Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Жапония Үкiметiнiң арасындағы Батыс Қазақстанның жол желiсiн қайта құру жобасын жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Банкiнiң заем беру ниетi туралы ноталар алмасу нысанындағы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 30 наурыз N 168-II


     Алматыда 2000 жылғы 1 сәуiрде жасалған Қазақстан Республикасының 
Үкiметi мен Жапония Үкiметiнiң арасындағы Батыс Қазақстанның жол желiсiн 
қайта құру жобасын жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметiне 
Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Банкiнiң заем беру ниетi туралы ноталар 
алмасу нысанындағы келiсiм бекiтiлсiн. 

     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
                                                  2000 жылдың 1 сәуiрi
                                                                Алматы

                          Пiкiрсайыс хаттамасы



      Қазақстан Республикасындағы экономикалық тұрақтылық пен даму процесiн қолдау мақсатында Жапонияның займ беру мәселелерi жөнiндегi 2000 жылдың 1 сәуiрдегi Ноталар Алмасуға (бұл жерде және бұдан әрi "Ноталар Алмасу") байланысты жапондық және қазақстандық делегациялардың өкiлдерi мыналарды атап өтудi қалайды:
      1. Ноталар Алмасудың 1 тармағында аталған Батыс Қазақстанның жол желiсiн қайта құру жобасының (бұл жерде және бұдан әрi "Жоба") орындалуына байланысты келiсiлген талаптарды қолайлы ұлттық валютасында қаржыландыруға қатысы бар Ноталар Алмасудың 3 тармағының (3) тармақшасына қатысты жапондық делегацияның өкiлi:
      (1) жалпы әкiмшілiк шығыстар, құрылыс кезiндегi пайыздар, салықтар мен төлемдер, кеңсенi ұстауға қатысты шығындар, Жобаның орындалуына тiкелей байланысы жоқ атқарушы агенттiк қызметкерлерiне жалақы төлеу және тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ меншiкке жер сатып алу, өтемақы төлеу және басқа да сол сияқты Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қойылатын талаптар, солай бола тұра Ноталар Алмасудың 1 тармағында аталған заемның (бұл жерде және бұдан әрi "Заем") қаражатына қолайлы ретiнде қарастырылмауы тиiс; және
      (2) өнiмдердi және/немесе көрсетiлетiн қызметтi сатып алу мұндай рәсімдердiң қолданылмайтындығы және орынсыздығы жағдайларын қоспағанда, бәсекелестi тендер рәсiмдерiне сәйкес жүргiзiлуi тиiс деп мәлiмдедi.
      2. Заем жөнiнде жапондық делегацияның өкiлi Ноталар Алмасудың 2 тармағының (1) тармақшасында аталған займ туралы келiсiм бойынша берiлген Заемның сомасынан асатын Жоба бойынша кез-келген қаржылық талаптарды Жобаның ойдағыдай орындалуын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi тиiстi сипатта қанағаттандыратынын мәлiмдедi.
      3. Ноталар Алмасудың 3 тармағының (1) тармақшасы жөнiнде екі Делегация келiсiлген елдiң консультанттары тараптардың келiсілген елдерiнiң азаматтарынан немесе аталған елдердiң азаматтары бақылайтын заңды тұлғаларынан тұратыны туралы пiкiрдi бөлiстi.
      4. Ноталар Алмасудың 8 тармағы жөнiнде жапондық делегацияның өкілі кез-келген ұсыныстар, сыйлықтар мен төлемдер, қарау немесе пайда көру фактілерiне жол бермеу жөнiндегi қажеттi шаралар қолданылатындығын мәлімдеді. Ноталар алмасудың 3 тармағында аталып өткен жасалған шарттарға

қатысты ынталандыру немесе сыйақылық сипаттағы осындай іс-әрекеттер 
Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық фактілері нәтижесінде 
туындауы мүмкін.
     5. Қазақстандық делегацияның өкілі жоғарыдағы 1, 2 және 4 тармақтарда 
аталған жапондық делегацияның мәлімдемесі бойынша оның Делегациясында 
қарсылық жоқ екенін мәлімдеді.
     
     Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасындағы
     Сыртқы істер министрі            Жапонияның
                                      Төтенше және Өкілетті Елшісі 
     
     
Бейресми аударма

                               Жапонияның нотасы

                                                    2000 жылдың 1 сәуiрi
                                                                  Алматы

     Жоғары Мәртебелi,



      Мен Қазақстан Республикасындағы экономикалық тұрақтылықты және даму процесiн қолдау мақсатында Жапония займын беру мәселесi жөнiндегi Жапония Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерi арасында таяуда қол жеткiзiлген мынадай келiсiмдi растау құрметiне ие болып отырмын:
      1. Батыс Қазақстанның жол желiсiн қайта құру жобасын (бұл жерде және бұдан әрi "Жоба" деп аталады) орындау үшiн Жапонияның Халықаралық Ынтымақтастық Банкi (бұл жерде және бұдан әрi "Банк" деп аталады) Жапонияның заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiне жалпы сомасы он алты миллиард бес жүз отыз тоғыз миллион жапон иенi (Ү 16 539 000 000) болатын заем (бұл жерде және бұдан әрi "Заем" деп аталады) беретiн болады.
      2. Заем Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Банк арасында жасалған заем туралы келiсiмге сәйкес пайдалануға ашық болады. Заемның кезеңi мен шарттары, сондай-ақ оны пайдалану жөнiндегi рәсiмдер мынадай қағидаттарды ұстанатын аталған заем туралы келiсiмге сәйкес анықталатын болады:
      (а) (i) төлемнiң мерзiмi он (10) жылдық жеңiлдiктi кезең аяқталғаннан кейiн жиырма (20) жылды құрайтын болады;
      (іі) пайыздық төлем бәсi жылына екi бүтiн оннан екiнi (2,2%) құрайтын болады;
      (б) Жоғарыда жазылған (а) тармақшасының шарттарына қарамастан, Заемның бiр бөлiгiмен пайдалану консультанттарының шығыстарын жабуға болатын жағдайда:
      (i) аталған бөлiк бойынша төлемнiң мерзiмi он (10) жылдық жеңiлдiктi кезең аяқталғаннан кейiн отыз (30) жылды құрайтын болады;
      (іі) аталған бөлiк бойынша пайыздық төлем бәсi жылына нөл бүтiн жүзден жетпiс бестi (0,75%) құрайтын болады; және
      (в) Заем туралы аталған келiсiм күшiне енген сәттен бастап, Заем жетi (7) жылдың iшiнде берiлетiн болады.
     Қазақстан Республикасының
     Сыртқы істер министрі



      (2) Жоғарыда, осы тармақтың (1) тармақшасында аталған Заем туралы келiсiм қоршаған ортаны қорғау мәселелерiн қоса алатын Жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн Банк дұрыс деп қарағаннан кейiн жасалатын болады;
      (3) Жоғарыда, осы (в) тармақтың (1) тармақшасында аталған Заем берудiң кезеңi екi Үкiметтiң уәкiлеттi билiк орындарының келiсiмi бойынша ұзартылуы мүмкiн.
      3. (1) Заемның қаражаты қазақстандық атқарушы агенттiктiң жеткiзушілер, елдердiң келiсiлген тiзбесiнiң атынан шығатын келiсiм-шартты ұйымдар және/немесе консультанттар алдындағы, осындай өнiм тiзбемен келiсiлген елдерде өндiрілген және/немесе қызмет тiзбемен келiсілген елдерде көрсетiлген жағдайда Жобаны орындауға қажеттi өнiмдердi және/немесе көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға олардың арасында туындауы мүмкiн келiсiмшарттар бойынша төлемдердi жабу үшiн ашық болады.
      (2) Жоғарыда, (1) тармақшада аталған елдердiң тiзбесi екi елдiң Үкiметтiң уәкiлетті билiк орындары арасында келiсілетiн болады.
      (3) Заемның бiр бөлiгi Жобаны орындауға байланысты талаптарды жабу үшiн Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында пайдаланылуы мүмкін.
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi (3) тармақтың (1) тармақшасында аталған өнiмдер және/немесе көрсетiлетiн қызметтер Банктiң сатып алу жөнiнде жазылған ережелерiне сәйкес және рәсiмнiң қолданылмайтындығы немесе орынсыздығы жағдайларын қоспағанда, одан әрi халықаралық тендер өткiзу рәсiмi арқылы сатылып алынатындығына кепiлдiк бередi.
      5. Заем бойынша сатылып алынған өнiмдердiң теңiздiк тасымалы мен теңiздiк сақтандырылуына қатысты, Қазақстан Республикасының Үкiметi теңiздiк көлiктiк және сақтандырушы компаниялардың арасындағы адал және еркін бәсекеге кедергi келтiруi мүмкiн кез келген шектеулерден тартынады.
      6. (3) тармақтың (1) тармақшасында аталған өнiмдер мен көрсетілетiн қызметтердi жеткiзуге байланысты Қазақстан Республикасында қызметi қажет болатын жапон азаматтарына жұмыстарын орындауы үшiн Қазақстан Республикасына келуi мен онда тұруы үшiн қажеттi жағдайлар жасалатын болады.
      7. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      (а) Банкті Қазақстан Республикасында оған және/немесе Заемға байланысты, сондай-ақ ол бойынша пайыздарға салынатын барлық қазыналық төлемдер мен салықтардан;
      (б) Жеткiзушiлер, келiсiмшартты ұйымдар және/немесе консультанттар болып табылатын Жапондық компанияларды Заем бойынша өнiмдер жеткiзуден және/немесе қызмет көрсетуден түсетiн кiрiске қатысты оларға Қазақстан Республикасында салынатын барлық қазыналық төлемдер мен салықтардан;
      (в) Келiсiмшартты ұйымдар және/немесе консультанттар болып табылатын Жапондық компанияларды Жобаны орындау үшiн талап етiлетін өз материалдары мен құрал-жабдықтарының импорты мен реэкспортына қатысты Қазақстан Республикасындағы барлық төлемдер мен салықтық баждардан; және
      (г) Жобаны жүзеге асыруға тартылған жапондық жұмысшыларды жеткiзушiлер, келiсiмшартты ұйымдар және/немесе консультанттар болып табылатын Жапондық компаниялардың төлемiнен алынған жеке кiрiстерiне қатысты оларға Қазақстан Республикасында салынатын барлық қазыналық төлемдер мен салықтардан босатады.
      8. Қазақстан Республикасының Үкiметi мынадай қажеттi шараларды қолданады:
      (а) Заем тиiстi түрде және тек қана Жобаның орындалуы үшiн пайдаланылатын болады; және
      (б) Заемның қаражатына салынған объектiлер осы Келiсiмде сипатталған мақсаттар үшiн тиiмдi және тиiстi түрде пайдаланылатын және күтiлiп ұсталатын болады.
      9. Қазақстан Республикасының Үкiметi сұрауға сәйкес, Жапонияның Үкiметi мен Банктi Жобаның орындалу барысы туралы ақпаратпен және деректермен қамтамасыз ететiн болады.
      10. Екi Үкiмет аталған келiсiмнен туындайтын немесе оған байланысты кез келген мәселе бойынша өзара консультациялар өткiзетiн болады.

      Мен, сонымен қатар, осы нота және Жоғары Мәртебелi Сiздiң Қазақстан Республикасының Үкiметiне қатысты жоғарыда жазылғандарды растайтын нотаңыз осындай келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жазбаша хабарламасын

Жапонияның Үкiметi алғаннан кейiн күшiне енетiн екi Yкiмет арасындағы 
келiсiмнiң жасалуы деп саналуын ұсыну құрметiне ие болып отырмын.
     Мен мүмкiндiктi пайдалана отырып, Жоғары Мәртебелiге менiң ең қымбат 
құрмет сезiмiмдi бiлдiрген сендiрулерiмдi тағы да жеткiзгiм келедi.

     Қазақстан Республикасындағы 
     Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі 


                    Қазақстан Республикасының нотасы

                                                    2000 жылдың 1 сәуiрi
                                                                  Алматы

     Жоғары Мәртебелi,



      Мен Қазақстан Республикасындағы экономикалық тұрақтылықты және даму процесiн қолдау мақсатында Жапония займын беру мәселесi жөнiндегi Жапония Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерi арасында таяуда қол жеткiзiлген мынадай келiсiмдi растау құрметiне ие болып отырмын:
      1. Батыс Қазақстанның жол желiсiн қайта құру жобасын (бұл жерде және бұдан әрi "Жоба" деп аталады) орындау үшiн Жапонияның Халықаралық Ынтымақтастық Банкi (бұл жерде және бұдан әрi "Банк" деп аталады) Жапонияның заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiне жалпы сомасы он алты миллиард бес жүз отыз тоғыз миллион жапон иенi (Ү 16 539 000 000) болатын заем (бұл жерде және бұдан әрi "Заем" деп аталады) беретiн болады.
      2. Заем Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Банк арасында жасалған заем туралы келiсiмге сәйкес пайдалануға ашық болады. Заемның кезеңi мен шарттары, сондай-ақ оны пайдалану жөнiндегi рәсiмдер мынадай қағидаттарды ұстанатын аталған заем туралы келiсiмге сәйкес анықталатын болады:
      (а) (i) төлемнiң мерзiмi он (10) жылдық жеңiлдiктi кезең аяқталғаннан кейiн жиырма (20) жылды құрайтын болады;
      (іі) пайыздық төлем бәсi жылына екi бүтiн оннан екiнi (2,2%) құрайтын болады;
      (б) Жоғарыда жазылған (а) тармақшасының шарттарына қарамастан, Заемның бiр бөлiгiмен пайдалану консультанттарының шығыстарын жабуға болатын жағдайда:
      (i) аталған бөлiк бойынша төлемнiң мерзiмi он (10) жылдық жеңiлдiктi кезең аяқталғаннан кейiн отыз (30) жылды құрайтын болады;
      (іі) аталған бөлiк бойынша пайыздық төлем бәсi жылына нөл бүтiн жүзден жетпiс бестi (0,75%) құрайтын болады; және
      (в) Заем туралы аталған келiсiм күшiне енген сәттен бастап, Заем жетi (7) жылдың iшiнде берiлетiн болады.
     Қазақстан Республикасындағы
     Жапонияның Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi



      (2) Жоғарыда, осы тармақтың (1) тармақшасында аталған Заем туралы келiсiм қоршаған ортаны қорғау мәселелерiн қоса алатын Жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн Банк дұрыс деп қарағаннан кейiн жасалатын болады;
      (3) Жоғарыда, осы (в) тармақтың (1) тармақшасында аталған Заем берудiң кезеңi екi Үкiметтiң уәкiлеттi билiк орындарының келiсiмi бойынша ұзартылуы мүмкiн.
      3. Заемның қаражаты қазақстандық атқарушы агенттiктiң жеткiзушілер, елдердiң келiсiлген тiзбесiнiң атынан шығатын келiсiм-шартты ұйымдар және/немесе консультанттар алдындағы, осындай өнiм тiзбемен келiсiлген елдерде өндiрілген және/немесе қызмет тiзбемен келiсілген елдерде көрсетiлген жағдайда Жобаны орындауға қажеттi өнiмдердi және/немесе көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға олардың арасында туындауы мүмкiн келiсiмшарттар бойынша төлемдердi жабу үшiн ашық болады.
      (2) Жоғарыда, (1) тармақшада аталған елдердiң тiзбесi екi елдiң Үкiметтiң уәкiлетті билiк орындары арасында келiсілетiн болады.
      (3) Заемның бiр бөлiгi Жобаны орындауға байланысты талаптарды жабу үшiн Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында пайдаланылуы мүмкін.
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi (3) тармақтың (1) тармақшасында аталған өнiмдер және/немесе көрсетiлетiн қызметтер Банктiң сатып алу жөнiнде жазылған ережелерiне сәйкес және рәсiмнiң қолданылмайтындығы немесе орынсыздығы жағдайларын қоспағанда, одан әрi халықаралық тендер өткiзу рәсiмi арқылы сатылып алынатындығына кепiлдiк бередi.
      5. Заем бойынша сатылып алынған өнiмдердiң теңiздiк тасымалы мен теңiздiк сақтандырылуына қатысты, Қазақстан Республикасының Үкiметi теңiздiк көлiктiк және сақтандырушы компаниялардың арасындағы адал және еркін бәсекеге кедергi келтiруi мүмкiн кез келген шектеулерден тартынады.
      6. (3) тармақтың (1) тармақшасында аталған өнiмдер мен көрсетілетiн қызметтердi жеткiзуге байланысты Қазақстан Республикасында қызметi қажет болатын жапон азаматтарына жұмыстарын орындауы үшiн Қазақстан Республикасына келуi мен онда тұруы үшiн қажеттi жағдайлар жасалатын болады.
      7. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      (а) Банкті Қазақстан Республикасында оған және/немесе Заемға байланысты, сондай-ақ ол бойынша пайыздарға салынатын барлық қазыналық төлемдер мен салықтардан;
      (б) Жеткiзушiлер, келiсiмшартты ұйымдар және/немесе консультанттар болып табылатын Жапондық компанияларды Заем бойынша өнiмдер жеткiзуден және/немесе қызмет көрсетуден түсетiн кiрiске қатысты оларға Қазақстан Республикасында салынатын барлық қазыналық төлемдер мен салықтардан;
      (в) Келiсiмшартты ұйымдар және/немесе консультанттар болып табылатын Жапондық компанияларды Жобаны орындау үшiн талап етiлетін өз материалдары мен құрал-жабдықтарының импорты мен реэкспортына қатысты Қазақстан Республикасындағы барлық төлемдер мен салықтық баждардан; және
      (г) Жобаны жүзеге асыруға тартылған жапондық жұмысшыларды жеткiзушiлер, келiсiмшартты ұйымдар және/немесе консультанттар болып табылатын Жапондық компаниялардың төлемiнен алынған жеке кiрiстерiне қатысты оларға Қазақстан Республикасында салынатын барлық қазыналық төлемдер мен салықтардан босатады.
      8. Қазақстан Республикасының Үкiметi мынадай қажеттi шараларды қолданады:
      (а) Заем тиiстi түрде және тек қана Жобаның орындалуы үшiн пайдаланылатын болады; және
      (б) Заемның қаражатына салынған объектiлер осы Келiсiмде сипатталған мақсаттар үшiн тиiмдi және тиiстi түрде пайдаланылатын және күтiлiп ұсталатын болады.
      9. Қазақстан Республикасының Үкiметi сұрауға сәйкес, Жапонияның Үкiметi мен Банктi Жобаның орындалу барысы туралы ақпаратпен және деректермен қамтамасыз ететiн болады.
      10. Екi Үкiмет аталған келiсiмнен туындайтын немесе оған байланысты кез келген мәселе бойынша өзара консультациялар өткiзетiн болады.

      Мен, сонымен қатар, осы нота және Жоғары Мәртебелi Сiздiң Қазақстан Республикасының Үкiметiне қатысты жоғарыда жазылғандарды растайтын нотаңыз осындай келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жазбаша хабарламасын Жапонияның Үкiметi алғаннан кейiн күшiне енетiн екi Yкiмет арасындағы келiсiмнiң жасалуы деп саналуын ұсыну құрметiне ие болып отырмын.
      Мен мүмкiндiктi пайдалана отырып, Жоғары Мәртебелiге менiң ең қымбат құрмет сезiмімдi бiлдiрген сендiрулерiмдi тағы да жеткiзгiм келедi".
      Мен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жоғарыда баяндалғандармен келiсетiнiн және, Жоғары Мәртебелiнiң нотасы мен осы жауап нота осындай келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындалуы туралы Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң жазбаша хабарламасын Жапонияның Үкіметі алғаннан кейiн күшiне

енетiн екi Yкімет арасындағы келiсiмнiң жасалуы деп саналатынына келiсiмiн 
бiлдiретiнiн растағым келедi.
     Мен мүмкiндiктi пайдалана отырып, Жоғары Мәртебелiге менiң ең қымбат 
құрмет сезiмiмдi бiлдiрген сендiрулерiмдi тағы да жеткізгiм келедi.

     
     Қазақстан Республикасының 
     Сыртқы істер министрі 
     
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады