да ұқсас төлемдер

      1. Осы Келiсiмнiң 19-бабының /Мемлекеттiк қызмет/ 2-тармағының ережелерiн ескере отырып, Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне бұрынғы жұмысына қатысты төленетiн зейнетақылар мен басқа да ұқсас сыйақы және мұндай резидентке төленетiн кез келген аннуитетке тек осы Мемлекетте салық салынады.
      2. "Аннуитет" терминi мұндай төлемдердi баламалы және толық өтеу орнына ақшалай және құндық мәнде төлеу мiндеттемесiне сәйкес өмiр сүру кезеңiнiң iшiнде не белгiлi бiр уақыт кезеңiнiң iшiнде белгiленген уақытта жеке тұлғаға кезең-кезеңмен төлеуге жататын соманы бiлдiредi.

19-бап Мемлекеттiк қызмет

      1. а) Уағдаласушы Мемлекеттің әкiмшiлiк аумақтық бөлiмшесiнiң немесе жергiлiктi өкiмет органының кез келген жеке тұлғаның осы Уағдаласушы Мемлекеттiк әкiмшiлiк-аумақтық бөлiмшесi немесе жергiлiктi өкiмет органы үшiн жүзеге асырған қызметiне төленетiн зейнетақыдан өзге сыйақыға осы Мемлекетте ғана салық салынады;
      б) Алайда, мұндай сыйақыға, егер қызмет осы басқа Мемлекетте жүзеге асырылатын болса және осы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын жеке тұлға:
      (І) осы мемлекеттiң азаматы болып табылса; немесе
      (ІІ) мұндай қызметтi жүзеге асыру мақсатында ғана осы Мемлекеттiң резидентi болмайтын болса, басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынады.
      2. а) Уағдаласушы Мемлекеттiң әкiмшiлiк-аумақтық бөлiмшесi немесе оның жергiлiктi өкiмет органы төлейтiн немесе олар құрған қорлардан жеке тұлғаға Уағдаласушы Мемлекеттiң әкiмшiлiк-аумақтық бөлiмшесi немесе оның жергiлiктi өкiмет органы үшiн жүзеге асыратын қызметi үшiн жеке тұлғаға олар құрған қорлардан төленетiн кез келген зейнетақыға тек осы Мемлекетте ғана салық салынады;
      б) Алайда, осындай зейнетақыға тек басқа Уағдаласушы Мемлекетте, егер жеке тұлға осы Мемлекеттiң резидентi және азаматы болып табылса салық салынады.
      3. Осы Келiсiмнiң 15 /Тәуелдi жеке қызметтер/, 16 /Директорлардың сыйақылары/ және 18 /Зейнетақы және басқа төлемдер/ баптарының ережелерi Уағдаласушы Мемлекет әкiмшiлiк бөлiмшелерiнiң немесе жергiлiктi өкiмет органдарының экономикалық (кәсiпкерлiк) қызметтердi орындауына байланысты жүзеге асырылатын қызметтерге қатысты төленетiн сыйақылар мен зейнетақыларға қолданылады.

20-бап Студенттер

      Бiр Уағдаласушы Мемлекетке тiкелей барғанға дейiн басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылған немесе болып табылатын және бiрiншi аталған Мемлекетте тек бiлiм алуы және тағлымдамадан өтуi мақсатында ғана тұрып жатқан студенттiң немесе стажердiң алған, өзiнiң тұруы, бiлiм алуы немесе тағлымдамадан өтуi мақсатында алған төлемдерге, егер осындай төлемдердiң көздерi басқа Мемлекетте болса, бiрiншi аталған Мемлекетте салық салынбайды.

21-бап Басқа да табыстар

      1. Осы Келiсiмнiң мұның алдындағы баптарында айтылмаған, Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң табыс түрлерi олардың көздерiнiң пайда болуына тәуелсiз тек осы Мемлекетте ғана салық салуға жатады.
      2. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын төмендегi табыстарды алушы басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме (өкiлдiк) арқылы экономикалық (кәсiпкерлiк) қызметпен айналысса немесе осы басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты базадан онда тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және табыстар төленiп отырған құқық немесе мүлiк осындай тұрақты мекемемен (өкiлдiкпен) немесе тұрақты базамен байланысты болса, 6-баптың /Жылжымайтын мүлiк/ 2-тармағында айқындалғанындай, жылжымайтын мүлiктен алынған табыстардан өзге табыстарға осы баптың 1-тармағының ережелерi қолданылмайды. Мұндай кезде жағдайға байланысты осы Келiсiмнiң 7 /Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда/ немесе 14 /Тәуелсiз жеке қызмет көрсетулер/ баптарының ережелерi қолданылады.

22-бап Мүлiк (капитал)

      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне жататын және басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан осы Келiсiмнiң 6-бабында /Жылжымайтын мүлiктен алынатын табыс/ айтылған жылжымайтын мүлiк түрiндегi мүлiкке (капиталға) осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Бiр Уағдаласушы Мемлекеттің кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте иеленiп отырған тұрақты мекеменiң (өкiлдiктiң) өндiрiстiк мүлкiнiң бөлiгi болып табылатын жылжымалы мүлiк (капитал) түрiндегi немесе тәуелсiз жеке қызметтер көрсету мақсаттарымен Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқа Уағдаласушы Мемлекеттегi билiк ететiн тұрақты базаға қатысты жылжымалы мүлiк түрiндегi мүлiкке осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      3. Халықаралық тасымалдарда пайдаланылатын теңiз, әуе, темiр жол немесе автомобиль көлiгi түрiндегi, сондай-ақ осы көлiк құралдары қызметiне қатысты жылжымайтын мүлiк түрiндегi мүлiкке (капиталға) тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.
      4. Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан активтерi жылжымайтын мүлiктен тұратын компаниялардың акциялар немесе басқа корпоративтiк құқықтар түрiндегi мүлiкке (капиталға) осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салынады.
      5. Уағдаласушы Мемлекет резидентi мүлкiнiң барлық басқа элементтерiне тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.

23-бап Қосарланған салық салуды жоюдың әдiстерi

      1. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн табыс тапса немесе мүлiкке (капиталға) иелiк етсе бiрiншi аталған Уағдаласушы Мемлекет:
      i) осы резиденттiң табысына салынатын салықтан басқа Уағдаласушы Мемлекетте төленетiн табыс салығына тең соманы шегерiп тастауға;
      (ii) осы резиденттiң мүлкiне (капиталға) салынатын салықтан басқа Уағдаласушы Мемлекетте төленген мүлiкке (капиталға) салынатын салыққа тең соманы шегерiп тастауға мүмкiндiк бередi;
      Жоғарыда келтiрiлген ережелерге сәйкес шегерiлген салықтың мөлшерi бiрiншi Уағдаласушы Мемлекетте қолданылып жүрген ставкалар бойынша осындай табысқа есептелетiн салықтан жоғары болмауы тиiс.
      2. Егер осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi табыс алса немесе тек басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынатын мүлiктi (капиталды) иеленсе, бiрақ, осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салуға ұшырайтын осындай басқа табысқа немесе мүлiкке тек салық ставкаларын белгiлеу мақсаттары үшiн ғана, бiрiншi Уағдаласушы Мемлекет осы табысты немесе мүлiктi (капиталды) салық салу базасына енгiзе алады.

24-бап Кемсiтпеу

      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары нақ осындай жағдайларда осы басқа Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салуға немесе соған байланысты мiндеттемелерге қарағанда өзгеше немесе анағұрлым ауыртпалық салық салуға немесе соған байланысты мiндеттемелерге басқа Уағдаласушы Мемлекетте ұшырамайды. Осы Келiсiмнiң 1-бабының (Келiсiм қолданылатын тұлғалар) ережелерiне тәуелсiз, осы ереже, сондай-ақ бiр немесе екi Уағдаласушы Мемлекеттiң резиденттерi болып табылмайтын тұлғаларға қатысты да қолданылады.
      2. Азаматтығы жоқ, Уағдаласушы Мемлекеттiң резиденттерi болып табылатын тұлғалар салық салуға немесе ұлттық тұлғалар ұшырауы мүмкiн салық салуға және оған байланысты мiндеттемелерге қарағанда оған байланысты мiндеттемелерге, өзге немесе бiршама ауыртпалықты мiндеттемелерге байланысты Уағдаласушы Мемлекеттiң ешқайсысында ұшырамауы тиiс.
      3. Бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте иеленiп отырған тұрақты мекемеге (өкiлдiкке) салық салу осындай қызметпен айналысатын осы басқа Мемлекеттiң кәсiпорнына салық салуға қарағанда осы басқа Мемлекетте қолайсыздау болмайды.
      4. Осы баптың ережелерi бiр Уағдаласушы Мемлекеттi басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне оларды салық төлеуден және азаматтық мәртебе немесе өзiнiң төл резидентiне беретiн отбасы мiндеттемелерi негiзiнде салық салу бойынша қандай да бiр жеке жеңiлдiктер, шегерiмдер және жеңiлдiктер берiлетiндей болып пайымдалмауы тиiс.
      5. Осы Келiсiмнiң 9-баптың /Ассоциацияланған кәсiпорындар/ 1-тармағының11-баптың /Проценттер/ 7-тармағының немесе 12-баптың /Роялти/ 6-тармағының ережелерi қолданылатын жағдайларды қоспағанда, бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төлейтiн проценттер, роялти және басқа да төлемдер осындай кәсiпорындардың пайдасын айқындау мақсатында бiрiншi аталған Мемлекеттiң резидентiне олар қалай төленсе, осылайша шегерiп тастауға жатады. Осы секiлдi Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне кез келген қарызы осындай кәсiпорынның салық салынатын капиталын (мүлкiн) айқындау мақсатында бiрiншi аталған Мемлекеттiң резидентiне қалай шегерiлсе, осылайша шегерiлiп тасталады.
      6. Басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң бiр немесе бiрнеше резидентiне толық немесе ішінара тиесiлi немесе тiкелей не жанама бақылауында болатын бiр Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының мүлкi (капиталы) бiрiншi аталған Мемлекеттiң осындай кәсiпорындар ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салудан болмаса осыған байланысты кез келген мiндеттемелерден өзгеше болмаса анағұрлым ауыртпалықты болып табылатын салық салу мiндеттемелерiне немесе соған байланысты қандай да бiр мiндеттемелерге бiрiншi аталған Мемлекетте ұшырамауы тиiс.

25-бап Өзара келiсу рәсiмi

      1. Егер Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң резидентi болып табылатын тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де iс-әрекеттерi өзiн осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға душар етiп отыр немесе душар ететiн болады деп есептесе, ол осы Мемлекеттердiң ұлттық заңдарында көзделген қорғану құралдарына қарамастан өзiнiң iсiн өзi резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң немесе оны бастан кешiрген жағдайы осы Келiсiмнiң 24-бабының 1-тармағына қатысты болса, өзi ұлттық тұлғасы болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органдарының қарауына бере алады. Арыз Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға душар еткен iс-әрекеттер туралы алғаш хабарланған сәттен бастап үш жыл iшiнде берiлуi тиiс.
      2. Құзыреттi орган, егер ол шағымды орынды деп есептесе және өзi қанағаттанарлық шешiмге келе алмаса, осы Келiсiмнiң сәйкес келмейтiн салық салуды болдырмау мақсатында мәселенi басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органымен өзара келiсе отырып шешуге ұмтылады. Кез келген қол жеткiзiлген уағдаластық Уағдаласушы Мемлекеттердiң ұлттық заңдарында бар қандай да бiр уақытша шектеулерге қарамастан орындалуы тиiс.
      3. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары осы Келiсiмнiң ережелерiн қолдану кезiнде туындайтын кез келген қиындықтарды немесе күдiктердi өзара келiсе отырып шешуге ұмтылады. Осы Келiсiмнiң ережелерiн орындауға байланысты барлық даулар келiссөздер және консультациялар арқылы шешiледi.
      4. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары мұның алдындағы тармақтарды келiсуге және түсiнуге қол жеткiзу мақсатында бiр-бiрiмен тiкелей байланыс жасай алады. Егер қол жеткiзу үшiн ауызша пiкiр алысуды ұйымдастыру қажет болса, осындай пiкiр алысу Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдарының өкiлдерiнен тұратын комиссия мәжiлiсi шеңберiнде өткiзiлуi мүмкiн.
      5. Егер, осы Келiсiмдi пайымдауға немесе қолдануға байланысты туындаған кез келген даулар немесе пiкiр қайшылықтары осы баптың алдағы тармақтарына сәйкес құзыреттi органдармен шеше алмаса, егер, салық төлеушi төрелiк соттың шешiмiн мойындауға мiндеттi деп жазбаша түрде келiсiм берсе құзыреттi органдар мен салық төлеушiлердiң келiсiмiмен мәселе төрелiк соттың қарауына берiлуi мүмкiн. Төрелiк соттың нақты мәселе жөнiндегi шешiмi екi Мемлекет үшiн де мiндеттi болып табылады. Мемлекеттер осындай мәселелердiң қарау рәсiмiн дипломатиялық арналар арқылы белгiлейдi. Осы Келiсiм күшiне енгеннен соң алдағы үш жылдық кезең өткеннен кейiн құзыреттi органдар дипломатиялық ноталармен алмасудың дұрыстығын айқындау үшiн бiр-бiрiмен кеңеседi. Осы тармақтың ережесi Мемлекеттер дипломатиялық ноталармен алмасу арқылы келiсiмге қол жеткiзiлген соң күшiне енедi.

26-бап Ақпарат алмасу

      1. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары осы Келiсiмнiң ережелерiн немесе салық салу әзiрше Келiсiмге қайшы келмейтiндей дәрежеде, атап айтқанда, салық төлеуден жалтару үшiн осы Келiсiм қолданылатын салықтарға қатысты осы Келiсiмнiң ережелерiн немесе Уағдаласушы Мемлекеттердiң ұлттық заңдарын орындау үшiн қажеттi ақпарат алмасып тұрады. Ақпарат алмасу осы Келiсiмнiң 1-бабының /Келiсiм қолданылатын тұлғалар/ ережелерiмен шектелмейдi. Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органдары алатын кез келген ақпарат, сондай ақ осы Мемлекеттiң ұлттық заңдарының шеңберiнде алынған ақпарат секiлдi құпия болып есептеледi және осы Келiсiм қолданылатын салықтарға қатысты шағымдарды бағалаумен немесе жинаумен, күшпен жинап алумен немесе тиiстi сот қудалауымен немесе қарауымен айналысып жатқан тұлғаларға немесе органдарға ғана (соның iшiнде соттар мен әкiмшiлiк органдарын қосқанда) хабарланады және тек осындай мақсаттар үшiн ғана пайдаланады. Олар бұл ақпаратты ашық сот отырысы барысында немесе сот шешiмдерiн қабылдаған кезде аша алады.
      2. Ешқандай жағдайда осы Баптың 1-тармағының ережелерi Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдарына:
      а) сол немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдары мен әкiмшiлiк тәжiрибесiне қайшы келетiн әкiмшiлiк шараларын қолдану;
      б) сол немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдары бойынша немесе әдеттегi әкiмшiлiк тәжiрибесi барысында алуға болмайтын ақпарат беру;
      в) қандай да бiр сауда, өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе кәсiптiк құпияны не сауда процесiн ашуы мүмкiн ақпарат не ашылуы мемлекеттiк саясатқа қайшы келуi мүмкiн ақпарат беру мiндеттемесiн жүктейтiндей мағынасында пайымдалмауы тиiс.

27-бап Дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдық
қызметтердiң қызметкерлерi

      Осы Келiсiмнiң ешқандай ережесi дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдық қызметтер қызметкерлерiнiң халықаралық құқықтың жалпы нормалары берген немесе арнаулы келiсiмдердiң негiзiнде берiлген салықтық артықшылықтарын қозғамайды.

28-бап Күшiне енуi

      Уағдаласушы Мемлекеттердiң осы Келiсiмнiң күшiне ене бастауы үшiн қажеттi барлық iшкi мемлекеттiк рәсiмдеулердiң аяқталғаны туралы дипломатиялық арна бойынша жiберiлген соңғы хабардардың күнiнен бастап осы Келiсiм күшiне енедi.
      Келiсiм өз күшiне енгеннен кейiнгi күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан және 1 қаңтардан соң бастап салық салынатын кезеңдегi барлық салықтарға қатысты қолданылады.

29-бап Қолданылу күшiн тоқтату

      Осы Келiсiм Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрi оның күшiн тоқтатпайынша күшiнде қала бередi. Әрбiр Уағдаласушы Мемлекет кез келген күнтiзбелiк жылдың аяқталуынан кемiнде 6 ай бұрын осы Келiсiмнiң қолданылу күшiн тоқтату туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарлай отырып осы Келiсiмнiң күшiн тоқтата алады. Мұндай жағдайда осы Келiсiмнiң ережелерiн қолданылу тоқтатылады:
      а) осы Келiсiмнiң әрекеттi тоқтағаннан соң күнтiзбелiк жылдың бiрiншi қантарынан немесе бiрiншi қаңтардан төленетiн табыстар сомасына қатысты көздерден алынған табыстарға арналған салықтарға;
      б) осы Келiсiмнiң әрекеті тоқтағаннан соң күнтiзбелiк жылдың бiрiншi қаңтарынан немесе бiрiншi қаңтардан басталатын салық салу кезеңiне қатысты табыстарға арналған басқа салықтарға;
      в) осы Келiсiмнiң әрекетi тоқтағаннан соң күнтiзбелiк жылдың бiрiншi қаңтарынан немесе бiрiншi қаңтардан осы салықтарды алуға қатысты мүлiкке арналған салықтарға.
      Өкiлдiк берген төменде қол қоюшы өкiлдер осыны растап, осы Келiсiмге қол қойды.
      Душанбе қаласында 1999 жылғы 16 желтоқсанда қазақ, тәжiк және орыс тiлдерiнде екi дана етiп жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн пайымдауда пiкiр қайшылығы туындаған жағдайда Уағдаласушы Мемлекет орысша мәтiндi басшылыққа алады.

      Қазақстан Республикасы үшін         Тәжікстан Республикасы үшін

      Мамандар:
      Багарова Ж.А.
      Қасымбеков Б.А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады