"Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 10 шілде N 228-II

      "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" 1998 жылғы 20 мамырдағы Z980230_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 7-8, 79-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      3-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "7-1) коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген коммуналдық мүлік тізбесін бекітеді, республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы астанасының аумағында тіркелген акционерлік қоғамдар

акцияларының мемлекеттік пакеттерін иеленуді, пайдалануды және оларға 
билік етуді жүзеге асырады; 
     7-2) Астана қаласының коммуналдық меншігін иеленуді, пайдалануды және 
оған билік етуді жүзеге асырады;". 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Икебаева Ә.Ж. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады