Алматыда 1994 жылғы 25 қарашада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар Қорының арасындағы ынтымақтастық туралы негізгі келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЮНИСЕФ
арасындағы негізгі
келісім Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақтан Республикасының Үкiметi мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Балалар Қорының арасындағы Ынтымақтастық туралы негізгі
келiсiм
(2001 жылғы 25 сәуірде күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)
Кірiспе
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорын (ЮНИСЕФ) Бiрiккен Ұлттар Ұйымы органдарының бiрi ретiнде 1946 жылғы 11 желтоқсандағы 57 (1) қарарға сәйкес Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы құрды және осы сондай-ақ кейiнгi қарарларға сәйкес оған ЮНИСЕФ ынтымақтастық жасайтын елдерде балаларға қаржылық көмектi, материалдарды, олардың кәсiби даярлықтарын және консультативтiк қызмет көрсетудi қамтамасыз ету арқылы балалардың төтенше, ұзақ мерзiмдi сондай-ақ тұрақты қажеттiлiктерiн қанағаттандыру және балалардың тiрi қалуын, дамуын және оларды қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар мен бағдарламаларды қажет болатын жерлерде нығайту мақсатымен дамушы елдерде ана мен баланың денсаулығын сақтау, тамақтандыру, сумен қамтамасыз ету, бастауыш бiлiм мен әйелдер үшiн қосымша қызметтер көрсету саласында қызметтер көрсету жауапкершiлiгi жүктелуiне байланысты, және
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен ЮНИСЕФ ережелер мен шарттарды айқындағысы келедi, оларға сәйкес ЮНИСЕФ Бiрiккен Ұлттар Ұйымының жедел тұрғыдағы қызметiнiң және өзiнiң мандатының шеңберiнде Қазақстан Республикасындағы бағдарламаларға қатысты ынтымақтастықты жүзеге асыруына байланысты,
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы 1992 жылғы 5 қазанда Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Өкiлдiгiн (ЮНИО) құру туралы келiсiмдi жасасуына және оның 18-бабының 1 параграфы басқаларымен қатар ЮНИСЕФ пен Бiрiккен Ұлттар Ұйымының басқа да органдары мен бағдарламалары өздерiнiң тиiстi жобаларын жүзеге асыруда Үкiметке жәрдем көрсетудiң шарттарына қатысты Үкiметпен қосымша келiсiмдер жасасу мүмкiндiгiн көздейтiндігіне байланысты,
Жоғарыда баяндалғандардың негiзiнде достастық рухында ынтымақтасып жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының Yкiметi мен ЮНИСЕФ осы Келiсiмдi жасасты.
I-БАП
Анықтамалар
Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн мынадай анықтамалар пайдаланылады:
а) "Тиiстi өкiметтер" осы елдің заңдарына сәйкес жұмыс iстейтiн орталық, жергiлiктi және басқа да құзыреттi өкiмет орындарын бiлдiредi;
b) "Конвенция" Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1946 жылғы 13 ақпанда қабылдаған Бiрiккен Ұлттардың артықшылықтары мен иммунитеттерi туралы конвенцияны бiлдiредi;
с) "Өкiлдiк туралы келiсiм" Қазақстан Республикасында Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Өкiлдігін (ЮНИО) құру туралы 1992 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы арасында жасалған келiсiмдi білдiредi;
d) "Миссияларды атқарушы сарапшылар" конвенцияның VI және VII баптары ережелерiнiң күшi қолданылатын сарапшыларды бiлдiредi;
е) "Yкiмет" Қазақстан Республикасының Yкiметiн бiлдiредi;
f) "Құттықтау хаттар бөлiмi" жұртшылықты ақпаратпен қамтамасыз ету, негiзiнен құттықтау хаттарын және басқа да тауарларды шығару және сату арқылы ЮНИСЕФ үшiн қолдау мен қосымша қаражатты жұмылдыру мақсатында ЮНИСЕФ шеңберiнде құрылған ұйымдық бөлiмшенi бiлдiредi;
g) "Бөлiмше басшысы" ЮНИСЕФ бөлiмін басқаратын лауазымды тұлғаны бiлдiредi;
h) "Ел" Қазақстан Республикасын бiлдiредi;
i) "Тараптар" Қазақстан Республикасының Yкiметi мен ЮНИСЕФ-тi бiлдiредi;
j) "ЮНИСЕФ-ке қызмет көрсететiн тұлғалар" ынтымақтастық бағдарламаларын жүзеге асыруда қызмет көрсету үшiн ЮНИСЕФ жалға алатын лауазымды тұлғаларды қоспағанда, жеке мердiгерлердi бiлдiредi;
k) "Ынтымақтастық бағдарламалары" төмендегi III бапта көзделгенi сияқты ЮНИСЕФ жүзеге асыруға атсалысатын осы елдегi бағдарламаларды бiлдiредi;
l) "ЮНИСЕФ" Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорын бiлдiредi;
m) "ЮНИСЕФ бөлiмшесi" бағдарламалар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыруға ЮНИСЕФ тартатын кез келген ұйымдық бөлімшені білдіреді; бұл анықтама осы елде құрылған жергілікті жердегі бөлімшені де білдіруі мүмкін;
n) "ЮНИСЕФ-тің лауазымды тұлғасы" Бас Ассамблеяның 1946 жылғы 7 желтоқсандағы 76 (1) қарарында көзделгені сияқты жергілікті жерде жалға алынған және жұмыс істеген сағаттарының есебімен сыйақы алатын тұлғаларды қоспағанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметкерлері туралы ережелер мен қағидаларға сәйкес жалға алынған ЮНИСЕФ-тің барлық қызметкерлерін білдіреді.
II-БАП
Келісімді қолдану саласы
1. Осы Келісім негізгі ережелер мен шарттарды айқындайды, оларға сәйкес ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасындағы бағдарламалар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасында бағдарламаларды іске асырудағы ЮНИСЕФ-тің ынтымақтастығы ЮНИСЕФ басқармасын қоса алғанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының құзыретті органдарының тиісті қарарларына, шешімдеріне, қағидаларына, ережелеріне және саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
III-БАП
Ынтымақтастық бағдарламалары және операциялардың
негізгі жоспары
1. Үкімет пен ЮНИСЕФ арасында уағдаластыққа қол жеткізілген ынтымақтастық бағдарламасы Үкімет, ЮНИСЕФ және жағдайларға байланысты басқа да қатысушы мекемелер бекітуге тиіс операцияның негізгі жоспарында баяндалады.
2. Операцияның негізгі жоспары ынтымақтастық бағдарламасының нақты элементтерін айқындайды, көзделген қызметтің мақсаттарын, Үкіметтің, ЮНИСЕФ-тің және қатысушы мекемелердің міндеттемелерін, сондай-ақ ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру үшін көзделетін қаржылық ресурстардың көлемін белгілейді.
3. Үкімет ЮНИСЕФ-тің лауазымды тұлғаларына, миссияларға қатысушы сарапшыларға және ЮНИСЕФ үшін қызмет көрсететін тұлғаларға бағдарламаларды орындаудың барлық кезеңдерінде және барлық қырлары тұрғысында қадағалау мен бақылау жасауды жүзеге асыруға рұқсат береді.
4. Үкiмет тараптар қажет деп санайтын операцияның негiзгi жоспарын жүзеге асыруға қатысты статистикалық деректердің есебiн жүргiзедi және осы деректердің кез келгенiн ЮНИСЕФ-тің өтiнiшi бойынша бередi.
5. Үкiмет осы Келiсiмге сәйкес жүзеге асырылатын ынтымақтастық бағдарламалары туралы жұртшылықты бiрдей құлақтандыру үшiн тиiстi құралдарды қамтамасыз етуде ЮНИСЕФ-пен бiрлесiп жұмыс iстейдi.
IV-БАП
ЮНИСЕФ бөлiмшесi
1. Егер тараптар қажет деп тапса, ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасында өзiнің бөлiмшесiн ашады және ынтымақтастық бағдарламаларын жүзеге асыруға жәрдем көрсету мақсатында оның қызметiн қамтамасыз ете алады.
2. ЮНИСЕФ, Yкiметтің келiсiмiмен, Қазақстан Республикасында аймақтық бөлiмше ашады және осы аймақтың басқа елдерiндегi бағдарламаларға жедел тұрғыда функционалдық қызмет көрсету мақсатында оның қызметiн қамтамасыз ете алады.
3. ЮНИСЕФ-тің Қазақстан Республикасында өзiнiң бөлiмшесi болмаған жағдайда, ол Үкiметтiң келiсiмiмен, басқа елде құрылған өзiнiң аймақтық бөлiмшесi арқылы Үкiмет пен ЮНИСЕФ арасындағы осы Келiсiмде көзделген ынтымақтастық бағдарламаларына жедел тұрғыда функционалдық қызмет көрсетудi қамтамасыз ете алады.
V-БАП
ЮНИСЕФ бөлімшесiне iссапарға жiберу
1. ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасындағы өзiнiң бөлiмшесiне ЮНИСЕФ-тiң пiкiрi бойынша:
а) ынтымақтастық бағдарламаларын әзiрлеуге, қарауға, бақылауға және бағалауға;
b) ЮНИСЕФ беретiн материалдарды, жабдықтарды және басқа жабдықтау заттарын жеткiзуге, қабылдап алуға, бөлуге немесе пайдалануға;
с) Үкiметке ынтымақтастық бағдарламаларының жүзеге асу барысы туралы ақпарат беруге;
d) осы Келiсiмнiң қолданылуына қатысты кез келген басқа мәселелерге байланысты ынтымақтастық бағдарламаларына жедел тұрғыда функционалдық қызмет көрсету үшiн қажеттi сарапшылардың миссияларын атқаратын лауазымды тұлғаларды және ЮНИСЕФ үшiн қызмет көрсететiн тұлғаларды жiбере алады.
2. ЮНИСЕФ сарапшылардың миссияларын атқаратын ЮНИСЕФ-тiң лауазымды тұлғаларының және ЮНИСЕФ үшiн қызмет көрсететiн тұлғалардың аты-жөндерiн Yкiметке мезгіл-мезгiл хабарлап отырады; ЮНИСЕФ сондай-ақ олардың мәртебесiндегi кез келген өзгерiстер туралы Yкiметтi хабардар етедi.
VI-БАП
Үкіметтің қатысуы
1. Yкiмет қол жеткiзiлген өзара уағдаластыққа сәйкес және мүмкiндiгiне қарай ЮНИСЕФ-ке:
а) ЮНИСЕФ бөлiмшесiнің жеке өзi пайдалануы үшiн немесе Бiрiккен Ұлттар Ұйымы жүйесiндегi ұйымдармен бiрлесiп пайдалануы үшiн тиiстi қызметтiк үй-жайлар;
b) қызмет бабындағы мақсатта пошта және телекоммуникация байланыстарын пайдалану бойынша шығыстарды жабу үшiн қаражат;
с) жабдықтарды пайдалануды, қызметтiк үй-жайларды пайдалану мен күтiп ұстауды қоса алғанда, жергiлiктi орындарда көрсетiлетiн қызметтi сатып алу бойынша шығыстарды жабу үшiн қаражат;
d) Қазақстан Республикасында өздерiнің ресми функцияларын орындауы кезiнде сарапшылардың миссияларын атқаратын ЮНИСЕФ-тiң лауазымды тұлғаларына және ЮНИСЕФ үшiн қызмет көрсететiн тұлғаларға көлiк құралдарын бередi.
2. Yкiмет сондай-ақ ЮНИСЕФ-ке:
а) халықаралық негiзде iрiктелiп, сарапшылардың миссияларын атқаратын ЮНИСЕФ-тiң лауазымды тұлғаларына және ЮНИСЕФ үшiн қызмет көрсететiн тұлғаларға қолайлы тұрғын жайларды iздестiруде және/немесе қамтамасыз етуде;
b) сумен және энергиямен жабдықтауды, кәрiз қызметiн, өртке қарсы қауіпсiздiктi және басқа да көрсетiлетiн қызметтердi қамтамасыз ету жөнiндегі қызметтердi қоса алғанда, коммуналдық жабдықтарды жеткiзуге және орнатуға, сондай-ақ ЮНИСЕФ-тiң қызметтiк үй-жайларына коммуналдық қызмет жасауды қамтамасыз етуге жәрдем көрсетедi.
3. ЮНИСЕФ-тің Қазақстан Республикасында бөлiмшесi болмаған жағдайда, Yкiмет Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын ынтымақтастық бағдарламаларына жедел тұрғыда функционалдық қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн ЮНИСЕФ-тiң басқа жерде орналасқан аймақтық бөлiмшесiн күтiп ұстауға байланысты ЮНИСЕФ-тiң шығыстарын, егер мұндай жағдай орын алған болса, заттай жарналарды да ескере отырып, өзара келiсiлген сома көлемiнде аталған шығыстарды жабуға қатысуға мiндеттенеді.
VII-БАП
ЮНИСЕФ-тің материалдары, жабдықтары
және басқа да көмегінің түрлерi
1. ЮНИСЕФ-тiң ынтымақтастық бағдарламаларына қатысуы қаржылай және басқа да көмек түрлерiн көрсету нысанында жүзеге асырылуы мүмкiн. Осы Келiсiмге сәйкес ынтымақтастық бағдарламаларын жүзеге асыруға арналған материалдар, құрал-жабдықтар және басқа да көмек түрлерi, егер операцияның негiзгi жоспарында өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасына жеткізілісімен Yкiметке беріледi.
2. ЮНИСЕФ ынтымақтастық бағдарламалары үшiн жеткiзiлетiн материалдардың, жабдықтардың және басқа да жабдықтау заттарының орамаларында олардың ЮНИСЕФ-ке берiлетiндiгiн куәландыру үшiн қажет деп санаған таңбалауды пайдалана алады.
3. Осы Келiсiмге сәйкес Yкiмет ЮНИСЕФ-ке материалдарды, жабдықтарды және басқа да жабдықтау заттарын әкелуге арналған барлық қажеттi рұқсаттар мен лицензияларды бередi. Үкiмет мұндай материалдардың, жабдықтардың және басқа да жабдықтау заттарының оларды елге жеткiзгеннен кейiнгi кедендiк тазартылуына, қабылданып алынуына, түсiрiлуiне, сақталуына, сақтандырылуына, тасымалдануына және бөлiнуiне жауапты болады, сондай-ақ осыған байланысты шығыстарды өтейдi.
4. Халықаралық сауда-саттық принциптерiн тиiстi түрде сақтай отырып, ЮНИСЕФ, мүмкiндiгiнше, сапасының, бағасының және жеткiзiлiмiнiң шарттары бойынша ЮНИСЕФ-тің талаптарына жауап беретiн материалдарды, жабдықтарды және басқа да жабдықтау заттарын жергіліктi жерде сатып алуға бiрiншi кезектi маңыз беретiн болады.
5. Үкiмет ынтымақтастық бағдарламаларын жүзеге асыруға арналған материалдардың, жабдықтардың және басқа да жабдықтау заттарының, сондай-ақ қаржылық және басқа да көмектiң операцияның негiзгi жоспарында баяндалған мақсаттарға сәйкес, жыныстық, нәсiлдiк, нанымдық, азаматтық немесе саяси сенiмiнiң белгiлерi бойынша қандай да бiр болсын кемсiтушiлiксiз қажеттi және тиiмдi түрде пайдаланылуы үшiн қажырлы күш-жiгер жұмсайды және қажеттi шаралар қолданады. Егер операцияның негiзгi жоспарында ақының мөлшерi арнайы көзделмеген болса, материалдарды, жабдықтарды және басқа да жабдықтау заттарын қабылдап алушылардан ешқандай ақы өндiрiлiп алынбайды.
6. Операцияның негiзгi жоспарына сәйкес ынтымақтастық бағдарламалары үшiн арналған материалдарға, жабдықтарға және басқа да жабдықтау заттарына ешқандай тiкелей салықтар, қосылған құн салығы, төлемдер, алымдар немесе баж салықтары салынбайды. Ынтымақтастық бағдарламаларын жүзеге асыру үшiн жергiлiктi жерде сатылып алынатын материалдар мен жабдықтарға қатысты Үкiмет Конвенцияның VIII-бөлiмiне сәйкес бағаға енгiзiлген және төленуге жататын кез келген акциз алымдарын немесе салықтарын төлеуден немесе өтеуден босату үшiн тиiстi әкiмшiлiк шаралар қолданады.
7. Yкiмет ЮНИСЕФ-ке оның өтiнiшi бойынша ынтымақтастық бағдарламаларын жүзеге асыру барысында пайдаланылмаған кез келген материалдарды, жабдықтарды және басқа да жабдықтау заттарын қайтарып бередi.
8. Осы Келiсiмге сәйкес Үкiмет қаражатқа, материалдарға, жабдықтарға және басқа да көмекке қатысты қажеттi есептi, тiркеудi және құжаттаманы жүргiзедi. Қажеттi есеп беру құжаттарының, жазбаларының және құжаттамаларының нысаны мен мазмұны тараптардың келiсiмi бойынша анықталады. ЮНИСЕФ-тiң уәкiлеттi лауазымды тұлғалары материалдарды, жабдықтарды және басқа да жабдықтау заттарын бөлуге және қаржылық қаражаттарды жұмсауға қатысты барлық тиiстi есеп беру құжаттарымен, жазбаларымен және құжаттамаларымен таныса алады.
9. Үкiмет барынша қысқа бiрақ қалай болғанда да ЮНИСЕФ-тiң кезектi қаржы жылы аяқталғаннан кейiн алпыс (60) күннен аспайтын мерзiмде ынтымақтастық бағдарламаларының жүзеге асу барысы туралы баяндамаларды және ұлттық ережелер мен рәсiмдерге сәйкес тексерiлiп расталған қаржы ведомостарын ЮНИСЕФ-ке тапсырады.
VIII-БАП
Интеллектуалдық меншік құқығы
1. Тараптар ынтымақтастықты жүзеге асыруға және Yкiмет пен ЮНИСЕФ-тің қолданылатын құқыққа сәйкес оларды неғұрлым ұтымды әрi тиiмдi қолдануды қамтамасыз ету мақсатында осы Келiсiмге сәйкес жүзеге асырылатын бағдарламалық қызметтiң нәтижесi болып табылатын кез келген жаңалықтар, өнер табыстары немесе жұмыстар туралы ақпарат алмасып тұруға келiседi.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес, бағдарламаларды ЮНИСЕФ-пен ынтымақтасып жүзеге асыру нәтижесiнде туындайтын кез келген жаңалықтарға, өнер табыстарына немесе жұмыстарға авторлық және интеллектуалдық меншiктің басқа да сол сияқты құқықтарын ЮНИСЕФ бағдарламаларды жүзеге асыруға қолдану мақсатында қандай да болсын лицензиялық төлемдерсiз ЮНИСЕФ-пен бiрлесiп қызмет iстейтiн басқа да үкiметтерге бере алады.
IХ-БАП
Конвенцияның қолданысы
Конвенцияның ережелерi ЮНИСЕФ-ке, оның бөлiмшелерiне, мүлкiне, қаражаттарына және активтерiне, сондай-ақ оның лауазымды тұлғаларына және елде миссиялар атқаратын сарапшыларына mutatis mutandis қолданылады.
Х-БАП
ЮНИСЕФ бөлiмшесiнiң құқықтық мәртебесi
1. Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Хатшысының өзi кейбiр жекелеген жағдайда иммунитеттен айқын бас тартатын жағдайлардан басқа реттерде, қайда болса да және кiмнiң иелiгiнде болса да, ЮНИСЕФ-тiң, оның мүлкiнiң, қаражаттарының және активтерiнiң соттық араласудың кез келген нысанынан иммунитетi болады. Алайда, иммунитеттен қандай да болсын бас тарту сот-атқару шараларына қолданылмайды деп күтiледi.
2. а) ЮНИСЕФ бөлiмшесiнiң үй-жайларына қол сұғылмайды. ЮНИСЕФ-тiң мүлкi және активтерi, олар қайда болса да және кiмнiң иелiгiнде болса да, тiнтуге, меншiктен айыруға, тәркiлеуге, экспроприациялауға жатпайды және атқарушы, әкiмшiлiк, соттық немесе заңдық iс-әрекеттер арқылы араласудың қандай да болсын басқа нысандары қолданылмайды.
b) Тиiстi өкiмет орындары, бөлiмше басшысының анық келiсiмi және онымен келiсiлген жағдайлардан басқа реттерде қандай да бiр ресми функцияларды орындау мақсатында қызмет үй-жайларына ене алмайды.
3. Тиiстi өкiмет орындары ЮНИСЕФ бөлiмшесiнiң қауiпсiздiгi мен күзетiн қамтамасыз ету үшiн және ЮНИСЕФ бөлiмшесiне тікелей жақын маңдағы тәртiпсiздiктердің салдарынан сырттан адамдардың немесе адамдар тобының рұқсатсыз енiп кетуi нәтижесiнде жұмыстың тыныш ырғағының бұзылмауын қамтамасыз ету үшiн адал ниетпен тиiстi шаралар қолданады.
4. ЮНИСЕФ-тiң мұрағатына және жалпы ЮНИСЕФ-ке тиесiлi құжаттарға, олар қайда болса да және кiмнің иелiгiнде болса да, қол сұғылмайды.
ХI-БАП
ЮНИСЕФ-тің қаражаттары, активтерi және басқа да мүлкi
1. Қаржылық бақылаумен, қандай да болсын түрдегi ережелермен немесе мараториймен шектелмеген ЮНИСЕФ,
а) қорларды, алтын немесе кез келген түрдегi бағалы қағаздарды иеленедi және пайдалана алады, сондай-ақ есепшоты болады және кез келген валютамен операциялар жасай алады әрi ЮНИСЕФ-тiң иелiгiндегi кез келген валютаны кез келген басқа валютаға айналдыра алады;
b) ЮНИСЕФ бiр елден екiншi елге немесе кез келген елдiң шегiнде Бiрiккен Ұлттар Ұйымы жүйесiндегi басқа ұйымдарға немесе мекемелерге өз қорларын, алтынын немесе валютасын аудара алады;
с) ЮНИСЕФ өзiнiң қаржылық қызметiнде неғұрлым қолайлы, заңды негiздерде қолданылатын алмастыру бағамын пайдаланады.
2. ЮНИСЕФ, оның активтерi, кiрiстерi және басқа да меншiгi:
а) барлық тiкелей салықтардан, қосылған құн салығынан, төлемдерден, алымдардан немесе баж салығынан босатылады; алайда нақтылы анықтауға, көрсетуге және егжей-тегжейлi қарауға болатын қызмет көрсету көлемiн негiзге ала отырып, ұлттық ережелерге сәйкес белгiленген бағалар бойынша Yкiмет немесе қандай да бiр корпорация көрсететiн коммуналдық қызметтердiң шынайы төлемiн осындай салықтар салудан босатуды ЮНИСЕФ талап етпейтiн болады деп күтiледi;
b) ЮНИСЕФ-тiң қызмет бабында пайдаланатын заттарын әкелу және әкету кезiнде олар кедендiк алымдардан, импорттық және экспорттық тыйым салулардан және шектеулерден босатылады. Алайда, жалпы ережелерден ерекшеленетiн сипатта әкелiнетiн заттар, Yкiметпен келiсiлген жағдайлардан өзге реттерде өздерi импортталған Қазақстан Республикасында сатылмайтын болады деп күтiледi;
с) өз басылымдарын әкелуi және әкетуi кезiнде кедендiк алымдардан, импорттық және экспорттық тыйым салулардан және шектеулерден босатылады.
ХII-БАП
ЮНИСЕФ-тің құттықтау хаттары және басқа да
тауарлары
ЮНИСЕФ-тiң немесе ЮНИСЕФ-тiң құттықтау хаттары бөлiмiнiң
алдына қойған мақсаттары мен мiндеттерiн жүзеге асыруда оның атынан әрекет ететiн тиiстi сипатта ЮНИСЕФ уәкiлеттiлiк берген ұлттық органдардың әкелетiн немесе сыртқа шығаратын кез келген материалдары барлық кедендiк алымдардан, тыйым салулар мен шектеулерден босатылады, бұл орайда осы материалдарды ЮНИСЕФ үшiн сатуға ешқандай да ұлттық немесе жергiлiктi салықтар салынбайды.
ХIII-БАП
ЮНИСЕФ-тiң лауазымды тұлғалары
1. ЮНИСЕФ-тің лауазымды тұлғалары:
а) лауазымды тұлғалар ретiнде өздерiнiң айтқандары немесе жазғандары үшiн және өздерi жасаған барлық iс-әрекеттерi үшiн сот жауапкершiлiгiне тартылмайды. Бұл иммунитет олардың ЮНИСЕФ-тегi қызмет мерзiмi бiткеннен кейiн де күшiнде қалады;
b) оларға ЮНИСЕФ төлеген жалақылар, сыйақылар және жәрдемақылар салық салудан босатылады;
с) мемлекеттiк қызмет бабындағы мiндеттiлiктен босатылады;
d) әйелдерiмен және өздерiнiң асырауындағы туған-туысқандарымен бiрге иммиграция жөніндегi шектеулерден және шетелдiктер ретiнде тiркеулерден босатылады;
е) валюта айырбастауға қатысты Үкiмет жанында тiркелген дипломатиялық миссиялардың құрамына кiретiн тиiстi дәрежедегi лауазымды тұлғаларға берiлетiн артықшылықтарды пайдаланады;
f) олардың өздерiне, олардың әйелдерiне және олардың асырауындағы туған-туысқандарына қатысты репатриация жөнiнде халықаралық дағдарыстар кезiнде дипломатиялық өкiлдер пайдаланатын тап сондай қорғалу мен жеңiлдiктердi пайдаланады;
g) болатын елiнде қызметiне алғашқы орналасқан кезiнде өзiнiң жиhазын, жеке мүлiктерiн және тұрмыстық мақсаттағы барлық заттарын баж салығынсыз әкелуiне құқығы бар.
2. ЮНИСЕФ пен Үкiмет арасындағы уағдаластықтар бойынша ЮНИСЕФ бөлiмшесiнiң басшысы және басқа да аға лауазымды тұлғалары тиiстi дәрежедегi дипломатиялық миссиялардың қызметкерлерiне Үкiмет беретiн тап сондай артықшылықтарды және иммунитеттердi пайдаланады. Осы мақсатпен ЮНИСЕФ бөлiмшесi басшысының аты-жөні дипломатиялық өкiлдердің тiзiмiне енгiзiледi.
3. Сондай-ақ ЮНИСЕФ-тiң лауазымды тұлғалары да тиiстi дәрежедегi дипломатиялық өкiлдiктер қызметкерлерiне қатысты қолданылатын мынадай жеңiлдiктердi пайдаланады:
а) қолданыстағы ұлттық ережелерге сәйкес жеке пайдалануға арналған белгiлi бiр заттарды шектеулi мөлшерде әкелген жағдайда кедендiк баж салығынан және акциздiк алымдардан босатылады;
b) тиiстi дәрежедегi дипломатиялық миссия қызметкерлерiне қатысты қолданылатын қолданыстағы ұлттық ережелерге сәйкес қосылған құнға арналған салықты қоса алғанда, акциздiк алымдарды төлемей, бiр автокөлiктiк құралды баж салығынсыз әкелуге құқығы бар.
ХIV-БАП
Миссияларды атқарушы сарапшылар
1. Миссияларды атқарушы сарапшылар Конвенцияның VI бабының 22 және 23-бөлiмдерiнде санамаланған артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланады.
2. Миссияларды атқарушы сарапшылар тараптар арасындағы уағдаластықтар бойынша берiлуi мүмкiн қосымша артықшылықтарды, иммунитеттердi және жеңiлдiктердi пайдаланады.
ХV-БАП
ЮНИСЕФ үшiн қызмет көрсететiн тұлғалар
1. ЮНИСЕФ үшiн қызмет көрсететiн тұлғалар:
а) лауазымды адамдар ретiнде өздерiнiң айтқандары немесе жазғандары үшiн және өздерi жасаған барлық iс-әрекеттерi үшiн сот жауапкершiлiгiне тартылмайды. Бұл иммунитет олардың ЮНИСЕФ-тегi қызмет мерзiмi бiткеннен кейiн де күшiнде қалады;
b) олардың өздерiне, олардың әйелдерiне және олардың асырауындағы туған-туысқандарына қатысты репатриация жөнiнде халықаралық дағдарыстар кезiнде дипломатиялық өкiлдер пайдаланатын тап сондай қорғалу мен жеңiлдiктердi пайдаланады.
2. Өздерiнiң функцияларын тәуелсiз және тиiмдi орындауды қамтамасыз етуi үшiн ЮНИСЕФ үшiн қызмет көрсететiн тұлғаларға Тараптар арасындағы уағдаластықтар бойынша жоғарыдағы ХIII бапта көрсетiлгенiндей басқа да артықшылықтар, иммунитеттер және жеңiлдiктер берiлуi мүмкiн.
ХVI-БАП
Рұқсатты қамтамасыз етуге байланысты мүмкiндіктер
1. ЮНИСЕФ-тің лауазымды тұлғаларының, миссияларды атқарушы сарапшылардың, ЮНИСЕФ үшiн қызмет көрсететін тұлғалардың:
а) қажеттi визаларды, куәлiктердi немесе рұқсаттарды кiдiрiссiз ресiмдеуге және тегiн алуына;
b) Қазақстан Республикасына кедергiсiз келуiне немесе одан кетуiне және ынтымақтастық бағдарламасын iске асыру үшiн қажет деп табылатын деңгейде елдiң шегiндегi барлық ынтымақтастық объектілерiне кiруiне құқығы бар.
ХVII-БАП
Жергiлікті жерде жалданған және жұмыс жасаған
сағаттары есебiмен сыйақы алатын қызметкерлер
Жергiлiктi жерден алынған және жұмыс жасаған сағаттары есебiмен сыйақы алатын адамдар үшiн жалдау шарттары Бiрiккен Ұлттар Ұйымының тиiстi қарарларының ережелерiне, ЮНИСЕФ-тi қоса алғанда, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының құзыреттi органдарының шешiмдерiне, ережелерiне, қағидаларына және саясатына жауап беруi тиiс. Өздерiне ЮНИСЕФ атынан жүктелген функцияларды тәуелсiз орындауы үшiн жергiлiктi жерден алынған қызметкерлерге қажеттi барлық жеңiлдiктер берiледi.
ХVIII-БАП
Байланыс құралдарына қатысты артықшылықтар
1. ЮНИСЕФ өзiнiң ресми байланыс құралдарын орнатуға және пайдалануға, басымдықтарға, пошталық жөнелтiлiмдер мен жеделхаттарға арналған тарифтер мен ставкаларға қатысты, сондай-ақ телепринтерлiк, факстiк, телефондық байланысқа және басқа да байланыс құралдарына, сондай-ақ баспасөз бен радио үшiн ақпарат беру кезiнде баспасөзге арналып белгiленген тарифтерге қатысты Yкiметтiң кез келген дипломатиялық өкiлдiкке беретiн артықшылықтарымен салыстырғанда одан бiр де кем емес қолайлы жағдайларды пайдаланады.
2. ЮНИСЕФ-тiң ресми хат-хабарлары немесе басқа да хабарлары цензураланбайды. Бұл иммунитет фото және электрондық құралдардың көмегiмен берiлген баспасөз материалдарына, хабарларға, сондай-ақ тараптар арасында қол жеткiзiлген уағдаластықтар негiзiнде пайдаланылуы мүмкiн басқа да байланыс түрлерiне қолданылады. ЮНИСЕФ-тiң шифр қолдануға және қол сұғылмайтын сондай-ақ цензураға жатпайтын хат-хабарларды курьерлер немесе дипломатиялық пошта арқылы жiберуге және алуға құқығы бар.
3. ЮНИСЕФ-тің радиожабдықтарды және басқа да байланыс құралдарын Бiрiккен Ұлттар Ұйымында тiркелген диапазондағы жиiлiкте және Қазақстан Республикасы мен одан тысқары жерлердегi ЮНИСЕФ-тiң бөлiмшелерi, оның iшiнде Нью Йорктағы ЮНИСЕФ-тiң штаб-пәтерi арасындағы байланысты қолдау үшiн Yкiмет берген байланыс құралдарын пайдалануға құқығы бар.
4. ЮНИСЕФ-тiң өзiнiң ресми байланыс құралдарын орнату және пайдалану кезiнде Электр байланысы жөнiндегi халықаралық конвенцияның ережелерiне (Найроби, 1982 жыл), сондай-ақ оның қосымшасында баяндалатын ережелерге сәйкес артықшылықтарды пайдалануға құқығы бар.
ХIХ-БАП
Көлiк құралдарына қатысты артықшылықтар
Үкiмет ЮНИСЕФ-ке қажеттi рұқсатты немесе лицензияны бередi және осы Келiсiмге сәйкес бағдарламалық қызметтi жүзеге асыру үшiн қажеттi азаматтық ұшақтар мен басқа да құралдарды ЮНИСЕФ-тiң сатып алуына немесе пайдалануына қатысты негiзсiз шектеулерге жол бермейдi.
ХХ-БАП
Артықшылықтар мен иммунитеттерден босату
Осы Келiсiмге сәйкес қолданылатын артықшылықтар мен иммунитеттер жекелеген адамдардың бас пайдасына емес, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мүдделерiне қызмет iстейдi. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы ХIII, ХIV және ХV баптарда аталған кез келген адамға берiлетiн иммунитеттерден оның ойынша иммунитет сот әдiлдiгiн орнатуға кедергi болатын және одан Бiрiккен Ұлттар Ұйымы мен ЮНИСЕФ-тiң мүдделерi үшiн зиян келтiрмей бас тартуға болатын жағдайларда бас тартуға құқылы әрi мiндеттi.
ХХI-БАП
ЮНИСЕФ-ке қойылатын талаптар
1. Осы Келiсiмге сәйкес бағдарламалар бойынша ЮНИСЕФ ынтымақтастықты Қазақстан Республикасының Yкiметi мен халқының игiлiгi үшiн жүзеге асырады, сондықтан осы Келiсiмге сәйкес операцияларды жүзеге асыруға байланысты барлық жауапкершiлiктi Yкiмет өзiне алады.
2. Осы Келiсiмде көзделген немесе оған тiкелей қатысты қызметке байланысты туындайтын немесе ЮНИСЕФ-ке, ЮНИСЕФ-тiң лауазымды тұлғаларына, миссияларды атқарушы сарапшыларға және ЮНИСЕФ үшiн қызмет көрсететiн адамдарға үшiншi тараптар қоятын барлық талаптар "Өкiлдiк туралы келiсiмнiң" ХIХ бабындағы ережелерiнiң қолданысына жатады.
ХХII-БАП
Дауларды шешу
Осы Келiсiмдi түсiндiруге және оның қолданысына қатысты келiссөздер негiзiнде немесе басқа келiсiлген реттеу рәсiмдерi арқылы реттелмеген Yкiмет пен ЮНИСЕФ арасындағы кез келген дау "Өкiлдiк туралы келiсiмнiң" ХХ бабында баяндалатын ережелерге сәйкес шешiледi.
ХХIII-БАП
Күшiне енуi
1. Осы Келiсiм оны бекiту немесе Үкiметтiң тануы туралы куәландыратын құжатты және ЮНИСЕФ тарапынан оны ресми растау туралы актiнi куәландыратын құжатты тараптар арасында алмасқаннан кейiнгi келесi күнi қол қойылғаннан соң күшiне енедi және осындай бекiтуге дейiн тараптардың келiсiмiмен алдын ала күшiне енедi.
2. Осы Келiсiм "Өкiлдiк туралы келiсiмнiң" құрамдас бөлiгi және оның қосымшасы болып табылады. Осылайша, егер де осы Келiсiмнiң қандай да болсын ережесi және "Өкiлдiк туралы келiсiмнiң" қандай да бiр болсын ережесi бiр мәселеге қатысты болса, бұл ережелердiң екеуi де бiр-бiрiн екi ереже де қолданылатын болып табылатындай сипатта толықтырады және мүмкiндiгiнше бiр-бiрiнiң - қызмет ету салаларын шектемейдi.
ХХIV-БАП
Түзетулер
Осы Келiсiмге өзгерiстер мен түзетулер Келiсiм тараптары арасындағы жазбаша уағдаластықтар негiзiнде ғана енгізiлуi мүмкiн.
ХХV-БАП
Қолданысын тоқтату
Осы Келiсiм кез келген Тарап екiншi Тарапты келiсiмнiң қолданысын тоқтату туралы өзiнiң шешiмiн жазбаша нысанда хабарлағаннан кейiн алты ай өткеннен соң өзiнің қолданысын тоқтатады. Алайда, осы Келiсiм ЮНИСЕФ-тің тиiстi қызметiн тоқтату және Тараптар арасындағы кез келген дауды реттеу үшiн талап етiлетiн қосымша уақыт кезең iшiнде бұрынғысынша қолданылатын болады.
Осыны куәландыру үшiн тиiстi нысанда тағайындалған төмендегi қол қоюшылар, Yкiметтің өкiлеттi өкiлi және ЮНИСЕФ-тiң өкiлi ағылшын және орыс тiлдерiндегi мәтiндерiнiң күшi бiрдей осы Келiсiмге тараптар атынан қол қойды.
Алматы қаласында бiр мың тоғыз жүз тоқсан төртiншi жылы 25 қарашада жасалды.
Қазақстан Біріккен Ұлттар
Республикасының Ұйымының
Үкіметі үшін Балалар қоры үшін
Қазақстан Республикасының
Үкіметі
және
Біріккен Ұлттар Ұйымының
Балалар қоры
2000-2004 жылдарға арналған
ынтымақтастық бағдарламасы
I Бөлім
Ақпан, 2000 жыл
НЕГІЗГІ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖОСПАРЫ
Кіріспе
Бұдан әрi Yкiмет деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен бұдан әрi ЮНИСЕФ деп аталатын Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры
ҚАЗIРГI әлеуметтiк-экономикалық және саяси реформалау кезеңiнде Қазақстанда балалар мен әйелдердiң әл-ауқатын жақсарту саласында серiктес қатынастарын одан әрi дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы өзiнiң өзара келiсiмiн сақтауға ниеттене отырып;
ҚИЫН және жедел өзгерiстер кезеңiндегi әйелдер мен балалардың мұқтаждары мен проблемаларының басым мағынасын сақтауда Yкiметке көмек көрсету бойынша ЮНИСЕФ-тiң насихаттаушылық қызметiнiң дәлелденген тиiмдiлігіне;
жинақталған тәжiрибеге және жақсартылған, анағұрлым тиiмдi, әсiресе денсаулық сақтау және әлеуметтiк жұмылдыру арқылы оларды қолдану саласында технологиялар енгiзу бойынша қолдау көрсетумен қатар материалдарды нысаналы жеткiзудiң оңды ықпалын көрсеткен ЮНИСЕФ пен Yкiмет арасындағы 1995-1999 жылдардағы ынтымақтастық кезеңiнiң жетiстiктерiне; және
кәсiби дайындық жүргiзу, экономикалық тиiмдiлiктi арттыру және балалар мен әйелдердiң мүдделерiндегi бағдарламалық қызметтi нығайту тұрғысында жалпы аймақтық мағынасы бар стратегиялық принциптер ретiнде болатын жобаларды орындауда тәжiрибенi құжаттау сияқты iс-шаралар шеңберiнде орнықты ынтымақтастыққа негiзделе отырып;
ТЕХНИКАЛЫҚ тәжiрибе алмасудың пайдалы арналарын ретке келтiрудi қолдай отырып және Үкiметтiң және балалар мен әйелдердiң жағдайын жақсартумен айналысатын үкiметтiк емес ұйымдардың жинақталған тәжiрибесiнiң белсендiлiгiн арттыра отырып;
ӘЛЕУМЕТТIК секторда iс-шараларды жоспарлау мен өткiзудi жақсарта отырып, Пекин конференциясында қабылданған мiндеттердi орындаумен қатар 20.11.89 қабылдаған Бала құқықтары жөнiндегi конвенцияға, және 18.12.79 қабылдаған Әйелдердi кемсiтудiң барлық нысандарын жою бойынша Бiрiккен Ұлттар Ұйымының конвенциясына қол қою мен бекiтуден туындайтын Үкiметтiң жетiстiктерi мен ұлттық мiндеттерiне негізделе отырып;
2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2004 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгі мерзiмдi қамтитын осы Негiзгi Операциялар Жоспарында әзiрленген өзара мiндеттердiң детальдарын белгiлей отырып, және осымен бұл көзқарастар мен өзара мiндеттер достық ынтымақтастық ахуалда жүзеге асырылатындығын жариялай отырып, оның өзiндiк ерекшелiгiн ескерiп, аймақтық деңгей мен елiмiздiң деңгейiндегi көзқарасты ұштастыратын ынтымақтастықтың жаңа кезеңiне аяқ баса отырып; және
төмендегі туралы уағдаласты:
I-бап
Өзара іс-әрекет жасасудың негіздері
Қазақстан Yкiметi мен ЮНИСЕФ арасындағы 1994 жылғы 25-қарашада қол қойылған негiзгі келiсiм Үкiмет пен ЮНИСЕФ арасындағы iс-әрекет жасасудың негiзiн құрайды. Бұл Негiзгi Операциялар Жоспары Негiзгі келiсiм тұрғысында қаралып жүзеге асырылады.
Бұл Негiзгi Операциялар Жоспары екi бөлiмнен тұрады. Бiрiншi бөлiмi, Негiзгi Операциялар Жоспары, жалпы саяси аспекттер, басым бағыттар, мақсаттар мен мiндеттер, стратегия, елдiң бағдарламасын басқару жөнiндегi тараптардың жауапкершiлiгi, сондай-ақ Үкiмет пен ЮНИСЕФ-тiң мiндеттемелерi баяндалған он бiр баптан тұрады. Екiншi бөлiмi өмiршеңдiк, даму және ана мен баланы қорғау; баланы жан-жақты дамыту; жастардың әл-ауқатын жақсарту жөнiндегi Бағдарламаны бiлдiретiн Бағдарламалық Операциялар Жоспарынан тұрады. Осы Бағдарламалық Операциялар Жоспарында "өмiр сүруге, күтiмге, өсiп-дамуға, денсаулығын қорғауға, тамақтануға, бiлiм алуға тиiстi санитариялық жағдайлар мен сумен қамтамасыз етуге, өмiр сүруге, отбасында тәрбиелеуге, қатынасқа, өз ерекшелiгiн сақтауға, өз пiкiрiн бiлдiруге, ақпаратқа қол жеткiзуге және қорғалуға әр баланың құқығын дәйектi түрде iске асыруда Yкiметке көмек көрсетуге" бағытталған Үкiмет пен ЮНИСЕФ-тiң бiрлескен күшiмен әзiрленген бағдарламалар мен жобалар баяндалады. Сонымен, Yкiмет пен ЮНИСЕФ-тiң Ынтымақтастық бағдарламасы жоғарыда айтылған екi бөлiмнен тұрады. Бұл 2000-2004 жылдарды қамтитын бағдарламаға есептелген Негiзгi Операциялар Жоспары бұрынғы Қазақстан Үкiметi мен ЮНИСЕФ арасында 1996 жылғы 24 ақпанда қол қойылған бағдарламаны алмастырады.
1995-1999 жылдардағы ынтымақтастық бағдарламасын iске асыру кезеңiнде жинақталған тәжiрибе, сондай-ақ қазiргi жағдайды талдау негiзiнде Қазақстан Yкiметi мен ЮНИСЕФ бiрқатар мәселелердi шешуге күш салу қажет деп айтуға болады. Бала құқықтары жөнiндегi конвенцияның ережелерiн iске асыру 2000-2004 жылдардың бағдарламалық циклы кезеңiндегi ынтымақтастық негiзi болуға тиiс.
II-бап
Қазақстандағы балалар мен әйелдердiң жағдайы
Өтпелi кезең Қазақстандағы балалар мен әйелдердiң өмiрлiк жағдайларына әсер ететiн жедел өзгерiстер әкелiп отыр. Кейбiр өзгерiстердi оң құбылыстарға жатқызуға болады, мәселен, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер аясы кеңейдi, ақпаратқа қол жеткiзу жеңiлдедi және экономикалық тиiмдi әдiстер пайдалануға болады. Алайда, денсаулық сақтау мен бiлiм беру секторларын реформалау кезiнде қол жеткен үдерiске қарамастан, Қазақстанда әлi де болса әйелдер мен балаларға көрсетiлетiн әлеуметтiк қызметтер сапасының деңгейiн бiрқалыпты ұстау тәсiлi белгiленбеген. Ресурстардың жетiспеушiлiгi, инфляция мен жұмыссыздық өмiр сүрудiң төмен деңгейiнiң негiзгi себептерi болып табылады. Әлеуметтiк көмектер мен әлеуметтiк қызметтер қаражаттарының үнемi қысқаруы жеке алған отбасының өмiр сүру мүмкiндiгiне көп әсерiн тигiзiп отыр.
Сәбилердiң шетiнеу көрсеткiшi (СШК) көптеген жылдар бойы тұрақты түрде төмендеп келе жатса да, 1989 жылы оның өсуi байқала бастады. 1993 жылы әрбiр тiрi туған 1000 балаға шетiнеген 28 жағдай тiркелiп, өз биiктiгiне жеткеннен кейiн СШК қазiргi сәтте 21.2% көрсетiп тұр. Алайда, тыныс алу жолдарының асқыну инфекциялары себебiмен балалардың шетiнеу жағдайлары әлi де байқалуда. Сәбилердiң шетiнеуiнiң негiзгi себебi перинаталдық ауытқулар мен туу кезiндегi күтім проблемалары болып табылады. Диарейлiк сырқаттар сәбилер арасындағы науқастанушылық пен шетiнеудiң негiзгi себебi болып отыр.
Соған қарамастан, 1995 жылдан бастап сәбилердi вакцинациялау саласында айтарлықтай прогресс байқалды. 1998 жылы вакцинациямен қамту 95 пайыздан асатын деңгейге жетті. Соңғы бiрнеше жылдар аралығында дифтерия эпидемиясын тоқтатуға қол жеткiзiлдi, қызылшамен ауыру және оның себебiмен шетiнеу деңгейi анағұрлым қысқарған, ал полиомелитпен науқастану 1997 жылы жоққа шығарылған.
Алайда, аналардың қайтыс болу көрсеткiшiнде оң өзгерiстер әлi де байқалмайды. 1998 жылы ол 100,000 тiрi туған жағдайға қайтыс болған 77,5-ды құраған, яғни 1989 жылдағы деңгейде қалған. Осы уақытқа дейiн көп те көп әйелдер қан кету, инфекциялар мен улану нәтижесiнде қайтыс болады. Жалпы әйелдердiң, атап айтқанда жас әйелдердiң өсiмпаздық денсаулық мәселелерiн жеткiлiктi білмегендiгiнен түсiк - отбасын жоспарлаудың негiзгi тәсiлi болуда. Акушерлiк күтiм сапасының төмендеуi аналардың қайтыс болу деңгейiне айтарлықтай үлесiн енгiзедi. Өтпелi кезең жылдарында ана мен баланың дұрыс және жеткiлiктi тамақтанбауы күрделi проблема болды. Жас балалардың 10% астамының тамақтануы қатты бұзылған. Қазақстанның Тамақтану институты жуырда өткiзген зерттеуi Қазақстан халқының 70% калорияның теңбе-тең түспеуiмен сырқаттанады, ал диетада белоктың жетiспеуi халықтың 50% байқалады. Железо жетiспеушіліктен қаны аздық ана мен баланың денсаулығына келтiрiлетiн тағы бiр нұқсан болып табылады. Шамамен жүктi әйелдердiң 60%-нiң қаны аз, бұл жүктiлiктiң ойдағыдай аяқталуына әкелiп соқпайды. Есеп бойынша, 15-49 жас аралығындағы әйелдердiң 50% аздауында әртүрлi ауырлықтағы қан аздық байқалады.
Бiлiм беру және денсаулық сақтау секторларына бөлiнетiн бюджеттік қаражаттар жалпы мемлекеттiк деңгейінде болып жатқан бiлiм беру және денсаулық сақтау жүйелерiнiң құрылымын қайта қараудың нәтижесi ретiнде әлi де болса жеткiлiксiз болып отыр. Қазақстан бiлiктi оқытушылар құрамының жетiспеушiлiгi проблемасының алдында тұр. Бастауыш мектепке арналған мектеп оқулықтары мен оқыту құралдарын шығаруға бөлiнетiн қаражаттардың және қағаздың жетiспеушілігі байқалады. Көптеген мектептер ғимараттарының жай-күйi қолайлы деңгейден де төмендеп кеткен. Оқытушылардың бiлiктiлiгiн көтеру курстарын жүйелi түрде өткiзiп отырудың тоқтатылуымен қатар олардың уәждемесiнiң төмендеуi, сондай-ақ мектептi тастап кеткен оқушыларды оқудан шығарудың өсiп келе жатқан деңгейі жағдайды қиындатады. Мектепке дейiн тәрбиелеу мекемелерiнiң саны қысқарып жатыр, ал балаларды үйiнде және қоғамдық бастамаларда күтудiң балама жүйесiн пайдалану тек сирек жағдайларда кездеседi.
Заң шығару шараларын дайындауға және баланың құқықтарын барынша толық iске асырудың ұзақ мерзiмдi саясатын басшылыққа ала отырып, азаматтық қауымдастықтың жаңадан пайда болып жатқан топтары ерекше қорғалу шараларын қажет ететiн балалар мен жасөспiрiмдердiң көбейiп келе жатқанын көрсетедi. Соңғы жылдары, әсiресе 1992 жылы көбейiп кеткен, жастар жасайтын құқық бұзушылықтар санының өсуi байқалады, бұдан кейiн жастар жасайтын қылмыстардың тұрақты түрде төмендеп келе жатқаны байқала бастады. Әдiл соттың қазiргi жүйесi жаңа реалияларға бейiмделмеген. Кәмелетке толмаған заң бұзушылардың iстерiн қарау бойынша дербес сот жүйесi жоқ, ал оларды қамауда ұстау жағдайлары, мәлiметтерге сәйкес, жетiлдiрiлмеген. Жас заң бұзушыларды ақтау емес, түзеу жұмыстарына жазалау басым болып отыр. Денсаулық пен салауатты өмiр салты - жастарға төнетiн қауiптiң негiзгi объектiлерi. Есiрткi пайдалану, iшiмдiк iшу және шылым шегу барлық жерге тарамаған құбылыс болып табылмаса да, көрсеткiштер қалаларда, мәселен, Алматы және Қарағанды қалаларында олардың проблемалылығының өсуiн көрсетедi. Соның салдары жыныс жолымен таратылатын аурулардың және СПИД/ВИЧ-тiң таратылуы болып табылады. Өткiзiліп отырған зерттеулер 1990 жылдан 1996 жылға дейiнгі мерзiмде 100,000 халықтан 1.4-тен 231.2 жағдайға дейiн мерез ауруының өсуiн көрсетедi. Сонымен қатар, Қарағанды облысында есiрткi пайдаланғаны салдарынан СПИД/ВИЧ ауруларының өсуi байқалған.
Өтпелi кезең кезiнде әйелдердi зорлау негiзiнен құжатталмаған факт болып отыр, ПРООН мен Феминисткалар Лигасы (1997 жыл) өткiзетiн дәлелдер мен зерттеулер тұрмыстық деңгейде де, отбасынан тыс та әйелдерге зорлық жасау жағдайларының кең тарауын көрсетедi.
III-бап
Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
Жаңа Бағдарламаның негiзi 2000-2030 жылдарға арналған қызметтiң ұлттық басым бағыттарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Yкiметi мен ЮНИСЕФ арасындағы ынтымақтастық болып табылады. Ол ОАҚР-нiң барлық бес елiне дайындалған жалпы стратегияның контекстiнде жоспарланған. Бағдарлама балалардың денсаулығын қорғауға, оларды дамытуға, қолдауға және жауапкершiлiктi, бiлiм деңгейi мен бастамашылығын көтеру арқылы тiлектестік бiлдiруге мейлiнше белсендi және тиiмдi тарту мақсатымен отбасылары мен қауымдардың мүмкiндiктерiн нығайтуға да бағытталған. Соған қоса ол қазiргi кезде Қазақстанда болып жатқан әлеуметтiк секторды реформалау барысында Бала құқықтары жөнiндегi конвенция мен Әйелдердi кемсiтудiң барлық нысандарын жою жөнiндегi конвенцияның контекстiнде қабылдаған Yкiметтiң мiндеттерiнiң назарға алыну кепiлiн қамтамасыз етуге бағытталған.
Осы Бағдарлама өмiр циклын негiзге алатын көзқарасқа негiзделген, бұл бала бiткен күннен бастап он сегiзге толып ер жетуiмен аяқтап оның кез келген өмiр циклының кезеңiнде балалардың өсiп-өнуi, дамуы, қорғалуы мен өмiр сүруге құқығы соған байланысты болатын сектораралық мәселелердi табиғи дербестендiруге мүмкіндiк бередi. Бiрiншi бағдарлама 0-ден 5-ке дейiнгi, екiншiсi - 7-ден 12-ге дейiнгi балалардың проблемаларын дербестендiретiн, ал соңғысының шеңберiнде 13-тен 18-ге дейiнгi жасөспiрiмдер мен жастардың проблемалары дербестендiрiлетiн болады. Мұндай көзқарас олардың дамуының сын кезеңiнде халықтың әлсiз топтарының балаларын қорғауда сектораралық бағдарламалық стратегияларды белгiлеуге ықпал етедi. Бұл көзқарас қоғамдық қызмет көрсету маңыздылығын ескере отырып, отбасы мен қауымның жауапкершiлiгiне назар аударып, баланың құқықтарын сақтау жөнiндегi нақты жауапкершiлiктi айқындайды. Оның мақсаты - оларға тiлектестiк бiлдiрудiң мүмкiндiгiне және жаңаларын құруға қол жеткiзуге қажеттi дағдыланумен және бiлiм алуда индивидиумға көмектесу. Бағдарлама халықтың осал топтарын тiкелей қолдау мақсатында әзiрленген ("Арал теңiзi: Аймақтық және экологиялық көмек жобасы") АСПЕРА Жобасын қоса отырып, орталықсыздандыру бойынша қайта құру кезiнде жинақталған тәжiрибеге негiзделедi.
Өмiр циклын талдауға негiзделе отырып, төрт негізгi бағдарлама ұсынылады:
1. Ана мен баланың өмiршеңдiгi, дамуы мен қорғалуы жөнiндегi бағдарлама: аналарды және неонаталдық күтiм; жас балалардың өмiршеңдiгi; жас балаларды күту мен дамыту; және саясатты әзiрлеу, өзара қатынастар және төтенше жағдайларға дайындық жөнiндегi төрт дербес жобадан тұрады.
2. Баланы жан-жақты дамыту жөнiндегi бағдарлама: оқыту ортасын жақсарту; ерекше қорғау шараларына мұқтаж балаларға және саясатты әзiрлеу, өзара қатынастар және төтенше жағдайларға дайындық жөнiндегi үш жобадан тұрады.
3. Жастардың әл-ауқатын жақсарту жөнiндегi бағдарлама: жасөспiрiмдердiң тұрмыс салты; ювенальдық әдiл сотты және балаларды қорғауды реформалау; және саясатты әзiрлеу, өзара қатынастар және төтенше жағдайларға дайындық жөнiндегi үш жобадан тұрады.
4. Сектораралық мәселелердi шешуге шыққан шығыстар.
Жалпы мақсаттар
Осы Бағдарламаның жалпы мақсаттары мыналарда:
- 5-ке толмаған балалардың кейiн оқуы мен ер жетуi жылдарына дайындықтағы өзiнiң ең жоғары потенциялына жету үшiн халықтың осал топтары балаларының өмiр сүру, өсу және даму құқықтары кепiлiн қамтамасыз ету;
- әлеуметтiк саладағы сапалы қызмет көрсетуге қол жеткiзудi қоса отырып, қауiпсiз түрде ана болу ортасын құру жолымен аналарды жалпы сауықтыру мен тамақтануын жақсарту және тұрмыстық дағдылар тұрғысында бiлiм деңгейiн көтеру;
- арнайы қажеттiлiгi бар балаларға баса назар аудара отырып, бар назарды балаға аударатын оқу ортасына қол жеткiзу құқығын арттыру;
- ер жетуге және табысты ата-ана болуға қауiпсiз өту туралы негiзделген шешiмдер қабылдауға мүмкiндiк беретiн тиiстi ақпарат пен қызметтерге қол жеткiзуге жастардың құқықтар кепілiн қамтамасыз ету;
- жасөспiрiмдердiң денсаулығын қорғауға, бiлiм алуына және қорғалуына қатысты барлық мәселелер бойынша өз көзқарастары мен пiкiрлерiн бiлдiрудегi жастардың құқығы кепiлiн қамтамасыз ету.
Ана мен баланың өсуі, дамуы мен қорғалуы жөнiндегi бағдарлама бiрiнші өмiр циклы - баланың туар алдындағы кезiнен бастап 5-ке толғанға дейiнгi жасын қамтиды. Көптеген серiктестермен ынтымақтастықта ЮНИСЕФ өз қызметiн өмiр циклының ең төмен сатысында балалардың дене жағынан, психика-әлеуметтік және интеллектуалдық даму қажеттiлiктерiне, сондай-ақ аналардың табиғи мұқтаждарына байланысты проблемаларды шешуге бағыттайтын болады. Бұл бағдарлама аналар мен балалардың қайтыс болуын төмендетуге; сондай-ақ баланың алғашқы дамуындағы железо жетiспеушілiктен қаны аздық және йод жетiспеушілiк салдарының керi ықпалын төмендетуге бағытталған. Бұл бағдарлама қауiпсiз иммунитеттеу қызметтерiне жалпы бәрiнiң қол жеткiзуiн қамтамасыз ету, бала емiзудi қолдау мен қолдап дем беру, сондай-ақ неонаталдық күтiм жөнiндегi мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру курстарын өткiзу арқылы жаңа туған балалар мен әйелдердiң өсуi мен қорғалуына жәрдем болады. ЮНИСЕФ сәбилердiң кең тараған аурулармен сырқаттануын және ұзақтығын төмендетуге бағытталған Сәбилердiң ауруын бiрiктiрiлген түрде жүргiзу (САБЖ) жөнiндегi жобаны кең тарату бойынша қолдау көрсетедi. Мемлекеттiң күтiмiндегi мекемелердегi балалардың санын азайту және балаларды мұндай мекемелерде ұстау жағдайларын жақсарту жөнiндегi күш-жiгермен қатар ата-аналық дағдыларға үйрету және бәрiнiң қолы жетерлiк мектепке дейiнгi мекемелердiң жүйелерiн дамыту жөнiндегi қызметке тарту мақсатында отбасылар мен қауымды жұмылдыру арқылы жаңа туған балаларды күтудi жақсарту мен оларды дамыту бойынша амалдар әзiрленетiн болады. ВОЗ-бен және Дүниежүзілік Банкпен ынтымақтаса отырып, Сәбилердiң ауруын бiрiктірiлген түрде жүргiзу жөнiндегi жоба жөнiндегi қызмет нығайтылатын кезде, ЮНИСЕФ жас балаларды күтудi жақсарту мен дамыту жөнiндегi қызметке ерекше назар аударуы керек. Аналар мен отбасына бағытталған әлеуметтiк сипаттағы ақпаратты таратуға үлкен маңыз берiлетiн болады. ЮНИСЕФ бес жылдық мерзiм iшiнде негiзгi резервтен 1 млн. 444 мың АҚШ долларын, қосымша қордан (донорлар iздеу жөнiндегi қызмет нәтижелi болған жағдайда) шамамен 3 млн. 300 мың АҚШ долларын пайдаланады.
Бұл бағдарлама өз алдына мынадай мiндеттер қояды:
1. Жекелеген аудандарда 1999 жылдың деңгейiнен 10%-ға аналардың қайтыс болуын қысқарту*;
2. Жекелеген аудандарда 1999 жылдың деңгейiнен 10 %-ға сәбилер мен балалардың шетiнеуiн қысқарту;
3. Аналар мен сәбилердiң қайтыс болуын анықтаудың халықаралық стандарттарын бейiмдеу бойынша Yкiметтiң күш-жiгерлерiн қолдау;
4. Микронутриенттiк тамақтанудың бұзылуымен науқастану деңгейiн қысқарту;
5. Емiзу практикасын қолдау мен қолдап дем беру;
6. Қаржыландыру, сатып алу мен жеткiзудi қоса отырып, 2004 жылға дейiн вакциналармен өзiн-өзi қаржыландырушылық жетiстiгiнде Yкiметке көмек көрсету;
7. 2000 жылға дейiн полиомелитті жоюды сертификаттауға қол жеткiзу, сондай-ақ басқаруға келетiн инфекциялармен науқастану деңгейiн төмендету;
8. Жас балалардың науқастанудан қайтыс болуы, сырқаттануының жиiлiгi мен ауырлығы және мүгедектенуi деңгейiн төмендету, және баланың өсуi мен дамуын жақсартуға үлес енгiзу;
9. Жас балалардың өсу мен даму процесiнде туындайтын қажеттілiктерге ықпал ету мәселелерi бойынша отбасы мен қоғамның потенциалын және бiлiм деңгейiн көтеру;
10. Балаларды арнайы мемлекеттік мекемелерге орналастыруға жол бермейтiн және ерекше қорғау шараларын қажет ететiн балаларды әлеуметтiк интеграциялауға жәрдем ететiн, оларды қорғау жүйесiн дамытуды қолдап дем беру;
11. Отбасыларына және патронаттық тәрбиешiлерге беру арқылы жекелеген аудандарда мемлекеттiң асырауындағы мекемелердегі балалардың санын азайту;
12. Мемлекеттiң асырауындағы мекемелерде болуға мәжбүр балаларды психологиялық және әлеуметтiк күту сапасын көтеру;
13. Бала құқықтары жөнiндегi конвенцияның принциптерiне сәйкес келтiру мақсатында саясатты талқылау мен тұжырымдауға үлес.
Баланы жан-жақты дамыту жөнiндегi бағдарлама 6-дан 12-ге дейiнгi балалардың өсуi мен даму қажеттiлiктерiне жауап беретiн болады және мектептi тастап жатқан балалардың санының өсуiн азайтуға және бiлiм беру сапасын жақсартуға бағытталатын болады. Бұл бағдарлама шеңберiнде денсаулық пен дұрыс тамақтану, гигиена мен санитария, толеранттылық пен бейбiтшiлiк сүюшілiк саласында тұрмыс дағдыларын оқытуды енгiзу жоспарланады. Сондай-ақ бұл Бағдарлама өтпелi кезеңнiң терiс салдарынан туындаған әлеуметтiк өзгерiстер нәтижесiнде көбiрек зардап шеккен балалардың арнайы қажеттілiктерi мен проблемаларына жауап беретiн болады. Осы мақсаттарды iске асыру үшiн ЮНИСЕФ
Бес жыл мерзiм аралығында негiзгi ресурстардан 1 млн. 171 мың АҚШ долларын және осындай мерзiм iшiнде қосымша қордан (донорларды iздеу жөнiндегi қызмет нәтижелi болған жағдайда) шамамен 1 млн. 950 мың долларын пайдаланады.
_______________________________ * Бұл аудандарды iрiктеуге критерийлер отбасының орташа кiрiсi, жергiлiктi жұмыссыздық деңгейі, жасөспiрiмдердiң қауiп топтарының болуы, сондай-ақ қызметке әлеуеттi серiктестердi (әсiресе НПО-ға) және ынтымақтастық жөніндегi халықаралық агенттердi тарту сияқты факторларды назарға ала отырып, серiктестермен бiрге әзiрленетiн болады.
Бұл бағдарлама өз алдына мынадай мiндеттер қояды:
1. Негізiнен балаға икемделген оқыту ортасын құру;
2. Барлық балалардың құқықтарын қолдайтын және олардың қол жеткiзу құқығын қамтамасыз ететiн бiлiм беру саясатын талқылау мен қалыптастыруға үлес;
3. Сабақ беру және мектептік басқару тәсiлдерiн, Қазақстанда тиiсті әлеуметтік-экономикалық жағдайды дайындау, бейiмдеу мен тарату бойынша қолдау көрсету;
4. Мектепке бару деңгейiн сақтау кепiлiн қамтамасыз ету және орта мектептi тастап кетiп жүрген балаларды оқудан шығару деңгейiн қысқарту;
5. Әлемдiк бiлiм беру стандарттарын мектепте оқыту бағдарламасына интеграциялау;
6. Бiлiм сапасы мен оқытудағы жетiстiктер мониторингiнің ұлттық мүмкiндiктерiн құру мен күшейтуде Yкiметке жәрдемдесу;
7. Жергiлiктi жерлердегi мектептерде бiлiм беру сапасын жақсартуда қоғамдыққа көмек көрсету;
8. Отбасы кiрiсi деңгейiнiң қысқаруынан, жұмыссыздықтан және әлеуметтiк қауіпсiздiк жүйесi дезинтеграциясынан қаттырақ зардап шеккен отбасы мен балаларға әлеуметтiк көмектi шоғырландыру механизмiн әзiрлеуде Үкiметке көмек көрсету;
9. Балаларды арнайы мемлекеттік мекемелерге орналастыруға жол бермейтiн және ерекше қорғау шараларын, қажет ететiн балаларды әлеуметтiк интеграциялауға ықпал ететiн балаларды қорғау жүйесiн дамытуды қолдап дем беру;
10. Мемлекеттiң асырауындағы мекемелерде болуға мәжбүр балаларды психологиялық және әлеуметтiк күту сапасын көтеру.
Жастардың әл-ауқатын жақсарту жөнiндегi бағдарлама жасөспiрiмдердiң денсаулығын қорғау саласында ықпал ету мен дамытуға, жастарды жан-жақты дамытуға және ересек өмiрге дайындық және 13-тен 18-ге дейiнгi жастағы балаларда жауапты азаматтылық сезiмiн тәрбиелеу барысында тұрмыстық дағдылар дамытуға бағытталған. Қазақстанда салауатты өмiр салтын қалыптастыру жөнiндегi ұлттық бағдарлама шеңберiнде ЮНИСЕФ жастарға сапалы медициналық қызмет көрсетудi, жастарды жан-жақты дамытуды және оның тұрмыстық дағдыларын дамытуды қамтитын жасөспiрiмдердiң тұрмыс салтын қалыптастыру жөнiндегi iс-шараларды қолдап дем беретiн болады. ЮНИСЕФ жасөспiрiмдердiң өз дамуының мәселелерiн шешуге қатысу механизмiн құруды қолдайтын болады. Сонымен қатар, бұл бағдарлама салауатты өмiр салты туралы ақпарат таратуға және жасөспiрiмдер топтары мен әлеуметтiк қызмет көрсету саласының мамандары, бұқаралық ақпарат құралдары және НПО арасында байланыс жасауға бағытталады. Мұндай мақсатта ЮНИСЕФ бес жыл мерзiм аралығында негiзгi ресурстардан 985 мың АҚШ долларын және осындай мерзiм ішінде қосымша қордан (донорларды iздеу жөнiндегi қызмет нәтижелi болған жағдайда) шамамен 2 млн. 250 мың долларын пайдаланады.
Бұл бағдарлама өз алдына мынадай мiндеттер қояды:
1. Заңмен жанжалда жүрген және бас бостандығынан айырылған балаларға қатысты заңдарға қажеттi өзгерiстер енгiзудi қолдап дем бере отырып, ювенальдық әдiл соттың формалды жүйесi арқылы өтетiн жастардың санын азайту;
2. Балаларды арнайы мекемелерге орналастыруға жол бермейтiн және ерекше қорғалу шараларын қажет ететiн балаларды әлеуметтiк интеграциялауды қолдайтын балаларды қорғау жүйесiн дамытуды қолдап дем беру;
3. Жастарды жалпы сауықтандыру және жастарға бiлiм беру, олардың қатынас жасауы мен ықылас бiлдiру сапасын арттыру тұрғысында жастарды көтермелеу жөнiндегi Yкiметтiң, YЕҰ-ның, жергiлiктi өкiмет пен азаматтық қауымдастықтың күш-жiгерлерiн қолдау;
4. Жастардың салауатты өмiр салты және СПИД/ВИЧ/жыныс жолдарымен таратылатын аурулардың, сондай-ақ күре тамырдың ішiне есiрткi құралдарын салудың қауiптiлігі мәселелерiнде хабардар болу деңгейiн көтеру;
5. Жастардың әлеуметтік мәдени, спорт және азаматтық қызметке қатысуын қолдау, бұл оның моралдық және интеллектуалдық мүмкiндiктерiн толыққанды дамытуға әкеп соғады және жастарда азаматтық жауаптылық сезiмiн тәрбиелеуге көмектеседi.
Сектораралық мәселелердi шешуге арналған шығындар
Бұл шығындар бабына бағдарламалық қызметті iске асыруға арналған операциялық шығындар және персоналдың ел деңгейiндегi қызмет көрсету құны кiредi. Сонымен қатар, бұл бапқа ел сектораралық мәселелердi шешуге бөлетiн қаражаттар үлесi және Орталық Азия аймағы деңгейiнде персоналдың қызметті iске асыру үшiн қызмет көрсету құны кiредi. Бұл шығындарды жабу үшiн ЮНИСЕФ бес жылдық мерзiм аралығында негiзгi ресурстардан 900 мың АҚШ долларын пайдаланады.
IV-бап
Бағдарламаның елдік стратегиясы
Төмендегi анықтамаға сәйкес баланың құқықтарын анағұрлым толық iске асыру принципiне негiзделген бағдарламалық қызмет ЮНИСЕФ-тiң бағдарламалық қызметiнiң балалар мен әйелдердiң әлеуметтік-экономикалық мұқтаждарын дербестендірумен қатар балалар мен әйелдердің негізгі әлеуметтiк қызметтерге қол жеткiзу құқықтарын құрметтеу, қорғау мен іске асыруға ықпал етуiн талап етедi. Төменде көрсетiлгендей, Қазақстанда балалардың құқықтарын мейлiнше толық іске асыру принципiне негiзделген көзқарас мынадай шаралардың қажеттiлiгi туралы мәселе қояды:
- Негiзгi әлеуметтiк қызметтерге ставка жасайтын көзқарас шеңберiндегi қолда бар ресурстарға қол жеткiзудi қамтамасыз ету;
- Жауапкершiлiктi арттыру және iске асыру, мониторинг, бағалау қызметi мен есеп берушiлiк сапасын арттыру арқылы есеп берушiлiк жүйесiн күшейту;
- Бала құқықтары жөнiндегi конвенция мен Әйелдердi қандай да бiр кемсiту нысандарын жою жөнiндегi конвенцияның мақсаттарына сәйкес келетiн дамудың көрiнiсiн қабылдау. Барлық құқықтар өзара байланысты болғандықтан өмiр циклiне құрылған көпсекторлы, орталықсыздандырылған көзқарас қолдану қажет;
- Құқықтарды iске асыруға тiлектестiк бiлдiру арқылы жүзеге асырылатын болғандықтан тiлектестiк бiлдiру негiзгi стратегия болады.
Стратегияның негiзгi түрлерi
Қызмет көрсету: бұл салада қолдау материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйелерiн жетiлдiру арқылы және сатып алулар жөнiндегi қызметтердің көмегiмен денсаулық қорғау, тамақтану, бiлiм беру, сумен қамтамасыз ету, санитария мен ақпаратты басқару инфрақұрылымдарын күшейту арқылы көрсетiлетiн болады.
Потенциал құру: Жергiлiктi ҮЕҰ-мен қатар ұлттық және жергiлiктi өкiметке дербес техникалық мүмкiндiктердiң, сондай-ақ халықтың мұқтаждары мен сұраныстарын қанағаттандыру үшiн адамдар мен қаржы ресурстарының болуы кепiлдiгiн қамтамасыз ету шарасы ретiнде пайдаланылатын болады.
Мақсатты топтардың ролiн күшейту: өз проблемаларын шешу кезiнде дербестiк қалыптастыру үшiн халықтың өзiн жеткiлікті хабардар етiп отыру, уәждемелеу және жұмылдыру кепiлдiгiн қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ ресурстарға, дағдылар мен қызметтерге сұраныс құру мақсатында өткiзілетiн болады.
Насихаттық қызмет: құндылықтар жүйесiне, балалардың құқықтарын мейлiнше толық түсiну мен iске асыруды қамтамасыз ету үшiн Үкiмет пен түгел азаматтық қауымдастықтың көзқарасы мен бағытына әсер ету мақсатында өткiзiлетiн болады.
Жоғарыда көрсетiлген төрт стратегия түрi, атап айтқанда: мақсатты топтардың ролiн күшейту, потенциал құру, қызмет көрсету және насихаттық қызмет әрбiр жеке баланың да, балалар топтарының да құқықтары кепiлдiгiн қамтамасыз етуге өз үлесiн енгiзуi үшiн жеке-жеке қолданылатын болмайды, олар бiр-бiрiн толықтыратын құрамдас бөлiктер болады.
V-бап
Географиялық қамту және көмек алушылар
Қазақстанда барлығын алғанда бес миллионнан аса бала, ал тиiп тұрған Орталық Азия елдерiнде - тағы да 20 миллион бала тұрады, олардың барлығын ортақ проблемалар бiрiктiредi. Бұл халық тобы бала туатын жастағы 3.9 миллион әйелмен бiрге қызметiнiң негiзгi принциптерiне және Бала құқықтары жөнiндегi конвенция мен Әйелдердi қандай да бiр кемсiту түрлерiн жою жөнiндегi конвенцияның ережелерiне сәйкес ЮНИСЕФ үшiн ерекше қызығушылықтың мән-мағынасы болып табылады. Олардың проблемаларын дербестендiру шұғыл назар аударуды талап етедi. Сонымен, әйелдер мен балалар осы стратегияның негiзгi көмек алушылары болып табылады. Мұндай көзқарас реформалау кезiнде қоғамның ең осал топтарын қорғауға бағытталған. Жалпы алғанда, балалар, атап айтқанда жасөспiрiм қыздар теңдiктi қамтамасыз ету үшiн әйелдермен және аналармен қатар бағдарламаның назар аудару орталығында болады. Олардың проблемалары экономикалық әлеуметтiк, географиялық факторлармен немесе жыныстық кемсiтумен тереңдетiлетiн жағдайларда бұл проблемаларды дербестендiру халықтың осы топтарының құқықтарына және олардың қажеттiлiктерi өзектiлігінiң деңгейiне сәйкес болатын болады. Осы Негiзгi Операциялар Жоспары елдiң деңгейiнде балалар мен әйелдердiң ортақ және жеке проблемаларға көзқарасы шеңберiнде жасалған.
Бұл стратегияның халықаралық сипатына қарамастан, Негiзгi Операциялар Жоспарында қамтылған мәселелер тек Қазақстан аумағында қолдану салаларына қатысты, Тиiсiнше, Үкiмет пен ЮНИСЕФ ұлттық және қосалқы ұлттық қажеттiлiктерге дұрыс жауап беруi үшiн оның қызмет ету аясы мен бағыттылығын әрi қарай дамыту мен белгiлеу бойынша күш-жiгер салуға тиiс. Қажет болған жағдайда бағдарламаның белгiлi бiр элементтерi елдегi кейбiр белгiленген аудандарға орталықтандырылады. Жыл сайынғы Бағдарламалық Iс-әрекеттер Жоспарларын әзiрлеген кезде дербестелетiн проблемалардың сипаты мен көлемi, іс-шаралардың техникалық және шұғыл параметрлерi, нақты салада ұлттық немесе халықаралық көмектiң болуы немесе жоқтығы және бiрiктiрiлген сектораралық және көпқилы қызмет түрiн дамыту қажеттiлiгi сияқты факторлар ескерiлетiн болады.
Арал теңiзiнiң экологиялық дағдарысының тереңдеуiне және оның балалар мен әйелдерге негативті әсер етуi дәлелдемелерiнiң көбеюiне байланысты әлеуметтiк проблемаларға ұзақ мерзiмдi түрде бар назарды аударуды қамтамасыз етуге бағытталған АСПЕРА (Арал теңiзi: экологиялық және аймақтық көмек жобасы) деп аталатын, халықтың осы тобына назар аудара отырып, қосалқы ұлттық жоба әзiрленген. АСПЕРА жобасы Арал теңiзiнiң дағдарысынан негiзiнен зардап шеккен үш ел Қазақстанда Қызылорда облысы, Түркменстанда Дашховуз велаяты және Өзбекстанда Қарақалпақстан Автономды Республикасы аудандарын қамтыған. Жаңа бағдарлама шеңберiнде аналарды және неонаталдық күту; сәбилердi күту мен дамыту; оқыту ортасын жақсарту; сумен қамтамасыз ету, экология және санитария бойынша сондай-ақ Арал теңiзi аймағында арнайы жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жалғастырылады.
1997 жылғы желтоқсандағы БҰҰ Бас Ассамблеясы 52 Сессиясының қарарына сәйкес, ЮНИСЕФ 1949 жылдан 1989 жылға дейiнгi мерзiмде бұрынғы КСРО шамамен 470 ядролық қару сынақтарын жүргiзген Семей аумағының балалары мен әйелдерiн тiкелей қолдайтын болады. Бұл сынақтар экология мен денсаулық қорғау салаларындағы баламасы жоқ мониторингпен және қорғаумен ұқсастырылады. ЮНИСЕФ-тiң қызметi процесс пен қоғамдыққа бағытталған бiрiктiрiлген, икемдi және ұзақ мерзiмдi iс-шараларға бағытталатын болады. ЮНИСЕФ железо жетiспеушiлiктен қаны аздық, сәбилердiң ауруын бiрiктiрiлген түрде жүргiзу (САБЖ), сумен қамтамасыз ету экология және санитария не болмаса гигиена мен санитарлық сауаттылыққа назар аудара отырып, аналарды және неонаталдық күту сияқты өзiндiк ерекше салаларда күш-жiгерiн бiрiктiредi.
Каспий теңiзiнiң жанындағы облыстарда, - әсiресе Маңғыстау облысында - Қазақстандағы сәбилердiң шетiнеуiнiң ең жоғарғы көрсеткiштерi үнемi байқалып отырады (1997 жылы Маңғыстау облысында тiрi туған 1000 балаға 41,4 шетiнеген). Оған қоса Каспий теңiзiндегi жақында болған су деңгейiнiң көтерiлуi бiрқатар негативтi экологиялық салдарға әкеп соқты. Санитарлық жағдайлар толқындардың жоғарылауы үшiн су басып кетуге ұшырайтын облыстарда өте төмен деуге болады. Бұның көптеген себептерi бар, дегенмен ең маңыздысы, теңiз зиян келтiретiн аудандарда орналасқан селоларға елдiң қоныстауы болып табылады. Қосымша қаражаттар тарту мақсатында донорлар iздестiру жөнiндегi нәтижелi қызметтің барлық жағдайларында ЮНИСЕФ осы аймаққа көмек көрсетуге ұмтылатын болады, ал іс-шаралар аналарды және неонаталдық күту санитариялық-гигиеналық сауаттылық, сумен қамтамасыз ету, экологиялық және санитария сияқты қызметтерге бағытталады.
Және қорыта келiп, Жастардың әл-ауқатын жақсарту жөнiндегi Бағдарламаның шеңберiнде жастар жоғары қауiп топтары болып табылатын аймақтардың, мәселен, iрi қалалардың жасөспiрiмдерiне қолдау көрсетедi.
Ескерту. Қазақстанның картасын қағаздағы нұсқадан қараңыз.
VI-бап
Мониторинг, бағалау және қолданбалы зерттеулер
Мониторинг, бағалау және қолданбалы зерттеулер Қазақстанда бағдарламалар мен жобаларды iске асыру кезiнде қолданылатын стратегияның негiзгi және бiр-бiрiмен байланысты элементтерi болып табылады.
Бағдарламалық қызмет нәтижелiлiгiнiң өлшемi
Көрсеткiштердiң детальдiк тiзiмi II бөлiмге (Бағдарламалық Операциялар Жоспары) қосылған, бiрақ, осымен қатар, осы бағдарламаны iске асырудың бiрiншi жылдары iшiнде ЮНИСЕФ пен Yкiметтiң бiрлескен күшiмен жүзеге асырылатын нәтижелілік көрсеткiштерiн одан әрi әзiрлеу жалғастырылады. Бұл көрсеткiштер бағдарламаның ортақ мақсаттарына қатысты қол жеткiзiлген прогрестi бағалау мақсатында пайдаланылатын болады. Бағдарламаның нәтижелiлiгiн бағалау бағдарламалық қызметтiң жалпы нәтижелілігін бағалаудың негiзгi құралы болады, ал ұлттық және аймақтық шолулар ағымдағы жағдайды талдауды дамытуға өз үлесiн енгiзедi.
Мониторинг және бағдарламаларды іске асырудағы жетiстіктердi бағалау
ЮНИСЕФ-тiң де, Үкiметтің де тарапынан көрсетiлгендей, алдыңғы бағдарламаны iске асырудағы тараптардың осал жерлерiнiң бiрi жоспарланған салымдарға қатысты нақты жобалық салымдар мониторингiн жүзеге асыру үшін; бағдарламамен/жобалармен белгiленген мақсаттарға жету прогресiн бағалаумен қатар, Жобалық іс-әрекеттер Жоспарларында жоспарланған қызметтi мейлінше толық iске асыру мониторингi үшiн қажетті жобалық мiндеттердi орындау бойынша анық мағлұматтардың болмауы болып табылады. Оны iске асырудың бүкiл мерзiмi аралығында бағдарламалық қызметтің сәйкестiгi мен тиiмділігi кепiлдiгiн қамтамасыз ету мақсатында мыналарды қамтитын мониторинг пен бағалаудың бiрқатар құралдары пайдаланылатын болады:
- Yкiметтiң/ЮНИСЕФ-тiң бiрлескен күшімен өткiзiлетiн бағдарламалық/жобалық қызметтiң тоқсан сайынғы шолулары: әрбiр жобаны шолу Жобалық Iс-әрекеттер Жоспарындағы қызметтің әр түрiне көзделген салымдарды (жеткiзiлiм мен қолма-қол қаражаттар түрiнде) бағалау арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл сатыда жоспарланған жобалық салымдарды жүзеге асырған кезде кездескен кедергiлер айқындалады, сондай-ақ кейбiр анықталған кедергiлердi жоюға iс-әрекеттер жасалады.
- Бағдарламалық/жобалық қызметті жыл сайын шолу, Әр жылдың аяғында жобаны жүзеге асыруға көмектесiп жүрген серiктестерге Жобалық Iс-әрекеттер Жоспарымен белгiленген жобалық міндеттердi орындау бойынша Үкiметке және ЮНИСЕФ-тiң Штаб-пәтерiне детальдiк есеп беру өтiнiшiмен сұрау салынатын болады. ЮНИСЕФ пен оның серiктестерiнiң бiрлескен күштерiмен бiр жылдың ішінде анықталған кедергiлермен қатар нәтижелi қызметке қол жеткiзiлгендi көрсететiн толық бағалау есебi әзiрлендi, содан кейiн жобаны орындау жөнiндегi барлық серiктестермен жағдайды түзетуге қажеттi шаралар талқыланатын болады.
- Орташа шолу 2002 жылы өткiзiлетiн болады, оның iшiнде ЮНИСЕФ пен оның серiктестерiнiң бiрлескен күштерiмен соңғы екi жарым жыл iшiнде анықталған кедергiлердi көрсете және жағдайды түзеу бойынша шараларды талқылай отырып, нәтижелi қызметтің жетiстiктерiн көрсететiн толық бағалау есебiн дайындайды. Бұл шолу үшiншi бағдарламалық циклге қызметтi жоспарлау мәселелерiн талқылау бойынша негiзгi нүкте болады.
- Бағдарламалық циклдың соңындағы шолу 2004 жылы ел деңгейiнде екiншi бағдарламалық циклды iске асыру жөнiндегi ортақ жетiстiктердi бағалау мақсатында өткiзiледi Yшiншi елдiк бағдарламалық циклды жобалауды жақсарту ниетiмен бағдарламалық қызметтiң нәтижелiлiгi бағаланатын болады.
- Қызметтi iске асыру жерлерiнде мониторингтi жүзеге асыру: ЮНИСЕФ-тiң орталық деңгейдегi серiктестерiмен бiрiгiп жобаларды iске асыру мониторингiн жүзеге асыру мақсатында жобалық қызметтi iске асыру жерлерiне көптеген жол жүрулердi жүзеге асырады. Осы сапарлар кезiнде жиналған мағлұматтар тоқсан сайынғы шолу iс-шаралар мен жиналыстарда пайдалану мақсатында талданатын болады.
VII-бап
БҰҰ жүйесінiң басқа да ұйымдарымен және өзге де
мекемелермен қарым-қатынас жасау
Осы Операциялар Жоспарында көрсетiлген бағдарлама халықаралық және жергiлiктi үкiметтiк емес ұйымдардың бағдарламалары сияқты, БҰҰ-ның басқа да халықаралық және екiжақты бағдарламаларымен қатар толықтырылатын және орындалатын болады. Yкiмет пен ЮНИСЕФ барлық жоғарыда аталған ұйымдардың Бағдарлама мен Негiзгi Операциялар, Жоспарын әзiрлеуге қатысуын қамтамасыз еттi. Тиiсiнше, ЮНИСЕФ те, Yкiметтің өкiлеттiктерi шеңберiндегi және ЮНИСЕФ-тiң айтарлықтай тәжiрибесi бар салалар шегiндегi облыстарда басқа мекемелер мен ұйымдардың бағдарламалары мен жобаларын жоспарлауға үлес қосты Мүмкiндiгiнше, қарым-қатынас іздеу, ЮНФПА, ПРООН, УВКБ БҰҰ және ВОЗ күштерiнiң бiрiккен бағдарламалық циклын үйлестірудi қоса отырып, осы елге тән қызмет түрлерi саласындағы БҰҰ ұйымдарымен және өзге де мекемелермен өтетiн болады. Халықаралық және жергiлiкті YЕҰ-мен қарым-қатынас жасаудың бастамасы құрылады. Сондай-ақ ЮНИСЕФ негiзгi екi жақты донорлармен бiрге денсаулық сақтау және бiлiм беру секторларында Дүниежүзiлiк Банкпен және Азиялық Даму Банкiмен тығыз қарым-қатынаста болады. Iс-әрекеттердi қайталаудан және адамдар мен қаржы ресурстарын дәлелсiз жұмсаудан қашуға мүмкiндiк беретiн, кемiнде бiр мекеменiң мекеме аралық деңгейде қатысуын көздейтiн немесе оның қызметiне қатысты бағдарламаларды бақылау және мониторингi кепiлiн қамтамасыз ету үшiн қазiргi жағдайға үнемi шолу жасалып отыратын болады.
VIII-бап
Тараптардың жауапкершiлiгi
3 және 4-баптарда көрсетiлгендей, бұл Бағдарлама Қазақстанда Бала құқықтары жөнiндегi конвенция мен Әйелдердi кемсiтудiң барлық нысандарын жою жөнiндегi конвенцияға негiзделген және тiкелей көмек көрсету түрлерi, мекемелердiң мүмкiндiктерiн күшейту және халықтың потенциалын құру арасындағы балансқа назар аударатын стратегия арқылы, сондай-ақ насихаттық қызметпен орындалады. Балалар мен әйелдердiң әлеуметтiк қорғалуы мен дамуы үшiн жауап беретiн үкiметтiк мекемелермен қатар, Денсаулық қорғау жөнiндегi агенттiктi қоса отырып, тиiстi министрлiктер бағдарлама мен жобалар жөнiндегi iс-шараларды басқаруда негiзгi серiктестер болады. Жалпы алғанда, бағдарламалар жөнiндегi қызметтi Қазақстан Yкiметi тарапынан үйлестiру Вице Премьер-Министр және Сыртқы істер министрлiгi деңгейiнде жүзеге асырылатын болады. Елдiң бағдарламасын және жобалар жөнiндегi қызметтi басқару жөнiндегi нақты мiндеттер осы Негізгi Операциялар Жоспарында және Жобалық Операциялар Жоспарында көрсетiлген немесе тиiстi жыл сайынғы Жобалық іс-әрекеттер Жоспарларында белгiленетiн болады.
ОАҚР-ның елдерiнiң жұмысын үйлестiретiн және ОАҚР-ның әрбiр жеке алынған елiнде тiркелген Өкiл болып табылатын ОАҚР-дағы Өкiлмен басқарылатын Алматыдағы ЮНИСЕФ ОАҚР Өкiлдiгi алға қойылған бағдарламаны жүзеге асыру үшін, әсiресе техникалық және материалдық-техникалық қолдау көрсету үшiн, сондай-ақ жалпы жоспарлау мен басқару үшiн ортақ жауап беретiн болады. Жалпы ресурстар бюджетiнiң шамамен 25%, ОАҚР Өкілдігі көрсететiн қызметтерге ақы төлеудi қоса отырып, бес жылдық мерзiм аралығында бағдарламалар мен операциялар жөнiндегi сектораралық көмекшi қызметке пайдаланылады.
Стратегия мен осы Негiзгi Операциялар Жоспарын Қазақстанда орналасқан Орталық Азия-Өкiлдiгi басқаратын және үйлестiретiн болады. Үкiметпен жасалған келiсiмдерге сәйкес ЮНИСЕФ, шолу iс-шаралары мен үйлестiру жағынан қолдауды қоса отырып, жалпы қадағалауды және қызметті iске асыру бойынша қолдауды жүзеге асыратын болады. Орталық Азия Өкiлдiгiнде жұмыс iстейтiн персонал, сондай-ақ бағдарламалар жөнiндегi Аға маман және ОАҚР-дағы ЮНИСЕФ-тiң Өкiлi қажеттiлiгiне қарай бағдарламаларды iске асыру кезiнде қажеттi көмек көрсетедi. Астанадағы ЮНИСЕФ Өкiлдігі әкiмшілiк шаралар мен Үкiметпен байланысты жүзеге асыру үшiн жауап беретiн болады.
ЮНИСЕФ-тің Штаб-пәтерiнен, сондай-ақ Женевадағы ЮНИСЕФ-тiң Аймақтық Өкiлдiгiнен тәжiрибелi персонал, ОАҚР Өкілдiгi қызметкерлерiнiң көмегiмен шешуге келмейтiн мәселелердi шешуге шақырылатын болады. Сырттан халықаралық консультанттар шақырту насихаттық қызметті саяси деңгейде жүзеге асыру бойынша арнайы тәжiрибе мен қолдау алу қажеттiлiгiне негiзделетiн болады.
IХ-бап
ЮНИСЕФ мiндеттемелерi
ЮНИСЕФ-тiң Атқару Кеңесi Негiзгi Ресурстар қаражатынан 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2004 жылдың 31 желтоқсанына дейiн қаражаттардың болуы шартымен осы Негiзгi Операциялар Жоспарында аталған бағдарламалар шеңберiнде iс-шараларды қолдауға 4 миллион 500 мың АҚШ доллары көлемiнде жалпы сома бөлудi мақұлдады.
Осыған қоса, Атқару Кеңесi ЮНИСЕФ-тi осы Негiзгi Операциялар Жоспарында белгiленген бағдарламалық қызметтi iске асыру бойынша қолдау көрсету мақсатында қосымша қорлардың шамамен 7 миллион 500 мың АҚШ долларын жұмылдыру бойынша қызмет атқаруға өкiлдiк бердi. Бұл қаражаттардың болуы донорлардың хабардарлығы мен олардың ұсынылып отырған жобаларға қызығушылық бiлдiруiне байланысты болады.
Осы Негiзгi Операциялар Жобасында көзделген қызметтi дамыту мен iске асыру бойынша ЮНИСЕФ тарапынан көрсетiлетiн көмекке материалдар мен құралдар жеткiзу, оларды тасымалдау, насихаттық қызметтi жүзеге асыру үшiн техникалық персоналдың қызмет көрсетуi, қорлар беру, зерттеулер жүргiзу, кеңесшiлердiң қызмет көрсетуi, бағдарламаны дамытуға, мониторингiне және бағалануына қаражаттар беру, халықты ақпараттандыру жөнiндегi iс-шаралар және бағдарламалар шеңберiнде коммуникациялық кампаниялар, кәсiби дайындық өткiзу жөнiндегi қызмет, сондай-ақ мекемелердiң персоналына көмек көрсету кiредi.
Үлестірудiң өзiндiк ерекше детальдары және осы бағдарламаны қолдаудағы ЮНИСЕФ-тiң тарапынан жыл сайынғы көмектi кезең-кезең жоспарлау әрбiр Бағдарламалық Операциялар Жоспарының шеңберiнде жасалады. Жыл сайынғы Жобалық Iс-әрекеттер Жоспарын дайындау арқылы кейiннен қаражаттарды мейлiнше детальдi түрде үлестірумен бюджеттiң бөлiнуiне жыл сайынғы шолулар жасалып отыратын болады. Төменде келтiрiлген кесте 2000 жылдың қаңтарынан бастап 2004 жылдың желтоқсанына дейiнгі мерзiмге бағдарламалар мен жылдар бойынша қорлардың жалпы бөлiнуiн көрсетедi.
ЮНИСЕФ-тiң шектеулi қаржы ресурстары балалардың өмiр сүруiне, дамуы мен қорғалуына барынша әсер етуге қол жеткiзуге болатын облыстарға шоғырланатын болады, сондай-ақ ұлттық саясатты және құқықтарды қорғау мен балалар мен әйелдерге жақсы өмiр сүру жағдайларын жасау саласындағы тұрақты жетiстiктер процестерiн күшейтуге жұмсалады.
ЮНИСЕФ бұл елдер Yкiметтерiнiң бiрде-бiр өкiлiне қаржылық көмек көрсетпейтiн болады. Өз қолындағы қаражаттар мен Yкiметтiң қазiргi саясатына негiзделе отырып, ЮНИСЕФ бұл салада қызмет етпеудi ұйғарды. Алайда, министрлiктердiң және Үкiметтiң басқа да органдарының рұқсатымен ЮНИСЕФ арнайы зерттеу қызметiн өткiзу немесе консультациялық қызмет көрсету не болмаса олардың күнделiктi мiндеттерi шеңберiнен тыс кәсiби дайындық өткiзу бойынша осы елдердiң үкiмет аппаратының кейбiр қызметкерлерiне немесе басқа да мамандарына қысқа мерзiмдi келiсiм шарттар ұсынуы мүмкiн. Мұндай көмек түрi экономикалық тиiмдi және ұлттық мүмкiндiктер мен еларалық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етедi деп танылады.
ЮНИСЕФ осы Операциялар Жоспарында көрсетiлген қызмет түрлерiне сәйкес шетелден тасымалдауды қоса отырып, құралдар мен материалдар түрiнде көмек көрсету жөнiндегi шығындарды қолдайды. Жергiлiктi рынокта қызметтi жүзеге асыруға қажеттi қызметтерді сатып алуға тек олардың экономикалық тиiмдiлiгi жағдайында немесе төтенше жағдайлар кезiнде мүмкiн болады. Әдетте Yкiмет ел ішiнде көлiк беру үшiн жауап бередi. Соған қарамастан, қажет болған жағдайда немесе егер мемлекеттiк көлiк құралдарының жетiспеушiлiгі жобаның орындалуына қауiп төндiрсе, ЮНИСЕФ бұл мәселеде көмегiн тигiзедi.
Ойламаған мән-жайларға байланысты тығыз қажеттiлiк бойынша жасалған шығыстарды қоспағанда, ЮНИСЕФ-тiң тарапынан барлық жұмсалымдар оларды уақытында жеткiзу мен пайдалануды қамтамасыз ету үшiн тиiстi министрлiктермен бiрiгiп алдын ала жоспарланады. Үкiмет қызметкерлерi жеткізiлiм туралы алдын ала хабардар болуы және вакциналарды және, кiдiртпей қабылдау мен арнайы күтiп ұстауды талап ететiн дәрi-дәрмектердi сақтауға аса назар аудара отырып, келген жүктi қабылдап, тиiстi түрде қоймаға қоюы үшiн тапсырыс берiлген құралдар мен материалдардың жеткiзiлiмiн ЮНИСЕФ-тiң офисi бақылап отыратын болады.
Шығындар сметасы
(мың АҚШ долларында)
2000 2001 2002 2003 2004 Барлығы
Негiзгi Ресурстар
Ана мен баланың өмiр 329 329 262 262 262 1444
сүруi мен қорғалуы
Баланы жан-жақты дамыту 193 193 261 261 263 1171
Жастардың әл-ауқатын 197 197 197 197 197 985
жақсарту
Сектораралық шығындар 180 180 180 180 180 900
Негiзгi Ресурстар бойынша
барлығы: 899 899 900 900 902 4500
Қосымша Қорлар
Ана мен баланың өмiр сүруi
мен қорғалуы 750 750 600 600 600 3300
Баланы жан-жақты дамыту 300 300 450 450 450 1950
Жастардың әл-ауқатын 450 450 450 450 450 2250
жақсарту
Қосымша Ресурстар бойынша
барлығы: 1500 1500 1500 1500 1500 7500
Барлығы: 2399 2399 2933 2400 2402 12000
Егер бiр бағдарламаны iске асыру деңгейi жыл сайынғы есептерден айтарлықтай төмен болатын болса, iске асырудың анағұрлым жоғары деңгейi байқалатын басқа бағдарламаларды жүзеге асыруға арналған қаражаттарды қайта үлестiруге болады.
Жобалық iс-шараларды жүзеге асырған мерзiм кезiнде ЮНИСЕФ қолма-қол қаражаттар мен материалдар беру түрiнде көрсетiлетiн көмектi оңтайлы сәйкес келтiру кепiлiн қамтамасыз етуге бар мүмкiндiктердi пайдаланады.
ЮНИСЕФ уақытылы тапсырыстарды және материалдар мен құралдарды жеткiзуге, сондай-ақ жәрдем беруге қатысты министрлiктермен, ҮЕҰ және басқа да iске қосылған ұйымдармен кеңесетiн болады. ЮНИСЕФ тиiмді және уақытында кедендiк тазартуды, қоймаларға қоюды және бөлудi қамтамасыз ету үшiн материалдар мен құралдардың жіберілу/келуі туралы мүдделі ресми адамдарды уақытында хабардар ететiн болады.
ЮНИСЕФ Бағдарламалық Операциялар Жоспары мен жыл сайынғы Iс-әрекеттер Жоспарларында көрсетiлген мақсаттарға пайдаланылмаған кез келген берiлген құралдар мен материалдарды қайтаруды талап ету құқығын сақтайды.
Х-бап
Үкiметтiң мiндеттерi
Үкiмет ЮНИСЕФ немесе/және БҰҰ-ның басқа да мекемесi немесе халықаралық ұйым қамтамасыз еткен жағдайларды қоспағанда бұл ел қатысатын бағдарламаны елде орындау үшiн және еларалық iс-шаралар үшiн қажетті, қайтаруға жататын да, жатпайтын да техникалық көмек пен қорларды қоса отырып, қызметкерлермен, үй-жайлармен, құралдармен қамтамасыз етедi. Yкiметтiң қатысуының толық шарттары елдiң бағдарламалары мен жобаларының тиiсті секцияларында жазылған, сондай-ақ Жыл сайынғы Iс-әрекеттер Жоспарында анық белгiленетiн болады.
Осы Негiзгi Операциялар Жоспары бұл бағдарламалар соларға арналған халықтың немесе үкiметтiк емес мекемелердiң қатысу нысандарының детальдi түрде сипаттамасын бермейдi. Мүмкiндiгiнше бұл жағдайлар толығымен Жыл сайынғы Iс-әрекеттер Жоспарларында жазылатын болады.
Осы Негiзгi Операциялар Жоспары мен тиiсті Жобалық Iс-әрекеттер Жоспарларында көрсетілгендей Үкiмет материалдар мен құралдарды ел iшiнде тасымалдау, сақтау мен тиiмдi түрде үлестiру үшiн жауап беретiн болады. Егер жеткiзілім келiп түскен портта белгiленген уақытта кедендiк тазартудан өткiзiлмесе, бұл жауапкершілiкке кедендiк тазарту мен кез келген тұрып қалу жөнiндегi шығындар кіредi.
ЮНИСЕФ-тің ережелерi мен нормаларына сәйкес Үкiмет қызметтiң осы түрлерi аяқталысымен Операциялар Жоспары шеңберiнде берiлген қолма-қол қаражаттар түрiндегi жәрдемақылар туралы, әдетте, жәрдемақылар берiлгеннен кейін алты айдан кешіктiрмей есептік құжаттар тапсырады.
Үкiмет елдiң бағдарламалары бойынша жыл сайынғы және орташа мерзiмдi шолулар дайындау жөнiндегi қызметке белсендi қатысатын болады. Үкiмет ЮНИСЕФ-пен бiрiгiп немесе осы үшiн тағайындалған ұйымдар, сондай-ақ мемлекеттік аппараттың жекелеген қызметкерлерi Операциялар Жоспарында белгiленгендей қоғамдық деңгейде көмек алушыларға олардың әсерiн белгiлеу мақсатында тұрақты уақыт мерзiмдерi аралығында елдiң бағдарламалары мен жобаларын бағалауды жүзеге асыратын болады.
Үкiмет қандай да бiр үшiншi тараптың ЮНИСЕФ-ке, оның кеңесшілерiне, агенттерiне немесе қызметкерлерiне қоятын кез келген наразылықтарын қарау бойынша жауап бередi. Наразылықтардың осы кеңесшiлер, агенттер немесе қызметкерлер тарапынан өрескел бұзушылық немесе тиiстi назар аудармаушылық нәтижесiнде пайда болғандығы туралы Үкiмет пен ЮНИСЕФ-тiң өзара келiсiмi болған жағдайларды қоспағанда, ЮНИСЕФ, оның кеңесшiлерi, агенттерi немесе қызметкерлерi осы келiсiм жөнiндегi қызметтiң нәтижесiнде пайда болатын қандай да бiр жауапкершілiкке тартылуы мүмкiн емес.
Үкiмет келiсiлген Бағдарламаның қаржылық мұқтаждарын қанағаттандыруға қажеттi қосымша қорлар тарту бойынша ЮНИСЕФ-тiң күш салуын қолдайтын болады және мынадай түрде ЮНИСЕФ-пен қарым-қатынас жасайтын болады:
а) ЮНИСЕФ мақұлдаған экстремалдық жағдайда көмек сұрауға қатысты құжаттарды дайындаумен қатар қосымша қаржыландыруға негізделген Ел Бағдарламасының компоненттерiн орындауға қажеттi қаражаттарды ЮНИСЕФ-ке беруді қалайтын потенциалды донор-үкiметтердi көтермелеу;
б) Бағдарламаны орындау үшін халықаралық та, Қазақстан iшіндегi де жеке сектордан қаражаттар тарту жөнiндегi ЮНИСЕФ-тiң күш салуын қолдау;
в) балаларды қорғаудағы осы Бағдарламаны қолдау мақсатында Қазақстандағы жеке адамдар, корпорациялар мен қорлар жасайтын, салық салынбайтын қайырмалдықтар мен жарналарға рұқсат беру.
ХI-бап
Түпкіліктi шарттар
Бiрiншi және Екiншi Томдардан тұратын осы Негiзгі Операциялар Жоспары елдiң бiрегей бағдарламасын бiлдiретiндей етiп жасалған. Осы жұмыс құрылымының жалпы шарттары Екiнші Томда аталған кез келген жеке алынған құрамдарға қолданылады.
Осы Негiзгi Операциялар Жоспары тараптар қол қойған сәттен бастап күшiне енедi, бiрақ оның қызмет етуi 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2004 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi мерзiмдi қамтиды деп ұйғарылады.
Негiзгi Операциялар Жоспары Үкiмет пен ЮНИСЕФ-тiң өзара келiсiмi бойынша өзгертiлуi мүмкiн.
Осы Негiзгi Операциялар Жоспарында ештеңе Қазақстан Республикасының Үкiметi қол қойған Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Артықшылықтар мен Иммунитеттер жөнiндегi конвенциясының мазмұны мен мәнi шеңберiнде ЮНИСЕФ құқықтарының қорғалуын бұзуға әкеп соқпауға тиiс.
Мемлекеттiк, ағылшын және орыс тiлдерiнде - екi данада жасалған.
Қазақстан Республикасының Үкiметi үшiн __________________________
Қызметi Сыртқы Iстер Министрi
БҰҰ-ның Балалар қоры үшiн _______________________________________
Қызметi ЮНИСЕФ-тің өкiлi
2000 жылының ақпанның 11 жұлдызы
Қол қойылған жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы.
Қазақстан Республикасының
Үкіметі
және
Біріккен Ұлттар Ұйымының
Балалар қоры
2000-2004 жылдарға арналған
ынтымақтастық бағдарламасы
II Бөлім
Ақпан, 2000 жыл
Ана мен баланың өмiршеңдiгi, дамуы мен қорғалуы
жөнiндегi бағдарлама
Аналық және Баланың Баланың ерте Саясат пен
шетінеушілік өміршеңдігі дамуы мониторингті
жөніндегі жөніндегі жөніндегі әзірлеу
күтім жоба жоба жөніндегі жоба
Аналардың Қауіпсіз Ата-аналарды Саясат пен
қауіпсіздігі иммунизациялау машықтарға мониторингті үйрету әзірлеу және
төтенше
Бала жасындағы жағдайларға
Шағын аурулардың Қоғамдағы дайындау
нутриентті біріктірілген мектеп жасына жөніндегі
жолсыздықтар жүргізілуі дейінгі тәрбие шағын жоба
Емшектегі Мекемелерде Бағдарламаны
баланы ұстауға баламалы қолдау жөніндегі
тамақтандыру көзқарастар шағын жоба
Қысқаша шолу
Ана мен баланың өмiршеңдiгi, дамуы мен қорғалуы жөнiндегi бағдарлама бала дамуындағы алғашқы өмiрлiк кезеңдi - баланың бойға бiтуi сәтiнен бастап 6 жасқа толғанға дейiнгi кезеңiн қамтиды. ЮНИСЕФ әртүрлi серiктестiктермен ынтымақтастықта өзiнiң қызметiн ана мен баланың оның бастапқы даму кезеңдерiнде денелiк, психо-эмоциональдық қажеттiлiктерiне байланысты проблемаларды шешуге жұмылдыратын болады. Бағдарлама ана мен нәрестелiк шетiнеудi қысқартуға, сондай-ақ темiржетiспеушiлiк ауытқуларға және йод жетiспеушiлiгiнен болатын бұзылушылықтарға байланысты салдарларды азайтуға бағытталған. Бұл бағдарлама уақытылы да қауiпсiз иммундандыруды жүргiзу емшектегi баланы тамақтандыру және медициналық қызметкерлердi күтiм жасаудың аз шығынды жаңа әдiстерiне үйрету жолымен балалардың өмiршеңдiгі мен қорғалуы жөнiндегi iс-шараларды ынталандыратын болады. ЮНИСЕФ бала жасында анағұрлым кең таралған ауруларды азайтуға бағытталған бала жасындағы ауруларды интеграциялап жүргiзу (БЖАИЖ) жөнiндегі бағдарламаны кең ауқымда тарату жөнiнде басталған жұмысты жалғастыратын болады. Тұрғындар мен отбасылар арасында олардың машықтарын жақсарту және мектеп жасына дейiнгi тәрбиенiң азшығынды әдiстерiн дамыту жөнiндегi жұмысты жүргiзу жолымен балалардың ерте жастағы күтiмі мен дамуына жаңа көзқарастарды әзiрлейтiн болады. Сонымен бiрге мекемелерде мемлекеттiк ұстауда жүрген балалардың санын азайту, және оларды осындай мекемелерде ұстаудың жағдайларын жақсарту жөнiнде белгiлi бiр жұмыстар жүргiзiлетiн болады. ДДСҚҰ және Дүниежүзiлiк Банкпен ынтымақтастықта бала жасындағы ауруларды интеграциялап жүргiзу жобасы бойынша жұмыс iстей отырып, ауытқушылыққа қарсы күрес және бақылау жөнiндегi қызмет жалғастырылатын болады, ЮНИСЕФ баланың ерте өсуi мен дамуы жағдайларын жақсартуға бағытталған iс-шараларға айрықша назар аударады. Аналар мен отбасыларға бағытталған әлеуметтiк сипаттағы ақпаратты таратуға айрықша маңыз беріледi. Осы мақсаттар үшiн ЮНИСЕФ негiзгi ресурстардан бесжылдық кезеңде 1 млн. 444 мың АҚШ долларына жуық, және донорларды iздестiру жөнiндегi қызметтiң сәттілігі жағдайында қосымша қорлардан 3 млн. 300 мың АҚШ долларына жуық қаржыны пайдаланады.
Жағдайды талдау және негiздеу
Демографиялық жағдай Қазақстан тұрғындарының саны 1992 жылғы 16,5 миллионнан 1998 жылы (алдын ала есептерге сәйкес) 15,7 миллионға азайды. Бұған көптеген факторлар ықпал жасады. Солардың бiрi ретiнде туу деңгейiнiң 21,7% 1997 жылы 14,7% айтарлықтай төмендеуiн атап өтуге болады. Тұрғындар санының азаюына ықпал еткен факторлардың бiрi өлу деңгейiнiң 10,4% белгiсiне дейiн ұлғаюы болды. Алайда соңғы уақытта өлудiң жалпы деңгейiнiң төмендеу тенденциясы байқалады. Соңғы ондаған жылдар бойы Қазақстанда сәбилердiң өлу деңгейi бiртiндеп төмен түсуде.
Тамақтану
Тамақтану машықтары мен ананың жағдайы жүктiлiктің сәттi аяқталуына айтарлықтай ықпал етедi. Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Қазақстан тамақтану институты өткiзген, 1996-97 жылдардың 3-4 айына созылған зерттеулер тұрғындардың 70% (70.8%) астамының калорияның бiркелкi келмеуiнен зардап шегетiнiн көрсетті. Бұл көрсеткiш тұратын жерiне байланысты құбылып отырады және тұрғындардың әртүрлi топтарының тамақтану салтындағы айырмашылықтарды көрсетпейдi. Селолық жерлерде тұратындар қала тұрғындарына қарағанда калорияларды орта есеппен көбiрек тұтынады. Зерттеулер сондай-ақ респонденттердің жасы мен этникалық өзгешелiктерiне байланысты калориялардың жетiмсiз келуiнiң құбылып тұратынын көрсетті. Әйелдер ерлерге қарағанда көбiрек зардап шегедi. Жасы егде тартқан адамдардың бәрiнде дерлiк (95,5%) тамақтануында калориялар жетiспеушiлігiнiң байқалғанын елестетудiң өзi қиын.
Жүктiлiк нәтижесiне керi ықпал ететiн жағдайдың бiрi қан аздығы болып табылады. 1995 жылғы Қазақ медико-демографиялық зерттеулерiнiң (ҚМДЗ-95) деректерiне сәйкес әйелдердiң 31,7% қан аздығының жеңiл, 10,6% орта және 1,1% ауыр түрлерiнiң бар екенiн көрсетті. ВМС пайдаланатын әйелдердiң арасында қан аздығы көп болды, ал қан аздығының жүктi емес және емiзбейтiн әйелдерге қарағанда жүктi әйелдердiң арасында үш есе жиiрек кездестi.
Денсаулық сақтаудың инфрақұрылымы
Бiрнеше деңгейге бөлiнген денсаулық сақтау жүйесiнiң инфрақұрылымы кеңiнен қол жетерлiктей, және жағдайдың нашарлауына қарамастан соңғы жылдарда тұрғындардың 100% қол жетерліктей шектерде медициналық көмекке қол жеткiзуде деп есептелуде. Осыған қарамастан бүкiл ел бойынша 700-ден аса фельдшерлiк-акушерлiк пункттер (ФАП) жабылды, және 1200-ден аса елдi мекендер медициналық көмекпен қамтылмай қалды. Кей кездерi аяқ астынан акушерлiк көмек алу үшiн ауруларға 100 км. аса жол жүруге тура келедi. Қазiргi уақытта Денсаулық сақтау iстерi жөнiндегi агенттік ФАП-тарды қалпына келтiру жөнiндегi бағдарламаны жүзеге асыруда және 1998 жылы 60 пункт қайтадан ашылған болатын.
Республикада медицина мекемелерiнің жүйесi ауқымды, бiрақ 1996 жылдан бастап оның қысқартылуы жүргiзiлiп келедi. Елiмiзде медициналық мекемелердiң саны 1992 жылғы 1 253-тен 1997 жылы 963-ке дейiн азайды. Кереуеттер санының азайтылуы салдарынан "күндiзгi стационарлар" деп аталатындар кеңiнен енгiзiлуде. Медициналық мекемелердi жекешелендiру жөнiндегi жұмыс жалғасуда. Бiр бөлiгi қазiрдiң өзiнде жекешелендiрiлдi. 1996 жылы тiркелгенiндей, пациенттердiң жалпы санының 10% жуығы не жеке медициналық мекемелерге барып қаралған, не медициналық сақтандыру бойынша емделген. Қазiргi уақытта Денсаулық сақтау iстерi жөніндегi агенттiктiң ақпаратына сәйкес медициналық мекемелердiң 5% жуығы жекешелендiрiлген.
Медициналық кадрлар
Қазақстанда әртүрлi мамандықтары бар медициналық қызметкерлердiң саны көп. 1992 жылы елiмiзде 66 301 дәрiгер, немесе шамамен 259 адамға 1 дәрiгер болған еді. Содан берi медициналық қызметкерлердiң саны көшуге байланысты үнемi азайып келедi, және тұрғындар санының азайғанына қарамастан мед. қызметкерлердiң саны мейлiнше төмен деңгейде қалып отыр. Мәселен, 1997 жылы мед. қызметкерлердiң саны 10,000 дейiн азайды. Соған қарамастан бiр мед. қызметкердiң тұрғындар санына арақатынасы 19 адамға, яғни 278-ге 1 болып көбейдi. 1992 жылы 14 жастан асқан 1,467 әйелдерге бiр акушер-гинекологтан келген болатын және бес жыл өткеннен кейiн 13% төмен түскенiне қарамастан арақатынас 1,488 әйелдерге бiреу болып қалып отыр. Балалар медқызметкерлерi мен қосалқы мамандық иелерiнiң саны (дәрiгерлер секiлдi, орта медициналық қызметкерлер де) айтарлықтай азайды, бұл сөз жоқ балаларға көмек көрсетудiң сапасына өз әсерiн тигізбей қойған жоқ.
Медициналық қызметкерлердi пайдалану
Республиканың тұрғындары медициналық қызметкерлердi кеңiнен пайдаланады. 14 жасқа дейiнгi балалар арасында 1993 жылы 4 миллионға жуығының алғашқы келгенi тiркелдi. 1997 жылы тұрғындар санының кемуiнiң нәтижесiнде бұл сан 3,7 миллионға дейiн азайды. Алғашқы (75%) және одан кейiнгi келулердiң осындай жоғары деңгейiне қарамастан профилактикалық iс-шаралардың деңгейi пайда болған қаржы қиындықтарына байланысты төмендеп кеттi.
Елiмiзде госпитальдiк көмек кеңiнен пайдаланылады. Көбiне-көп ауруханалық кереуетте болу созылып кетедi, бiрақ ауруханалық кереуеттерге орналасу деңгейi төмендейдi. Елiмiзде денсаулық сақтауды реформалау барысында не бүкiл емдеу мекемесiн жабуға байланысты, не бөлiмшедегi кереуеттер санын азайтудың нәтижесiнде кереуеттердiң саны азая түстi. Мұның өзi кереуеттерге орналасу көрсеткiшiнiң жақсаруына әкелiп соқты, бұл 1997 жылы 83%, ал тууға көмектесу мекемелерiнде - 78% құрады.
Медициналық көмектiң сапасы
Жаңа туған нәрестелерге көмек
Жатырдың iшiнде дамуының бұзылғандығын көрсететiн тууы кезiнде тым жеңiл салмақпен туатын нәрестелердiң саны жылдан жылға өзгерiп келедi. Медицина қызметкерлерiмен сұхбаттасу нәтижесiнде алынған деректерге сәйкес 2500 грамнан төмен салмақпен туған нәрестелердiң саны 1989 жылғы 4,9% 1998 жылы 7,43% дейiн көбейдi. Осының бәрiнде ананың жүктi болу кезiнде тұрмыс жағдайлары мен тамақтануының нашарлауымен байланыс байқалады.
Шараналық шетiнеу
Бiр жасқа дейiнгi балалар арасындағы, негiзiнен сәбидiң алғашқы 7 күндегi өлiмiнiң 30% жатыр iшiндегi дамуға байланысты шараналық жағдайға; туу кезiнде және одан кейiн iле пайда болатын проблемаларға байланысты туындайды. Тұрғындар саны мен туу деңгейiнiң төмендеуiне байланысты 1990 жылғы деректермен салыстырғанда балалардың ерте шетiнеушiлiгiнiң абсолюттiк саны 40% төмендедi. Ерте шетiнеушiлiктiң негiзгi себептерiнiң бірi - сәбилердiң күнi жетпей тууы, және бала өлiмiнiң 60% құрайды. Жаңа туған нәрестелердiң өлiмiне алып келетiн басқа жағдайлар мыналар (маңыздылық тәртібiмен): асфиксия, жарақаттар мен жатыр iшiндегi инфекциялар. Балалардың өлi туу деңгейi жоғары, 10% деңгейiнде қалып отыр, мiне осылайша, шараналық шетiнеудiң жалпы көрсеткiшi 1997 жылы 18% құрады.
Сәбилер өлімi
Сәбилер өлiмiнiң (СӨ) деңгейi кеңес уақытында әрқашан төмендеп отырғанына қарамастан, 1989 жылы пайда болған саяси және экономикалық өзгерiстерге байланысты бұл бағыт ұнамсыз сипат алды. 1995 жылы 28% деңгейiнде шарықтау шегiне жеткеннен кейiн, қазiр СӨ 21,2% құрайды. 1995 жылға дейiн жалғасып келген қиындықтарға қарамастан мұның өзi денсаулық сақтау жүйесiндегi айтарлықтай жетістіктерге айғақ бола алады. Алайда орташаландырылған ұлттық көрсеткiш аймақтардағы айырмашылықтарды жасырады. Мәселен, СӨ ең төменгi деңгейi 1997 жылы Алматы облысында (19,5%), ал ең жоғары деңгейi Маңғыстау облысында (41%) байқалды.
Сәбилер өлiмiнiң себептерi соңғы бес жылда өзгерген жоқ. Тыныс органдары ауруларының салдарынан өлу 30% құрайды және өлу себептерiнiң арасында екiншi орында болып келедi. Диареяны қоса алғанда, инфекциялық-паразиттiк аурулар СӨ себептерiнiң маңыздылығы жөнiнен үшінші орында болып табылады, Туа бiткен аурулар - төртiнші орында.
Аналардың өлiмi
90-шы жылдардың өн бойында аналар өлiмiнiң деңгейi мейлiнше жоғары және қауiп тудыратындай жағдайда қалып отыр. 1997 жылы 100 мың тiрi туған нәрестелерге шаққанда 76,9 құрады, шын мәнiсiнде 1989 жылдан берi өзгерген жоқ. Аналар өлiмiнiң абсолюттік саны тек туу санының азаюының нәтижесiнде ғана төмендедi.
Аборттар аналар өлiмiнiң негiзгi себептерiнiң бiрi болып табылады. Соңғы жылдары елiмiзде аборттарды қалаусыз жүкті болудың алдын алудың басқа да әдiстерiмен алмастыруда айтарлықтай iлгерiлеушiлiкке қол жеткiзiлдi, алайда аборттар қауiпсiздiгi проблемасына жеткiлiктi көңiл бөлiнбедi. Қанның тоқтамауы әлi күнге дейiн аналар өлiмiнiң жалпы санының төрттен бiрiн құрай отырып, жетекшi себептерiнiң бiрi болып қалуда.
Антенатальдық көмек
1995 жылы бала туулардың 96,4% медициналық мекемелерде өттi, туулардың 78,4% акушер-гинеколог дәрiгерлермен қабылданды. Нақ сол жылы баланы iштен жарып алу операцияларының деңгейi 4,6% құрады. 1995 жылы жүктi әйелдердiң 92,7% және әйелдердiң 68,1% жүктілігiнің үшайлық мерзiмi келiп жеткенге дейiн антенатальдық көмек алды. Алайда соңғы уақытта антенатальдық жүгiнулер көрсеткiшiнiң тұрақтылығы байқалады.
Емiзiп тамақтандыру
1992 жылы Денсаулық сақтау министрлiгі өз баласын 1 жасқа толғанға дейiн емiзiп тамақтандыруды тоқтатқан әйелдер санының 1989 жылғы 55% 1991 жылы 73% дейiн ұлғайғаны туралы хабарлаған болатын. КМДИ - 95 деректерi бойынша емiзiп тамақтандыруды ынталандыру iсiнде белгiлi бiр iлгерiлеушiлiкке қол жеткiзiлдi. Бiрақ нақ сол зерттеулердiң деректерi бойынша тек қана емiзiп тамақтандырудың деңгейi бар болғаны 12,3% құрады, балалардың жартысынан астамы 3 айға толар-толмастан-ақ қосымша тамақтандырыла бастайды.
Емiзiп тамақтандыруды қолдау және ынталандыру жөнiндегi ұлттық бағдарламаны ойдағыдай iске асырудың арқасында Қазақстанның жетi тууға көмектесуші мекемелерiне "Балаға достық қатынас ауруханасы" атағы берiлдi.
Бала ауруы
Қазақстанда инфекциялардан болатын аурулардың айтарлықтай азаю тенденциясы байқалады. Алайда, гепатитпен, БППП және тамақтанудың микро-нутриенттiк бұзылушылықтарымен аурудың өсу деңгейi қауiп тудырады.
Мектеп жасына дейiнгi бiлiм берудiң жағдайы
Қазақстанда мектеп жасына дейiнгi мекемелерге бару 1990 жылғы Орта Азиядағы ең тәуiр көрсеткiштен (жалпы санның 53.5 процентiнен) 1998 жылы ең төменгi белгiге дейiн (10,6 процентке) құлдырап кеттi. Селолық жерлерде мектеп жасына дейiнгi балалардың 2,6 процентi ғана мектеп жасына дейiнгi мекемелерге бара алады. Мектеп жасына дейiнгi бiлiм үшiн төлем бару деңгейiнiң төмендеп кетуiнiң негiзгi себебi болып саналады. Оқыту үшiн төлемнiң деңгейi кең көлемдерде ауытқып тұрады, бiрақ тұрғындар тығыздығының төмендiгiнiң салдары секiлдi, қызмет құнының жоғарылығынан да селолық тұрғындар бұған қол жеткiзе алмайды. Сондай-ақ мектеп жасына дейiнгі мекемелерде тамақтандыру бағдарламаларының болмауы кiшкентай балалардың тамақ тұтынуына керi ықпал еттi.
1999 жылғы 7 маусымда Президент қол қойған Бiлiм туралы жаңа заңның 23-бабы мектепке барғанға дейiн бiр жыл бұрын 5-6 жасар барлық балаларды біржылдық тегiн мектепке дейiнгі мiндетті оқытуға шақырады. Yкiметтiң мақсаты 1999/2000 оқу жылында балалар бақшаларында алты/жетi жасар балалардың санын ұлғайту болып табылады. Егер мектеп жасына дейiнгi бiлiм беруге экономикалық тиiмдi көзқарастар әзiрленбейтiн және/немесе қосымша ресурстар бөлiнбейтiн болса, мұндай мiндеттi орындау оңай болмайды. Күрделiлiк жалақысы елiмiздегi ең төменгi болып саналатын өздерiнiң жұмыс орындарына мектеп жасына дейiнгi мекемелердiң оқытушыларын тартуда болып отыр.
Мекемелерде тәрбиеленетiн балалар санының көбейiп кетуi елеулі алаңдаушылық тудырады. Бұл барлық аймақтарда тiркелген. Қазақстанда проблеманың жекелеген сәттерiн анықтау жөнiнде қосымша зерттеулер мен талдау жүргiзу қажет етiледi. Yкiмет ұзақ қамсыздандыруда тұрған балалардың бұл жағдайын назар аудару жөн болатын негiзгi проблема ретiнде қарайды.
1995-1999 жылдары ана мен баланың өмiршеңдiгi, дамуы мен қорғалуы бағдарламасы жөнiндегi ынтымақтастық
Өткен бағдарламалық кезеңде ЮНИСЕФ ана мен баланың қорғалуына бағытталған мынадай екi бағдарламаны iске асыруға көмек көрсеттi:
- Ана мен баланы қорғау, және
- Ана мен баланың тамақтануы.
2000-2004 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы бұған дейiнгi жетiстiктерге және 1992 жылғы бағдарламаны iске асырудан алынған сабақтарға негiзделедi және қолда бар жобалардың негiзгі элементтерiн өзiне қосып алады.
Ана мен баланы қорғаудың 1995-1999 жылдардағы бағдарламасы мынадай үш негiзгi жобадан тұрады: Иммундандырудың кеңейтiлген бағдарламасы (ИКБ), Диареялық аурулармен (ДАК) және өткiр тыныс инфекциялары (ӨТИ) ауруларымен күрес. ИКБ негiзгi элементтерi вакциналармен өзiн-өзi қамту механизмiне қол жеткiзуге, халықаралық сатып алуларда сапаны бақылауға және дербестiкке сүйене отырып иммундандыру қауiпсiздiгi жөнiнде жаңа әзiрленген жобада өз көрiнiсiн тапты. Келесi бағдарламалық кезеңiнде ЮНИСЕФ басталған жұмысты жалғастыруды жоспарлайды. ДАК пен ИКБ проблемалары бала жасындағы ауруларды интеграциялап жүргiзу (БЖАИЖ) жөнiндегi бағдарламаны іске асыру туралы шағын бағдарламаға жолданатын болады.
Аналар мен шарана шетiнеуiн азайту жөнiнде жоба әзiрленген болатын және барған сайын асқынып келе жатқан проблемаға жауап ретiнде өз жұмысын бастады. ДДС ананы қорғау жөнiндегi стратегиясы негiзге алынды, жобаның стратегиясы мульти-тәртiптілік пен отбасына бағдарды өзiне қосып алады. Жаңа бағдарламалық кезеңде бұл ана қауiпсiздігі жөнiндегi шағын бағдарламаны дамыту үшiн тұғырнама қызметiн атқаратын болады.
1997 жылғы сәуiрде аймақтың бес елдерi арасындағы ынтымақтастықты жақсартуға бағытталған, Орта Азия елдерi мен Қазақстанның тұрақты жұмыс iстейтiн "Ана мен баланың денсаулығын қорғау" Форумы (ОАҚР А мен БДҚ Форумы) ұйымдастырылған болатын. Форум барлық елдердiң денсаулық сақтау саласында қолданылып жүрген саясаттарына шолу жасайды және оларды жетiлдiру жөнiнде iс-шараларды ұсынады. Форум баланың құқығын iске асыруды көздей отырып, балалардың мүдделерiн барлық деңгейлерде қорғаудың құралы ретiнде қызмет ететiн болады.
Ана мен баланың тамақтану бағдарламасы мынадай үш негізгi жобалардан тұрған болатын: емiзiп тамақтандыруды (ЕТ) қолдау және ынталандыру, йод-жетiспеушілігінiң бұзылу (ЙЖБ) жағдайларын жою, және темiржетiспеушілiк қаназдығына қарсы күрес (ТЖҚ) пен оның алдын алу. Бұл бағыттар бойынша жұмыс емiзiп тамақтандыру және шағыннутриенттік бұзылушылықтарды жою.
Негiздеме
Қазақстан балалар мен аналардың өмiр сүруi және оларды күту iсiнде белгiлi бiр iлгерiлеушiлiкке жеттi, Балаларға иммунитеттеу жүргiзуде айтарлықтай жетiстіктер бар - көптеген аймақтарда вакцинациямен 95 % қамтылған. Республика 2000 жылы полиомиелитті жоюды сертификаттауға нық келе жатыр. Алайда, кейбiр денсаулық сақтау проблемалары шешілмей қалып отыр. Осы уақытқа дейiн аналар қаны тоқтамаудан, токсемия мен инфекциялардан қайтыс болып жатыр, кезiнде олардың алдын алуға болушы едi. Қазақстан балалардың сырқаттарын емдеуге арналған негiзгi тiзiмнен генерикалық дәрi-дәрмек құралдарын сатып алу бойынша нақты саясаттың әзiрленуiн қажет етедi. Соған қоса, ерте жастағы балаларды күту мен дамыту мәселелерiнде ата-аналар мен азаматтық қоғамның бiлiмдерiн көтеру қажеттiлiгi бар. Мектепке дейiнгi мекемелерге мiндетті түрде бару туралы үкiмет қабылдаған шешiм шығын аз шығатын көзқарас енгiзу қажеттілiгiн бiлдiредi. Елде ЮНИСЕФ-тiң болуы ана мен баланың өмiр сүру сапасын әрi қарай жақсартуға қажет.
Балалардың мекемелерде ұзақ болуына байланысты проблема әсiресе жаңадан дамып келе жатқан кезде назар аударуды талап етедi. Өмiрдiң кейiнгi кезеңдерiнде бұл проблеманың негативтiк әсерiне жол бермеу мақсатында кiшкене балалардың дамуына қатысу қажеттiлiгiн тану керек.
Бағдарламаның мақсаттары
Ана мен баланың өмiр сүруi, дамуы мен қорғалуы жөнiндегi бағдарламаның мақсаты қалыптасу мен ересек өмiрге жету кезеңiнде өткен кезде өзiнiң ең жоғары потенциалына жете алуы үшiн 5-ке дейiнгi балалардың өмiршеңдiгi, өсуi мен дамуына құқығын қамтамасыз ету; сондай қызметтерге қол жеткiзудi қоса отырып, қауiпсiз түрде ана болу практикасын дамыту арқылы аналардың денсаулығы мен тамақтануын жақсарту және олардың өмiр дағдыларын жақсарту болып табылады.
Бағдарламаның мiндеттерi
1. Республиканың жекелеген облыстарында* 1999 жылдың деңгейiне қарағанда аналардың қайтыс болу деңгейiн 10%-ке төмендету.
2. Бес жылдық мерзiм iшiнде Республиканың жекелеген облыстарында* 1999 жылдың деңгейiне қарағанда сәбилер мен балалардың шетiнеу деңгейiн 10%-ке төмендету.
3. Балалар мен аналардың қайтыс болуын белгiлеудiң халықаралық стандарттарын қабылдау.
4. Кiшi нутриенттiк тамақтанудың бұзылуымен сырқаттану деңгейiн төмендету.
5. Емiзу практикасын қолдау мен қолдап дем беру.
6. Yкiметке 2004 жылға дейiн вакциналармен өзiн-өзi қамтамасыз етуiне, оларды сатып алу, жеткiзу мен бөлуге қол жеткiзуiнде көмек көрсету.
7. 2000 жылға дейiн полиомиелиттi жоюды сертификаттау және негiзгi вакцинамен емдеуге келетiн инфекциялармен ауыру деңгейiн төмендету.
8. Шетiнеушiлiк, баланың өсуi мен дамуына әсер ететiн сырқаттардың жиiлiгi мен ауырлығы және балалардың сырқаттарынан мүгедек болып қалу деңгейiн төмендету.
9. Жас балалардың өсуi мен дамуы процесiнде туындайтын қажеттілiктерге ықпал ету мәселелерi бойынша отбасы мен қоғамның бiлiмiн көтеру.
10. Балаларды арнайы мекемелерге орналастырудан қорғау және ерекше қорғау шараларын қажет ететiн балаларды әлеуметтiк интеграциялау жүйесiн дамытуды қолдау.
11. Отбасы мен отбасылық үйлерге орналастыру жолымен арнайы мекемелердегі балалардың санын азайту.
12. Арнайы мекемелерде болуға мәжбүр балаларды психологиялық және әлеуметтiк күту сапасын жақсарту.
13. КПР принциптерiне сәйкес саясатты тұжырымдау мен талқылауда көмек көрсету.
_________________________
* Облыстар отбасының орташа кiрiсi, жұмыссыздық деңгейi, қауiп топтарының болуы, серiктестер мен донорларды тарту сияқты факторларды назарға ала отырып, арнайы критерийлер бойынша iрiктеледi.
Бағдарламаның стратегиялары
Өзiндiк ерекше әлеуметтiк қызмет көрсетудi қолдау
ЮНИСЕФ тұзды иодтау және ұнда железо препараттарын көбейту жөнiндегi iс-шараларды қоса отырып, мейлiнше көптеген халықтың қол жеткiзуiне бағытталған техникалық интервенцияларға; сәбилердiң ауруларын бiрiктiрiлген түрде жүргiзу (САБЖ) және иммунизациялауға; босанатын әйелдерге дәрiгерлiк жәрдем беретiн мекемелер арқылы емшекпен емiзудi қолдау мен қолдап дем беруге және сәбилердiң дамуы мен күтiмiне баламалық көзқарасты, сондай-ақ институционалдауда қолдау көрсетедi.
Денсаулық сақтау жүйесiнiң мүмкiндiктерiн жақсарту
ЮНИСЕФ медициналық және бiлiм беру мамандықтарының қызметкерлерiн, үкiметтiң саясаты мен бағдарламаларын құрастырушыларды, сондай-ақ жергiлiктi және мемлекеттiк көлемдегi қоғамдық және жеке секторлардың деңгейлерiндегi, халықаралық ұйымдар мен НПО басшыларын оқытуды ұйымдастыру мен олардың мүмкiндiктерiн жақсартудың басқа да әдiстерiн және олардың жұмыс iстеу мен бағалауға қатысуын қолдайды.
Мақсаттық көмек топтарының ролiн күшейту
ЮНИСЕФ мақсаттық топтармен жұмыс iстейтiн серiктестермен және әртүрлi жергiлiктi, ұлттық және халықаралық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас жасаймын деп сенедi. Халықтың ерекше әлеуметтiк қызметтi жоспарлау мен көрсетуге қатысуын қолдап дем беру - стратегияның маңызды элементi. Балалардың денсаулығы мен дамуына қатысты отбасыларында қалыптасқан практиканы жақсартуға бағытталған әлеуметтiк жұмылдыру бойынша iс-шаралар қолданылатын болады. Сонымен қатар, ерекше қорғау шараларын қажет ететiн балаларды отбасында тәрбиелей отырып, оларды әлеуметтік интеграциялау жөнiндегi iс-шаралар көтермеленетін болады.
Балалардың мүдделерiн насихаттау
ЮНИСЕФ ұлттық деңгейде балалардың мүдделерiн қорғауды насихаттауды жалғастырады. Бұл iс-шара жалпы тұзды иодтау мен ұнда железо препараттарын көбейту бойынша заң актілерiн қабылдауға, иммунизациямен қамтылудың жоғары деңгейлерiне жетуге, емiзу практикасын көтермелеуге және аналар мен балалардың қайтыс болуын анықтаудың халықаралық стандарттарын қабылдауға; балаларды мемлекеттік арнайы мекемелерге орналастырудың алдын алуына және балаларға арналған сәбилердiң даму кезеңiнде көзқарастарын бейiмдеуге бағытталатын болады. Ақпараттануды жақсарту жөнiндегі iс-шараларға ақпараттық және бiлiм берушiлiк материалдарды әзiрлеу, парламентарийлермен, үкiметтiк деңгейдегi қызметкерлермен және НПО өкiлдерiмен кездесулер мен конференциялар ұйымдастыру кiретiн болады.
Бағдарламаның ауқымы және көмек алушылар (мақсатты топтар)
Негізiнен барлық бағдарламалық iс-шаралар ұлттық деңгейде өткiзiлетiн болады және аналар мен балалар бағдарламаның мақсаттық топтары болып табылады. Сонымен қатар, бағдарлама халықтың жағдайы төмен топтары және арнайы мемлекеттiк мекемелердегi немесе сондай мекемелерге орналастыру қаупi бар балаларды қамтитын болады. Пилоттық облыстарды іріктеу отбасының орташа кірісі, жұмыссыздық деңгейi, қауiп топтарының болуы, потенциалды серiктестер (әсiресе НПО) және халықаралық агенттiктер тарту сияқты факторларды назарға ала отырып өткiзiлетiн болады. Ерекше қолдау Арал теңiзi, Семей ядролық полигоны, Каспий теңiзi жағалауында тұратын, қорғалмаған халық топтарына бағытталатын болады.
Аналарды және неонаталдық күту жөнiндегi жоба
Жобаның мiндеттерi:
1. Әйелдерге қатысты кемсiтудiң барлық нысандарын жою жөнiндегi конвенцияның ережелерiнде, басқа халықаралық құқық қорғау актiлерiнде және Қазақстанның Конституциясында белгiленген әйелдер құқықтарының бiрi аналықтың қауiпсiздiгiн түсiнушілiктi көтеру.
2. Пилоттық облыстарда әйелдердiң негiзгi акушерлiк-гинекологиялық көмекке 100% қол жеткiзуiн қамтамасыз ету бойынша жергiлiктi өкiметпен жұмыс жасау.
3. Аналардың және неонаталдық қайтыс болуы мен ауыруына әсер ететiн кішінутриенттiк дефициттер деңгейiн төмендету мақсатында қыздардың, жасөспiрiм қыздардың және әйелдердiң тамақтануын жақсарту бойынша iс-шараларды қолдау.
4. Асқынып кеткен жағдайларда негізгi акушерлiк және неонаталдық көмектi қоса отырып, перенаталдық, туу және постнаталдық көмектің сапасы мен ауқымын жақсартуды қолдау.
5. Әйелдер мен отбасын алдағы бала босануға дайындауға бағытталған iс-шараларды көтермелеу халықтың бала тудырып алудың жақсы практикасы және босану кезiнде оқыған персоналдың қатысу қажеттiлiгi мәселелерiндегi хабардарлығын жақсарту, жақсы күтiмге кедергiлердi жою, қоғамның кеш үйлену мен балалы болуды қолдауы.
6. Бiлiктi персоналды негiзгi акушерлiк көмек дағдыларына үйретудi көтермелеу.
7. Репродуктивтiк жастағы әйелдер мен 3-ке дейiнгi балалар арасындағы железо жетiспеушiлiктен қаны аздықтың таратылушылығы деңгейiн 30%-тен төмен түсiру.
8. Жалпы тұзды иодтау бойынша iс-шараларды қолдау.
9. Үкiметтiң халықаралық аналар мен балалардың қайтыс болуын анықтау стандарттарын бейiмдеу жөнiндегi күш салуларын қолдау.
10. Іс-шараларын бағалау мен мониторингi жөнiндегi бiрлескен қызметтi жақсарту.
11. Емiзу жөнiндегi ұлттық комитеттiң 50 % балалардың ауруханаларда туылуына бағытталған мақсатқа қол жеткiзудегi iс-шараларын, балаға жылы көзбен қарауды қолдау.
12. Емiзу жөнiндегi ұлттық комитеттiң 6 айға дейiнгi 50% сәбилердiң тек емiзу арқылы тамақтануына бағытталған мақсатқа қол жеткiзуiндегi iс-шараларын қолдау.
13. Емшек сүтiн алмастырушылардың маркетингі және оны орындау мониторингi бойынша халықаралық кодекс қабылдау.
Жобаның стратегиясы
Арнайы әлеуметтiк қызмет көрсетудi қолдау
ЮНИСЕФ босанатын әйелдерге дәрiгерлiк жәрдем беретiн мекемелер жедел көмек көрсету кезiнде акушерлiк және неонаталдық көмек үшiн негiзгi медикаменттер мен құралдар жеткiзудi қолдайды. Кiшi нутриенттік бұзылулар жөнiндегi шағын жоба үшiн жеткiзiлiмдерге тұзды иодтау және ұнда железо препараттарын көбейтуге құралдар мен байытушылар кiретiн болады; бұл құрал мен байытушылар республиканың белгiлi бiр облыстарын азық-түлiкпен байыту процесiн тудыру үшiн жеткiзiлетiн болады. Yкiмет кейiннен осы қызметтi iске асыруды өз қолына алады деп күтiлуде, железоның дәрiленген препараттары железоның организмге түсуi азық-түлiктi байыту арқылы қамтамасыз етiлгенше болатын болады.
Денсаулық қорғау жүйесiнiң мүмкiндiктерiн жақсарту
ЮНИСЕФ қауiпсiз ана болу, қаны аздықтың профилактикасы мен оған қарсы күрес және емiзу мәселелерiнде медицина қызметкерлерiн оқытуды ұйымдастыруды қолдайды. ЮНИСЕФ жобаны басқаруды, мониторингi және әкiмшілік етудi жақсарту мәселелерi және тұзды иодтау және ұнда железо препараттарын көбейту жөнiндегi жаңа және қолданылып жүрген заң актiлерiн күшiне енгiзу бойынша мемлекеттiк құрылымдармен жұмыс істейтiн болады.
Мақсаттық көмек топтарының ролiн күшейту
Медициналық қызметкерлердiң, денсаулық сақтау органдары басшылары мен пайдаланушыларының барлық әйелдер мен жаңа туған балалардың бiлiктi медициналық көмекке қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге бағытталған ролi мен бiлiмдерiн күшейту бойынша iс-шаралар жүргiзетiн болады. Сонымен қатар, жоба әйелдердiң өз денсаулығы мен балаларының денсаулығына құқықтарын қорғаудағы ролiн күшейту бойынша iс-шараларды көздейдi.
Балалардың мүдделерiн насихаттау
Қауiпсiз ана болу, тамақтану және емiзудiң маңыздылығы туралы ақпараттың таратылуы көтермеленетiн болады. ЮНИСЕФ жалпы тұзды иодтау туралы заңның қолданылуын насихаттайтын болады.
Серiктестер
Осы жобаны iске асырудағы ЮНИСЕФ-тiң негiзгi серiктестерi Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жөнiндегi агенттігі, оның құрылымдары мен институттар, сондай-ақ Қазақстан республикасы Президентiнiң жанындағы отбасы мен әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссия болады. Қауiпсiз ана болу жөнiндегi шағын жобаға байланысты іс-шараларды үйлестiру ВОЗ-бен, БҰҰ (ЮНФПА) халықтың қоныстауы жөнiндегi қормен және Дүниежүзiлiк Банкпен жүзеге асырылатын болады. Халықтың ақпараттануын жақсарту жөнiндегi iс-шараларды өткiзген кезде Қызыл крест және Қызыл Жарты ай федерациясы, НПО, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жасалатын болады. Емiзу және кiшiнутриенттік бұзылулар жөнiндегi шағын жобаларды iске асыру Қазақстандық Тамақтану институтымен және Республикалық Ана мен баланы қорғау орталығымен тығыз байланыста жүзеге асырылатын болады.
Жобаны басқару
Жобаны іске асыру үшiн ЮНИСЕФ-пен бiрге жұмыс жасайтын ұлттық және жергiлiктi деңгейдегi мемлекеттiк органдар жауапты болады. Жобаны жоспарлауды, мониторингі мен бағалауды жүзеге асыруға тиiс жобаны үйлестiру бойынша топ қалыптастырылады. Бұл топ мемлекеттiк органдар, ОАҚР-дағы ЮНИСЕФ-тiң Өкiлдiгi, Астана қаласындағы ЮНИСЕФ Өкiлдiгi қызметкерлерiнен, мүдделi сарапшылар мен БҰҰ агенттерiнен тұратын болады.
Көрсеткiштер
Жобаның ықпал ету көрсеткiштерi
- Тiрі туудың халықаралық стандарттарын қабылдау
- Сәбилердiң шетiнеу деңгейi
- Аналардың қайтыс болу көрсеткiшi
- Қайтыс болу себептерi бойынша аналардың қайтыс болуын бөлу
- Перинаталдық қайтыс болушылық деңгейi
- ЙДЗ мониторингi бағдарламасының қолданылуы
- Негiзгi акушерлiк көмекке қолы жететiн әйелдер процентi
- Балаға жақсы ықыласпен қарау ауруханаларында болған
босанулардың процентi
- Тек емiзу арқылы тамақтандыру деңгейi
- Қаны аздықтың таратылушылығы
- Зоб ауруының таратылушылығы
- Иодталған тұзды пайдаланатын үй шаруашылықтарының процентi
- Емшек сүтiн ауыстырушылар маркетингi бойынша Халықаралық кодекс қабылдау.
Жобаны орындау нәтижелiлiгiнiң көрсеткiштерi
Қауiпсiз ана болу жөнiндегi шағын жоба
- Оқытушы материалдар әзiрленген
- Өткiзiлген семинарлардың және үйренген дағдыларды iс жүзiнде қолданатын оқыған персоналдың саны.
Кiшiнутриенттiк бұзылушылықтар жөнiндегi шағын жоба
- Қаны аздықтың алдын алу және оған қарсы күресуге оқытылған және үйренген дағдыларды іс жүзiнде қолданатын медицина қызметкерлерiнiң саны
- Әлеуметтiк жұмылдыру бойынша кампания басталды.
Емшекпен емiзу жөнiндегi шағын жоба
- Сүт шығу мен емiзу мәселелерiн оқыған және үйренген дағдыларды іс жүзiнде қолданатын медицина қызметкерлерiнiң саны
- Босанатын - әйелдерге дәрiгерлiк жәрдем беретiн мекемелердi
сертификаттауға пакет дайындалған
- Емшекпен емiзу комитетi мониторинг кестесiн әзiрледi
- Балаға жақсы ықыласпен қарау ауруханаларының мәртебесiн
сақтау
- Емшекпен емiзу аптасы кезiнде ақпараттық кампаниялар өткiзу.
Бағалау және мониторинг механизмi
Мониторинг және бағалау механизмi негiзгi серiктестермен бiрге әзiрленетiн болады. Мониторинг оны іске асыру жерлерiне бару және мұндай кездесулердi негiзгi серiктестермен үйлестiру арқылы өткiзiлетiн болады.
Қауiпсiз түрде ана болу жөнiндегi шағын жоба
Іс-шаралар
1. Тiрi туғандықты халықаралық анықтауды бейiмдеу мәселелерi бойынша оқытушы семинарларды қолдау.
2. Үкiметпен бiрге қауiпсiз түрде ана болу бойынша оқытушы пакет дайындау.
3. Отбасын, отбасы дәрiгерлерiн және медбикелердi республиканың жекелеген облыстарында қауiпсiз ана болу мәселелерiне оқыту.
4. Жекелеген медициналық мекемелерде босанарға дейiн, босанатын кезде және босанғаннан кейiн жаңа көзқарастарды iске асыруды қолдау.
5. Аналарды және неонаталдық күту жөнiндегi жобаны iске асыру мониторингi мен бағалауды қолдау.
6. Аналар мен неонаталдық қайтыс болу мен ауыру деңгейiн төмендету үшiн қажеттi жеткiзiлiмдер мен оқытуды уақытында көздеу мен жақсарту үшiн жобаны басқаруды, мониторингi мен қадағалауды жақсарту.
7. Алдыңғы бағдарламаның пилоттық облыстарындағы босанатын әйелдерге дәрiгерлiк жәрдем беретiн мекемелерiнде жеткiзiлiмдердiң әсер етуiне бағалау жүргiзу.
Кiшiнутриенттік бұзылушылықтар жөнiндегi шағын жоба
Iс-шаралар
1. Жалпы тұзды иодтау және ұнда железо препараттарын көбейту жөнiнде қажеттi заң актiлерiн қабылдауды және оларды одан әрi iске асыруды насихаттау мен қолдау.
2. Иодталған тұзды шығару мен пайдалану мониторингiн өткiзу.
3. ЙДЗ жою жөнiндегi ұлттық бағдарламаның лабораториялық мониторингiн бастау.
4. Қаны аздықтың алдын алу үшiн железосы бар препараттардың жеткiзiлiмiн қолдау.
5. Ұнда железо препараттарын көбейтудiң жоғары деңгейiн бастау мен қолдау.
6. Тамақтану дағдыларын өзгерту мәселелерiнде халықты әлеуметтiк жұмылдыру бойынша кампания өткiзудi бастау.
7. Қаны аздықтың алдын алу және оған қарсы күрес бойынша медицина қызметкерлерiн оқытуды өткiзу.
8. Жергiлiктi денсаулық сақтау органдарын жобаны басқару мен мониторингi дағдыларын жақсарту мәселелерiнде қолдау.
Емшекпен емiзу жөнiндегi шағын жоба
Iс-шаралар
1. Емшек сүтiн алмастырушылар маркетингi бойынша Халықаралық кодексiнiң ережелерiне сәйкес келетiн республикалық заң актiлерiн дайындауда көмек көрсету.
2. Қабылданғаннан кейiн Емшек сүтiн алмастырушылар маркетингi бойынша Халықаралық кодексiнiң мониторингiн өткiзу.
3. Жас балалардың тамақтану негiздерiн Тамақтану жөнiндегi ұлттық саясатқа қосуды қолдау.
4. БДОР-ды сертификаттауға дайындалып жатқан босанатын әйелдерге дәрiгерлiк жәрдем беретiн мекемелерiне көмек белгiлеу және беру.
5. Медицина қызметкерлерiн сүт шығу мен емшекпен емiзудi басқару негiздерiне үйрету.
6. Дүниежүзілiк ЕЕ аптасы кезiнде өткiзiлетiн іс-шараларды қолдау жолымен емшекпен емiзу мәселелерiнде халықтың хабардарлылығын жақсарту.
Жас балалардың өмiршеңдiгi жөнiндегi жоба
Жобаның мiндеттері
1. Барлық облыстарда 90% (қызылша вакцинасы үшiн 95%) деңгейiнде иммунизациямен қамту деңгейiн ұстап тұру жолымен вакцина арқылы емделетiн инфекциялардың деңгейiн төмендету.
2. 2000 жылы полиомелиттi жоюды сертификаттауға жету.
3. 2004 жылы иммунизациядан кейiн терiс нәтижелерiне жауаптың стандарттық хаттамаларын бейiмдеудi қоса отырып, вакциналар мен иммунизация сапасын бақылауда ВОЗ стандарттарына жету.
4. 2004 жылы әдеттегi вакциналарды тәуелсiз сатып алуда халықаралық стандарттарға жету.
5. Жаңа вакциналарды иммунизация кестесiне енгiзудi көтермелеу.
6. Балалық жастағы негiзгi аурулардың жағдайларын жүргiзу мен медицина қызметкерлерiнiң әңгiмелесу дағдыларын жақсарту.
Жобаның стратегиялары
Арнайы ерекшелiгi бар әлеуметтiк қызмет көрсетудi қолдау
ЮНИСЕФ вакциналарды үлестiру мониторингiнiң ұлттық жүйесi үшiн РПИ вакциналарын, РПИ бағдарламасының құралдарын және компьютерлердi, сондай-ақ ЮНИСЕФ-тiң Жеткiзiлiм бөлiмi арқылы негiзгі медикаменттердi Мемлекеттiк сатып алуды қоса отырып, Вакциналық тәуелсiздiк туралы келiсiм шеңберiнде қысқа мерзiмдi жеткiзiлiмдердi қолдайды. Мұндай сатып алуларда ЮНИСЕФ-тiң қызметтерiн пайдалану мерзiмдерi үкiметке РПИ шеңберiнде вакциналар мен құралдарды дербес сатып алу мен қаржыландыру мүмкiндiктерiн беру үшiн ұзартылады.
Денсаулық сақтау жүйесiнiң мүмкiндiктерiн жақсарту
ЮНИСЕФ Денсаулық сақтау iстерi жөнiндегi агенттiкке иммунизация қауiпсiздiгi, вакциналармен және тоңазыту шынжырын пайдалану мәселелерi бойынша каскад түрiнде оқыту жүргiзуде көмектеседi. Терiс нәтиже мониторингiн қоса отырып, вакциналар партияларын шығару, оларды пайдалану мониторингi үшiн қажетті бақылау функцияларын жүзеге асыруда Вакциналар жөнiндегi ұлттық бақылау комитетiнiң мүмкiндiктерiн күшейту бойынша жұмыс жасалатын болады. Қазақстандық мамандар халықаралық кәсiби байланыстар жасау үшiн халықаралық кездесулерге қатысатын болады.
ЮНИСЕФ оқытушы материалдар беру жолымен САБЖ бағдарламасы шеңберiнде балалардың негiзгi аурулары жағдайларын жүргiзу сапасын жақсартуға көмектеседi. ЮНИСЕф САБЖ бағдарламасы бойынша мастер тренерлердi дайындауда көмек көрсетудi жалғастырады, ал олар өз кезегiнде медицина қызметкерлерiн жергiлiктi жерлерде оқытатын болады. ЮНИСЕФ облыстық және аудандық деңгейлерде семинарлар өткiзуде көмек көрсетедi. ЮНИСЕФ өз қызметiн ВОЗ-бен үйлестiретiн болады. ЮНИСЕФ орыс және қазақ тiлдерiнде САБЖ бойынша материалдарды көбейтуге жәрдемдеседi.
Мақсаттық көмек топтарының ролiн күшейту
Қажеттi шешiмдер қабылдау үшiн балалардың денсаулығы мен дамуы мәселелерiнде қоғам мен отбасының ролін күшейту бойынша iс-шаралар өткiзiлетiн болады.
Балалардың мүдделерiн насихаттау
ЮНИСЕФ бағдарламаны iске асыруға қажеттi ақпаратты аударуды, көбейту мен таратуды қолдайтын болады. Халықтың санитарлық оқытылуы жөнiндегi iс-шаралар денсаулық пен дұрыс тамақтану туралы бiлiмдерiн жақсартуға бағытталады.
Серiктестер
ЮНИСЕФ және Денсаулық сақтау iстерi жөнiндегi ұлттық агенттік вакциналарды жеткiзуде өз-өзiн қамтамасыз етуге қол жеткiзу үшiн 1995 жылы құрылған Вакциналық тәуелсiздiк туралы бастаманы әзiрлеудi жалғастырады. Мониторинг және жобаны шолулық зерттеу, сондай-ақ оқыту бағдарламалары ВОЗ-бен, БҰҰ басқа агенттiктерiмен және донорлармен бiрге өткiзiлетiн болады. БҰҰ агенттiктерiнен басқа жоба Халықаралық даму жөнiндегi АҚШ агенттiгiмен (ЮСАИД), Ауруларды бақылау жөнiндегi АҚШ орталығымен және басқа да ұйымдармен ана мен баланың өмiршеңдiгi, қорғалуы мен дамуы мәселелерiне қатысты жобалармен жұмыста қарым-қатынас жасаймын деген ойда. Халықаралық НПО-лармен де (Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай Қоғамы), Ұлттық НПО-лармен де, бұқаралық ақпарат құралдарымен де қарым-қатынас жасайтын болады. САБЖ шағын жобасы бойынша ЮНИСЕФ әсiресе мамандарды оқытуды және бағалауды өткiзу саласында ВОЗ-бен қарым-қатынас жасайтын болады.
Жобаны басқару
Жобаны iске асыруға ЮНИСЕФ-пен бірге жұмыс істейтiн ұлттық және жергiлiктi деңгейдегi мемлекеттiк органдар жауапты болады. Жобаны жоспарлауды, мониторингi және бағалауды жүзеге асыруға тиiс жобаны үйлестiру жөнiнде топ құрылады. Бұл топ мемлекеттiк органдар, ОАҚР-дағы ЮНИСЕФ Өкiлдiгi, Астанадағы ЮНИСЕФ Өкiлдiгi қызметкерлерiнен, мүдделi сарапшылар мен БҰҰ агенттiктерiнен, ұлттық бақылау комитетi мен САБЖ/ОРИ/БДБ жөнiндегi республикалық орталықтан тұрады.
Көрсеткiштер
Жобаның ықпал ету көрсеткiштерi
- Иммунизация ауқымының деңгейi
- Полиомелиттi жоюды сертификаттауға қол жеткiзу
- Иммунизациядан кейiнгi керi әсер етудiң жиiлiгi
- Сәбилердiң шетiнеушiлiгi деңгейi
- ОРИ және диареямен ауыру деңгейi.
Жобаны орындау нәтижелiлiгiнiң көрсеткiштерi
Қауіпсіз және тұрақты иммунизация жөніндегі шағын жоба
- Вакциналарды сатып алудың тұрақты жүйесi қызмет етедi
- Б гепатитiне қарсы вакцина сатып алынады және қолданылады
- Ұлттық бақылау комитетi қызмет етедi
- Иммунизацияның қауiпсiз практикасының инструменттерi толық iске асырылған
- Тоңазыту шынжыры тұрақты қызмет етедi
- РПИ вакциналарын дербес сатып алу жоспары мен механизмi әзiрленген
- Жаңа вакциналар енгiзуге экономикалық тиiмдiлiк анализi әзiрленген
- Барлық РПИ вакциналары жеткiзiледi.
Сәбилердiң ауруын бiрiктiрiлген түрде жүргiзу(САБЖ) жөнiндегi шағын жоба
- САБЖ бойынша стандарттық басшылықтар бейiмделуi аяқталды
- Стандартты дәрi-дәрмек препараттары жеткiзiледi
- Оқыту семинарлары өткiзiледi және оқыған қызметкерлер үйренген дағдыларын iс жүзiнде қолданады
- Ұлттық iске асыру жоспары әзiрленген.
Бағалау және мониторинг механизмi
Бағалау және мониторинг механизмi негiзгі серiктестермен бiрге әзiрленедi. Жобаның мониторингi оны iске асыру жерлерiне бару және мұндай баруларды негiзгi серiктестермен үйлестiру жолымен өткiзiледi.
Қауiпсiз және тұрақты иммунизация жөнiндегi шағын жоба
Іс-шаралар
1. Халықаралық вакциналар тендерi бойынша семинар ұйымдастыруда қолдау көрсету және вакциналарға бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн Ұлттық бақылау комитетiн (ҰБК) ұйымдастыруда көмектесу.
2. ВОЗ-дың Ғылыми Бiлiм беру Жүйесi арқылы ҰБК ролiн күшейту үшiн қауiпсiз иммунизация практикасы (ҚИП) бойынша оқыту жүргiзуде көмек көрсету.
3. Медицина қызметкерлерiне жұмыс орындарында ҚИП бойынша сабақ жүргiзуде көмектесу.
4. Медициналық оқу орындарында ҚИП-ын оқыту бағдарламасын енгiзуге көмектесу.
5. Халықаралық рынокта вакциналарды сатып алу бойынша мемлекеттiң мүмкiндiктерiн шолу мен талдау жөнiндегi үкiметтiң, ЮНИСЕФ-тiң және ВОЗ-дың бiрлескен миссиясына қатысу және қолданылып жүрген сатып алу жүйесiн әлемдiк стандарттар деңгейiне дейiн көтеруге iс-әрекеттер жоспарын әзiрлеу.
6. ВОЗ ұсынған вакциналар сапасын бақылауды қамтамасыз етуге тиiс ҰБК толық мөлшерде қызмет еткенше РПИ үшiн вакциналар мен құралдарды мемлекеттiк сатып алу бойынша үкiметке қызмет көрсетудi жалғастыру және мемлекетке халықаралық рыногында вакциналарды төмен бағамен сатып алу мүмкiндiгiн беру.
7. Жаңа вакциналар енгiзу кезiнде экономикалық тиiмдiлiктiң талдануын көтермелеу.
Сәбилердiң ауруын бiрiктiрiлген түрде жүргізу (САБЖ)
1. Пилоттық облыстарда медициналық персоналды оқытуды қолдау.
2. Медициналық оқу орындарына ұсыныстар әзiрлеуде көмектесу.
3. Негiзгi генерикалық парақтан препараттарды пайдалануды қолдап дем беру.
4. Мемлекеттiк сатып алулар бойынша қызмет көрсету жолымен, сондай-ақ екi және көпжақты жобалар арқылы дәрi-дәрмек препараттарын жеткiзудi қолдап дем беру.
5. САБЖ іске асыру жөнiндегi Ұлттық орталықпен бiрге САБЖ ақпараттық жүйесiн жақсарту бойынша жұмысты жүзеге асыру.
6. Пилоттық облыстарда медициналық персоналдың пациенттермен әңгiмелесу дағдыларын жақсарту бойынша материалдар әзiрлеуде қолдау көрсету.
Ерте жастағы күтім және даму жөніндегі жоба
Жобаның мiндеттерi
1. Жекелеген облыстарда ата-аналардың дағдыларын жақсартуға бағытталған жаңа отбасылық көзқарастар әзiрлеу.
2. Баланың мектепке барар алдында бiр жыл бұрын мектепке дейiнгi мекемеге мiндеттi түрде баруы туралы күш салуында үкiметке көмектесу.
3. Баланың мұндай бiлiм алуға назар аудару орталығында болуы үшiн мектепке дейiн бiлiм берудiң экономикалық тиімді көзқарастарына зерттеу жүргiзу.
4. Селолық жерлерде ерте жастағы балаларды күту мен дамытуға бағытталған тұрақты қызметтердi дамытуды қолдау.
5. Мектепке дейiнгi балалардың жалпы санынан 25% отбасылық мектепке дейiнгi мекемелерге баруын көбейту.
6. Отбасылар мен уақытша отбасылық үйлерге бала/қыз етiп асырап алу санын көбейту.
7. Отбасылық үлгiдегi үйлерге ауыстыру жолымен арнайы мемлекеттiк мекемелердегi балалардың санын азайтуға бағытталған үкiмет пен НПО-ның күш салуын қолдау.
8. Балалардың мүдделерiн қорғау саласында жұмыс істеп жүрген НПО-ның үкiметпен, жергiлiктi өкiметтермен және ұлттық министрлiктермен байланысын күшейту.
9. Тасталған балалардың санын азайту үшiн балалар мен отбасыларға әлеуметтiк көмек көрсету санын жақсарту.
10. Мүгедек балалар мен олардың отбасылары арасында сенсорлық-моторлық стимуляция мәселелерiнде қызметкерлердi оқытуда көмектесу.
11. Қызметкерлердiң мүмкiндiктерiн және ерте жастағы балаларды дамыту мен денсаулығын қорғау үшiн күтiм стандарттарын жақсарту.
Жобаның стратегиясы
Ерекше әлеуметтiк қызмет көрсетудi қолдау
ЮНИСЕФ мектепке дейiнгi мекемелерде пилоттық жобалар ашуда, сондай-ақ балаларды дамытуды жақсартуға бағытталған материалдар әзiрлеуде көмек көрсетедi.
Мүмкiндiктерді жақсарту
ЮНИСЕФ бар назарды тек балаға аударатын, селолық және қалалық жерлердегi төмен қамтамасыз етiлген топтарға бағытталған экономикалық тиiмдi және нәтижелi көмек көрсете алуы үшiн ерте жастағы балаларға бiлiм беру саласындағы қызметкерлердiң мүмкiндiктерiн жақсартуға көмектеседi.
Мақсаттық топтардың ролiн күшейту
Ерте жастағы балалармен айналысатын қызметкерлердiң және отбасының балаларды жан-жақты дамыту мәселелерiндегi ролi мен бiлiмдерiн күшейту бойынша iс-шаралар өткiзiлетiн болады. Мектепке дейiн тәрбиелеу жөнiндегi шағын жобаның шеңберiнде отбасының ролiн қамтамасыз ету мен оның қажеттi шешiмдер қабылдауға қатысуы үшiн азаматтық қауымдастықпен байланыстар жасалатын болады.
Балалардың мүдделерiн насихаттау
Халықаралық тәжiрибе туралы ақпарат алмасу және пiкiрталас форумын құру жолымен ЮНИСЕФ ерте жастағы балаларды күту мен дамытуға әдеттегiдей емес көзқарас және баланы мемлекеттік мекемеде ұстауға отбасылық балама, сондай-ақ мұндай ұстауды жақсартуды тануды насихаттайтын болады. Мұндай ЮНИСЕФ iс-шараларын демеушiлiк түрде бірлесiп қолдау дегенiмiз - мұқтаж балаларды күтуге жаңа және баламалық көзқарас туралы ақпаратты тарату тәсiлiнiң бiрi.
Серiктестер
ЮНИСЕФ пилоттық зерттеу кезiнде және жобаны тарату фазасында Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Мектепке дейiнгi бiлiм беру департаментiмен, сондай-ақ облыстық бiлiм беру департаменттерiмен тығыз байланыс жасайтын болады. Министрлiктен басқа, тығыз байланыс Отбасы мен әйелдер істерi жөнiндегi ұлттық комиссиямен жүзеге асырылатын болады. Мектепке дейiнгi тәрбиелеу туралы шағын жоба шеңберiнде жаңа тәсiлдердi пилоттық тестiлеуге үйлестіру жүзеге асырылады.
Жобаны басқару
ЮНИСЕФ-пен бiрге жұмыс жасайтын ұлттық та, жергiлiктi де деңгейдегi мемлекеттiк органдар жобаны iске асыруға жауапты болады. Жобаны жоспарлауға, мониторингi және бағалауды жүзеге асыруға тиiс жобаны iске асыру бойынша топ құрылады. Бұл топ мемлекеттiк органдар, ОАҚР-дағы ЮНИСЕФ-тiң Өкiлдiгi, Астана қаласындағы ЮНИСЕФ Өкiлдiгi қызметкерлерiнен, мүдделi сарапшылар мен агенттiктерден тұратын болады.
Көрсеткiштер
Жобаның ықпал ету көрсеткiштерi
- Мемлекеттiк мекемелердегi 5-ке дейiнгi балалардың деңгейi
- 0-ден 5-ке дейiн бiр жылда тасталған балалардың саны
- Пилоттық облыстарда бiр жылдың iшiнде уақытша приюттерге
орналастырылған балалардың саны
- Бiр жылда өздерiнiң биологиялық отбасыларына қосылған балалардың саны
- Бiр жылда бала/қыз етiп асырап алынған балалардың саны
- Жеке, қоғамдық және отбасылық мекемелердi қоса отырып, мектепке дейiнгi мекемелерге баратын балалардың саны
- Бұрын қандай да бiр мектепке дейiнгi тәрбиелеу мекемесiне барған, бiрiншi сыныпқа қабылданып жатқан балалардың процентi
- Yйренген дағдыларын iс жүзiнде қолданып жүрген мектепке дейiнгi тәрбиелеудiң оқытылған оқытушыларының саны.
Жобаны орындау нәтижелiлiгiнiң көрсеткiштерi
- Қолданылып жүрген заңдарға шолу жасалды
- Халықтың хабардарлығын жақсарту бойынша кампания өткiзiлдi
- Өткiзiлген семинар мен кеңестердiң саны
- Алған дағдыларын iс жүзiнде қолданатын, оқытылған персоналдың саны
- Пилоттық облыстарда - ата-аналардың, мектепке дейiнгi бiлiмдi басқару жөнiндегi комитетке тартылған қоғамдық өкiлдерiнiң саны.
Бағалау және мониторинг механизмi
Бағалау және мониторинг механизмi негiзгі серiктестермен бiрiгiп әзiрленетiн болады. Жобаның мониторингi оны iске асыру жерлерiне бару және мұндай баруларды негiзгi серiктестермен үйлестiру жолымен өткiзiлетiн болады. Мекемелерде ұстауға баламалық көзқарастар жөнiндегi шағын жобаны iске асырудың алғашқы кезеңiнде мағлұматтар жинау бойынша үкiметпен жасалатын жұмысқа назар аударылатын болады. Жұмыс тобы отбасы түрiндегi ортада мектепке дейiнгi тәрбиелеу жөнiндегi шағын жобада мониторинг жоспарын әзiрлейдi. Пилоттық жобалардың жұмысы қажет болған жағдайда қажеттi корректировкалар жасау үшiн бiр жылдан кейiн бағаланатын болады. Пилоттық жобалар жұмысын ең соңғы бағалау жобаның қызметiн, оның нысаны мен мазмұнын кеңейту туралы мәселенi шешу үшiн олар басталғаннан кейiн екi жылдан соң жасалады.
Ата-аналық дағдыларды жақсарту жөнiндегi шағын жоба
Iс-шаралар
1. Ерте жастағы балаларды дамыту жөнiндегi консультативтiк топты құру.
2. Моторлық дағдыларына, мiнез-құлықты дамытуға, тiлдiк және бiлiмдiк дағдыларына ортақтандырылған, ерте жастағы балаларды дамыту жөнiнде материалдар әзiрлеу.
3. Ата-аналардың үйде бiлiм беру жұмыстарын қолдап дем беру.
4. Отбасында екi жыныстың да тең қатысуын тәрбиелеу мақсатымен қолданылып жүрген бағдарламаға ер адамдардың қатысуын қолдап дем беру.
Отбасы ортасында мектепке дейiнгi тәрбиелеу жөнiндегi шағын жоба
Iс-шаралар
1. Селолық жерлерде отбасы ортасында мектепке дейiнгi тәрбиелеудiң экономикалық тиiмдi әдiстерiн белгiлейтiн пилоттық зерттеулер құру бойынша үкiметпен жасалатын жұмыс.
2. Қоғамды оқыту мен шоғырландыру, балаларға тамақ қосындыларын жеткiзу, медициналық көмек көрсету және т.с.с. жөнiндегi iс-шаралар кiретiн пилоттық жобаларды іске асыруды қолдау.
3. Пилоттық жобаларды іске асыруға мониторинг жүргiзу.
4. Басталғаннан кейiн екi жылдан соң пилоттық жобалар жұмысына
бағалау жүргiзу, жетiстiктер факторын белгiлеу.
5. Шағын жобаны одан әрi iске асыру жүргiзiлетiн төмен қамтылған топтарды белгiлеу.
6. Yкiметпен бiрiгiп шағын жобаны кеңейту жоспарын әзiрлеу.
7. Мақсаттық облыстарда жобаны iске асыруды қолдау.
Мекемелерде ұсталуға баламалық көзқарастар жөнiндегi
шағын жоба
Бұл шағын жоба барлық ынтымақтастықтың үш жобасында да болады және балалардың жастарына қарамастан арнайы мемлекеттiк мекемелерге орналастырылатындығы фактiсін көрсетедi. Шағын жоба жағдайды және әртүрлi жастағы балалардың қажеттiлiгiн назарға ала отырып, барлық бағдарламадағы жалғыз бағдарлама ретiнде қаралатын болатын.
Iс-шаралар
1. Жағдайға талдау және базалық зерттеулер жүргiзу.
2. Арнайы мекемелерге балама болатын және баланың отбасында болуын сақтауға бағытталатын және оның институционалдануына жол бермейтiн әлеуметтiк көмек жүйесiн құруды қолдау.
3. Yкiметтiң балаларды бейинституционалдау және интернаттар мен балалар үйлерiнде балалардың санын азайту жөнiндегi күш салуын қолдау.
4. Осы салада саясат әзiрлеп жатқан қызметкерлерге семинарлар өткiзу, мамандардың саясатты өзгерту мен арнайы қызметтер құру бойынша осы сияқты тәжiрибесi бар елдерге баруын қолдау.
5. Бала асырап алу механизмiн өзгерту мен бала/қыз асырап алу бойынша ұлттық орган құру жөнiнде заң актiлерiн қабылдау үшiн тиiстi қолдау көрсету.
6. Отбасылық ортаға орналастыру жолымен арнайы мекемелердегi балалардың санын қысқарту жөнiндегi үкiметтің ниетiн қолдау.
7. Балаларды пайдаланудың алдын алу және олардың құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша кәсiпқойлар, ерiктiлер мен мемлекеттiк қызметшiлерге семинарлар өткiзу.
8. Балаларды дамыту және дағдыларды ынталандыру мәселелерiнде балалар үйлерiнiң қызметкерлерiн оқытуды қоса отырып, 0-ден 3-ке дейiнгi ерте жастағы балаларды психологиялық-әлеуметтiк дамытуды жақсарту үшiн шаралар мен қызметтер енгiзудi қолдау.
9. Әлеуметтiк қызметкерлерге семинарлар өткiзу және уақытша приюттар мен отбасылармен қайта интеграциялау стратегияларын талқылау.
10. Мүгедек балалар мен олардың отбасы арасында сенсорлық-мотор стимуляциясы мәселелерiнде қызметкерлердi оқыту.
Саясат әзiрлеу, өзара байланыс жасау және төтенше
жағдайларға дайындалу жөнiндегi жоба
Жобаның мiндеттерi
1. Жағдайларға талдау және базалық зерттеулер жүргiзу.
2. Мониторингтiк механизмдi және халықаралық келiсiмдер мен
конвенциялар жөнiндегi есеп берушiлiк мiндеттерiн реттеу кезiнде
техникалық көмек көрсету.
3. Тиiстi стратегиялар әзiрлеу және ана мен баланың денсаулығын қорғау мен ерте жастағы балаларды дамыту саласында басым iс-шаралар белгiлеу.
4. Ана мен баланың құқықтарын ескере отырып, төтенше жағдайларға дайындық жөнiндегі бастамаларды қолдау.
Жобаның стратегиясы
Ерекше әлеуметтiк қызмет көрсету жөнiндегi қолдау
Төтенше жағдайлар пайда болған жағдайда ЮНИСЕФ зардап шеккен аудандағы балаларға медициналық көмек көрсетедi.
Мүмкiндiктердi жақсарту
Әлеуметтiк сектор кәсiпқойларының мүмкiндiктерi мен бiлiмдерiн жақсарту ұлттық және аймақтық байланыстарды дамыту, халықаралық тәжiрибе алмасу жолымен жүргiзiлетiн болады.
Балалардың мүдделерiн насихаттау
Ана мен бала денсаулығын сақтау жөнiндегi Орталық Азия мен Қазақстан елдерiнiң форумы (ОАҚР БмАДС форумы) халықаралық тәжiрибе туралы ақпараттар алмасуды, барлық елдердегi денсаулық сақтау саласындағы қолданылып жүрген саясатты жалғастырады және оларды жетiлдiру бойынша шаралар ұсынады. Осы және басқа да тәсiлдерді пайдалана отырып, ЮНИСЕФ алғашқы медициналық-санитарлық көмектi жария ету бойынша насихат пен ақпарат алмасуды және жасөспiрiм балалардың дамуы бойынша бағдарламаларды басшылар, медицина қызметкерлерi, тұрғындар арасында күшейтетiн болады. Бұдан басқа, ЮНИСЕФ арнайы мекемелерде ұсталатын балалардың санын азайту бағытындағы әртүрлi тәсiлдердi бiрiншi кезекке қоя отырып, отбасыларын қолдау, тастанды және қалдырынды балалар деңгейiн төмендету, бала асырап алу процентiн жақсарту шараларын және уақытша қамқорлықтарды дамытуды насихаттайтын болады. Сонда да болса арнайы мекемелерде ұсталатын балалар үшiн ЮНИСЕФ, олардың жани-сезiм жағынан дамуын жақсартуды насихаттайтын болады.
Серiктестер
ЮНИСЕФ денсаулық сақтау iстерi жөнiндегi агенттiкпен, Бiлiм және ғылым министрлiгiмен, сондай-ақ Отбасылар және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссиямен тығыз ынтымақтастықта болады. Тиiсiнше ғылыми-зерттеу институттары, БҰҰ-ның донорлары мен агенттiктерi, сондай-ақ СОНRЕD жүйесi, жобаны iске асыруға белсендi түрде қосылатын болады.
Жобаны басқару
БмАДС ОАҚР форумының Атқару комитетi ЮНИСЕФ-пен бiрге ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы жобаның жүзеге асырылуына жауапты болады. БмАДС ОАҚР форумының атқару комитетi, Денсаулық сақтау iстерi жөнiндегi агенттiктiң жоғары қызметтегi қызметкерлерiнен және ЮНИСЕФ-тiң ОАҚР-дағы Өкiлдiгiнен құралатын болады.
Көрсеткiштер
Жобаны орындау нәтижесiнiң көрсеткiштерi
- Денсаулық сақтау саласында Негiзгi ұлттық зерттеулердiң (ДНҰЗ) механизмi талданған.
- ОАҚР форумы мен ДНҰЗ-дың наградалары тағайындалған.
- ОАҚР форумының Жұмысшы топтарының (Иммунизацияның қауiпсiз
практикасы, Кiшiнутриенттер, Ана сүтiмен емiзу, Гигиена, Ананы және неонаталдық күтiмi, ДНҰЗ, СПИД/ВИЧ) кездесулерi өткiзiледi.
- Қатынас материалдары әзiрленген және шығарылған.
- Қажеттiлiгiне қарай жобаның әсер ету талдауы бойынша зерттеулер жүргiзiлген.
- Ана мен бала мүдделерiн ескеретiн, төтенше жағдайларға дайындық жобасы әзiрленген.
Бағалау және мониторинг механизмi
Бағалау мен мониторинг механизмi негiзгi серiктестермен бiрлесе талданатын болады. Жобаны бағалау мен мониторингтiң негiзгi серiктестермен үйлестiрiлетiн болады.
Саясатты, мониторингтi әзiрлеу және төтенше жағдайларға дайындық жөнiндегi шағын жоба
Iс-шаралар
1. Балаларды қорғау мәселелерi бойынша қажеттi ахуал талдауы мен зерттеулер өткiзу.
2. БмАДС ОАҚР форумына қолдау жұмыстарын жүргiзудi жалғастыру, осы арқылы тәжiрибе алмасуды, саясатты талдау мен әзiрлеу жөнiндегi жұмысты өткiзудi жалғастыру.
3. Қажеттiлiгiне қарай бағдарлама саясатын талдау мен зерттеудi қолдау.
4. Ортақ жобадағы байланыс шараларын қолдау.
5. Елдегi жағдайға сәйкес төтенше жағдайларға дайындық жөнiндегi аналар мен балаларға бағытталған қажеттi бастамаларды қолдау.
Бағдарламаны қолдау жөнiндегi шағын жоба
Осы шағын жоба барлық үш ынтымақтастық бағдарламаларында болады және оның негiзгi мақсаты ЮНИСЕФ қызметкерлерiне жалақы төлеуде, iскерлiк iссапарлар ұйымдастыруда және бағдарламаны iске асыруға байланысты басқа да шығыстарды қаржыландыруда.
Iс-шаралар
1. ЮНИСЕФ қызметкерлерiнiң посттары.
2. ОАҚР арасындағы іскерлiк жолсапарлар.
3. Шетелге жолсапарлар.
4. Оқыту.
5. Операциялық шығындар.
Бағдарламаның бюджетi
Мың АҚШ долларында ____________________________________________________________________
Жоба 2000 2001 2002 2003 2004 Барлығы
____________________________________________________________________
Аналарды және НР 105.0 95.0 70.0 70.0 70.0 410.0
неонаталдық күту ҚР 300.0 300.0 200.0 200.0 200.0 1200.0
Баланың НР 62.0 69.0 53.0 53.0 53.0 290.0
өмiршеңдiгi ҚР 300.0 300.0 220.0 220.0 220.0 1260.0
Баланың ерте өсуi НР 52.0 55.0 39.0 39.0 39.0 224.0
мен дамуы ҚР 100.0 100.0 80.0 80.0 80.0 440.0
Саясатты әзiрлеу, НР 110.0 110.0 100.0 100.0 100.0 520.0
мониторинг және ҚР 50.0 50.0 100.0 100.0 100.0 400.0
төтенше
жағдайларға
дайындық
Барлығы НР 329.0 329.0 262.0 262.0 262.0 1444.0
ҚР 750.0 750.0 600.0 600.0 600.0 3300.0 ____________________________________________________________________
НР - Негізгі ресурстар
ҚР - Қосымша ресурстар
Қазақстан Yкiметiнiң және басқа да ұйымдардың үлесi
Ана мен баланың денсаулығын қорғау мәселелерi Үкiмет жұмысында басым болып есептеледi. Үкiмет бұл мәселелердi iске асыруға үлкен ресурстар бөлiп бередi. Қазақстанның Yкiметi Ұлттық вакциналық қор құра отырып, вакциналық тәуелсiздiк жөнiндегi келiсiмге қол қойды және 2000 жылдан бастап халықаралық рыноктан вакциналар сатып ала алады.
"Халықтың денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасы - Республика Президентi ұсынған " Қазақстан - 2030 " ұлттық стратегияның ережелерiне негiзделген стратегиялық құжат.
Қазақстанның Yкiметi диареямен және ОРИ-мен күрес жөнiндегi бағдарламаны iске асыруда өзiне жауапкершiлiк алды және ЮНИСЕФ-тiң қолдауымен САБЖ, емшекпен емiзу, қаны аздықпен күрес және бақылау жөнiндегi бағдарламаны iске асыруды бастады және осы бағыттарда жұмысты жалғастыра бередi. Yкiмет медициналық көмек көрсету, ата-аналарын тарта отырып, үйде емдеу сапасын көтеруге мүдделі. Үкiмет осы жоспарда көрсетiлген бағдарламаны жақсартуға ұсынылып отырған оқыту мен қорларды да қолдайды. ЮНИСЕФ негiзгi дәрi-дәрмек құралдарын тәуелсiз түрде жеткiзу туралы бағдарламаны бастауға дайындығы туралы Қазақстанның Yкiметiне хабарлаған. Персоналдың жалақысына, медикаменттердi тасымалдауға, бақылау мен мониторингке байланысты барлық шығындар Yкiметтiң жауапкершiлiгi болып табылады.
Ойдағыдай iске асыру үшiн бағдарламаға көпжақты және екiжақты ынтымақтастық жөнiндегi басқа серiктестер қатысады.
Баланы жан-жақты дамыту бағдарламасы
Оқыту ортасын Айрықша қорғау Саясат пен өзара
қалыптастыру шараларын қажет ететін байланысты әзірлеу
жөніндегі жоба балалар жөніндегі жоба жөніндегі жоба
Мектепте оқыту Залалдың келтірілуі мен Саясат пен өзара
ортасы балалардың байланыстарды
пайдаланылуын әзірлеу, және
азайту төтенше
жағдайларға
дайындалу
Оқуға қол жеткізуі Мекемелерде ұстауға Бағдарламаны
мен азаматтық баламалы қолдау жөніндегі
қоғамдастыққа тарту көзқарастар шағын жоба
Өмірлік машықтарды
тәрбиелеу
Қысқаша шолу
Баланы жан-жақты дамыту бағдарламасы балалардың 6-дан 12-жасқа дейiн өсуi мен дамуының қажеттiлiктерi мен талаптарына жауап беретiн болады. Бағдарлама мектептi тастап кеткен балалардың санын азайтуға, және бiлiмнiң сапасын жақсартуға бағытталған. Бағдарлама денсаулық, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық, тәртiптiлiк пен шыдамдылық саласындағы өмiрлiк машықтарға оқытуды енгiзудi ұсынады. Сонымен бiрге бағдарлама әсiресе қорғалмаған, қоғамдағы әртүрлi әлеуметтiк өзгерiстер ықпалына мейлiнше ұшыраған балалардың проблемаларына өз назарын шоғырландырады. Осы мақсаттар үшiн ЮНИСЕФ негізгi ресурстардан бесжылдық кезеңде 1 млн. 171 мың АҚШ долларына жуық, және донорларды iздестiру жөнiндегi қызметтiң сәттiлiгi жағдайында қосымша қорлардан 1 млн. 950 мың АҚШ долларына жуық қаржыны пайдаланады.
Жағдайды талдау
Қазақстан Республикасының Конституциясына K951000_ сәйкес алты немесе жетi жастан бастап 11-12 жастағы балаларды оқыту, орта білiм беру тегiн болып табылады. Мемлекеттiк оқу мекемелерi республикалық (орталық) және жергiлiктi (облыстық) бюджеттерден қаржыландырылады, бiр оқушыға кететiн шығындар нормасы негiзге алынады. Жеке орта мектептер ашуға, егер олар мемлекеттiк нормаларды сақтайтын және лицензиялары бар болса, рұқсат берiледi.
Мектепке алу және қатысушылық
Орта мектептерге жатқызылған мектептердiң, алынған мұғалiмдер мен оқушылардың саны сәл ғана төмен түсу деңгейiмен 1990-1991 жылдардағы нақ сол деңгейде қалып отыр, бұл тұтастай тұрғындар санының қысқаруына байланысты. Соңғы бiрнеше жылдарда селолық жерлерде бiрқатар мектептердiң жабылуы салдарынан бұл көрсеткiштiң ұлғайғанына қарамастан (1997 жылдың өзiнде 335 мектеп жабылған болатын), Мұғалімдер мен оқушылар санының арақатынасы төмен. Орта мектептердi бiтiрушiлердiң 60% дерлiгін қыздар құрайды. Мектептi тастап кеткендердi шығарып тастау мен қатыспаушылық деңгейi өсiп келе жатқан алаңдаушылық сезiмiн тудырады.
Бiлiм берудi қаржыландыру
Бiлiм беру жүйесiн мемлекеттiк қаржыландыру 1996 жыл кезеңiнде өстi, бiрақ 1998 жылы азайды. 1996 ж. бiлiм беруге шығындар НВП-дан 4,3%, мемлекеттiк бюджеттен 14,3% құрады. 1998 жылы бiлiм беру жүйесi НВП-дан 3,7 % немесе мемлекеттiк бюджеттен 11.2% баламалы қаржы алды (Қазақстанның Yкiметi, Бiлiм баршаңыз үшiн 2000, 1999). 1998 жылы республикалық бюджет жоғары оқу мекемелерiн толығымен қаржыландырды және орта, орта арнаулы және кәсiптiк бiлiмге жұмсалатын шығындардың бiр бөлiгiн жапты. Жергiлiктi бюджет кәсiптiк бiлiм берудiң барлық мекемелерiн және мектеп жасына дейiнгi жалпыға ортақ орта және кәсiптiк бiлiм беру мекемелерiнiң басым көпшiлiгiнiң шығындарын жауып отыр. Бiлiм беруге мемлекеттiк бюджет қаражаттарының үлкен бөлiгi (58%) жалпы орта бiлiм беруге бөлiнедi, мұнан кейiнгi орында жоғары бiлiм беру (16,1%) және, ең соңында орта арнаулы және мектеп жасына дейiнгi бiлiм беру (7,5%) орын алады. 1999 жылғы бiлiм беру жөнiнде жоспарланған бюджеттi Парламент екi есе қысқартты.
Бюджет шиеленiсуiнiң салдарлары
Бюджеттiң шиеленiсулерi орта білiм беру сапасының төмендеуiне алып келдi. Әсiресе табыстары төмен селолық жерлер мен аудандарда қиын жағдай қалыптасты, бұларда ата-аналар мектепке қосымша қаржылық қолдау көрсете алмайды. Мектеп оқулықтарының жетiспеуi (оларды пайдалану ушiн төлем жасау немесе оларды сатып алу керек) және мектеп ғимараттарының қайғылы жағдайларының салдарынан оқытудың бара-бар емес жағдайлары нағыз елеулi проблемалар тудырып отыр. Осы оқушыларды мектеп оқулықтарымен қамтамасыз етумен бiрге этникалық азшылыққа бiлiм беру мiндеттi түрде заңмен көзделген, мұның өзi бюджетке қосымша салмақ түсiредi. Қазiр жаңа оқу жылының жоспары мен мектеп оқулықтарын дайындау жөнiндегi (қазiргi сәтте 3-ші сыныптық деңгейге дейiнгісi аяқталған, 2000 жылы 4-шi сыныпты қамту жоспарланып отыр) жөнiндегi жұмыс жүргiзiлуде. Азия Даму Банкi (АДБ) қарыз бере отырып жаңа оқулықтар шығаруға ықпал жасады, алайда, қаржы мен адам ресурстарының барлығының күш-жiгерi жаңа оқу жоспарлары мен оқыту материалдарын дайындауға бағытталған. Сонымен бiрге АДБ мектептердегi компьютерлiк сыныптарды жабдықтауға өз үлесiн қосты (980 мектептi қамтамасыз ету жоспарланып отыр), алайда бәрiбiр мемлекеттiк бағдарлама мiндеттерi орындалмаған күйiнде қалып келедi. Көмекшi оқыту материалдары мен жабдықтары ескiрген, сондай-ақ олардың жетiспеушiлiгi сезiледi.
Сумен жабдықтауды және санитарлық жағдайларды қоса алғандағы мектептердегi жағдайлар әсiресе селолық аудандарда айрықша қайғылы жағдайларда болып отыр. Сыныптар барлық жерлерде артығымен лық толған. 1996/97 жылдарда 3,123 селолық мектептер 1 479 қалалық мектептермен салыстырғанда екi ауысымда жұмыс iстедi. Алпыс жетi мектеп үш ауысымда жұмыс істедi. Алайда басқа селолық мектептерде оқушылар санының аздығы соншалық, мұғалiмдер оқушылардың әртүрлi деңгейлерiне арналған оқытудың осы заманғы әдiстерiн қолданбастан-ақ, бір мезгiлде үш немесе төрт сыныптарда сабақтарды жүргiзе бередi.
Негiзiнен алғанда, оқытушылар құрамының даярлық деңгейi жоғары, бiрақ әлi де көптеген олқылықтар бар. Мектеп жасына дейiнгi мекемелердiң жабылуына байланысты балалар бақшаларының кейбiр тәрбиешiлерi бастауыш сыныптарға жұмыс істеуге көшiрiлген болатын; оларға бiлiктiлiк деңгейлерiн арттыру үшiн қайта даярлықтан өту қажет. Мұғалiмдердiң оқыту мен сыныптық басқарудың жаңа әдiстерiне қол жеткiзуi мейлiнше шектеулi. Сондай-ақ мектептi басқарудың машықтарына мектеп директорларының кәсiптiк даярлануын өткiзу қажет.
Арнайы қорғау шараларын қажет ететiн балалар
Бақытсыздыққа ұшыраған балалар - әсiресе жетiм балалар мен мүгедектер - заң бойынша тегiн бiлiм алуға тиiс. Көзделiп отырған 84,000 жетiм балалардың шамамен 63,000 мектептерге, не мектеп-интернаттарға (10,060) немесе әдеттегi мектептерге (53,420) барады. Мүгедек балалар (1996 жылы олар 120,000 болатын) тегiнде жалпы деңгейлiк бiлiм алмайды. Мүгедек балалардың саны әсiресе экологиялық апатты аймақтарда - Семейге және Арал теңiзiне жақын орналасқан жерлерде өсiп келедi. Балалар үйлерiндегi жағдай туралы тек шектеулi ғана ақпараттың болуына қарамастан, бақытсыздыққа ұшыраған және тастанды балалардың мамандандырылған мекемелерге түсуi жалғасып келедi, сондай-ақ бюджеттiң қысқартылуы мемлекеттiң бұрынғыдай деңгейде қамқорлық жасау мүмкiндiгiн азайта түскенi де түсiнiкті. Осындай жағдайда оларды психологиялық кедергiлерден өтуде өздерiн жеке қалдыра отырып, балалардың ең аз деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырудың өзi қызметкерлерге қиынға түседi.
Негiздеме
Қазақстан Үкiметi бiлiм сапасын жақсарту жолын қууда. ЮНИСЕФ оқытудың тиiмдiлiгi мен сапасын жақсартуға, және білiм берудің әртүрлi кезеңдерiнде оқушылардың қанағаттанарлықтай деңгейде бiлiм алуына қол жеткiзуге барынша көңiл бөле, қоғамның нашар қорғалған топтарының қажеттiлiктерiн ескере отырып, базалық/бастауыш бiлiм беру саласында ілгерiлеушiлiктi жеделдетуге ұмтылуда.
Қазiргi уақытта Қазақстанда баланың оқуға құқығы толығымен берiлген - мiндеттi бастауыш оқуға кепiлдiк 6-дан 16-жасқа дейiнгi балаларға тегiн берiлген. Проблеманың мәнiсi мынада, өткенмен салыстырғанда олар алатын оқыту сапасының деңгейi төмендеп кеттi. Қазақстанның педагогтары оқыту мен мектептердi басқару машықтарын жақсартуда қажетсiнедi және тiлейдi. Балаға бағытталған оқыту әдiстерiн енгiзу Бiлiм беру туралы жаңа заң мiндеттерiнiң бiрi болып табылады. Бiрақ бұл әдiстер жаппай тарай алмайды, оларды тестiлеу және Қазақстанның жағдайларына бейiмдеу қажет. Сондай-ақ денсаулық пен гигиена, тәртіптiлiк пен төзiмдiлiк, қоршаған орта мен салауатты өмiр салты жөнiндегi ақпаратты пысықтауды жалғастыру және оқу бағдарламасына енгiзу қажет.
Арнайы қорғау шараларын қажет ететiн балалар, көше балалары туралы; мамандандырылған мекемелерде (балалар үйлерiнде, сәбилер үйлерiнде, мектеп-интернаттарда және т.с.с.) ұсталатын балалар; мүгедек балалар; жұмыс істейтiн балалар; сондай-ақ қаражаттың жоқтығынан тұрақты негiзде мектепке бармайтын немесе отбасының бюджетiн толықтыруға көмек көрсету мақсатымен жұмыс iстеуге мәжбүр балалар туралы ақпаратқа мұқият айқындалған қажеттiлiк бар. Мамандандырылған мекемелерде ұсталатын балаларға қатысты қызметтiң басыңқы бағыттары мекемелердiң өздерiнiң жағдайларын жақсарту, сондай-ақ осындай балаларды емдеу мен күтуге баламалы көзқарастарды iздестiру болып табылады. Отбасы жағдайларында балаларға күтiм жасау - бұл баланың жеке қажеттiлiктерiн қанағаттандырудың ең үздiк әдiсi; тиiсiнше отбасылардың балаларды асырауына көмектесу, мемлекеттiң тәрбиесiне берiлген балаларды олардың отбасыларымен бiрiктiру, ұл ғып/қыз ғып асырап алу, сондай-ақ отбасылық балалар үйлерiн құру және тастанды балаларды тәрбиелеуге алу, мiне, проблеманы шешудiң ең ықтимал әдiстерi осылар, мұның өзi одан әрi зерттеу мен қолдауды қажет етедi. Қалай қосымша ақпарат жиналысымен, проблеманы толық ауқымында талдауға және тиiстi стратегияны әзiрлеуге болады.
Бағдарламаның мақсаттары
Балаға бағдарша сай, арнайы қажеттiлiктерi бар балаларға айрықша көңiл бөле отырып, оқыту ортасына қол жеткiзу құқығын арттыру. Балалардың үй күтiмi жағдайларында даму құқығын қорғау.
Бағдарламаның мiндеттерi
1. Оқыту ортасын анағұрлым балаға бағытталғандай етiп қалыптастыру.
2. Барлық бабалардың құқықтарын қолдайтын және олардың қол жеткiзу құқығын қамтамасыз ететiн бiлiм беру саясатын талқылауға және қалыптастыруға өз үлесiн қосу.
3. Қазақстандағы әлеуметтiк-экономикалық жағдайға сәйкес келетiн оқытумен мектептiк басқарудың әдiстерiн әзiрлеудi, бейiмдеу мен таратуды қолдау.
4. Мектептерге барудың кепiлдi деңгейiнiң сақталуы мен балалардың орта мектептi тастап кетуi деңгейiнiң қысқаруын қамтамасыз етедi.
5. Мектептi оқыту бағдарламасына білiм берудiң дүниежүзiлiк стандарттарын интеграциялайды.
6. Бiлiм сапасы мониторингi ұлттық мүмкiндiктерiн құру мен күшейтудi және оқытуда жетiстiктерге жетуi Yкiметке көмек көрсету.
7. Жергiлiктi жерлердегi мектептердегi оқыту сапасын жақсартудағы жұртшылыққа көмек көрсету.
8. Отбасылық кiрiс деңгейiнiң қысқартылуынан, жұмыссыздықтан және әлеуметтiк кепiлдiктер жүйесiнiң бейинтеграциялануынан бәрiнен көп зардап шеккен отбасылар мен балаларға әлеуметтiк көмектi шоғырландыру механизмiн әзiрлеуде Yкiметке көмек көрсету.
9. Мамандандырылған мекемелерге балаларды орналастыруды болдырмайтын, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау шараларын қажет ететiн балаларды әлеуметтiк интеграциялауға септiгiн тигiзетін балаларды қорғау жүйесiн дамытуды ынталандыру.
10. Әйтсе де мамандандырылған мекемелерде тiршiлiк етуге тура келетiн балалардың психоәлеуметтiк күтiмi мен қамтамасыз етiлу сапасын жақсарту.
Бағдарламаның стратегиялары
Арнайы әлеуметтiк қызметтер көрсетудi қолдау
Шектелген санаулы жағдайларда ЮНИСЕФ қажет ететiн аудандарға оқулықтармен және басқа мектептердегi оқыту материалдарымен көмек көрсетедi.
Мемлекеттiң мүмкiндiктерiн жақсарту
ЮНИСЕФ бiлiм беру саласында саяси шешiмдер қабылдайтын және оларды практикада қолданатын адамдардың сондай-ақ әлеуметтiк сала мамандарының мүмкiндiктерiн, саясат саласында оқыту және жалғасып отырған талқылаулар арқылы балалардың денсаулығының қорғалуы, олардың дамытылуы, қорғалуы мен қатыстырылуы жөнiнде тиiмді қолдау көрсету үшін күшейту жөнінде көмек көрсететiн болады. ЮНИСЕФ бiрнеше YЕҰ-мен олардың қызмет көрсету жөнiндегi мүмкiндiктерiн күшейту жөнiнде бақытсыздыққа ұшыраған балаларды қорғаушылар ролiн атқара отырып жұмыс iстейтiн болады.
Мақсатты көмек топтарының ролiн күшейту
Азаматтық қоғамдастықпен отбасының ролiн олардың өз балаларының тәрбиесiмен оқытылуына қатысу белсендiлiгiн арттыруға қатыстыру мақсатымен күшейту. Балалардың бiлім алудағы қажеттiлiктерiнiң орындалуы кепілдiгін қамтамасыз ету үшiн ата-аналармен тығыз ынтымақтастық мектептерде ынталандырылатын болады. Азаматтық қоғамдастықты, мұғалiмдер мен балаларды бала құқықтары бойынша оқытылуын жүргiзу жоспарланады.
Балалардың мүдделерiн насихаттау
ЮНИСЕФ баланың құқықтарын, атап-айтқанда бiлiм алу және үй жағдайында күтiмге ие болу құқықтары, сондай-ақ айрықша қорғау шараларын қажет ететiн балалардың құқықтарын тану үшiн күресетiн болады.
Бағдарламаны қамту және көмектi алушылар (мақсатты топтар)
Бағдарлама бойынша қызметтiң түрлерi, негiзiнен алғанда, ұлттық деңгейде жүзеге асырылатын болады, және қоғамның нашар қорғалған топтарының балаларына бағытталатын болады, ол бағдарламаны iске асырудың алғашқы жылында анықталады. Айрықша қолдау мен қызмет көрсету айрықша қажет ететiн аудандарға шоғырландырылатын болады. Осындай облыстарды немесе аудандарды iрiктеудiң өлшемдерi, отбасының орташа кiрiсi, жұмыссыздық деңгейi, тәуекел топтарының қатысуы, серiктестер мен донорларды тарту секiлдi осындай факторларды назарға ала отырып, әзiрленетiн болады. Оқыту ортасын жақсарту жөнiндегi бағдарламаны iске асырудан ұтатын шәкiрттерге қосымша көмек алушы арнайы топтарға айрықша қорғау шараларын қажет ететiн мамандандырылған мекемелерге түсiп қалуы әбден ықтимал тәуекел топтарының, немесе қазiрдiң өзiнде оларда ұсталатын балалар секiлдi; асыра пайдаланылатын немесе менсiнілмейтiн балалар; мүгедек балалар; көше балалары кiретiн болады.
Оқытудың қолайлы ортасын жасау жөнiндегi жоба
Жобаның мақсаттары мен мiндеттерi
1. Балалардың жеке қажеттiлiктерiне жауап беретiн анағұрлым жоғары бағдарға көшу кезiнде балаға қолдау көрсету.
2. Балаларға, ата-аналар мен мұғалiмдерге мектептермен, отбасылармен және азаматтық қоғамдастық өмiрмен ынтымақтастық байланыстар орнатуда көмек көрсету.
3. Азаматтық қоғамдастықтың бейорталықтандырылған көзқарасына арқа сүйеу арқылы мектептi басқару жөнiнде қолдау көрсету.
4. Мектептi тастап кету қаупi төнiп тұрған оқушыларды анықтау әдiстерiмен, сондай-ақ оқушылардың мектептен кетуiне және қатыспаушылығына қарсы әрекеттер жасау, қоғамдық қолдауды тарту мен ынтымақтастық арқылы мұғалiмдердiң оқытылуын жүргiзуге көмек көрсетедi.
5. Қатыспаушылық схемасы мен мониторингтiк жүйелердiң дамытылуын қолдау.
6. Теңдiктi, құрметтеушiлiктi, кемсiтушiлiктен бас тартушылықты және барлық балалардың қатысуға тартылуын ынталандыру.
7. Бiлiм берудiң аса құнды стандарттарының, мектептiң оқу жоспарларына санитарлық-гигиеналық ағарту, бейбiтсүйгiштiк пен төзiмдiлiкке үйрету, қоршаған ортаны қорғау және салауатты өмiр салты мәселелерiн қоса отырып, интеграциялануын қолдау.
8. Бiлiм беру сапасы мониторингiн өткiзудiң ұлттық мүмкiндiктерiн құру мен күшейтудi және тұрақты негізде оқыту жетiстiктерiне жетуде Үкiметке көмек көрсету.
Жобаның стратегиялары
Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қолдау
Шектелген санаулы жағдайларда ЮНИСЕФ қажет ететiн аудандарға оқулықтармен және басқа мектептердегi оқыту материалдарымен көмек көрсетедi. ЮНИСЕФ бiлiм беру жүйесi ведомстволарының өкiлдерi мен оқу жоспарларын, оқыту ортасы мен мониторинг жүйелерiн жетiлдiру жөнiнде бiрлескен жұмыс жүргiзетiн болады.
Мемлекеттің мүмкiндiктерiн жақсарту
Бiлiм беру жүйесiнiң қызметкерлерiне, саяси шешiмдер қабылдайтын адамдарға және жұртшылық өкiлдерiне қолдау көрсетiлетiн болады, сондай-ақ басқару мен бiлiм беру жүйесi мониторингiн жетiлдiру мақсатымен оқытылудан өту мүмкiндiгi берiлетiн болады.
Мақсатты топтардың ролiн күшейту
Жұртшылық пен отбасыларының ролiн күшейтуге, олардың өз балаларына бiлiм беруге белсене қатысуына мүмкiндiк жасай отырып көңiл бөлiнетiн болады. Мектептердiң ата-аналармен тығыз ынтымақтастығы олардың балаларының бiлiм алудағы қажеттiлiктерiнiң орындалу кепiлдiктерiн қамтамасыз ету үшiн ынталандырылатын болады. Мектеп жүйесiне бағытталған оқыту ортасы жөнiндегi шағын жобаның қамқорлығымен мектеп жүйесiн жетiлдiру саласында консультациялар беру және қызмет мониторингін өткiзу жөнiнде қоғамдық топтар құрылатын болады. Өмiрлiк машықтар жөнiндегi шағын жобаның қызметiне өз денсаулығын, сондай-ақ өзiнiң әлеуметтiк және жеке ортасын қорғауға анағұрлым белсене қатысудағы балалардың ақпараттар алып тұруы және ролiнiң күшейтiлуi қосылатын болады.
Негiзгi серiктестер
Осы жобаны iске асыруда Бiлiм және ғылым министрлiгi, оның бөлiмшелерi мен институттар, сондай-ақ ҚР Президентi жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссия мен Салауатты өмiр салтын қалыптастыру проблемалары жөніндегi ұлттық орталық ЮНИСЕФ-тiң негiзгi серiктестерi болады. YЕҰ-мен бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрғындардың хабардарлығын жақсарту жөнiндегi шараларды өткiзу кезiнде байланыс орнатылатын болады. Жобаны iске асыру жөнiндегi жұмысқа БҰҰ агенттiктерi, донорлар мен басқа да мүдделi халықаралық және ұлттық ұйымдар тартылатын болады.
Бағдарламаның әкiмшiлiгiн жүргiзу
Жобаларды iске асыру республикалық және жергiлiктi басқару органдарының өкiлдерiмен ЮНИСЕФ-пен ынтымақтастықта жүзеге асырылатын болады. Жоба жөнiндегi үйлестiру тобы жоспарлау, жобаның мониторингi мен бағалануы процесiне бақылауды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын болады. Топ ЮНИСЕФ Өкiлеттiгi мен ОАҚР, ЮНИСЕФ-тiң Астана қ. Өкiлеттігi қызметкерлерiнен, Yкiметтiң өкiлдерiнен, БҰҰ мүдделi агенттiктерiнiң өкiлдерiнен және қатысушы министрлiктер сарапшыларынан тұратын болады.
Нәтижелілiк көрсеткіштерi
Ықпал ету көрсеткiштерi
- Мектептердiң жұртшылықтың мақсатты топтарындағы "балаға достық ниеттi қатынас" практикасын қалыптастыратын проценттiк қатынасы, және соның негiзiнде құрылған оқу жоспарлары;
- Жүйелi қатысу (анда-санда қатысу) мүлдем қатыспақ жас айырмашылығы топтары және баланың жынысына байланысты параметрлердi қоса алғанда, балалардың мектептерге қатысу деңгейiндегi өзгерiстердiң проценттiк қатынасы;
- Денсаулық, гигиена, бейбітсүйгiштiк, төзiмдiлiк, қоршаған орта және салауатты өмiр салты жөнiндегi материалдардың барлығы/пайдаланылуы.
Нәтижелiлiк көрсеткiштерi
Мектеп жүйесiне бағытталған оқыту ортасын жақсарту жөнiндегi
шағын жоба
- Азаматтық қоғамдастықтың әлеуеттi топтарын анықтау
- Азаматтық қоғамдастықтың арасында пiкiрталастарын өткiзу
- Азаматтық қоғамдастықтың мақсатты топтарын iрiктеу
- Олардың оқытылудан өтуi мен алған машықтарын практикада қолданатын мектептер директорлары мен мұғалiмдерiнiң санын анықтау.
Бiлiмге қол жеткiзу және азаматтық қоғамдастыққа тарту
- Қатыспаушылық мониторингi жүйесiн құру
- Мұғалiмдердiң, қоғамдық топтар мен ата-аналардың санын олардың бала құқықтары бойынша оқытылудан өтуi үшiн анықтау
- Азаматтық қоғамдастық топтары мен мектептер үшiн өткiзiлген
семинарлардың саны.
Өмiрлiк машықтарды тәрбиелеу жөнiндегi шағын жоба
- Жұмыс топтарын қалыптастыру
- Өмiрлiк машықтарға оқыту пәнiне оқыту материалдарының барлығы жөнiнде елiмiзде арнайы бағалау өткiзу
- Халықаралық тәжiрибе саласында зерттеулер еткiзу.
Бағалау мен мониторинг механизмi
Жобаны орындау мониторингi жергілiктi жерлерге бару, сондай-ақ
серiктестермен үйлестiру және стратегиялық сапарларға шығу арқылы жүзеге асырылатын болады.
Мектеп жүйесiне бағытталған оқыту ортасын жақсарту жөнiндегi
шағын жоба
Іс-шаралар
1. Ұлттық бiлiм беру реформасы шеңберiнде Yкiметпен саяси шешiмдер қабылдау.
2. Жүргiзiлген зерттеулердiң қолданылып жүрген нәтижелерiне шолу жасау, сондай-ақ азаматтық қоғамдастықтың әлеуеттi топтары мен мектептердi анықтау үшiн қажеттi қосымша зерттеулердi оларға көмек көрсету мақсатында жүргiзу.
3. Азаматтық қоғамдастықтың қатысуымен қажеттi көмектiң түрi мен деңгейiн, сондай-ақ назарды балаға аударатын оқыту ортасын құруға олардың тiлегi мен әзiрлiгiн талқылау үшiн форум өткiзу.
4. Азаматтық қоғамдастық топтары мен мектептердi оларға көмек көрсету мақсатында түпкiлiктi анықтау, іске асыру жоспарлары мен шағын жоба мониторингiн дайындау.
5. Жекелеген мақсатты аудандарда мектептердiң барлық мұғалiмдерi мен басшылығы үшiн жергiлiктi жерлерде балаға бағыттау әдiстерiн анықтау, бейiмдеу және оқытуға ықпал ету.
6. Жергiлiктi жерлерде мектептер әкiмшiлiктерi мен мұғалiмдерiн мектеп пен сыныптарды жекелеген мақсатты аудандарда басқару әдiстерiне оқытуды өткiзу.
7. Мақсатты аудандарды оқулықтармен және оқыту материалдарымен қамтамасыз ету.
8. Жоғары тәуекелдi жекелеген мектептерге бiлiмге жалпыға ортақ қол жеткiзудi ынталандыру мақсатында тиiстi санитарлық жағдайлар жасау және сумен жабдықтау жөнiнде қолдау көрсету.
9. Бiлiмге жалпыға ортақ қол жеткiзудi ынталандыру мақсатымен жоғары тәуекелдi жекелеген мектептер ғимараттарының инфрақұрылымын қалпына келтiру жұмыстары жөнiнде қолдау көрсету.
10. Қамтамасыз ету мониторингi мен көмектi пайдалану.
11. Оқыту сапасына ықпал ететiн, көрсетiлетiн көмектiң нәтижелiлiгiн бағалау.
Бiлiмге қол жеткiзудi жақсарту және азаматтық қоғамдастықты тарту жөнiндегi шағын жоба
Iс-шаралар
1. Мектептi тастап кеткендердi шығару және сабаққа қатыспау жөнiнде қолда бар ақпараттар мен деректерге шолу.
2. Қатыспаушылықтың экспресс-бағалануын әзiрлеу, сынап көру және өткiзу.
3. Проблеманың таралу ауқымы, себептерi мен оларды жоюдың ықтимал әрекеттерi жөнiнде есептер дайындау.
4. Шешiмдер қабылдауға жауапты адамдардың қатысуымен есепке шолу, сондай-ақ осындай проблемаларды шешу үшiн басқа елдерде қолданылатын көзқарастарды зерттеу.
5. Мектептi тастап кету қауiпi төнген, және қатысу жөнiнен тұрақты түрде проблемалары бар оқушыларды анықтау және оларға көмек көрсету жөнiнде мұғалiмдер үшiн әдiстемелiк материалдар әзiрлеу жөнiнде жұмыс топтарын ұйымдастыру.
6. Жұмыс тобымен ынтымақтастықта пилоттық облыстарда қатыспаушылықтың үздiксiз мониторингi жүйесiн әзiрлеу.
7. Қатыспаушылық мониторингi жүйесiн енгiзу.
8. Жүйенiң қажеттi мониторингiн, бағалануы мен қайта қаралуын өткiзу.
9. Қатыспаушылықтың себептерiн анықтау.
10. Қатыспаушылықпен күрес стратегиясын анықтау.
11. Мұғалiмдердi және басқа мүдделi адамдарды қатыспаушылықпен күрес әдiстерiне оқытуды өткiзу.
12. Мектептер мен азаматтық қоғамдастық арасында баланы қорғаудағы ынтымақтастық пен мектептi басқаруды жақсарту құралдары туралы диалогты ынталандыру мақсатымен азаматтық қоғамдастық деңгейiнде өткiзiлетiн семинарларға демеушілік көрсету.
Өмiрлiк машықтарды тәрбиелеу жөнiндегi шағын жоба
Iс-шаралар
1. Үкiметтiң мүдделi өкiлдерiнен, БҰҰ агенттiктерiнен, мұғалiмдерден, сарапшылар мен жұртшылық өкiлдерiнен тұратын жұмыс тобын қалыптастыру.
2. Санитарлық-гигиеналық ағарту, бейбiтсүйгiштiк пен төзiмдiлiк, қоршаған орта мен салауатты өмiр салты жөнiндегi материалдарды қоса алғанда, бiлiм берудiң халықаралық стандарттарын мектеп бағдарламасына енгiзу жөнiндегi Қазақстанның материалдары мен тәжiрибесiн бағалау.
3. Бiлiм берудiң халықаралық стандарттарын мектептерге енгiзу жөнiндегi халықаралық тәжiрибенi зерттеу.
4. Бағалаудың нәтижелерiн және зерттеулерге негiзделген осы тақырып пен материалдарды мектеп бағдарламасына енгiзудi көтермелеу мен қолдау стратегиясын дайындау.
5. Тақырып пен материалдарды мақсатты мектептерге енгiзу.
6. Ілгерілеушiлiк пен нәтижелiлiк мониторингі мен бағалау; қажет болған жағдайда стратегияны қайта қарау.
Арнайы қорғау шараларын қажет ететiн балаларға көмек жобасы
Жобаның мақсаттары
1. Көшедегi, асырап алынған балалар және мамандандырылған мекемелерде ұсталатын балалар жөнiнде зерттеулер жүргiзу.
2. Отбасылардың қосылуы, балалардың тәрбиеге қабылдануы, денi сау балаларды (мүгедектiктiң қандай да болсын түрлерiмен ауырмайтындарды) отбасылық балалар үйлерi мен балалар орталықтары-жетiмханаларына орналастыру сияқты шаралар арқылы мамандандырылған мекемелерде ұзақ уақыт бойы болған балалардың санын азайтуға алып келетiн Yкiметтiң және YЕҰ бастамаларын қолдау.
3. Тастанды жас балалардың санын азайту мақсатымен отбасылық құндылықтарды арттыруды, балалар үшiн әлеуметтiк қызметтер сапасын жақсартуды көтермелеу.
4. Балаларды тәрбиелеуге алуға өздерiн әзiр ретiнде ұсынатын отбасылар мен топтарды ұлғайту жөнiнде Yкiметпен бiрлесе жұмыс жүргiзу.
5. Мүгедек балаларды қоғамдық өмiрге тартуды (олардың әдеттегi мектептерге қатысуы және т.с.с.) қолдау.
6. Мамандандырылған мекемелердегi балалардың күтiм сапасын жақсарту жөнiнде Yкiметпен бiрлесiп жұмыс жүргiзу.
7. Саяси шешiмдер қабылдайтын Yкiметтiң өкiлдерiмен, аймақтардағы өкiмет органдарымен және министрлiктермен өзара байланыс орнату мақсатында балаларды қорғау жөнiнде YЕҰ арасында бiрлескен қызмет пен ақпараттар алмасу мүмкiндiктерiн күшейту.
Жобаның стратегиялары
Арнайы әлеуметтiк қызметтер көрсетудi қолдау
ЮНИСЕФ Үкiметке әлеуметтiк қызметтер көрсету жүйесiн жақсартуда, қажет ететiн отбасыларды қоса алғанда, оларға балаларын отбасында сақтап қалуға, балаларды тәрбиелеуге алатын адамдарды қолдауға және мекемелерде күтiм жасауға көмек көрсету үшiн ықпал ететiн болады.
Мемлекеттiң мүмкіндiктерін жақсарту
Бағдарлама саяси шешiмдер қабылдайтын Yкiмет өкiлдерiнiң мүмкiндiктерiн жасауға, және арнайы қорғау шараларын қажет ететiн балалар мен жұмыс iстеудiң жаңа әдiстерiн бейiмдеу және сынақтан өткiзу жөнiндегi жоғары тұрған басшыларға бағытталатын болады. Отбасыларының оларға әлеуметтiк қызметтер көрсету арқылы Еңбек және әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң қолдауы жекелеген жоғары тәуекелдi аудандар облыстарда әлеуметтiк қызметкерлердi оқыту сапасын арттыру арқылы күшейтiлетiн болады.
Мақсатты топтардың күштерiн күшейту
Осы жоба арнайы қажеттiлiктерi бар балаларға таңдаулы күтiм жағдайларын жасаудағы отбасылардың ролiн күшейтуге, сондай-ақ олардың балаларының жеке қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын қызметтердiң қолдануы мен көрсетiлуiн қорғауға ұмтылады.
Балалардың мүдделерiн қорғау
ЮНИСЕФ мүгедек балаларға үй жағдайларындағы күтiм, күндiзгi мекемелердiң күтiм жөнiндегi қызметтерiн жақсарту сияқты баламалы көзқарастардың пайдаланылуын ынталандыратын болады. Ол кәмелетке толмаған заң бұзушылармен, көше балаларымен және мүгедек балалармен жұмыс істеудiң және колонияларда ұстаудың әдiстерiне өзгерiстер енгiзу үшiн күресетiн болады. ЮНИСЕФ балалардың мүдделерiн қорғау жөнiндегi заң шығару реформаларын жүргiзуде Yкiметтiң YЕҰ бастамаларына қолдау жасайды, мысалы, кәмелетке толмаған заң бұзушыларына қатысты сот төрелiгiн атқару жөнiндегi заң жобасына, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарды басқару жөнiндегi зерттеулерге өз үлесiн қосады.
Негiзгi серiктестер
ЮНИСЕФ осы жобаны iске асырудағы негiзгi серiктестерi Бiлiм және ғылым министрлiгi, оның бөлiмшелерi мен институттар, Iшкi iстер министрлiгi, Әдiлет министрлiгi, Еңбек және әлеуметтiк қорғау министрлiгi, сондай-ақ ҚР Президентi жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссия, Денсаулық сақтау істері жөнiндегi агенттiк, Салауатты өмiр салтын қалыптастыру жөнiндегi ұлттық орталық болады. Тұрғындардың хабардарлығын жақсарту жөнiнде іс шаралар өткiзу жөнiнде YЕҰ, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнатылатын болады. Жобаны іске асыру жөнiндегi жұмысқа БҰҰ, донорлар және басқа мүдделi халықаралық және ұлттық ұйымдар тартылатын болады.
Жобаның әкiмшiлiгiн жүргiзу
Жобаларды iске асыруды республикалық және жергiлiктi басқару органдарының өкiлдерi ЮНИСЕФ тығыз ынтымақтастықта жүзеге асыратын болады, жобаның жоспарлану, мониторингi мен бағалану процесiн бақылау мақсатымен жоба бойынша Yйлестiру тобы құрылатын болады. Топ ОАҚР-дағы ЮНИСЕФ Өкiлдігінiң, Астана қ., ЮНИСЕФ Өкiлдiгiнiң қызметкерлерi мен үкiмет өкiлдерiнен, БҰҰ мүдделi агенттiктерiнiң өкiлдерi мен қатысушы министрлiктердiң сарапшыларынан тұратын болады.
Көрсеткiштер
Ықпал ету көрсеткiштерi
- Жасаралық топтар бойынша және баланың жынысына байланысты
мемлекеттiң қамқорлығында тұрған 6-12 жастағы балалардың саны
- 6-12 жастағы тастанды балалардың жыл сайынғы саны
- Жобамен қамтылған аудандардағы отбасылық балалар үйлерiне
орналастырылған балалардың жыл сайынғы саны
- Әдеттегi мектептерге баратын мүгедек балалардың саны.
Нәтижелiлiк көрсеткiштерi
Балалардың пайдаланылуына залал келтірудi азайту жөнiндегi шағын жоба
- Қолданылып жүрген заңдарды қайта қарау
- Қоғамдық сананың деңгейiн арттыру жөнiнде науқан жүргiзу
- Заңдардың ережелерi мен пайдалы практика мысалдарын
қабылдау.
Мамандандырылған мекемелердегі күтімге баламалы көзқарастар
жөніндегі шағын жоба
- Бастапқы зерттеулер жүргiзу
- Мамандандырылған мекемеде ұстаумен салыстырғанда баланы
отбасында сақтау үшiн қажеттi ресурстар бойынша зерттеулер жүргiзу
- Өткiзiлген оқу семинарларының саны
- Қандай ұйымдардан оқытылған адамдардың саны, олардың деңгейi мен практикада алған машықтарының қолданылуы
- Заңдардың қабылдануы.
Мониторинг пен бағалауды жүргiзу механизмi
Мониторинг пен бағалауды жүргізу механизмi негiзгi серiктестермен бiрлесiп әзiрленетiн болады. Жобаны орындау мониторингі жергiлiктi жерлерге бару арқылы, сондай-ақ үйлестiру және серiктестермен стратегиялық сапарларға шығу арқылы жүзеге асырылатын болады. Жобаны іске асырудың алғашқы сатысында назар деректердi жинауды жақсарту жөнiндегi үкiметпен жұмысқа жұмылдырылатын болады.
Залал келтiрудi және балалардың пайдаланылуын азайту жөнiндегi
шағын жоба
Іс-шаралар
1. Әртүрлi жасаралық топтардағы балалар мен үлгi ретiнде ата-аналарды тарта отырып, жүйелі уақыт аралығында зерттеулер жүргiзу арқылы денелiк, моральдық немесе жыныстық зорлықтың барлық нысандарынан барлық балаларды қорғау мониторингін қолдау.
2. Өз үйiндегi сияқты, мамандандырылған мекеме жағдайларында да денелiк немесе моральдық зорлықтың барлық нысандарынан балаларды қорғауға жауап беретiн заңдардың шеңберiн қайта қарау.
3. Статистикалық деректер жинау рәсiмiн орнату арқылы балаларға жасалатын зорлыққа қатысты саясатты дамытуды қолдау.
4. "Көрiнбейтiн жұмыс iстеушi" балалардың жағдайларын құжаттамалық куәландыру: оларды ауылшаруашылық қызметкерлердi, үй жанындағы жұмыстар үшін пайдалану.
5. Көшеде тұратын, өздерiнiң есiрткi құралдарын асыра пайдалануы, олардың жыныстық жолмен берiлетiн ауруларға, СПИД-ке және жыныстық жұқпалы ауруларға, зорлыққа және психоәлеуметтiк жолсыздықтарға ұшырауы салдарынан айрықша назарды қажет ететiн балаларға алғашқы медициналық қызметтер көрсету жүйесiн енгiзу жөнiндегi күш-жiгерлердi қолдау.
6. Көшедегi сияқты, жұмыс орнында да балаларды пайдаланудың шындықтарына қатысты бұқаралық ақпарат құралдары мен басқа да құралдар арқылы қоғамдық сананы арттыру жөнiндегi науқандарды қолдау.
7. Балалардың талдаулық және бағдарламалық процестердiң барлық сатыларына қатысуы мен тартылуын қолдау.
Арнайы мекемелердегi күтiмге баламалық көзқарастар жөнiндегi шағын жоба
Iс-шаралар
1. Балалардың арнайы мекемелердегi жағдайы бойынша жағдайға талдау және алғашқы зерттеулер жасау.
2. Өз отбасында тұра алмайтын балалардың жағдайын және қолданылып жүрген отбасын қолдау деңгейiн шолу жөнiндегi үкiметтiк семинарды қолдау.
3. Баланы өз отбасында ұстауға қажеттi ресурстар және арнайы мекемелерге орналастыру деңгейлерi жөнiндегi салыстырмалы талдауды қолдау.
4. Балаларды деинституционалдауға бағытталған үкiметтiң күш салуын және әрбiр балалар үйiндегi/интернаттағы балалардың санын қысқартуды қолдау.
5. Саясат әзiрлеу бойынша семинарлар өткiзу және/немесе қызмет көрсету саласында, заңдарда, саясатта ұқсас өзгерiстерден өткен елдерге жолсапармен бару және олардың келуi, сондай-ақ арнайы мекемелерде балаларды бағудың жекелеген мәселелерi бойынша НПО форумдарын өткiзу.
6. Мамандар, ерiктiлер, балаларды пайдалануды қысқарту мен алдын алу жөнiндегi саясаткерлер үшiн семинарлар өткiзу.
7. Балалар үйлерiнiң қызметкерлерiн оқыту арқылы балаларды психикалық-әлеуметтiк дамытуды жақсарту бойынша шаралар мен қызметтер енгiзудi қолдау.
8. Саясатты және интеграцияланған қызмет көрсетудi дамыту жөнiндегi стратегиялық жоспарларды әзiрлеуде жергiлiктi өкіметке мүмкiндiктер беру мақсатымен мүгедек балалар құқықтары бойынша семинар ұйымдастыру.
9. Жекелеген аудандарда мүгедек балалардың денi сау балаларға арналған жай мектептерге қатысуы арқылы оларды қоғамдық өмiрге тартуға қажеттi көзқарастарға оқыту.
Саясат әзiрлеу, өзара байланыс және төтенше жағдайларға дайындық жөнiндегi жоба
Жобаның мақсаттары мен мiндеттерi
1. Жағдайға талдау және базалық зерттеулер өткiзу.
2. Тиiстi халықаралық стандарттарға сәйкес есеп берушiлiк жөнiндегi мiндеттердi орындауды қолдау үшiн техникалық кеңестер өткiзу.
3. Саясатты талдау және дамытуды, сондай-ақ балаларға бiлiм беру мен қорғау саласындағы коммуникациялық іс-шараларды қолдау.
4. Бала құқықтарына жауап беретiн төтенше жағдайларға дайындық жөнiндегi бастамаларды дамытуды қолдау.
Жобаның стратегиялары
Осы жоба әр бағдарламада саясаттың түрлi салаларына назар аудара отырып, барлық үш бағдарламамен ұштасады. Баланы жан-жақты дамыту бағдарламасында балалардың бiлiм алуы мен қорғалуына назар аударылатын болады.
Ерекше әлеуметтiк қызмет көрсетудi қолдау
Төтенше жағдай пайда болған жағдайда ЮНИСЕФ, ол әсер ететiн оқу сабақтарын өткiзуге көмектесетiн болады.
Мемлекеттiң мүмкіндiктерін күшейту
Бастапқы жетiлдiрiлген ақпарат, басқа елдермен тәжiрибе алмасу, саяси шешiмдер арқылы бiлiм беру қызметкерлерi мен шешiм қабылдаушы саясаткерлер балалардың құқықтарын іске асыруды одан жақсы ұйымдастыра алады.
Балалардың мүдделерiн қорғау
ЮНИСЕФ ерекше қорғау шараларын қажет ететiн балалардың барлық мұқтаждары мен құқықтарын қорғайтын және балаға бейiмделген оқыту ортасын құратын болады.
Негiзгi серiктестер
Осы жобаны iске асыруда ЮНИСЕФ-тiң негiзгі серiктестерi Бiлiм және ғылым министрлiгi, оның бөлiмшелерi мен институттар, Төтенше жағдайлар жөнiндегi ұлттық агенттiк, Iшкi iстер министрлiгi, Әдiлет министрлігі, Еңбек және әлеуметтiк қорғау министрлiгi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Отбасы және әйелдер істерi жөнiндегi ұлттық комиссия және Салауатты өмiр салтын қалыптастыру проблемалары жөнiндегi ұлттық орталық болады. Халықтың хабардар болуын жақсарту жөнiндегi іс-шараларды өткiзу кезiнде НПО-мен, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жасалатын болады. Жобаны іске асыру жөнiндегi жұмысқа БҰҰ агенттiктерi, донорлар және басқа да мүдделi халықаралық және ұлттық ұйымдар тартылатын болады.
Жобаны басқару
Жобаларды iске асыруды ЮНИСЕФ-пен ынтымақтастықта республикалық және жергiлiктi басқару органдарының өкiлдерi жүзеге асыратын болады, Жоба жөнiндегi үйлестiру тобы жобаны жоспарлау, мониторингi және бағалау процесiн бақылауды қамтамасыз ету мақсатында құрылады. Топ ОАҚР-дағы ЮНИСЕФ Өкiлдерiнен, Астанадағы ЮНИСЕФ Өкiлдерiнен, үкiмет өкiлдерiнен, БҰҰ-ның мүдделi агенттiктерi өкiлдерiнен және қатысушы министрлiктердiң сарапшыларынан тұрады.
Көрсеткiштер
Нәтижелiлiк көрсеткiштерi
- Жағдайды талдау мен басқа да зерттеулердi орындау
- ОАҚР-ғы бiлiм беру Форумын құру
- Шығарылған байланыс материалдарының саны мен түрi
- Баланың құқықтарын ескеретiн, төтенше жағдайларға дайындық
жоспарларын құру
- Қажет болған жағдайда байланыс iс-шараларына ықпал ету жөнiндегi зерттеулер.
Саясат, өзара байланыс және төтенше жағдайларға дайындық жөнiндегi шағын жоба
Iс-шаралар
1. Жағдайға талдау жүргiзу және ерекше қорғау шараларын қажет ететiн балаларды оқыту мен қорғау ортасы жөнiндегі жобаларда көрсетiлгендей, саясатты дамытуды қолдап дем беру.
2. ОАҚР-дың Бiлiм беру Форумына қатысу және оның жұмысына мүдделiлiк деңгейiн белгiлеу. Егер жүзеге асырылатындай болса, мұндай форумды құру.
3. Бағдарламалық материалдармен қамтылған тақырыптық бағыттары бойынша жалпы сипаттағы байланыстық iс-шараларды қолдау.
4. Елдегi жағдайға сәйкес төтенше жағдайға қажеттi дайындықты қолдау.
Бағдарламаны қолдау жөнiндегi шағын жоба
Осы шағын жоба барлық ынтымақтастық бағдарламалардан болады және оның негiзгi мақсаты ЮНИСЕФ қызметкерлерiне жалақы, iскерлiк жолсапарларды және бағдарламаны iске асыруға байланысты басқа да шығындарды қаржыландыруда болады.
Iс-шаралар
1. ЮНИСЕФ қызметкерлерiнiң посттары.
2. ОАҚР iшiндегi iскерлiк жолсапарлар.
3. Шетелге iскерлiк жолсапарлар.
4. Оқыту.
5. Операциялық шығындар.
Бағдарламаның бюджетi
Мың АҚШ долларында ____________________________________________________________________
Жоба 2000 2001 2002 2003 2004 Барлығы
____________________________________________________________________
Оқыту ортасын НР 83.0 83.0 125.0 125.0 125.0 541.0
жақсарту ҚР 300.0 300.0 300.0 300.0 300.0 1500.0
Ерекше қорғау НР 55.0 55.0 75.0 75.0 75.0 335.0
шараларын қажет ҚР 150.0 150.0 150.0 150.0 150.0 750.0
ететін балалар
Саясатты әзiрлеу,НР 55.0 55.0 61.0 61.0 63.0 295.0
өзара байланыс және ҚР .0 .0 .0 .0 .0 .0
төтенше жағдайларға
дайындық
Барлығы НР 193.0 193.0 261.0 261.0 263.0 1171.0
ҚР 300.0 300.0 450.0 450.0 450.0 1950.0
____________________________________________________________________
НР - Негізгі ресурстар
ҚР - Қосымша ресурстар
Қазақстан Yкіметiнiң және басқа да ұйымдардың үлесi
Баланы жан-жақты дамыту мәселелерi үкiмет жұмысының артықшылықтарына кiредi. Үкiмет Бiлiм жөнiндегi комитетке осы мәселелердi шешуге үлкен ресурстар бередi. Қызметкерлердiң жалақысына, бағдарламаны жергiлiктi жерлерде мониторингтеуге барлық шығындарды мемлекет төлейтiн болады.
Бағдарламаға басқа да халықаралық ұйымдар, ұлттық институттар, сондай-ақ көпжақты және екiжақты ынтымақтастық жөнiндегi серiктестер қатысады.
Жастардың әл-ауқаты жөніндегі бағдарлама
Жасөспірімдердің Балаларды қорғау Саясатты әзірлеу,
өмір салты және ювенальдық өзара байланыс
жөніндегі жоба әділ сотты және төтенше
реформалау жағдайлар
жөніндегі жоба жөніндегі жоба
Өмірлік Ювенальдық әділ Саясат пен
дағдыларды сот мониторингті
тәрбиелеу әзірлеу, және
төтенше
жағдайларға
Байланыс және Мекемелерде ұстауға дайындық
жастардың БАҚ балама жөніндегі
жұмысына қатысу көзқарастар жоба
Бағдарламаны
қолдау
жөніндегі
шағын жоба
Қысқаша шолу
Жастардың әл-ауқаты жөнiндегi бағдарлама жасөспiрiмдердi қолдау, денсаулығын жақсарту, олардың ересек өмiрге енуi мен азаматтық қалыптасуына қажет өмiрлiк дағдыларын дамытуға және өсiруге, 13 пен 18 жас аралығындағы балаларды қамти отырып, бағытталған. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру жөнiндегi бағдарлама шеңберiнде ЮНИСЕФ қажеттi медициналық қызметтердi жасөспiрiмдерге ұсынатын, өмiрлiк дағдыларды дамыту шараларын қамтыған жасөспiрiмдердiң өмiр қалпы жөнiндегi жобалардың дамуын көтермелейтiн болады. ЮНИСЕФ жасөспiрiмдердiң өздерiнiң даму мәселелерiн шешуге қатыса алатын механизмдердi жасауды қолдайтын болады. Сондай-ақ бұл Бағдарлама салауатты өмiр салты жөнiндегi мәлiметтердi жариялауға және жасөспiрiмдердiң кәсiби кеңесшiлермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, YЕҰ-мен байланыс жасауға бағытталатын болады.
Осы мақсаттар үшiн ЮНИСЕФ 985 мыңға жуық АҚШ долларын бес жылдық мерзiм iшiнде негiзгi ресурстан және 2 млн 250 мыңға жуық АҚШ долларын, егер донор таба алса, қосымша ресурстан жұмсайды.
Жағдайды талдау
Қазақстанда 18 жасқа дейiнгi 5 миллионнан астам балалар өмiр сүруде, бұл республиканың барлық тұрғындарының 1/3 құрайды. Жас әлеуетпен жиналған бүгiнгi тәжiрибе өңiрдiң болашағын елеулi мөлшерде анықтайды, сондықтан да өтпелi кезеңнiң жастарға ықпал етуiн түсiну өте маңызды.
Бұрынғы Кеңес Одағының жаңа тәуелсiз мемлекеттерiнде, оның iшiнде Қазақстан да бар, тұратын жастардың проблемалары алуан түрлi. Олардың өмiрлерi үшінші мыңжылдық қарсаңында, олардың жасында өмір сүрген ата-аналарының және қазіргі таңда жастарға қатысты саясатты анықтайтын басқа да қоғамның ересек мүшелерiнiң өмiрлерiнен бөлек. Жастар отбасы өмiрiне қатты ықпал етiп, айлық мәселесiнде қорғаусыз қалдыратын және де отбасында түңiлiске сәйкес келетiн экономикалық қиыншылықтармен иықтасуда. Олардың болашағы да қауiп туғызады, жұмысқа орналасуға деген сенiмдiлiк жоқ, университеттерде оқу ендi жұмыс табуға кепiл болмайды және балалардың қазiргi тұрақсыз экономикалық жағдайда өз бiлгенiнше өмір сүруi мүмкiн деген ой да алаңдатады.
Экономикалық қиындықтар және либералдық реформаларды жақтаушылар тарапынан жасалатын қысым тұрғысында Қазақстанның Yкiметi кеңес уақытында болған: бiлiмге, медициналық көмекке, демалысқа қол жеткiзу, үй, жұмыс, әлеуметтiк қорғалу кепiлi және т.с.с. әлеуметтiк игiлiктер мен кепiлдiктерден алыстап барады. Мұндай жағдай Қазақстанда кеңестен кейiнгi қоғамды құруға қатысатын болатын жасөспiрiмдерге тiкелей әсер етедi.
Үкiмет қарауға белгiлеген, төменде көрсетiлген факторлар өтпелi кезеңнiң жаңа, қиындатылған феномендерiн көрсетедi.
Қауiп шекарасында мiнез-құлық тұрғысынан әсер ету
Жыныс жолымен таратылатын аурулар (ЖЖТА) санының, ВИЧ/СПИД жағдайларының, жоспарланбаған екiқабаттылықтардың өсуi iшiмдiкке және токсикалық-есiрткелiк құралдарына құмарлық жасөспiрiмдердiң дамуына тiкелей әсер етпесе де, осы жаста соған себепкер болатын факторлар болуы және кейiннен үлкен әсерiн тигiзуi мүмкiн. Бұл ең қорғалмаған жастағы топ және мұндай мәселелерге дұрыс көзқарас бұл проблемалар кейiннен тереңдетуiн белгiлеуге тиiс. Тек 1997 жылы Қазақстанда есiрткiлердi пайдаланатын 26 мың адам ресми тiркелген, алайда тiркелмеген есiрткi пайдаланушылар көп. Есiрткiнi күре тамырына салу ВИЧ-инфекциясын жұқтырған адамдардың өсуiне ықпал етедi. Барлық ВИЧ-инфекцияланғандардың 71.2% 15 пен 30 аралығындағы жастар құрайды. 1997 жылы ЖЖТА ауруының деңгейi 1994 жылмен салыстырғанда 135 есеге өстi. Жастардың әл-ауқаты ерекше алаңдатушылық тудырады. Ішiмдiк пен есiрткiнi пайдалану жағдайының өсуiне байланысты өзiне қол салу жағдайлары өстi.
Заңмен конфликттегi жастар
Кәмелетке толмаған заң бұзушыларының саны - ерекше қам iстеушiлiк болады және мұндай жастар тобына, сондай-ақ ата-анасынан айырылған балалар үшiн үкiмет еңбек және кәсiби дағдылар дамыту бойынша оқыту бағдарламаларын ұсынғысы келедi. Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстардың өсуi байқалады. Кәмелетке толмаған заң бұзушыларына қатысты әдiл сотты атқару және жасөспiрiмдердi түзеу мекемелерiнде ұстау жүйесi туындаған реалийлерге нашар бейiмделген. Жасөспiрiмдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты әдiл сотты атқару жастар заңмен конфликтке түскен барлық жағдайлар ескерiлмей ересек адамдарға қатысты жағдайларда жүргiзiледi. Қолданылып жүрген әдiл сот жүйесi негiзiнен жас заң бұзушысын ақтау мен оның істерiнiң жеке жағдайына әсер етудің орнына жазалау мен түзеу принципiне негiзделген. Қамау орындарынан босап шыққан жасөспiрiмдер арасындағы қылмысты бiрнеше рет қайталап жасау туралы мәселенi қарау қажет.
Арнайы мекемелердегi жасөспiрiмдер
Ата-аналарының болмауына немесе қандай да бiр басқа себептермен арнайы мекемелерге орналастырылған жасөспiрiмдер мен жастар жаңа ересек өмiрiн бастау үшiн осы мекемелерден шығатын таң туып келедi. Қажеттi қолдау мен өсиет айтусыз олар қылмыс топтарына, ішiмдiк пен есiрткi пайдалануға оңай қосылып кетуi мүмкiн.
Қазiргi кезде осы проблема бойынша ақпараттың жетiспеушiлiгi байқалады және мұндай мағлұматтарды жинау осы бағдарлама шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.
Жасөспірiмдердiң проблемаларын шешуге арналған мекемелер
Қазiргi кезде жасөспiрiмдердiң дамуына бағытталған және олардың қазiргi қажеттiлiктерiне бейiмделген әртүрлi iс-шаралар өткiзуге арналған қауiпсiз орындардың жетiспеушiлiгi сезiледi. Кейбiр YЕҰ-дар осы бағытта жұмыс iстегiсi келсе де, бұл әсiресе ауылдық жерлерде проблема болып қалып отыр.
1995-1999 жылғы ынтымақтастық
ЮНИСЕФ пен Қазақстан Yкiметi арасындағы 1995-1999 жылдар мерзiмiндегi ынтымақтастық бағдарламасында бюджеттің тапшылығына байланысты кiшігірiм көлемде болса да ана мен баланың денсаулығын қорғауға, сумен қамтамасыз ету және санитарияға, Арал аймағындағы мектептерге оқулық құралдарын жеткiзуге және баланың мүдделерiн қорғауға қатысты мәселелер қаралған.
Қазақстан парламентарийлерiнiң Парламент аралық және ЮНИСЕФ 1997 жылы ұйымдастырған, Бала құқықтары жөнiндегi конвенция (БҚК) мәселелерi жөнiндегi Ашгабат конференциясына қатысу балалардың мүдделерiн қорғаудағы жұмыстың нәтижелiлiгiне әкелдi. Заңдардағы қолданылып жүрген ережелер Конвенцияның ережелерiне сәйкес келтiрiлдi.
Негiздеме
Ұсынылып отырған 2000-2004 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы жасөспiрiмдердiң әл-ауқатына, оның дамуы мен қорғалуына байланысты негiзгi проблемаларға бағытталған. Жастарға өтпелi кезең арқылы ересек өмiрге жетуге көмектесе алатын бағдарламада нақты қажеттiлiк бар. Қазiргi кезде өсiп келе жатқан балалар жаңа проблемаларға кездеседi, және оларға ата-аналарына қарағанда қолдау аз көрсетiледi. Жасөспiрiмдер - Қазақстанның болашақтағы ата-аналары, мұғалiмдерi мен саясаткерлерi және олардың дағдылары мен бiлiмдерi сақталып дамығаны маңызды. Сонымен қатар, жасөспiрiмдердiң осы бағдарламаның оны жоспарлау да және жобаларды iске асыру мәселелерiнде де белсендi қатысушылары болғандары маңызды болып табылады.
Жасөспiрiмдердiң денсаулығы мен дамуы
Жасөспiрімдердiң құқықтарына қысым жасамайтын жағдайларда олардың медициналық көмекке шектеулi түрде қол жеткiзуi (жасөспiрiмдер мен жастарға жылы ықыласпен қарайтын медициналық мекемелер). Толық құпиялылық жағдайында жастарға арнайы қызмет көрсететiн орталықтар құруда Денсаулық сақтау жөнiндегi агенттiк, Бiлiм және ғылым министрлiгi және үкiметтiк емес ұйымдар (ҮЕҰ) арасындағы ынтымақтастық қажеттiгi бар. Бүкiл халықтың, атап айтқанда жастардың арасында бiлiмнiң болмау нәтижесi ретiнде ВИЧ/СПИД/ЖЖТА кең тарауының, есiрткiлер мен токсиндiк құралдарды пайдаланудың айтарлықтай қаупi бар. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру жөнiндегi қолданылып жүрген үкiметтiк бағдарлама көбiнен қауiп үстiнде тұрған жасөспiрiмдер мен жастарға қатысты кеңейтiлуге және бағытталуға тиiс.
Кәмелетке толмаған заң бұзушыларына қатысты әдiл сотты
атқару жүйесi
Қазiргi кезде осы проблема туралы мағлұматтар аз және мұндай ақпаратты жинау осы бағдарлама шеңберiнде жүзеге асырылатын болады. Yкiмет үшiн жүйенiң өзiн түсiнуге жүйелi түрде көзқарас арқылы жасөспiрiмдер мен жастарды қорғауға әлеуметтiк саясатты, заңдар мен бағдарламаларды жақсарту немесе әзiрлеу бойынша шаралар қолдану үшiн негiз құрылатын болады.
Әлеуметтiк, саяси және экономикалық жағдайды өзгерту контекстiнде жастардың әл-ауқаты мен дамуы мәселелерiне қатысты заң актiлерi мен заңға тәуелдi құжаттарды жетiлдiру қажет. Кезiндегi кеңес дәуiрінде қабылданған, кәмелетке толмағандарға қатысты әдiл сотты атқару жүйесiнiң ережесiне сәйкес келмейтiн кейбiр заңдар мен заңға тәуелдi актiлер осы уақытқа дейiн қолданылып жүр.
Жасөспiрiмдер мен жастарға психологиялық және отбасылық көмек көрсетудi қамтамасыз ету үшiн балалар үйлерiнде, түзеу және басқа да мекемелерде жұмыс істеп жүрген қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн көтеру қажет. Сонымен қатар, жастарға мiнез-құлық сипатындағы проблемаларында көмек көрсету және оларды арнайы мекемелерде болудан аман алып қалу үшiн психологиялық-әлеуметтiк дамыту, бала құқықтары, алдын алу және ақтау шаралары мәселелерi бойынша әлеуметтiк қызметкерлердi, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн, заңгерлердi және басқа да мамандарды оқыту қажеттілiгi бар.
Арнайы қорғау шараларын қажет ететiн балалар
Қауiп үстiнде жүрген (яғни көшедегi балалар; заңмен конфликтте болатын; қамаудағы; сексуалдық жағынан пайдаланылып жүрген; күштеп жұмыс істеп жүрген; есiрткi және басқа да токсиндiк құралдарды пайдаланып жүрген және т.с.с. балалар) балалар туралы мағлұматтар немесе өзге де ақпарат жоқ. Проблеманың маңыздылығы мен оның көлемiн түсiнуге, сондай-ақ оны шешуге көзқарастар әзiрлеуге негiз жастармен жұмыс жасайтын ұйымдардың қатысуымен мағлұматтар жинау мен оларды талдау болып табылады.
Жастардың қатысуы
Қазiргi кезде жастардың форумы немесе баланың құқықтары мен мiндеттерiне қатысты мәселелер бойынша жастар арасында тәжiрибе және пiкiр алмасудың басқа да тәсiлдерi жоқ. Бұл модель олардың потенциалдарын толық дамытуға жемiстi негiздi қамтамасыз ететiн ересектердiң қатысуымен жастар форумы ретiнде болады.
Бағдарламаның мақсаты
Бағдарламаның мақсаты ересек өмiрге және өз балаларын нәтижелi тәрбиелеуге қауiпсiз өтуi туралы негiзделген шешiмдер қабылдауға мүмкiндiк туғызатын ақпарат пен қызметтерге жастардың қол жеткiзуiн қамтамасыз ету болып табылады. Жасөспiрiмдердiң денсаулығын сақтау, бiлiм алуы және қорғалуы мәселелерi жөнiндегi жастардың өз көзқарастары мен пiкiрлерiн бiлдiру құқығын қамтамасыз ету. 3аңмен конфликтте түсетiн жастардың көмекке құқығын қамтамасыз ету.
Бағдарламаның мiндеттерi
1. Ювенальдық әдiл соттың формалдық жүйесiнен өтетiн жастардың санын қысқарту және заңмен конфликтте болатын және бас бостандығынан айырылған балалар туралы ережелерге қажеттi өзгерiстер енгiзудi қолдау.
2. Балаларды арнайы мекемелерге орналастыруға жол бермеуге жәрдемдесетiн және ерекше қорғау шараларын қажет ететiн балаларды әлеуметтiк интеграциялауды қолдайтын балаларды қорғау жүйесiн қолдап дем беру.
3. Жастардың денсаулығын, дамуын, қорғалуы мен қатысуын көтермелеудегi үкiметтiң, ҮЕҰ-дың, жергiлiктi өкiметтiң және азаматтық қоғамның күш салуын қолдау.
4. Жастардың салауатты өмiр салты және СПИД/ВИЧ, күре тамырға есірткi салу мәселелерiндегi хабардарлылығының деңгейiн көтеру.
5. Жастардың әлеуметтiк, эстетикалық, спорттық және азаматтық қызметке қатысуын қолдау, бұл олардың моралдық, дене және интеллектуалдық мүмкiндiктерiн толыққанды дамытуға, кейiннен толыққанды азаматтығына әкеледi.
Бағдарламаның стратегиясы
ЮНИСЕФ үкiметтiң, ҮЕҰ-ның, жергiлiктi өкiметтiң және азаматтық қауымдастықтың жастардың денсаулығына, дамуына қорғалуы мен қатысуына бағытталған күш салуын қолдайтын болады. Бала құқықтары жөнiндегi конвенция жастардың мүдделерiн қозғайтын проблемаларға уақытылы және дұрыс жауап беру үшiн барлығын қамтитын, көптәртiптiк стратегия әзiрледi.
Жастардың қатысуы
Бұл бағдарлама бағдарламаны жоспарлау, іске асыру мен мониторингiнiң барлық сатыларында жасөспiрiмдер мен жастардың, YЕҰ-дың және халық топтарының қатысуына ерекше маңыз жүктейтiн болады. Жастардың үлесi олардың қажеттiлiктерiне қол жетерлiк түрде жауап беретiн бағдарлама қызметiн дамыту мен қолдаудағы негiзгi сәт болады.
Ерекше әлеуметтiк қызмет көрсетудi қолдау
ЮНИСЕФ арнайы мекемелерде ұстау, ювенальдық әдiл сот, мемлекеттiк қызметшiлер мен YЕҰ қызметкерлерiн оқыту мен тренинг сияқты әлеуметтiк қызмет көрсетудi жақсартуда қолдау көрсетедi.
Мүмкiндiктердi жақсарту
Бағдарлама балаларды қорғау, жастардың денсаулығы мен дамуы мәселелерiнде профессионалдар мен басқа да қызметкерлердi оқытуға бағытталатын болады. Оқыту мен техникалық көмектесу жөнiндегi iс-шараларды ОАҚР-дағы ЮНИСЕФ Өкiлдiгi жоспарлап үйлестiретiн болады. Қауiп тобы жастарымен жұмыс жасайтындар үшiн "тең-теңге" (Рееr Еduсаtiоn) жүйесiмен оқытуға артықшылық берiлетiн болады. Ұлттық серiктестердiң де, техникалық институттардың да мүмкiндiктерi күшейетiн болады.
Мақсаттық топтардың ролiн күшейту
Жастардың өз қажеттiлiктерiн шешуге белсендi қатысуы үшiн ролiн күшейту жастарға ересек өмiрге өту кезiнде көмектесетiн негiзгі сәт болады. Сонымен қатар, жастардың өз проблемаларына қатысты шешiмдер қабылдау процесiне қатыса алатындығы да маңызды.
Балалар мен жасөспiрiмдердiң мүдделерiн қорғау
ЮНИСЕФ жастарды дамытуға қатысты мәселелердi шешудi қолдауда қолайлы жағдай жасауды насихаттайтын болады. Жасөспiрiмдер арасында бiлiмдерiн жақсарту жөнiндегi кампаниялар ақпаратты жинау мен талдауды, байланыстық және бiлiм берушiлiк материалдарды әзiрлеудi қамтитын болады. ЮНИСЕФ парламентарийлермен, жоғары деңгейдегi мемлекеттiк қызметшiлермен, YЕҰ және бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынас жасайтын болады.
Бағдарламаның ауқымы және көмек алушылар
Бағдарламаның негiзгi iс-шаралары қолданылып жүрген заңдарға өзгерiстер енгiзуге, жаңа көмек көрсету стандарттарын белгiлеуге, отбасылық қолдау жүйесiнiң ролiн күшейтуге және әлеуметтiк саладағы қызметкерлерге оқытушы бағдарламалар дамытуға сәйкес ұлттық деңгейде жүзеге асырылатын болады. Қосымша ұлттық деңгейде жұмыс iстеу үшiн (облыста немесе ауданда) жастар тобы iрiктелетiн болады. Отбасының орташа кiрiсi, жұмыссыздық деңгейi, қауiп тобының болуы, потенциалдық серiктестердi (әсiресе YЕҰ) және халықаралық агенттiктердi тарту сияқты факторларды назарға ала отырып, мұндай облыстар мен аудандарды iрiктеу критерийлерi әзiрленедi. Ювенальдық әдiл сот және балаларды қорғау жөніндегi жобалар заңмен конфликтте жүрген жасөспiрiмдермен, жас құқық бұзушылармен, қауiп тобының жасөспірiмдерiмен және мүмкiндiктерi шектеулi балалармен жасалатын жұмысқа бағытталатын болады. Алматы, Астана, Темiртау (Қарағанды облысы) қалалық аудандарының жастарына ерекше назар аударылатын болады.
Жасөспiрiмдiк өмiр салты жөнiндегi жоба
Жобаның мiндеттерi:
1. Жыныстық жолмен таратылатын аурулар, соз аурулары/СПИД, күре тамырға есiрткi салу, сондай-ақ басқа да психотроптық құралдарды пайдалану қаупiнен өз-өзiн қорғау шараларымен таныстыру мақсатымен жастардың салауатты өмiр салты туралы хабардарлылығын көтеру.
2. Жастардың құқықтары туралы ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз ету және олардың осы құқықтарды iске асыру мен қорғауға толық қатысуын қамтамасыз ету.
3. Жастарды байланыста, өзiнiң жеке басының жағдайын бағалауды және проблемаларын шешуде негiзгi дағдылармен қамтамасыз ету.
4. Балалар мен жастар өздерiнiң дамуы мен қорғалуына байланысты ақпараттық материалдарға қол жеткiзе және оларды әзiрлей алатын жастар ақпараттық орталықтарын құруды қолдау.
5. Денсаулыққа, дамуға, құқықтар мен болашаққа үмiтпен қарауға қатысы бар мәселелермен қатар жастарды алаңдататын/қызығушылығын тудыратын мәселелердi талқылау үшiн олардың кездесулерiн еркiн қауымдастық жағдайында өткiзу мақсатында жастар тобына жағдай жасау.
6. Өз проблемаларына қатысты шешiмдер қабылдауға қатысу дағдыларын дамытуда жастарға көмектесу.
Жобаның стратегиясы
Ерекше әлеуметтік қызмет көрсетудi қолдау
ЮНИСЕФ негiзгi қажеттi заттар мен құралдар жеткiзу арқылы жастарға орталықтар ұйымдастырудағы үкiметтiң ниетiн қолдайды.
Қатысу
Жоба жобаны дамыту мен басқару барысында жастардың құқықтарын қолдау мен қорғау үшiн үкiметпен, YЕҰ-мен және жастар тобымен тығыз байланысты бiлдiредi. Салауатты өмiр салты жөнiндегi iс-шараларды көтермелеу бұқаралық ақпарат құралдарының алуан түрлi арналары, жастар ұйымдары мен азаматтық қоғамдастық арқылы ақпарат тарату жолымен мемлекеттiк бағдарламаға сәйкес өтетiн болады.
Мүмкiндiктердi күшейту
Бiлiм беру және денсаулық сақтау қызметкерлерiнiң салауатты өмiр салты және жастардың өз проблемаларын өздерi бiлдiру мәселелерiндегi мүмкiндiктерiн күшейту.
Мүдделердi қорғау
ЮНИСЕФ жастардың проблемаларына қатысты шешiмдер қабылдаған кезде ескеру үшiн жастардың көзқарастары мен пiкiрлерiн назарға алуды насихаттайтын болады. Салауатты өмiр салты жөнiндегi iс-шараларды көтермелеу бұқаралық ақпарат құралдарының алуан түрлi арналары, жастар ұйымдары мен азаматтық қоғамдастық арқылы ақпарат тарату жолымен мемлекеттiк бағдарламаға сәйкес өтетiн болады.
Серiктестер
Осы жобаны iске асырудағы ЮНИСЕФ-тiң негiзгi серiктестерi жастар топтары, жастармен жұмыс жасайтын ҮЕҰ, Қазақстан республикасының Денсаулық сақтау жөнiндегi агенттiгi, Салауатты өмiр салтын қалыптастыру жөнiндегi ұлттық орталық, Бiлiм және ғылым министрлiгi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Отбасы және әйелдер істерi жөнiндегi ұлттық комиссия болады. Жоспарлау, мониторинг және iске асыру барысында ЮНАЙДС, ЮНЕСКО және БҰҰ-ның басқа да агенттiктерi, YЕҰ және донорлар тартылатын болады.
Жобаны басқару
Жобаларды iске асыруды ЮНИСЕФ-пен қарым-қатынаста республикалық және жергiлiктi басқару органдарының өкiлдерi, жастар топтары мен YЕҰ жүзеге асыратын болады. Жоба жөнiндегi үйлестiру тобы жобаны жоспарлау, мониторингтеу және бағалау барысына бақылауды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын болады. Топ ОАҚР-дағы ЮНИСЕФ Өкiлдiгi, Астанадағы ЮНИСЕФ Өкiлдiгi қызметкерлерiнен, үкiмет өкiлдерiнен, БҰҰ-дың мүдделi агенттiктерi өкiлдерiнен және қатысушы министрлiктердiң сарапшыларынан тұратын болады.
Көрсеткiштер
Ықпал ету көрсеткiштерi
- ВИЧ/СПИД және басқа да ЖЖТА-мен инфекцияланған жастардың саны
- Есiрткi пайдаланатын жастардың саны
- Жастардың, репродуктивтiк денсаулық, ЖЖТА, есiрткiлiк мәселелерiн бiлу деңгейi
- Жастардың құқықтар мәселелерiндегi бiлiм деңгейi.
Нәтижелiлiк көрсеткiштерi
Өмiр дағдылары жөнiндегi шағын жоба
- Базалық зерттеу жасалды
- Оқытушы материалдар әзiрлендi
- Оқытушы материалдар таратылды
- Yйренген дағдыларын iс жүзiнде қолданатын, оқытылған құрдас
тренерлердiң (рееr еdbсаtоrs) саны
- Жастар орталықтарының саны.
Байланыс және жастардың БАҚ жұмысына қатысуы
- БАҚ үшiн өткiзiлген оқыту семинарларының саны
- Құрылған жастар форумдарының саны
- Жұмыс істеп жүрген жастар ұйымдарының саны
- Дайындалған материалдардың саны мен мазмұны
- Yйренген дағдыларын iс жүзiнде қолданып жүрген, оқытылған
ерiктiлердiң саны
- Бала құқықтары жөнiндегi радио- және теледидар бағдарламаларының саны.
Мониторинг және бағалау өткiзу механизмi
Мониторинг және бағалау өткiзу механизмi әзiрленедi. Жобаны орындау мониторингі жергiлiктi жерлерге бару арқылы, сондай-ақ серiктестермен үйлестiру және стратегиялық барулар арқылы жүзеге асырылатын болады. Қажеттiлiктердi анықтау және іс-шаралар мониторингi үшiн жастардың YЕҰ және жастар орталықтарының жұмысына қатысуы көтермеленетiн болады.
Өмiр дағдыларын тәрбиелеу және жастарды құрдастарының оқытуы
жөнiндегi шағын жоба
Iс-шаралар
1. Yкiметпен және БҰҰ агенттiктерiмен (БҰҰ-ның СПИД/ЮНАЙДС, ПРООН және ЮНЕСКО жөніндегi бағдарламасы) үйлестiре отырып, қауiп топтарының жағдайын бағалау күре тамырға салынатын есiрткi және көшедегi балалар жөнiнде базалық зерттеулер (бiлiм-қатыс-практика және тез бағалау процедуралары түрiндегi зерттеулер) өткiзу.
2. Жоғары қаупi бар жерлердегi жастармен жұмыс iстейтiн мамандардың, мәселен, оқытушылардың, жастар орталықтары қызметкерлерiнiң, ерiктiлердiң ерекше топтары үшiн оқытушы материалдар пакетiн әзiрлеу.
3. СПИД-ВИЧ, ЖЖТА, репродуктивтiк денсаулық, тамақтану, есiрткелiк, iшiмдiкке жақындық, шылым шегушiлiк, гигиена және жоспарланбаған екiқабаттылық мәселелерi жөнiнде ақпараттық-бiлiм берушiлiк пакет әзiрлеу мен тарату (ЮНИСЕФ, ВОЗ, ЮНФПА, ПРООН, СПИД жөнiндегi БҰҰ Бағдарламасы/ЮНАЙДС).
4. Жұмыс істеп жүрген жастар және жастарға достықпен қарайтын басқа да орталықтарын/мекемелерiн ашу және/немесе қолдау.
5. Жастар орталықтары, мектептер мен қосымша жастар жобалары сияқты әртүрлi мекемелерде жастарды өз құрдастарын оқыту үшiн оқытушылар ретiнде үйретуді өткiзу.
6. Ұлттық Салауатты өмiр салты жөнiндегi бағдарлама контекстiнде өмiр дағдыларын мектеп бағдарламасына (бастапқы бiлiм беру) және мектеп қабырғасынан тыс (жастар орталықтарында немесе ұйымдасқан жасөспiрiмдер топтарында) үйретудi енгiзу.
7. Қауiп, репродуктивтiк денсаулық мәселелерi бойынша кеңес беру және соз аурулары/СПИД/ЖЖТА жөнiндегi бiлiм деңгейiн көтеру жағдайларында өмiр дағдыларын дамыту жөнiндегi ҮЕҰ мен үкiметтiң іс-шараларын қолдау, өз капиталын жинау дағдыларына үйрету.
8. Қауiп жағдайларында жастарға қоғам бағдарламаларын жүргiзуде тәжiрибе алмасу жөнiнде YЕҰ жүйесi мен форумдардың іс-шараларын қолдау.
9. Өзiн шығармашылық жағынан бiлдiру және қажеттiлiктердi қанағаттандыруға қол жеткiзу мен қатысуға кепiл беретiн әлеуметтiк жағынан әлсiз қорғалған жасөспiрiмдерге орталықтар құруға ықпал ету.
Байланыс және жастардың БАҚ-мен жасалатын жұмысқа қатысуы
жөнiндегi шағын жоба
Iс-шаралар
1. БАҚ журналистерiн бала құқықтары және жастардың өмiрлерiне әсер ететiн мәселелер бойынша шешiм қабылдау процестерiне қатысу мәселелерiнде оқытуды қаржыландыру.
2. Тәуелсiз және формалды емес процесс ретiнде Жастар форумын және жастардың бас қосуы және олардың өмiрiне тiкелей әсер ететiн мәселелердi талқылауы үшiн орындар құру.
3. Жастар орталықтарын немесе ҮЕҰ басқаратын қолданылып жүрген
бағдарламаларды тарту жолымен жастар ұйымдары мен клубтарын
ұйымдастыруда көмектесу. Жастардың аудио-визуалдық бағдарламалар, баспа өнiмдерiн, шолулар және т.с.с. құруы көтермеленетiн болады.
Ювенальдық әдiл сот реформалары және балаларды қорғау
жөнiндегi жоба
Жобаның мiндеттерi
1. Қылмыстың алдын алуды қоса отырып, жасөспiрiмдер мен жастар
арасында заң бұзудың алдын алуды қолдау.
2. Жас заң бұзушыларын қорғауға тартылған әртүрлi секторлар
арасындағы диалогқа жәрдемдесу.
3. Түзеу юстициясы мен заң бұзушыларды әлеуметтiк интеграциялауға назар аудару.
4. Күнделiктiге ұқсамайтын әдiл сотты атқару жүйесiн көтермелеу.
5. КПР-дi және ювенальдық әдiл сот жөнiндегi басқа да халықаралық актiлердi iске асыру мәселелерiнде заңды және құқық қорғау қызметтерi профессионалдарының білiмдерiн күшейту.
6. Бас бостандығынан айыруды ең соңғы шара ретiнде қолдануды көтермелеу.
7. Кәмелетке толмаған заң бұзушыларының санын азайту жөнiндегi iс-шараларды қолдау.
8. Бiрiншi рет сотталған кәмелетке толмаған заң бұзушыларын жазалаудың баламалық шараларын шығаруда қолдау.
9. Балалардың ұзақ мерзiмдi арнайы мекемелерде болу мерзiмдерiн төмендету мен оларды отбасы, приюттар, отбасылық үйлерге қайта интеграциялау практикасымен алмастырудағы үкiмет пен YЕҰ-дың күш салуын қолдау.
10. Балалармен жұмыс істейтiн ҮЕҰ-дың, үкiметтiң, жергiлiктi билiк органдары мен министрлiктердiң саясаткерлерiмен байланыс құру жөнiндегi жүйесiн күшейту.
Жобаның стратегиясы
Ерекше әлеуметтік қызмет көрсетуді қолдау
ЮНИСЕФ баланың құқықтары танылу және қорғалу үшiн балалар мен жасөспiрiмдердi ұстау орталықтарындағы, сондай-ақ арнайы мемлекеттiк ұйымдардағы жұмыстың деңгейi мен сапасын жақсарту мәселелерi жөнiнде үкiметпен және YЕҰ-мен жұмыс істейтiн болады.
Мүмкіндiктердi күшейту
Бағдарлама шеңберiнде кәмелетке толмаған заң бұзушыларымен жұмыс істеудiң жаңа әдiстерiн қабылдау мен тестiлеуде үкiмет пен YЕҰ ролi мен мүмкiндiктерi күшейтiлетiн болады. Қауiп аймағындағы жекелеген аудандардың/облыстардың әлеуметтiк қызметiн оқыту сапасын жақсарту арқылы Еңбек және әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң отбасыларына қоғамдық қызмет көрсетуi түрiнде қолдауды күшейту. Қамқоршылық және т.б. туралы iстерде үкiмдерді басқару бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзуде үкiмет пен YЕҰ қолдау көрсету жоспарланып отыр.
Балалардың мүдделерiн қорғау
ЮНИСЕФ балалардың құқықтарын насихаттау саласында заңдар мен практиканы жетiлдiрудi насихаттайтын болады. Пилоттық негiзде үйсiз балалар мен жасөспiрiмдерге, әйелдер мен олардың балаларына қауiпсiз орындар ұйымдастыруға, "қызу желiстер" мен дағдарыстық орталықтар құруға, сондай-ақ мүгедек балаларды үйлерде күтудi көтермелеуге қолдау көрсетiлетiн болады. ЮНИСЕФ кәмелетке толмаған сотталушыларды, көшедегi балалар мен мүгедек балаларды ұстау жағдайларын жақсарту және заңдар реформасы, ювенальдық әдiл сот туралы заңдар жобаларын жазу мәселелерiнде үкiмет пен ҮЕҰ-дың, үкiмдердi басқару жөнiндегi ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзуде YЕҰ-дың күш салуларын қолдау саласында жұмыс істейтiн болады.
Серiктестер
Осы жобаны iске асыруда ЮНИСЕФ-тiң негiзгi серiктестерi жастар топтары, ҮЕҰ, Парламент, Әдiлет министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жөнiндегi агенттiгi, Бiлiм және ғылым министрлiгi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Отбасы мен әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссия болады. ЮНИСЕФ БҰҰ-дың мүдделi агенттiктерiмен және басқа да донорлармен қарым-қатынас жасайтын болады.
Жобаны басқару
Жобаларды iске асыруды ЮНИСЕФ-пен қарым-қатынас жасап республикалық және жергiлiктi басқару органдарының өкiлдерi, Жоба жөнiндегi үйлестiру тобы жобаны жоспарлау, мониторингтеу және бағалау процесiн бақылауды қамтамасыз ету мақсатымен құрылатын болады. Топ ОАҚР-дағы ЮНИСЕФ Өкiлдiгi, Астанадағы ЮНИСЕФ Өкiлдiгi қызметкерлерiнен, үкiмет өкiлдерiнен, БҰҰ мүдделi агенттіктерiнiң өкiлдерiнен және қатысушы министрлiктердiң сарапшыларынан тұратын болады.
Көрсеткiштер
Ықпал ету көрсеткiштерi
- Жынысы мен жасы бойынша арнайы мекемелердегi 13-18 жас аралығындағы жастардың сан көрсеткiшi
- Бiр жылда тасталған балалардың саны
- Бiр жылда пилоттық облыстарда приюттерге орналастырылған балалардың саны
- Жай мектептерге баратын мүгедек балалардың саны
- Заңды бұзған балалардың саны
- Заңды алғаш рет бұзған жасөспiрiмдер үшiн соттың баламалық
шешiмдерiнiң саны.
Нәтижелiлiк көрсеткiштерi
Ювенальдық әдiл сот жөнiндегi шағын жоба
- Заңмен конфликттегi кәмелетке толмағандар туралы базалық зерттеулер өткiзiлдi
- Өткiзiлген семинарлардың саны
- Yйренген дағдыларды іс жүзiнде қолданатын, оқытылған мамандардың саны
- Оқытушы материалдар әзiрлендi
- Әзiрленген және берiлген материалдардың саны
- Кәсiби оқытумен қамту
- Кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылықтардың
маңыздылығын шолу және қайта бағалау.
Мекемелерге ұстауға баламалық көзқарастар
- Базалық зерттеулер өткiзiлген
- Балаларды отбасында ұстауға қажеттi ресурстар және арнайы
мекемелерде ұстау өзгешелiгi туралы зерттеулер жүргiзiлдi
- Өткiзiлген оқытушы семинарлардың саны
- Yйренген дағдыларын іс жүзiнде қолданатын, оқытылған мамандардың саны, олар қандай ұйымдардан, деңгейi.
Мониторинг пен бағалау механизмi
Мониторинг пен бағалау механизмiн жүзеге асыру аймақтық деңгейде үйлестiрiлетiн болады. Жобаны орындау мониторингi жергiлiктi жерлерге бару, сондай-ақ стратегиялық барып-келулердi серiктестермен үйлестіру арқылы жүзеге асырылатын болады. Жобаны iске асырудың алғашқы кезеңдерi мағлұматтарды жинауды жақсарту жөнiндегi үкiметтiң жұмысына бағытталатын болады.
Ювенальдық әдiл сот жөнiндегi шағын жоба
Iс-шаралар
1. Заңмен конфликттегi кәмелетке толмағандар бойынша зерттеулер мен талдау жүргізу.
2. Ювенальдық әдiл сот процесiнiң шектеулерiн және халықаралық пакеттердiң негiзгi ережелерi кiретiн, түгел қамтитын көзқарастарын анықтау үшiн мульти-тәртiптiк дөңгелек столдар ұйымдастыру (Эр-Рияд, Пекин және ЖДЛ).
3. КПР ережелерi және ювенальдық әдiл сот стандарттары бойынша үкiметпен ақпарат алмасуға жәрдемдесу.
4. Жасөспiрiмдер қылмыстарын жазалау түрлерiне баламалық көзқарастар тиiмдiлігiн көрнекiлiк түрде көрсету мақсатымен шетелдiк сот және заңдардың сақталуын бақылаушы мамандармен практикалық тәжiрибемен алмасу.
5. Кәмелетке толмағандарды және ерекше қорғау шараларын қажет ететiн балаларды құқықтық қорғау жүйесiнде мағлұматтар жинау мен мониторинг жүйесiн жақсарту.
6. Заң бұзу қауiптілігiн және соған сәйкес жазалаудың қаттылығын қайта қарау процесiн көтермелеу.
7. Балалар құқықтары, баламалық жазалау шаралары, қылмыстың алдын алу, ақтау бойынша, сондай-ақ жастардың қылмыстары туралы мәселеге мульти-тәртiптiк көзқарас бойынша жастармен жұмыс iстейтiн милиция қызметкерлерi, заңгерлер, айыптау және қорғау өкілдерi тарапынан сот қызметкерлерi, судьялар, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды уақытша ұстау орталықтарының әкiмшілік персоналы үшiн оқытушы бағдарламалар әзiрлеу.
8. Стандарттарды сақтау мен алға қойылған мақсаттарға жету тұрғысында проблемаларды талқылау үшін үкiметтiң қатысушы департаменттерi мен ҮЕҰ арасындағы ұлттық және жергiліктi деңгейлерде мезгiлдi кездесулер өткiзу.
9. Мекемелерде ұстауды жақсарту және босағаннан/шыққаннан кейiн өмiрге дайын болу мақсатында әзiрленген ҮЕҰ-дың бастамаларын қолдау.
10. Пилоттық облыстарда алғаш рет заң бұзған кәмелетке толмағандарды және мекемелерде ұсталғаннан кейiн шыққан жасөспiрiмдердi оқыту өткiзуде үкiметтi көтермелеу.
11. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау сияқты салаларда халықаралық стандарттар мен халықаралық тәжiрибенiң мысалдарын қазақ және орыс тiлдерінде жариялау.
Арнайы мекемелерде ұстаудың баламалық әдiстерi жөнiндегi
шағын жоба
1. Арнайы мекемелерге орналастырылу қаупi бар кәмелетке толмағандар бойынша зерттеулер мен талдаулар өткiзу.
2. Бұдан әрi өз отбасында тұра алмайтын балалардың жағдайын және отбасылық күтiм деңгейiн талқылау бойынша кездесулер өткiзуде үкiметтi қолдау.
3. Балаларды отбасында ұстауға қажеттi ресурстар және арнайы мекемелерде ұстау құнының айырмашылығы туралы зерттеулер өткiзудi қолдау.
4. Арнайы мекемелерде ұзақ уақыт ұсталатын балалардың санын төмендетуге және әрбiр интернаттағы балалар үйлерiндегi балалалардың санын азайтуға әкелетiн Yкiмет пен YЕҰ бастамаларын қолдау.
5. Заң актілерiн әзiрлеушілер үшін семинарлар өткiзу және заңдарға тиiсті өзгерiстер енгiзген елдерге тәжiрибе алмасу үшiн сапар шегу, сондай-ақ арнайы мекемелерде ұстаудың жекелеген мәселелерi бойынша YЕҰ форумын қолдау.
6. Балалар үйлерi қызметкерлерiн оқыту арқылы балалардың психикалық-әлеуметтік дамуын жақсарту бойынша шаралар енгiзудi қолдау.
7. Масштабтарды қысқарту және балаларды пайдаланудың алдын алу бойынша шешiм қабылдайтын мамандар, ерiктiлер мен саясаткерлер үшiн семинарлар өткiзу (баланың құқықтарын қорғау мәселелерi).
8. Жергіліктi билiк органдарына интеграцияланған қызметтер әзiрлеу бойынша стратегиялық жоспар әзiрлеуге мүмкiндiк беру үшiн мүгедек балалар құқықтары бойынша семинар ұйымдастыру.
9. Жай мектептерде мүгедек балаларды оқыту мәселелер бойынша мектеп директорларын оқыту.
Саясатты әзiрлеу, өзара байланыс және төтенше жағдайларға
дайындық жөнiндегi жоба
Жобаның мақсаттары мен мiндеттерi
1. Жағдайға талдау және базалық зерттеулер жүргiзу.
2. Тиiстi халықаралық стандарттарға сәйкес есеп берушілiк бойынша мiндеттердi орындауды қолдау үшiн техникалық консультациялар өткiзу.
3. Саясатты, сондай-ақ салауатты өмiр салты ювенальдық әдiл сот реформасын және баланың құқықтарын қорғау саласындағы коммуникациялық iс-шараларды талдауды және дамытуды қолдау.
4. Жастардың құқықтарына жауап беретiн төтенше жағдайларға дайындық бойынша бастамаларды дайындауды қолдау.
Жобаның стратегиялары
Осы жоба әр бағдарламада саясаттың әртүрлi салаларына ерекше назар аудара отырып, барлық үш бағдарламамен үндеседi. Жастардың әл-ауқаты жөнiндегі бағдарламаға келетiн болсақ, салауатты өмiр салтын және ювенальдық әдiл сотты қалыптастыру мәселелерiн басшылыққа алатын болады.
Ерекше әлеуметтiк қызмет көрсетудi қолдау
Төтенше жағдай пайда болған кезде ЮНИСЕФ өзi әсер ететiн денсаулық сақтау қызметтерiн көрсетудi қолдайтын болады.
Мемлекеттiң мүмкiндiктерiн күшейту
Жетiлдiрiлген бастапқы ақпарат, басқа елдер жинаған тәжiрибемен алмасу, саяси шешiмдер арқылы жүйе қызметкерлерi мен шешім қабылдайтын саясаткерлер ювенальдық әдiл сот пен балалардың құқықтарын қорғау мәселелерiн жақсы қарай алатын болады.
Балалардың құқықтарын қорғау
ЮНИСЕФ заңмен конфликттегi балалардың барлық қажеттiлiктерi мен құқықтарын қорғайтын және балаға бейiмделген оқыту ортасын құратын болады.
Негiзгi серiктестер
Осы жобаны iске асыруда ЮНИСЕФ-тiң негiзгi серiктестерi Бiлiм және ғылым министрлiгi, оның құрылымдары мен институттар, Iшкi iстер министрлiгi, Әдiлет министрлiгi, Еңбек және әлеуметтік қолдау министрлiгі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссия және Салауатты өмiр салтын қалыптастыру проблемалары жөнiндегi ұлттық орталық болады. Жобаны жоспарлау, мониторингi және iске асыру процесiне ЮНАЙДС, ЮНЕСКО және БҰҰ-дың басқа да агенттiктерi, жастармен жұмыс iстейтiн ҮЕҰ және донорлар тартылатын болады.
Жобаны басқару
Жобаларды iске асыруды ЮНИСЕФ-пен қарым-қатынас жасай отырып, республикалық және жергiлiкті басқару органдарының өкiлдерi жүзеге асырады, Жоба жөнiндегi үйлестiру тобы жобаны жоспарлау, мониторингi және бағалау процесiн бақылауды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын болады. Топ ОАҚР-дағы ЮНИСЕФ Өкiлдiгi, Астанадағы ЮНИСЕФ Өкiлдiгi қызметкерлерiнен, үкiмет өкiлдерiнен, БҰҰ мүдделi агенттiктерiнiң өкiлдерiнен және қатысушы министрлiктердiң сарапшыларынан тұратын болады.
Көрсеткiштер
Нәтижелiлiк көрсеткiштерi
- Жағдайға талдау және басқа да зерттеулер жүргiзу
- ОАҚР-да Жастар форумын құру
- Балалардың құқықтарын қорғау форумын құру
- Шығарылған байланыс материалдардың саны мен түрi
- Қажет болған жағдайда байланыс iс-шараларының ықпал етуi жөнiндегi зерттеулер
- Төтенше жағдайларға дайындық жоспарларын құру.
Саясатты дамыту, өзара байланыстар және төтенше жағдайларға
дайындық жөнiндегi шағын жоба
Іс-шаралар
1. Жағдайға талдау жасау және балаларды қорғау секторында саясатты дамытуды көтермелеу.
2. Бiлiм беру реформасын iске асыруға қатысу.
3. ОАҚР-да Жастар және балалардың құқықтарын қорғау форумына қатысуда мүдделiлiк деңгейiн зерттеу. Егер жүзеге асырылатын болса, осындай форум құру.
4. Бағдарламалық материалдармен қамтылатын тақырыптық облыстар шеңберiндегi мейлiнше жалпы сипаттағы байланыс iс-шараларын қолдау.
5. Елдегi жағдайға сәйкес төтенше жағдайларға қажетті дайындықты қолдау.
Бағдарламаны қолдау жөнiндегi шағын жоба
Осы шағын жоба ынтымақтастықтың барлық үш бағдарламасында болады және оның негiзгi мақсаты ЮНИСЕФ қызметкерлерiне жалақыларын, iскерлiк жолсапарларды және бағдарламаны iске асыруға байланысты басқа да шығындарды қаржыландыруда.
Iс-шаралар
1. ЮНИСЕФ қызметкерлерiнiң посттары.
2. ОАҚР арасындағы iскерлiк жол жүрулер.
3. Шетелге iскерлiк жол жүрулер.
4. Оқыту.
5. Операциялық шығындар.
Бағдарламаның бюджеті
Мың АҚШ долларында ____________________________________________________________________
Жоба 2000 2001 2002 2003 2004 Барлығы
____________________________________________________________________
Жасөспірімдік өмір НР 60.0 60.0 60.0 60.0 60.0 300.0
салты ҚР 200.0 200.0 200.0 200.0 200.0 1000.0
Балаларды қорғау НР 52.0 52.0 52.0 52.0 52.0 260.0
және ювенальдық ҚР 200.0 200.0 200.0 200.0 200.0 1000.0
әділ сотты
реформалау
Саясатты әзiрлеу, НР 85.0 85.0 85.0 85.0 85.0 425.0
өзара байланыс және ҚР 50.0 50.0 50.0 50.0 50.0 250.0
төтенше жағдайларға
дайындық
Барлығы НР 197.0 197.0 197.0 197.0 197.0 985.0
ҚР 450.0 450.0 450.0 450.0 450.0 2250.0
____________________________________________________________________
НР - Негізгі ресурстар
ҚР - Қосымша ресурстар
Қазақстан Yкіметiнiң және басқа да ұйымдардың үлесi
Үкімет және үкіметтік емес ұйымдардан серіктестер қажетті серіктестердің болуын және оларға жалақы төлеп беруді, үй-жайларды, материалдарды/құралдарды, техникалық тәжірибені және бағдарламаны басқару мен орындауды қолдауда оларды операциялау мен қолдауға қорларды қамтамасыз етеді. Үкімет/ҮЕҰ-дан серіктестер жергілікті жерлерде бағдарламаны орындауға қажетті материалдар мен құралдарда ел ішінде тасымалдаудың, сақтау мен үлестірудің барлық түрлері үшін жауап береді. Бұл жауапкершілікке, егер жеткізілім жеткізу портында белгіленген уақытта кедендік тазартудан өтпесе, кедендік тазарту мен тоқтап тұру бойынша шығындар төлеу кіреді. Бағдарламаға көпжақты және екіжақты ынтымақтастық жөніндегі басқа да ұйымдар мен серіктестіктер қатысады.