Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қарулы күштері авиациясының ұшуларын аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету жөніндегі шартты бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 14 желтоқсан N 121-II


     Мәскеуде 2000 жылғы 25 қаңтарда жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер 
Достастығына қатысушы мемлекеттердің қарулы күштері авиациясының ұшуларын 
аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету жөніндегі шарт бекітілсін. 
     
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     
        Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң 
            қарулы күштерi авиациясының ұшуын аэронавигациялық 
                     ақпаратпен қамтамасыз ету туралы 
                                 ШАРТ 
     
     Осы Шартқа қатысушы мемлекеттердің үкiметтерi атынан, бұдан әрi - 
Тараптар,
     1992 жылғы 15 мамырдағы әуе кеңiстiгiн пайдалану туралы 
мемлекетаралық Келiсiмдi басшылыққа ала отырып,


      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң қарулы күштерi авиациясының Тараптардың әуе кеңiстiгiнде ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қажеттiгiн негізге ала отырып,
      Тараптар қарулы күштерiнiң авиациясы үшiн аэронавигациялық ақпарат құжаттарын әзiрлеудi және шығаруды тәртiпке келтiруге ұмтыла отырып,
      төмендегілер туралы шарт жасасты:
                                   1-бап




      Осы Шарттың мақсаттары үшiн төменде көрсетiлген терминдер мынаны бiлдiредi:
      аэронавигациялық деректер - әуеайлақтардың сипаттамаларына және нақтылы жағдайына қатысты әуеайлақтар (әуе жүйелерi) туралы, әуеайлақтар ауданындағы әуе қозғалысының тәртiбi, әуе трассалары және олардың радио-электронды бұйымдармен жабдықталуы туралы мәлiметтер, сондай-ақ ұшуды ұйымдастыру, орындау және басқару үшiн қажеттi басқа да мәлiметтер;
      аэронавигациялық ақпарат - аэронавигациялық деректер беру (хабарлау);
      аэронавигациялық ақпарат құжаттары - құрамында аэронавигациялық деректер бар баспа өнiмдерi (жинақтар, тiзiмдер, карталар және т.б.);
      ұшуды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету - аэронавигациялық деректердi уақтылы беру (алмасу) жөнiнде Тараптар жүргізетiн шаралар кешенi;
      аэронавигациялық ақпарат органы - Тараптардың қарулы күштерi авиациясының ұшуын аэронавигациялық деректермен қамтамасыз етудi жүзеге асыратын Тарап қорғаныс министрлiгiнiң органы (орталығы, қызмет бөлiмi, тобы).
                                   2-бап




      Тараптардың қарулы күштерi авиациясының олардың аумағы үстiнен,

сондай-ақ олар әуе кеңiстiгiн пайдаланғаны үшiн жауапты олардың 
аумақтарынан шеткері орналасқан аудандардың үстінен ұшуын қамтамасыз ету 
үшiн Тараптар анық аэронавигациялық деректердi бiр-бiрiне уақтылы берiп 
отыруға мiндеттенедi.

                                   3-бап

     Аэронавигациялық ақпарат құжаттарын әр Тарап Тараптардың қорғаныс 
министрлiктерi арасында жасалатын шарттар негізiнде аэронавигациялық 
ақпарат органына бередi.

                                   4-бап



      Тараптардың қарулы күштерi авиациясының ұшуы үшiн аэронавигациялық ақпарат құжаттарын шығаруды Тараптардың қорғаныс министрлiктерi, олардың арасындағы екi жақты шарттар негiзiнде жүзеге асырады.
                                   5-бап




      Осы Шарттың ережелерiн iске асыру мәселелерiн келiсудi Тараптар Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрлерiнiң Кеңесiне жүктейдi.
      Тараптардың қарулы күштерi авиациясының ұшуын аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету тәртiбi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрлерiнiң Кеңесi бекiтетiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң қарулы күштерi авиациясының ұшуын аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету туралы ережемен анықталады.
                                   6-бап




      Ұлттық заңдарға сәйкес Тараптар ынтымақтастық барысында алынатын, мемлекеттiк және әскери құпиясы бар ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етедi. Ынтымақтастық процесiнде алынатын ақпарат Тараптарға залал келтiретiндей жағдайда қолданылмайды.
                                   7-бап




      Ынтымақтастық процесiнде алынатын аэронавигациялық ақпарат Тараптарға залал келтiретiн жағдайда қолданылмайды. Тараптар алынған аэронавигациялық деректердi, ақпаратты және құжаттарды ол деректердi беретiн Тараптардың алдын-ала жазбаша рұқсатынсыз осы Шартқа қатысушы болып табылмайтын

мемлекеттерге, соның iшiнде шетелдiк жеке, заңды тұлғаларға немесе 
халықаралық ұйымдарға сатпайды немесе бермейдi.

                                   8-бап

     Осы Шарт шеңберiнде аэронавигациялық ақпарат құжаттарын беру туралы 
Тараптардың шарттық мiндеттерiн орындауы қосылған құн салығынан, кедендiк 
алымдар мен төлемдерден босатылады.

                                   9-бап

     Аэронавигациялық деректер алмасу, сондай-ақ аэронавигациялық ақпарат 
құжаттарын дайындау орыс тiлiнде жүзеге асырылады.

                                   10-бап

     Осы Шарт оған қол қойған Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi 
iшкi мемлекеттiк рәсiмдердi орындағандықтары туралы үшiншi жазбаша 
хабарламасы сақтау үшiн депозитарийге тапсырылған күннен бастап күшіне 
енедi.
     Қажеттi рәсiмдердi кешiктiрiп орындаған Тараптар үшiн ол тиiстi 
құжаттар депозитарийге тапсырылған күннен бастап күшiне енедi.

                                   11-бап

     Осы Шартқа Тараптардың жалпы келiсiмiмен жеке хаттамалармен 
ресiмделетiн өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

                                   12-бап



      Шартты қолдануға немесе талқылауға байланысты даулы мәселелер мүдделi Тараптардың консультациялар мен келiссөздер жүргiзуi арқылы шешiледi.
                                   13-бап




      Осы Шарт күшiне енген күнiнен бастап 10 жыл бойы қолданылады. Бұл мерзiмдi уақыты бiткен соң, егер Тараптар басқа шешiм қабылдамаса, Шарттың мерзiмi келесi бес жылдық мерзiмге өздiгiнен ұзартылады.
      Әр Тарап депозитарийге жазбаша хабарлау арқылы осы Шарттан шыға алады.
      Осы Шарттың мұндай қатысушы мемлекеттерi үшiн Шарттың күшi оның қолданылуы кезiнде туындаған қаржы және басқа мiндеттемелер реттелген жағдайда, депозитарий жазбаша хабарламаны алған күннен бастап бiр жыл өткен соң тоқтатылады.
                                   14-бап




     Осы Шарт оған қосылатындықтары туралы құжаттарын депозитарийге 
тапсыру арқылы оның мақсаттары мен қағидаттарын бөлiсетiн басқа да 
мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық.
     2000 жылғы 25 қаңтарда Мәскеу қаласында орыс тiлiндегi бiр 
түпнұсқалық данада жасалды. Түпнұсқалық дана Тәуелсiз Мемлекеттер 
Достастығының Атқарушы комитетiнде сақталады, ол осы Шартқа қол қойған 
әрбiр мемлекетке оның куәландырылған көшiрмесiн жiбередi.

Әзiрбайжан Республикасының               Молдова Республикасының
Үкiметi үшiн                             Үкiметi үшiн
     
Армения Республикасының                  Ресей Федерациясының
Үкiметi үшiн                             Үкiметi үшiн
     
Беларусь Республикасының                 Тәжікстан Республикасының
Үкiметi үшiн                             Үкiметi үшiн
     
Грузияның                                Түрікменстанның
Үкiметi үшiн                             Үкiметi үшiн
     
Қазақстан Республикасының                Өзбекстан Республикасының
Үкiметi үшiн                             Үкiметi үшiн

Қырғыз Республикасының                   Украина Республикасының
Үкiметi үшiн                             Үкiметi үшiн
     
     
               Беларусь Республикасының өзгеше пікiрi 



      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қарулы күштерi авиациясының ұшуын аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету туралы шарт туралы.

      Шарттың 8-шi бабынан басқа.

      Осы арқылы ұсынылып отырған бұл мәтiн 2000 жылғы 25 қаңтарда Мәскеу

қаласында өткен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы үкiметтерiнiң басшылары 
Кеңесiнің мәжiлiсiнде қабылданған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына 
қатысушы мемлекеттердің қарулы күштерi авиациясының ұшуын аэронавигациялық 
ақпаратпен қамтамасыз ету туралы шарттың түпнұсқасымен бiрдей екендiгiн 
куәландырамын. Жоғарыда аталған Шарттың түпнұсқалық данасы Тәуелсiз 
Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетiнде сақтаулы.

      Тәуелсiз Мемлекеттер
   Достастығының Атқару комитетi
      Төрағасының орынбасары -
        Атқарушы хатшысы 
     
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады