Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 4 мамырдағы N 185 Заңы

       1-бап.  Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар  Жарлығына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 66-құжат; N 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 22, 789-құжат; N 23, 916-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 2-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы "мемлекеттің" деген сөздің алдынан "бақылау және қадағалау функцияларын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2. Мемлекеттік кәсіпорынға өз Жарғысында көрсетілген қызметінің нысанасы мен мақсатына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ мәмілелерді жасауына тыйым салынады.";

      3) 18-бапта: 
      4) тармақша алып тасталсын; 
      мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын: 
      "12) мемлекеттік құқық кадастрын жүргізуді қамтамасыз ететін қызметті жүзеге асыру."; 
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: 
      "Мемлекеттік органдардың қызметтік ғимаратын пайдалану және жабдықтау функцияларын орындау мақсатында шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар құруға тыйым салынады.";

      4) 32-баптың 5) тармақшасындағы "жүзеге асыру" деген сөздерден кейін нүктелі үтір қойылып, "үшін құрыла алады." деген сөздер алып тасталсын және мынадай мазмұндағы 6), 7), 8) тармақшалармен толықтырылсын: 
      "6) мемлекеттік органдардың қызметтік ғимараттарын пайдалануды және жабдықтау функцияларын орындауды жүзеге асыру;

      7) кеме жүзетін жолдар мен гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) күтіп-ұстау мен дамыту;

      8) мемлекеттік монополияға жатқызылған салалардағы қызметті жүзеге асыру үшін құрылуы мүмкін.";

      5) 39-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: 

      "Өзге шаруашылық қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.".

       2-бап.  Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтай құжаттары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде осы Заңға сәйкес келтірілуге тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады